Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 3 қарашадағы № 445 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 қарашада № 16007 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы бұйрықтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _______________ Д. Абаев

      2017 жылғы 4 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _______________Е. Сағадиев

      2017 жылғы 8 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _______________Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 10 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 16 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 21 қараша

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 3 қарашадағы
№ 445 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.02.2020 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-02/405 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11882 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларында:

      1-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты мен өндiрiстiк қуаттылықтары және тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi.

      Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану құқығы:

      1) мемлекеттiк орман иеленушiлер беретiн орман билетi негiзiнде бiр жылға дейiнгi мерзiмге;

      2) мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында жасалатын қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты негізінде бір жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге туындайды.

      Жанама орман пайдалану орманға зиян келтірмей, орман ресурстарын молықтыруға нұқсан келтірмей жүзеге асырылады.";

      2-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттiк орман қоры аумағында орманды жанама пайдалануды жүзеге асыру тәртібі";

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көкөніс өсіру, бақша өсіру, бақ өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру;";

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қысқа мерзімді пайдалану Кодекстің 34-бабының 1-тармағына сәйкес беріледі;";

      3-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Марал өсіруді және аң өсіруді жүзеге асыру тәртібі";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қысқа мерзiмдi пайдалану кезінде өтініш жасалып отырған орман пайдалану түрін беру туралы мемлекеттік орман иеленушінің шешімі орман билетін беру және қысқа мерзiмдi пайдалануға жасалған мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында жасалатын шарт түрінде ресімделеді.";

      4-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Ара ұялары мен омарталар орналастыру тәртібі";

      5-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Көкөніс өсіруді, бақша өсіруді, бақ өсіруді және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді жүзеге асыру тәртібі";

      17-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Көкөніс өсіру, бақша өсіру, бақ өсіру және өзге де ауылшаруашылық дақылдарын өсіру (дәрілік өсімдіктерді, жеміс және жидек дақылдарын плантацияда өсіруді қоса алғанда) үшін учаскелер мемлекеттік орман қорының ормансыз алқаптарынан беріледі. Бөлінген учаскелерде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарының нақты түрлері мен алқаптары келісім шартта және орман билетінде көрсетіледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көкөніс өсіруді, бақша өсіруді, бақ өсіруді және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді жүзеге асыру кезінде суару үшін су ресурстарын пайдалануды орман пайдаланушылар 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 95-бабы 6-тармағына сәйкес жүзеге асырады.";

      6-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Дәрілік өсімдіктерді, техникалық шикізатты дайындау мен жинауды жүзеге асыру тәртібі";

      7-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Жабайы жемістер, жидектер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар және басқа да тамақ өнімдерін дайындау мен жинауды жүзеге асыру тәртібі";

      8-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Мүк, орман төсенішін және жерге түскен жапырақтарды, қамыс дайындауды жүзеге асыру тәртібі".

      3. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12247 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген жағдайда, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану түрлері Кодексінің 31 тармағындағы 1-2) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тендерге қатысуға Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасы шетелдіктер қатыспайтын заңды тұлғалары жіберіледі.

      Тендерге қатысқысы келген адам лоттың (лоттардың) атауын көрсете отырып, тендер құжаттамасын алуға еркін нысанда сұраным бередi, тендер құжаттамасында белгiленген талаптарға сәйкес әрбір лот бойынша жеке-жеке тендерлік өтiнiм әзiрлейдi және оны тендердi ұйымдастырушыға мөрленген конвертпен тiркеуге тапсырады.

      Тендерлік өтiнiм тiркелген сәттен бастап тендерлік өтiнiм ұсынған тұлға тендерге қатысушы мәртебесiне ие болады.".

      4. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларында:

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сексеуіл ормандарынан басқа, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп, қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi.

      12. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелері ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде беріледi.".

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
тізбесіне 1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.02.2020 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
тізбесіне 2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.02.2020 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
тізбесіне 3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.02.2020 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
тізбесіне 4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.02.2020 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
тізбесіне 5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.02.2020 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.