Ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 412 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 қыркүйекте № 15624 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтер бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және еңгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 3 тамыздағы
№ 412 бұйрығымен
бекітілген

Ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтер

Көрсетілетін қызметтер атауы

Құны
(теңге)

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының Оқу-жаттықтыру орталығында (филиал, Алматы қаласы) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер (оқу-жаттықтыру сабақтарын өткізу)

1.

Гимнастика залындағы оқу-жаттықтыру сабақтары, 1 сағат үшін

10 000

2.

Жекпе-жек күрес залындағы, тренажер залындағы, хореография залындағы, ойын залындағы, теннис кортындағы және шейпинг залындағы оқу-жаттықтыру сабақтары, 1 сағат үшін

6 000

3.

Футбол аланында оқу-жаттықтыру сабақтары, 1 сағат үшін

15 000

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының Оқу-жаттықтыру орталығында (филиал, Алматы қаласы) Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер

4.

Футбол алаңында жарыстарды және жаппай спорттық іс-шараларды өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер, 1 сағат үшін

15 000

5.

Жекпе-жек залындағы, тренажер залындағы, теннис кортындағы және шейпинг залындағы жаппай спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер, 1 сағат үшін

20 000


Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының Оқу-жаттықтыру орталығы – әскери-спорттық сауықтыру лагерінде (филиал, Алматы облысы Панфилов кенті) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер (оқу-жаттықтыру сабақтарын өткізу)

6.

Ересек келушіге арналған сауықтыру жүзу бойынша оқу-жаттықтыру сабақтары, 1 сағаттан айына 12 сабақ

10 000

7.

Жүзу бассейнінде бір рет болу (ересек адам), 1 академиялық сағат

1 000

8.

Сауықтыру жүзу (балалар /оқушылар), 1 сағаттан 12 сабақ

5 000

9.

Жүзу бассейнінде бір рет болу (балалар /оқушылар), 1 академиялық сағат

500

10.

Бір айға бір тұтынушыға арналған жаттықтыру сабақтары (мынадай спорт түрлері бойынша: дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, футбол, зияткерлік-дамыту түрлері, спорттық-бал биі, жеңіл атлетика және дене дайындығы), 12 сабақ

3 000

11.

Тәулігіне 1 спортшыға оқу-жаттықтыру жиындарын өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер (тамақтанусыз, тұру)

2 000

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының Оқу-жаттықтыру орталығы – әскери-спорттық сауықтыру лагерінде (филиал, Алматы облысы Панфилов кенті) Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер

12.

Жүзу бассейнінде жарыстар мен іс-шараларды өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер, 1 сағат үшін

6 000

13.

Футбол алаңында жаппай спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер, 1 сағат үшін

5 000

14.

Жабық үй-жайларда (спорт залы) жаппай спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер, 1 сағат үшін

4 000


Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының Оқу-жаттықтыру орталығында (филиал, Ақмола облысы Щучинск қаласы) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер

15.

Тәулігіне 1 спортшыға оқу-жаттықтыру жиындарын өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер (тұру, шаңғы-роллер трассасы, спорт қалашығы, атыс алаңы)

5 000

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының Оқу-жаттықтыру орталығында (филиал, Ақмола облысы Щучинск қаласы) Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер

16.

Тәулігіне 1 қатысушыға шаңғы-роллер трассасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер (тұру және тамақтанусыз)

1 500

17.

Футбол алаңында жаппай спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер, 1 сағат үшін

3 000

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының Оқу-жаттықтыру орталығында (филиал, Ақмола облысы Щучинск қаласы) спорттық керек-жарақты және спорттық ғимараттарды беру жөніндегі қызметтер

18

Тренажер залының спорттық мүкәммалын ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтер (шаңғы, велосипедтер, шаңғы-роллерлер, скандинавиялық жүруге арналған таяқтар), 1 сағат үшін

500