Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10489 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 4 ақпандағы № 34 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.02.2020 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 20 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 11 ақпан



  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 18-02/41 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-34) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеу тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ және қысқа мерзімді орман пайдалану шарты жазбаша нысанда жасалады және мемлекеттік тіркелуге жатады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Шартты мемлекеттік тіркеуді ұзақ мерзімді орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскелері орналасқан облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүргізеді.

      4. Тіркелуге Ұзақ мерзiмдi орман пайдаланудың мынадай түрлеріне арналған шарттар жатады:

      1) сүрек дайындау;

      2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;

      3) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану;

      4) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;

      5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;

      6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану;

      7) жанама орман пайдалану.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-1. Тіркелуге қысқа мерзiмдi орман пайдаланудың мынадай түрлеріне арналған шарттар жатады:

      1) жанама орман пайдалану;

      2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану;

      3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану;

      4) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау.

      Ескерту. 1-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеу үшін берілетін құжаттар

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Шартты мемлекеттік тіркеу үшін орман пайдаланушы жергілікті атқарушы органға мыналарды "электронды үкіметтің" веб-порталы арқылы электронды нысанда не қағазға басылған нұсқада:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда шартты мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

      2) шартты береді.

3-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын тіркеу, бұзу және қайта тіркеу

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Шарт осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орман учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын тіркеу журналында (бұдан әрі – журнал) тіркеледі. Шарттың тіркеу нөміріне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес код беріледі.

      Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттары осы Қағидаларға 4-қосымшаға және 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша нысанда жасалады және мемлекеттік тіркелуге жатады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Журнал жіппен байланады, нөмірленеді, жауапты тұлға қол қояды, мөр басылады. Журнал беттерінің нөмірленуі толассыз. Қарындашпен жазуға, түзетуге, өшіруге, тазартуға, жөндеуге болмайды.

      8. Шарт бұзылған және қайта тіркелген жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, шарт бұзылған және қайта тіркелгеннен кейін орман пайдаланушы 10 жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" веб-порталында электрондық нысанда не қағаз нысанда жергілікті атқарушы органға өтініш береді.

4-тарау. Мемлекеттік тіркеуді жүргізу мерзімдері

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік орман учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын тіркеу, бұзу және қайта тіркеу орман пайдаланушы осы Қағидалардың 5-тармағында аталған құжаттарды берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Шарттың мемлекеттік тіркелуі үшін қабылданған құжаттар мен журнал жергілікті атқарушы органда сақталады.

  Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде ұзақ мерзімді
және қысқа мерзімді орман
пайдалану шарттарын
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      _______________________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      кімнен __________________________________________________________________________

      (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлға үшін - орналасқан жерінің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      телефон: ______________________

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мен (біз) ________________________________________________________________________

      (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлға үшін – толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (орман иеленушінің атауы және орналасқан жері)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      жасалған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман

      пайдалану шартын тіркеуді, қайта тіркеуді, бұзуды (қажеттісінің астын сызу керек) сұраймын

      (сұраймыз).

      Хаттама деректері:

      Хаттамаға қол қойылған күн _______________________________________________________

      Хаттама нөмірі ___________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде бар заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін ________ 20___ жылғы "___" ___________

      (қолы)

      Өтінішке мыналар қоса беріледі:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________

      Күні _____________ _______________________________________

      (өтініш берушінің қолы)

  Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде ұзақ мерзімді
және қысқа мерзімді орман
пайдалану шарттарын
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын тіркеу журналы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Тіркеу нөмірі және күні

Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының нөмірі және күні

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы

Орман пайдалану түрі

Орман пайдаланудың орналасқан жері (орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі және орманшылық)

Тіркелген шарттардың алынған күні (қолы)

Шарттарды қайта тіркеу негізі және күні

Шарттардың қолданысын тоқтатудың негізі және күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















  Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде ұзақ мерзімді
және қысқа мерзімді орман
пайдалану шарттарын
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының тіркеу нөмірі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Облыстар мен мемлекеттік орман иеленушілер бойынша мынадай кодтар беріледі:

Р/с

Мемлекеттік орман иеленушінің атауы

Код

1

2

3

Ақмола облысы

1

"Ақкөл"

01

2

"Барап"

02

3

Үлкен түкті

03

4

"Бұқпа"

04

5

Ерейментау

05

6

Кеңес

06

7

Краснобор

07

8

Куйбышев

08

9

Кіші түкті

09

10

Маралды

10

11

Отрадное

11

12

Степногор

12

13

Ұрымқай

13

14

Көкшетау орман селекциялық орталығы

14

15

Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы

15

16

"Жасыл аймақ" республикалық мемлекетік мекемесі

16

Ақтөбе облысы

1

Ақтөбе

01

2

Үлкен борсық

02

3

Қарабұтақ

03

4

Мәртөк

04

5

Темір

05

6

Ойыл

06

7

Қобда

07

Алматы облысы

1

Алакөл

01

2

Бақанас

02

3

Бөрлітөбе

03

4

Жаркент

04

5

Жоңғар

05

6

Қаскелең

06

7

Кеген

07

8

Күрті

08

9

Нарынқол

09

10

Талдықорған

10

11

Үйгентас

11

12

Ұйғыр

12

13

Үштөбе

13

14

Шелек

14

15

"Қызыл жиде"

15

16

Алматы орман селекциялық орталығы

16

Атырау облысы

1

Атырау

01

2

Индер

02

3

Құрманғазы

03

Шығыс Қазақстан облысы

1

Асубұлақ

01

2

Үлкен нарым

02

3

Верх-Уба

03

4

Зайсан

04

5

Зырян

05

6

Күршім

06

7

Кіші оба

07

8

Марқакөл

08

9

Пихта

09

10

Риддер

10

11

Самара

11

12

Өскемен

12

13

Черемшан

13

Жамбыл облысы

1

Ақкөл

01

2

Ақыртөбе

02

3

Байзақ

03

4

Бурылбайтал

04

5

Жамбыл

05

6

Жуалы

06

7

Қарақоңыз

07

8

Көктерек

08

9

Қордай

09

10

Қосқұдық

10

11

Луговое

11

12

Мерке

12

13

Мойынқұм

13

14

Сарысу

14

Батыс Қазақстан облысы

1

Ақжайық

01

2

Бөрлі

02

3

Тайпақ

03

4

Орал

04

5

Орда

05

6

Чапаев

06

7

Шыңғырлау

07

8

Январцев

08

Қарағанды облысы

1

Ақтоғай

01

2

Жаңаарқа

02

3

Қарағанды

03

4

Қу

04

5

Теміртау

05

6

Ұлытау

06

Қостанай облысы

1

Арақарағай

01

2

Басаман

02

3

Боровской

03

4

Камышин

04

5

Михайлов

05

6

Пригородное

06

7

Семиозер

07

8

Таранов

08

9

Ұзынкөл

09

10

Урицкое

10

11

Усаков

11

Қызылорда облысы

1

Арал

01

2

Жалағаш

02

3

Жаңақорған

03

4

Қазалы

04

5

Қармақшы

05

6

Қызылорда

06

7

Сырдария

07

8

Шиелі

08

Маңғыстау облысы

1

Бейнеу

01

2

Сам

02

Павлодар облысы

1

Максим Горький

01

2

Павлодар

02

3

Үрлітөбе

03

Солтүстік Қазақстан облысы

1

"Ақан сері"

01

2

Аққайың

02

3

Булаев

03

4

Бұрлық

04

5

Есіл

05

6

Жамбыл

06

7

Қызылжар

07

8

Мамлют

08

9

Орлиногор

09

10

Преснов

10

11

Сергеев

11

12

Соколов

12

Оңтүстік Қазақстан облысы

1

Арыс

01

2

Бадам

02

3

Боралдай

03

4

Отырар

04

5

Созақ

05

6

Түркістан

06

7

Шардара

07

8

"Жасыл желек"

08

      Орман пайдалану түріне байланысты шарт нөмірі мынадай цифрларды қамтиды:

      1) сүрек дайындау - 01;

      2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау - 02;

      3) жанама орман пайдалану (пішен шабу – 03/1, мал жаю – 03/2, марал өсіру – 03/3, аң өсіру – 03/4, ара ұялары мен омарталар орналастыру – 03/5, көкөніс өсіру – 03/6, бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру – 03/7, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізат – 03/8, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер – 03/9, мүк, орман төсеніші мен жерге түскен жапырақтар, қамыс – 03/10 дайындау және жинау);

      4) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану – 04;

      5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану - 05;

      6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану - 06;

      7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану - 07.

      8) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау (қабықтар – 08/1, бұтақтар – 08/2, түбірлерлер – 08/3, тамырлар – 08/4, жапырақтар – 08/5, бүршіктер – 08/6).

      Мемлекеттік орман учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) мынадай жазба жазылады:

      01-01/001, мұнда:

      1) 01 цифрлары – орман иеленушінің атауын білдіреді;

      2) 01 цифрлары – орман пайдалану түрін білдіреді;

      3) 001 цифрлары – журнал бойынша реттік тіркеу нөмірін білдіреді.

  Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде ұзақ мерзімді
және қысқа мерзімді орман
пайдалану шарттарын
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының № ______ үлгілік нысаны

      Ескерту. Қағидалар 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      ____________                                          20__жылғы "__" __________

      (елді мекен)

      Бұдан әрі "Мемлекеттік орман иеленуші" деп аталатын

      ________________________________________________________________________________

      (қарамағында берілетін орман қоры учаскелері бар мемлекеттік орман иеленушінің атауы)

      _________________________________________________________________________ атынан

      __________________________ негізінде әрекет ететін _____________________________ және

      бұдан әрі "Орман" пайдаланушы деп аталатын ______________________________________

      атынан _____________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ______________________________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.

1. Шарт нысанасы

      1. Мемлекеттік орман иеленуші орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі
20 __ жылғы "__" ________ № ____ тендер хаттамасының негізінде орман ресурстарын _______________________________________________________________________________

      (орман пайдалану түрі көрсетілсін)

      жүзеге асыру үшін осы Шартқа қоса беріліп отырған орман телімдері мен орман орамдарының нөмірлері көрсетіліп, орман орналастырудың картографиялық материалдарынан алынған көшірме түріндегі шекараларына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскесінің жоспары шекарасында ___ жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді орман пайдалануға береді.

      2. Орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскесінің алаңы мен таксациялық көрсеткіштері осы Шартқа қосымша материалдарда көрсетілген.

      3. Орман пайдалану осы Шартқа қосымша материалдарда көрсетілген көлем (мөлшер) шегінде жүзеге асырылады.

      4. Орман пайдаланғаны үшін жыл сайынғы төлемақы мөлшері мемлекеттік орман пайдаланушы салық заңнамасына сәйкес есептеген орман пайдаланудың рұқсат етілген көлемдері негізінде айқындалады және оны Орман пайдаланушы бюджетке аудару арқылы төлеп тұруы тиіс.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      5. Орман пайдаланушы мен мемлекеттік орман иеленушінің құқықтары мен міндеттері орман заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленеді.

      6. Мемлекеттiк орман иеленушiлер міндетіне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдаланушылар өртке қарсы күрес iс-шаралары жоспарларын әзiрлеген кезде оларға жәрдем көрсету жүктеледі.

      7. Орман пайдаланушы міндетіне орман ресурстарын игеру және ұтымды пайдалану, тендер жеңімпазының конкурстық өтінімінде көрсетілген ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, орман ресурстарын өңдеу жөніндегі іс-шараларды инвестициялау жүктеледі.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Орман пайдаланушы орман пайдаланғаны үшін төлемақыны белгіленген мерзімде уақтылы енгізбеген жағдайда, Орман пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

      9. Шарттың және орман заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

4. Дауларды қарау тәртібі

      10. Осы Шартты орындаумен байланысты туындайтын барлық даулар келіссөздер және қосымша келісімдер жасасу арқылы шешіледі. Тараптар келіспеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта қаралуы тиіс.

5. Өзге шарттар

      11. Осы Шартта көрсетілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      12. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар осы Шарттың мәтініне қайшы келмеуі, жазбаша нысанда жасалып, оған тараптар кол қоюы тиіс.

      13. Осы Шарт оған кезекті немесе кезектен тыс не орман орналастыру (аңшылық орналастыру) жүргізіліп, ықтимал орман пайдалану көлемдері мен талаптары нақтыланғаннан кейін қайта жасалуы немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі тиіс.

      14. Осы Шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тіркеуші органда мемлекеттік тіркелуі тиіс.

      15. Осы Шарт орман пайдаланушы мен мемлекеттік орман иеленуші үшін бір-бір данадан, бір данасы тіркеуші органда сақтау үшін 3 данада жасалды. Барлық 3 дананың заңдық күші бірдей.

6. Шарттың қолданылуы

      16. Шарт ____жылға жасалды және мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.

7. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

      Мемлекеттік орман иеленуші                              Орман пайдаланушы

      ________________________________            _______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________            _______________________________________

      заңды тұлғаның                              жеке немесе заңды тұлғаның

      ________________________________            _______________________________________

      толық атауы)                                    толық атауы)

      Орналасқан жері ________________            Орналасқан жері ________________________

      ________________________________            _______________________________________

      БСН ____________________________            ЖСН немесе БСН _______________________

      Есептік шот _______________________            Есептік шот ____________________________

      ________________________________            ______________________________

      (қолы)                                          (қолы)

      Мөр (бар болса) орны                        Мөр (бар болса) орны

      Тіркелді ________________________________

      ______________________ № ________________

      Тіркелген күні 20___ жылғы "__" _________

      Мөр (бар болса) орны

  Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде ұзақ мерзімді
және қысқа мерзімді орман
пайдалану шарттарын
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының № ______ үлгілік нысаны

      Ескерту. Қағида 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ____________                                          20__жылғы "__" ____________

      (елді мекен)

      Бұдан әрі "Мемлекеттік орман иеленуші" деп аталатын

      ________________________________________________________________________________

      (қарамағында берілетін орман қоры учаскелері бар мемлекеттік орман иеленушінің атауы)

      _________________________________________________________________________ атынан

      __________________________ негізінде әрекет ететін ___________________________ және

      бұдан әрі "Орман" пайдаланушы деп аталатын ________________________________________

      атынан _____________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      _______________________________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.

1. Шарт нысанасы

      1. Мемлекеттік орман иеленуші орман пайдаланушыға оның өтініші негізінде орман ресурстарын ___________________________________________________________________

      (орман пайдалану түрі көрсетілсін)

      жүзеге асыру үшін осы Шартқа қоса беріліп отырған мемлекеттік орман қоры учаскесі жоспарының шекарасында ___ жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді орман пайдалануға береді.

      2. Орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскесінің алаңы мен таксациялық көрсеткіштері осы Шартқа қосымша тіркелген материалдарда көрсетілген.

      3. Орман пайдалану осы Шартқа қосымша тіркелген материалдарда көрсетілген көлем (мөлшер) шегінде жүзеге асырылады.

      4. Орман пайдаланғаны үшін жыл сайынғы төлемақы мемлекеттік орман пайдаланушы салық заңнамасына сәйкес есептеген орман пайдаланудың рұқсат етілген көлемдері негізінде айқындалады және оны Орман пайдаланушы бюджетке аудару арқылы төлеп тұруы тиіс.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      5. Орман пайдаланушы мен мемлекеттік орман иеленушінің құқықтары мен міндеттері орман заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленеді.

      6. Мемлекеттiк орман иеленушiлер міндетіне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдаланушылар өртке қарсы күрес iс-шаралары жоспарларын әзiрлеген кезде оларға жәрдем көрсету жүктеледі.

      7. Орман пайдаланушы міндетіне орман ресурстарын игеру және ұтымды пайдалану, тендер жеңімпазының конкурстық өтінімінде көрсетілген ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, орман ресурстарын өңдеу жөніндегі іс-шараларды инвестициялау жүктеледі.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Орман пайдаланушы орман пайдаланғаны үшін төлемақыны белгіленген мерзімде уақтылы енгізбеген жағдайда, Орман пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

      9. Шарттың және орман заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

4. Дауларды қарау тәртібі

      10. Осы Шартты орындаумен байланысты туындайтын барлық даулар келіссөздер және қосымша келісімдер жасасу арқылы шешіледі. Тараптар келіспеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта қаралуы тиіс.

5. Өзге шарттар

      11. Осы Шартта көрсетілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      12. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар осы Шарттың мәтініне қайшы келмеуі, жазбаша нысанда жасалып, оған тараптар кол қоюы тиіс.

      13. Осы Шарт оған кезекті немесе кезектен тыс не орман орналастыру (аңшылық орналастыру) жүргізіліп, ықтимал орман пайдалану көлемдері мен талаптары нақтыланғаннан кейін қайта жасалуы немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі тиіс.

      14. Осы Шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тіркеуші органда мемлекеттік тіркелуі тиіс.

      15. Осы Шарт орман пайдаланушы мен мемлекеттік орман иеленуші үшін бір-бір данадан, бір данасы тіркеуші органда сақтау үшін 3 данада жасалды. Барлық 3 дананың заңдық күші бірдей.

6. Шарттың қолданылуы

      16. Шарт ____жылға жасалды және мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.

7. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

      Мемлекеттік орман иеленуші                              Орман пайдаланушы

      ________________________________            _______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________            _______________________________________

      заңды тұлғаның                              жеке немесе заңды тұлғаның

      ________________________________            _______________________________________

      толық атауы)                                    толық атауы)

      Орналасқан жері ________________            Орналасқан жері ________________________

      ________________________________            _______________________________________

      БСН ____________________________            ЖСН немесе БСН _______________________

      Есептік шот _______________________            Есептік шот ____________________________

      ________________________________            ______________________________

      (қолы)                                          (қолы)

      Мөр (бар болса) орны                        Мөр (бар болса) орны

      Тіркелді ________________________________

      ______________________ № ________________

      Тіркелген күні 20___ жылғы "__" _________

      Мөр (бар болса) орны