"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және еңгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 412 бұйрығымен бекітілді |
Ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтер
Ескерту. Тарифтер жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2019 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы филиалының атауы | Көрсетілетін қызметтер атауы | Құны (теңге) | |||
1 сағаттан айына 12 сабақ | бір рет болу | |||||
ересек адам | балалар | ересек адам | балалар | |||
043 көрсетілетін қызметтер түрі – Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер | ||||||
1 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Алматы қаласы) | Бір көрсетілетін қызметті алушыға арналған тренажер залындағы дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары | 10 000 | |||
2 | Судағы даярлық орталығы | Бір көрсетілетін қызметті алушыға арналған жекпе-жек күрес және гимнастика түрлері бойынша спорттық сабақтар (дзюдо, акробатика, бокс, каратэ) | 3 000 | |||
Жүзу бассейнінде дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары | 10 000 | 5 000 | 1 000 | 500 | ||
3 |
Спорт кешені | Жүзу бассейнінде дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары | 11 000 | 7 000 | 1 100 | 700 |
Бір көрсетілетін қызметті алушыға арналған тренажер залындағы дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары | 6 000 | |||||
044 көрсетілетін қызметтер түрі – Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер (жарыстарды, арнайы кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу) | ||||||
4 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Алматы қаласы) | Тәулігіне бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу | 8 000 | |||
Тәулігіне бір спортшыға тамақтанусыз, тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу | 6 000 | |||||
5 | Судағы даярлық орталығы | Тәулігіне бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу | 4 000 | |||
Тәулігіне бір спортшыға тамақтанусыз, тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу | 2 000 | |||||
6 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Ақмола облысы Щучинск қаласы) | Тәулігіне бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу | 5 500 | |||
Тәулігіне бір спортшыға тамақтанусыз, тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу | 2 500 | |||||
Тәулігіне бір спортшыға тамақтанусыз және тұрусыз шаңғы-роллер трассасында оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу | 1 500 | |||||
7 |
Спорт кешені | Жүзу бассейнінде спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін | 12 000 | |||
Спорт залында спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін | 6 000 | |||||
045 көрсетілетін қызметтер түрі – Спорттық құралдарды және спорттық құрылыстарды беру жөніндегі қызметтер | ||||||
8 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Алматы қаласы) | Жаппай іс-шараларды өткізу үшін спорттық құрылыстарды беру (ұзақтығы 2 тәуліктен аспайтын) |
2 000 000 | |||
1 000 000 | ||||||
Спорттық құрылыстарды беру (гимнастика залы), 1 сағат үшін | 10 000 | |||||
Спорттық құрылыстарды беру (спорт залы), 1 сағат үшін | 6 000 | |||||
Спорттық құрылыстарды беру (футбол алаңы мен мини футбол алаңы), 1 сағат үшін | 25 000 | |||||
9 | Судағы даярлық орталығы | Спорттық құрылыстарды беру (жүзу бассейні), 1 сағат үшін (1 жолақ) | 3 000 | |||
Спорттық құрылыстарды беру (спорт зал), 1 сағат үшін | 4 000 | |||||
Спорттық құрылыстарды беру (футбол алаңы), 1 сағат үшін | 5 000 | |||||
10 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Ақмола облысы Щучинск қаласы) | Спорттық құралдарды беру (шаңғы, қарда жүретін көлік, коньки, плюшкалар, велосипедтер), 1 сағат үшін | 500 |