Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 16137 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 440 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8885 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 277 (28216) санында жарияланған);

      2) "Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 440 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 тамыздағы № 520 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14254 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 қазанда жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асыловаға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
Е.Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 12 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 8 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 597 бұйрығымен бекітілді

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (бұдан әрі – білім берудің барлық деңгейлері) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде бірыңғай тәсілдемені анықтау мақсатында әзірленді.

      2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру ортасы – оқу-тәрбие процесінің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті әлеуметтік, материалдық және тұрмыстық жағдайлардың жиынтығы;

      2) білім беру процесі – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі оқу-тәрбие процесі;

      3) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;

      4) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыру;

      3. Білім берудің барлық деңгейлерінің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде мынадай жалпы көрсеткіштер қолданылады:

      1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілетін базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – БЛА);

      2) Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу алгоритмі

      4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың (бұдан әрі – МДТО) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) МДТО-ның жан басына қаржыландыру көлемі (V):

      V =

(Nz * Контz ),

      мұндағы:

      Контz – тәрбиеленушілердің нақты ай сайынғы контингенті (бірақ жобалық қуаттылығынан аспайды);

      z – міндеттегі топтар (жалпы міндеттегі топтар, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған топтар, санаторлық топтар) бойынша индекс;

      Бір МДТО ұйымында мектепке дейінгі топтардың бірнеше түрі болған жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі міндеттегі топ пен білім беру бағдарламаларының түрі бойынша бір тәрбиеленушіге есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      2) Nz – бір айда бір тәрбиеленушіні қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz = Еz + L,

      мұндағы:

      Еz – білім беру процесі шығыстарының нормасы;

      L – білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      3) Еz – міндеттегі топтар бойынша бір айда бір тәрбиеленушіге арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      Еz = T + X,

      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және педагогикалық қызметкерлердің бір айда бір тәрбиеленушіге есептегендегі айлық еңбекақы қоры;

      X – бір айда бір тәрбиеленушіге есептелген білім беру процесіне байланысты оқу шығыстары, 0,3 АЕК-ті құрайды;

      4) Т мына формула бойынша есептеледі:

      Т = Тнег. + Төтем.,

      мұндағы:

      Тнег. = (W + ((ЛА +БЛА * f )*(е + r)))* sno * mp * mv;

      Т өтем. = (((ЛА + БЛА * f) *ks + Эөтем ) * mv)/12;

      Тнег. – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және педагогикалық қызметкерлердің өтемақылық төлемдерсіз айлық еңбекақы қоры;

      Төтем. – қызметкердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың айлық көлемі;

      W – педагогикалық қызметкерлердің айлық еңбекақы қоры,

      е – "Арал өңiрiндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заң) сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа үстемеақы коэффициенті – 0,025;

      r – "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заң) 13-бабының 3-тармағына сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалысқа үстемақы коэффициенті – 0,028.

      Экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы болмаған жағдайда е қолданылмайды.

      Радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы болмаған жағдайда r қолданылмайды.

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,099;

      mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналар және жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2018 жылға – 1,01;

      2019 жылға – 1,01;

      2020 жылға – 1,07;

      mv – бала-сағат коэффициенті мыналардан құралады:

      жарты күн болатын шағын орталықтағы топтар үшін – 0,04;

      болу режимі 9 сағаттық топтар үшін – 0,08;

      болу режимі 10,5 сағаттық топтар үшін – 0,09;

      туберкулезбен уланған балаларға арналған 10,5 сағаттық топтар үшін – 0,15;

      10,5 сағаттық түзету топтары ушін – 0,1875;

      5) W – білім беру процесіне қатыстырылған педагогикалық қызметкерлердің айлық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      W = ((ЛА + БЛА * f) * ks + БЛА * (Қеж + uz + ke) + R)* kалм.,

      мұндағы:

      ЛА – білім беру процесіне қатысатын педагогикалық қызметкерлердің БЛА-ны 3,57 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын лауазымдық айлықақысы;

      f – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық қызметкерлердің еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті – 0,643;

      ks – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті мынаны құрайды:

      қалалық МДТО ұйымдары үшін – 1;

      ауылдық ұйымдар үшін – 1,25;

      Қеж – ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,421;

      uz – дамуында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс үшін педагогикалық қызметкерлерге төленетін қосымша ақы коэффициенті – 0,380;

      ke – Арал өңірінде зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 1,07.

      Экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы болмаған жағдайда ke қолданылмайды;

      R – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы алуға құқылы қызметкерлер болмаған жағдайда R 0-ге тең;

      Kалм. – қызметкерлердің орнын алмастырғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 1,357;

      Эөтем – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем = ЛА +БЛА * f,

      L – өңірлердегі коммуналдық қызметтерді тұтыну көлемдеріне және олардың тарифтеріне байланысты өзгешеленетін МДТО-ның білім беру ортасы шығыстарының бір айда бір тәрбиеленушіге шаққандағы нормасы:

      жарты күндік шағын орталықтағы топтарда – 0,5 АЕК;

      мектеп жанындағы шағын орталықтағы топтарда – 5,75 АЕК;

      болу режимі 9 сағаттық және 10,5 сағаттық топтарда –

      Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы үшін – 6 АЕК;

      Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары және Астана қаласы үшін – 6,17 АЕК;

      Солтүстік Қазақстан облысы үшін – 6,33 АЕК;

      Қызылорда облысы үшін – 6,5 АЕК.

3-тарау. Орта білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу алгоритмі

1-параграф. Орта білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу көрсеткіштері

      5. Орта білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде мына көрсеткіштер қолданылады:

      1) "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ1) сәйкес білім беру деңгейлері бойынша аптадағы сағаттар саны:

      29,75 сағат – 1 – 4 сыныптардағы орташа сағат саны;

      45,1 сағат – 5 – 9 сыныптардағы орташа сағат саны;

      56,25 сағат – 10 – 11 сыныптардағы орташа сағат саны;

      41,25 сағат – 1-4 түзете-дамыта оқыту сыныптардағы орташа сағат саны;

      46,5 – 5–9 түзете-дамыта оқыту сыныптардағы орташа сағат саны;

      8 сағат – 1-4 сынып оқушыларын үйде оқыту сағаттарының саны;

      10 сағат – 5–9 сынып оқушыларын үйде оқыту сағаттарының саны;

      12 сағат – 10–11 сынып оқушыларын үйде оқыту сағаттарының саны;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі – МЖМБС), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген) сәйкес сыныптардың есептелген толықтырылуы:

      қалалық жалпы білім беретін мектептерде – 24 оқушы;

      ауылдық жалпы білім беретін мектептерде – 20 оқушы;

      арнайы (түзету) сыныптарында – 12 оқушы;

      3) Заңның 52-бабының 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге аптасына нормативтік оқу жүктемесі:

      орта білім беру ұйымдары үшін 18 сағат.

2-параграф. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеу алгоритмі

      6. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) VЖҚ – орта білім беру ұйымын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      VЖҚ =

( Nz * Контz ) * Ki

      Бір орта білім беру ұйымында білім беру бағдарламаларының бірнеше түрі іске асырылатын жағдайда білім беру процесін қаржыландыру көлемі білім беру бағдарламаларының түрлері, білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде жиынтық түрде анықталады.

      Контz – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықтың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10498 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 108 Нұсқаулық) 13-тармағына сәйкес есептелетін оқушылардың орташа жылдық контингенті;

      Ki – нақты орташа жылдық контингенті бар мектептер үшін түзету коэффициенті мынаны құрайды:

      800 оқушыға дейін - 1,0,

      801-ден 1000 оқушыға дейін - 0,9;

      1001-ден 1200 оқушыға дейін - 0,8;

      1201-ден 1400 оқушыға дейін - 0,74;

      1400-ден 2500 оқушыға дейін - 0,69;

      2501-ден 4000 оқушыға дейін - 0,63;

      4001-ден бастап одан көп оқушы – 0,61;

      2) Nz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жан басына қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz = Еz + L+Күр,

      мұндағы:

      Еz – білім беру процесі шығыстарының нормасы. Орта білім беру ұйымының жалпы білім беретін сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар болған жағдайда мұндай білім алушылар үшін Еz 2-ге көбейтіледі;

      L – өңірлердегі коммуналдық қызметтерді тұтыну көлемдеріне және олардың тарифтеріне байланысты өзгешеленетін бір жылда бір білім алушыға шаққандағы білім беру ортасы шығыстарының нормасы:

      Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы үшін – 24,25 АЕК;

      Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары және Астана қаласы үшін – 26,25 АЕК;

      Солтүстік Қазақстан облысы үшін – 28,25 АЕК;

      Қызылорда облысы үшін – 30,25 АЕК.

      Үйде оқытудың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде L = 0.

      Күр – күрделі сипаттағы шығыстардың нормасы, бір жылда бір білім алушыға 31 АЕК-ті құрайды;

      3) Еz – білім беру деңгейлері бойынша орта білім беру ұйымдарының бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      Еz = Tz + X,

      мұндағы:

      z – орта білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін сыныптардағы білім беру деңгейін (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, үйде оқыту) және дамуында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды көрсететін индекс;

      Тz – орта білім беру ұйымының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және педагогикалық қызметкерлердің бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Х – бір білім алушыға есептегенде жылына 1,2 АЕК-ті құрайтын, білім алушыларды ғылыми, спорттық, зияткерлік байқаулар мен іс-шараларға дайындаумен және қатыстырумен байланысты шығыстарды, оқу шығыстарын қамтитын білім беру процесімен байланысты шығыстар;

      4) Тz білім беру деңгейіне (z) байланысты мына формула бойынша есептеледі:

      Тz = Тzнег. + Тz өтем.,

      мұндағы:

      Тzнег. = ( 12 * W + St ) * sno * mp * mvz;

      Тz өтем. = ( ЛА + БЛА * f ) * ks * mvz;

      Тzнег. – орта білім беру ұйымының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және негізгі қызметкерлердің өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Тzөтем. – орта білім беру ұйымы қызметкерінің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

      W педагогикалық қызметкерлердің айлық еңбекақы қоры,

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      St – бір білім алушыға 0,135 БЛА мөлшеріндегі ынтыландыру құрамдауышы;

      5) W – педагогикалық қызметкерлердің айлық еңбекақы төлеу қоры, мына формула бойынша есептеледі:

      W = ( ЛА + БЛА * f ) * ks + БЛА * ( Қеж + uz + h ),

      мұндағы:

      ЛА – БЛА-ны 4,3 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын бір педагогикалық мөлшерлеменің лауазымдық айлықақысы;

      f – басқарушылық қызметкерлердің еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті – 0,903;

      ks – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті мынаны құрайды: қала мектептері үшін – 1,0, ауыл мектептері үшін – 1,25;

      Қеж – ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,520;

      uz – педагогикалық қосымша ақылар мен үстеме ақылардың коэффициенті, мынаны құрайды:

      жалпы білім беретін сыныптарда білім алушылар үшін – 0,224;

      арнайы (түзету) сыныптарында білім алушылар және үйде оқитындар үшін – 0,624;

      h – педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2018 жылға – 0,301;

      2019 жылға– 0,215;

      2020 жылға – 0,086;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,099;

      mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналар және жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2018 жылға – 1,01;

      2019 жылға – 1,01;

      2020 жылға – 1,07;

      mvz – оқушы-сағат коэффициенті (нормативті оқу жүктемесін есепке алғандағы бір оқушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы);

      6) mvz мына формула бойынша есептеледі:

      mvz = tz / n / d,

      мұндағы

      tz – ҮОЖ1 бойынша аптадағы сағат саны;

      n – аптадағы нормативтік оқу жүктемесі;

      d – сыныптардың есептелген толықтырылуы. Үйде оқыту үшін mvz -ны есептеуде d = 1.

4-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу алгоритмі

1-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу көрсеткіштері

      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ және ОБК) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде мына көрсеткіштер қолданылады:

      1) МЖМБС-ға сәйкес аптадағы сағаттар саны:

      37,61 сағат – білім беру бағдарламаларын меңгерудің барлық нормативтік мерзімдері бойынша аптадағы орташа сағат саны;

      2) "Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11690 болып тіркелген) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ2) сәйкес аптадағы сағат саны:

      10,5 сағат – зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның ішінде дене тәрбиесі мен жекелеген пәндер бойынша сабақтарды өткізу жағдайында аптадағы орташа сағат саны;

      8,46 сағат – білім беру бағдарламаларын меңгерудің барлық нормативтік мерзімдері бойынша аптадағы орташа сағат саны;

      3) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 369 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8828 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес топтардың есептелген толықтырылуы:

      оқытудың күндізгі нысанында 25 адам;

      зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның ішінде дене тәрбиесі және жекелеген пәндер бойынша сабақтар өткізу жағдайында оқу топтары 13 адамнан аспайтын шағын топтарға бөлінеді;

      4) Заңның 52-бабының 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге аптасына нормативтік оқу жүктемесі:

      техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшiн 18 сағат.

2-параграф. ТжКБ және ОБК-ның жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемін есептеу алгоритмі

      8. ТжКБ және ОБК-ның жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) ТжКБ және ОБК-ның жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі (V):

      V =

( Nz * Контz ) * ( 1+kr + I ) + ( Y * Контz ),

      мұндағы:

      Контz – № 108 Нұсқаулықтың 13-тармағына сәйкес есептелетін білім беру бейіні бойынша білім алушылардың жалпы орташа жылдық контингенті мына формула бойынша есептеледі:

      Контz = жыл басына білім алушылардың саны + оқуға жаңадан қабылданатындардың 1/3 – күтілетін түлектер санының 1/2 – оқудан шығатындардың болжалды саны + оқуға келетін білім алушылардың болжалды саны;

      z – шығындылық топтары бойынша оқыту бейінінің индексі;

      kr – өңірлердегі коммуналдық қызметтерді тұтыну көлемдеріне және олардың тарифтеріне байланысты өзгешеленетін бір жылда бір білім алушыға арналған коммуналдық шығыстарды өтеу үшін түзету коэффициенті:

      Алматы қаласы, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары – 0,05;

      Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары – 0,06;

      Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары – 0,07;

      Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары – 0,08;

      I – интернет қызметіне төлеу коэффициенті – 0,004;

      Y – бір жылда бір білім алушыға 5 АЕК-ті құрайтын оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиет және құралдар.

      Бір ТжКБ және ОБК ұйымында білім беру бейіндерінің бірнеше түрі болған жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі білім беру бейіндері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      2) Nz – бір жылда бір білім алушыны қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz = Еz + L,

      мұндағы:

      Еz – білім беру процесі шығыстарының нормасы.

      Топтарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) болған жағдайда Еz 2-ге көбейтіледі;

      L – білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      3) Еz – білім беру бейіндері бойынша бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      Еz = T + Xz ,

      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және педагогикалық қызметкерлердің бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Хz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесіне байланысты, оның ішінде өндірістік оқыту және кәсіби тәжірибеден өту кезіндегі оқу шығыстары. Xz мәні білім беру бейініне қарай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 65 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13149 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесіне сәйкес осы Әдістемеге қосымша бойынша анықталады және мынаны құрайды:

      А тобы (білім беру: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, тәрбие жұмысын ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт, бастауыш білім беру, техгология, музыкалық білім беру, өмір қауіпсіздігі және валеология, білім беру ұйымдарындағы зертханашы, негізгі орта білім беру, исламтану; құқық; метрология, стандарттау және сертификаттау; өнер және мәдениет: кітапхана ісі, аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы, әртіс орындаушы, концерттік бағдарламалардың дыбыс операторы) – 6 АЕК,

      Б тобы (қызмет көрсету, экономика және басқару: әлеуметтік жұмыс, телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету, слесарлық іс, бұйымдарды химиялық тазалау және бояу, фото ісі, қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру, аяқ киім ісі, іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану, туризм, аударма ісі, маркетинг, бағалау, менеджмент, қаржы, статистика, есеп және аудит, экономика; ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология;байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар; электрондық техника; білім беру: кәсіптік оқыту) – 8 АЕК;

      В тобы (өнер және мәдениет: дизайн, әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы, хор дирижеры, Музыка теориясы, ән салу, хореография өнері, актерлік өнер, цирк өнері, театр-декорациясы өнері, кескіндеу, мүсіндеу және графика, сәндік-қолданбалы өнері және халықтық кәсіпшілік, қайта қалпына келтіріп жөндеу, зергерлік ісі; қызмет көрсету, экономика және басқару: шаштараз өнері және сәндік косметика, тамақтандыруды ұйымдастыру; білім беру: бейнелеу өнері және сызу; мұнай-газ және химия өндірісі; энергетика, электроэнергетика; өндіріс, монтаж, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша); көлікті пайдалану; геология, тау-кен өнеркәсібі және пайдалы қазбаларды өндіру; металлургия және машина жасау; құрылыс және коммуналдық шаруашылық; салалар бойынша транспорт: авиациялық техника, транспорттық техника, технологиялық машиналар және жабдықтар, әскери іс және қауіпсіздік) – 19 АЕК;

      Г тобы (салалар бойынша транспорт: теңіз техникасы) – 44 АЕК;

      4) Т мына формула бойынша есептеледі:

      Т = Тнег. + Төтем.,

      мұндағы:

      Тнег. = (12 * W +(( ЛА + БЛА * f ) * (е+ r ))) * sno * mp * ( mv + mvg + mv i);

      Төтем. = (( ЛА + БЛА * f) * ks + Эөтем1)* mv;

      Тнег. – ТжКБ және ОБК ұйымдарының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және педагогикалық қызметкерлерінің өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры (зертханалық жұмыстарды және практикалық, жеке сабақтарды қоса есептегенде);

      Төтем. – ТжКБ және ОБК қызметкерінің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      W – ТжКБ және ОБК ұйымдарының педагогикалық және басқарушылық қызметкерлерінің айлық еңбекақы төлеу қоры.

      е – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа үстемеақы коэффициенті – 0,30;

      Экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін үстемеақы болмаған жағдайда е қолданылмайды;

      r – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңына сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалысқа үстемақы коэффициенті – 0,33.

      Радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы болмаған жағдайда r қолданылмайды;

      sno –әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,099;

      mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналар және жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2018 жылға – 1,01;

      2019 жылға – 1,01;

      2020 жылға – 1,07;

      mv – топтардың есептелген толықтырылуына байланысты болатын сағат-білім алушы коэффициенті (нормативті оқу жүктемесін есепке алумен бір білім алушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы);

      mvg – сағат-білім алушы коэффициенті (зертханалық жұмыстарды және практикалық сабақтарды өткізуді есепке алумен бір білім алушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы);

      mvi – сағат-білім алушы коэффициенті (нормативтік оқу жүктемесін есепке алумен бір білім алушыға шаққандағы жеке сағаттар саны);

      Эөтем1 – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес педагогикалық қызметкерлерге және білім беру процесіне қатыстырылған басқарушы қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем1 = ЛА + БЛА * f,

      5) W – білім беру процесіне қатыстырылған педагогикалық және басқарушылық қызметкерлердің айлық еңбекақы қоры, мына формула бойынша есептеледі:

      W = ( ЛА + БЛА * f ) * ks + БЛА * ( Қеж + u+ ke ) + R,

      мұндағы:

      ЛА – білім беру процесіне қатысатын негізгі қызметкерлердің БЛА-ны 4,37 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын лауазымдық айлықақысы;

      ks – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті мынаны құрайды:

      қалалық ТжКБ ТжКБ және ОБК ұйымы үшін – 1;

      ауылдық ТжКБ және ОБК ұйымы үшін – 1,25;

      f – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық қызметкерлердің еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті – 0,957;

      Қеж – ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,533;

      u – оқытушыларға және өндірістік оқыту шеберлеріне қосымша ақы коэффициенті – 0,499;

      ke – Арал өңірінде зардап шеккендерді қорғау туралы заңның 13-бабына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 1,46.

      Экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы болмаған жағдайда ke қолданылмайды;

      R – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Қосымша ақы алуға құқылы қызметкерлер болмаған жағдайда R= 0;

      6) mv мына формула бойынша есептеледі:

      mv = t / n / d;

      mvg мына формула бойынша есептеледі:

      mvg = tg / n / dg;

      mv i мына формула бойынша есептеледі:

      mvi = ti / n/ d,

      мұндағы:

      t – ТжКБ және ОБК-ның МЖМБС бойынша аптадағы сағат саны;

      tg – ҮОЖ2 бойынша аптадағы зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтардың сағат саны;

      ti - ҮОЖ2 бойынша аптадағы жеке сабақтардың сағат саны;

      i – жеке сабақтар;

      n – аптадағы нормативтік оқу жүктемесі;

      d – топтардың есептелген толықтырылуы;

      dg – зертханалық жұмыстарды және практикалық сабақтарды өткізу кезіндегі топтардың толықтырылуы.

      Жеке сабақтардың сағат саны үшін mv i,-ны есептеуде d = 1.

      Оқу жоспарында жеке сабақтар саны болмаған жағдайда mv i = 0;

      7) ТжКБ және ОБК ұйымы қосарлы оқытуға қатысқан жағдайда оқу орны қосарлы оқытуды ұйымдастыру кезінде өндірістегі тәлімгерлердің жалақысын өтейді: кемінде 10 білім алушыға жетекшілік еткен жағдайда айына өндірістік оқыту шеберінің 1 мөлшерлемесі есеппен. Тәлімгер жетекшілік ететін топқа тіркелген адамдар саны 10-ға жетпесе, тәлімгердің еңбекақысы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Zn= Сst * Кy /10,

      мұндағы:

      Zn – тәлімгердің жалақысы;

      Сst – өндірістік оқыту шеберінің мөлшерлемесі;

      Кy – тәлімгерге бекітілген білім алушылардың нақты саны.

      Өндірістегі тәлімгердің жалақысын төлеу педагогикалық қызметкерлердің және білім беру процесіне тартылған басқарушылық қызметкерлердің еңбекақы төлеу қоры шегінде есептеледі (W).

      Осы тармақшаның талаптары қосарлы оқытуға шығындарды өз бетінше көтеретін кәсіпорындарға қолданылмайды.

      8) L – білім беру ортасы шығыстарының нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      L = Q + S,

      мұндағы:

      Q – білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлердің бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      S – бір жылда бір білім алушыға 12,6 АЕК-ті құрайтын ТжКБ және ОБК ұйымдарын ағымды күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормасы;

      9) Q мынадай формула бойынша есептеледі:

      Q = Qнег. + Qөтем.,

      мұндағы:

      Qнег. = (12 * F + ((БЛА * (h + q))* (е+r)))* sno * mp * mv;

      Qөтем. = (БҚЛ * h + Эөтем2)* mv;      

      Qнег. – білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлердің өтемақы төлемдерісіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Qөтем. – білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақыларды төлеу шығыстарының жылдық көлемі;

      Эөтем2 – экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем2 = БЛА * (h + q ),

      10) F – білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлердің еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:

      F = БЛА * (h + q+ ke) + R,

      мұндағы:

      h – білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлер жалақысының педагогикалық қызметкерлердің еңбекақысына үлес салмағының коэффициенті 1,139-ға тең;

      q – қызметкерлердің еңбек демалысына жыл сайын төленетін сауықтыруға арналған төлем көзделмеген білім беру процесіне қатыспайтын білікті емес қызметкерлер жалақысының үлес салмағының коэфициенті 0,712-ге тең.

5-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу алгоритмі

1-параграф. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу көрсеткіштері

      9. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8636 болып тіркелген) Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес анықталатын академиялық кредиттер санының көрсеткіші қолданылады:

      1) оқыту бейініне байланысты жоғары білім беру үшін:

      өнер – 39,05;

      жаратылыстану ғылымдары – 37,44.

      техникалық ғылымдар және технологиялар; қызметтер – 36,7;

      білім беру, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар – 36,5;

      2) оқу мерзіміне байланысты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін: 1 жыл оқу – 28.

2-параграф. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеу алгоритмі

      10. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі (V):

      V =

(Nz * Контz),

      мұндағы:

      Контz – № 108 Нұсқаулықтың 13-тармағына сәйкес есептелетін білім алушылардың орташа жылдық контингенті;

      Контz = жыл басына білім алушылардың саны + оқуға жаңадан қабылданатындардың 1/3 – күтілетін түлектер санының 1/2 – оқудан шығатындардың болжалды саны + оқуға келетін білім алушылардың болжалды саны;

      z – шығындылық топтары бойынша оқыту бейінінің индексі.

      Бір жоғары оқу орнында білім беру бағдарламаларының бірнеше түрі іске асырылатын жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі білім беру бағдарламаларының түрлері, білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      2) Nz – бір жылда бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz = (Еz + L) * Y,

      мұндағы:

      Еz – білім беру процесі шығыстарының нормасы;

      L – білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      Y – оқу-әдістемелік әдебиетке арналған шығыстарды өтеу нормасы – 1,017;

      3) Еz – білім беру бейіндері бойынша бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      Еz = T + Xz+Pz,

      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне қатыстырылған әкімшілік-басқарушы қызметкерлердің (бұдан әрі – ӘБҚ) және профессорлық-оқытушылық құрам (бұдан әрі – ПОҚ) қызметкерлерінің бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Xz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесімен байланысты оқу шығыстары.

      Xz мәні білім беру бейініне байланысты жоғары және жоғары білімнен кейінгі мамандықтар сыныптамасына сәйкес мына коэффициенттер бойынша анықталады:

      Xтехн. – 1,012;

      Хөнер. – 0,997;

      Хбілім. – 0,997;

      Хқызм. – 0,997;

      Хжар. – 0,997;

      Хәлеу. – 0,997;

      Хқұқық – 0,997;

      Хгуман. – 0,997.

      Pz – мәртебесі жоқ ЖОО-лар үшін "Өнер" және "Білім беру" бейіндері бойынша білім беру процесінің ерекшеліктерін ескере отырып, "Білім беру" бейіні үшін көптілдік оқыту бағдарламаларын енгізумен байланысты оқу шығыстарына үстеме коэффициент:

      Рөнер – 1,120;

      Рбілім беру – 1,420;

      4) Т – білім беру процесіне қатыстырылған ӘБҚ мен ПОҚ-ның бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Т = Тнег. + Төтем.,

      мұндағы:

      Тнег. = W * 12 * sno * mp * 1,75 * mv1;

      Төтем. = (ЛА + БЛА * f ) * sno * mp * 1,75 * mv1;

      Тнег. – білім беру процесіне қатыстырылған ӘБҚ мен ПОҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      W – ӘБҚ мен ПОҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      Төтем. – қызметкерлердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

      1,75 – жоғары оқу орнының ерекше мәртебесін ескеретін арттыру коэффициенті, Заңның 1-тарауының 1-бабының 17-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережеге сәйкес профессорлық-оқытушылық құрамның және басшы қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларының белгіленген мөлшерлеріне қолданылады. Жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі болмаған жағдайда коэффициент қолданылмайды;

      жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамның жалпы саны мемлекеттік білім беру тапсырысын анықтау кезінде орташа ара салмақ негізінде есептеледі:

      mv1 – бакалаврда оқытылатын оқытушылар мен студенттердің ара-қатынасы 1:8 (бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа саны), магистратурада оқытылатын оқытушылар мен магистранттардың ара-қатынасы 1:4;

      5) W – ӘБҚ мен ПОҚ-қа айлық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      W = ( ЛА + БЛА * f ) + БЛА * u,

      мұндағы:

      ЛА – ПОҚ-тың БЛА-ны 4,64 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын лауазымдық айлықақысы;

      f – ӘБҚ жалақысының ПОҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 2,158;

      fn– ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар үшін ӘБҚ жалақысының ПОҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 3,915;

      u – ғылыми дәреже үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,685. Қосымша ақы болмаған жағдайда u = 0;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,099;

      mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналар және жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2019 жылға – 1,01;

      2020 жылға – 1,07;

      6) L – білім беру ортасына шығыстардың нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      L = Q * S,

      мұндағы:

      Q – білім беру процесіне қатыспайтын оқу-қосалқы қызметкерлердің (бұдан әрі – ОҚҚ), қызмет көрсетуші және басқадай қызметкерлердің (бұдан әрі – ҚКБҚ) бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      S – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын ағымдағы күтіп-ұстауға арналған шығыстардың коэффициенті. Банк, байланыс, интернет және күзет қызметтерін, коммуналдық қызметтерді сатып алумен байланысты шығыстарды, ғимаратты, компьютерлік және кеңсе техникасын ағымдағы жөндеу, ұстау және оған қызмет көрсету бойынша шығыстарды, жабдықтарды, кеңсе тауарларын, дәрі-дәрмек, жуғыш құралдарды, шаруашылық тауарларын сатып алу бойынша шығыстарды қамтиды – 1,49;

      7) Q – білім беру процесіне қатыспайтын ОҚҚ мен ҚКБҚ-ның бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі;

      Q = Qоққ + Qқкбқ,

      мұндағы:

      Qоққ – ОҚҚ-ның жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qоққ = Qоққ нег. + Qоққ. өтем,

      мұндағы:

      Qнег.оққ. – ӘБҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qоққ. нег. = Fоққ * 12 * sno * mp * mv2,

      мұндағы:

      mv2 – оқу-қосалқы персонал мен білім алушылардың ара-қатынасы 1:27

      Fоққ – ОҚҚ-ның еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Fоққ = БЛА * q,

      мұндағы:

      q – ПОҚ жалақысындағы ОҚҚ жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 2,455;

      qn – ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар үшін ПОҚ жалақысындағы ОҚҚ жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 2,702;

      8) Qоққ.өтем. – жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Q оққ. өтем. = БЛА * q * sno * mp * mv2;

      9) Qпоқ – ПОҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qпоқ = Qпоқ нег + Qпоқ өтем,

      мұндағы:

      Qпоқ өтем – ПОҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Q поқ. нег= Fпоқ * 12 * sno * mp * mv1,

      мұндағы:

      Fпоқ – ПОҚ-ның еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Fпоқ = БЛА * h,

      мұндағы:

      h – ОҚҚ жалақысының ПОҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 1,392;

      hn – ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар үшін ОҚҚ жалақысының ПОҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 1,392;

      Qпоқ өтем – жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Qпоқ өтем= БЛА * h * sno * mp * mv1,