Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 тамызда № 15539 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 20 шілдедегі
№ 371 бұйрығымен
бекітілген

Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы

Күштердің әскери қызметшілерін іріктеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін (бұдан әрі – шетелдік ӘОО-лар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін ұйымдастыру және іріктеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Іріктеуді ұйымдастыру

      2. Әскери қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-ларда оқуға іріктеуді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті әскери кадрларды даярлау саласындағы халықаралық келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

      3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-ларда оқуға іріктеу одан әрі оқуды шетелдік ӘОО-ларда оқу мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери оқу орындарының (бұдан әрі – ҚР ҚМ ӘОО) бірінші курсына оқуға түскен әскери қызметшілер қатарынан іріктеу жылының 15 тамызына дейін ҚР ҚМ ӘОО бастығының атына берілген баянат негізінде жүзеге асырылады.

      Азаматтардың ҚР ҚМ ӘОО-ларына одан әрі шетелдік ӘОО-ларда оқу мақсатында оқуға түсуі "Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады. Медициналық, музыкалық мамандықтарға және аударма ісіне оқуға түсу үшін ҰБТ бейіндік пәні: медициналық мамандықтар үшін биология, химия, музыкалық мамандықтар үшін шығармашылық емтихан, аударма ісі үшін шет тілі болып айқындалсын.

      Шетелдік ӘОО-ларға іріктеу жүзеге асырылатын тізім, сондай-ақ қойылатын талаптар, іріктеу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат іріктеу жылының 1 мамырына дейін жергілікті әскери басқару органдарында орналастырылады.

      Баянатта кандидаттың әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде), туған жылы мен айы, оқуға түскісі келетін шетелдік ӘОО-ның атауы және мамандығы көрсетіледі.

      Баянатқа өмірбаян (өз қолымен жазылған), 3 фотосурет (бас киімсіз, өлшемі 4,5 х 6 сантиметр) қоса беріледі..

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 05.07.2022 № 491 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Іріктеу жылының 10 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бейінді құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бас қолбасшылары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі) іріктеу комиссияларының құрамдарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасына қосу үшін кандидаттарды ұсынады.

      Шетелдік ӘОО-ларға әскери қызметшілерді іріктеу жөніндегі комиссиялар (бұдан әрі – комиссия) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен іріктеу жылының 10 тамызына дейін тағайындалады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Комиссияның төрағасы болып Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлері бас қолбасшыларының орынбасарлары қатарынан біреу тағайындалады, ҚР ҚМ ӘОО бастығы төрағаның орынбасары болып табылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 17.06.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Комиссияның құрамына ҚР ҚМ ӘОО-ның бастығын қоспағанда, әскери қызметші оқитын ҚР ҚМ ӘОО-ның өкілдері қосылмайды.

      Комиссия хатшысы комиссияның төрағасымен дауыс беру құқығынсыз тағайындалады және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттаманы (бұдан әрі – хаттама) жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Комиссияның құрамы мүшелердің тақ санынан (кемінде 5 адам) тұрады. Шешімдер комиссия мүшелері жалпы санының қарапайым көпшілік дауыс беруімен қабылданады.

      Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

      8. Комиссияның отырыстары комиссияның төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және хаттамамен ресімделеді.

      9. Іріктеу кезеңінен өту нәтижесімен келіспеген әскери қызметші бір жұмыс күнінің ішінде комиссияның төрағасына жазбаша өтінішпен (еркін түрде) жүгінеді.

      Комиссияның хаттамасымен ресімделген өтініштің мәнісі бойынша шешімі өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде шығарылады.

      10. Комиссияның оқуға іріктеу немесе одан бас тарту туралы шешімі әскери қызметшілердің сауалнамалық деректерін көрсете отырып, ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Әскери қызметшілер, оларға қатысты бөлігінде комиссияның шешімдерімен жазбаша танысады.

      Әскери қызметшілер комиссияның шешіміне сот тәртібінде шағымдана алады.

      12. Комиссияның мүшелері іріктеу ақпаратына қатысты қатаң құпиялылықты сақтайды және бөгде адамдардың құжаттарға толық қолжетімділігінің болмауын қамтамасыз етеді.

3-тарау. Іріктеу тәртібі

      13. Кәсіби іріктеу және шетелдік ӘОО-лар талаптарына жауап беретін жоғары әскери білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-ларға әскери қызметшілерді іріктеу үш кезеңде жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезеңде – осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген келіп түскен құжаттар негізінде әскери қызметшілердің тізімдері қалыптастырылады;

      2) екінші кезеңде – оқыту тілі бойынша тестілеу, онда әскери қызметші шетелдік білім беру ұйымында оқытылатын болады. Оқыту тілі бойынша тестілеу іріктелетін оқыту тілін меңгеру деңгейін айқындау үшін өткізіледі. Тестілеу сұрақтары негізгі орта білім беру бағдарламаларын ескере отырып құрастырылады және 30 сұрақтан тұрады, 1 сұрақ 1 балға теңестіріледі. Шекті деңгей 10 балды құрайды.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының мамандықтарына іріктелетін әскери қызметшілермен бұдан бұрын "Ұсынылады" деген нәтижемен зерттеуден өткендерді қоспағанда, бірақ соңғы жүргізілген зерттеу күннен бастап екі жылдан кешітірілмей психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер (бұдан әрі – зерттеу) жүргізіледі;

      3) үшінші кезеңде – конкурстық іріктеу жүзеге асырылады. Конкурстық іріктеу ең жоғарыдан ең төменгі рейтингілік балға дейін іріктелетін рейтингісін жасауды қамтиды және оны іріктеу комиссиясы жүргізеді.

      Зерттеу нәтижесі бойынша ұсынылмайтын іріктелетін әскери қызметшілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

      Рейтинг оқыту тілі бойынша тестілеу нәтижесін және ҰБТ нәтижесін қосу арқылы қалыптастырылады.

      Оқуға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін рейтингіде тұрған, іріктеудің екінші кезеңінің шекті деңгейінен өткен әскери қызметшілер жіберіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 05.07.2022 № 491 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Іріктеудің әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген әскери қызметші келесі кезеңге жіберілмейді.

      15. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Шетелдік ӘОО денсаулық жағдайына анағұрлым жоғары медициналық талаптар қойған жағдайларда әскери қызметшілер іріктеу жылының 25 тамызына дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес кезектен тыс стационарлық (амбулаторлық) медициналық куәландыруға жіберілуге жатады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 17.06.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Нәтижелері шетелдік ӘОО-ларға жіберу туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығын шығару үшін негіз болып табылатын іріктеу қорытындылары хаттамамен ресімделеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 17.06.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Егер шетелдік ӘОО-ға қабылдау шарттары осы Қағидаларда көрсетілген қабылдау шарттарынан өзгеше болған жағдайда, іріктеу Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен келісімшарттары, сондай-ақ оқуға шақырулар негізінде жүргізіледі.

      Қабылдаушы тарап іріктеуден өткен оқуға түсушімен қабылдаушы тараптың талаптарына сәйкестігіне әңгімелесу және/немесе емтихан өткізеді. Оқуға түсуде әңгімелесу және/немесе емтиханның нәтижелері шешуші болып табылады.

      19. Іріктелген әскери қызметшілерді шетелдік ӘОО-ларға жіберу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен жүзеге асырылады.

      20. Әскери қызметшілерді оқуға жіберу туралы бұйрықтан үзінді көшірмелер әскери қызметшілер іріктелген ҚР ҚМ ӘОО-ларының кадр органдарына жіберіледі.

      ҚР ҚМ ӘОО-ның кадр органы шетелдік ӘОО-да оқу үшін іріктелген әскери қызметшімен ҚР ҚМ ӘОО-ға оқуға түсу кезінде жасасылған әскери қызмет өткеру туралы келісімшартқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сілтеме жасаумен одан әрі шетелдік ӘОО-ға оқуға жіберілгені туралы жазба жасайды. Енгізілген жазба іріктелген әскери қызметшіге қолтаңбасын қойғызумен жеткізіледі және жеке ісіне қоса тігіледі.

      21. Шетелдік ӘОО-ларда оқуды жалғастыру үшін іріктелген әскери қызметшілер ҚР ҚМ ӘОО жеке құрамының тізімдерінде есепке алынады. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және келісімшарттарға, сондай-ақ оқуға шақыруға сәйкес ризықтың тиесілі түрлерімен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 17.06.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21-1. Жоғары білім беру бағдарламасын іске асыратын шетелдік ӘОО-лардан оқудан шығарылған әскери қызметшілер жеке құрам тізімдерінде есепте тұрған ҚР ҚМ ӘОО-ға келеді. ҚР ҚМ ӘОО-да оқудан шығарылған әскери қызметші "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15634 болып тіркелген) және "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13239 болып тіркелген) сәйкес одан әрі оқу туралы шешім қабылдау үшін ғылыми кеңестің отырысына ұсынылады.

      Ескерту. 3-тарау 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 05.07.2022 № 491 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-ларға оқуға іріктелген әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті бастығының өкіміне қабылданады және шетелдік ӘОО-ларға адъюнктар ретінде қабылдану үшін жіберіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 20 шілдедегі
№ 371 бұйрығына
қосымша

      Нысан

№ ____ ХАТТАМА

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 05.07.2022 № 491 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________ іріктеу (апелляциялық) комиссиясының отырысы

      (оның жанында комиссия құрылатын органның атауы)

      _____________________________________ іріктеуден өткені (бас тартылғаны) туралы

      (ӘОО-ның атауы)

      Комиссия мынадай құрамда: төраға ___________ төрағаның орынбасары ____________

      мүшелері: ________________________________________________________________

      өз отырысында кандидаттарды қарады, зерделеді және қаулы етті:

Р/с №

Т.А.Ә.
(ол бар болған кезде)

Туған күні, айы және жылы

Ұлты

Түсетін шетелдік ӘОО-ның атауы және мамандығы

ҰБТ нәтижесі

Оқыту тілі бойынша тестілеу нәтижесі

Психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер

Жалпы балы

Комиссия шешімі











      Комиссия төрағасы: _____________________________________________________

      (әскери атағы, атының инициалы және тегі)

      Комиссия мүшелері: _____________________________________________________

      (әскери атағы, атының инициалы және тегі)

      Комиссия хатшысы: _____________________________________________________

      (әскери атағы, атының инициалы және тегі)