"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 26-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 28.07.2022 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. "Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 253 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7774 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 598-602 (27675) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығымен бекітілген |
Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.12.2018 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 29.05.2023 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Заңның 26-бабының 10-тармағына сәйкес үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты əскери қызметтен шығару салдарынан əскери оқу орнынан шығарып жіберілген, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан курсант немесе кадет оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орнында оны оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес ақшаны мемлекетке өтейді.
Көрсетілген міндеттемелер әскери оқу орнындағы оқытудың бірінші жылы ішінде оқудан шығарып жіберілген және келесі курсқа көшірілмеген, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіппен әскери бөлімдерге (мекемелерге) жіберілген курсанттар мен кадеттерге қолданылмайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 28.07.2022 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Əскери оқу орнына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алуды тоқтата тұруға негіз болып табылады. Әскери, арнаулы оқу орнында оқыту кезеңі есепке алынбастан, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін (ұшқыштар құрамы үшін – он бес жыл) оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алу тоқтатылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 28.07.2022 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қызметтен шығарылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметшілерді есепке алуды:
1) теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған офицерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті;
2) оқудан шығарылған курсанттар мен кадеттерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті (бұдан әрі – Департамент) жүзеге асырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 22.10.2020 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Заңның 26-бабының 10-тармағына сәйкес қызметтен шығарылған (оқудан шығарылған) әскери қызметші есепке қою үшін келген жергілікті әскери басқару органы оның жеке ісін алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және Әскери білім және ғылым департаменттерін қызметтен шығарылған (оқудан шығарылған) әскери қызметшінің келгені туралы хабардар етеді және оқытуға жұмсалған шығынды өтеуге шаралар қабылдайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 29.05.2023 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Әскери бөлім тиісті басқару органы арқылы офицердің теріс себептермен қызметтен шығарылғаны және әскери есепке қойылғаны туралы 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментін хабардар етеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 22.10.2020 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған, өтелуге тиіс ақша шығысын есептеу үшін әскери оқу орындарының бастықтары жыл сайын 20 қарашаға қарай осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бір әскери қызметшісінің оқуына жұмсалған нақты шығынның жиынтық есебін (бұдан әрі – жиынтық есеп) төлем жасалған валютада жасайды және Департаментпен келіседі және одан әрі бекіту үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына ұсынады.
Бұл ретте ақшаны өтеу сомасы өтеу туралы талап қойылған күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамын қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептеледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 28.07.2022 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Әскери қызметші оқыған кезеңде Департамент және әскери оқу орындары жыл сайын білім алатын әскери қызметшілердің жеке (оқу) істеріне тігілетін және оқудан шығарып жіберілгеннен немесе оқуды аяқтағаннан кейін бір ай мерзімде жергілікті әскери басқару органдарына немесе әскери бөлімге жолданатын әрбір әскери қызметшіге жиынтық есепті жасайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 22.10.2020 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Заңның 26-бабының 10-тармағында көрсетілген әскери қызметшілер оқуға жұмсалған ақшаны өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда жергілікті әскери басқару органдары бір ай мерзімде өтеу бойынша материалдарды сотқа береді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 28.07.2022 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Оқудан шығарып жіберілген немесе қызметтен шығарылған әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған, өтелуге тиіс шығындар сомасы қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде бухгалтерлік есеп бойынша есепке алынады.
11. Әскери оқу орындарындағы әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған шығындарды өтеуден түскен ақша республикалық бюджет кірісіне аударылуға тиіс.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 28.07.2022 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
әскери оқу орнының атауы
_____________________ мамандығы бойынша ____/_____ оқу жылында Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты
шығынның жиынтық есебі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 28.07.2022 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
(теңге) |
№ | Шығыс атауы | 2-курс | 3-курс | 4-курс | 5-курс |
1. | Білім алатын әскери қызметшінің стипендиясы | ||||
2. | Азық-түлікпен қамтамасыз ету: 1) жалпыәскери үлес 2) ұшқыштар үлесі 3) техникалық үлес | ||||
3. | Жол жүру ақысы | ||||
Жиыны |
Ескертпе: барлық шығыс қызметтер бастықтарының есеп-негіздемелерімен расталады, одан кейін жинақтау үшін қаржы қызметіне ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға нақты шығынның жиынтық есебі шығысының әрбір тармағына жеке есептеулер жасалады және мынадай нормалар мен нақты шығынға сәйкес жүргізіледі:
1. Курсанттардың стипендиясын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбп қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде есептеу.
2. Азық-түлікпен қамтамасыз етуді "Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) бекітілген нормалар бойынша есептеу.
3. Жол жүру ақысы шығысын оқу жылы кезеңіне жұмсалған нақты шығыс бойынша есептеу.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы
М.О. ______________________________________________________
(әскери атағы, қолы)
"___"_____________________ (күні)
Қаржы қызметінің бастығы (бас бухгалтер)
___________________________________________________________
(әскери атағы, қолы)
"___"__________________ (күні)