"Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 440 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 25 тамыздағы № 520 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 қыркүйекте № 14254 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.11.2017 № 597 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 440 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 7 қарашада № 8885 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 277 (28216) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті (Ж.И. Рахметова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.


Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрінің


міндетін атқарушы

Б. Асылова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      _____________Т. Дүйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      _____________ М. Құсайынов


  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2016 жылғы 25 тамыздағы
  № 520 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2013 жылғы 30 қазандағы
  № 440 бұйрығына қосымша

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес азаматтардың міндетті тегін орта білім алу құқығының мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз етудің жан басына қаржыландыру нормативін есептеуде бірыңғай тәсілді белгілеу мақсатында әзірленді.

      2. Орта білім беруді жан басына қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне арналған шығыстарды және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтиды.

      3. Білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативі мыналар бойынша ажыратылады:

      1) білім беру деңгейіне байланысты: бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру;

      2) іске асырылатын білім беру бағдарламаларының түріне қарай: жалпы білім беру, арнайы білім беру оқыту бағдарламалары;

      3) білім беру бағдарламасының іске асырылу орнына қарай: қала, ауылдық жер.

2-тарау. Орта білім беруді жан басына қаржыландыру нормативін есептеуде қолданылатын көрсеткіштер

      4. Білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативін есептеуде мыналар пайдаланылады:

      1) "Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысымен бекітілетін базалық лауазымдық қызметақы (бұдан әрі – БЛҚ);

      2) Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

      3) Заңның 52-бабының 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін тікелей жүзеге асыратын педагогикалық қызметкердің апталық нормативтік оқу жүктемесі:

      18 сағат – жалпы орта білім беру сыныптарындағы жұмыс үшін;

      4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 69469 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 277 (28216) санында жарияланған) бекітілген үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес аптадағы сағат саны, білім беру деңгейлері бойынша:

      29,75 сағат – 1 – 4 сыныптардағы орташа сағат саны;

      45,1 сағат – 5 – 9 сыныптардағы орташа сағат саны;

      56,25 сағат – 10 – 11 сыныптардағы орташа сағат саны;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 17 ақпанда № 10275 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 24 қыркүйектегі № 183 (28661) санында жарияланған) сәйкес сыныптардың есептік (мөлшерленген) толымдылығы:

      қалалық жалпы білім беретін мектептерде - 24 оқушы;

      ауылдық жалпы білім беретін мектептерде - 20 оқушы;

      арнаулы (түзету) сыныптарында – 12 оқушы.

3-тарау. Білім беру процесін қаржыландыру көлемін және базалық жан басына шаққандағы нормативті есептеу алгоритмі

      5. Білім беру процесін қаржыландыру көлемін және базалық жан басына шаққандағы нормативті есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі.

      1) VБП – орта білім беру ұйымының білім беру процесін қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      VБП = ? (Nz* Контz)

      Бір орта білім беру ұйымында білім беру бағдарламаларының бірнеше түрі іске асырылатын жағдайда білім беру процесін қаржыландыру көлемі білім беру бағдарламаларының түрлері, білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады.

      Конт z – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықтың (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10498 болып тіркелген) 13-тармағына сәйкес есептелетін оқушылардың орташа жылдық контингенті;

      2) Nz – білім беру деңгейлері бойынша бір жылда бір білім алушыға арналған білім беру процесі шығыстарының жан басына шаққандағы нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz = Nzb * Kn

      мұндағы:

      Nzb – білім беру процесі шығыстарының базалық жан басына шаққандағы нормативі,

      Z – білім беру деңгейін (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) көрсететін индекс;

      Kn – ауылдық жерде жұмыс істейтін мамандарға лауазымдық қызметақыларын өсіруді ескерумен, сондай-ақ ауылдық мектептердегі сыныптардың және арнайы (түзету) сыныптарының толымдылығы ескеріле отырып есептелген түзету коэффициенті:

      1-4 сыныптар үшін – ауылдық жерде тұрғаны үшін – 1,444, қалалық жердегі арнайы (түзету) сыныптарында жұмыс үшін – 2,237, ауылдық жердегі арнайы (түзету) сыныптарында жұмыс үшін – 2,392,

      5-9 сыныптар үшін – ауылдық жерде тұрғаны үшін – 1,449, қалалық жердегі арнайы (түзету) сыныптарында жұмыс үшін – 1,762, ауылдық жердегі арнайы (түзету) сыныптарында жұмыс үшін – 2,404,

      10-11 сыныптар үшін – ауылдық жерде тұрғаны үшін – 1,450, қалалық жердегі арнайы (түзету) сыныптарында жұмыс үшін – 1,523, ауылдық жердегі арнайы (түзету) сыныптарында жұмыс үшін – 2,409

      Nzb келесі формула бойынша есептеледі:

      Nzb= Tpz + X

      Трz – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және негізгі қызметкерлердің бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы қоры,

      X – білім беру процесімен байланысты шығыстар, олар 1 оқушыға есептегенде жылына 1,2 АЕК-ті құрайды және мыналарды қамтиды:

      0,3 АЕК – оқушыларды ғылыми, спорттық және зияткерлік байқаулар мен іс-шараларға дайындаумен және қатыстырумен байланысты шығыстар;

      0,9 АЕК – оқу шығыстары.

      3) Трz білім беру даңгейіне (z) байланысты формула бойынша есептеледі

      Трz = Трz нег. + Трz өтем.

      мұндағы:

      Трz нег. = 12 * W * sno * mv

      Трz өтем. = (ЛҚ + БЛҚ * f) * mv

      Трz нег. – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және негізгі қызметкерлердің өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы қоры;

      Трz өтем. – қызметкердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

      W – педагогикалық қызметкерлердің айлық еңбекақы қоры,

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      4) W – педагогикалық қызметкерлердің айлық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      W = ЛҚ + БЛҚ *(f + Қеж + uz + h)

      мұндағы:

      ЛҚ – БЛҚ-ны 4,3 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын бір педагогикалық мөлшерлеменің айлық лауазымдық қызметақысы;

      f – басқарушылық қызметкерлердің есебінен еңбекақы қорының қымбаттау коэффициенті – 0,903;

      Қеж – ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,520;

      uz – қосымша ақылар мен үстеме ақылардың коэффициенті – 0,224;

      h – өзгермелі болып табылатын және жыл сайын түзетіліп отыратын педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,301;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар – 1,099;

      mv – оқушы-сағат коэффициенті (нормативті оқу жүктемесін есепке алғандағы бір оқушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы)

      5) mv мына формула бойынша анықталады:

      mv = t / n / d,

      мұндағы

      t – ҮОЖ бойынша аптадағы сағат саны;

      n – аптасына нормативтік оқу жүктемесі;

      d – сыныптардың есептік толымдылығы;

      Орта білім беру ұйымының білім беру процесін қаржыландыру көлемі шығыстардың мына түрлері үшін арналған:

      1) білім беру процесіне қатысатын басқарушылық және негізгі қызметкерлерге еңбекақы төлеуге арналған шығыстар (гимназиялық компонентті төлеуге, қызметкерлерге экологиялық апат және радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін төлемдерді төлеуге арналған шығыстардан басқа);

      2) салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша жұмыс берушінің жарналары;

      3) қызметкерлердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеуге арналған шығыстар;

      4) білім беру процесін ұйымдастырумен және жүзеге асырумен байланысты шығыстар;

      5) оқушыларды ғылыми, спорттық және зияткерлік байқаулар мен іс-шараларға дайындаумен және қатыстырумен байланысты шығыстар;

      6) Әдістеменің осы тармағында көзделген шығыстарды жүргізумен байланысты банктік (қаржылық) қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстар.

4-тарау. Білім беру ортасын қаржыландыру нормативін және көлемін есептеу

      6. Білім беру ортасын қаржыландыру көлемі мына формула бойынша анықталады:

      VБО = Nбасқ * Контжалп,

      мұндағы

      VОС – білім беру ортасы шығыстарының жылдық көлемі,

      Nбасқ – бір жылда 1 оқушыға 20,75 АЕК-ті құрайтын оқушы басына шаққандағы білім беру ортасы шығыстарының жылдық нормативі,

      Контжалп – орта білім беру ұйымының 1-11 сыныптарының жалпы орташа жылдық оқушылар контингенті.

      Орта білім беру ұйымының білім беру ортасын қаржыландыру көлемі шығыстардың мына түрлері үшін арналған:

      1) білім беру процесіне қатыспайтын басқарушылық, негізгі, әкімшілік, қосалқы қызметкерлер мен жұмысшыларға еңбекақы төлеуге арналған шығыстар (қызметкерлерге экологиялық апат және радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін төлемдерді төлеуге арналған шығыстардан басқа);

      2) салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша жұмыс берушінің жарналары;

      3) қызметкерлердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру үшін берілетін жәрдемақыларды төлеуге арналған шығыстар;

      4) пошта және телефон байланысы қызметіне төлеуге арналған шығыстар;

      5) ғимараттарды, құрылыстарды, техникалық жабдықтарды, компьютерлік және ұйымдастыру техникасын ағымдағы жөндеуді жүргізуге, ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар;

      6) білім беру ұйымының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, білім беру процесінде қолданылмайтын, құндық мәні айлық есептік көрсеткіштің 40 еселік мөлшерінен аспайтын тауарларды сатып алуға шығыстар;

      7) Әдістеменің осы тармағында көзделген шығыстарды жүргізумен байланысты банктік (қаржылық) қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстар.