"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 65-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидалар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бұдан бұрын қайта бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағазға басылған және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Р. Құрманов |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына 1-қосымша |
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидалар
1-тарау . Жалпы ережелер
1. Осы Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 65-1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру тәртібін айқындайды.
2. Қайта бекiтiп беру аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және учаскелерін бекітіп беру мерзімінің аяқталуына байланысты оларда Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына аңшылық немесе балық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру үшін жүзеге асырылады.
2-тарау. Аңшылық алқаптарды қайта бекіту тәртібі
3. Бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарды қайта бекітуді облыстың жергілікті атқарушы органы жүргізеді.
4. Біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарт міндеттемелерін орындаған жағдайда аңшылық алқаптар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша конкурс өткізілмей қайта бекітіледі.
5. Бұдан бұрын ұйымдастырылған аңшылық шаруашылықтар шекарасында аңшылық алқаптар осының алдындағы шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру материалдарының негізінде қайта бекітіледі.
6. Аңшылық алқаптарды өздеріне қайта бекітіп беруге ниет білдірген жеке немесе заңды тұлғалар аңшылық алқаптарды бекіту мерзімінің аяқталу күніне дейін күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органына өтінім береді.
7. Өтінім парақтары нөмірленіп, тігілген күйінде ұсынылады және соңғы парағына қол қойылып, мөр (бар болса) басылады.
8. Өтінімдер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдерді қабылдау журналында (бұдан әрі - журнал) тіркеледі.
9. Өтінім берушіге өтінімді қабылдау кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
10. Өтінім мыналарды қамтиды:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарды қайта бекітуге берілген өтініштің түпнұсқасы;
өтінім берушінің өтінім берушілерге қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген үлгілік нысанға (бұдан әрі – Үлгілік нысан) сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектісін дамыту жоспарының (екі жылға арналған) түпнұсқасы;
материалдық-техникалық құралдардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
аңшылық шаруашылығы саласындағы мамандармен жасалған еңбек шарттарының және олардың дипломдарының көшірмелері;
өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктің, банк филиалының немесе бөлімшесінің өтінім берушінің банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдындағы міндеттемесінің барлық түрі бойынша уақыты өтіп кеткен берешегінің жоқ екені туралы өтінім берілген күннің алдында отыз күнтізбелік күннен ерте берілмеген қағаз тасығышта қол қойылып, мөр басылған анықтамасының түпнұсқасы (өтінім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің, филиалдарының немесе бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі);
аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарына сәйкес міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.07.2018 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Облыстың жергілікті атқарушы органының сұратуы бойынша аумақтық бөлімше екі жұмыс күні ішінде қайта бекітіп берілетін аңшылық алқаптар жөнінде жануарлар дүниесін пайдаланудың бүкіл кезеңі үшін шарттық міндеттемелердің орындалуы (орындалмауы) туралы ақпарат береді.
12. Өтінімді тиісті облыстың жергілікті атқарушы органы құратын комиссия қарайды, оның құрамына:
1) облыстың жергілікті атқарушы органының (облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;
2) облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелерінің (басшысынан төмен емес);
3) ведомствоның аумақтық бөлімшесінің (басшының орынбасарынан төмен емес);
4) аңшылық шаруашылығы саласындағы ғылыми ұйымдардың;
5) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының өкілдері кіреді.
13. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және кемінде бес адам болуы тиіс.
14. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді.
15. Комиссия хатшысы қайта бекiтуді ұйымдастыруға және өткізуге жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдарының арасынан анықталады.
16. Өтінімді комиссия ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
17. Комиссия мәжілісінің қорытындыларын шығару нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарды/балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту бойынша өтінімдерді қарау хаттамасында (бұдан әрі – Хаттама) көрсетіледі.
18. Біліктілік талаптарына сәйкес келмеген және (немесе) шарттық міндеттемелер орындалмаған жағдайда мұндай өтінім берушіні комиссия қайта бекiту шарттарына сәйкес келмейтін тұлға деп таниды.
19. Өтінім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарттық міндеттемелерді орындаған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органы Хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінім берушіге аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін аңшылық алқаптарды қайта бекіту туралы шешім шығарады.
20. Аңшылық алқаптарды қайта бекіту мерзімін комиссия Заңның 25-бабына сәйкес айқындайды.
21. Облыстың жергілікті атқарушы органы Хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім берушіні өтінімді қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.
22. Облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптарды қайта бекіту туралы шешімінің негізінде он жұмыс күні ішінде облыстың жергілікті атқарушы органы мен өтінім берушінің арасында аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасалады.
3-тарау. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту тәртібі
23. Бір облыстың аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша, олар біліктілік талаптарына сай келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда, конкурс өткізілместен қайта бекітіп беріледі.
24. Бір облыстың аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру өтінімін тиісті облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы құратын комиссия қарайды, оның құрамына:
1) облыстың немесе аудандардың жергілікті атқарушы органдарының (облыс немесе аудан әкімінің оранбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;
2) облыстардың немесе аудандардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің (басшыдан төмен емес);
3) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің (басшының орынбасарынан төмен емес);
4) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың;
5) балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының өкілдері кіреді.
25. Екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша біліктілік талаптарына сай келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда конкурс өткізілместен уәкілетті орган ведомствосының ұсынымы бойынша қайта бекітіп беріледі.
26. Екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру өтінімін ведомство құратын комиссия қарайды, оның құрамына:
1) ведомствоның (басшы орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;
2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (табиғат пайдалану мәселелеріне жетекшілік ететін облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес);
3) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің (басшы орынбасарынан төмен емес);
4) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың;
5) балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының өкілдері кіреді.
27. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және бес адамнан кем болмауы тиіс.
28. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді.
29. Комиссия хатшысы қайта бекiтуді ұйымдастыруға және өткізуге жауапты ведомствоның аумақтық бөлімшесінің немесе облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдарының арасынан анықталады.
30. Балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін өздеріне қайта бекітіп беруге ниет білдірген жеке немесе заңды тұлғалар бекіту мерзімінің аяқталу күніне дейін 60 күнтізбелік күннен кешіктірмей аумағында балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі орналасқан аумақтық бөлімшеге немесе облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органына өтінім береді.
31. Бір облыстың аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітуге өтінім балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітуге конкурс өткізген облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органына беріледі.
32. Екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту жағдайында өтінім қайта бекітілетін балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бақылауындағы аумақта орналасқан аумақтық бөлімшеге беріледі.
33. Өтінім парақтары нөмірленіп, тігілген күйінде ұсынылады және соңғы парағына қол қойылып, мөр (бар болса) басылады.
34. Өтінімдер журналында тіркеледі.
35. Өтінім берушіге өтінімді қабылдау кезінде талон беріледі.
36. Өтінім:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту бойынша өтініштің түпнұсқасын;
өтінім берушінің өтінім берушілерге қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды:
Үлгілік нысан бойынша әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі жөнінде қайта бекітудің бүкіл мерзіміне арналған балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының түпнұсқасын;
өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктің, банк филиалының немесе бөлімшесінің өтінім берушінің банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдындағы міндеттемесінің барлық түрі бойынша уақыты өтіп кеткен берешегінің жоқ екені туралы өтінім берілген күннің алдында отыз күнтізбелік күннен ерте берілмеген қағаз тасығышта қол қойылып, мөр басылған анықтамасының түпнұсқасын (өтінім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің, филиалдарының немесе бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі);
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізуге арналған негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтаманың түпнұсқасын (балықтың қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін);
акваөсіруді дамытуға арналған биологиялық негіздемені (көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы үшін);
балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін пайдаланудың бүкіл кезеңіне балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелерді орындау туралы аумақтық бөлімшелерден алынатын мәліметтерді қамтиды.
37. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту туралы өтінімдерді комиссия олар аумақтық бөлімшеге немесе облыстың не ауданның жергілікті атқарушы органына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
38. Облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органының сұратуы бойынша аумақтық бөлімше қайта бекітілетін балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша екі жұмыс күні ішінде балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін пайдаланудың бүкіл кезеңі үшін шарттық міндеттемелердің орындалуы (орындалмауы) туралы ақпарат береді.
39. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі Комиссия мәжілісінің қорытындыларын шығару нәтижелері Хаттамада көрсетіледі.
40. Біліктілік талаптарына сәйкес келмеген және (немесе) шарттық міндеттемелер орындалмаған жағдайда мұндай өтінім берушіні Комиссия қайта бекiту шарттарына сәйкес келмейтін тұлға деп таниды.
41. Өтінім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарттық міндеттемелерді орындаған жағдайда жағдайда облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы Хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бір облыстың аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін өтінім берушіге қайта бекітіп беру туралы шешім шығарады.
42. Екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру бойынша шешім қабылдау үшін уәкілетті органның ведомствосы өтінім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда Хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Хаттамаға сәйкес жергілікті атқарушы органға ұсыным жолдайды.
43. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту мерзімдерін комиссия Заңның 25-бабына сәйкес айқындайды.
44. Ведомство немесе облыстың не ауданның жергілікті атқарушы органы Хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімді қарау нәтижелері туралы өтінім берушіні хабардар етеді.
45. Облыстың не ауданның жергілікті атқарушы органының балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту туралы шешімінің негізінде он жұмыс күні ішінде облыстың не ауданның жергілікті атқарушы органы мен өтінім берушінің арасында балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасалады.
46. Бұдан бұрын ұйымдастырылған балық шаруашылықтарының шекарасындағы балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері осының алдында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелері паспорттау материалдары негізінде қайта бекітіледі.
47. Бекітіліп берілген тұлғалар қолданған шаралардың салдарынан балықтың қырылу қаупінің белгілері жойылған жергілікті маңызы бар балықтың қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері олардың өтінімі бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда бекітіп беру мерзімі аяқталғаннан кейін конкурс өткізілмей қайта бекітіліп беріледі.
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидаларға 1-қосымша |
|
Нысан |
Өтінімдерді қабылдауды тіркеу журналы
№ | Қабылдау күні және уақыты | Жануарлар дүниесін пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) | Мекен-жайы | Қайта бекітілетін аңшылық алқаптардың немесе балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнің атауы | Қайта бекітілетін аңшылық алқаптардың немесе балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнің орналасқан жері (облыс, аудан) | Өтінім берушінің немесе өтінім берген оның өкілінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ескертпе: журнал жіппен тігіледі, нөмірленеді және ведомствоның немесе облыстың не ауданның жергілікті атқарушы органының мөрімен куәландырылады.
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидаларға 2-қосымша |
|
Нысан |
Талон
№ _______________________
Өтінім 20__жылғы "___" _____________ сағат ___ минутта қарауға қабылданды
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(өтінімді қабылдауға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидаларға 3-қосымша |
|
Нысан |
Аңшылық алқаптарды қайта бекітіп беруге өтінім
_________________ облысы _________________________ ауданында орналасқан
"______________________________________________________________________________"
(аңшылық алқаптың атауы)
___________________________________аңшылық алқабын қайта бекітіп беруіңізді сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның атауы,
деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
2. Өтінім берушінің мекенжайы (индекс, облыс, аудан, көше, үй №, пәтер № (бар болса),
телефоны) ______________________________________________________________________
3. Аңшылық алқабы _____________________________ облысы әкімдігінің 20____
жылғы "____" ______________ №_________ қаулысына және 20___"____" ______________
№_________шартқа сәйкес бекітіп берілді.
4. Қоса берілген құжаттар көшірмелері (түпнұсқа салыстыру үшін беріліп отыр):
________________________________________________________________________________
5. Қайта бекіту мерзімі __________________ жыл.
6. Берiлген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер бергенім үшiн
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық жайында хабардармын.
Берілген күні 20____ жылғы "__"______________________________________________
Өтінім беруші______________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе ұйымның атауы)
Мөр орны (бар болса) қолы __________________
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидаларға 4-қосымша |
|
Нысан |
Аңшылық алқаптарды/балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе)
учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі өтінімдерді қарау хаттамасы
__________________ 20__ жылғы "___" _________
(елді мекен)
________________________________________________________________________________
(комиссия құру туралы акт көрсетілсін)
құрамында құрылған комиссия (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) лауазымы көрсетіледі)
________________________________________________________________________________
________________________________________ аңшылық алқаптарды/балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі өтінімді қарап, мынадай
ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1. Былай деп танылсын:
1) біліктілік талаптарына сай келеді және шарттық міндеттемелерді орындады:
№ | Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) | Қайта бекiтіп берілетін аңшылық алқаптың немесе балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесiнің атауы | Қайта бекітіп беру мерзімі |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 |
2) біліктілік талаптарына сай келмейді және (немесе) шарттық міндеттемелерді орындамады:
№ | Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) | Аңшылық алқаптың және балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесiнің атауы | Қайта бекітіп беру шарттарына сәйкес келмейді деп тану себептері |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 |
2. Шешім шығару үшін Хаттаманың бір данасы ______________________ облысының
немесе ауданының жергілікті атқарушы органына жолдансын.
Қолдар:
Төраға: ___________________________________________________________________
Комиссия мүшелері: ________________________________________________________
Хатшы: ___________________________________________________________________
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидаларға 5-қосымша |
|
Нысан |
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекітіп беруге өтінім
________________________________________________________________________________
(су айдындары және (немесе) учаскелері)
балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін қайта бекітіп беруіңізді сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған жағдайда) жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның атауы,
деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________________________
2. Өтінім берушінің мекенжайы (индекс, облыс, аудан, көше, үй №, пәтер № (бар болса)
телефон) ________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________
(кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, көлде тауарлы балық өсіру, тор
қоршауда балық өсіру шаруашылығы)
_______________________________ үшін.
4. Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі
________________________________________________________________________________
___________облысы (ауданы) әкімдігінің 20____ жылғы "__" ______________ №_________
қаулысына және "____" ______________ №_________ шартына сәйкес бекітіп берілді.
5. Берiлген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер бергенім үшiн
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық жайында хабардармын.
Берілген күні: 20____ жылғы "____"___________________________________________
Өтінім беруші______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе ұйымның атауы)
Мөр орны (бар болса) қолы __________________
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидаларға 6-қосымша |
|
Нысан |
Балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізуге арналған негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | |||
2. | |||
3. | |||
4. | |||
5. |
Берiлген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер бергенім үшiн
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық жайында хабардармын.
Берілген күні: 20____ жылғы "__"____________ Өтінім беруші______________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе ұйымның атауы)
Мөр орны (бар болса) қолы __________________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына 2-қосымша |
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері
бұдан бұрын бекiтiліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары
1-тарау. Аңшылық алқаптар бұдан бұрын бекiтiліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары
1. Аңшылық алқаптар бұдан бұрын бекiтiліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес санаттар бойынша аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін материалдық-техникалық базаның болуы;
2) аңшылық шаруашылығы саласындағы мамандардың болуы (биолог-аңшылық жүргізуші, биолог, аңтанушы);
3) қаржылық дербестік;
4) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
5) жануарлар дүниесін пайдаланудың бүкіл кезеңі үшін аңшылық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша берешегінің болмауы.
2-тарау. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекiтiліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары
2. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекiтiліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) жануарлар дүниесін пайдаланудың бүкіл кезеңі үшін балық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша берешегінің болмауы;
3) өтінім берушінің банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдында міндеттемелердің барлық түрлері бойынша уақыты өтіп кеткен берешегінің болмауы;
4) акваөсіруді дамытуға (көлде тауарлы балық өсiру шаруашылығы, тор қоршауда балық өсіру шаруашылығы үшін) биологиялық негіздеменің болуы;
5) балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізуге арналған негізгі құрал-жабдықтардың меншік құқығында болуы (балықтың қырылу қаупі бар су айдындары үшін).
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекiтiліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарына қосымша |
Санаттар бойынша аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған материалдық-техникалық база
№ | Техниканың атауы (бірлік/мың гектар) | Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында (бірлік/мың гектар) | Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының шөлейт аймақтарында (бірлік/мың гектар) | ||||||||
Аңшылық шаруашылықтарының санаттары | Аңшылық шаруашылықтарының санаттары | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | ||
1 | Трактор | 1/60,0 | 1/120,0 | - | - | - | 1/200,0 | 1/500,0 | - | - | - |
2 | Қорапты автомашина | 1/60,0 | 1/120,0 | 1/200,0 | - | - | 1/200,0 | 1/500,0 | - | - | - |
3 | Авто- немесе мото-цистерна, немесе өрт сөндіру машинасы (тек орман алқабында) | 1/100,0 | 1/200,0 | - | - | - | 1/200,00 | 1/500,0 | - | - | - |
4 | Патрульдік машина | 1/15,0 | 1/30,0 | 1/60,0 | 1/90,0 | 1/200,0 | 1/40,0 | 1/90,0 | 1/180,0 | 1/270,0 | 1/600,0 |
5 | Мотоцикл (ат) | 1/5,0 | 1/15,0 | 1/30,0 | 1/50,0 | 1/200,0 | 1/30,0 | 1/90,0 | 1/200,0 | - | - |
6 | Бензин арасы (тек орман алқабында) | 1/5,0 | 1/10,0 | 1/20,0 | 1/40,0 | 1/60,0 | - | - | - | - | - |
7 | Шалғы | 1/60,0 | 1/120,0 | - | - | - | 1/150,0 | 1/300,0 | - | - | - |
8 | Соқа | 1/60,0 | 1/120,0 | - | - | - | 1/150,0 | 1/300,0 | - | - | - |
9 | Қайық | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - |
10 | Қамыс шалғы* | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - |
11 | Қарда жүретін көлік** | 1/15,0 | 1/30,0 | - | - | - | - | - | - | - | - |
кесте жалғасы
№ | Техниканың атауы (бірлік/мың гектар) | барлық облыстардың орманды-дала және дала аймақтарында (бірлік/мың га) | барлық облыстардың сулы-батпақты жерлерінде (бірлік/мың га) | ||||||||
Аңшылық шаруашылықтарының санаттары | Аңшылық шаруашылықтарының санаттары | ||||||||||
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | ||
12 | Трактор | 1/200,0 | 1/500,0 | - | - | - | 1/100,0 | 1/200,0 | - | - | - |
13 | Қорапты автомашина | 1/200,0 | 1/500,0 | - | - | - | 1/100,0 | 1/200,0 | - | - | - |
14 | Авто- немесе мото-цистерна, немесе өрт сөндіру машинасы (тек орман алқабында) | 1/200,0 | 1/500,0 | - | - | - | 1/100,0 | 1/200,0 | - | - | - |
15 | Патрульдік машина | 1/30,0 | 1/60,0 | 1/120,0 | 1/180,0 | 1/400,0 | 1/15,0 | 1/30,0 | 1/60,0 | 1/90,0 | 1/200,0 |
16 | Мотоцикл (ат) | 1/30,0 | 1/90,0 | 1/200,0 | - | - | - | - | - | - | - |
17 | Бензин арасы (тек орман алқабында) | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - |
18 | Шалғы | 1/150,0 | 1/300,0 | - | - | - | 1/150,0 | 1/300,0 | - | - | - |
19 | Соқа | 1/150,0 | 1/300,0 | - | - | - | 1/150,0 | 1/300,0 | - | - | - |
20 | Қайық | - | - | - | - | - | 1/5,0 | 1/10,0 | 1/20,0 | 1/40,0 | 1/60,0 |
21 | Қамыс шалғы* | - | - | - | - | - | 1/5,0 | 1/10,0 | 1/20,0 | 1/40,0 | 1/60,0 |
22 | Қарда жүретін көлік** | 1/30,0 | 1/60,0 | - | - | - | 1/15,0 | 1/30,0 | - | - | - |
Ескертпе:
* су айдынын шөп басып кетуіне байланысты;
** Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда.