"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. "Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 253 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7774 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 598-602 (27675) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығымен бекітілген |
Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет
қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары
1. Осы Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 7-тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және бір әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тәртібін айқындайды.
2. Заңының 26-бабы 7-тармақшасына сәйкес əскери қызметтен және əскери оқу орнынан шығарылған, сондай-ақ Заңының аталған нормасында көзделген негіздемелер бойынша оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтейді.
Әскери оқу орнын бітірген əскери қызметші теріс себептер бойынша əскери қызметтен шығарылған жағдайда келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық айға пропорционалды түрде өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтейді.
3. Əскери оқу орнына қайта қабылдау "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес оқуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алуды тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
4. Босатылған (оқудан шығарылған) әскери қызметшілерді есепке алуды:
1) теріс себептер бойынша шығарылған офицерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті;
2) оқудан шығарылған курсанттар мен кадеттерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті жүзеге асырады.
5. Заңының 26-бабы 7-тармақшасына сәйкес босатылған (оқудан шығарылған) әскери қызметші есепке қою үшін келген жергілікті әскери басқару органы олардың жеке істерін алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және Білім және ғылым департаменттерін оқудан шығарылған (босатылған) әскери қызметшінің келгені туралы хабардар етеді және оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге шаралар қабылдайды.
6. Әскери бөлім тиісті басқару органы арқылы офицердің теріс себептер бойынша шығарылғаны және әскери есепке қойылғаны туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментін хабардар етеді.
7. Әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған, өтелуге тиіс шығыстарды есептеу үшін әскери оқу орындарының бастықтары жыл сайын 20 қарашада осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін (бұдан әрі – жиынтық есеп) төлем жасалған валютада жасайды және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаментімен келіседі және білім мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына одан әрі бекіту үшін ұсынады.
Бұл ретте бюджет қаражатын өтеу сомасы өтеу туралы шешім қабылданған күнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамында қайта қаржыландыру бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептеледі.
8. Әскери қызметші оқыған кезеңде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті және әскери оқу орындары жыл сайын әрбір әскери қызметшіге жиынтық есепті жасайды, олар оқып жатқан әскери қызметшілердің жеке (оқу) істеріне тігіледі және оқудан шығарылғаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін бір ай мерзімде жергілікті әскери басқару органдарына немесе әскери бөлімге жолданады.
9. Заңының 26-бабы 7-тармағында көрсетілген әскери қызметшілер оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда жергілікті әскери басқару органдары өтеу бойынша материалдарды бір ай мерзімде сотқа береді.
10. Өтелуге тиіс, оқудан шығарылған немесе босатылған әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған шығындар сомасы қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде бухгалтерлік есеп бойынша есепке алынады.
11. Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден түскен қаражат республикалық бюджет кірісіне аударылуға тиіс.
Әскери оқу орындарында әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларына қосымша нысан БЕКІТЕМІН Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
________________________________ (қолы, Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) "___" ________________________ (күні) __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ әскери оқу орнының атауы _____________________ мамандығы бойынша ____/_____ оқу жылы үшін
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға
жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі (теңге)
Р/с | Шығыстар атауы | 1-курс | 2-курс | 3-курс | 4-курс | 5-курс |
1. | Білім алатын әскери қызметшінің стипендиясы | |||||
2. | Оқу процесін қамтамасыз ететін адамдардың еңбекақысы және басқа да төлемдері | |||||
3. | Салықтар, жиындар, бюджетке міндетті төлемдер, зейнетақы төлемдері, банк қызметі, ақшалай өтемақылар | |||||
4. | Нақты шығындар бойынша медициналық қамтамасыз ету | |||||
5. | Нақты шығындар бойынша кеңсе және шаруашылық шығыстары | |||||
6. |
Жанар-жағар май материалдарына шығыстар: | |||||
7. |
Азық-түлікпен қамтамасыз ету: | |||||
8. |
Киім-кешекпен қамтамасыз ету: | |||||
9. |
Бекітілген нормалар бойынша коммуналдық шығыстар: | |||||
10. | Оқ-дәрілермен қамтамасыз ету | |||||
11. | Монша-кір жуу шығыстары | |||||
12. | Пошта шығыстары | |||||
13. | Оқу порцесін қамтамасыз ететін әскери мүлікті ұстау мен пайдалануға нақты шығындар | |||||
14. | Оқы жылы үшін оқу процесін қамтамасыз ететін жабдық пен техниканы амортизациялау | |||||
15. | Келісімшарттар (шарттар) бойынша төленетін оқыту | |||||
16. | Келісімшарттар (шарттар) бойынша төленетін қамтылу | |||||
17. | Жол ақысы | |||||
18. | Басқа шығындар | |||||
Жиыны |
Ескертпе: Барлық шығыстар қызмет бастықтарының есеп-негіздемелерімен, келісімшарттар (шарттар) көшірмелер арқылы расталады және нақтылау үшін қаржы қызметіне ұсынады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға нақты шығыстардың жиынтық есебі шығыстарының әрбір тармағына жеке есептеулер жасалады және мынадай нормалар мен нақты шығыстарға сәйкес жүргізіледі:
1. Курсанттардың стипендиясын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы бойынша есептеу;
2. Оқу процесін қамтамасыз ететін адамдардың еңбекақысын және басқа да төлемдерін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес есептеу;
3. Салық, алымдар, бюджетке төленетін міндетті төлемдер, банк қызметтері, зейнетақы төлемдері, ақшалай өтемақыларды төлем ведомостары арқылы есептеу және оқу жылы кезіңіне барлық білім алатындардың нақты санына тең пропорционалды бөлінеді;
4. Медициналық қамтамасыз етуді оқу жылы кезеңіне жұмсалған нақты шығыстар бойынша есептеу;
5. Кеңсе және шаруашылық шығыстарды оқу жылы кезеңіне жұмсалған нақты шығыстар бойынша есептеу;
6. Жанар-жағар май бойынша шығыстарды оқу жылы кезеңіне жұмсалған нақты шығыстар бойынша есептеу;
7. Азық-түлікпен қамтамасыз етуді "Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) сәйкес нормалар бойынша есептеу;
8. Киім-кешекпен қамтамасыз етуді "Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11557 болып тіркелген) бекітілген нормалар бойынша есептеу;
9. Коммуналдық шығыстар (электр энергиясы, жылу, суық су) "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысына сәйкес бекітілген нормалар және жылына бір адамға коммуналдық қызметтер бағалары бойынша есептеу;
10. Оқ-дәрімен қамтамасыз етуді оқу жылы кезеңіне жұмсалған нақты шығыстар бойынша есептеу;
11. Монша-кір жуу шығыстарын "Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11557 болып тіркелген) бекітілген нормалар бойынша есептеу;
12. Пошта шығыстарын мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының 1 және 2-курс курсанттарына ақшалай өтемақының бекітілген мөлшерімен "Мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiне, әскери оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына пошта жөнелтiлiмдері үшiн ақшалай өтемақы мөлшерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 622 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10324 болып тіркелген) сәйкес есептеу;
13. Оқу пороцесін қамтамасыз ететін әскери мүлікті ұстауға және пайдалануға нақты шығыстарды оқу жылы кезеңіне жұмсалған нақты шығыстар бойынша есептеу;
14. Оқу жылы оқу процесін қамтамасыз ететін жабдықтарға және техникаға есептелген өтемпұлдарын (амортизация) бір оқу жылы негізінде есептеу;
15. Келісімшарттар (шарттар) бойынша оқытуға төленетін шығыстарды олардың мөлшерлемесіне сәйкес есептеу;
16. Келісімшарттар (шарттар) бойынша қамтамасыз етуге төленетін шығыстарды олардың мөлшерлемесіне сәйкес есептеу;
17. Жолақысы шығыстарын оқу жылы кезеңіне жұмсалған нақты шығыстар бойынша есептеу;
18. Басқа да шығыстар.