Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 тамызда № 15524 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. "Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 253 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7774 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 598-602 (27675) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 20 шілдедегі
№ 372 бұйрығымен
бекітілген

Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.12.2018 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Заңның 26-бабының 7-тармағына сәйкес оқудан шығарып жіберілген және/немесе əскери қызметтен шығарылған әскери қызметші Заңның аталған нормасында көзделген негіздер бойынша әскери қызметші мәртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, оларға стипендия төлеуге және олардың жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін бюджет қаражатын мемлекетке өтейді.

      Əскери оқу орнын бітірген əскери қызметші теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған жағдайда әскери қызметші мәртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, оларға стипендия төлеуге және олардың жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін қаражатты мемлекетке келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық ай үшін пропорционалды түрде өтейді.

      3. Əскери оқу орнына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырту оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алуды тоқтата тұруға негіз болып табылады. Әскери оқу орнында оқыту кезеңі есепке алынбастан, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін оны оқуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алу тоқтатылады.

      4. Қызметтен шығарылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметшілерді есепке алуды:

      1) теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған офицерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті;

      2) оқудан шығарылған курсанттар мен кадеттерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті (бұдан әрі – Департамент) жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 22.10.2020 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Заңның 26-бабының 7-тармағына сәйкес қызметтен шығарылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметші есепке қою үшін келген жергілікті әскери басқару органы олардың жеке істерін алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және Әскери білім және ғылым департаменттерін қызметтен шығарылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметшінің келгені туралы хабардар етеді және оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 22.10.2020 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Әскери бөлім тиісті басқару органы арқылы офицердің теріс себептермен қызметтен шығарылғаны және әскери есепке қойылғаны туралы 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментін хабардар етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 22.10.2020 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған, өтелуге тиіс шығыстарды есептеу үшін әскери оқу орындарының бастықтары жыл сайын 20 қарашаға қарай осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бір әскери қызметшісінің оқуына жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін (бұдан әрі – жиынтық есеп) төлем жасалған валютада жасайды және Департаментпен келіседі және одан әрі бекіту үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына ұсынады.

      Бұл ретте бюджет қаражатын өтеу сомасы өтеу туралы талап қойылған күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамын қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептеледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 22.10.2020 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Әскери қызметші оқыған кезеңде Департамент және әскери оқу орындары жыл сайын білім алатын әскери қызметшілердің жеке (оқу) істеріне тігілетін және оқудан шығарып жіберілгеннен немесе оқуды аяқтағаннан кейін бір ай мерзімде жергілікті әскери басқару органдарына немесе әскери бөлімге жолданатын әрбір әскери қызметшіге жиынтық есепті жасайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 22.10.2020 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Заңның 26-бабының 7-тармағында көрсетілген әскери қызметшілер оқуға жұмсалған бюджет қаражатын өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда жергілікті әскери басқару органдары бір ай мерзімде өтеу бойынша материалдарды сотқа береді.

      10. Оқудан шығарып жіберілген немесе қызметтен шығарылған әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған, өтелуге тиіс шығындар сомасы қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде бухгалтерлік есеп бойынша есепке алынады.

      11. Әскери оқу орындарындағы әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған шығындарды өтеуден түскен қаражат республикалық бюджет кірісіне аударылуға тиіс.


  Әскери оқу орындарында әскери
қызметшілердің оқуына
жұмсалған бюджет қаражатын
мемлекетке өтеу қағидаларына
қосымша
  Нысан
  Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
орынбасары
____________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
"___" _____________________
(күні)

_________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ әскери оқу орнының атауы _____________________ мамандығы бойынша ____/_____ оқу жылы үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бір әскери қызметшісінің оқуына жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 22.10.2020 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  (теңге)

Р/с №

Шығыстар атауы

1-курс

2-курс

3-курс

4-курс

5-курс

1.

Білім алатын әскери қызметшінің стипендиясы






2.

Азық-түлікпен қамтамасыз ету:
1) жалпыәскери үлес
2) ұшқыштар үлесі
3) техникалық үлес






3.

Келісімшарттар (шарттар) бойынша төленетін оқыту






4.

Жол жүру ақысы






Жиыны




      Ескертпе: барлық шығыстар қызметтер бастықтарының есеп-негіздемелерімен, келісімшарттар (шарттар) көшірмелерімен расталады, одан кейін жинақтау үшін қаржы қызметіне ұсынылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бір әскери қызметшісінің оқуына нақты шығындардың жиынтық есебі шығыстарының әрбір тармағына жеке есептеулер жасалады және мынадай нормалар мен нақты шығындарға сәйкес жүргізіледі:

      1) курсанттардың стипендиясын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде есептеу;

      2) азық-түлікпен, тамақтандыруды қамтамасыз етуді "Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) бекітілген нормалар бойынша есептеу;

      3) келісімшарттар (шарттар) бойынша оқуға төленетін шығыстарды олардың мөлшерлемесіне сәйкес есептеу;

      4) жол жүру ақысы шығыстарын оқу жылы кезеңіне жұмсалған нақты шығыстар бойынша есептеу.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы

      М.О.             ___________________________________________________

                                    (әскери атағы, қолы)

                                    "___"__________________

                                          (күні)

      Қаржы қызметінің бастығы (бас бухгалтер)

      ____________________________________________________

                        (әскери атағы, қолы)

                                    "___"__________________

                                          (күні)