Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Министр _________________
2017 жылғы 2 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Министр _________________
2017 жылғы 24 шілде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 45 қаулысына қосымша |
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының
сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7542 тіркелген, 2012 жылғы 30 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 360-364 (27438) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібін айқындайды.";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру ұйымы (сақтандыру холдингі) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға арналған өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері сақтандыру холдингтері өтінішхатты қағаз тасымалдағышта ұсынады.";
4-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтерінің болжамды мәндерінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемесін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігін табыс ету қағидаларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес келуі;";
қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға арналған өтініш Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. "Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша басқарушының) есептер мен өзге (қосымша) ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы" 2014 жылғы 16 шілдедегі № 148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9731 тіркелген, 2014 жылғы 9 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшінің) есептерді және өзге (қосымша) ақпаратты ұсыну нысандарын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшінің) (бұдан әрі - уақытша әкімшілік) қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қаржы ұйымының орналастырылған салымдары туралы есеп Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қаржы ұйымының бағалы қағаздары туралы есеп Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 81 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11769 тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды беру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақтың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"42) осы қаулының 42-қосымшасына сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру қағидалары.";
22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларымен мәмілелер туралы есеп Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есептілікті табыс ету қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің (бұдан әрі – Ұйым) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептілікті беру тәртібін айқындайды.".
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің)
өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға арналған
өтініш
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің жалпы
жиналысының _____ жылғы "____" _______________№ __________ шешіміне сәйкес,
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________(өткізілген орны)
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған (заңды тұлғаға (тұлғаларға) (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) арқылы (керегінің асты сызылсын) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беруді сұрайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.
Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің атынан уәкілетті адам
_________________________ ____________
(қолы) мөр
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қаржы ұйымының орналастырылған салымдары туралы есеп
Есепті кезең: 20 ____ жылғы "__" ________.
Нысан индексі: Ф12-ВА
Ақпарат жинау кезеңділігі: уақытша әкімшілігін тағайындаған күннен бастап бірінші ай үшін
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Нысанды ұсыну мерзімі: уақытша әкімшіліктің филиалдары болмаған жағдайда - есептi айдан кейiнгi айдың алтыншы күннен кешіктірмей, филиалдары болған жағдайда - есептi айдан кейiнгi айдың сегізінші күннен кешіктірмейНысан
(мың теңге)
№ | Баптың атауы банктің (банктер бөлігінде) | Банктің коды | Қор биржасының ресми тізімінің бағалы қағазының санаты | Рейтингілік агенттіктің атауы | Қаржылық сенімділік рейтингі | Салым бойынша негізгі борыш | ||
теңгеде | Теңгемен қайта есептелген шетел валютасындағы ақша қалдығы | салым сомасының жиынтығы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Талап ету бойынша салымдар | |||||||
1.1 | ||||||||
2 | Мерзімді салымдар | |||||||
2.1 | ||||||||
3 | Шартты салымдар | |||||||
3.1 | ||||||||
4 | Барлығы |
кестенің жалғасы
Салым бойынша сыйақы | Күмәнді борыштар бойынша резерв | Ескертпе | ||
теңгеде | теңгемен қайта есептелген шетел валютасындағы ақша қалдығы | сыйақы сомасының жиынтығы | ||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Бас бухгалтер __________________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты ( ол бар болса) (қолы)
Орындаушы: __________________________________ _____________ ______________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы) (телефон нөмірі)
Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "_____" ___________________
Мөр орны (бар болса)
Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген
Қаржы ұйымының орналастырған салымдары туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Қаржы ұйымының орналастырған салымдары туралы есеп
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Қаржы ұйымының орналастырған салымдары туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 17-тармағы 57) тармақшасының отыз жетінші абзацына сәйкес әзірленген.
3. Есепті уақытша әкімшілік ол тағайындалған күннен бастап бірінші айда ғана бере алады.
4. Есептілікті жасау кезінде қолданылатын өлшем бірлігі теңгемен, шетел валютасының бірліктерімен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге және одан жоғарыға тең сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
5. Нысанға уақытша әкімшіліктің басшысы, бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Есептің нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
6. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді шегере отырып, реттік нөмірі 9-шы баған бойынша және реттік нөмірі 12-ші баған бойынша жиынтық сома бухгалтерлік баланстың "Орналастырылған салымдар" бабына сәйкес келуі тиіс.
7. Реттік нөмірі 4-ші бағанда "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор биржасы) ресми тізіміндегі "акциялар" секторларында екінші деңгейдегі банктің акцияларының санаты көрсетіледі.
8. Реттік нөмірі 6-шы бағанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемесінің 10-тармағына сәйкес Ұлттық Банк танитын агенттіктердің рейтингтік бағасы көрсетіледі.
9. Реттік нөмірі 14-ші бағанда егер салым бойынша ауыртпалық бар болса, онда ауыртпалық бар сома мың теңгемен және ауыртпалық негіздемесі көрсетіледі және (немесе) егер екінші деңгейдегі банк сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғасы болып табылса, "иә" сөзі жазылады.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қаржы ұйымының бағалы қағаздары туралы есеп Есепті кезең: 20 ___ жылғы "___" _________
Нысан индексі: Ф13-ВА
Ақпарат жинау кезеңділігі: уақытша әкімшілігін тағайындаған күннен бастап бірінші ай үшін
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың уақытша әкімшіліктері
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Нысанды ұсыну мерзімі: уақытша әкімшіліктің филиалдары болмаған жағдайда - есептi айдан кейiнгi айдың алтыншы күннен кешіктірмей, филиалдары болған жағдайда - есептi айдан кейiнгi айдың сегізінші күннен кешіктірмей
Нысан
№ | Эмитенттің атауы | Эмитенттің коды | Бағалы қағаздар түрі | Ұлттық сәйкестендіру нөмірі, халықаралық сәйкестендіру нөмірі | Бағалы қағаздардың саны, дана | Бағалы қағаздардың номиналды құны | Номинал валютасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары | ||||||
1.1 | |||||||
2 | Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары | ||||||
2.1 | Екінші деңгейдегі банктер | ||||||
2.1.1 | |||||||
2.2 | Екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда заңды тұлғалар | ||||||
2.2.1 | |||||||
2.3 | "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигациялары | ||||||
2.3.1 | |||||||
3 | Шетел мемлекеттердің бағалы қағаздары | ||||||
3.1 | |||||||
4 | Қазақстан Республикасының эмитенттері – резиденттері еместерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары | ||||||
4.1 | |||||||
5 | Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары | ||||||
5.1 | |||||||
6 | Инвестициялық қорлардың пайлары | ||||||
6.1 | |||||||
7 | Басқалар | ||||||
7.1 | |||||||
8 | Барлығы |
кестенің жалғасы
Баланстық құны (нетто), мың теңге | Күмәнді борыштар бойынша резерв, мың теңге | Бағалы қағаздардың жиынтық сатып алынатын құны, мың теңге | Сатып алу сәтінен бастап құнның өзгеруі (9-баған + 11-баған + 13-баған)- 16-баған) | Эмитенттің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (%) | |||||
Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар | Өзгерістері пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздары | Өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздар | |||||||
барлығы | оның ішінде есептелген сыйақы сомасы | барлығы | оның ішінде есептелген сыйақы сомасы | барлығы | оның ішінде есептелген сыйақы сомасы | ||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
Акциялар эмитентінің "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкестігі | Күні | Бағалы қағаздың санаты | Қаржылық сенімділігінің рейтингі | Рейтингілік агенттігінің атауы | Ескерту | |
Сатып алу | Өтеу | |||||
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Бас бухгалтер __________________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Орындаушы: ____________________________________ _____________ ___________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы) (телефон нөмірі)
Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "_____" ___________________
Мөр орны (бар болса)
Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген
Қаржы ұйымының бағалы қағаздары туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Қаржы ұйымының бағалы қағаздары туралы есеп
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Қаржы ұйымының бағалы қағаздары туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 17-тармағы 57) тармақшасының отыз жетінші абзацына сәйкес әзірленді.
3. Уақытша әкімшілік ол тағайындалған күннен бастап есепті бірінші ай үшін ғана береді.
4. Есептілік жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
5. Нысанға уақытша әкімшілік басшысы, бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме
6. Реттік нөмірі 9, 11 және 13-бағаналары бойынша жиынтық сомасы күмәнді борыштар бойынша резервтерді шегергенде "Өзгерістері пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздары", "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар" және "Өтеуге дейін ұсталып тұратын бағалы қағаздар" бухгалтерлік балансы баптарының сомасына сәйкес болу тиіс.
7. Реттік нөмірі 4-бағанда бағалы қағаздардың түрі көрсетіледі.
Мысалы:
мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша: МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕУКАМ, МОИКАМ, МУИКАМ, МЕУЖКАМ, еуроноттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ноттары;
мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша: акциялар, облигациялар, ипотекалық облигациялар, депозитарлық қолхаттар.
8. Реттік нөмірі 8-бағанада бағалы қағаз номиналы валютасының коды (мысалы: KZT, USD).
9. Реттік нөмірі 10, 12 және 14-бағаналарда есепті кезең аяғында бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақының жалпы сомасы көрсетіледі.
10. Реттік нөмірі 16-бағанада тікелей сатып алуға байланысты шығындар қосылатын, сатып алушы сатушыға төлеген пайыз (осындай ақы болған кезде) шамасына азайған бағалы қағаздың жиынтық сатып алу құны, оның ішінде агенттерге, консультанттарға, брокер-дилерлерге төленген сыйақылар мен комиссиялық төлемдер, қор биржаларының алымдары, сондай-ақ қаражат аудару бойынша банктік қызметтер көрсетіледі.
11. Реттік нөмірі 17-бағанада баланстық құны және бағалы қағаздың жиынтық сатып алу құнының арасындағы айырмашылығы көрсетіледі.
12. Реттік нөмірі 18-бағанада эмитенттің жарғылық капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысу үлесі көрсетіледі: эмитенттің орналастырылған акциялардың жалпы санына акциялардың санына арақатынасы.
13. Реттік нөмірі 19-бағанада акциялар эмитенті сәйкес келетін "Сақтандыру қызметі туралы" 200 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағына сәйкес ақпарат көрсетіледі.
14. Реттік нөмірі 22-бағанда қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздың санаты көрсетіледі.
15. Реттік нөмірі 23-бағанада Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14794 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемесінің 10-тармағына сәйкес Ұлттық Банкі танылатын агенттіктердің рейтингілік бағасы көрсетіледі.
16. Реттік нөмірі 25-бағанада егер бағалы қағаздар бойынша ауыртпалығы бар болса (бағалы қағаз кепіл шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылады, "РЕПО" мәміленің объектісі болып табылады), онда ауыртпалық сомасы мың теңгеде және ауыртпалық негіздемесі көрсетіледі және (немесе) егер бағалы қағаздың эмитенті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғасы, заңды тұлға болып табылса "иә" деген сөзі жазылады.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалармен мәмілелері туралы есеп
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" __________ жағдай бойынша
Индекс: 22 - I(R)O_M
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынады: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күніне дейін (қоса)
Нысан
_______________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның атауы)
20__ жылғы 1 _________ жағдай бойынша 1-кесте. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасау)
(мың теңге)
№ | Сақтандырушының (қайта сақтандыру) атауы (тегі, аты, әкесінің (ол бар болса) | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), Жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін бар болса) | Тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастарымен байланысты тұлғаға жатқызылған тұлға соған сәйкес белгі | Сақтандыру (қайта сақтандыру) түрі (сыныбы) | Сақтандыру сыйақысының сомасы (мың теңгемен) | Сақтандыру сомасы (мың теңгемен) | Сақтандыру тарифі (сақтандыру сомасы пайызбен) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
4 | |||||||
Жиынтығы |
кестенің жалғасы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша комиссиялық сыйақы (мың теңгемен) | Шарт жасалған күні (шартты орындау басталған күні) | Шарттың қолданылуы аяқталған күн (шартты орындау аяқталған күні) |
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша |
Пайда алушының атауы (тегі, аты, әкесінің (ол бар болса) | Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі не акционерлерінің жалпы жиналысы (директорлар кеңесі болмаған жағдайда) үлестес тұлғалармен мәміле жасау туралы шешімінің деректемелері | Ескерту |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
….. | ||||||
(мың теңге)
№ | Сақтандырушының (қайта сақтандыру) атауы (тегі, аты, әкесінің (ол бар болса) | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), Жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін бар болса) |
Тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастарымен байланысты тұлғаға жатқызылған тұлға соған сәйкес белгі | Операциялардың түрі | Валютаның түрі | Шарт бойынша мәміле сомасы (мың теңгемен) | Шарт жасалған күні (шарт талаптарды орындауды бастаған күн) | Шарттың қолданылуы аяқталған күн (шарт талаптарды орындауды бастаған күн) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |
0 |
кестенің жалғасы
Шарттың талаптары бойынша қамтамасыз ету | Төленетін сыйақы (жылдық пайызбен) | Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі не акционерлерінің жалпы жиналысы (директорлар кеңесі болмаған жағдайда) үлестес тұлғалармен мәміле жасау туралы шешімінің деректемелері | Есепті күндегі ағымдағы қалдық (мың теңгемен) | Ескерту | ||
түрі | құны (мың теңгемен) | Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пайдасына үлестес тұлғаның | үлестес тұлғаның пайдасына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының | |||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
мың теңге болады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы есепті кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларға жеңілдікті талаптар ұсынылмағанын және осы Нысанда көрсетілгендерден басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларымен басқа мәмілелерді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асырылмағанын растайды.
Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
___________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Бас бухгалтер_______________________________________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса (қолы)
Орындаушы _________________________ _______________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы) (телефон нөмірі)
Есепке қол қойылған күн 20___жылғы "___"__________
Мөр орны (бар болса)
Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалармен мәмілелері туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалармен мәмілелері туралы есеп
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалармен мәмілелер туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына 74-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ай сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады. Нысандағы деректер теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанда тиісті есепті күндегі жағдай бойынша, оның ішінде Нысанда көөрсеитілген мәмілелер бойынша (бірақ олармен шектелмей) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14794 тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемесін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігін табыс ету қағидаларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №304 қаулысына сәйкес есептелетін нақты төлем қабілеттілігі маржасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғамен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының операцияларының әрбір түрі бойынша сомасы мөлшерінен жиынтықты 0,1 пайыздан аспайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалармен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық мәмілесі туралы мәліметтер көрсетіледі.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша мәмілелердің сомасын анықтаған кезде сақтандыру сыйақысының сомасы немесе сақтандыру төлемдері негізге алынады.
7. Өзге операциялар бойынша егер мәмілелердің талаптары қамтамасыз етудің немесе сыйақы төлемдерін болжамаса, 10, 11 немесе 12, 13-бағандар толтырылмайды.
8. Нысан ағымдағы жылдың басынан бастап кезең үшін жасалған мәмілелер бойынша мәліметтер көрсетіледі.
9. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен беріледі.