Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Зеренді аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылған деп танылсын:
"Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 3-22 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5373 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 маусымда "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған);
"Зеренді ауданында мәслихаттың 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 3-22 "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 24 тамыздағы № 6-45 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5524 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қыркүйекте "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған).
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрайымы | А.Төлебаева |
|
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ.Ауғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
| Зеренді ауданының әкімі | А.Мұратұлы |
2017 жылғы "6" ақпан
| Зеренді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 ақпандағы № 10 - 83 шешімімен бекітілген |
Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 28.10.2020 № 62-381 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) атаулы күндер – жалпы халықтың тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Зеренді ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасы жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – "Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 11.10.2018 № 28-211 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.08.2019 № 41-278 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.3. Осы Қағидалар Зеренді ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.
4. Әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті органнан мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне көрсететін көмек осы Қағидаларының мақсаты болып табылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.08.2019 № 41-278 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 28.10.2020 № 62-381 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.6. Әлеуметтік көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбесі, сондай–ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні (бір рет);
2) 26 сәуір – Чернобыль атом электростанциясының апаттарын жоюды еске алу күні (бір рет);
3) 9 мамыр – Жеңіс күні (бір рет);
4) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні (бір рет);
5) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні (бір рет);
6) 1 қазан – Қарттар күні (бір рет);
7) Қазақстан Республикасының мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі (бір рет);
8) 1– 2 қаңтар – Жаңа жыл (бір рет).
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 28.10.2020 № 62-381 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 28.10.2020 № 62-381 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
8. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы алушыларға ұсынылады:
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;
еңбек ардагерлеріне;
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;
1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;
мүгедек балаларға;
қатерлі ісіктер бар азаматтарға;
туберкулезбен ауыратын азаматтарға;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар азаматтарға;
химиялық алдын алу кезеңінде туберкулез жұқтырған балаларға;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балаларға;
аз қамтылған отбасылардан, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарынан шыққан, колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге;
жоғары медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған отбасылардан, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарынан шыққан студенттерге;
саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына және саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге;
халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
жан басына шаққандағы орташа табыстың ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға (отбасыларға);
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға.
Бұл ретте, азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіздемелер болады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 28.10.2020 № 62-381 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай:
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
2) Чернобыль атом электростанциясының апаттарын жоюды еске алу күніне орай:
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
3) Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;
еңбек ардагерлеріне;
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
4) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай:
саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына және саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге;
5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне орай:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға;
6) Қарттар күніне орай:
ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;
7) Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне орай:
1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға;
8) Жаңа жылға орай:
мүгедек балаларға;
9) әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай келесі азаматтарға (отбасыларына) көрсетіледі:
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін, үш айдан кешіктірмей "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Зеренді ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
уәкілетті ұйымның тізімі және ауруын растайтын анықтама негізінде, туберкулезбен ауыратын адамдарға, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 6 ай бойы ай сайын;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар азаматтарға дәрігерлік - консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балаларға дәрігерлік - консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде екі еселік ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын;
химиялық алдын алу кезеңінде туберкулез жұқтырған балаларға туберкулез диспансерінің тізімі бойынша 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
қатерлі ісіктер бар азаматтарға дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
аз қамтылған отбасылардан, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарынан шыққан, күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын колледж студенттеріне оқу орнымен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтама, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, және төлеу туралы квитанциялары негізінде оқу шығындарын 100 пайызы мөлшерінде өтеу;
жоғары медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған отбасылардан, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарынан шыққан, студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін, Зеренді ауданында жұмысты өтеуді ескере отырып оқу шығындарын 100 пайызы мөлшерінде өтеу. Төлем білім беру орынымен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, Зеренді аудандық ауруханасының бас дәрігері және студент арасында жасалған үш жақты келісім шарты, оқу орнынан берілген анықтама, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты негізінде көрсетіледі;
халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарынан шыққан, кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге, баланың қайтыс болғанын растайтын құжат негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарға, коммуналдық қызметтерді төлеу құнының 100 пайызы мөлшерінде, жылу беру маусымына қатты отынға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, байланыс қызметтеріне телефон үшін абоненттік төлем құны мөлшерінде, газбен жабдықтауға, өтеу күніне ауданда қалыптасқан орташа статистикалық бағалар бойынша, айына бір баллон құны мөлшерінде, облыстық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен ай сайын;
коммуналдық қызмет шығындарын әлеуметтік көмек алушылардың жеке шоттарына өтініш бойынша ай сайын көрсетіледі:
осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне Қазақстан Республикасының аумағы бойынша емделу орындарына бару үшін - бір рет, темір жол (плацкартты вагон), автокөліктік жолаушылар көлігі (таксиден басқа) төлемдер құнынан 100 пайыз мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, босатылған туралы анықтаманы ұсыну арқылы, алты айдан кешіктірмей, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
10) жан басына шаққандағы орташа табыстың ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға (отбасыларға):
жан басына шаққандағы орташа табыстың ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
бірге тұратын 3 және одан да көп мектеп жасындағы балалары бар халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарынан шыққандарға 1 қыркүйекке мектепке дайындау үшін, әр балаға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 28.10.2020 № 62-381 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 28.10.2020 № 62-381 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Зеренді ауданының әкімдігі бекіткен тізім бойынша көрсетіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 11.10.2018 № 28-211 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 52-340 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.12. Алынып тасталды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.08.2019 № 41-278 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
13. Алып тасталды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 25.06.2018 № 24-193 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
14. Алынып тасталды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.08.2019 № 41-278 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
15. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 28.10.2020 № 62-381 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидаларының 18 және 19 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
25. Әлеуметтік көмек Зеренді ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
26. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде, банктік операциялар жүргізуге лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер немесе ұйымдар арқылы, алушының есеп шотына аудару жолымен көрсетіледі.
4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 28.10.2020 № 62-381 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
27. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Зеренді ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5-тарау. Қорытынды ереже
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 28.10.2020 № 62-381 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алудыуәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.