БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы бұйрықтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_______________ Д. Абаев
2017 жылғы 4 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_______________Е. Сағадиев
2017 жылғы 8 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_______________Ж. Қасымбек
2017 жылғы 10 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________Б. Сұлтанов
2017 жылғы 16 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________Т. Сүлейменов
2017 жылғы 21 қараша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 3 қарашадағы № 445 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін тізбесі
1. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/41 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10489 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеу қағидалары";
1-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-34) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеу тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ және қысқа мерзімді орман пайдалану шарты жазбаша нысанда жасалады және мемлекеттік тіркелуге жатады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тіркелуге Ұзақ мерзiмдi орман пайдаланудың мынадай түрлеріне арналған шарттар жатады:
1) сүрек дайындау;
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
3) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану;
4) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану;
7) жанама орман пайдалану.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Тіркелуге қысқа мерзiмдi орман пайдаланудың мынадай түрлеріне арналған шарттар жатады:
1) жанама орман пайдалану;
2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану;
3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану;
4) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау.";
2-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеу үшін берілетін құжаттар";
3-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын тіркеу, бұзу және қайта тіркеу";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Шарт осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орман учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын тіркеу журналында (бұдан әрі – журнал) тіркеледі. Шарттың тіркеу нөміріне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес код беріледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттары осы Қағидаларға 4-қосымшаға және 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша нысанда жасалады және мемлекеттік тіркелуге жатады.";
4-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Мемлекеттік тіркеуді жүргізу мерзімдері";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік орман учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын тіркеу, бұзу және қайта тіркеу орман пайдаланушы осы Қағидалардың 5-тармағында аталған құжаттарды берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.";
1, 2, 3, 4-қосымшалар осы Тізбеге 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
осы Тізбенің 5-қосымшасына сәйкес және 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-02/405 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11882 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларында:
1-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты мен өндiрiстiк қуаттылықтары және тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi.
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану құқығы:
1) мемлекеттiк орман иеленушiлер беретiн орман билетi негiзiнде бiр жылға дейiнгi мерзiмге;
2) мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында жасалатын қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты негізінде бір жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге туындайды.
Жанама орман пайдалану орманға зиян келтірмей, орман ресурстарын молықтыруға нұқсан келтірмей жүзеге асырылады.";
2-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Мемлекеттiк орман қоры аумағында орманды жанама пайдалануды жүзеге асыру тәртібі";
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) көкөніс өсіру, бақша өсіру, бақ өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру;";
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қысқа мерзімді пайдалану Кодекстің 34-бабының 1-тармағына сәйкес беріледі;";
3-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Марал өсіруді және аң өсіруді жүзеге асыру тәртібі";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қысқа мерзiмдi пайдалану кезінде өтініш жасалып отырған орман пайдалану түрін беру туралы мемлекеттік орман иеленушінің шешімі орман билетін беру және қысқа мерзiмдi пайдалануға жасалған мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында жасалатын шарт түрінде ресімделеді.";
4-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Ара ұялары мен омарталар орналастыру тәртібі";
5-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Көкөніс өсіруді, бақша өсіруді, бақ өсіруді және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді жүзеге асыру тәртібі";
17-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Көкөніс өсіру, бақша өсіру, бақ өсіру және өзге де ауылшаруашылық дақылдарын өсіру (дәрілік өсімдіктерді, жеміс және жидек дақылдарын плантацияда өсіруді қоса алғанда) үшін учаскелер мемлекеттік орман қорының ормансыз алқаптарынан беріледі. Бөлінген учаскелерде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарының нақты түрлері мен алқаптары келісім шартта және орман билетінде көрсетіледі.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Көкөніс өсіруді, бақша өсіруді, бақ өсіруді және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді жүзеге асыру кезінде суару үшін су ресурстарын пайдалануды орман пайдаланушылар 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 95-бабы 6-тармағына сәйкес жүзеге асырады.";
6-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Дәрілік өсімдіктерді, техникалық шикізатты дайындау мен жинауды жүзеге асыру тәртібі";
7-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Жабайы жемістер, жидектер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар және басқа да тамақ өнімдерін дайындау мен жинауды жүзеге асыру тәртібі";
8-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тарау. Мүк, орман төсенішін және жерге түскен жапырақтарды, қамыс дайындауды жүзеге асыру тәртібі".
3. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12247 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген жағдайда, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану түрлері Кодексінің 31 тармағындағы 1-2) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Тендерге қатысуға Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасы шетелдіктер қатыспайтын заңды тұлғалары жіберіледі.
Тендерге қатысқысы келген адам лоттың (лоттардың) атауын көрсете отырып, тендер құжаттамасын алуға еркін нысанда сұраным бередi, тендер құжаттамасында белгiленген талаптарға сәйкес әрбір лот бойынша жеке-жеке тендерлік өтiнiм әзiрлейдi және оны тендердi ұйымдастырушыға мөрленген конвертпен тiркеуге тапсырады.
Тендерлік өтiнiм тiркелген сәттен бастап тендерлік өтiнiм ұсынған тұлға тендерге қатысушы мәртебесiне ие болады.".
4. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларында:
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Сексеуіл ормандарынан басқа, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп, қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi.
12. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелері ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде беріледi.".
_______________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
кімнен __________________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін - орналасқан жерінің атауы)
________________________________________________________________________________
телефон: ______________________
Өтініш
Мен (біз) ________________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
________________________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін – толық атауы)
________________________________________________________________________________
(орман иеленушінің атауы және орналасқан жері)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
жасалған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман
пайдалану шартын тіркеуді, қайта тіркеуді, бұзуды (қажеттісінің астын сызу керек) сұраймын
(сұраймыз).
Хаттама деректері:
Хаттамаға қол қойылған күн _______________________________________________________
Хаттама нөмірі ___________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде бар заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін ________ 20___ жылғы "___" ___________
(қолы)
Өтінішке мыналар қоса беріледі:
1. ________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________
Күні _____________ _______________________________________
(өтініш берушінің қолы)
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын тіркеу журналы
Р/с № | Тіркеу нөмірі және күні | Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының нөмірі және күні | Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы | Орман пайдалану түрі | Орман пайдаланудың орналасқан жері (орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі және орманшылық) | Тіркелген шарттардың алынған күні (қолы) | Шарттарды қайта тіркеу негізі және күні | Шарттардың қолданысын тоқтатудың негізі және күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының тіркеу нөмірі
Облыстар мен мемлекеттік орман иеленушілер бойынша мынадай кодтар беріледі:
Р/с | Мемлекеттік орман иеленушінің атауы | Код |
1 | 2 | 3 |
Ақмола облысы | ||
1 | "Ақкөл" | 01 |
2 | "Барап" | 02 |
3 | Үлкен түкті | 03 |
4 | "Бұқпа" | 04 |
5 | Ерейментау | 05 |
6 | Кеңес | 06 |
7 | Краснобор | 07 |
8 | Куйбышев | 08 |
9 | Кіші түкті | 09 |
10 | Маралды | 10 |
11 | Отрадное | 11 |
12 | Степногор | 12 |
13 | Ұрымқай | 13 |
14 | Көкшетау орман селекциялық орталығы | 14 |
15 | Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы | 15 |
16 | "Жасыл аймақ" республикалық мемлекетік мекемесі | 16 |
Ақтөбе облысы | ||
1 | Ақтөбе | 01 |
2 | Үлкен борсық | 02 |
3 | Қарабұтақ | 03 |
4 | Мәртөк | 04 |
5 | Темір | 05 |
6 | Ойыл | 06 |
7 | Қобда | 07 |
Алматы облысы | ||
1 | Алакөл | 01 |
2 | Бақанас | 02 |
3 | Бөрлітөбе | 03 |
4 | Жаркент | 04 |
5 | Жоңғар | 05 |
6 | Қаскелең | 06 |
7 | Кеген | 07 |
8 | Күрті | 08 |
9 | Нарынқол | 09 |
10 | Талдықорған | 10 |
11 | Үйгентас | 11 |
12 | Ұйғыр | 12 |
13 | Үштөбе | 13 |
14 | Шелек | 14 |
15 | "Қызыл жиде" | 15 |
16 | Алматы орман селекциялық орталығы | 16 |
Атырау облысы | ||
1 | Атырау | 01 |
2 | Индер | 02 |
3 | Құрманғазы | 03 |
Шығыс Қазақстан облысы | ||
1 | Асубұлақ | 01 |
2 | Үлкен нарым | 02 |
3 | Верх-Уба | 03 |
4 | Зайсан | 04 |
5 | Зырян | 05 |
6 | Күршім | 06 |
7 | Кіші оба | 07 |
8 | Марқакөл | 08 |
9 | Пихта | 09 |
10 | Риддер | 10 |
11 | Самара | 11 |
12 | Өскемен | 12 |
13 | Черемшан | 13 |
Жамбыл облысы | ||
1 | Ақкөл | 01 |
2 | Ақыртөбе | 02 |
3 | Байзақ | 03 |
4 | Бурылбайтал | 04 |
5 | Жамбыл | 05 |
6 | Жуалы | 06 |
7 | Қарақоңыз | 07 |
8 | Көктерек | 08 |
9 | Қордай | 09 |
10 | Қосқұдық | 10 |
11 | Луговое | 11 |
12 | Мерке | 12 |
13 | Мойынқұм | 13 |
14 | Сарысу | 14 |
Батыс Қазақстан облысы | ||
1 | Ақжайық | 01 |
2 | Бөрлі | 02 |
3 | Тайпақ | 03 |
4 | Орал | 04 |
5 | Орда | 05 |
6 | Чапаев | 06 |
7 | Шыңғырлау | 07 |
8 | Январцев | 08 |
Қарағанды облысы | ||
1 | Ақтоғай | 01 |
2 | Жаңаарқа | 02 |
3 | Қарағанды | 03 |
4 | Қу | 04 |
5 | Теміртау | 05 |
6 | Ұлытау | 06 |
Қостанай облысы | ||
1 | Арақарағай | 01 |
2 | Басаман | 02 |
3 | Боровской | 03 |
4 | Камышин | 04 |
5 | Михайлов | 05 |
6 | Пригородное | 06 |
7 | Семиозер | 07 |
8 | Таранов | 08 |
9 | Ұзынкөл | 09 |
10 | Урицкое | 10 |
11 | Усаков | 11 |
Қызылорда облысы | ||
1 | Арал | 01 |
2 | Жалағаш | 02 |
3 | Жаңақорған | 03 |
4 | Қазалы | 04 |
5 | Қармақшы | 05 |
6 | Қызылорда | 06 |
7 | Сырдария | 07 |
8 | Шиелі | 08 |
Маңғыстау облысы | ||
1 | Бейнеу | 01 |
2 | Сам | 02 |
Павлодар облысы | ||
1 | Максим Горький | 01 |
2 | Павлодар | 02 |
3 | Үрлітөбе | 03 |
Солтүстік Қазақстан облысы | ||
1 | "Ақан сері" | 01 |
2 | Аққайың | 02 |
3 | Булаев | 03 |
4 | Бұрлық | 04 |
5 | Есіл | 05 |
6 | Жамбыл | 06 |
7 | Қызылжар | 07 |
8 | Мамлют | 08 |
9 | Орлиногор | 09 |
10 | Преснов | 10 |
11 | Сергеев | 11 |
12 | Соколов | 12 |
Оңтүстік Қазақстан облысы | ||
1 | Арыс | 01 |
2 | Бадам | 02 |
3 | Боралдай | 03 |
4 | Отырар | 04 |
5 | Созақ | 05 |
6 | Түркістан | 06 |
7 | Шардара | 07 |
8 | "Жасыл желек" | 08 |
Орман пайдалану түріне байланысты шарт нөмірі мынадай цифрларды қамтиды:
1) сүрек дайындау - 01;
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау - 02;
3) жанама орман пайдалану (пішен шабу – 03/1, мал жаю – 03/2, марал өсіру – 03/3, аң өсіру – 03/4, ара ұялары мен омарталар орналастыру – 03/5, көкөніс өсіру – 03/6, бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру – 03/7, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізат – 03/8, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер – 03/9, мүк, орман төсеніші мен жерге түскен жапырақтар, қамыс – 03/10 дайындау және жинау);
4) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану – 04;
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану - 05;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану - 06;
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану - 07.
8) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау (қабықтар – 08/1, бұтақтар – 08/2, түбірлерлер – 08/3, тамырлар – 08/4, жапырақтар – 08/5, бүршіктер – 08/6).
Мемлекеттік орман учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) мынадай жазба жазылады:
01-01/001, мұнда:
1) 01 цифрлары – орман иеленушінің атауын білдіреді;
2) 01 цифрлары – орман пайдалану түрін білдіреді;
3) 001 цифрлары – журнал бойынша реттік тіркеу нөмірін білдіреді.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының № ______ үлгілік нысаны
____________ 20__жылғы "__" __________
(елді мекен)
Бұдан әрі "Мемлекеттік орман иеленуші" деп аталатын
________________________________________________________________________________
(қарамағында берілетін орман қоры учаскелері бар мемлекеттік орман иеленушінің атауы)
_________________________________________________________________________ атынан
__________________________ негізінде әрекет ететін _____________________________ және
бұдан әрі "Орман" пайдаланушы деп аталатын ______________________________________
атынан _____________________________________________________ негізінде әрекет ететін
______________________________________________________________________________,
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
1. Шарт нысанасы
1. Мемлекеттік орман иеленуші орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі
20 __ жылғы "__" ________ № ____ тендер хаттамасының негізінде орман ресурстарын _______________________________________________________________________________
(орман пайдалану түрі көрсетілсін)
жүзеге асыру үшін осы Шартқа қоса беріліп отырған орман телімдері мен орман орамдарының нөмірлері көрсетіліп, орман орналастырудың картографиялық материалдарынан алынған көшірме түріндегі шекараларына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскесінің жоспары шекарасында ___ жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді орман пайдалануға береді.
2. Орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскесінің алаңы мен таксациялық көрсеткіштері осы Шартқа қосымша материалдарда көрсетілген.
3. Орман пайдалану осы Шартқа қосымша материалдарда көрсетілген көлем (мөлшер) шегінде жүзеге асырылады.
4. Орман пайдаланғаны үшін жыл сайынғы төлемақы мөлшері мемлекеттік орман пайдаланушы салық заңнамасына сәйкес есептеген орман пайдаланудың рұқсат етілген көлемдері негізінде айқындалады және оны Орман пайдаланушы бюджетке аудару арқылы төлеп тұруы тиіс.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5. Орман пайдаланушы мен мемлекеттік орман иеленушінің құқықтары мен міндеттері орман заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленеді.
6. Мемлекеттiк орман иеленушiлер міндетіне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдаланушылар өртке қарсы күрес iс-шаралары жоспарларын әзiрлеген кезде оларға жәрдем көрсету жүктеледі.
7. Орман пайдаланушы міндетіне орман ресурстарын игеру және ұтымды пайдалану, тендер жеңімпазының конкурстық өтінімінде көрсетілген ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, орман ресурстарын өңдеу жөніндегі іс-шараларды инвестициялау жүктеледі.
3. Тараптардың жауапкершілігі
8. Орман пайдаланушы орман пайдаланғаны үшін төлемақыны белгіленген мерзімде уақтылы енгізбеген жағдайда, Орман пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
9. Шарттың және орман заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
4. Дауларды қарау тәртібі
10. Осы Шартты орындаумен байланысты туындайтын барлық даулар келіссөздер және қосымша келісімдер жасасу арқылы шешіледі. Тараптар келіспеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта қаралуы тиіс.
5. Өзге шарттар
11. Осы Шартта көрсетілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
12. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар осы Шарттың мәтініне қайшы келмеуі, жазбаша нысанда жасалып, оған тараптар кол қоюы тиіс.
13. Осы Шарт оған кезекті немесе кезектен тыс не орман орналастыру (аңшылық орналастыру) жүргізіліп, ықтимал орман пайдалану көлемдері мен талаптары нақтыланғаннан кейін қайта жасалуы немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі тиіс.
14. Осы Шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тіркеуші органда мемлекеттік тіркелуі тиіс.
15. Осы Шарт орман пайдаланушы мен мемлекеттік орман иеленуші үшін бір-бір данадан, бір данасы тіркеуші органда сақтау үшін 3 данада жасалды. Барлық 3 дананың заңдық күші бірдей.
6. Шарттың қолданылуы
16. Шарт ____жылға жасалды және мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Мемлекеттік орман иеленуші Орман пайдаланушы
________________________________ _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________ _______________________________________
заңды тұлғаның жеке немесе заңды тұлғаның
________________________________ _______________________________________
толық атауы) толық атауы)
Орналасқан жері ________________ Орналасқан жері ________________________
________________________________ _______________________________________
БСН ____________________________ ЖСН немесе БСН _______________________
Есептік шот _______________________ Есептік шот ____________________________
________________________________ ______________________________
(қолы) (қолы)
Мөр (бар болса) орны Мөр (бар болса) орны
Тіркелді ________________________________
______________________ № ________________
Тіркелген күні 20___ жылғы "__" _________
Мөр (бар болса) орны
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының № ______ үлгілік нысаны
____________ 20__жылғы "__" ____________
(елді мекен)
Бұдан әрі "Мемлекеттік орман иеленуші" деп аталатын
________________________________________________________________________________
(қарамағында берілетін орман қоры учаскелері бар мемлекеттік орман иеленушінің атауы)
_________________________________________________________________________ атынан
__________________________ негізінде әрекет ететін ___________________________ және
бұдан әрі "Орман" пайдаланушы деп аталатын ________________________________________
атынан _____________________________________________________ негізінде әрекет ететін
_______________________________________________________________________________,
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
1. Шарт нысанасы
1. Мемлекеттік орман иеленуші орман пайдаланушыға оның өтініші негізінде орман ресурстарын ___________________________________________________________________
(орман пайдалану түрі көрсетілсін)
жүзеге асыру үшін осы Шартқа қоса беріліп отырған мемлекеттік орман қоры учаскесі жоспарының шекарасында ___ жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді орман пайдалануға береді.
2. Орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскесінің алаңы мен таксациялық көрсеткіштері осы Шартқа қосымша тіркелген материалдарда көрсетілген.
3. Орман пайдалану осы Шартқа қосымша тіркелген материалдарда көрсетілген көлем (мөлшер) шегінде жүзеге асырылады.
4. Орман пайдаланғаны үшін жыл сайынғы төлемақы мемлекеттік орман пайдаланушы салық заңнамасына сәйкес есептеген орман пайдаланудың рұқсат етілген көлемдері негізінде айқындалады және оны Орман пайдаланушы бюджетке аудару арқылы төлеп тұруы тиіс.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5. Орман пайдаланушы мен мемлекеттік орман иеленушінің құқықтары мен міндеттері орман заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленеді.
6. Мемлекеттiк орман иеленушiлер міндетіне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдаланушылар өртке қарсы күрес iс-шаралары жоспарларын әзiрлеген кезде оларға жәрдем көрсету жүктеледі.
7. Орман пайдаланушы міндетіне орман ресурстарын игеру және ұтымды пайдалану, тендер жеңімпазының конкурстық өтінімінде көрсетілген ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, орман ресурстарын өңдеу жөніндегі іс-шараларды инвестициялау жүктеледі.
3. Тараптардың жауапкершілігі
8. Орман пайдаланушы орман пайдаланғаны үшін төлемақыны белгіленген мерзімде уақтылы енгізбеген жағдайда, Орман пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
9. Шарттың және орман заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
4. Дауларды қарау тәртібі
10. Осы Шартты орындаумен байланысты туындайтын барлық даулар келіссөздер және қосымша келісімдер жасасу арқылы шешіледі. Тараптар келіспеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта қаралуы тиіс.
5. Өзге шарттар
11. Осы Шартта көрсетілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
12. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар осы Шарттың мәтініне қайшы келмеуі, жазбаша нысанда жасалып, оған тараптар кол қоюы тиіс.
13. Осы Шарт оған кезекті немесе кезектен тыс не орман орналастыру (аңшылық орналастыру) жүргізіліп, ықтимал орман пайдалану көлемдері мен талаптары нақтыланғаннан кейін қайта жасалуы немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі тиіс.
14. Осы Шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тіркеуші органда мемлекеттік тіркелуі тиіс.
15. Осы Шарт орман пайдаланушы мен мемлекеттік орман иеленуші үшін бір-бір данадан, бір данасы тіркеуші органда сақтау үшін 3 данада жасалды. Барлық 3 дананың заңдық күші бірдей.
6. Шарттың қолданылуы
16. Шарт ____жылға жасалды және мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Мемлекеттік орман иеленуші Орман пайдаланушы
________________________________ _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________ _______________________________________
заңды тұлғаның жеке немесе заңды тұлғаның
________________________________ _______________________________________
толық атауы) толық атауы)
Орналасқан жері ________________ Орналасқан жері ________________________
________________________________ _______________________________________
БСН ____________________________ ЖСН немесе БСН _______________________
Есептік шот _______________________ Есептік шот ____________________________
________________________________ ______________________________
(қолы) (қолы)
Мөр (бар болса) орны Мөр (бар болса) орны
Тіркелді ________________________________
______________________ № ________________
Тіркелген күні 20___ жылғы "__" _________
Мөр (бар болса) орны