Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы" 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 және "Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 660 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15670 болып тіркелді.

Жаңартылған

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 2) тармақшасының, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 5-тармағына және 22-бабының 3-тармағына және "Құқықтық актілері туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ДСМ-305/2020 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. "Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген, Заң газетінде 2009 жылғы 8 желтоқсанда № 187 (1784) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер жинағында 2008 жылғы наурызда № 3 жарияланған 311-бап) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Гематология (ересектердің)";

      15, 17, 19, 20, 22, 23-тармақтар алып тасталсын;

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы*";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Онкология (ересектердің)";

      33-тармақ алып тасталсын;

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Педиатрия*";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Акушерия және гинекология, соның ішінде балалардың гинекологиясы";

      46-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын:

      "48. Жалпы хирургия*";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "*Ескертпе: Облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында орналасқан стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда клиникалық практикамен айналысуға үміткер адамдарға арналған.".

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде баспа және электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 28 тамыздағы
№ 660 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 24 қарашадағы
N 774 бұйрығымен
бекітілген

Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасы

1-тарау. Жоғары медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

      1. Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология);

      2. Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина);

      3. Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (ересектердің);

      4. Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (балалардың);

      5. Ревматология (ересектердің);

      6. Ревматология (балалардың);

      7. Аллергология және иммунология (ересектердің, балалардың);

      8. Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектердің,);

      9. Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (балалардың);

      10. Гематология (ересектер);

      11. Онкология және гематология (балалар);

      12. Пульмонология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектердің,);

      13. Пульмонология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (балалардың);

      14. Эндокринология (ересектердің,);

      15. Эндокринология (балалардың);

      16. Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектердің,);

      17. Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (балалардың);

      18. Фтизиатрия (ересектердің, балалардың);

      19. Кәсіби патология;

      20. Инфекциялық аурулар (ересектердің);

      21. Инфекциялық аурулар (балалардың);

      22. Дерматовенерология (дерматокосметология) (ересектердің, балалардың)

      23. Неврология (негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектердің,);

      24. Неврология (негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (балалардың);

      25. Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама);

      26. Медициналық реабилитология (ересектердің, балалардың);

      27. Сәулелі терапия (радияциялық онкология);

      28. Сәулелі диагностика (рентгенология, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина);

      29. Функциялық диагностика;

      30. Клиникалық зертханалық диагностика;

      31. Спорт медицинасы;

      32. Гериатрия;

      33. Клиникалық фармакология;

      34. Дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануальды терапия, су-джок-терапиясы, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия);

      35. Әуе және ғарыш медицинасы;

      36. Төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы;

      37. Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектердің);

      38. Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (балалардың);

      39. Жалпы хирургия (торакалдық хирургия, абдоминалдық хирургия, трансплантология, колопроктология, онкологиялық хирургия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия);

      40. Кардиохирургия (ересектердің, балалардың);

      41. Ангиохирургия (рентгенохирургия, интервенциялық хирургия) (ересектердің, балалардың);

      42. Нейрохирургия (ересектердің, балалардың);

      43. Жақ сүйек-бет хирургиясы (ересектердің, балалардың);

      44. Пластикалық хирургия;

      45. Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер);

      46. Травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектердің, балалардың)

      47. Урология және андрология (негізгі мамандық бейіні бойынша; ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектердің, балалардың);

      48. Офтальмология (ересектердің, балалардың);

      49. Оториноларингология (сурдология, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектердің, балалардың);

      50. Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектердің, балалардың);

      51. Сот-медициналық сараптама;

      52. Трансфузиология;

      53. Токсикология (ересектердің, балалардың);

      54. Педиатрия (неонатология);

      55. Неонатология (интенсивтік терапия және неонаталдық реанимация);

      56. Балалар психиатриясы (балалар наркологиясы, балалар психотерапиясы, балалар медициналық психологиясы, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық;

      57. Балалар хирургиясы (неонаталдық хирургия);

      58. Акушерия және гинекология (балалар гинекологиясы, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия);

      59. Медициналық генетика;

      60. Стоматология (ересектердің, балалардың);

      61. Гигиена және эпидемиология (жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналдық гигиена, радиациялық гигиена, токсикология, эпидемиология, паразитология, бактериология, вирусология, микробиология);

      62. Денсаулық сақтау менеджменті;

      63. Қоғамдық денсаулық сақтау;

      64. Мейіргер ісі;

      65. Жедел және шұғыл медициналық көмек.

2-тарау. Жоғары фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

      Фармация (жалпы фармацевтикалық практика; фармацияның экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), фармацевт-ұйымдастырушы (провизор-ұйымдастырушы), менеджер, тексеруші, хабаршы, маркетолог-тауартанушы, дәрілердің технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-талдаушы (провизор-талдаушы); талдамалы диагностика және сот-химиялық сараптама (химик-токсиколог); клиникалық фармация; фармация сапасын басқару)

3-тарау. Орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

      1. Мейіргер ісі

4-тарау. Техникалық және кәсіби медициналық және фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

      1. Зертханалық диагностика (зертханашы, дәрігер-зертханашының көмекшісі).

      2. Емдеу ісі (фельдшер, жалпы практика фельдшері).

      3. Акушерия ісі (акушер, жалпы практика акушері).

      4. Гигиена және эпидемиология (санитариялық фельдшер, санитариялық дәрігердің көмекшісі, зертханашы, эпидемиолог дәрігердің көмекшісі, энтомолог).

      5. Стоматология (тіс дәрігері, дантист, стоматологтың ассистенті).

      6. Ортопедиялық стоматология (тіс технигі).

      7. Мейіргер ісі (мейіргер, жалпы практика мейіргері, мамандандырылған мейіргер)

      8. Мейіргер ісі (күтім бойынша кіші мейіргер)

      9. Мейіргер ісі (массажист)

      10. Фармация (фармацевт ассистенті, фармацевт).