Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 01.07.2020 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтер бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 01.07.2020 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және еңгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 412 бұйрығымен бекітілді |
Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің ақылы негізде көрсетілетін қызметтеріне тарифтер
Ескерту. Тарифтер жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 01.07.2020 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Мекеменің (филиал) атауы | Көрсетілетін қызметтер атауы | Құны (теңге) | |||
1 сағаттан айына 12 сабақ | бір рет болу | |||||
---|---|---|---|---|---|---|
ересек адам | балалар | ересек адам | балалар | |||
043 көрсетілетін қызметтер түрі – Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер | ||||||
1 | Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы | Тренажер залындағы дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары | 8 000 | |||
Жүзу бассейнінде дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары | 10 000 | 7 000 | 1 000 | 700 | ||
Спорт және ойын залындағы дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары | 6 000 | |||||
2 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Алматы облысы, Панфилова к.) | Спорт және ойын залындағы дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары | 3 000 | |||
Жүзу бассейнінде дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары | 10 000 | 5 000 | 1 000 | 500 | ||
044 көрсетілетін қызметтер түрі – Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалар мен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер (жарыстарды, арнайы кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу) | ||||||
Р/с № | Мекеменің (филиал) атауы | Көрсетілетін қызметтер атауы | Құны (теңге) | |||
3 | Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы | Бір спортшыға тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, 1 тәулік үшін |
2 500 | |||
Бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, 1 тәулік үшін |
4 000 | |||||
Бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен, монша процедураларымен (қалпына келтіру) аптасына 1 рет оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, трансфер, 1 тәулік үшін |
5 000 | |||||
Бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен, монша процедураларымен (қалпына келтіру), медициналық қызметкердің қызметтерімен (бастапқы және қорытынды медициналық тексеру) аптасына 1 рет оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, 1 тәулік үшін | 7 000 | |||||
Спорт залында және теннис кортында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін |
15 000 | |||||
Шағын спорт және ойын залында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін |
7 500 | |||||
Футбол алаңында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін |
25 000 | |||||
Мини-футбол алаңында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін |
12 500 | |||||
Жүзу бассейнінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін |
12 000 | |||||
4 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Алматы облысы, Панфилова к.) | Бір спортшыға тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, 1 тәулік үшін | 2 000 | |||
Бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, |
4 000 | |||||
5 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Ақмола облысы, Щучинск қ.) | Бір спортшыға тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, 1 тәулік үшін |
2 500 | |||
Бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, |
5 500 | |||||
Бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен, медициналық қызметкердің қызметтерімен (бастапқы және қорытынды медициналық тексеру) оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, 1 тәулік үшін |
7 000 | |||||
Бір спортшыға шаңғы-роллер трассасында оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу , 1 тәулік үшін |
1 500 | |||||
045 көрсетілетін қызметтер түрі – Спорттық құралдарды және спорттық құрылыстарды беру жөніндегі қызметтер | ||||||
Р/с № | Мекеменің (филиал) атауы | Көрсетілетін қызметтер атауы | Құны (теңге) | |||
6 | Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы | Спорттық құрылыстарды беру (көркем гимнастикаға, жекпе-жекке, спорттың ойын түрлеріне арналған спорттық платформа, тир, теннис корты, тренажер залы, әскери-қолданбалы және қолданбалы спорт түрлері платформасы), 1 сағат үшін | 10 000 | |||
Спорттық құрылыстарды беру (футбол алаңы), 1 сағат үшін | 15 000 | |||||
Спорттық құрылыстарды беру (футбол алаңының жартысы), 1 сағат үшін | 7 500 | |||||
Спорттық құрылыстарды беру (мини-футбол алаңы), 1 сағат үшін | 5 000 | |||||
Спорттық құрылыстарды беру (жүзу бассейні), 1 сағат үшін (1 жолақ) | 3 000 | |||||
Спорттық құрылыстарды беру (спорт және ойын залы), 1 сағат үшін | 4 000 | |||||
Жалпы білім беру мекемелері үшін спорттық құрылыстарды беру, 90 мин үшін (30 адамнан көп емес) | 1000 | |||||
7 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Алматы облысы, Панфилова к.) | Спорттық құрылыстарды беру (жүзу бассейні), 1 сағат үшін (1 жолақ) | 3 000 | |||
Спорттық құрылыстарды беру (спорт залы), 1 сағат үшін | 4 000 | |||||
Спорттық құрылыстарды беру (футбол алаңы), 1 сағат үшін | 5 000 | |||||
8 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Ақмола облысы, Щучинск қ.) | Спорттық құрылыстарды беру (тренажер залы), 1 сағат үшін | 3 000 | |||
Спорттық құралдарды беру (шаңғы, коньки, плюшкалар, велосипедтер), 1 сағат үшін | 500 | |||||
076 көрсетілетін қызметтер түрі – санаториялық-курорттық қызмет және медициналық оңалту жөніндегі қызметтер | ||||||
Р/с № | Мекеменің (филиал) атауы | Көрсетілетін қызметтер атауы | Құны (теңге) | |||
9 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Ақмола облысы, Щучинск қ.) | Медициналық қызметтер (су асты душы - массаж) | 1000 | |||
Медициналық қызметтер (Шарко душы) | 500 | |||||
Медициналық қызметтер (циркуляр, сарқырамалы, төменнен көтерілетін душ) | 500 | |||||
Медициналық қызметтер (булы сауна, самырсынды бөшке) | 2000 | |||||
Медициналық қызметтер (парафин-озокеритті аппликациялар) | 600 | |||||
Медициналық қызметтер (СМВ терапия, УЖЖ терапия) | 600 | |||||
Медициналық қызметтер (ингаляция) | 300 | |||||
Медициналық қызметтер (галокамера) | 400 | |||||
Медициналық қызметтер (жалпы массаж) | 4000 | |||||
Медициналық қызметтер (МЖА, иық буынының, қол массажы) | 800 | |||||
Медициналық қызметтер (арқа және іш массажы) | 1000 | |||||
Медициналық қызметтер (бұлшық ет ішіне инъекциялар) | 300 | |||||
Медициналық қызметтер (тамыр ішіне инъекциялар) | 1000 | |||||
Медициналық қызметтер (тамыр ішіне құю инъекциялары) | 1500 | |||||
Медициналық қызметтер (элекросон) | 600 | |||||
Медициналық қызметтер (физиотерапевт дәрігерінің қабылдауы) | 1000 | |||||
Медициналық қызметтер (кардиолог дәрігерінің қабылдауы) | 1000 | |||||
Медициналық қызметтер (ЭКГ) | 500 |