Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 ақпандағы № 10-83 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 ақпанда № 5756 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Зеренді аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылған деп танылсын:

      "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 3-22 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5373 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 маусымда "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған);

      "Зеренді ауданында мәслихаттың 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 3-22 "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 24 тамыздағы № 6-45 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5524 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қыркүйекте "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған).

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А.Төлебаева
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының әкімі А.Мұратұлы

      2017 жылғы "6" ақпан

  Зеренді аудандық мәслихатының
2017 жылғы 6 ақпандағы
№ 10 - 83 шешімімен
бекітілген

Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтың тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Зеренді ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасы жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 11.10.2018 № 28-211 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.08.2019 № 41-278 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидалар Зеренді ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.

      4. Әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті органнан мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне көрсететін көмек осы Қағидаларының мақсаты болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.08.2019 № 41-278 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні (бір рет);

      2) 26 сәуір – Чернобыль атом электростанциясының апаттарын жоюды еске алу күні (бір рет);

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні (бір рет);

      4) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні (бір рет);

      5) 1 қазан – Қарттар күні (бір рет);

      6) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнi – қазанның екінші жексенбісі (бір рет);

      7) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл (бір рет).

      Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органмен келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 52-340 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлер

      8. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы алушыларға ұсынылады:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа санаттардағы тұлғаларға;

      концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;

      Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлеріне, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және қатысушыларының әйелдеріне;

      тыл еңбеккерлеріне;

      Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқандардың қатарынан тұлғаларға;

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан тұлғаларға;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған тұлғаларға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) тұлғаларға қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;

      ең төмен зейнетақы мөлшерімен зейнеткерлерге;

      1,2,3 топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (онкологиялық аурулармен, туберкулезбен ауыратын, адамың имун тапшылығы вирусымен ауыратын, амбулаториялық емделуде жүрген адамдар);

      туберкулез жұқтырған балаларға химиялық алдын алу кезінде;

      халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына;

      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан осал тобына жататын, колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге;

      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан осал тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге;

      қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен, мүлкіне нұқсан келген азаматқа (отбасына);

      өмірлік қиын жағдайда жан басына шаққандағы орташа табыстағы ең төмен күнкөрістегі азаматқа (отбасына);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға.

      Бұл ретте, азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіздемелер болады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 52-340 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

      Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқандардың қатарынан тұлғаларға;

      2) Чернобыль атом электростанциясының апаттарын жоюды еске алу күніне:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан тұлғаларға;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған тұлғаларға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) тұлғаларға қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа санаттардағы тұлғаларға;

      тыл еңбеккерлеріне;

      4) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

      қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға, осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға;

      5) Қарттар күніне:

      ең төмен зейнетақы мөлшерімен зейнеткерлерге;

      6) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;

      7) 1-2 қантар – Жаңа жылға:

      16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      8) әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай келесі азаматтарға (отбасыларына) көрсетіледі:

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына), не оның мүлкіне зиян келтіру, өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін, үш айдан кешіктірмей "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Зеренді ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішке тең және 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға 100 айлық есептік көрсеткішке тең, бір рет;

      туберкулезбен, адамның имун тапшылығы вирусымен ауыратын азаматтарға жыл ішінде дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      туберкулез жұқтырған балаларға туберкулез диспансерінің тізімі бойынша химиялық алдын алу кезеңінде 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      онкологиялық аурулары бар (онкология және онкогематология) азаматтарға дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы негізінде жыл ішінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын колледж студенттеріне оқу орнымен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтама, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты және төлеу туралы квитанциялары негізінде оқу шығындарын 100 пайызға өтеу;

      жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан осал тобына жататын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Зеренді ауданында жұмыспен өтеуді ескере отырып оқу шығындарын жүз пайызға өтеу, төлем білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, Зеренді аудандық ауруханасының бас дәрігері және студент арасында жасалған үш жақты келісім шарты, оқу орнынан берілген анықтама, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты негізінде көрсетіледі;

      халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын кәмелетке толмай қайтыс болған балаларды жерлеуге, қайтыс болған балаға растайтын құжат негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет төлем жасау шығындары бойынша көрсетіледі, оның ішінде ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін ағымдағы мақсатты трансферттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде, коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін коммуналдық қызмет жасау шығындары мөлшерінде, от жағу маусымына отын алуға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, байланыс қызметіне абоненттік төлем мөлшерінде, газбен қамтамасыздандыру, ай сайын өтеу күні ауданда қалыптасқан орташа статистикалық бағалар бойынша айына бір баллонның құны мөлшерінде;

      коммуналдық қызмет жасау шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек алушының өтініші бойынша алушының жеке шоттарына көрсетіледі:

      концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын, арнайы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алушылар санатына жататын Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлеріне, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және қатысушыларының әйелдеріне 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын;

      коммуналдық қызмет шығындарына әлеуметтік көмек уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде көрсетіледі;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағындағы госпитальдарға бару үшін темір жол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) көрсетілген көлік құралдарының бірімен кететін станциядан госпитальге дейін жолақы құнын 100 пайыз төлеу мөлшерінде, бір рет;

      босату туралы аңықтаманы ұсыну арқылы, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, алты айдан кешіктірмей, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      9) әлеуметтік көмек халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататындарға табыстарын ескере отырып көрсетіледі:

      өмірлік қиын жағдай туындаған кезде ұсынылған санаттардағы азаматтарға жылына бір рет. Көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін әрбір жеке жағдайда арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең, бір рет;

      бірге тұратын 3 және одан да көп мектеп жасындағы балалары бар ең төмен күнкөріс деңгейі халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататындарға 1 қыркүйекке мектепке дайындау үшін, әр балаға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 52-340 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Зеренді ауданының әкімдігі бекіткен тізім бойынша көрсетіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 11.10.2018 № 28-211 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 52-340 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12. Алынып тасталды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.08.2019 № 41-278 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13. Алып тасталды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 25.06.2018 № 24-193 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      14. Алынып тасталды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.08.2019 № 41-278 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидаларының 18 және 19 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      25. Әлеуметтік көмек Зеренді ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      26. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде, банктік операциялар жүргізуге лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер немесе ұйымдар арқылы, алушының есеп шотына аудару жолымен көрсетіледі.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      27. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Зеренді ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алудыуәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.