Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 тамызда № 15427 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 41-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Әуе кемелерінің пайдаланушыларын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10605 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 сәуірде жарияланған);

      2) "Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 818 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14580 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қантарда жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 420 бұйрығымен бекітілген

Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-18) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар аэронавигациялық ақпарат өнімдерінде жарияланатын өңделген аэронавигациялық ақпарат (аэронавигациялық деректер) негізінде жасалған, әртүрлі ақпаратты/деректерді (электрондық және/немесе қағаз жеткізгіштегі мәтіндік және/немесе картографиялық түрде) беретін жеке немесе заңды тұлғаларға қолданылмайды, оларды беруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің аэронавигациялық ақпарат қызметі қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:

      1) абсолюттік биіктік – теңіздің орта деңгейінен нүктенің немесе нүкте деп есептелген объектінің деңгейіне дейінгі тік қашықтық;

      2) схеманың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі - кедергілерден ұшып өтудің ең аз абсолюттік/салыстырмалы биіктігінде немесе ол белгіленген жерден жоғары ұшу схемасының тік профилін айқындау кезінде пайдаланылатын жарияланған абсолюттік / салыстырмалы биіктік;

      3) авиациялық белгіленген қызметі - негізінен аэронавигацияның қауіпсіздігін, сондай-ақ әуе қатынастарының тұрақтылығын, тиімділігін және үнемділігін қамтамасыз етуге арналған белгілі бір тіркелген пункттер арасындағы электр байланысы қызметі;

      4) ақпараттық өнімнің сипаттамасы - деректер массивінің немесе деректер массивтерінің жиынтығының егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ оларды құруға, екінші тарапқа қоюға және екінші тараптың пайдалануына мүмкіндік беретін қосымша ақпарат;

      5) ауысу нүктесі - әуе кемесі барлық жаққа бағытталған ӨЖЖ-радиомаяктарға бағдардың көмегімен айқындалатын әуе қозғалысына қызмет көрсету маршрутының учаскесі бойынша ұшқан кезде негізгі навигациялық бағдарды әуе кемесінің артындағы құралдан оның алдындағы келесі құралға ауыстыру күтілетін нүкте;

      6) адами фактордың аспектілері – жоспарлау, сертификаттау, кадрларды даярлау, техникалық қызмет көрсету және авиациядағы пайдалану қызметтері процестеріне қолданылатын және адамның мүмкіндіктерін тиісті түрде есептеу арқылы адам мен жүйенің басқа компоненттері арасындағы қауіпсіз өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар;

      7) аэронавигациялық ақпарат – әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін деректерді жинау, талдау және өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат;

      8) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі – нақты белгіленген әрекет ету аймағында құрылған қызмет, ол әуе навигациясының қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті аэронавигациялық ақпараттардың (аэронавигациялық деректердің) ұсынылуына жауапты;

      9) аэронавигациялық ақпараттар жинағы – аэронавигация үшін елеулі маңызы бар ұзақ мерзімді аэронавигациялық ақпаратты қамтитын Қазақстан Республикасы шығарған немесе бекіткен жарияланым;

      10) аэронавигациялық ақпарат жинағына қосымша – аэронавигациялық ақпараттар жинағындағы ақпаратқа енгізілетін және жеке парақтарда ұсынылатын уақытша өзгерістер;

      11) аэронавигациялық ақпараттар жинағында жасалатын түзетулер – аэронавигациялық ақпараттар жинағындағы ақпаратқа енгізілетін тұрақты өзгерістер;

      12) аэронавигациялық ақпараттың циркуляры – NОТАМ шығаруды немесе оны аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізуді қажет етпейтін, бірақ ұшулардың қауіпсіздігі мәселелеріне немесе аэронавигациялық, техникалық, әкімшілік және заңдық мәселелерге қатысты ақпаратты қамтитын хабарлама;

      13) аэронавигациялық ақпараттың электрондық жинағы – электрондық тасушыда немесе компьютер экранында бейнелеуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік беретін форматтағы интернет-ресурс арқылы берілетін аэронавигациялық ақпарат жинағы;

      14) аэронавигациялық деректер – аэронавигациялық нақты деректерді, тұжырымдамаларды немесе нұсқаулықтарды байланыс, түсіндіру немесе өңдеу үшін ыңғайлы формальді тәртіппен баяндау;

      15) аэронавигациялық карта – аэронавигация үшін арнайы тағайындалған жер бетінің учаскесі, оның бедері және жасанды құрылыстары бейнеленген шартты бейне;

      16) аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісі – әуе қозғалысын ұйымдастыруды және (немесе) басқа аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      17) деректер ажыратымдылығы – қолданылатын өлшенген немесе есептелген мәннің тәртібін анықтайтын бірліктердің немесе цифрлардың саны;

      18) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      19) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      20) аймақтық навигация – әуе кемелеріне кез келген траектория бойынша жер үсті немесе спутниктік навигациялық құралдардың әрекет аймақтары шегінде және автономды құралдардың немесе олардың құрамдастарының мүмкіндіктерімен анықталатын шектерінде ұшу жасауға мүмкіндік беретін навигация әдісі;

      21) аймақтағы ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі – аспаптық метеорологиялық жағдайларда пайдаланылуға тиісті және әдетте паралельдермен және меридиандармен айқындалатын белгіленген аймақ шегіндегі кедергілердің үстінен ең төменгі биіктік қорын қамтамасыз ететін ең төменгі абсолюттік биіктік;

      22) ақпарат өнімі – деректер шоғыры немесе ақпарат өнімінің ерекшеліктеріне жауап беретін деректер шоғырының жиынтығы;

      23) аспаптар бойынша қонуға кіру схемасы – кедергілермен соқтығысуды болдырмауды көздейтін белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесінен немесе, тиісті жағдайларда, белгіленген ұшып келу маршрутының басынан бастап, қону орындалуы мүмкін нүктеге дейін, ал егер қону орындалмаған болса, күту аймағында немесе маршрутта кедергілердің үстінен ұшып өту өлшемшарттары қолданылып басталатын нүктеге дейін пилотаждық аспаптар бойынша орындалатын алдын ала белгіленген маневрлер сериясы;

      24) асып кету – тік бойынша теңіздің орта деңгейінен жер бетінің немесе онымен байланысты объектінің нүктесіне немесе деңгейіне дейінгі арақашықтық;

      25) әуеайлақ ауданына келудің абсолюттік биіктігі – радиусы 46 километр (25 теңіз мильдер) айналым доғасы жармасында орналасқан барлық объектілердің үстінен 300 метр (1000 фут) болатын ең төменгі биіктік қорын қамтамасыз ететін, орталығы қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесінде немесе, егер қонуға кірудің бастапқы кезеңінің нүктесі жоқ болса, осы доғаның ұштарын қонуға кірудің аралық кезеңінің нүктесімен қосатын тура сызықтармен шектелген қонуға кірудің аралық кезеңінің бақылау нүктесінде болатын ең аз абсолюттік биіктік;

      26) әуемен жүріп-тұруға арналған маршрут - тікұшақтардың әуемен жүріп-тұруының белгіленген маршруты;

      27) әуеайлақ – әуе кемелерінің толық немесе ішінара келуі, кетуі және сол жазықтықтағы қозғалысына арналған жер немесе су бетіндегі (кез келген ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтарды қоса алғанда) белгіленген учаскесі;

      28) әуе трассасы – дәліз түрiндегi бақыланатын әуе кеңiстiгi (немесе оның бір бөлігі);

      29) әуеайлақтың бақылау нүктесі – әуеайлақтың географиялық орналасқан жерін айқындайтын нүкте;

      30) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс ағынын бағыттауға арналған белгіленген маршрут;

      31) әуе кемесіне қызмет көрсету – тиісті жағдайларда ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді, авариялық хабарлауды, әуе кемесіне консультациялық қызмет көрсетуді, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, жақындау кезінде диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету) білдіретін жалпы термин;

      32) әуеайлақтың картографиялық деректері - әуеайлақтық картографиялық ақпаратты жасау мақсатында жиналатын деректер;

      33) әуеайлақтың картографиялық дерекқоры - жүйелендірілген және құрылымдалған деректердің жиынтығы түрінде ұсынылған әуеайлақтың картографиялық деректерін іріктеу;

      34) әуеайлақтан асып кету – қону алаңының ең жоғары нүктесінен асып кету;

      35) әуеайлақтың пайдалану минимумдары – төмендегілер үшін әуеайлақты пайдалануға шектеу қою:

      ұшу-қону жолағындағы көріну ұзақтығы және/немесе көріну мәндерімен және қажет болған жағдайда, бұлттылық параметрлерімен белгіленетін ұшып көтерілу үшін;

      қонуға дәл кіруді орындау кезінде қондыру және ұшу-қону жолағында көріну және/немесе көрінудің алыстығы және пайдалану санаттарына сәйкес шешім қабылдаудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі мәндерімен белгіленетін қонулар үшін;

      қонуға кіруді орындау кезінде қону және ұшу-қону жолағында көріну және/немесе көріну алыстығы және шешім қабылдаудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі мәндерімен белгіленетін тік жазықтыққа дәлдеумен қонулар үшін;

      қонуға дәл емес кіруді орындау кезінде қону және ұшу-қону жолағында көріну және/немесе көрінудің алыстығы, төмендеудің ең төменгі абсолюттік/салыстырмалы биіктігі мәндерімен және қажет болған жағдайда бұлттылық параметрлерімен белгіленетін қонулар үшін;

      36) база – басқа шамаларды есептеудің басы немесе негізі ретінде қызмет ететін кез келген шама немесе шамалар қатары;

      37) бедер – аэронавигациялық карталарда горизонтальдармен, реңктік гипсометриямен, бояу жуумен немесе биіктік белгілерімен берілген жер бетінің тегіс емес жерлері;

      38) белгілер – әуе кемелерінің және/немесе көлік құралдарының әуеайлақта жер үсті қозғалысын ұйымдастыруға арналған жер деңгейіне сай орнатылған және ондағы жазбалар, символдар, әріптер немесе сандар немесе олардың комбинациясы түріндегі ақпаратты олардың панелінде көрсететін құрылғылар. Олар жағдайға қарай тек бір ғана хабарламаны жіберетін сондай-ақ бірнеше алдын ала белгіленген хабарламалардың жіберілуін қамтамасыз ететін ауыспалы ақпарат бере алатын немесе қажет болса қандай да бір ақпараттың жіберілуін тоқтата алады;

      39) аэронавигациялық ақпарат өнімі - цифрлық деректер массивтері түрінде немесе стандартталған форматта баспа түрінде немесе электрондық тасығыштарда ұсынылатын аэронавигациялық деректер және аэронавигациялық ақпарат. Аэронавигациялық ақпарат өнімдеріне мыналар кіреді:

      аэронавигациялық ақпараттар жинағы, өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда;

      аэронавигациялық ақпараттың циркуляры;

      аэронавигациялық карталар;

      NOTAM;

      сандық деректер массиві;

      40) валидация - нақты болжамды пайдалануға немесе қолдануға арналған талаптардың орындалғаны туралы объективті куәліктерді ұсыну арқылы растау;

      41) векторлау – әуе кемелерін ӘҚҚ бақылау жүйелерін қолдану негізінде белгілі бір курстарды көрсету арқылы навигациялық бағыттауды қамтамасыз ету;

      42) верификация - белгіленген талаптардың орындалғаны туралы объективті куәліктерді ұсыну арқылы растау;

      43) геоид толқыны (геоид биіктігі) – геоид беті мен математикалық тұрғыдан анықталған референц-эллипсоид беті арасындағы қашықтық (оң немесе теріс мағына);

      44) геоид – Жердің гравитациялық өрісіндегі теңіздің бекітілген орта деңгейі мен оның материктер алып жатқан жалғасына сәйкес келетін баламалы әлеуетті беті. Жергілікті гравитациялық ауытқулардың салдарынан геоид пішіні дұрыс емес қалыптасқан, сондықтан ауыртпалық күшінің бағыты кез келген нүктеде геоид бетіне перпендикуляр;

      45) геодезиялық координаталар жүйесі-жергілікті сілтеме жүйесінің ғаламдық сілтеме/координат жүйесіне қатысты орналасуы мен бағытын анықтау үшін қажетті параметрлердің ең аз жиынтығы;

      46) геодезиялық қашықтық - математикалық анықталған эллипсоид бетіндегі кез келген екі нүктенің арасындағы ең кіші қашықтық;

      47) глиссада – қонуға кірудің соңғы кезеңінде тік бағыттау үшін орнатылған төмендеу пішіні;

      48) григориандық күнтізбе – көпшілік қабылдаған күнтізбе; алғашқы рет юлиандық күнтізбемен салыстырғанда тропикалық жылға барынша сәйкес келетін жылды анықтау үшін 1582 жылы енгізілген;

      49) дәлдік – есептеу немесе өлшеу мәнінің нақты мәнге сәйкес келу дәрежесі. Тұрған жерді өлшеу дәлдігі, әдетте, нақты тұрған жері анықталған ықтимал дәрежесімен белгіленген шектегі хабарланған жерінен бергі қашықтықпен беріледі;

      50) деңгей - ұшудағы әуе кемесінің тік жазықтықтағы жағдайына қатысты және тиісті жағдайларда салыстырмалы биіктікті, абсолюттік биіктікті немесе ұшу эшелонын білдіретін жалпы термин;

      51) деректер сапасы – ұсынылған деректердің нақтылық, ажыратымдылық, тұтастық (немесе кепілдіктердің баламалы деңгейі), қадағалануын, уақтылылығын, толықтығын және форматын тұрғысынан деректерді пайдаланушы қоятын талаптарға жауап бере алатындығының дәрежесі немесе деңгейі;

      52) деректер шоғырының жиынтығы - өнімнің бірдей ерекшеліктеріне сәйкес келетін деректер шоғырының жиынтығы;

      53) деректер шоғыры - деректердің белгілі бір жиынтығы;

      54) деректерді беру желісі бойынша "диспетчер-пилот" байланысы - деректерді беру желісін қолдану арқылы әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсатында диспетчер мен пилот арасындағы байланыс құралы;

      55) деректердің қадағалануы - жүйе немесе ақпараттық өнім осы өнімге енгізілген өзгерістерді тіркей алады, бұл соңғы пайдаланушыдан құрастырушыға дейін түпкілікті тексеруге мүмкіндік береді;

      56) деректер форматы - деректер элементтерінің, есептік жазбалардың және файлдардың стандарттарға, ерекшеліктерге немесе деректер сапасына қойылатын талаптарға сәйкестігі үшін ұйымдастырылған құрылымы;

      57) деректердің толықтығы - болжамды пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажетті барлық деректердің берілу ықтималдығының дәрежесі;

      58) деректердің уақтылығы - деректердің оларды болжамды пайдалану кезеңіне қолданылуы ықтималдығының дәрежесі;

      59) екінші айналымға кету схемасы – қонуға кіруді жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда ұстануға тиісті тәртіп;

      60) екінші айналымға кету нүктесі – аспаптар бойынша қонуға кіру схемасындағы кедергілердің үстінен биіктіктің ең төменгі қорын қамтамасыз ету үшін екінші айналымға кетудің алдын ала жасалған схемасы бойынша ұшу басталған немесе оған дейін ұшу басталған нүкте;

      61) жерге қону аймағы – жерге қонатын ұшақтар ұшу-қону жолағына бірінші жанасуға арналған ұшу-қону жолағы табалдырығының алдындағы учаскесі;

      62) жерге қону мен жер үстінен көтерілу аймағы – тікұшақ жерге қонуды немесе жер үстінен көтерілуді орындай алатын жүктеме түсетін алаң;

      63) жергілікті жер – жасанды кедергілерден басқа тау, төбешік, жота, алап, су шоғыры, мәңгілік мұз бен қар тәрізді табиғи элементтері бар жер беті;

      64) жергілікті жердегі кедергілер туралы деректерді есепке алу шегі – кедергілер (жергілікті жер) туралы деректер жасау мақсатында қолданылатын белгілі шек;

      65) жолдың нүктелері – аймақтық навигация маршрутын немесе аймақтық навигацияны қолданатын әуе кемесінің ұшу траекториясын анықтау үшін қолданылатын нақты географиялық пункт. Жолдың нүктелері төмендегідей белгіленеді:

      "флай-бай" жол нүктесі – маршруттың немесе схеманың мынадай учаскесіне шығуды қамтамасыз ету үшін алдын ала бұрылуды көздейтін жол нүктесі; немесе

      "флайовер" жол нүктесі – маршруттың немесе схеманың мынадай учаскесіне шығу мақсатында бұрылуды бастайтын жол нүктесі;

      66) жолдың сызығы – әуе кемесінің жер бетіне ұшу траекториясының әдетте бағыты кез келген нүктеде солтүстік бағыттан (ақиқат, магниттік немесе бұрыштық меридиандардан) санап шығарылатын бұрыш градустарымен белгіленетін проекциясы;

      67) жұмыс алаңы - әуеайлақтың маневрлеу алаңы мен перроннан (перрондардан) тұратын әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына және рульдеуге арналған бөлігі;

      68) жылжытылған ұшу-қону жолағының табалдырығы – ұшу-қону жолағының басталған жерінде орналаспаған табалдырық;

      69) изогон - белгілі бір дәуірдегі барлық нүктелерді бірдей магниттік ауытқумен байланыстыратын картадағы немесе схемадағы сызық;

      70) кедергілерді ұшып өтудің абсолюттік биіктігі – ұшу-қону жолағының тиісті шегін асып түсу үстіндегі немесе тиісті жағдайларда кедергілерді ұшып өтудің тиісті өлшемшарттарын сақтауды қамтамасыз ету үшін қолданылатын әуеайлақтан асып түсу үстіндегі ең кіші абсолюттік биіктік;

      71) кедергілерді ұшып өтудің салыстырмалы биіктігі – ұшу-қону жолағының тиісті шегін асып түсу үстіндегі немесе тиісті жағдайларда кедергілерді ұшып өтудің тиісті өлшемшарттарын сақтауды қамтамасыз ету үшін қолданылатын әуеайлақтан асып түсу үстіндегі ең кіші салыстырмалы биіктік;

      72) кедергілерден бос аймақ – қонуға кірудің ішкі бетінің, ауыспалы ішкі беттерінің және үзілген қону кезінде екінші айналымға кету бетінің және осы беттермен шектелген ұшу жолағы бөлігінің үстіндегі, салмағы жеңіл және аэронавигация мақсатында қажетті берік емес негіздегі ешбір қозғалмайтын кедергі шығып тұрмайтын әуе кеңістігі;

      73) кедергілердің үстінен ұшып өтудің ең төменгі абсолюттік биіктігі – белгілі учаскедегі кедергілердің үстінен қажетті биіктік қорын қамтамасыз ететін ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;

      74) кедергілерден бос жолақ – ұшақ соның үстінен белгіленген биіктікке дейін бастапқы биіктіктің бір бөлігіне көтерілуі үшін жарамды учаске ретінде таңдап алынған немесе дайындалған, тиісті уәкілетті органның бақылауындағы жер немесе су бетіндегі тік бұрышты учаскесі;

      75) кедергі - барлық жылжымайтын (уақытша немесе тұрақты) және жылжитын нысандар немесе олардың мына жерлердегі бөлігі:

      әуе кемелерінің жер бетінде қозғалуына арналған аймақта орналасқан;

      ұшып бара жатқан әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір жерде тұрғызылған;

      осы жерлер шегінде орналасқан және әуе навигациясы үшін қауіп төндіретін деп бағаланған;

      76) келесі болжамды пайдаланушы - аэронавигациялық ақпаратты немесе ақпаратты аэронавигациялық ақпарат қызметінен алатын ұйым;

      77) кері схема – әуе кемесіне аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының бастапқы учаскесінде бағытты өзгертуге мүмкіндік беретін схема. Бұл маневр стандартты бұрылу немесе қонатын сызыққа бұрылуды қамтуы мүмкін;

      78) көлденең – бірдей асып түсу нүктесін байланыстыратын картадағы немесе схемадағы сызық;

      79) көріну - адамдарға ақпарат беру;

      80) күту аймағындағы ұшу схемасы – әуе кемесіне келесі шешімді күту үшін белгілі бір әуе кеңістігі шеңберінде бола тұруға мүмкіндік беретін алдын ала белгіленген маневр;

      81) қадағалануы - қарастырылатын нәрсенің тарихын, қолданылуын немесе орналасқан жерін бақылау мүмкіндігі;

      82) қауіпті аймақ – соның шегінде белгілі бір уақыт аралығында әуе кемелерінің ұшуына қауіп төндіретін қызмет жүзеге асырылуы мүмкін белгілі ауқымдағы әуе кеңістігі;

      83) қауіпті учаске - ұшу-қону жолағына соқтығысу немесе санкцияланбаған шығу орын алған немесе осындай жағдайлардың әлеуетті қаупі бар және ұшқыштардың/жүргізушілердің жоғары назарын талап ететін әуеайлақтың жұмыс алаңындағы учаске;

      84) қолдану - пайдаланушының талаптарын ескере отырып, деректерді басқару және өңдеу;

      85) қону бағытының көрсеткіші - қазіргі сәтте белгіленген ұшу және қону бағытын көзбен шолып көрсетуге арналған құрылғы;

      86) қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңінің аймағы – үстінен қонуға кіру маневрінен бастап әуеде қалқып тұру режиміне дейінгі соңғы кезең немесе қону орындалатын және ұшып көтерілу маневрі басталатын белгіленген аймақ. Қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңінің аймағы 1-класты ұшу-техникалық сипаттамалары бар ұшақтар пайдаланатын жағдайларда бұл белгіленген аймақ үзілген ұшып көтерілудің орналастырылған аймағын қамтиды;

      87) қонуға кірудің соңғы учаскесі – соның шегінде ұшу-қону жолағының жармасына шығу және қонуға төмендеу жүргізілетін аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының учаскесі;

      88) қонуға кірудің соңғы кезеңі – қонуға кірудің соңғы кезеңінің белгіленген бақылау нүктесінде (немесе нүктесінде) немесе осындай нүкте жоқ болған жағдайда:

      егер ондай көзделген болса, "ипподром" үлгісіндегі схемада ең соңғы стандартты бұрылу, қонатын сызыққа бұрылу немесе жақындау жолының сызығына бұрылу соңында; немесе

      қонуға кіру схемасындағы жолдың ең соңғы сызығына шығу нүктесінде басталып, әуеайлақ ауданындағы қону орындалуы немесе екінші айналымға кету басталуы мүмкін нүктеде аяқталады;

      89) қонуға кірудің соңғы кезеңінің бақылау нүктесі (немесе нүктесі) –аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының қонуға кірудің соңғы кезеңінің учаскесі басталатын бақылау нүктесі (немесе нүктесі);

      90) қонуға кірудің бастапқы учаскесі – аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесі мен қонуға кірудің аралық кезеңінің бақылау нүктесі арасындағы немесе, тиісті жағдайларда, қонуға кірудің соңғы кезеңінің бақылау нүктесі (немесе нүктелері) арасындағы учаскесі;

      91) жерге қону алаңы – әуе кемелерінің қонуына және ұшып көтерілуіне арналған жұмыс алаңының бір бөлігі;

      92) қонуға кірудің аралық учаскесі – аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының тиісінше қонуға кірудің аралық кезеңінің бақылау нүктесі мен қонуға кірудің соңғы кезеңі нүктесінің (немесе нүктесінің) бақылау нүктесі немесе кері схеманың, "ипподром" үлгісіндегі схеманың немесе есептеу әдісімен салынатын жол сызығының соңы және қонуға кірудің соңғы кезеңінің бақылау нүктесі (немесе нүктесі) аралығындағы учаскесі;

      93) қонуға визуалды кіру схемасы – визуалды бағдар бойынша қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесінен немесе, тиісті жағдайларда, белгіленген ұшып келу маршрутының басынан бастап, қону орындалуы мүмкін және, егер қону орындалмаған болса, одан кейін екінші шеңберге кету схемасы орындалуы мүмкін алдын ала белгіленген маневрлер сериясы;

      94) қонуға дәл кіру схемасы – ILS немесе РАR беретін азимут және глиссада туралы ақпаратты пайдалана отырып, аспаптар бойынша қонуға кіру схемасы;

      95) қосылу мекенжайы – деректерді әуе қозғалысына қызмет көрсету органына беру желісін қосу үшін қолданылатын орнатылған код;

      96) құрастыру (бастапқы аэронавигациялық деректерді немесе аэронавигациялық ақпаратты) - жаңа деректермен немесе ақпаратпен байланысты параметрлерді қалыптастыру немесе қолда бар деректер немесе ақпарат параметрлерін өзгерту;

      97) құрастырушы (бастапқы аэронавигациялық деректерді немесе аэронавигациялық ақпаратты) - деректерді немесе ақпаратты қалыптастыруға жауап беретін және одан аэронавигациялық ақпарат қызметінің органы аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты алатын ұйым;

      98) магниттік ауытқу – ақиқат және магниттік меридианның солтүстік бағыты арасындағы бұрыш;

      99) маршрут бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі – маршрут учаскесіндегі тиісті навигациялық құралдар мен әуе қозғалысына қызмет көрсету байланыс құралдарының сигналдарын барабар қабылдауды қамтамасыз ететін, әуе кеңістігінің құрылымына сәйкес келетін және кедергілердің үстінен қажетті биіктік қорын қамтамасыз ететін ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;

      100) маршруттың кезеңі - аралық қонусыз ұшып өтетін маршрут (немесе оның бөлігі);

      101) маневрлеу алаңы – әуеайлақтың әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына және рульдеуіне арналған перроннан басқа бөлігі;

      102) метадеректер - деректер туралы деректер;

      103) навигациялық ерекшелік - белгіленген әуе кеңістігі шегінде сипаттамаларға негізделген навигация жағдайларында ұшуды қамтамасыз ету үшін қажетті әуе кемесіне және ұшу экипажына қойылатын талаптар жиынтығы. Навигациялық ерекшеліктердің екі түрі бар:

      Навигациялық сипаттамаларды қажет ететін ерекшелік. Аймақтық навигацияға негізделген навигациялық ерекшелік, оның құрамына RNP префиксімен белгіленген сипаттамалардың сақталмауы туралы ескертулердің сақталуы және берілуі туралы талаптар кіреді, мысалы, RNP 4, RNP АРСН.

      Аймақтық навигацияның ерекшеліктері. Аймақтық навигацияға негізделген навигациялық ерекшелік, ол RNAV префиксімен белгіленген сипаттамалардың сақталуы және сақталмауы туралы ескертулерді беру туралы талапты қамтымайды, мысалы RNAV 5, RNAV 1;

      104) негізгі нүкте - әуе қозғалысына қызмет көрсету маршрутын, әуе кемесінің ұшу траекториясын айқындау үшін және навигацияның және әуе қозғалысына қызмет көрсетудің басқа да мақсаттары үшін пайдаланылатын белгіленген географиялық орын;

      105) орналасқан жер (географиялық) - нүктенің жер бетіндегі орналасқан жерін анықтайтын математикалық тұрғыдан анықталған референц-эллипсоид арқылы берілетін координаттар (ені мен ұзындығы);

      106) ортометриялық биіктік - геоид бетінен жоғары нүктенің биіктігі, әдетте, теңіздің орташа деңгейінен асып кетуді білдіреді;

      107) өткелдің абсолюттік биіктігі – әуе кемесінің абсолюттік биіктікте немесе одан төмен тұрған жері тік жазықтықта абсолюттік биіктік шамасында беріледі;

      108) перрон – жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, пошта немесе жүкті тиеу немесе түсіру, май құю, тұрақтау немесе техникалық қызмет көрсету мақсатында әуе кемелерін орналастыруға арналған құрлықтағы әуеайлақ алаңының белгілі аумағы;

      109) посттар арасындағы аралық - екі көршілес биіктік белгілерінің арасындағы бұрыштық немесе сызықтық қашықтық;

      110) реңктік гипсометрия – жер бетінен асып кету деңгейін көрсету үшін қолданылатын түстер мен олардың реңктерінің жүйелік градациясы;

      111) рульдеу маршруттары – тікұшақтардың түкұшақ алаңының бір бөлігінен екінші бөлігіне жүруінің белгіленген траекториясы. Рульдеу маршруты рульдеу маршрутының осьтік сызығының бойымен өтетін, түкұшақтарды бұруға арналған әуедегі немесе жердегі рульдеу жолын қамтиды;

      112) рульдеу жолы – құрлықтағы әуеайлақтағы әуе кемелерінің бұрылуы үшін орнатылған және әуеайлақтың бір бөлігін екіншісімен қосуға арналған белгілі бір жол, оның ішінде:

      әуе кемесінің тұрақтағы рульдеу жолағы – рульдеу жолы ретінде белгіленген және тек әуе кемелерінің тұрақ орындарына жақындауды қамтамасыз етуге арналған перрон бөлігі;

      перрондық рульдеу жолы. Перронда орналасқан және перрон арқылы рульдеу маршрутын қамтамасыз етуге арналған рульдеу жолдары жүйесінің бір бөлігі;

      жылдамдықты рульдеу жолы – ұшу-қону жолағымен сүйір бұрыш арқылы жалғанған және қонған ұшаққа басқа шықпа рульдеу жолдарында қол жеткізілетін жылдамдықтарға қарағанда жоғарырақ жылдамдықпен ұшу-қону жолағынан шығып кетуге және соның арқасында ұшу-қону жолағында болу уақытын барынша азайтуға мүмкіндік беретін рульдеу жолы;

      113) сандық асып кету моделі - белгілі бір тордың барлық түйіндеріндегі асып кету мәндерінің жалпы базасынан есептелетін үздіксіз қатар түрінде жер бетінің көрінісі;

      114) сапа – меншікті сипаттамалар жиынтығының қойылған талаптарды орындау дәрежесі;

      115) сапаны бақылау - сапа талаптарын орындауға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі;

      116) сапа менеджменті – ұйымның сапаға қатысты басшылық ету және басқару жөніндегі үйлестірілген қызметі;

      117) сапаны қамтамасыз ету – сапаға қойылатын талаптардың орындалатынына сенім туғызуға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі;

      118) аэронавигациялық ақпаратты басқару - кепілдендірілген сападағы цифрлық аэронавигациялық деректерді ұсыну және оларды барлық тараптармен ынтымақтастықта алмасу жолымен аэронавигациялық ақпаратты серпінді, кешенді басқару;

      119) салыстырмалы биіктік – тік бойынша көрсетілген бастапқы деңгейден бастап, нүкте ретінде қабылданған деңгейге, нүктеге немесе объектіге дейінгі арақашықтық;

      120) сенімділік деңгейі - параметрдің шын мәні оның бағалау мәні айналасындағы белгілі бір аралықтың шегінде болу ықтималдығы;

      121) сектордағы ең төменгі абсолюттік биіктік – пайдаланылуы мүмкін және ортасында негізгі нүкте, әуеайлақтың бақылау нүктесі немесе тікұшақ айлағының бақылау нүктесі орналасқан радиусы 46 километр (25 теңіз мильдер) шеңбер секторындағы барлық объектілердің үстінен ең төмен дегенде 300 метр (1000 фут) артық биіктікті қамтамасыз ететін ең аз абсолюттік биіктік;

      122) тежеудің ақырғы жолағы – екпіннің орналасқан ұзындығының соңындағы үзілген ұшып көтерілу орын алған жағдайда әуе кемесін тоқтату үшін жарамды учаске ретінде дайындалған жер бетінің белгілі бір тік бұрышты учаскесі;

      123) техногенді орта – жер бетіндегі барлық жасанды құрылыстар, мәселен, қалалар, теміржолдар және арналар;

      124) тұрақ орны - перрондағы әуе кемесін қою үшін арнайы бөлінген учаске;

      125) деректердің тұтастығы (кепілдіктер деңгейі) – аэронавигациялық деректердің және олардың параметрлерінің түзетулер дайындалған немесе санкцияланған енгізілген сәттен бастап жоғалмағанының немесе өзгермегенінің анықталған кепілі;

      126) тұтастықты жіктеу (аэронавигациялық деректер) - бұрмаланған деректерді пайдаланудың әлеуетті тәуекеліне негізделген жіктеу. Аэронавигациялық деректердің мынадай сыныптамасы қолданылады:

      қалыпты деректер: бұрмаланған жай деректерді пайдалану кезінде ұшуды қауіпсіз жалғастыру және әуе кемесінің қонуы елеулі тәуекелмен және апат мүмкіндігімен ұштасатын өте аз ықтималдық бар;

      маңызды деректер: бұрмаланған маңызды деректерді пайдалану кезінде ұшуды қауіпсіз жалғастыру және әуе кемесінің қонуы елеулі тәуекелмен және апат мүмкіндігімен ұштасатын аз ықтималдық бар;

      сындарлы деректер: бұрмаланған сыни деректерді пайдалану кезінде ұшуды қауіпсіз жалғастыру және әуе кемесінің қонуы елеулі тәуекелмен және апат мүмкіндігімен ұштасатын үлкен ықтималдық бар;

      127) тұтастыру - көптеген көздерден алынған деректерді дерекқорға біріктіру және кейіннен өңдеу үшін негіз құру процесі;

      128) тыйым салу аймағы – әуе кемелерінің ұшуына тыйым салынған мемлекет аумағында немесе аумақтық сулар үстіндегі белгіленген өлшемдегі әуе кеңістігі;

      129) тікұшақ айлағы – тікұшақтардың толық немесе жартылай келуі, кетуі және сол жазықтықтағы қозғалысына арналған әуеайлақ немесе құрылыстағы белгілі бір бет учаскесі;

      130) ұшу-қону жолағындағы көріну алыстығы – ұшу-қону жолағының осьтік сызығында орналасқан әуе кемесінің пилоты ұшу-қону жолағында үстіндегі таңбалау белгілерін немесе ұшу-қону жолағы шектейтін немесе оның осьтік желісін белгілейтін оттарды көре алатын арақашықтық;

      131) ұшу-қону жолағының жанындағы күту орны – ұшу-қону жолағының, кедергілерді шектеу бетін немесе, егер тиісті диспетчерлік пункттен басқа нұсқау болмаса, бұрылатын әуе кемелері мен көлік құралдары тоқтап және күтіп тұратын әсер сезгіш/шекті аспаптар бойынша қонуға кіру жүйелері/микротолқынды қону жүйелері аймағын қорғауға арналған белгілі бір орын;

      132) ұшу-қону жолағының табалдырығы – қону үшін пайдаланылу мүмкін ұшу-қону жолағы учаскесінің бас жағы;

      133) ұшу алдындағы ақпарат бюллетені – ұшу алдында дайындалған, айрықша пайдаланылу маңызы бар ағымдағы NОТАМ ақпараты;

      134) ұшу-қону жолағы – әуе кемелерінің қонуы мен ұшуы үшін дайындалған құрлықтағы әуеайлақтың белгілі бір тік бұрышты учаске;

      135) ұшуды шектеу аймағы – әуе кемелерінің ұшуы белгілі шарттармен шектелген аумақ немесе аумақтық сулар үстіндегі белгіленген өлшемдегі әуе кеңістігі;

      136) ұшып келу маршруттары – аспаптар бойынша қонуға кіру схемасында көрсетілген, маршрут бойынша ұшу кезеңі аяқталғаннан кейін әуе кемелері қонуға кірудің бастапқы кезеңініің бақылау нүктесіне шыға алатын маршруттар;

      137) ұшу эшелоны – қысымының белгіленген 1013,2 гектопаскаль (гПа) мәніне жатқызылған және басқа да осындай беттерден белгіленген қысым интервалдарының мәніне алыс тұрған тұрақты атмосфералық қысымның беткі жағы;

      138) циклдық артық кодты пайдалану арқылы бақылау – деректерді жоғалып кетуден немесе өзгеруден қорғаудың белгілі деңгейін қамтамасыз ететін, деректердің цифрлық мәніне қатысты қолданылатын математикалық алгоритм;

      139) элемент - нақты әлем құбылыстарын білдіретін дерексіз ұғым;

      140) элемент атрибуты - элемент сипаттамасы, деректер түрі және онымен байланысты мәндер аймағын қамтитын сипаттамасы;

      141) элемент әрекеті - тиісті типтегі әрбір элемент орындай алатын әрекет;

      142) элементтердің өзара байланысы - бір типтегі элементтер мен бір немесе басқа типтегі элементтер арасындағы байланыс;

      143) элемент түрі - жалпы қасиеттері бар нақты әлем құбылыстарының класы;

      144) эллипсоидқа қатысты биіктік (геодезиялық биіктік) - референц-эллипсоидтың бетіне қатысты қаралып отырған нүкте арқылы жүргізілген эллипсоидке нормаль бойымен өлшенген биіктік;

      145) AIRAC – күшіне енудің жалпы күндерінің негізінде пайдалану тәжірибесіне маңызды өзгерістер енгізу қажеттілігін тудыратын жағдайлар туралы алдын ала хабарлауға арналған жүйені бiлдiретiн қысқарту;

      146) NОТАМ – электр байланысы құралдарымен таралатын және уақтылы ескертілген жағдайда, ұшуларды орындаумен байланысты персонал үшін маңызды болып табылатын кез келген азронавигациялық жабдықты іске қосу, оның жай-күйі немесе өзгеруі, қызмет көрсету және қағидалар немесе қауіп-қатер туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;

      147) SNOWTAM – әуеайлақтың жұмыс алаңында қардың, мұздың, батпақтың, қыраудың, тұрып қалған судың немесе қардың, батпақтың, мұздың немесе қыраудың еруі нәтижесінде пайда болған судың болуына байланысты қауіпті жағдайлардың болуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлауды, ұшу-қону жолағы бетінің жай-күйі туралы хабарламаны қамтитын стандартты форматта берілетін арнайы сериялы NOTAM.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Осы Қағидаларда мынадай қысқартулар қолданылады:

      ААҚ – аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі;

      АҚК – аэронавигациялық қызмет көрсету;

      АҰЕ – аспаптар бойынша ұшу ережелері;

      ӘҚҚ – әуе қозғалысына қызмет көрсету;

      ӘҚҰ – әуе қозғалысын ұйымдастыру;

      ӘШҚ – әуе шабуылына қарсы қорғаныс;

      ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

      ӨЖЖ – өте жоғары жиілік;

      РЖ – рульдеу жолы;

      ТО – тұрақ орны;

      ТСЖ – тежеудің соңғы жолағы;

      ҰҚЖ – ұшу-қону жолағы;

      AD – әуеайлақтар;

      ADIZ – әуе шабуылына қарсы қорғанысын тану аймағы;

      AFS – авиациялық белгіленген қызметі;

      AFTN – электр байланыстың бекітілген авиациялық желісі;

      AIC – аэронавигациялық ақпарат циркуляры;

      AIP – аэронавигациялық ақпарат жинағы;

      AMA – аймақтағы ең төменгі абсолюттік ұшу биіктігі;

      ARP – әуеайлақтың бақылау нүктесі;

      CRC – циклдық артық код;

      CTA – диспетчерлік аудан;

      CTR – диспетчерлік аймақ;

      DME – қашықтықты өлшейтін жабдық;

      ENR – бағыт;

      FATO – қонуға кірудің және ұшудың соңғы кезеңінің аймағы;

      FAF/FAP – қонуға кірудің соңғы кезеңінің бақылау нүктесі;

      GEN – жалпы ережелер;

      GNSS – жаһандық навигациялық спутниктік жүйе;

      HRP – тікұшақ айлағының бақылау нүктесі;

      IAF – қонуға кірудің бастапқы кезеңінің нүктесі;

      IF – қонуға кірудің аралық кезеңінің нүктесі;

      ILS – аспаптар бойынша қонуға кіру жүйесі;

      INS – инерциялық навигациялық жүйе;

      MAPt – екінші айналымға кету нүктесі;

      MDA/H – төмендеудің ең төменгі абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;

      MEA – бағыт бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;

      MLS – қонуға кірудің қысқа толқынды жүйесі;

      MOCA – кедергілерді ұшып өтудің ең төменгі абсолюттік биіктігі;

      MSL – теңіздің орташа деңгейі;

      NAVAID – навигациялық құрал;

      NDB – бағытталмаған радиомаяк;

      NIL – ақпараттың жоқтығы;

      OCA/H – кедергілерді ұшып өтудің абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;

      OFZ – кедергілерден бос аймақ;

      PBN – сипаттамаларға негізделген навигация;

      RNAV – аймақтық навигация;

      RVR – ұшу-қону жолағындағы көріну қашықтығы;

      SID – аспаптар бойынша стандарттық ұшу;

      STAR – аспаптар бойынша келудің стандарттық схемасы;

      TAA – әуеайлақ маңына ұшып келудің абсолюттік биіктігі;

      TLOF – жерге қону және көтерілу аймағы;

      UTC – дүниежүзілік үйлестіру уақыты;

      VOR– көп бағытты ӨЖЖ радиомаяк;

      WGS-84 – 1984 жылғы дүниежүзілік геодезиялық жүйе.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Көлденең жазықтықта есептеу жүйесі (геодезиялық) ретінде аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында 1984 (WGS-84) Дүниежүзілік геодезиялық жүйесі қолданылады. Ені мен бойлықты білдіретін географиялық координаталар (WGS-84) Дүниежүзілік геодезиялық жүйесіне қатысты көрсетіледі.

      5. Жұлдызшамен (*) WGS-84 координаталарына өзгертілген географиялық координаталар және осы Қағидалардың 1-қосымшасына көрсетілген аэронавигациялық деректердің сапасына сай келмейтін геодезиялық түсіру дәлдігі белгіленеді.

      6. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсаттары үшін тік жазықтықта есептеу жүйесі ретінде теңіздің орташа деңгейі (MSL) және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның "Аэронавигациялық ақпарат қызметі" 15-қосымшасына сәйкес Жердің гравитациялық үлгісі қолданылады.

      Осы позициялар үшін нақты түсірілетін жерүсті позицияларының MSL қатысты асып түсу мәндеріне қосымша геоид толқыны туралы ақпарат (WGS-84 элипсоиді бетіне қатысты) жарияланады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2018 № 839 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсаттары үшін уақытты есептеу жүйесі ретінде григориан күнтізбесі мен UTC қолданылады.

      8. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасы жауапты болатын аудандарда ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның "Аэронавигациялық ақпарат қызметтері" 15-қосымшасының және Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулық (Dос 8126, ИКАО құжаты) талаптарына, сондай-ақ "Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Аэронавигациялық ақпаратты басқару" ИКАО PANS-AIM (Doc 10066) құжатына сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін қажет барлық шараларды қабылдайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың дәйектілігін, дәлдігін және уақтылығын қамтамасыз етуді бақылайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2019 № 397 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Аэронавигациялық ақпаратты ұсынуды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АНҚ берушісінің аэронавигациялық ақпарат қызметі қамтамасыз етеді.

      ААҚ басқа мемлекеттер ұсынатын аэронавигациялық ақпарат өнімдерінің барлық элементтері жіберілетін орган болып табылады. Қажет болған кезде ААҚ басқа мемлекеттер ұсынатын аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты алуға сұрау салуды жүзеге асыра алады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Аспаптар бойынша ұшу (ұшып шығу, ұшып келу және қонуға кіру) схемаларын әзірлеуді, сондай-ақ көзбен шолып ұшу карталары мен аэронавигациялық карталарды дайындауды ААҚ жүзеге асырады.

      12. ААҚ ұшулардың қауіпсіздігі, тұрақтылығы және тиімді орындалуы үшін қажет ақпараттар (деректер) ағынын қамтамасыз етеді.

      13. ААҚ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ егемендігі айқындалмаған әуе кеңістігі, онда Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын, аэронавигациялық ақпаратты мен деректерді алады немесе жасайды, тексереді, жинақтайды, редакциялайды, пішімге келтіреді, басып шығарады, сақтайды және таратады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13-1. Аэронавигациялық деректермен және аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ААҚ қызметтің жеделдігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ететін автоматтандыру құралдарын пайдаланады.

      Ескерту. 1-тарау 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13-2. ААҚ қызметі автоматтандыру құралдарын енгізу кезінде аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпараттың тұтастығына назар аударады және олар анықталған кезінде тәуекел факторларын жою бойынша шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 1-тарау 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13-3. Аэронавигациялық деректердің сапасына қойылатын талаптарды сақтау үшін автоматтандыру құралдары:

      1) деректерді өңдеуге тартылған тараптар арасында аэронавигациялық деректермен алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

      2) аэронавигациялық ақпарат алмасу модельдерін және жаһандық функционалдық үйлесімділікке есептелген деректер алмасу модельдерін пайдаланады.

      Ескерту. 1-тарау 13-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13-4. Автоматтандыру құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда ААҚ аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпарат ағынының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.

      ААҚ персоналының күтпеген жағдайлар және автоматтандыру құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайдағы іс-әрекеттері сай-дың тиісті рәсімдерінде сипатталады.

      Ескерту. 1-тарау 13-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Аэронавигациялық ақпарат аэронавигациялық ақпарат өнімдері және олармен байланысты қызметтер түрінде ұсынылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-1. Аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпарат әртүрлі форматта ұсынылған жағдайларда деректер мен ақпараттың әртүрлі форматта келісілуін қамтамасыз ету процестері енгізіледі.

      ААҚ қызметі ұсынатын аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпараттың форматы "Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Аэронавигациялық ақпаратты басқару" ИКАО PANS-AIM (Doc 10066) құжатының ережелеріне сәйкес келеді және оларды болжамды пайдалану үшін қолайлы болып табылады.

      Ескерту. Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. ААҚ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның "Аэронавигациялық ақпарат қызметтері" 15-қосымшасының және Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулық (Dос 8126, ИКАО құжаты) талаптарына сәйкес, сондай-ақ "Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Аэронавигациялық ақпаратты басқару" ИКАО PANS-AIM құжатына (Doc 10066) сәйкес аэронавигациялық ақпарат өнімдері жариялануын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Тәулік бойғы қызмет көрсету қамтамасыз етілмеген жағдайларда, оны ААҚ ӘҚҚ көрсетуге жауапты аудандарда толық ұшу барысында, сондай-ақ ұшу алдында және одан кейін екі сағат ішінде ұсынады. Қызмет көрсету тиісті ұйымның сұрауы бойынша кез келген басқа уақытта ұсынылады.

      17. ААҚ-ін ұйымдастыру кезінде, сондай-ақ аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастыру, мазмұнын белгілеу, өңдеу және тарату кезінде оларды тиімді пайдалануға әкелетін адами факторлардың аспектілері ескеріледі.

      Ақпараттың бүтіндігін ескере отырып, адамдар арасында өзара іс-қимыл жасау талап етілген жағдайларда, және тәуекел факторлары анықталған кезде оларды жою бойынша шаралар қолданылады.

      18. ААҚ аэронавигацияның қауіпсіздігін, тұрақтылығын және тиімділігін ӘҚҰ қауымдастығы, оның ішінде:

      1) ұшуды жоспарлау кезінде және пилотаждық жаттығу құрылғысында ұшу экипаждарын қоса алғанда, ұшуды жүргізумен байланысты персонал;

      2) ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуге жауапты ӘҚҚ органы және ұшу алдындағы ақпарат үшін жауапты қызметтер қоятын пайдалану талаптарына жауап беретін нысанда қамтамасыз етуге қажетті аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) ұсынады.

      18-1. ААҚ ақпаратты басқару процестерін айқындайды, ал азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісі ӘҚҰ жүйесінің шеңберінде кепілдік берілген сападағы аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты уақтылы жинауды, өңдеуді, сақтауды, біріктіруді, алмасуды және жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ААҚ-ны ресурстармен (персонал, жабдық, бағдарламалық қамтамасыз ету, қаржыландыру) қамтамасыз етеді.

      Ескерту. Қағида 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібі

1-параграф. Аэронавигациялық ақпаратты жинау, талдау және өңдеу

      19. Әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін ұсынылатын аэронавигациялық ақпарат (аэронавигациялық деректер) өнімдеріне цифрлық деректер массивтері түрінде немесе стандартталған форматта баспа түрінде немесе электрондық жеткізгіштерде немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің сайтында жарияланатын, мыналар жатады:

      1) AIP, өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда;

      2) AIC;

      3) аэронавигациялық карталар;

      4) NOTAM;

      5) сандық деректер массивтері.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19-1. Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген аэронавигациялық ақпараттың әртүрлі өнімдерінде бірдей аэронавигациялық деректер немесе аэронавигациялық ақпарат қайталанған жағдайларда, ААҚ рәсімдерді белгілейді және жарияланатын аэронавигациялық деректердің немесе аэронавигациялық ақпараттың келісілуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. Қағидалар 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиация ұйымдары мен өздерінің құрылымдық бөлімшелері арасында ААҚ AIP, өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда, AIC, аэронавигациялық карталардағы, NOTAM және цифрлық деректер массивтеріндегі жариялау үшін талап етілетін бастапқы деректерді дайындау міндеттерін бөледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Аэронавигациялық ақпаратты жедел және дәл таратуды қамтамасыз ету үшін ААҚ аэронавигациялық ақпараттарымен (аэронавигациялық деректерді) қамту үшін жауапты әрбір ұйым мен қызметте ААҚ-мен тікелей және тұрақты байланысты қолдау үшін жауапты лауазымды адамдар тағайындалады.

      ААҚ жылына бір рет бастапқы аэронавигациялық ақпарат (аэронавигациялық деректерді) құрастырушылар үшін ААҚ-ға бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) ұсыну тәртібін түсіндірумен оқыту семинарларын ұйымдастырып, өткізеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушылар аэронавигациялық деректерді, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес, аэронавигациялық ақпарат сапасына қойылатын талаптарға сәйкес ұсынады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушылар бастапқы деректердің дұрыстығын, дәлдігін және уақытылығын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Азаматтық авиация ұйымдары мен олардың қызметтері (басқармалары, бөлімдері) ААҚ-мен байланысу арналарын қамтамасыз етеді.

      26. Бастапқы аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді құрастырушылар ААҚ-мен тікелей және тұрақты байланысты ұстап тұру мақсатында ААҚ-ға мынадай деректерді жібереді:

      1) бастапқы аэронавигациялық ақпаратты құрастырушылардың атауы;

      2) аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушылардың заңды және нақты мекенжайы;

      3) байланысатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы, телефоны, факс, AFTN (болған кезде) нөмірі және электрондық поштасы.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық деректерді құрастырушылар ААҚ-мен тікелей және тұрақты байланысты ұстап тұруға жауапты лауазымды адамдар туралы деректер өзгерген кезде, сондай-ақ мынадай жағдайларда:

      1) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігімен байланысты жаңа ұйым немесе қызмет құрылған;

      2) бұрын ААҚ-мен келісім жасасқан ұйым немесе қызмет таратқан;

      3) бұрын ААҚ-мен келісім жасасқан ұйым немесе қызмет туралы ақпарат өзгерген жағдайда ААҚ-ны хабардар етеді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Бастапқы аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді құрастырушылар ААҚ-мен келісім жасасады, онда беру мерзімдері, алу және алмасу әдістері, ААҚ-да аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді беруге жауапты тұлғалар, сондай-ақ аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректердің көлемі мен сапасына қойылатын талаптар айқындалады.

      Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушылар:

      1) егер аэронавигациялық ақпарат AIP-те жариялауға арналған болса, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес AIP-ке өзгертуге арналған өтінім. Өтінім азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің ресми интернет-ресурсы арқылы беріледі не электрондық пошта арқылы жіберіледі;

      2) егер аэронавигациялық ақпарат NOTAM хабарламасы түрінде жариялауға арналған болса, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес NOTAM басылымына арналған өтінім. Өтінім AFTN желісі бойынша немесе AFTN желісі болмаған немесе жұмыс істемеген жағдайда электрондық пошта арқылы жіберіледі.

      ААҚ қажет болған жағдайда осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес AIP-тың бөлімдеріне сәйкес бастапқы аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық деректерді басқа құрастырушылардың құзыретіне кіретін бастапқы аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық деректерді құрастырушының функцияларын орындайды.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      29. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29-1. Сертификатталмаған әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), уақытша әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) және қону алаңдарының пайдаланушылары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің ресми интернет-ресурсында одан әрі жариялау үшін олар бойынша ААҚ-ға аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді ұсынады.

      Аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді ұсыну форматы осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді.

      Ескерту. 1-параграф 29-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2018 № 839 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Басқа мемлекеттердің аэронавигациялық қызметтерінен алынған аэронавигациялық ақпаратты тарату кезінде, оны берген мемлекеттің рұқсатымен жарияланғанына нақты сілтеме жасалады.

      31. Басқа қолжетімді дереккөздерден алынған аэронавигациялық ақпарат (аэронавигациялық деректер) таратылар алдында тексеріледі.

      Тексеру жүргізілмеген жағдайда, ақпаратты таратқан кезде оған тексеру жүргізілмегені көрсетіледі.

      32. ААҚ бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушының осы Қағидаларына белгіленген талаптарға жауап бермейтін аэронавигациялық ақпаратын (аэронавигациялық деректерді) өңдеуге қабылдамайды.

      ААҚ алынатын аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпараттың сапасына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында верификация және валидация рәсімдерін белгілейді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. ААҚ жыл сайын төртінші тоқсанда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің ресми интернет-ресурсында AIP-қа түзетулердің күшіне ену күндерінің тізбесін жариялайды.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Халықаралық таратуға арналған, ашық мәтінде жасалған аэронавигациялық ақпарат өнімдері ағылшын тілінде ұсынылады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. ААҚ аэронавигациялық ақпараттың (аэронавигациялық деректердің) таралуын жеңілдету мақсатында қысқартулар қолданады.

      36. ААҚ келіп түскен бастапқы аэронавигациялық ақпараттың (аэронавигациялық деректердің) арнайы журналда тіркелуін қамтамасыз етеді. Онда мыналар көрсетіледі:

      1) бастапқы аэронавигациялық ақпараттың (аэронавигациялық деректердің) келіп түскен күні мен уақыты;

      2) бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушының атауы, байланысатын адамның тегі, аты,әкесінің аты (болған кезде);

      3) бастапқы аэронавигациялық ақпарат (аэронавигациялық деректер) ұсынылған АІР бөлімі;

      4) бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) алғаннан кейін онымен жасалған әрбір әрекет, сондай-ақ аэронавигациялық ақпаратты дайындау барысында жасалған өзгерістер туралы белгілер.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36-1. ААҚ метадеректерді аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) өңдеудің бүкіл тізбегі бойында деректерді жасаған сәттен бастап оларды келесі болжамды пайдаланушыға жібергенге дейін жинауды жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағидалар 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. ААҚ бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) тіркеу алдында тексереді, қажет болған жағдайда, анықтаулар енгізеді және бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушымен қайта келіседі.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      38. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. ААҚ құрастырушылар, егер кең таралған аэронавигациялық ақпарат (аэронавигациялық деректер) өзекті болып табылса, ұсынған бастапқы аэронавигациялық ақпарат (аэронавигациялық деректерді) өзекті болған жағдайда сақтайды.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Ақпараттың өзектілігі жоғалған жағдайда, бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректер) құрастырушы оның өзектілігін ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылдап, бұл туралы ААҚ-ға хабарлайды.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Аэронавигациялық ақпарат жинағы (AIP)

      41. AIP аэронавигациялық ақпарат құжаты болып табылады және стандартталған электрондық деректерді сақтау мен іздеу мүмкіндігі үшін сәйкестендірілген белгілермен жабдықталған үш бөлімдер, тараулар және бөлімшелермен қамтылған.

      42. AIP-тың "Жалпы ережелер" (GEN) 1-бөлімінде әр бөлімінің тиісті орындарында мыналар қамтылған:

      1) аэронавигациялық құралдарға, қызмет көрсетуге немесе рәсімдерге жауапты құзыретті органның атауы, олар туралы ақпараттар AIP сақталған;

      2) халықаралық пайдалану үшін қызмет көрсетуді немесе құралдарды ұсынудың жалпы талаптары;

      3) ұлттық қағидалар мен мемлекет тәжірибесі мен пайдаланушыға мемлекет талаптары және ИКАО-ның тиісті талаптары арасындағы айырмашылықты жылдам белгілеуге мүмкіндік беретін ИКАО-ның ұсынылатын тәжірибесінің тиісті стандарттары арасындағы маңызды айырмашылықтар тізбесі.

      Схемалар, карталар немесе диаграммалар қажет болған жағдайда, толықтыру үшін немесе кестенің немесе AIP мәтінінің орнына қолданылады.

      43. AIP дербес құжат болып табылады және оның кіріспесі болады.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2018 № 839 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      44. Алып тасталды - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      45. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2018 № 839 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Пайдаланушыға жинақ ақпаратының жаңаруына көмектесу үшін AIP сериясының әр бетінің қолданылатын күндерінің соңғы тізбесі үнемі басылып шығарылады. Беттің нөмірі/картаның атауы және соңғы тізбенің шығу күні ең соңғы тізбеде көрсетіледі.

      47. Әрбір AIP және қосымша беттер ретінде шығарылатын жинақтың әр бетінде мыналар нақты көрсетілген ескертпелер болады:

      1) AIP белгісі;

      2) осы жинақта қамтылған аумақ, және қажет болған жағдайда, бұл аумақтың бөліктері;

      3) жинақты шығаратын мемлекеттің, атауы, және жинақты басып шығаратын ұйымның немесе органның атауы;

      4) беттердің нөмірі/карталардың атауы;

      5) егер ақпарат күмән тудырса, дұрыстығының дәрежесі.

      48. AIP-қа барлық өзгерістер немесе қайта басылып шығарылған беттердегі жаңа ақпарат ескертпемен нақты көрсетіледі және тіркеледі.

      49. AIP-қа енгізілген пайдалану сипаттағы маңызды өзгерістер AIRAC қағидаларына сәйкес жарияланады және AIRAC қысқартуларымен нақты белгіленеді.

      50. AIP оларды жаңарту үшін қажетті тұрақты уақыт интервалын сақтап өзгертіледі немесе қайта басып шығарылады.

      51. AIP-қа тұрақты өзгерістер AIP-қа түзетулер ретінде жарияланады.

      52. AIP-қа әрбір түзетуге жүйеді нөмірде реттік нөмір беріледі.

      53. AIP-ке түзетулердің титул парағында жарияланған күні көрсетіледі.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2018 № 839 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Бас бетті қоса, AIP-қа түзетулердің әрбір бетінде AIRAC сәйкес күшіне енген күні көрсетіледі. Күшіне енген күні 0000 UTC-дан өзге уақыт көрсетілген жағдайларда, бұл уақыт бас бетінде көрсетіледі.

      55. AIP-ке түзетулер шығарылған жағдайда, ол AIP-ке толықтырулардың реттік нөмірлеріне немесе түзетуге енгізілген NOTAM сериялары мен нөмірлеріне сілтемелерді қамтиды.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. AIP-қа түзетулердің бас бетінде түзетулерде қозғалған мәселелер қысқаша түрде көрсетіледі.

      57. АIRАС жүйесі бойынша күнге ешқандай ақпарат ұсынылмаған жағдайларда NIL хабарламасы NOТАМ бақылау тізбесі арқылы AIRAC жүйесі бойынша тиісті күшіне ену күніне дейін бір циклдан кешіктірілмей жіберіледі.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Ұзақ мерзімді сипаттағы уақытша өзгерістер (3 ай немесе одан көп) және ауқымды мәтіндік және/немесе графикалық материалдарды қамтитын қысқа мерзімді сипаттағы ақпарат AIP-қа толықтырулар ретінде жарияланады.

      59. AIP-қа әрбір толықтыруға күнтізбелік жыл бойы кезекпен өсіп отыратын реттік нөмір беріледі.

      60. AIP-қа қосымшалардың беттері AIP-та сақталады, олардың мазмұны толық немесе жартылай күшінде қалғанға дейін.

      61. AIP-қа қосымшада қате табылған кезде немесе AIP-қа толықтырулардың әрекет ету кезеңі өзгертілген жағдайда, оның орнына AIP-қа жаңа толықтырулар шығарылады.

      62. AIP-қа толықтырулар NОТАМ-ның орнына таратылғанда, оған NОТАМ-ның реттік нөміріне сілтеме қосылады.

      63. АIР-қа қолданыстағы толықтырулардың бақылау тізбесі бір айдан аспайтын аралықпен шығарылады. Бұл ақпарат ай сайын ашық мәтінмен жарияланатын қолданыстағы NОТАМ тізбесі арқылы таратылады.

      64. Электрондық AIP мазмұны және құрылымы осы Қағидалардың, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның "Аэронавигациялық ақпарат қызметтері" 15-қосымшасының, Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулықтың (Dос 8126, ИКАО құжаты) және "Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Аэронавигациялық ақпаратты басқару" ИКАО PANS-AIM құжатының (Doc 10066) талаптарына сәйкес келеді және қағаз бетіне шығару мүмкіндігін қамтамасыз ететін файлдарды қамтиды.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2018 № 839 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      65. Электрондық AIP ұсынған жағдайда, оған Интернет желісі арқылы қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет.

3-параграф. Аэронавигациялық карталарды жариялау

      Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66. Қазақстан Республикасының АІР-ында мынадай аэронавигациялық карталар жарияланады:

      1) әуеайлақ картасы (ИКАО);

      2) әуе кемесі айлағының (айлаққа қою) картасы (ИКАО);

      3) жерүсті әуеайлағындағы қозғалыс картасы (ИКАО);

      4) А типіндегі, әуеайлақ кедергілерінің картасы (ИКАО);

      5) қонуға дәл кіру орнының картасы (ИКАО) (II және III санаттағы жабдықталған ҰҚЖ үшін);

      6) аудан картасы (ИКАО);

      7) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (SID) (ИКАО);

      8) аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (STAR) (ИКАО);

      9) аспаптар бойынша қонуға кіру картасы (ИКАО);

      10) көзбен шолып қонуға кіру картасы (ИКАО);

      11) ӘҚК (ИКАО) ең төмен абсолюттік биіктігін шолу картасы;

      12) маршрут картасы (ИКАО).

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66-1. 1:500 000 масштабтағы аэронавигациялық карта (ИКАО) аэронавигациялық ақпарат өнімі түрінде ұсынылады, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жасалады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      Осы Қағидаларға 4-қосымшаның 14-параграфына сәйкес 1:500 000 масштабтағы аэронавигациялық картаға (ИКАО) түсірілуге жататын аэронавигациялық ақпаратқа (аэронавигациялық деректерге) тұрақты өзгерістер енгізілген кезде көрсетілген карта AIRAC мерзімдеріне сәйкес қайта шығарылуға жатады. Жаңартылған карта AIP түзетулері арқылы жарияланатын тұрақты өзгерістермен бірге күшіне енеді.

      Ескерту. Қағидалар 66-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      67. Осы Қағидалардың 66-тармағында санамаланған аэронавигациялық карталар Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Аэронавигациялық карталар" деген 4-қосымшаның талаптарына сәйкес келетін, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізуге жататын аэронавигациялық карталарды жасауға қойылатын талаптарға сәйкес дайындалады.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылатын аэронавигациялық карталардың осы Қағидаларға 4-қосымшаның белгіленген талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ жаңартудың дәлдігі мен уақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Әр картаның бетінде аэронавигациялық ақпараттың енгізілген күні жазылады.

      69. Мекендердің атаулары олардың айтылуына сәйкес латын әліпбиінің әріптерімен жазылады.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Аэронавигациялық ақпарат циркуляры (AIC)

      70. АIС:

      1) осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында баяндалған AIP талаптарына;

      2) осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфында баяндалған NОТАМ талаптарына жауап бермейтін аэронавигациялық ақпаратты тарату қажет болғанда, барлық жағдайларда құрастырылады.

      71. АIС:

      1) заңнаманың, ұйғарымдардың, қағидалардың немесе құралдардың кез келген едәуір өзгерістеріне қатысты ұзақмерзімді болжамды туралы ақпаратты;

      2) ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін түсіндірмелік немесе консультациялық сипаттағы ақпаратты;

      3) техникалық, заңнамалық немесе әкімшілік мәселелерге қатысты түсіндірмелік немесе консультациялық сипаттағы ақпаратты немесе хабарламаларды шығару үшін жасалады.

      72. Осы Қағидалардың 71-тармағында көрсетілген ақпаратқа мыналар жатады:

      1) аэронавигациялық қағидалардың, қызмет көрсетудің және құралдардың маңызды өзгерістеріне қатысты болжамдар;

      2) жаңа навигациялық жүйелерді қатарға енгізуге қатысты болжамдар;

      3) ұшу қауіпсіздігіне қатысы бар авиациялық оқиғалар/жағдайларды тексеру нәтижесінде алынған маңызды ақпарат;

      4) заңсыз араласу актілерінен халықаралық азаматтық авиацияны қорғауға байланысты қағидалар туралы ақпарат;

      5) ұшқыштар үшін ерекше мүддесін білдіретін медициналық мәселелер бойынша кеңестер;

      6) ұшқыштарға физикалық қауіптен құтылу үшін бағытталған ескерту;

      7) ұшуды орындауға белгілі бір ауа райы құбылыстарының әсері туралы ақпарат;

      8) әуе кемелерін пилоттық етушілік техникасына әсер ететін жаңа қауіп түрлері туралы ақпарат;

      9) шектеулер белгіленген тасымалдарға қатысты азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді әуеде тасымалдау қағидалары;

      10) ұлттық заңнамада көзделген талаптарға сілтемелер, және олардағы өзгерістерді жариялау;

      11) авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидалары;

      12) авиациялық персоналды даярлау туралы ақпарат;

      13) ұлттық заңнамада көзделген талаптарды орындау туралы немесе орындаудан босату туралы ақпарат;

      14) жабдықтың нақты үлгілерін қолдануға немесе қызмет көрсетуге қатысты кеңестер;

      15) аэронавигациялық карталардың нақты немесе жоспарланған жаңа немесе өңделген басылымдардың бар болуы туралы ақпарат;

      16) әуе кемелерінде орнатуға жататын байланыс жабдығы туралы ақпарат;

      17) шудың азаюына қатысты түсіндірме ақпарат;

      18) ұшу жарамдылығына қатасты бөлек тапсырмалар;

      19) NОТАМ серияларында немесе таратылымдағы өзгерістер, жаңа АIР жинақтарын басып шығару немесе олардың мазмұны, көлемі немесе пішімінің елеулі өзгеруі;

      20) осы Қағидалардың 73-тармағында көрсетілген қардың түсу жағдайының жоспары туралы алғашқы ақпарат;

      21) осы сияқты сипаттағы өзге де ақпарат.

      73. Қар жауған жағдайдағы жоспар қыс басталғанға дейін (қар басқаны анықталғанға дейін бір ай бұрын) алдын ала таратылуға тиіс маусымдық сипаттағы ақпаратпен толықтырылады және төменде көрсетілген ақпаратты қамтиды:

      1) ҰҚЖ мен РЖ жүйелерін немесе ҰҚЖ-дан ауытқумен қардан тазалаудың жоспарлы схемасын көрсете отырып (ҰҚЖ ұзындығы, ені және саны, қамтылатын РЖ мен перрондар немесе олардың учаскелері), алдағы қыста қардан тазалау жұмыстарын жүргізу күтіліп отырған әуеайлақтардың (тікұшақтардың) тізбесі;

      2) қардан тазалау жұмыстары барысы туралы және ҰҚЖ, РЖ және перрондардың жай-күйлері туралы ағымдағы ақпаратты үйлестіруге арналған кез келген орталыққа қатысты мәліметтер;

      3) NОТАМ-ды артық таратудан арылу мақсатында SNОWТАМ таратылым тізбелері бойынша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) тарату;

      4) қажет болған жағдайда, қолданыстағы қардың түсу жағдайының жоспарына шамалы өзгерістерді көрсету;

      5) қардан тазалайтын жабдықтың сипаттамасы бар тізбе;

      6) әрбір әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) омбы қардың ең критикалық биіктігі қандей екенін және хабарлауға жататынын көрсету.

      74. ААҚ халықаралық таратуға жататын АIР-қа ұқсас АIС таңдайды.

      75. Әрбір АIС-қа реттік нөмір беріледі. Нөмірлер күнтізбелік жыл бойы өседі.

      76. АIС-тың бір сериясынан артығы таратылған жағдайда, әрбір серия бөлек әріппен белгіленеді.

      77. Қолданыстағы АIС-тың соңғы тізбесі соңғы шама бойынша жылына бір рет басылып шағыралады және АIС-қа ұқсас түрде таратылады.

      77-1. Қолданыстағы AIC-тегі аэронавигациялық ақпараттың немесе аэронавигациялық деректердің өзектілігін ААҚ қызметі жылына кемінде бір рет қайта қарайды.

      Ескерту. 2-тарау 77-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Ұшу алдындағы және ұшқаннан кейінгі ақпарат

      Ескерту. 5-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      78. Ұшу алдындағы ақпарат беруді ААҚ немесе ӘҚҚ органы немесе аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету саласына даярлықтан өткен басқа да маман (әуе қозғалысының қарқындылығы аз әуеайлақтарда) жүзеге асырады.

      79. Аэронавигацияның қауіпсіздігін, тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті және аталған әуеайлақтан/ұшақ айлағынан басталатын маршруттардың сатыларына қатысты аэронавигациялық ақпарат ұшу экипажы мен қызметін қоса ұшуды орындауға қатысты персоналға немесе ӘҚ экипажының ұшу алдындағы дайындығына жауапты ретінде пайдаланушы тағайындаған тұлғаларға беріледі.

      79-1. Ұшу алдындағы жоспарлау мақсатында ұсынылатын аэронавигациялық ақпарат аэронавигациялық ақпарат өнімдерінің элементтерінен пайдалану мәні бар ақпаратты қамтиды.

      Ескерту. Қағида 79-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      80. Олар туралы ақпарат AIP жарияланбаған және оларға қатысты NOTAM шығарылмайтын әуеайлақтар, осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген тұлғалар, сондай-ақ ұшып көтерілетін әуеайлаққа қатысты қосымша ағымдағы ақпарат (болған жағдайда) және мыналарға қатысты ақпарат беріледі:

      1) маневрлеу алаңында жүргізіліп жатқан құрылыс немесе жөндеу жұмыстары (қауіпсіздіктің бүйірлік жолақтарын есепке ала отырып);

      2) ҰҚЖ және беткі қабаты уатылған РЖ учаскелерін қоса маневрлеу алаңының кез келген учаскелеріндегі (белгі қойылған, сондай-ақ белгі қойылмаған) тегіс емес жерлер;

      3) SNOWTAM арқылы жарияланған ақпарат (ҰҚЖ және РЖ қар қабатының, мұз немесе судың болуы және тереңдігі және олардың тежеу тиімділігіне әсері), ҰҚЖ және РЖ күртік қардың болуы немесе қар жиналу (қауіпсіздіктің бүйірлік жолағын есепке ала отырып);

      4) басқа да уақыт қауіпінің болуы;

      5) әуе кемелерін пайдалану әлеуетті қауіп төндіретін құстардың болуы;

      6) осы Қағидалардың 88-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген әуеайлақты жарық техникалық жабдықтау жүйелерінің негізгі бөліктерін пайдалануды уақытша тоқтату немесе жаңарту;

      7) ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының, RVR бақылауға арналған датчиктердің пайдалану жағдайындағы өзгерістер, істен шығу және жұмыс тұрақсыздығы;

      8) гуманитарлық көмек көрсету миссиясының жұмысына қатысу, соың ішінде осыған байланысты қолданылатын кез келген процедураларды және/немесе шектеулерді көрсете отырып Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапы бойынша.

      81. Осы Қағидалардың 80-тармағында көрсетілген ақпарат, ол ААҚ болған жағдайда ұшу алдындағы ақпарат бюллетені түрінде беріледі. Осы Қағидалардың 80-тармағында көрсетілген ұшу алдындағы ақпаратты ӘҚҚ органдарының беруі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 7006 тіркелген) Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      82. Ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйесін егер ол болған жағдайда ұшу экипажының мүшелерімен қоса пайдалану персоналына аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты беру үшін пайдалануға болады.

      83. Егер ұшу экипажы мен ұшу алдындағы ақпаратқа жауапты қызметтерді қоса ұшуды орындаумен байланысты персоналда ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйесіне тікелей рұқсаты болса оны олар ААҚ баруды, ӘҚҚ органын немесе ұшу алдындағы ақпаратты қамтамасыз ету саласында даярлықтан өткен басқа маманды қажет етпей өзін басқару үшін пайдалануға болады.

      84. Аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты беретін ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйесі:

      1) аталған жүйелердің базасын тұрақты және уақытында жаңартуды, сондай-ақ сақталатын аэронавигациялық деректердің қолданыс мерзімі мен сапасын бақылауды қамтамасыз етеді;

      2) пайдалану персоналының, соның ішінде ұшу экипажы мүшелерінің, басқа да мүдделі авиациялық персоналдың және басқа да авиациялық пайдаланушылардың жүйеге ыңғайлы электрбайланысы құралдарының көмегімен қосылу мүмкіндігін көздейді;

      3) қажет болған жағдайда ізделіп отырған аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты қағазға басып шығарылған түрде беруді қамтамасыз етеді.

      85. Ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйесін пайдаланған жағдайда АНҚ өнім берушісі берілетін аэронавигациялық ақпараттың (аэронавигациялық деректердің) сапасын, сондай-ақ уақыты берілуін қамтамасыз етеді.

      86. Әуеайлақтарда (тікұшақ айлақтарында) ұшу экипажының мүшелерінен аэронавигациялық құралдар мен қызметтердің жағдайы мен жұмысы туралы ақпаратты немесе әуеайлақ маңында құстардың болуы туралы, сондай-ақ жабайы жануарлар тудыратын қауіптің бар-жоғы туралы ақпаратты қабылдау қамтамасыз етеді және қажеттілікке сәйкес кейіннен тарату үшін осы ақпаратты АҚК берушісіне беруді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-параграф. NОТАМ хабарламалары

      87. NОТАМ мына жағдайларда тез арада жасалып, шығарылады:

      1) таратуға жататын ақпарат уақытша және қысқа мерзімді сипатта болған жағдайда;

      2) пайдалану тұрғысынан маңызды, ұзақ мерзімді сипаттағы тұрақты немесе уақытша өзгерістерді жедел тәртіппен енгізген жағдайда.

      NОТАМ жасаған кезде ауқымды мәтіндік және (немесе) графикалық материал қолданылмайды.

      88. NOTAM төмендегілермен байланысты ақпаратқа қатысты жасалады және үш айдан аспайтын қолданылу мерзіміне шығарылады:

      1) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) немесе ҰҚЖ пайдалануды бастау немесе тоқтату немесе оларды пайдалану режимін өзгерту;

      2) ұшуды қамтамасыз етумен байланысты қызметтердің (әуеайлақ қызметі, ААҚ, РТЖБП қызметі, метеоқамтамасыз ету, ұшуды іздестіру және авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметі) немесе олардың жұмыс режимін өзгерту;

      3) радионавигациялық қызметтер мен "ауа – жер" байланыс қызметтерінің жұмыс істеуінің басталуы, тоқтатылуы немесе олардың жұмыс режимінің елеулі өзгеруі. Бұған пайдалануды уақытша тоқтату немесе қайта бастау, жиілікті, жарияланған жұмыс уақытын, тану сигналын, бағдарын (бағытталған құралдарды), орналасқан жерін өзгерту, қуатты 50%-ға немесе одан да көп ұлғайту немесе азайту, радиохабар беру кестесінің немесе мазмұнының өзгеруі, кез келген радионавигациялық қызметтер мен "ауа – жер" байланыс қызметтері жұмысының тұрақсыздығы немесе сенімсіздігі немесе ретрансляциялық станциялардың жұмысындағы пайдалану салдарын, қозғалған қызмет көрсетуді, жиілік пен аймақты қоса алғанда шектеулер;

      4) тікелей пайдалану салдарлары бар резервтік және қосалқы жүйелердің болмауы;

      5) көзбен шолу құралдарын пайдалануды бастау, тоқтату немесе олардың елеулі өзгеруі (мысалы, міндетті нұсқаулар, таңбалау және маркерлер бар белгілер);

      6) құрамына мыналар кіретін әуеайлақты жарық-техникалық жабдықтау жүйелерінің негізгі компоненттерін пайдалануды уақытша тоқтату немесе жаңарту:

      жақындау жарықтары жүйесі;

      аэронавигациялық маяктар;

      ҰҚЖ осьтік желі оттары;

      қонуға бағыт көрсету оттары;

      ҰҚЖ қондыру оттары;

      жүгірмелі жарқыл оттар;

      пилоттар басқаратын аэронавигациялық оттар жүйесі;

      жүрдек шығару РЖ көрсеткішінің оттары;

      ҰҚЖ шектеуші тану оттары;

      ҰҚЖ жармаға кіруді көрсету оттары;

      санатқа жақындау оттары жүйесінің компоненттері;

      қарқындылығы аз ҰҚЖ оттары;

      қарқындылығы орташа ҰҚЖ оттары;

      қонуға дәл кіру траекторияларының көрсеткіштері;

      қондыру алаңының толық жарық-техникалық жабдығы;

      қауіпсіздіктің соңғы жолағының оттары;

      тікұшақтың қонуға кіру траекторияларының көрсеткіші;

      глиссаданың көзбен шолу индикациясы жүйесі;

      РЖ осьтік желі оттары;

      рульдеу оттары;

      жерге қону аймағының оттары;

      7) аэронавигациялық қызмет көрсету рәсімдерін енгізу, жою немесе өзгерту;

      8) маневрлеу алаңы шегінде (перрон, БРЖ, тұрақ орындары және перрондағы рульдеу бағыттары) күрделі ақаулықтардың немесе кедергілердің туындауы немесе өзгеруі);

      9) әуеайлақта отынның, майлар, қышқылдың немесе мұз қатуға қарсы сұйықтықтың болуына қатысты өзгерістер мен шектеулер;

      10) Қазақстан Республикасының AIP-та жарияланған қолда бар іздеу және құтқару құралдары мен қызметтеріне қатысты айтарлықтай өзгерістер;

      11) аэронавигация үшін кедергілерді таңбалайтын бөгегіш оттар пайдалануды бастау немесе тоқтату;

      12) әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер енгізу талап етілуі мүмкін іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу;

      13) аэронавигация үшін қауіп көздерінің болуы (мысалы, әскери оқу-жаттығулар, көрсету ұшулары (эксперименттік авиация ұшулары), салюттер (ұшыру биіктігі КҰЕ бойынша ұшу үшін белгіленген ең төменгі қауіпсіз биіктіктен асатын), зымырандар сынықтарының құлауы, әуе жарысы және парашютпен жаппай секіру);

      14) аэронавигацияға әсер ететін ӘҚҚ ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы жауапты болатын әуе кеңістігі шегіндегі жанжалдар аймақтары (жанжалға байланысты қауіптердің сипаты мен ауқымы және оның азаматтық авиация үшін салдары туралы неғұрлым нақты ақпаратты қосу үшін);

      15) жоспарланған лазерлік сәуле, лазерлік демонстрациялар және жарық шамдары, егер бұл пилоттардың визуалды қабылдауын бұзуы мүмкін болса;

      16) ұшып көтерілу/биіктікті алу, екінші айналымға кету, қонуға кіру аймақтарында және ұшу жолағында аэронавигация үшін кедергілерді тұрғызу, жою немесе өзгерту;

      17) тыйым салынған аймақтарды, қауіпті аймақтарды немесе ұшуды шектеу аймақтарын белгілеу немесе жою (оның ішінде тиісті қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы) немесе осы аймақтардың мәртебесін өзгерту;

      18) орналасқан жер индекстерін беру, алып тастау немесе өзгерту;

      19) әуеайлақтың талап етілетін өрт қорғанысының белгіленген деңгейін өзгерту;

      20) әуеайлақтың маневрлеу алаңындағы қармен, батпақпен немесе мұзбен, сумен, радиоактивті материалмен, уытты химиялық заттармен, жанартау күлінің тұндыруымен байланысты қауіпті жағдайлардың болуы, оларды жою немесе айтарлықтай өзгерту;

      21) егулер немесе карантиндік шаралар туралы бұрын жарияланған талаптарға өзгерістер енгізу қажеттілігін туындататын эпидемиялардың өршуі;

      22) ғарыштық ауа райы құбылыстарының бақылаулары немесе болжамдары, олардың туындау күні мен уақыты, ұшу эшелондары (осындай ақпарат болған кезде) және осы құбылыстар әсер етуі мүмкін әуе кеңістігінің учаскелері;

      23) пайдалану тұрғысынан маңызды, атқылауға дейінгі жанартау әрекетінің өзгеруі, жанартау атқылауының орналасқан жері, күні мен уақыты және/немесе жанартау күлінің бұлтының көлденең және тік өлшемдері, оның ішінде қозғалыс бағыты, ұшу эшелондары және маршруттар немесе осы бұлт әсер етуі мүмкін бағыттардың бөліктері;

      24) ядролық немесе химиялық қатерден кейін радиоактивті материалдардың немесе уытты химиялық заттардың атмосфераға таралуы, осы қатердің орын алған жері, күні мен уақыты, әсерге ұшырауы мүмкін ұшу эшелондары және маршруттар немесе олардың бөлігі және қозғалыс бағыты;

      25) гуманитарлық көмек көрсету миссияларының қызметі, оның ішінде аэронавигацияға әсер ететін рәсімдерді және/немесе шектеулерді көрсете отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының желісі бойынша;

      26) ӘҚҚ бұзылуына немесе ішінара бұзылуына байланысты, төтенше жағдайлардағы қысқа мерзімді іс-шараларды орындау.

      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      88-1. Әуеайлақ/тікұшақ айлағы жамылғысында қар, батпақ, мұз, қар, тұрып қалған су немесе қардың еруі нәтижесінде пайда болған су туралы ақпарат әуеайлақ пайдаланушысынан SNOWTAM басылымына тиісті өтінім берілген жағдайда SNOWTAM арқылы жіберіледі.

      Ескерту. Қағида 88-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      89. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның нұсқауы бойынша қосымша NОТАМ шығару ұшулардың қауіпсіз орындалуына ықпал ететін өзге жағдайларда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2019 № 397 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      90. NOTAM төмендегілерге байланысты ақпаратқа қатысты шығарылады:

      1) ҰҚЖ, РЖ, тұрақтарды және перронда рульдеу маршруттарын жабуды талап етпейтін және әуе кемелерінің қауіпсіз қозғалуына әсер етпейтін перрондар мен рульдеу жолдарында техникалық қызмет көрсетудің ағымдағы жұмыстарына;

      2) әуе кемесі қолданыстағы басқа ҰҚЖ-ны қауіпсіз пайдалана алатын немесе мұндай жұмыстар үшін қолданылатын жабдықты қажетіне қарай жоюға болса, ҰҚЖ-ны таңбалау жұмыстарына;

      3) OCH/A әсер етпейтін әуеайлақ (тікұшақ айлағы) маңайындағы уақытша кедергілерге;

      4) осы Қағидалардың 88-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген компоненттерді қоспағанда, жарық-техникалық жабдық жүйесі компоненттерінің резервтік қуат көздерін қоса алғанда, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарық-техникалық жабдығы жүйесінің жартылай істен шығуына;

      5) тиісті резервтік жиіліктердің және оларды пайдалану мүмкіндігінің бары белгілі болса, "әуе-жер" байланыс құралдарының уақытша жартылай істен шығуына;

      6) перрондарға диспетчерлік қызмет көрсетуді және қозғалысты реттеуді қамтамасыз етудің жеткіліксіздігіне;

      7) әуеайлақтың жұмыс алаңындағы көрсеткіш белгілердің ақаулығы;

      8) жердегі бөлімшелердің оқу-жаттығу қызметі (мысалы, өртке қарсы қызметтің оқу-жаттығулары, авиациялық қауіпсіздік қызметінің оқу-жаттығулары);

      9) егер оның пайдалану салдарлары болмаса, резервтік және қосалқы жүйелердің болмауы;

      10) пайдалану салдарлары жоқ аэронавигациялық құралдардың немесе жалпы қызметтердің шектеулерін;

      11) пайдалану салдарлары жоқ ықтимал/ықтимал шектеулер туралы хабарландырулар немесе ескертулер;

      12) әуе кеңістігі мен құралдарын пайдаланушылар үшін пайдалану салдарларын көрсетпей, жерүсті бөлімшелері үшін жабдықтың болуы;

      13) ұшуларды орындаудың ең аз биіктігінен төмен пайдалану салдарларынсыз және отшашуларсыз лазерлік сәулелену туралы ақпарат;

      14) ұшу қауіпсіздігіне әсер етпейтін ұзақтығы бір сағаттан кем жергілікті деңгейде үйлестірілетін жоспарланған жұмыстарды жүргізуге байланысты жұмыс алаңы учаскелерін жабу;

      15) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жұмыс сағаты шеңберінен тыс әуеайлақты (тікұшақ айлағын) жабу немесе пайдалану мүмкін еместігі немесе пайдаланудағы өзгерістер).

      Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      91. Белгіленген қауіпті және тыйым салынған аймақтарға, сондай-ақ ұшуларды шектеу аймақтары және авариялық-құтқару іс-шаралары кезіндегі шектеулерден өзгеше әуе кеңістігіндегі уақытша шектеулермен байланысты қызметтер туралы ережені қолданысқа енгізу туралы хабарлама, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасында көрсетілген күтпеген мән-жайлар туындаған кездегі жағдайларды қоспағанда, күнтізбелік 7 күн ішінде жіберіледі.

      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      92. Аэронавигациялық құрал, құрылғы немесе байланыс қызметтерінің жарамсыздығы туралы хабарлайтын NОТАМ хабарында осы құралдардың жарамсыздық уақытының болжамды кезеңі немесе оларды пайдалануды жалғастырудың болжамды уақыты көрсетіледі.

      93. АIР-қа енгізілетін түзету немесе толықтыру АIRАС қағидаларына сәйкес жарияланған жағдайда, осы түзетудің немесе толықтырудың қысқаша мазмұнымен, күшіне ену күні және уақытымен, реттік нөмірімен NОТАМ жасалады. Аталған NОТАМ түзету немесе толықтыру күшіне енген күн мен уақытта күшіне енеді және ұшу алдындағы ақпарат бюллетенінде күнтізбелік 14 күн бойы қалады.

      14 күннен кем әрекет ететін AIP-ке толықтыру болған жағдайда, көрсетілген NOTAM AIP-ке толықтырудың барлық қолданылу мерзімі ішінде күшінде қалады.

      Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      94. NOTAM осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген пішімге сәйкес толтырылады.

      94-1. SNOWTAM осы Қағидаларға 5-1-қосымшада көрсетілген форматқа сәйкес толтырылады.

      Ескерту. Қағида 94-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      95. NОТАМ мәтіні ИКАО қысқартуларымен, индекстермен, анықтағыштармен, көрсеткіштермен, дабылдармен, жиіліктермен, цифрлармен және ашық мәтінмен толықтырылған, NОТАМ ИКАО коды үшін жазылған қысқарған (бірдей) сөз тіркестерін пайдалана отырып жасалады. Қысқарған (бірдей) сөз тіркестері мен ИКАО қысқартулары кіретін NОТАМ ИКАО коды РАNS-АВС құжатында (Dос 8400, ИКАО құжаты) қамтылған.

      96. NОТАМ сериялармен таратылады. NОТАМ сериясын белгілеу үшін S және Т әріптерін қоспағанда, А-Z әріптері қолданылады.

      97. Әр NОТАМ-ға әріп түрінде серия және төрт цифрдан тұратын нөмір беріледі, бұл нөмірден кейін бөлшек және жылдың екі цифры тұрады. Төрт цифрдан тұратын нөмір, күнтізбелік жыл ішінде біртіндеп көбейе береді.

      98. NОТАМ-да қателіктер болған жағдайда, қатесі бар NОТАМ-ның орнына жаңа нөмірмен басқа NОТАМ шығарылады.

      99. Бұрынғы NОТАМ-ды жоятын немесе ауыстыратын NОТАМ шығарылған жағдайда, бұрынғы NОТАМ-ның сериясы мен нөмірі қойылады. Екі NОТАМ-ның да сериясы, орналасқан орнының индексі (Q-кодының 2 және 3 әрпі) мен мәні бірдей болуы тиіс. Тек бір NОТАМ ғана жойылып немесе екіншісімен алмастырылып отырады.

      100. Әрбір NОТАМ бір мәселеге ғана және осы мәселеге қатысты бір талапқа ғана қатысты болады.

      101. Әрбір NОТАМ мағынасы түсінікті және басқа құжатқа сілтемені талап етпейтін өте қысқа нысанда жасалады.

      102. Әрбір NОТАМ бір электр байланысы хабарламасы ретінде таратылады.

      103. Тұрақты немесе уақытша сипаттағы ұзақ мерзімді ақпараттан тұратын NОТАМ-ның АІР-қа немесе оған жасалған толықтыруға сілтемесі болады.

      103-1. Осы NOTAM-да қамтылған тұрақты сипаттағы ақпараты бар NOTAM шығарылған сәттен бастап үш ай ішінде ақпарат аэронавигациялық ақпараттың тиісті өнімдеріне енгізіледі.

      Ескерту. Қағида 103-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      103-2. Егер күтпеген мән-жайлар бойынша NOTAM-тың қолданылу мерзімі болжамды үш айлық кезеңнен асып кетсе, онда шарттың күтілетін ұзақтығы AIP-қа толықтыруды шығаруды талап ететін үш айдан асатын жағдайларды қоспағанда, оны алмастыратын NOTAM шығарылады.

      Ескерту. Қағида 103-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      104. NOTAM мәтініне енгізілетін орналасу жерлерінің индекстері құжатта көрсетілген "Орналасқан жер көрсеткіштеріне (индекстеріне)" (Doc 7910, ИКАО құжатына) сәйкес келеді және қысқармайды. Пунктке ИКАО-ның орналасқан орнының индексі берілмеген жағдайда, оның атауы ашық мәтінмен беріледі.

      105. Қолданыстағы NОТАМ-ның бақылау тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген, NОТАМ нысанын пайдалана отырып, айына кем дегенде бір рет (немесе өтініш бойынша) белгіленген байланыс арналары арқылы аэронавигациялық ақпарат өнімдерін алушыларға беріледі. Әр серияға бір NОТАМ шығарылады.

      Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      106. Қолданыстағы NОТАМ-ның бақылау тізбесінде соңғы АІР-қа түзетулер, АІР, деректер массивіне және АІС-қа жасалған толықтыруға сілтеме болуы тиіс.

      Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      107. NОТАМ сауал салу бойынша таратылады. Тарату үшін мүмкіндігінше AFS желісі қолданылады.

      108. NОТАМ-мен халықаралық алмасу, сондай-ақ халықаралық таратуға жататындардан өзгеше NOTAM серияларын тарату, тиісті халықаралық NОТАМ органдары арасында өзара келісім бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      109. Мүмкін болған жағдайда AFS желісі бойынша алдын ала белгіленген NОТАМ тарату жүйесі қолданылады.

7-параграф. Сандық деректер массиві

      Ескерту. 7-параграфтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      110. Мүдделі пайдаланушыларына, сондай-ақ басқа мемлекеттердің ААҚ, цифрлық деректер массиві түріндегі аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) ұсынған кезде ААҚ мен мүдделі пайдаланушылары немесе басқа мемлекеттердің ААҚ арасында жасалған келісімдер ұсынудың негізі болып табылады.

      ААҚ ұсынған тараптың келісімінсіз кез келген үшінші тарапқа басқа мемлекеттің ААҚ-нан алынған цифрлық деректер массивін ұсынбайды.

      Осындай цифрлық деректер мынадай цифрлық деректер массиві түрінде ұсынылуы мүмкін:

      1) AIP деректер массиві;

      2) жергілікті жер туралы деректер массиві;

      3) кедергілер туралы деректердің массиві;

      4) әуеайлақтың картографиялық деректерінің массиві;

      5) аспаптар бойынша ұшу схемалары туралы деректердің массиві.

      Мүдделі пайдаланушыға берілетін әрбір деректер жиынтығы метадеректер жиынтығымен бірге қамтамасыз етіледі, ол бақылауды қамтамасыз етеді және кем дегенде мыналарды қамтиды:

      1) деректерді жасау, беру немесе өңдеу жөніндегі кез келген іс-әрекетті орындайтын ұйымдардың немесе органдардың атауы;

      2) қабылданған әрекеттердің сипаттамасы;

      3) қабылданған іс-қимылдардың күні мен уақыты көрсетіледі.

      Ескерту. 110-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      110-1. AIP деректерінің шоғыры аэронавигация мақсаттары үшін маңызды ұзақ сипаттағы (тұрақты ақпарат және ұзақ сипаттағы уақытша өзгерістер) аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) цифрлық ұсынуды қамтиды.

      Ескерту. Қағидалар 110-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2018 № 839 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      110-2. AIP жаңартуларын, AIP деректер массивтерін және аспаптар бойынша ұшу схемалары туралы деректер массивтерін шығару синхрондалады.

      Ескерту. Қағидалар 110-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      110-3. Деректер ауқымын ұсыну үшін жаһандық функционалдық үйлесімділікті қамтамасыз ететін аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпарат алмасу модельдері пайдаланылады.

      Ескерту. Қағидалар 110-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      110-4. Сандық деректер түрінде ұсынылатын ұзақ мерзімді сипаттағы тұрақты өзгерістер мен уақытша өзгерістер (үш ай немесе одан да көп) туралы ақпарат толық массив немесе бұрын шығарылған толық деректер массивінен тек айырмашылықтары бар мәліметтер кіші массиві түрінде шығарылады.

      Ескерту. Қағидалар 110-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      111. Жергілікті жер туралы деректер массиві кедергілерді қоспағанда, тау, төбе, жота, алқап, судың жиналуы, мәңгілік мұз бен қар сияқты табиғи элементтері бар Жер бетінің кеңістіктік (орналасу жері және асып түсуі), мәндік және уақытша аспектілерді сипаттайды.

      Ескерту. 111-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      111-1. Жергілікті жер туралы деректер массивтерінде белгілі бір тордың барлық тораптарында (нүктелерінде) асып кету мәндерінің жалпы базасынан есептелетін үздіксіз қатар түрінде жергілікті жер беті туралы ақпараттың сандық ұсынылуы болады.

      Ескерту. Қағидалар 111-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      112. Аэронавиагациялық деректермен бірге тиісті жағдайларда қолданылатын жергілікті жер мен кедергілер туралы деректер массиві ұшуларды орындау мен ӘҚК қатысты мынадай қолданыс түрлерін қамтамасыз етеді:

      1) ұшу бағытындағы жер бедерін бағалау функциясы бар, жердің жақын екені туралы ескерту жүйесі және ең төменгі қауіпсіз абсолюттік биіктік туралы ескерту жүйесі (МSАW);

      2) екінші айналымға кететін немесе ұшып шығатын кезде авариялық жағдайда қолданылатын қосалқы схемаларды анықтау;

      3) әуе кемесінің пайдалану шектеулерін талдау;

      4) аспаптар бойынша ұшу схемаларының құрылымы (айналып ұшу схемасын қоса);

      5) бағыт бойынша ұшу кезінде төмендету рәсімдерін және авариялық жағдайда қону орнын анықтау;

      6) жерүсті қозғалысын басқару және оны бақылаудың жетілдірілген жүйесі (А-SМGСS);

      7) аэронавигациялық карталарды және борттық деректер базасын жасау;

      8) ұшу тренажеры;

      9) әуеайлақтағы (тікұшақ айлағындағы) кедергілерді шектеу және жою.

      Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      113. Осы Қағидалардың 112-тармағында айтылған аэронавиагциялық жүйелерді немесе функцияларды қолдануға байланысты талаптарды орындау мақсатында, жергілікті жер және кедергілер туралы деректер шоғыры төмендегі аудандарға бөлінеді:

      1) 1-аудан: мемлекеттің бүкіл аумағы;

      2) 2-аудан: әуеайлақ ауданында:

      - 2а ауданы: ұшу жолағын және кедергілерден бос кез келген қолда бар жолақты қамтитын ҰҚЖ айналасындағы тік бұрышты аймақ;

      - 2b ауданы: 2а ауданының ұшынан 10 км қашықтыққа ұшып шығу бағытында әр жаққа 15% ауытқумен созылатын аймақ;

      - 2c ауданы: 2а ауданының және 2b ауданының сыртқы жағынан 2а ауданының шекарасынан 10 км-ден аспайтын қашықтыққа созылатын аймақ;

      - 2d ауданы: 2а, 2b және 2с аудандарының сыртқы жағынан әуеайлақтың бақылау нүктесінен 45 км дейінгі қашықтыққа немесе қайсысы жақын екеніне байланысты қолданыстағы ТМА шекарасына дейін созылатын аймақ;

      3) 3-аудан: әуеайлақтың жұмыс алаңына жанасатын, ҰҚЖ-ның бүйір жиегінен ҰҚЖ-ның осьтік желісінен 90 м қашықтыққа және әуеайлақтың жұмыс алаңының барлық басқа бөліктерінің бүйір жиегінен 50м қашықтыққа көлденең бағытта созылатын аймақ;

      4) 4-аудан: ҰҚЖ табалдырығынан 900 м және ҰҚЖ-ға қонуға кіру бағытында ҰҚЖ-ның ұзартылған осьтік желісінің әрбір жағынан 60 м қашықтыққа созылатын, II немесе III санат бойынша қонуға нақты кіруді орындау үшін жабдықталған аймақ.

      Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      114. Жергілікті жер туралы деректер 1-аудан үшін ұсынылады.

      Кедергілер туралы деректер жерден биіктігі 100 метр немесе одан жоғары 1-аудандағы кедергілерге қатысты ұсынылады.

      Ескерту. 114-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      114-1. Қазақстан Республикасының AIP-те жарияланған барлық әуеайлақтарға қатысты: 2а-ауданы, ұшу траекториясының аймағы және әуеайлақтың кедергілерді шектеу беттерінің бүйір шекаралары шегіндегі аймақ үшін жергілікті жер туралы деректер ұсынылады.

      Ескерту. Қағидалар 114-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      114-2. II немесе III санат бойынша қонуға дәл кіруді орындау үшін жабдықталған әуеайлақтарға қатысты 4-аудан үшін жергілікті жер туралы деректер ұсынылады.

      Ескерту. Қағидалар 114-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      114-3. Қазақстан Республикасының AIP-те жарияланған барлық әуеайлақтарына қатысты ҰҚЖ айналасындағы тікбұрышты аймақ болып табылатын, ұшу жолағын және кедергілерден бос кез келген бар жолақты қамтитын кедергілер туралы деректерді есепке алу шегінен шығатын кедергілерге қатысты 2а-ауданы үшін кедергілер туралы деректер ұсынылады. 2а-ауданының кедергілерді есепке алу шегі ҰҚЖ-ның осьтік сызығы бойымен өлшенген ең жақын ҰҚЖ-дан асыра отырып 3 метр биіктікте, ал кедергілерден бос жолаққа жататын аймақтарда, егер бар болса, ҰҚЖ-ның ең жақын шетінен асып кетуге сәйкес келетін деңгейде орналасқан.

      Ескерту. Қағидалар 114-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      114-4. Қазақстан Республикасының AIP-те жарияланған барлық әуеайлақтарға қатысты ұшу траекториясы аймағындағы 1,2% еңісі бар және ұшу траекториясы аймағымен жалпы басталуы бар жазық бетінен жоғары көтерілетін объектілер үшін кедергілер туралы деректер ұсынылады.

      Ескерту. Қағидалар 114-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      114-5. Қазақстан Республикасының AIP-те жарияланған барлық әуеайлақтарға қатысты әуеайлақтың кедергілерін шектеу беттерінен тыс шығатын кедергілер туралы деректер ұсынылады.

      Ескерту. Қағидалар 114-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      114-6. II немесе III санат бойынша қонуға дәл кіруді орындау үшін жабдықталған әуеайлақтарға қатысты 4-аудан үшін кедергілер туралы деректер ұсынылады.

      Ескерту. Қағидалар 114-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      115. Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген аудандардың графикалық суреттері PANS-AIM "Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Аэронавигациялық ақпаратты басқару" (Doc 10066) ИКАО құжатта қамтылған.

      Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      116. Қамтылатын тиісті аудандарға арналған жергілікті жер туралы деректер массиві осы Қағидаларға 6-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген жергілікті жер туралы деректерге қойылатын сандық талаптарға сәйкес келеді, ал кедергілер туралы деректер осы Қағидаларға 6-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген кедергілер туралы деректерге қойылатын сандық талаптарға сәйкес келеді.

      Ескерту. 116-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      117. Жергілікті жер туралы деректер, жергілікті жер туралы деректерді есепке алу шегі мен графикалық суреттерде келтірілген критерийлерді қолдану арқылы, сондай-ақ осы Қағидаларға 6-қосымшасының 1-кестесіндегі жергілікті жер туралы деректерге қойылатын сандық талаптарға сәйкес, осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген аудандар үшін жасалады.

      118. Кедергілер туралы деректерде кедергілер туралы цифрлық деректер шоғыры бар, оған жапсарлас және қоршаған элементтерден жоғары және ұшуларды орындау мақсаттары үшін қауіпті саналатын элементтер кіреді. Кедергілер туралы деректер жасанды нысандардың тік және көлденең көлемінің цифрлық көрінісін береді.

      119. Жылжымайтын (тұрақты немесе уақытша) немесе жылжитын кедергілер, графикалық суреттерге сәйкес, кедергілер туралы деректерді есепке алу шегі мен келтірілген критерийлер негізінде осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген аудандар шегінде анықталады, олар туралы деректер осы Қағидалардың 6-қосымшаның 2-кестесіндегі кедергілер туралы деректерге қойылатын сандық талаптарға сәйкес жасалады.

      120. Жергілікті жер туралы деректерге осы Қағидаларға 6-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген жергілікті жерінің атрибуттарға сәйкес сипатталатын элементтердің барлық типтері енгізіледі.

      121. Кедергілер туралы деректерге осы Қағидаларға 6-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген кедергілерінің атрибуттарға сәйкес сипатталатын, кедергілер ретінде анықталған элементтердің барлық типтері енгізіледі.

      122. Жергілікті жер туралы деректер бар ақпарат өнімдерінің ерекшеліктеріне қолданылатын дереккөздер мен жергілікті жер туралы деректерді алу процестері туралы жалпы ақпарат қамтылған деректерді алу әдісінің сипаттамасы қосылады.

      122-1. Әуеайлақтың картографиялық деректер шоғыры әуеайлақ элементтерін цифрлық ұсынуды қамтиды.

      Ескерту. Қағидалар 122-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2018 № 839 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      122-2. Аспаптар бойынша ұшу схемалары туралы деректер шоғыры аспаптар бойынша ұшу схемаларын цифрлық ұсынуды қамтиды.

      Ескерту. Қағидалар 122-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2018 № 839 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      122-3. Осы Қағидалардың 110-тармағында көрсетілген цифрлық деректер массивтері бойынша құрастырушы АҚК берушісі болып табылады.

      2 (2a, 2b, 2c, 2d), 3 және 4-аудандардағы кедергілер бойынша деректер массивтерін жаңарту әуеайлақ пайдаланушыларынан тиісті деректер ұсынылғаннан кейін, бірақ кемінде 5 жылда бір рет жүзеге асырылады.

      1-аудандағы кедергілер бойынша деректер массивтерін жаңартуды АҚК берушісі Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына сұрау салу арқылы кемінде 2 жылда бір рет жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағидалар 122-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8-параграф. Электр байланысын пайдалану

      123. NОТАМ органдары АFS-ға қосылған және әріп басатын байланыспен қамтамасыз етілген болуға тиіс.

      124. NОТАМ органдары АFS-мен мына пункттерге:

      1) барлық аудандық диспетчерлік орталықтарына және ұшу ақпараты орталықтарына;

      2) ұшу алдындағы ақпараттық қызмет көрсету ұйымдастырылған әуеайлақтарға (тікұшақ айлақтарына) қосылған.

9-параграф. Аэронавигациялық ақпаратпен (аэронавигациялық деректермен) алмасу

      125. ААҚ ұшу қауіпсіздігін, аэронавигацияның тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында шетел мемлекеттердің ААҚ сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ егемендігі айқындалмаған әуе кеңістігіне қатысты, Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты дереу береді.

      Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      126. Аэронавигациялық ақпаратпен халықаралық алмасуды жеңілдету мақсатында ААҚ басқа мемлекеттердің аэронавигациялық ақпарат (аэронавигациялық деректер) қызметтерімен тікелей байланыс орнатады.

      127. ААҚ аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректер) тексергеннен кейін оны Халықаралық аэронавигациялық ақпараттың (аэронавигациялық деректердің) деректер базасына орналастырады.

      128. Басқа ИКАО Уағдаласушы мемлекеттерінің ААҚ, авиакомпаниялар немесе аэронавигациялық карталарды дайындаумен, ұшуды орындаумен немесе қамтамасыз етумен байланысты басқа ұйымдар сұратқан төменде санамаланған аэронавигациялық ақпарат өнімдерінің әрқайсысының бір данасы (бар болса) өзара келісілген нысанда немесе форматта өтеусіз негізде ұсынылады:

      1) AIP, өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда;

      2) AIC;

      3) аэронавигациялық карталар;

      4) NOTAM;

      5) сандық деректер массивтері.

      Ескерту. 128-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-параграф. Аэронавигациялық ақпаратты ұсыну және тарату

      129. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес АІRАС жүйесі арқылы таратуға жататын ақпарат ААҚ алдын ала белгілеген күндер бойынша таратылады. Белгілеу, жою немесе едәуір өзгерту күнтізбелік 28 күн аралығымен бір күнде күшіне ену қағидатына негізделеді. Көрсетілген ақпарат уақытша болған және бүкіл кезең бойы сақталмайтын болған жағдайдан басқа жағдайларда, күшіне енген күнінен кейінгі күнтізбелік 28 күн бойы өзгертілмейді.

      130. ИКАО-ның бағыт карталарын және (немесе) әуеайлақ карталары мен схемаларын қайта шығаруды талап ететін ақпарат, әуе кеңістігін пайдаланушыларға мұндай ақпаратты ол күшіне енгенге дейін 56 күн бұрын жеткізу мақсатында, ААҚ АІRАС-тың 4 циклынан бұрын (күнтізбелік 112 күн) өңделуге ұсынылуы тиіс. Басқа жағдайларда АIRАС-тың 3 циклынан бұрын (күнтізбелік 84 күн).

      Ескерту. 130-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      131. АІRАС циклында өзгерістердің АІRАС жүйесі шеңберінде күшіне ену күндері ретінде 21 желтоқсан мен 17 қаңтарды қоса алғандағы аралық ішіндегі күндер қолданылмайды.

      132. AIRAC жүйесі арқылы таратылатын аэронавигациялық ақпаратты ААҚ, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің интернет-ресурсында күшіне енген күнге дейін кем дегенде күнтізбелік 42 күн бұрын орналастырады.

      Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      133. Алып тасталды - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      133-1. AIP-тың бөлімдеріне (кіші бөлімдеріне, тармақтарына) сәйкес осы Қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген ұйымдар аэронавигациялық ақпарат өнімдерін жариялау үшін ААҚ талап ететін бастапқы аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректердің құрастырушылары болып табылады.

      Ескерту. Қағидалар 133-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11-параграф. Аэронавигациялық ақпараттардың (деректердің) сапасын бақылау жүйесі

      134. Таратылатын аэронавигациялық ақпараттың осы Қағидаларда белгіленген деректер сапасына қойылатын талаптарға сәйкестігі мақсатында АҚК берушісі аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етудің политика, процестері мен рәсімдерін қамтитын, оның ішінде аэронавигациялық ақпарат деректерінің барлық тізбегі бойынша аэронавигациялық деректердің қадағалануын қамтамасыз ету және тексеру мақсатында метадеректерді пайдалануға арналған сапаны басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қолдауды қамтамасыз етеді, оларды түзету және олар туралы тиісті пайдаланушыларды хабардар ету.

      Ескерту. 134-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      134-1. ААҚ персоналы сапаны басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын аэронавигациялық ақпаратты қамтамасыз ету рәсімдерімен танысады және басшылыққа алады.

      Ескерту. Қағида 134-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      134-2. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сапаны басқарудың қолданыстағы жүйесіне сәйкестікті қамтамасыз етуге ішкі бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағида 134-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      134-3. Сапаны басқару жүйесінің қойылатын талаптарға сәйкестігін растау сыртқы немесе ішкі тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Сәйкессіздік анықталған жағдайда оның себебі айқындалады және негізсіз кідіріссіз осындай сәйкессіздікті жою үшін тиісті іс-қимылдар қолданылады. Тексеру қорытындылары бойынша барлық тұжырымдар мен кемшіліктерді жою жөніндегі іс-қимылдар фактілермен расталады және тиісті түрде құжатталады.

      Ескерту. Қағида 134-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      135. Құрылған сапаны басқару жүйесі Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) 9001 сериясындағы сапа кепілдігі стандарттарына сәйкес келуге тиіс.

      135-1. Құрылған сапа менеджменті жүйесінің шеңберінде әр функцияны орындау үшін қажетті құзыреттіліктер мен байланысты білім, дағдылар мен қабілеттер анықталады, ал осы функцияларды орындау үшін тағайындалған аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша қызметкерлер тиісті дайындыққа ие болады.

      Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің біліктілігін растауға мүмкіндік беретін тиісті есеп жүргізіледі, сондай-ақ бастапқы және мерзімді тексерулер ұйымдастырылады, олардың барысында аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша қызметкерлерден қажетті құзыреттерді иеленуді көрсету талап етіледі. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша қызметкерлерді үш жылда бір рет жүргізілетін кезеңдік тексерулер білімдегі, икемділіктегі және қабілеттіліктегі кемшіліктерді анықтау және жою құралы ретінде пайдаланылады.

      Ескерту. Қағидалар 135-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      136. Аэронавигациялық деректердің қадағалануы осы деректерді пайдаланудың бүкіл кезеңі ішінде қамтамасыз етіледі және сақталады.

      Ескерту. 136-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      136-1. Аэронавигациялық деректердің толықтығы олардың болжамды пайдаланылуын қолдау мақсатында қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. Қағидалар 136-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      137. ААҚ ажыратымдылық дәрежесі аэронавигациялық деректердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келетін аэронавигациялық деректердің жариялануын қамтамасыз етеді.

      138. Аэронавигациялық деректердің тұтастығын сақтау оларды құрастыру сәтінен бастап келесі болжамды пайдаланушыға жібергенге дейінгі бүкіл ақпараттық процес бойы қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 138-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      139. Қолданылатын тұтастық сыныптамасына байланысты валидация және верификация рәсімдері енгізіледі, олар:

      1) қалыпты деректерге қатысты: деректерді өңдеу сатысында бұрмалануды болдырмайды;

      2) маңызды деректерге қатысты: бұрмаланудың деректерді өңдеу процесінің кез келген кезеңінде (жинау, өңдеу, сақтау, интеграциялау, алмасу және беру) орын алмауын қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда осы деректердің тұтастығын осы деңгейде одан әрі қамтамасыз ету мақсатында аэронавигациялық деректерді өңдеудің жалпы процесінде ықтимал тәуекелдерді жою үшін қосымша шаралар немесе қадамдар көздеуі мүмкін;

      3) сыни деректерге қатысты: бұрмаланудың деректерді өңдеу процесінің кез келген кезеңінде (жинау, өңдеу, сақтау, интеграциялау, алмасу және беру) орын алмауын қамтамасыз етеді және қателер қаупін жою үшін деректердің тұтастығына кепілдік берудің қосымша рәсімдерін көздейді.

      Ескерту. 139-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      140. Болжамды пайдаланушыға аэронавигациялық ақпарат және (немесе) аэронавигациялық деректерімен тарату немесе алмасу төмендегі тәсілмен жүзеге асырылады:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы;

      2) курьерлік қызмет (пошта қызметі) арқылы жеткізумен электрондық тасығыштарда тарату арқылы;

      3) ААҚ мен болжамды пайдаланушы арасындағы тікелей электрондық байланыс, мысалы электрондық пошта немесе AFTN байланыс арналары бойынша аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) автоматты таратуды қамтамасыз ететін тікелей электрондық тарату арқылы;

      4) электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы.

      Ескерту. 140-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      141. Электрондық тасымалдағыштардағы аэронавигациялық деректер шоғырын сақтау кезінде қорғау, деректер шоғырына арналған қосымшада келтірілген 32-биттік циклдық артық кодты (СRС) қолданып бақылау арқылы қамтамасыз етіледі.

      142. ААҚ ұсыну алдында аэронавигациялық ақпарат өнімінің бір бөлігі ретінде енгізілетін шығарылуға жататын материал оның барлық қажетті ақпаратты қамтуын және барлық бөлшектерде дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін толық тексеріледі.

      Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

12-параграф. Аэронавигациялық ақпараттағы (аэронавигациялық деректер) қателерді анықтау және талдау

      Ескерту. Қағидалар 12-параграфпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      143. Аэронавигациялық ақпаратпен (аэронавигациялық деректермен) қамтамасыз ету кезінде қателерді анықтау процесі сапаны басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

      Аэронавигациялық ақпараттағы (аэронавигациялық деректердегі) қателерді анықтау және есептерді жасау рәсімдері деректерді верификациялау және валидациялау нәтижесінде қате анықталған кезде қолданылады. Қатені аэронавигациялық деректерді өңдеу процесінде (жарияланғанға дейін тексеру кезінде) немесе жарияланған өнімді немесе деректер жиынтығын пайдаланатын пайдаланушы анықтауы мүмкін.

      Тұрақты сипаттағы деректерде анықталған әрбір қате талдауға жатады және осы Қағидалардың 146-тармағына сәйкес іс-әрекеттер қабылданады.

      144. Аэронавигациялық деректерде қателер анықталған кезде қабылданатын ААҚ әрекеттері мынадай өлшемшарттарға байланысты болады:

      1) қате санаты;

      2) қатенің пайда болу себептері (аэронавигациялық деректердегі немесе өңдеу кезіндегі қате);

      3) анықталған қатенің мән-жайлары (қате аэронавигациялық ақпарат (аэронавигациялық деректер) жарияланғанға дейін немесе жарияланғаннан кейін анықталды ма;

      4) қатені түзетуге кететін уақыт.

      145. Қате санаты мынадай тәртіппен айқындалады:

      1) сыни қателік – аэронавигация қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін аэронавигациялық деректердегі қателік (мысалы: аспаптар бойынша қонуға кіру схемасына қатысты дұрыс емес деректер, әуеайлақтың кедергілері мен асып кетулерінің дұрыс емес биіктіктері, ұшу-қону жолағының табалдырықтары, ӘҚҚ маршруттарына қатысты дұрыс емес деректер, әуе кеңістігіне қатысты дұрыс емес деректер);

      2) маңызды қателік – аэронавигациялық ақпараттағы (аэронавигациялық деректердегі) қателік немесе байланыс немесе аэронавигация мақсатында жарияланатын мұндай ақпараттың (деректердің) болмауы (мысалы: ӘҚҚ органының қате жарияланған жиілігі немесе оның болмауы);

      3) кішігірім қате - бұл аэронавигация жұмысына әсер етпейтін қате (кез келген типографиялық, грамматикалық, баспа немесе форматтау кемшілігі, бұл жұмыста қиындық тудырмайды).

      146. Тұрақты сипаттағы аэронавигациялық ақпаратта (аэронавигациялық деректерде) қате анықталғаннан кейін ААҚ қабылдайтын шаралар:

      1) қатені тіркеу;

      2) қатені талдау (қате жарияланды ма, қаншалықты маңызды, бұл аэронавигациялық деректердегі қателік пе, бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушыға хабарлау қажет пе;

      3) қатенің туындау себептерін анықтау;

      4) түзету іс-қимылдарын орындау (мысалы: қате анықталған аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) өңдеу процесін немесе аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) өңдеудің автоматтандырылған жүйесін жаңарту);

      5) қатені қамтитын аэронавигациялық ақпарат өнімін жаңарту;

      6) қатені жою және қабылданған әрекеттер туралы тиісті жазба.

      147. Жарияланған аэронавигациялық ақпаратта (аэронавигациялық деректерде) ААҚ сыни қатесі анықталған сәттен бастап мынадай шұғыл әрекеттер қабылданады:

      1) шығарылған NOTAM қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін AIP-ке түзетудің жариялануы күтілетін жағдайда, тұрақты қолданылу мерзімі бар NOTAM хабарламасы шығарылады;

      2) егер 90 күн ішінде AIP түзетуін жариялау жоспарланбаған болса немесе қатені тек AIP қосымшасы (кең мәтін немесе графикалық ақпарат) арқылы түзетуге болатын болса, AIP қосымшасы жарияланады.

  Азаматтық аваицияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
1-қосымша

Аэронавигациялық деректердің сапасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-кесте. Ені мен ұзындығы

Ені мен ұзындығы

Дәлдік/деректердің түрі, километр / метр (теңіз миль)

Жарияланатын деректердің дәлдігі, минутта / секундта

Картаның дәлдігі, секундта

Бүтіндігінің сыныптамасы

Ұшу ақпаратының ауданы шекараларының нүктелері

2 км (1 м. миль), жарияланған

1 мин

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Р, R, D аудандары шекараларының нүктелері (CTA/CTR шекараларынан тыс)

2 км (1 м. миль), жарияланған

1 мин

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Р, R, D аудандары шекараларының нүктелері (CTA/CTR шекаралары ішінде)

100 м, есептелген

1 с

Салынғанға сәйкес

маңызды

CTA/CTR шекараларының нүктелері

100 м, есептелген

1 с

Салынғанға сәйкес

маңызды

NAVAID бағыттары мен бақылау нүктелері, күту пункті, STAR/SID нүктелері

100 м, түсіру нәтижелері/ есептелген

1 с

1 с

маңызды

1-аудандағы кедергілері (мемлекеттің бүкіл аумағы)

50 м, түсірудің нәтижелері

1 с

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Әуеайлақтың/тікұшақ айлағының бақылау нүктесі

30 м, түсірудің нәтижелері

1 с

1 с

қалыпты

Әеуайлақта/тікұшақ айлағында орналасқан NAVAID

3 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

Салынғанға сәйкес

маңызды

2-аудандағы кедергілері

5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

маңызды

3-аудандағы кедергілері

0.5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

маңызды

Қонуға соңғы кірудің бақылау нүктелері/пункттері және аспаптар бойынша қону сұлбасын жасайтын басқа да манызды бақылау нүктелері/пункттері

З м, түсірудің нәтижелері/ есептелген

1/10 с

1 с

маңызды

ҰҚЖ-ның шегі

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1 с

критикалық

4-аудандағы кедергілері

0.5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

маңызды

ҰҚЖ-ның соңы

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

-

критикалық

ҰҚЖ-ның білік сызығының нүктелері

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

критикалық

РЖ білік сызығының нүктелері

0,5 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

маңызды

Жердегі РЖ білік сызығының нүктелері; әуеде рульдеу үшін және транзиттік бағыттардың РЖ нүктелері

0,5 м, түсірудің нәтижелері/ есептелген

1/100 с

1/100 с

маңызды

Әуе кемелері/тікұшақ тұрақтарының нүктелері/ INS тексеру пункттері

0,5 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

қалыпты

TLOF геометриялық орталығы немесе FATO шегі (тікұшақ айлақтары)

1м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1 с

критикалық

      2-кесте. Асып кету, абсолютті биіктік, салыстырмалы биіктік

Асып кету/абсолютті биіктік/салыстырмалы биіктік

Дәлдік/ деректердің түрі, метр / фут

Жарияланатын деректердің дәлдігі, метр / фут

Картаның дәлдігі, метр / фут

Бүтіндігінің сыныптамасы

Әуеайлақтан/тікұшақ айлағынан асу

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

Әуеайлақтан/тікұшақ айлағынан асу жеріндегі WGS-84 геоид толқыны

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

ҰҚЖ-ның шегі немесе FATO (қонуға нақты емес кіру)

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

ҰҚЖ-ның шегіндегі WGS-84 геоидтік толқыны немесе TLOF-тың геометриялық орталығындағы FATO (қонуға нақты емес кіру)

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

ҰҚЖ-ның шегі немесе FATO (қонуға нақты кіру)

0,25 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

0,1 м немесе 0,1 фут

0,5 м немесе 1 фут

критикалық

ҰҚЖ-ның шегіндегі WGS-84 геоидтік толқыны немесе TLOF-тың геометриялық орталығындағы FATO (қонуға нақты кіру)

0,25 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

критикалық

Кедергілерді ұшып өтудің абсолютті/салыстырмалы биіктігі (ОСА/Н)

PANS-OPS
(Doc 8168) құжатында көрсетілгендей

-

PANS-OPS
(Doc 8168) көрсетілгендей

маңызды

ҰҚЖ шегі қиылысуының салыстырмалы биіктігі (тірек нүктенің салыстырмалы биіктігі), қонуға дәл кіру

0,5 м немесе 1 фут, есептелген

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

критикалық

Қонуға кіру және ұшып көтерілу аймақтарындағы кедіргілер

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

Шеңбер бойынша және әуеайлақта/ тікұшақ айлағында ұшу аймақтарындағы кедергілер

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

Бағыттағы кедергілерден асып өтуі

З м (10 фут), түсірудің нәтижелері

3 м (10 фут)

3 м (10 фут)

қалыпты

Қашықтық өлшегіш жабдығы/ дәлдігі (DME/P)

3 м (10 фут), түсірудің нәтижелері

3 м (10 фут)


маңызды

Қашықтық өлшегіш жабдықтың артуы (DME)

3 м (100 фут), түсірудің нәтижелері

30 м (100 фут)

30 м (100 фут)

маңызды

Аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының абсолюттік биіктігі

PANS-OPS
(Doc 8168) құжатында көрсетілгендей


PANS-OPS
(Doc 8168) көрсетілгендей

маңызды

Ең төменгі абсолютті биіктіктер

50 м немесе 100 фут, есептелген

50 м немесе 100 фут

50 м немесе 100 фут

қалыпты

      3-кесте. Ауытқу және магниттік ауытқу

Төмен түсү/магниттік төмен түсу

Дәлдік/деректердің түрі, градус

Жарияланатын деректердің дәлдігі, градус

Картаның дәлдігі, градус

Бүтіндігінің сыныптамасы

Құралды техникалық күйге келтіру үшін қолданылатын NAVAID ӨЖЖ станциясының ауытқуы

1°, түсірудің нәтижелері

-

маңызды

NDB NAVAID құралының магниттік ауытқуы

1°, түсірудің нәтижелері

-

қалыпты

Әуеайлақтың/ тікұшақ айлағының магниттік ауытқуы

1°, түсірудің нәтижелері

маңызды

ILS курстік радиомаяк антеннасының магниттік ауытқуы

1°. түсірудің нәтижелері

-

маңызды

MLS-тің азимуталды антеннасының магниттік ауытқуы

1°, түсірудің нәтижелері

-

маңызды

      4-кесте. Пеленг

Пеленг

Дәлдік/деректердің түрі, градус

Жарияланатын деректердің дәлдігі, градус

Картаның дәлдігі, градус

Бүтіндігінің сыныптамасы

Әуе трассаларының учаскелері

1/10°, есептелген

қалыпты

Бағыттардағы және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын пеленг

1/10°, есептелген

1/10°

1/10°

қалыпты

Әуеайлақ ауданындағы келу/ұшып шығу бағыттарының учаскелері

1/10°, есептелген

қалыпты

Аспаптар бойынша қонуға кіру схемаларының бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын пеленг

1/100°, есептелген

1/100°

1/10°

маңызды

ILS-тың курстық радиомаяктың шығаруы

1/100°, түсірудің нәтижелері

1/100°, шын

маңызды

MLS-тың нөлдік азимутын шығаруы

1/100°, түсірудің нәтижелері

1/100°, шын

маңызды

ҰҚЖ және FATO пеленгі

1/100°, түсірудің нәтижелері

1/100°, шын

қалыпты

      5-кесте. Ұзындық, қашықтық, өлшем

Ұзындық/қашықтық/өлшем

Дәлдік/деректердің түрі, километр / метр / теңіз миль

Жарияланатын деректердің дәлдігі, километр / метр / теңіз миль

Картаның дәлдігі, километр / метр / теңіз миль

Бүтіндігінің сыныптамасы

Әуе трассалары учаскелерінің ұзындығы

1/10 км немесе 1/10 м. миль, есептелген

1/10 км немесе 1/10 м. миль

1 км немесе 1 м. миль

қалыпты

Бағытта және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын қашықтық

1/10 км немесе 1/10 м. миль, есептелген

1/10 км немесе 1/10 м. миль

2/10 км немесе 1/10 м. миль

қалыпты

Әуеайлақ ауданындағы келу/ұшып шығу бағыттары учаскелерінің ұзындығы

1/100 км немесе 1/100 м. миль, есептелген

1/100 км немесе 1/100 м. миль

1 км немесе 1 м. миль

маңызды

Аспаптар бойынша қонуға кіру схемаларының және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын қашықтық

1/100 км немесе 1/100 м. миль, есептелген

1/100 км немесе 1/100 м. миль

2/10 км немесе 1/10 м. миль

маңызды

FATO немесе ҰҚЖ ұзындығы, TLOF өлшемдері

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м (AD картасы) 0,5 м (АОС карта)

критикалық

Тежеудің шеткі жолағының ұзындығы

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

0,5 м (АОС картасы)

критикалық

Орналастыратын қону арақашықтығы

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м (AD картасы) 0,5 м (АОС картасы)

критикалық

ILS-тың курстық радиомаяк антеннасы мен ҰҚЖ-тың немесе FATO-ның соңы аралығындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

З м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

ILS глиссадалық радиомаягінің антеннасы мен ҰҚЖ табалдырықтың аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

ILS таңбалағыштары мен ҰҚЖ шегі арасындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

2/10 км (1/10 м. миль)

маңызды

DME ILS антеннасы мен ҰҚЖ шегі аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

маңызды

MLS-тың азимуттық антеннасы мен ҰҚЖ мен FATO-ның соңы аралығындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

MLS бұрыштық - өңірлік антеннасы мен ҰҚЖ табалдырығы арасындағы білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

DME/P MLS-тың антеннасы мен ҰҚЖ табалдырығының аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

  Азаматтық авиацияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
2-қосымша

AIP-ке өзгеріс енгізуге өтінім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушы

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ______________________

      Телефоны: __________________

      Лауазымы: _________________________________

      Электрондық пошта: ____________________

      Ұйым: ________________________________

      Толтырылған күні: __________________

      Қолы: _____________

AIP-ке сілтеме

АІР-ке жарияланатын өзгерістер

Бөлім

Тармақ

Ағымдағы редакция

Жаңа редакция



Ағымдағы редакцияны көрсету

Жаңа редакцияны көрсету

      Өзгерістер күшіне енген күн: _____________

      Қосымша ____ парақта.

  Азаматтық авиацияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
3-қосымша

NOTAM басып шығаруға өтінім

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

AFTN желісі арқылы ұсынылатын NOTAM хабарламасын шығаруға өтінім

      * Қажетті сериялардың NOTAM хабарламасын шығаруыңызды сұраймын:

      *А) Әуеайлақ индексі/ҰАА *Б) ЖЖААККССММ *Ц) ЖЖААККССММ (ЕСЕП)

      Д) Кесте (қажет болса)

      *Е) Себептері көрсетілген хабарлама мәтіні (қажет болса).

      * Лауазымы және Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) деректер құрастырушы (орындаушы)

      * Кері байланыс үшін байланыс телефоны

      Ескерту:

      * - Толтыру үшін міндетті өрістер;

      Өріс А): әуеайлақтың немесе ұшу ақпараты ауданының (ИКАО) 4-әріптік индексі көрсетіледі;

      Өріс Б): оқиғаның басталу күні көрсетіледі, онда ЖЖ-жыл, АА-ай, КК-күн, СС-сағат, ММ-минут;

      Өріс Ц): оқиғаның аяқталу күні көрсетіледі, онда ЖЖ-жыл, АА-ай, КК-күн, СС-сағат, ММ-минут, ЕСЕП – есептелген (егер оқиғаның нақты аяқталу күні белгісіз болса);

      Өріс Д): кесте қажет болған жағдайда шектеу шектеу басталған сәттен бастап белгілі бір уақыт кезеңдерінде жұмыс істеген жағдайда көрсетіледі.

Электрондық пошта арқылы берілетін NOTAM хабарламасын жариялауға өтінім

Әуеайлақ

Әуеайлақ индексі/ҰАА

Қолданылудың басталуы

ЖЖААККССММ

Қолданылудың аяқталуы (есепті, егер қолданылса)

ЖЖААККССММ (ЕСЕП)

Кесте (егер қолданылса)


Мәтін (оқиға сипаттамасы)


Астыңғы шегі (егер қолданылса)


Үстіңгі шегі (егер қолданылса)


Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты құрастырушы (орындаушы)


Байланыс телефоны


  Азаматтық авиацияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
4-қосымша

Қазақстан Республикасының AIР қосуға жататын аэронавигациялық карталарды жасау

1-параграф. Жалпы ережелер

      1. Карталарға қойылатын пайдалану талаптары.

      Әрбір үлгінің картасы картаның міндетіне сәйкес ақпаратты қамтиды және картаны тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін адами фактор аспектілерін ескере отырып құрастырылады.

      Әрбір үлгінің картасы әуе кемесі ұшуды қауіпсіз және жылдам орындау мақсатында ұшу кезеңі үшін қжетті ақпаратты қамтиды.

      Ақпаратты беру ұшуды орындаудың барлық қалыпты жағдайлары кезінде екі мәнділікті және жеңіл оқылатындықты жоққа шығаратын нақты, бұрмаланбаған және қысқаша болып табылады.

      Түрлі түсті бояу немесе оның реңктері және үлгілік өлшемі табиғи және жасанды жарық түсіру кезінде ұшқыштың картаны жеңіл оқуы мен түсінуін қамтамасыз ету үшін жасалған.

      Ақпарат жұмыс жүктемесі мен ұшуды орындау жағдайларымен келісетін жүйелі уақыт аралығында ұшқыштың оны қабылдауын қамтамасыз ететін түрде ұсынылады.

      Ақпаратты әрбір үлгінің картасында ұсыну ұшу кезеңіне сәйкес бір картадан екінші картаға біртіндеп өту рұқсат етіледі.

      2. Карталардың атауы.

      Осы Қосымшаларда қамтылған талаптарға сәйкес құрастырылған және картаның мақсатына сәйкестендіруге арналған картаның атауы немесе карталардың сериясы тиісті параграфтың тақырыбына ұқсас болып табылады және осы параграфта қамтылған өзге талаптарды қолдануға байланысты өзгереді. Егер карта осы параграфта баяндалған барлық талаптарға, және нақты картаға қатысты кез келген талаптарға сәйкес келмесе, оның атауына "ИКАО" деген сөз енгізілмейді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Басқа да ақпарат.

      Нақты картаның талаптарында арнайы ескерту болмаған кезде, әрбір картаның бетінде мынадай мәліметтер қамтылады:

      карталар сериясының белгісі немесе атауы;

      парақтың атауы немесе аумақтық бағыныштылығы;

      шектес парақтар туралы карта жолдарындағы ақпарат (егер ол болса).

      Карта пайдаланылатын шартты белгілер мен қысқартулардың түсіндірме сөздер кестесімен жабдықталады. Түсіндірме сөздер орынды үнемдеу мақсатында бөлек жарияланатын жағдайларды қоспағанда, түсіндірме сөздер әрбір картаның немесе артқы бетінде орналастырылады.

      Карта аэронавигациялық құжаттың бөлігі ретінде жарияланса және бұл ақпарат құжаттың басында берілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, картаны жариялаған мекеменің атауы мен тиісті мекенжайы картаның шеткі жолында көрсетіледі.

      4. Шартты белгілер.

      Аэронавигациялық картада қазіргі уақытта ИКАО-да шартты белгілері жоқ азаматтық авиация үшін арнайы маңызды элементтерді немесе мәліметтерді көрсеткен жағдайларды қоспағанда, қолданылатын шартты белгілер Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 4-қосымшаның 2-үстемеде көрсетілген белгілерге сәйкес келеді. Мұндай жағдайларда ИКАО-да қабылданған және картаны оқу қиындық тудырмайтын кез келген маңызды шартты белгілерден ерекшеленетін жағдайлар кезінде кез келген лайықты шертты белгілер қолданылады.

      Жер үсті навигациялық құралдар, қиылысулар мен жолдардың нүктелері барлық карталарда бірдей негізгі шартты белгілермен белгіленеді, олар картаның мақсатына тәуелсіз түрде түсіріледі.

      Негізгі нүктелерге арналған шартты белгі шартты белгілердің иерархиясына негізделеді және мынадай тәртіппен таңдалады:

      1) жер үсті навигациялық құралдың шартты белгісі;

      2) қиылысудың шартты белгісі;

      3) жол нүктесінің шартты белгісі.

      Жол нүктесінің шартты белгісі нақты негізгі нүкте жер үсті навигациялық құралдың немесе қиылысудың орналасқан жері бойынша белгіленбеген жағдайда ғана қолданылады.

      5. Өлшем бірлігі.

      Қашықтықтар геодезиялық қашықтық ретінде белгіленеді.

      Қашықтықтар километр немесе теңіз милясында немесе өлшем бірліктердің нақты шектеу жағдайы кезінде сол және басқа өлшем бірліктерде көрсетіледі.

      Абсолюттік биіктік, асып түсулер және салыстырмалы биіктік метр немесе футта немесе өлшем бірліктердің нақты шектеу жағдайы кезінде сол және басқа өлшем бірлікте көрсетіледі.

      Әуеайлақтарға жататын сызық өлшемі және қысқа қашықтар метрмен көрсетіледі.

      Қашықтық, өлшемдер, асып түсулер және биіктіктер бойынша рұқсат ету дәрежелері нақты картада көрсетілген талаптарға сәйкес келеді.

      Қашықтықты, абсолюттік биіктікті, асып түсулерді және салыстырмалы биіктікті белгілеу үшін қолданылатын өлшем бірліктері әрбір картаның бетінде көрсетіледі.

      Өлшем бірліктерді ауыстыру кестесі (километрлер/теңіз милясы, метрлер/футтар) қашықтықтар, асып түсулер немесе абсолюттік биіктік көрсетілген әрбір картада беріледі. Өлшем бірліктерді ауыстыру кестесі әрбір картаның бетінде көрсетіледі.

      6. Масштаб және кескін.

      Ірі аудандардың карталарында атауы, негізгі параметрлері және кескіннің масштабы көрсетіледі.

      Кіші аудандардың карталарында тек сызықты масштаб көрсетіледі.

      Аэронавигациялық ақпараттың күнін көрсету.

      Әр картаның бетінде аэронавигациялық ақпараттың енгізілген күні жазылады.

      7. Гегографиялық атауларды жазу.

      Барлық жазбалар үшін латын алфавитінің белгілері қолданылады.

      Латын әліпбиінің түрлері ресми қолданылатын елдерде жер атаулары мен географиялық элементтер тиісті әліпбилердегі екпіндермен диакритикалық белгілерді қолдана отырып, олардың ресми жазылуы көрсетіледі.

      Кез кеген нақты картада қысқартуларды "мүйіс", "нүкте", "шығанақ", "өзен" сияқты графикалық терминдерді қолданған кезде, осы сөздердің әрқайсысы мысал ретінде оның қолданылатын маңызды жерінде картаны басып шығарған тілде жазылады. Картада қолданылатын қысқартуларда тыныс белгілері қойылмайды.

      8. Қысқартулар.

      Қажет болған жағдайда аэронавигациялық карталарда қысқартулар қолданылады.

      9. Мемлекеттік шекаралар.

      Карталарда мемлекеттік шекаралар белгіленеді, алайда олар аса маңызды ақпаратты оқуды қиындатса, алынып тасталуы мүмкін.

      Картада екі немесе одан да көп мемлекеттердің шекаралары белгіленген жағдайда, елдердің атаулары көрсетіледі.

      10. Жер бедері.

      Картада жер бедері көрсетілген жағдайда, ол картаны мынадай мақсаттарда пайдаланушылардың қажетін қанағаттандыру үшін бейнеледеді:

      1) бағдарлау мен тану;

      2) орынның үстінде ұшып өтудің қауіпсіз биіктігін анықтау;

      3) аэронавигациялық ақпаратты айқын түсiнудi, көрсетілген кезде;

      4) жоспарлау.

      Картада белгіленген жоғары белгілер бөлек критикалық нүктелерді білдіреді.

      Биіктік белгілердің нақты емес мәндері ± белгісімен қоса беріледі.

      11. Тыйым салынған аймақтары, ұшуларды шектеу аймақтары және қауіпті аймақтар.

      Егер картада тыйым салынған аймақтар, ұшуларды шектеу аймағы немесе қауіпті аймақтар белгіленсе, ол сонымен қатар стандартты немесе басқа белгілермен белгіленеді, алайда, ұлттық тиістілігінің әріптік белгілері жазылмауы мүмкін.

      12. ӘҚҚ әуе кеңістігінің түрлері.

      ӘҚҚ әуе кеңістігін картада бейнелеу кезінде оның сыныбы, үлгісі, атауы немесе дабылдары, тік шекарасы және қолданылуға жататын радиобайланыс жиілігі (жиіліктері), сондай-ақ көлденең шекаралары көрсетіледі.

      13. Магниттік ауытқуы.

      Карталарда ақиқат меридианның солтүстік бағыттары және магниттік ауытқуы көрсетіледі. Магниттік ауытқу бойынша ажырату қабілетінің дәрежесі нақты картада көрсетілген талаптарға сәйкес келеді.

      14. Аэронавигациялық деректер.

      Аэронавигациялық деректер осы Қағидалардың 2-тарауының 11-параграфы 134-тармағының ережелеріне сәйкес беріледі.

      Картадағы географиялық координаттардың, асып кету мәндерінің және геоид толқынының рұқсат ету қабілетінің дәрежесі нақты карта үшін белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым карталардағы аэронавигациялық деректердің рұқсат ету дәрежесінің нақты карта үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-қосымша 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Әуеайлақтың / тікұшақ айлағының картасын жасау

      15. Мақсаты.

      Осы ұшу экипаждарына арналған картада әуе кемелерінің жер үсті қозғалысын жүзеге асыруға көмектесетін ақпарат қамтылған:

      1) тұрақ орнынан ҰҚЖ дейін және

      2) ҰҚЖ-дан тұрақ орнына дейін және

      3) түкұшақтардың қозғалысы:

      тікұшақтың тұрақ орнынан жерге қону және жер үстінен көтерілу аймағына дейін және қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңі аймағына дейін;

      қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңі аймағынан жерге қону және жер үстінен көтерілу аймағына дейін және тікұшақ тұрағы орнына дейін;

      жер үсті РЖ үшін және тікұшақтарға арналған әуеде рульдеуі үшін РЖ;

      әуеде қозғалуға арналған маршруттар бойынша;

      онда сондай-ақ әуеайлақ/тікұшақ айлағы бойынша маңызды пайдалану деректері қамтылған.

      16. Бар болуы.

      Әуайлақ (тікұшақ айлағы) картасы халықаралық азаматтық авиацияны жиі пайдаланатын барлық әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) үшін ұсынылады.

      17. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Картаға түсірілетін аудан мен масштабтың өлшемдері барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етеді.

      Картада сызықтық масштаб көретіледі.

      18. Белгілер.

      Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның және сол әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) атауы көрсетіледі.

      19. Магниттік ауытқу.

      Картада ақиқат және магниттік солтүстік стрелкалары, ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы, сондай-ақ магниттік ауытқудың жылдың өзгеруі көрсетіледі.

      20. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) туралы мәліметтер.

      Бұл картада мыналар көрсетіледі:

      1) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) бақылау нүктесінің географиялық координаталары градустарда, минуттарда және секундтарда;

      2) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және тиісті жағдайларда перронның (биіктікті өлшеу құралдарын тексеру пункттерінің) ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен есептелген артып кетуі; 

      3) ал қонуға дәл кірмеу үшін – ҰҚЖ шегі мен жерге қону және жер үстінен көтерілу аймағының геометриялық орталығы үшін есептелген артып кетуі мен геоид толқыны;

      4) қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ шегінің, жерге қону және жер үстінен көтерілу аймағының геометриялық орталығының және қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ-ға қону аймағының ең жоғары нүктесінің ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен есептелген артып кетуі мен геоид толқыны;

      5) нөмірі, ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен ұзындығы және ені, көтергіштік қабілеті, ығысу шектері, соңғы тежеу жолақтары, кедергіден бос жолақтар, магниттік меридианға қатысты ең жақын градус мәніне дейінгі дәлдікпен ҰҚЖ бағыттары, ҰҚЖ бетінің түрі мен таңбалануы көрсетілген барлық ҰҚЖ, оның ішінде жаңадан салынып жатқаны;

      6) әуе кемелері/тікұшақ тұрақтарының орны бар барлық перрондар және тиісті жағдайларда, тұраққа көзбен шолып қою жүйелерінің орналасқан жері мен түрін, егер көтергіштік қабілеті тиісті ҰҚЖ-ның көтергіштік қабілетінен төмен болса, тікұшақ айлақтары үшін жер бетінің түрін және көтергіштік қабілеті немесе әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулерді қоса, жарық-сигналды құралдар, таңбалау және басқа да көзбен шолып бағыттау және басқару құралдары;

      7) ҰҚЖ шектері, жерге қону және жерден көтерілу аймағының геометриялық орталығы және/немесе қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңі аймағының шектері (қажеттілігіне қарай) үшін географиялық координаталар;

      8) жер бетінің түрі көрсетілген тікұшақтарға арналған барлық рулеждік жолдар, әуе және жерүсті РЖ, егер аралық күту орындары орнатылған болса, ҰҚЖ жанындағы күту орындарын қоса алғанда, белгілері, ені, жарық-сигналды құралдар, таңбалау көрсетілген тікұшақтардың әуеде қозғалу бағыттары және "тоқта" сызықтарының оты, басқа көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары, егер көтергіштік қабілеті тиісті ҰҚЖ-ның көтергіштік қабілетінен төмен болса, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті немесе шектеулері;

      9) егер мұндай учаскелер белгіленген болса, тиісті түрде қосымша ақпарат енгізілген қауіпті учаскелердің орналасқан жері;

      10) РЖ тиісті осьтік сызығы мен әуе кемелерінің тұрақ орындары нүктелерінің градустардағы, минуттардағы, секундтардағы және секундтың ондық үлесіндегі географиялық координаталары;

      11) егер мұндай бағыттар белгіленген болса, бұрылатын әуе кемелеріне арналған көрсеткіштері бар стандартты бағыттар;

      12) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;

      13) ҰҚЖ-да көріну қашықтығын бақылау нүктелерінің орналасуы (RVR);

      14) жақындау оттары мен ҰҚЖ оттары жүйесі;

      15) глиссаданың көзбен шолу индикациясы жүйесінің орналасқан жері және түрі, олар үшін номиналды глиссада бұрыш(тар)ымен, ұшқыштың "глиссададағы" сигналды көретін ҰҚЖ шегі үстінен көру деңгейінің ең төменгі биіктігімен, ал егер жүйенің осі ҰҚЖ осьтік желісіне параллель болмаса, ығысу бұрышы және бағытымен, яғни сол жаққа немесе оң жаққа қарай;

      16) арналары және қажетті жағдайда, қосылу мекенжайлары көрсетілген тиісті байланыс құралдары;

      17) рульдеу кедергілері;

      18) әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;

      19) VОR тексеру пункті және осы құралдың радиожиілігі;

      20) бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерінің пайдалануына тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.

      Тікұшақ айлақтарына қатысты әуеайлақтар үшін көрсетілген элементтерден басқа картада мыналар көрсетіледі:

      21) тікұшақ айлағының түрі;

      22) ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен өлшемдері, еңкіштігі, жерүстінің түрі, тоннадағы көтергіштік қабілеті көрсетілген жерге қону және жерден ажырау аймағы;

      23) түрі, ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен нақты пеленгі, белгілейтін нөмірі (егер көзделген болса), ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен ұзындығы және ені, еңкіштігі және жер бетінің түрі көрсетілген қонуға кірудің және ұшып көтерілудің соңғы кезең аймағы;

      24) жер бетінің ұзындығы, ені және түрі көрсетілген қауіпсіздік аймағы;

      25) жер бетінің ұзындығы және пішіні көрсетілген тікұшақтарға арналған кедергілерден бос жолақ;

      26) түрі және метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен барынша артып кетуі (ең жақын жоғары мәнге дейінгі) көрсетілген кедергілер;

      27) қонуға кіру схемаларына арналған көзбен шолу құралдары, қонуға кіру және ұшып көтерілудің соңғы кезең аймағының, сондай-ақ жерге қону мен жер бетінен ажырау аймағының таңбалануы мен оттары;

      28) тікұшақ айлақтарына арналған жарияланған қашықтықтар (тиісті жағдайларда ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен), оның ішінде:

      орналастырылған ұшып-көтерілу арақашықтығы;

      орналастырылған үзілген ұшып-көтерілу арақашықтығы;

      орналастырылған қону арақашықтығы.

3-параграф. Жердегі әуеайлақ қозғалысы картасын жасау

      21. Мақсаты.

      Осы картада ұшу экипаждары үшін әуе кемелерінің РЖ тұрақ орындарына және тұрақ орындарынан жер үсті қозғалысын жүзеге асыруға және әуе кемелерін тұрақта орналастыруға/тұраққа қоюға көмектесетін ақпарат қамтылған.

      22. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Картаға түсірілетін аудан мен масштаб барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етеді.

      23. Белгілер.

      Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың немесе елді мекеннің және сол әуеайлақтың атауы көрсетіледі.

      24. Магниттік ауытқу.

      Ақиқат солтүстік стрелкасы көрсетіледі.

      25. Әуеайлақ туралы мәліметтер.

      Осы картада бейнеленетін аймаққа қатысты әуеайлақ (тікұшақ айлағы) картасында қамтылған барлық ақпарат соған ұқсас көрсетіледі, соның ішінде:

      1) ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен перроннан артып кету шамасы;

      2) әуе кемелерінің тұрақ орындары бар перрондар және тиісті жағдайларда, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті немесе шектеулері, тұраққа көзбен шолып қою жүйелерінің орналасуы мен түрін қоса алғанда, жарық-сигналды құралдар, таңбалау және басқа да көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары;

      3) тұрақ орындарының градустағы, минуттағы, секундтағы және секундтың ондық үлестеріндегі географиялық координаталары;

      4) белгілері ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен, ені, көтергіштік қабілеті немесе қажеттілігіне қарай әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулер, егер аралық күту орындары орнатылған болса, ҰҚЖ жанында күту орындары қоса алғанда, жарық-сигналды құралдар, таңбалау көрсетілген рулеждік жолақтары және "тоқта" сызықтарының оттары және басқа да көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары;

      5) егер мұндай учаскелер белгіленген болса, тиісті түрде қосымша ақпарат енгізілген қауіпті учаскелердің орналасқан жері;

      6) егер мұндай бағыттар белгіленген болса, бұрылатын әуе кемелері үшін көрсеткіштері бар стандартты бағыттар;

      7) РЖ тиісті осьтік сызығы нүктелерініңградустағы, минуттағы, секундтағы және секундтың ондың үлесіндегі географиялық координаталары;

      8) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;

      9) арналары және қажеттілігіне қарай қосылу мекенжайлары көрсетілген тиісті байланыс құралдары;

      10) жермен жүру кедергілері;

      11) әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;

      12) VОR тексеру пункті және осы құралдың радиожиілігі;

      13) бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерінің пайдалануына тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.

4-параграф. Тұрақтың / әуе кемесін тұраққа қоюдың картасын жасау

      26. Мақсаты.

      Осы қосымша картада ұшу экипаждары үшін әуе кемелерінің рулеждік жолдарынан тұрақ орындарына және кері қарай жерүсті қозғалысын жүзеге асыруға және әуе кемелерін тұрақта орналастыруға/тұраққа қоюға көмектесетін ақпарат қамтылған.

      27. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. 

      Картаға түсірілетін аудан мен масштаб барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етеді.

      28. Белгілер.

      Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың немесе елді мекеннің және сол әуеайлақтың атауы көрсетіледі.

      29. Магниттік ауытқу.

      Ақиқат солтүстік стрелкасы көрсетіледі.

      30. Әуеайлақ туралы мәліметтер.

      Осы картада бейнеленетін аймаққа қатысты әуеайлақ (тікұшақ айлағы) картасында қамтылған барлық ақпарат соған ұқсас көрсетіледі, соның ішінде:

      1) ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен перронның артып кету шамасы;

      2) әуе кемелерінің тұрақ орындары бар перрондар және тиісті жағдайларда, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті немесе шектеулері, тұраққа көзбен шолып қою жүйелерінің орналасуы мен түрін қоса алғанда, жарық-сигналды құралдар, таңбалау және басқа көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары;

      3) тұрақ орындарының градустағы, минуттағы, секундтағы және секундтың ондық үлесіндегі географиялық координаталары;

      4) ҰҚЖ жанында күту орындарын қоса алғанда, белгілерді көрсетумен рулеждік жолдарына кіру және егер орнатылған болса, аралық күту орындары, сондай-ақ "тоқта" сызықтарының оттары;

      5) егер мұндай учаскелер белгіленген болса, тиісті түрде қосымша ақпарат енгізілген қауіпті учаскелердің орналасқан жері;

      6) РЖ тиісті осьтік сызығы нүктелерінің градустағы, минуттағы, секундтағы және секундтың ондық үлесіндегі географиялық координаталары;

      7) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;

      8) арналары және қажетті жағдайда, қосылу мекенжайлары көрсетілген тиісті байланыс құралдары;

      9) рульдеу кедергілері;

      10) әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;

      11) VОR тексеру пункті және осы құралдың радиожиілігі;

      12) бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерін пайдалану үшін тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.

5-параграф. Әуеайлақтық кедергілердің картасын жасау, А түрі

      31. Мақсаты.

      Осындай үлгідегі карта АІР-та жарияланған тиісті ақпаратпен бірге пайдаланушыны пайдалану шектеулерін сақтау үшін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді.

      32. Бар болуы.

      "А" түріндегі әуеайлақтық кедергілердің картасы ұшып көтерілу кезінде биіктікті жинау траекториясының аймағында кедергілердің болмайтын әуеайлақтарын қоспағанда, халықаралық азаматтық авиация жиі қолданатын барлық әуеайлақтар үшін ұсынылады.

      Егер ұшып көтерілу кезінде биіктікті жинау траекториясының аймағында кедергілердің болмауына байланысты, картаның қажеттілі болмаса, ол туралы AIP-қа арнайы хабарлама жіберіледі.

      33. Өлшем бірлігі.

      Асып түсулер метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

      Сызықтық өлшемдер жарты метр дәлдікпен көрсетіледі.

      34. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. 

      Әрбір картаның көлемі барлық кедергілерді енгізуге жеткілікті.

      Көлденең масштаб 1:10 000 мен 1:15 000 шегінде таңдалады.

      Тік масштаб көлденең масштабтан он есе ірі болады.

      Сызықтық масштабтар. Көлденең және тік сызықтық масштабтар карталарда метрмен және/немесе футпен белгіленеді.

      35. Формат.

      Карталарға әрбір ҰҚЖ, оған шектес шекті тежеу жолағының немесе кедергіден бос жолақтың, ұшып көтерілу траекториясы мен маңызды кедергілер аймағының жоспары мен пішіні салынады.

      Әрбір ҰҚЖ, оған шекті тежеу жолағының, кедергіден және ұшып көтерілу траекториясы аймағынан бос шекті жолағының пішіні әрбір элементтің тиісті жоспарының үстінде бейнеленеді. ұшып көтерілу траекториясы қосалқы аймағының пішіні барлық ұшып көтерілу траекториясының сызықтық проекциясын қамтиды және ақпаратты барынша тез түсіну нысанындағы оның тиісті жоспарының үстінде орналастырылады.

      Пішіннің торы ҰҚЖ-ны қоспағанда, пішіннің барлық ауданына жазылады. Тік есептеуге арналған нөлдік мәні теңіздің орта деңгейі болып табылады. Көлденең есептеуге арналған нөлдік мәні ұшып көтерілу траекториясының тиісті аймағынан қарама-қарсы жағындағы ҰҚЖ-ның соңы болып табылады. Аралықтары көрсетілген тордың бөлшектерін дәйектеу тордың бойымен және тік торларға енгізіледі.

      Картада мыналар көзделеді:

      1) пайдалану құжаттарын тіркеуге арналған жиектеме;

      2) түзетулер мен оларды енгізу күндерін тіркеуге арналған жиектеме.

      36. Белгілер.

      Картада әуеайлақ орналасқан мемлекеттің, осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың атауы, елді мекеннің немесе ауданның атауы, сол әуеайлақтың атауы ҰҚЖ белгісі (белгілері) көрсетіледі.

      37. Магниттік ауытқу.

      Картада бір градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы және ақпарат күні көрсетіледі.

      38. Аэронавигациялық деректер.

      Кедергілер.

      Жазықтық үстінде тұрған, еңістігі 1,2 % болатын және ұшып көтерілу траекториясы аймағымен бірдей бастамасы бар ұшып көтерілу траекториясы аймағындағы объектілер басқа кедергілермен толық көлеңкеленген және картада белгілене алмайтын жағдайларды қоспағанда, кедергілер ретінде қарастырылады. Жазықтық үстінде тұрған, еңістігі 1,2 % болатын кемелер, теміржол құрамы, автомашиналар және т.с.с. қозғалатын объектілер кедергілер болып есептеледі, бірақ көлеңкеленуге әкелетін кедергілер болып есептелмейді.

      Кедергінің көлеңкесі көлденең сызықтан басталатын, кедергінің басынан ұшып көтерілу траекториясы аймағының осьтік сызығына перпендикуляр өтететін жазықтық болып табылады. Бұл жазықтық ұшып көтерілу траекториясы аймағының барлық енін қамтиды және еңістігі 1,2% болатын жазықтыққа дейін немесе егер одан да биік кедергі жақын орналасса, соған дейін созылады. Ұшып көтерілу траекториясы аймағының бірінші 300 метр (1000 фут) бойымен көлеңке жазықтықтар көлденең орналасады, ал осы нүктеден кейін олардың еңістігі жоғарыға қарай 1,2 % болады.

      Егер көлеңке тудыратын кедергілер жойылса, осының нәтижесінде кедергі болатын басқа объектілер картаға енгізіледі.

      39. Ұшып көтерілу траекториясының аймағы.

      Ұшып көтерілу траекториясының аймағы ұшып көтерілу траекториясының астында жатқан және оған қарағанда симметриялы түрде орналасқан жер бетіндегі төртбұрышты кеңістікті құрайды. Бұл аймақтың мынадай сипаттамалары бар:

      1) ол ұшып көтерілуге жарамды деп танылған аймақтың (яғни, жағдайларға қатысты кедергілерден бос ҰҚЖ соңында немесе шеткі жолағында) соңында басталады;

      2) бастапқы нүктедегі оның ені 180 метр (600 фут) құрайды және 0,25D кезеңінде асады да, ең үлкен 1800 метр (6000 фут) еніне дейін жетеді, D мөлшері бастапқы нүктеден басталатын қашықтықты білдіреді;

      3) ол кедергілері жоқ нүктеге дейін немесе 10,0 километр (5,4 м. мили) белгісіне дейін осы қашықтықтардың қайсысы аз екеніне байланысты созылады.

      Пайдалану шектеулері бар, олардың кемінде 1,2 % градиентімен ұшуды орындау мүмкіндігі бар әуе кемелері пайдаланатын ҰҚЖ-да ұшып көтерілу траекториясы аймағының ұзындығы кемінде 12,0 километр (6,5 м. миль) дейін артады, ал жазық беттің еңісі 1 % немесе одан төменге төмендейді.

      40. Белгіленген қашықтықтар.

      Әрбір ҰҚЖ-ның әрбір бағыттары үшін тиісті орында картада мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) екпіннің бар болған ұзындығы;

      2) үзілген ұшып көтерілудің бар болған арақашықтығы;

      3) бар болған ұшып көтерілу арақашықтығы;

      4) бар болған қондыру арақашықтығы.

      41. Жоспардағы түрі мен пішіні.

      Жоспардағы түрде мыналар көрсетіледі:

      1) тұтас сызықтықпен ҰҚЖ-ның контуры, оның ішінде ұзындығы мен ені, бір градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік пеленг және ҰҚЖ нөмірі;

      2) сызықшалармен ұзындығы мен белгілерді қоса, кедергілерден бос жолақтар;

      3) үзік сызықтармен – ұшып көтерілу траекториясының аймағы және кезек-кезек берілген қысқа және ұзын сызықшалары бар жіңішке үзік сызықпен – осьтік сызық;

      4) ұшып көтерілу траекториясының қосалқы аймағы. ҰҚЖ осьтік сызықтың жалғасуына қатысты симметриялы орналасқан ұшып көтерілудің қосалқы аймағы көрсетілген жағдайда, осындай аймақтардың мәні түсіндірілетін ескертпелер көзделеді;

      5) кедергілер, оның ішінде:

      кедергінің үлгісін сипаттайтын шартты белгісі қоса берілген әрбір кедергінің нақты орналасқан жері;

      әрбір кедергінің асуы және белгісі;

      түсінік сөздері берілген үлкен көлемдегі кедергілер төбелерінің шегі.

      Соңғы тежеу жолақтары бейнеленген кезде әрбір соңғы тежеу жолақтарының ұзындығы көрсетіледі.

      Пішінде мыналар көрсетіледі:

      6) тұтас сызықтықпен – ҰҚЖ осьтік сызық пішіні мен үзік сызықтармен – кедергілерден бос соңғы кез келген тиісті тежеу жолақтары мен жолақтардың осьтік сызықтарының пішіні;

      7) ҰҚЖ әрбір соңында, соңғы тежеу жолағында және ұшып көтерілудің әрбір аймағының басында осьтік сызықтан асу, сондай-ақ ҰҚЖ бұрышының және соңғы тежеу жолағының біршама өзгеруі;

      8) кедергілер, оның ішінде:

      әрбір кедергі – тордың тиісті сызығынан басталатын және тордың келесі сызығы арқылы кедергінің жоғарғы нүктесіне дейін соңғы шама бойынша өтетін тұтас тік сызықпен;

      әрбір кедергінің белгісі;

      түсінік сөздері берілген үлкен көлемдегі кедергілер төбелерінің шегі.

      42. Дәлдігі.

      Картада қол жеткізілетін дәлдік дәрежесі көрсетіледі.

      Бастапқы дәреже. Түсірілім кезінде тік жазықтықтағы есептеуде нақты бастапқы дәреже туралы мәлімет болмаған жағдайда, қабылданды деген белгісі бар қолданылатын бастапқы дәреженің асуы көрсетіледі.

6-параграф. Қонуға дәл кіру үшін аймақтың картасын жасау

      43. Мақсаты.

      Осы карта ұшуды пайдалану кәсіпорындарына биіктікті өлшеу радиоқұралдарын пайдалану кезінде шешім қабылдау үшін биіктікті айқындауға жергілікті жердің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында жергілікті жердің қонуға кірудің соңғы кезеңінің берілген учаскесі шегіндегі пішіні толық ақпаратты қамтиды.

      44. Бар болуы.

      Қажетті ақпарат жердің картасында және әуеайлақ ауданындағы кедергілер (электрондық) берілген жағдайларды қоспағанда, қонуға дәл кіруге арналған жердің картасы халықаралық азаматтық авиациясы пайдаланатын әуеайлақтардағы ІІ және ІІІ санаттар бойынша дәл қонуға кіру үшін жабдықталған барлық ҰҚЖ үшін беріледі.

      Қонуға дәл кіруге арналған жердің картасы кез келген маңызды өзгерістер болған кезде қайта қаралады.

      45. Белгілер.

      Картада әуеайлақ орналасқан мемлекеттің, осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы мен ҰҚЖ белгісі көрсетіледі.

      46. Жоспар мен пішін туралы ақпарат.

      Карта мыналарды қамтиды:

      1) ҰҚЖ осьтік сызығы жалғасынан екі жаққа қарай 60 метр (200 фут) учаскеде 1 метр (3 фут) аралығымен пішін шектерінде жасалған жергілікті жердің жоспары, бұл ретте көлденең бағыты ҰҚЖ шегінің деңгейіне қатысты белгіленеді;

      2) жергілікті жердің немесе жоспарда белгіленген кез келген объектінің биіктігі осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген учаскелерді ±3 метр белгілеу жақындау оттарын орнату, бірақ олар толығымен немесе ішінара осьтік сызық пішінінен ±3 метр (10 футқа) ерекшеленетін;

      3) жергілікті жердің шектен ҰҚЖ осьтік желісінің жалғасы бойымен 900 метр (3000 фут) шегіндегі пішіні орнатылады.

7-параграф. Ауданның картасын жасау

      47. Мақсаты.

      Осы картада ұшу экипажына келесі кезеңдерде аспаптар бойынша ұшуды орындауға көмектесетін ақпарат қамтылады:

      1) бағыт бойынша ұшу кезеңінен әуеайлаққа қонуға кіру кезеңіне ауысу;

      2) ұшып көтерілу/екінші айналымға кету кезеңінен бағыт бойынша кезеңіне ауысу;

      3) ӘҚҚ күрделі бағыттары немесе әуе кеңістігінің күрделі құрылымы бар аудандарда ұшу.

      48. Бар болуы.

      Аудан картасы әуе қозғалысына қызмет көрсету бағыттары немесе орналасқан жері туралы хабарламаға қойылатын талаптар күрделі болған кезде немесе бағыттық картада тиісті түрде көрсетіле алмайтын кезде беріледі.

      Ұшып келген немесе ұшып көтерілген әуе кемелері үшін бір картада нақты көрсетуге мүмкін емес ӘҚҚ түрлі бағыттары немесе әуе кемелерінің орналасқан жері туралы хабарламаға қойылатын талаптар белгіленген жағдайда, бөлек карталар көзделеді.

      49. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Әрбір картада бейнеленген аудан ұшып шығу және ұшып келу бағыттарын нақты белгілейтін нүктелерді қамтиды.

      Бұл картада сызықтық масштабы көрсетілген масштабта құрастырылады.

      50. Жобалау.

      Параллельдер мен меридиандар тиісті аралықта белгіленеді.

      Градусы көрсетілген штрихтар ішкі жиек сызығының бойымен тұрақты аралықта белгіленеді.

      51. Белгілер.

      Әрбір картада бейнеленетін әуе кеңістігінің атауы көрсетіледі.

      52. Техногенді орта және топография.

      Егер картаның мәні үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді қиындатпайтын болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылады.

      53. Магниттік ауытқу.

      Картада ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы көрсетіледі.

      54. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар.

      Картада биік ендіктер ауданында тиісті өкілетті орган магниттік солтүстік бойынша бағыттау мүмкін емес екенін анықтаған жағдайда, басқа қолайлы бағдарды, яғни ақиқат солтүстікті немесе координаталар торы бойынша солтүстік бағытты пайдалану керек жағдайларын қоспағанда, магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар белгіленеді. Егер RNAV қатысушылары үшін пеленгтер мен жол сызықтарының ақиқат мәндері қосымша келтірілсе, олар 0,1° дейінгі дәлдікпен жақша ішінде көрсетіледі, мысалы 290° (294,9°Т).

      Магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар ақиқат немесе шартты меридианның солтүстік бағыттарымен бағдарланатын жағдайда, ол нақты түрде картада көрсетіледі. Шартты меридианның солтүстік бағытын қолданған кезде, тірек шартты меридиан келтіріледі.

      55. Аэронавигациялық деректер.

      Әуеайлақтар. Осы әуеайлақ ауданындағы бағыттар жүйесіне әсер ететін барлық әуеайлақтар көрсетіледі. Қажет болған жағдайда, ҰҚЖ орналасқан жерінің индексі көрсетіледі.

      Тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар. Белгілері мен тік шекараларын көрсетумен тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар көрсетіледі.

      Аймақтағы ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктіктері. Аймақтағы ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктіктері параллельдер мен меридиандар құрайтын квадрат шегінде көрсетіледі.

      Әуе қозғалысына қызмет көрсету жүйесі. Картада тиісті орнатылған әуе қозғалысына қызмет көрсету жүйесінің құрамдас бөліктері көрсетіледі.

      Мұндай құрамдас бөліктер мыналарды қамтиды:

      1) әуе қозғалысына қызмет көрсету жүйесімен байланысты радионавигациялық құралдар, олардың атаулары, белгілері, жиіліктері және географиялық координаталары градустарда, минуттарда және секундтарда көрсетіледі;

      2) DМЕ қатысты – 30 метр (100 фут) дейінгі дәлдікпен DМЕ тарату антеннасын қосымша арттыру;

      3) ұшып көтерілу мен ұшып келу үшін және күту аймағында ұшу үшін қажетті әуеайлақтық радиоқұралдар;

      4) барлық белгіленген әуе кеңістігінің бүйірлік және тік бағытты шекаралары және әуе кеңістігінің тиісті класы;

      5) навигациялық ерекшелік (ерекшеліктер) белгісі, оның ішінде кез келген шектеулер, егер олар белгілеген болса;

      6) бағыт индекстері бар күту схемалары мен әуеайлақ ауданындағы бағыттар және әуеайлақ ауданындағы белгіленген әуе трассалары мен бағыттарының әрбір учаскесі бойымен жол бұрышы жақын бұрышына дейінгі градус дәлдікпен;

      7) әуеайлақ ауданындағы бағыттарды белгілейтін радионавигациялық құралдың орналасқан жері бойынша белгіленбеген барлық негізгі нүктелер, олардың кодтық атаулары мен географиялық координаталары градустарда, минуттарда және секундтарда көрсетіледі;

      8) VОR/DМЕ аймақтық навигация бағыттарын белгілейтін бағыттар нүктелеріне қатысты қосымша:

      тірек VОR/DМЕ орналасқан жері мен радиожиілігінің белгісі;

      егер бағыттың нүктелері оның орналасқан жерімен сәйкес келсе, 0,1º дейінгі дәлдікпен пеленг және 0,2 километрге (0,1 т. миль) дейінгі дәлдікпен тірек VОR/DМЕ басталған қашықтық;

      9) жеткізулерді және "сұрау салу бойынша" міндетті тарату үшін барлық соңғы пункттердің тапсырмасы;

      10) айналу немесе соңғы пункттерді білдіретін негізгі нүктелер арасындағы ең жақын километр немесе теңіздік мильге дейінгі дәлдігі бар қашықтық;

      11) ең жақын километр немесе теңіздік мильге дейінгі дәлдігі бар радионавигациялық құралдарға дейінгі қашақтық көрсетілген жан жаққа бағытталған ӨЖЖ радиомаяктың көмегімен анықталатын бағыттар учаскесіне ауысу нүктелері;

      12) ең жақын мәнге дейін дөңгелектенген ең жақын 50 метрге немесе 100 футқа дейінгі дәлдікпен бағыт ӘҚҚ бағыты бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі және бағыттағы кедергіні ұшып өтудің ең төменгі абсолюттік биіктігі;

      13) ең жақын мәнге дейін дөңгелектенген ең жақын 50 метрге немесе 100 футқа дейінгі дәлдікпен векторлаудың нақты белгіленген ең төмен абсолюттік биіктігі;

      14) аймақтағы жылдамдық бойынша немесе деңгей/абсолюттік биіктік бойынша шектеулер, егер олар белгілеген болса;

      15) каналдары көрсетілген байланыс құралдары, қажет болған жағдайда, қосылу адрестері;

      16) "флайовер" негізгі нүктелерін көрсету.

8-параграф. Аспаптар (SID) бойынша стандартты ұшып шығу картасын жасау

      56. Мақсаты.

      Осы карта ұшу экипажын аспаптар бойынша белгіленген ұшып шығудың стандартты бағыттарының ұшып көтерілу кезеңінен бастап бағыт бойынша ұшу кезеңіне дейінгі ережелерін орындау мүмкіндігін беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.

      57. Бар болуы.

      Аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (SID) аспаптар бойынша стандартты ұшып көтерілу белгіленген барлық жағдайларда және оны аудан картасында нақты көрсетуге болатын жағдайларда ұсынылады.

      58. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Картаға түсірілетін аудан ұшып шығу бағыты басталатын нүктені көрсету үшін жеткілікті және ӘҚҚ белгіленген бағыты бойындағы бағыты бойынша ұшу кезеңі басталуы мүмкін негізгі нүктемен ескертілген болып табылады.

      Егер карта масштабта орындалған болса, графикалық масштабы көрсетіледі.

      Егер карта масштабта орындалмаған болса, оларды масштабта көрсету үшін өте үлкен көлемдері бар "МАСШТАБТА ЕМЕС" ескертпелері мен жол сызықтарында және картаның басқа бөлшектер масштабтың болмауы шартты белгілер көрсетіледі.

      59. Проекция.

      Картада ішкі шеңбер бойымен тиісті жерлерде тұрақты аралықтарымен бірге дәйектеу сызықшалары көрсетіледі.

      60. Белгілер.

      Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы және аспаптар бойынша ұшып шығудың стандартты бағытының (бағыттарының) белгісі (белгілері) көрсетіледі.

      61. Техногенді орта және топография.

      Егер картаның мәні үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді қиындатпайтын болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылады.

      62. Магниттік ауытқу.

      Картада магниттік пеленгтерді, жол сызықтары мен радиалдарды айқындау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

      63. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар.

      Тиісті еннің биік аудандарында өкілетті орган магниттік меридианның солтүстік бағыты бойынша бағдарлау мүмкін емес деп белгілеген жағдайда, басқа ұқсас бағдарды, мысалы, ақиқат немесе шартты меридианның солтүстік бағытын қолданғанды қоспағанда, пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар магниттік болып табылады. Егер RNAV қатысушылары үшін пеленгтер, жол сызықтарының ақиқат мәндері қосымша келтірілсе, олар жақша ішінде 0,1° дейінгі дәлдікпен, мысалы 290° (294,9°Т) көрсетіледі.

      Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар ақиқат немесе шартты меридианның солтүстік бағытталуымен көрсетілген жағдайда, ол картада нақты көрсетіледі. Шартты меридианның солтүстік бағыты қолданылған жағдайда, тірек шартты меридиан көрсетіледі.

      64. Аэронавигациялық деректер.

      Әуеайлақтар. Ұшып шығу әуеайлағы ҰҚЖ орналасқан жерінің схемасының суретімен белгіленеді.

      Аспаптар бойынша алдын ала жазылған стандартты ұшып шығуға әсер ететін барлық әуеайлақтар көрсетіледі немесе белгіленеді. Қажет болған жағдайда, әуеайлақтағы ҰҚЖ-ның орналасқан жері көрсетіледі.

      Тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар. Ұшу схемаларын орындауға әсер етуі мүмкін тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар немесе қауіпті аймақтар өзінің белгілері мен тік шекараларымен көрсетіледі.

      Сектордағы ең төмен абсолюттік биіктік. Картаға секторы нақты көрсетілген секторда белгіленген ең төмен абсолюттік биіктік белгіленеді.

      Егер сектордағы ең төмен абсолюттік биіктік белгіленбесе, карта масштабта көрсетіледі және аймақтағы ұшудың ең төмен абсолюттік биіктіктері параллельдермен және меридиандармен құралатын квадрат шегінде көрсетіледі. Аймақтағы ұшудың ең төмен абсолюттік биіктігі ең төмен абсолюттік биіктік белгіленген сектормен қамтылмаған картаның бөліктерінде көрсетіледі.

      ӘҚҚ жүйесі. Картада тиісті белгіленген ӘҚҚ-ның жүйелерінің құрауыштары көрсетіледі.

      Мұндай құрауыштар мыналарды қамтиды:

      1) әрбір аспаптар бойынша ұшып шығу стандартты бағытының графикалық сипаттамасы, оның ішінде:

      бағыт индексі;

      бағыттарды белгілейтін негізгі нүктелер;

      ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен бағыттың әрбір учаскесі бойындағы жол сызықтары немесе радиал;

      ең жақын километр немесе теңіздік мильге дейінгі дәлдікпен негізгі нүктелер арасындағы қашықтық;

      бағыттағы немесе бағыт учаскесіндегі кедергілерді ұшып өтудің ең төмен абсолюттік биіктігі және ең үлкен мәнге дейін дөңгелектенген ең жақын 50 м немесе 100 футқа дейінгі дәлдікпен схемада көзделген абсолюттік биіктік және ұшу эшелондарына қатысты шектеулер, егер ондайлар белгіленген болса;

      карта масштабта орындалса және ұшып шығу кезінде ең үлкен мәнге дейін дөңгелектенген ең жақын 50 метрге немесе 100 футқа дейінгі дәлдікпен векторлаудың белгі қойып белгіленген ең төмен абсолюттік биіктіктер радиолокациялық бағыттауды қамтамасыз етеді.

      2) бағытпен (бағыттармен) байланысты радионавигациялық құрал (құралдар), оның ішінде:

      егер радионавигациялық құрал қалыпты навигация үшін пайдаланылса:

      ашып жазылған атауы;

      белгілері;

      Морзе коды;

      жиілігі;

      градустар, минуттар және секундтардағы географиялық координаталар;

      DМЕ үшін, 30 метрге (100 фут) дейінгі дәлдікпен тарататын DМЕ антеннасының арналары мен асып түсуі;

      егер радионавигациялық құрал аймақтық навигация үшін негізгі нүкте ретінде пайдаланылса:

      ашып жазылған атауы;

      белгілері;

      3) радионавигациялық құралдың орналасқан жері бойынша белгіленбеген негізгі нүктелер, соның ішінде:

      егер негізгі нүкте қалыпты навигация үшін пайдаланылса:

      кодтық атауы;

      градустар, минуттар және секундтардағы географиялық координаталар;

      тірек радионавигациялық құралдан 0,1º дейінгі дәлдікпен пеленг;

      тірек радионавигациялық құралдан 0,2 км (0,1 т. миль) дейінгі дәлдікпен қашықтық;

      тірек радионавигациялық құралдың белгіленуі;

      егер негізгі нүкте аймақтық навигация үшін пайдаланылса:

      кодтық атауы;

      4) күту аймағындағы қолданылатын ұшу схемалары;

      5) ең үлкен мәнге дейін дөңгелектенген ең жақын 300 метрге немесе 1000 футқа дейінгі дәлдікпен ауысудың абсолюттік/қатыстық биіктігі;

      6) кедергілерді белгілеу жазықтығы (OIS) үшін шығатын, жақын орналасқан кедергілердің орналасқан жері мен қатысты биіктігі. Схеманың жарияланған градиентін есептеу кезінде ескерілмеген, OIS үшін шығатын жақын орналасқан кедергілер бар болған кезде тиісті ескертпелер беріледі.

      7) аймақта жылдамдық бойынша шектеулер, егер олар белгіленсе;

      8) PBN схемалары жағдайында - PBN талаптары туралы ақпарат бар жақтауды (кез келген шектеулерді қоса алғанда, егер олар орнатылған болса);

      9) жеткізулер мен "сұрау салу бойынша" жеткізулерді міндетті таратуға арналған барлық соңғы пункттер;

      10) радиобайланыс қағидалары, оның ішінде:

      ӘҚҚ органының (органдарының) шақыру белгісі (шақыру белгілері);

      жиіліктер;

      қажет болған жағдайда, қабылдағыш-таратқыштардың деректерін енгізу;

      11) "флайовер" негізгі нүктелерін көрсету.

      Аэронавигациялық деректер базасымен байланысты талаптар. Деректер базасын кодтауды қамтамасыз ететін тиісті деректер картаның артқы бетінде немесе тиісті сілтемелермен бір бетте жарияланады.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

9-параграф. Аспаптар (STAR) бойынша стандартты ұшып келу картасын жасау

      65. Мақсаты.

      Осы карта ұшу экипажын аспаптар бойынша белгіленген ұшып келудің стандартты бағыттарының бағыт бойынша ұшу кезеңінен қонуға кіру кезеңіне дейінгі ережелерін орындау мүмкіндігін беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.

      66. Бар болуы.

      Аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (STAR) аспаптар бойынша стандартты ұшып келу белгіленген және оны аудан картасында жеткілікті көрсету мүмкін болмаған жағдайларда ұсынылады.

      67. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Картаға түсірілетін аудан маршрут бойынша ұшу кезеңі аяқталып, қонуға кіру кезеңі басталатын нүктелерді көрсету үшін жеткілікті болып табылады.

      Егер карта масштабта орындалған болса, графикалық масштабы көрсетіледі.

      Егер карта масштабта орындалмаған болса, "МАСШТАБТА ЕМЕС" ескертпесі мен жол сызықтарында масштабтың жоқ болуы туралы шартты белгі және картаның масштабта көрсету үшін көлемдері тым үлкен басқа детальдары келтіріледі.

      68. Проекция.

      Картада ішкі шеңбер бойымен тиісті жерлерде тұрақты аралықтарымен бірге дәйектеу сызықшалары көрсетіледі.

      69. Белгілер.

      Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы және аспаптар бойынша стандартты ұшып келу маршрутының (маршураттарының) белгісі (белгілері) көрсетіледі.

      70. Техногенді орта және топография.

      Егер карта масштабта орындалған болса және картаның қолданылу мақсаты үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді қиындататын болмаса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылады.

      71. Магниттік ауытқу.

      Картада магниттік пеленгтерді, жол сызықтары мен радиалдарды анықтау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

      72. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар.

      Тиісті уәкілетті орган магниттік меридианның сол жақ бағыты бойынша бағдарлау мүмкін емес деп белгілеген жағдайларда, жоғары ендік аудандарында басқа сәйкес келетін бағдарды, мәселен ақиқат немесе шартты меридианның солтүстік бағытын пайдалану қажет болған жағдайларды қоспағанда, пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар магниттік болып табылады. Егер RNAV учаскелері үшін пеленгтер мен жол сызықтарының ақиқат мәндері қосымша келтірілген болса, олар 0,1° дейінгі дәлдікпен, мысалы 290° (294,9°Т) жақшаның ішінде көрсетіледі.

      Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар ақиқат немесе шартты меридианның солтүстік бағдарымен келтірілсе, ол картада анық көрсетіледі. Шартты меридианның солтүстік бағытын пайдаланған жағдайда, тірек шартты меридиан келтіріледі.

      73. Аэронавигациялық деректер.

      Әуеайлақтар. Қону әуеайлағы ҰҚЖ орналасу схемасының бейнесімен белгіленеді.

      Аспаптар бойынша стандартты ұшып келудің алдын ала белгіленген бағытына әсер ететін барлық әуеайлақтар көрсетіледі немесе белгіленеді. Қажет болған жағдайда, әуеайлақтағы ҰҚЖ орналасуы көрсетіледі.

      Тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар. Ұшу схемасының орындалуына әсер етуі мүмкін тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар өзінің белгілерімен және тік шекараларымен бірге көрсетіледі.

      Сектордағы ең төменгі абсолюттік биіктік. Картаға өзі кіретін секторды анық көрсететін секторда белгіленген ең төменгі абсолюттік биіктік енгізіледі.

      Егер сектордағы ең төменгі абсолюттік биіктік белгіленбеген болса, карта масштабта жасалады және аймақтағы ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктіктері параллельдер және меридиандармен жасалатын квадраттардың шегінде көрсетіледі. Сондай-ақ, аймақтағы ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктіктері картаның ең төменгі абсолюттік биіктігі белгіленбеген секторға кірмейтін бөліктері көрсетіледі.

      ӘҚҚ жүйесі. Картада ӘҚҚ тиісті орнатылған ӘҚҚ жүйесінің құрауштары көрсетіледі.

      Мұндай құрауштарға:

      1) аспаптар бойынша стандартты ұшып келудің әрбір маршрутының графикалық сипаттамасы, оның ішінде:

      маршруттың индексі;

      маршрутты айқындайтын негізгі нүктелер;

      ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен маршруттың (маршруттардың әрбір учаскесінің бойындағы жол сызығы немесе радиал;

      ең жақын километрге немесе теңіздік мильге дейінгі дәлдікпен негізгі нүктелер арасындағы қашықтық;

      маршруттағы немесе маршрут учаскелеріндегі кедергілерден ұшып өтудің ең төменгі абсолюттік биіктіктері және көбірек мәнге дейін дөңгелектелген ең жақын 50 метрге немесе 100 футқа дейінгі дәлдіктегі схемада көзделген абсолюттік биіктіктер және, егер белгіленген болса, ұшу эшелондарына қатысты шектеулер;

      егер карта масштабта орындалса және ұшып келу кезінде радиолокациялық бағыттау қамтамасыз етілсе, көбірек мәнге дейін дөңгелектелген ең жақын 50 метрге немесе 100 футқа дейінгі дәлдіктегі анық белгі қойып белгіленген ең төменгі абсолюттік биіктіктер;

      2) маршрутпен (маршруттармен) байланысты радионавигациялық құрал (радионавигациялық құралдар), оның ішінде:

      егер радионавигациялық құрал қалыпты навигация үшін пайдаланылса:

      ашып жазылған атауы;

      белгілері;

      Морзе коды;

      жиілігі;

      градустар, минуттар және секундтардағы географиялық координаталар;

      DМЕ үшін, 30 метрге (100 фут) дейінгі дәлдікпен тарататын DМЕ антеннасының арналары мен асып түсуі;

      егер радионавигациялық құрал аймақтық навигация үшін негізгі нүкте ретінде пайдаланылса:

      ашып жазылған атауы;

      белгілері;

      3) радионавигациялық құралдың орналасқан жері бойынша белгіленбеген негізгі нүктелер, соның ішінде:

      егер негізгі нүкте қалыпты навигация үшін пайдаланылса:

      кодтық атауы;

      градустар, минуттар және секундтардағы географиялық координаталар;

      тірек радионавигациялық құралдан 0,1 º дейінгі дәлдікпен пеленг;

      тірек радионавигациялық құралдан 0,2 км (0,1 т. миль) дейінгі дәлдікпен қашықтық;

      тірек радионавигациялық құралдың белгіленуі;

      егер негізгі нүкте аймақтық навигация үшін пайдаланылса:

      кодтық атауы;

      4) күту аймағында қолданылатын ұшу схемалары;

      5) көбірек мәнге дейін дөңгелектелген ең жақын 50 метрге немесе 100 футқа дейінгі дәлдіктегі ауысудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;

      6) егер олар белгіленген болса, аймақтағы жылдамдық бойынша шектеулер;

      7) PBN схемалары жағдайында - PBN талаптары туралы ақпарат бар жақтауды (кез келген шектеулерді қоса алғанда, егер олар орнатылған болса);

      8) хабарламалар мен "сұрау салу бойынша" хабарламаларды міндетті таратудың барлық бақылау пункттері;

      9) байланыс қағидалары, оның ішінде:

      ӘҚҚ органының (органдарының) шақыру белгісі;

      жиілігі;

      қажет болған жағдайда, қабылдау және жауап беру деректерін енгізу;

      10) "флайовер" негізгі нүктелерін көрсету.

      Аэронавигациялық деректер базасымен байланысты талаптар. Навигациялық деректер қорын кодтауды қамтамасыз ететін тиісті деректер картаның арғы бетіне немесе тиісті сілтемелері көрсетіле отырып, жеке парақта жарияланады.

      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

10-параграф. Аспаптар бойынша стандартты қонуға кірудің картасын жасау

      74. Мақсаты.

      Осы үлгідегі карта ұшу экипаждарын ұшуды межелі ҰҚЖ-ға аспаптар бойынша қонуға кірудің бекітілген схемасына сәйкес орындауға, соның ішінде екінші айналымға кету және тиісті жағдайларда, күту аймағындағы белгіленген ұшу схемасына сәйкес орындауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.

      75. Бар болуы.

      Аспаптар бойынша қонуға кіру картасы тиісті мемлекет аспаптар бойынша қонуға кіру тәртібін белгілеген, халықаралық азаматтық авиация қолданатын барлық әуеайлақтар үшін беріледі.

      Аспаптар бойынша қонуға кірудің бөлек картасы мемлекет белгілеген қонуға дәл кірудің әрбір схемасы үшін көзделеді.

      Аспаптар бойынша қонуға кірудің бөлек картасы мемлекет белгілеген қонуға дәл емес кірудің әрбір схемасы үшін көзделеді.

      Егер жол сызықтарының, уақыттың және абсолюттік биіктіктің мәні аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының соңғы учаскесінде емес, әуе кемелерінің категорияларына қатысты ерекшеленеді, және осындай ерекшеліктерді бір картада көрсету тәртіпсіздікке әкелуі мүмкін немесе шатастыруы мүмкін, сондықтан бір картадан көп карта көзделеді.

      Аспаптар бойынша қонуға кіру картасы ұшуды қауіпсіз орындау үшін қажетті ақпарат ескірген әрбір жағдайда жаңартылады.

      76. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Картаға түсірілетін аудан аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының барлық учаскелерін және осындай қонуға кіру үлгісіне қажет болуы мүмкін осындай қосымша аймақтарды кіргізу үшін жеткілікті болады.

      Таңдалған масштаб мыналарға сәйкес картаның тиімді оқылуын қамтамасыз етеді:

      1) картада көрсетілген қонуға кіру тәртібі;

      2) парақ өлшемі.

      Картада масштаб көрсетіледі.

      Оны орындау мүмкін болмайтын жағдайларды қоспағанда, әуеайлақта немесе оған жақын жерде орналасқан DМЕ сәйкес орталығы бар, радиусі 20 километр (10 т. миль) болатын қашықтық шеңбері көрсетіледі немесе әуеайлақтың соңғы нүктесінің орталығы бар, тиісті DМЕ болмаса, оның радиусі шеңберінде көрсетіледі.

      77. Проекция.

      Тік сызық ортодромияға сәйкес келетін, қолданылатын тең бұрышты проекция.

      78. 78. Белгілер.

      Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы және ИКАО Doc 8168 "Әуе кемелерінің ұшуын жүргізу "Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары" (PANS-OPS) құжатына сәйкес аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының белгісі көрсетіледі.

      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      79. Техногенді орта және топография.

      Картаға екінші айналымға кетуді, тиісті күту схемасында және, егер белгіленген болса, көзбен шолып маневрлеу (айналып ұшу) схемасы бойынша ұшуды қоса алғанда, аспаптар бойынша қонуға кіру схемасын қауіпсіз орындау үшін қажетті жасанды құрылыстар мен топография туралы ақпарат жазылады.

      Топографиялық ақпарат тек қажет болған жағдайда ғана түсіндірме жазбалармен сүйемелденеді және оны түсінуді оңайлату үшін, кем дегенде, жерүсті және ірі көлдер мен өзендердің учаске шекаралары суреттеледі.

      Жер бедерінің элементтері аталған аудандағы асып түсулердің нақты сипаттамалары ескерілген ең қолайлы әдіспен суреттеледі. Картаға түсірілетін аудан шегінде әуеайлақтан асып түсу үстінен 1200 метр (4000 фут) асатын немесе әуеайлақтың соңғы нүктесінен 11 километр (6 т. миль) шегінде 600 метр (2000 фут), немесе қонуға кіру немесе екінші айналымға кетудің соңғы кезеңі схемасының градиенті жергілікті жағдай үшін оңтайлы мықты болған жағдайда, әуеайлақтың асып түсуі үстінен 150 метр (500 фут) асатын жер бедерінің барлық элементтері мәндерін көрсете отырып және тондық гипсометрияны қолдана отырып жайылған көлденеңдер арқылы қоңыр түсте суреттеледі. Бұдан басқа, жоғарғы көлденеңмен сызылған әрбір ауданның шегінде ең үлкен асып түсуді қоса, тиісті биіктік белгілері қара түсте көрсетіледі.

      80. Магниттік ауытқу.

      Картада магниттік пеленгтерді, жол сызықтарын және радиалдарды айқындау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

      81. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар.

      Тиісті еннің биік аудандарында өкілетті орган магниттік меридианның солтүстік бағыты бойынша бағдарлау мүмкін емес деп белгілеген жағдайда, басқа ұқсас бағдарды, мысалы, ақиқат немесе шартты меридианның солтүстік бағытын қолданғанды қоспағанда, пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар магниттік болып табылады. Егер RNAV қатысушылары үшін пеленгтер, жол сызықтарының ақиқат мәндері қосымша келтірілсе, олар жақша ішінде 0,1° дейінгі дәлдікпен, мысалы 290° (294,9°Т) көрсетіледі.

      Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар ақиқат немесе шартты меридианның солтүстік бағытталуымен көрсетілген жағдайда, ол картада нақты көрсетіледі. Шартты меридианның солтүстік бағыты қолданылған жағдайда, тірек шартты меридиан көрсетіледі.

      82. Аэронавигациялық деректер.

      Әуеайлақтар. Сипаттық белгілері әуеден жақсы көрінетін барлық әуеайлақтар тиісті шартты белгімен белгіленеді. Қараусыз қалған әуеайлақтардың белгісі "Қараусыз қалған" белгісімен қоса жүреді.

      ҰҚЖ схемасы мыналар үшін (жеткілікті түрде үлкен масштабта көрнекіліктер үшін) келтіріледі:

      1) аталған тәртіп қолданылатын әуеайлақ;

      2) әуе қозғалысының схемасына әсер ететін немесе қолайсыз ауа райы жағдайларында олар межелі әуеайлақ деп есептелуі мүмкін болып орналасқан әуеайлақтар.

      Әуеайлақтың асып түсуі ең жақын метр немесе фунтқа дейінгі дәлдікпен картаның ашық жерінде көрсетіледі.

      Картада ҰҚЖ табалдырығының артуы немесе, тиісті жағдайларда, ең жақын метр немесе фунтқа дейінгі дәлдікпен қону аймағы артуының ең үлкен мәні көрсетіледі.

      Кедергілер. Карта жоспарының түрінде кедергілер көрсетіледі.

      Кедергілердің жоғарғы нүктелерінің артуы бір метр немесе бір фунтқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі (дөңгелектеу арту жағында жүргізіледі).

      Орташа теңіз деңгейіне емес, өзге бастапқы деңгейге қатысты, бастапқы есептік деңгей үшін кедергілердің биіктіктерін белгілеу кезінде әуеайлақтың артуы қолданылады; табалдырықтың артуы 2 метр (7 фут) аспайтын жабдықталған ҰҚЖ бар әуеайлақтарда әуеайлақтың асып түсу мәнінен аз болған жағдайда, бастапқы есептік деңгей үшін ҰҚЖ табалдырығының артуы қолданылады, оған аспаптар бойынша қонуға кіру жүргізіледі.

      Теңіздің орта деңгейінен басқа бастапқы деңгей қолданылған жағдайда, ол туралы картаның ашық жерінде тиісті белгілер қойылады.

      1-санат бойынша қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ үшін кедергілерден бос аймақ белгіленбеген жағдайда, ол туралы көрсетіледі.

      Көзбен шолу учаскенің (VSS) бетінен шығатын кедергілер картада көрсетіледі.

      Тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар. Ұшу схемаларын орындауға әсер етуі мүмкін тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар немесе қауіпті аймақтар өзінің белгілері мен тік шекараларымен көрсетіледі.

      Радиобайланыс құралдары және навигациялық құралдар. Картада аспаптар бойынша қонуға кіру үшін қажетті радионавигациялық құралдар, олардың жиіліктері, жол сызықтары бойынша белгілері мен бағыттау сипаттамалары, егер ондайлар бар болса, көрсетіледі. Бірнеше станциялар орналасқан қонуға кірудің соңғы учаскесінің жол сызығындағы схемалар болған жағдайда, картада жол сызығы бойымен бағыттау үшін қолдануға жататын құрал көрсетіледі. Бұдан басқа, мүмкін болған жағдайда, қонуға кіру картасынан схемада қолданылмайтын құралдар алынып тасталады.

      Егер радионавигациялық құрал аймақтық навигация үшін негізгі нүкте ретінде пайдаланылса, тек оның атауы ашық мәтінмен және белгіленуі көрсетіледі.

      Картаға қонуға кіру бастапқы кезеңінің соңғы нүктесі (IAF), қонуға кіру аралық кезеңінің соңғы нүктесі (IF), қонуға кіру соңғы кезеңінің соңы нүктесі (FAF) (немесе ILS бойынша қонуға кіру схемасына арналған қонуға кіру соңғы кезеңінің нүктесі (FAP), екінші айналымға кету нүктесі (MAPt), егер ол болса, және басқа да соңғы нүктелер немесе схемаға кіретін нүктелер белгіленеді және көрсетіледі.

      Картаға жол сызықтары болған жағдайда оған бағыттау сипаттамаларын көрсете отырып, қосымша әуеайлаққа кету кезінде пайдаланылуы мүмкін радионавигациялық құралдар түседі немесе көрсетіледі.

      Картада аспаптар бойынша қонуға кіруді орындау үшін қажетті радиобайланыс құралдарының жиіліктері және шақыру белгілері көрсетіледі.

      Картада егер деректер аспаптар бойынша қонуға кіру үшін қажет болса әрбір радионавигациялық құралдан әуеайлаққа дейінгі арақашықтық ең жақын километрге немесе теңіздік мильға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. Егер жол сызықтары бойынша бағыттау құралдарының еш бірі әуеайлаққа пеленгті көрсетпесе ол да картада ең жақын градустағы дәлдікпен көрсетіледі.

      Сектордағы ең төменгі абсолюттік биіктігі немесе әуеайлақ ауданына келудің абсолюттік биіктігі. Картада қай секторға жататындығы анық көрсетіле отырып өкілетті орган белгілеген сектордағы ең төмен абсолюттік биіктігі немесе әуеайлақ ауданына келудің абсолюттік биіктігі көрсетіледі.

      Схеманың жол сызықтарының бейнеленуі. Жоспардағы көрінісі мынадай әдістермен бейнеленетін төменде аталған мәліметтерден тұрады:

      3) ұшу бағытын көрсететін бағыттауыштары бар тұтас сызықтар арқылы қонуға кіру кезіндегі жол сызықтары;

      4) стрелкалары бар үзік сызықтар арқылы екінші айналымға кету кезіндегі жол сызықтары;

      5) нүктелі үзік сызықтар және бағыттауыштар арқылы схеманың кез келген қосымша жол сызықтары;

      6) ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен пеленгтер, жол сызықтары, радиалдар және ең жақын оннан екі километрге немесе оннан бір теңіздік миляға дейінгі арақашықтық немесе осы схемаға қажетті уақыт;

      7) жол сызықтары бойынша бағыттау радиоқұралдары болмаған жағдайда қонуға кірудің соңғы кезеңінде пайдаланылатын радионавигациялық құралдардан әуеайлақтағы магнитті пеленгтің ең жақын градусына дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      8) көзбен шолу маневрлеріне (айналып ұшу) тыйым салынатын кез келген сектордың шекаралары;

      9) белгілі жағдайларда күту аймағында ұшу схемасы және қонуға кіру мен екінші айналымға кетуге байланысты ұшу аймағында ұшудың ең төмен абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;

      10) қажеттілігіне қарай картаның бетінде көрінетін жерінде көрсетілетін тиісті ескертулер;

      11) "флайовер" негізгі нүктелерін көрсету.

      Пішін, әдетте, жоспардағы бейнесінен кіші болып бейнеленуі және мына мәліметтерді қамтуы тиіс:

      12) әуеайлақ – әуеайлақтан асу деңгейінде тұтас тікбұрыш түрінде;

      13) қонуға кіру схемасының учаскелер пішіні – ұшу бағытын көрсететін бағыттауыштары бар тұтас сызықтар;

      14) екінші айналымға кету схемасының учаскелер пішіні – бағыттауыштарымен және схеманың сипаттамасымен үзік сызықтар;

      15) схеманың кез келген қосымша учаскесінің пішіні – бағыттауыштары бар үзік сызықтар;

      16) ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен пеленгтер, жол сызықтары, радиалдар және ең жақын оннан екі километрге немесе оннан бір теңіздік миляға дейінгі арақашықтық немесе осы схемаға қажетті уақыт;

      17) ауысудың абсолюттік биіктігін, схеманың абсолюттік/салыстырмалы биіктігін қоса осы схемалар үшін қажетті абсолюттік/салыстырмалы биіктіктер және белгіленген жерлердегі тікұшақ айлақтары қиылысуының (НСН) салыстырмалы биіктігі;

      18) келісілген жағдайларда жақын километр немесе теңіздік мильге дейін дәлдікпен стандартты бұрылуды орындау кезіндегі шекті арақашықтық;

      19) 180° бұрылуға рұқсат берілмейтін схемалар үшін қонуға кірудің аралық кезеңінің нүктесі немесе бақылау нүктесі туралы деректер;

      20) тиісті жағдайларда әуеайлақтан асуды немесе ҰҚЖ табалдырығы орналасқан нүктеден басталатын ұзындық масштабымен қоса картаның барлық ені бойынша өтетін ҰҚЖ табалдырығынан асуды көрсететін сызық.

      Әуеайлақтың пайдалану минимумдары. Картада егер мемлекетпен белгіленген болса әуеайлақтың пайдалану минимумдары көрсетіледі.

      Схема есептелген әуе кемелерінің санаты үшін кедергілерді ұшып өтудің абсолюттік/салыстырмалы биіктіктері көрсетіледі; қонуға дәл кіру схемасы жарияланатын жағдайда қажеттілігіне қарай DL санатындағы әуе кемелері үшін (қанатының көлемі 65–80 метр және/немесе дөңгелек траекториясы мен глиссадалық антеннаның арасындағы тік аралық 7–8 метр) қосымша ОСА/Н.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      83. Қосымша ақпарат.

      Егер екінші айналымға кетуді бастау нүктесі құрал немесе бақылау нүктесі мен қонуға кірудің соңғы кезеңіндегі бақылау нүктесінен тиісті қашықтықпен қонуға кірудің соңғы кезеңіндегі бақылау нүктесінен қашықтық бойынша анықталса ең жақын оннан екі километрге немесе оннан бір теңіздік мильге дейінгі дәлдікпен қашықтық және қонуға кірудің соңғы кезеңіндегі бақылау нүктесінен екінші айналымға кету нүктесіне дейінгі жол жылдамдығы мен ұшу уақыты көрсетіледі.

      Қонуға кірудің соңғы учаскесінде DМЕ пайдаланылуы тиіс болған жағдайда сәйкесінше әрбір 2 километр немесе 1 т.миль үшін абсолюттік/салыстырмалы биіктік кестесі келтіріледі.

      Қонуға кірудің соңғы кезеңіндегі бақылау нүктесінен қонуға дәл емес кіру схемаларында пайыздың ең жақын оныншы үлесіне дейінгі дәлдікпен төмендеу градиенті және жақшаның ішінде қонуға кірудің соңғы учаскесіндегі пайдаланылатын градустың ең жақын оныншы үлесіне дейінгі дәлдікпен төмендеу бұрышы көрсетіледі.

      Қонуға дәл кіру сұлбаларында және тік бағыттаумен қонуға кіру схемаларында ең жақын жарты метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен тірек нүктесінің биіктігі және градустың ең жақын оныншы үлесіне дейінгі дәлдікпен тік жазықтықтағы траекторияның глиссада/орын бұрышы/бұрыш иілу бұрышы.

      Егер қонуға кірудің соңғы кезеңіндегі бақылау нүктесі ILS арналған қонуға кірудің соңғы кезеңіндегі нүкте бойынша анықталатын болса оның ILS жүйесіне, тиісті схемаға тек ILS курстық радиомаягының негізінде немесе оның да басқаның да негізінде қолданылатыны анық келісіледі. MLS қатысты егер FAF қонуға кірудің соңғы кезеңіндегі нүктеде көрсетілсе нақты нұсқау беріледі.

      Аспаптар бойынша қонуға кіру схемаларының кез келген түрі бойынша қонуға кірудің соңғы учаскесінде төмендеу градиент/бұрышы ең үлкен мәнінен асса ескертетін ескертпе қосылады.

      Картада бір мезгілде тәуелсіз немесе тәуелді операциялар үшін рұқсат етілген қонуға кіру схемалары көрсетілген ескертпе келтіріледі. Ескертпе пайдаланылатын ҰҚЖ-ны және олардың жақын орналасқандығы туралы ақпаратты қамтиды.

      PBN учаскелері бар қону схемалары жағдайында PBN талаптары туралы ақпарат бар жақтауда беріледі.

      Аэронавигациялық деректер базасына қойылатын талаптар. Навигациялық деректер базасын кодтауды қамтамасыз ететін тиісті деректер картаның артқы бетіне немесе жеке парақта тиісті сілтемелерімен RNAV пайдалана отырып ұшу схемалары үшін жарияланады.

      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

11-параграф. Көзбен шолып қонуға кіру картасын жасау

      84. Мақсаты.

      Осы картада ұшу экипаждарына көзбен шолу бағдарымен бағыт бойынша ұшуға/қонуға кіруге төмендеу кезеңінен белгіленген ҰҚЖ-ға қонуға кіру кезеңіне ауысуды жүзеге асыруға көмектесетін ақпарат қамтылған.

      85. Қолда болуы.

      Көзбен шолып қонуға кіру картасы барлық пайдаланатын халықаралық азаматтық авиация әуеайлақтарында көзделген, оларда:

      1) тек шектеулі навигациялық құралдар бар; немесе

      2) радиобайланыс құралдары жоқ; немесе

      3) сондай әуеайлақ пен оның төңірегінің 1:500 000 масштабымен немесе одан да ірі масштабымен тиісті аэронавигациялық карталары жоқ; немесе

      4) көзбен шолып қонуға беттеу қағидалары орнатылған.

      86. Масштаб.

      Бедер мен әуеайлақ жоспарының маңызды элементтерінің бейнелеу үшін жеткілікті ірі масштаб қолданылады.

      87. Проекция.

      Тік сызығы шамамен ортодромияға сәйкес тең бұрышты проекция қолданылады.

      88. Белгілеу.

      Картада әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың немесе елді мекеннің атауы және әуеайлақтың атауы көрсетіледі.

      89. Техногендік орта мен топография.

      Картада табиғи және жасанды жер объектілері және (мысалы, жартастар, құздар, құмды дөңдер, қалалар, жолдар, темір жолдар, бөлек тұрған маяктар) көрсетіледі.

      Жағалық сызықтар, көлдер, өзендер мен бұлақтар көрсетіледі.

      Бедерлер картаға түсіру ауданда жоғарлатулар мен кедергілердің арнаулы сипаттамаларын ең жақсы жағынан көрсететіндей тәсілмен белгіленеді.

      Есептеудің әртүрлі бастапқы деңгейінің цирфлық мағынасы дифференциалданған тәсілмен белгіленеді.

      90. Магниттік бұрылу.

      Магниттік бұрылу көрсетіледі.

      91. Пеленгтер, жол сызықтары мен радиалдар.

      Картада магниттік пеленгтер, жол сызықтары мен радиалдар көрсетіледі.

      Пеленгтер, жол сызықтары мен радиалдар шынайы немесе шартты меридианның солтүстік бағытына бағдарлануымен келтірілген жағдайда, оны картада нақты көрсетеді. Шартты меридианның солтүстік бағыттағысы қолданған жағдайда, тіректі шартты меридиан келтіріледі.

      92. Аэронавигациялық деректер.

      Әуеайлақтар. Барлық әуеайлақтар ҰҚЖ орналасуы бойынша белгіленеді. Қонуға кірудің бағытына қатысты шектеулер көрсетіледі. Егер екі көрші әуеайлақтарды шатастырып алуға қандай да бір қауіп болса, ол картада көрсетіледі. "Қараусыз қалған" әуеайлақтарды "қараусыз қалған" болып көрсетіледі. Әуеайлақтың жоғарлатуы картаның көрінетін жерінде көрсетіледі.

      Кедергілер. Картада кедергілер көрсетіледі және белгіленеді. Кедергілердің жоғарғы нүктесінің жоғарлануы дәлдігі метрдің немесе футтың жақындағы үлкен мәніне дейін көрсетіледі. Кедергілердің салыстырмалы биіктігін белгілеген кезде биіктіктің есептеу нүктесі көрсетіледі, ал салыстырмалы биіктіктің мәні картада жақшада беріледі.

      Тыйым салынатын аймақтар, ұшуларды шектеу аймақтар мен қауіпті аймақтар. Тыйым салынатын аймақтар, ұшуларды шектеу аймақтар мен қауіпті аймақтар өздерінің белгілеулері мен тік шекараларымен көрсетіледі.

      Тағайындалған әуе кеңістігі. Қажеттілігі бойынша диспетчерлік аймақтар мен әуеайлақтық қозғалыс аймақтары олардың тік шекаралары мен әуе кеңістігінің тиісті класын белгілеуімен түсіріледі.

      Көзбен шолып қонуға кіру туралы ақпарат. Қолданылған жағдайда, көзбен шолып қонуға кіру схемалары көрсетіледі. Қажетіне қарай, көзбен шолудың навигациялық құралдары көрсетіледі. Глиссаданың атаулы бұрышын, пилоттың ҰҚЖ үстімен қарағанда "глиссадағы" сигналды көруінің ең төменгі биіктігін, ал егер жүйенің осі ҰҚЖ-ның осьтік сызығына параллель болса – солға немесе оңға ығысу бұрышын және бағытын көрсете отырып, глиссаданың орналасқан жері мен көзбен шолып индикациялау жүйелерінің үлгісі көрсетіледі.

      Қосымша ақпарат. Қажетіне қарай, радионавигациялық құралдар, сондай-ақ олардың жиіліктері мен белгілері көрсетіледі. Қажетіне қарай, радиобайланыс құралдары мен олардың жиіліктері көрсетіледі.

12-параграф. ӘҚҚ ең төменгі абсолюттік биіктіктерінің шолулық картасын жасау

      93. Мақсаты.

      Осы қосымша картада ұшу экипаждарына ӘҚҚ бақылау жүйелерін пайдалана отырып диспетчер белгілеген абсолюттік биіктіктерді бақылауды және оларды екі жақты тексеруді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін ақпарат қамтылған.

      Картаның беткі жағында осы карта әуе кемесі танылған кезде тағайындалған абсолюттік биіктіктерді айқаспалы тексеру үшін ғана пайдаланылуы мүмкін екендігі көрсетілген ескертпе анық көрінеді.

      Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      94. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Картаға түсірілетін аудан векторлау схемаларына қатысты ақпаратты көрнекі көрсету үшін жеткілікті болып табылады.

      Карта масштабта орындалады.

      Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      94-1. Әрбір картада векторлау схемасы белгіленген әуеайлақтың атауы немесе схемалар бірнеше әуеайлаққа жататын болса, көрсетілетін әуе кеңістігімен байланысты атау көрсетіледі.

      Ескерту. 12-параграф 94-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      94-2. Картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары, егер олар картаның мақсаты үшін неғұрлым Тән басқа ақпаратты түсінуді қиындатпаса түсіріледі.

      Тиісті биіктік белгілері мен кедергілер көрсетіледі.

      Ескерту. 12-параграф 94-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      95. Магниттік ауытқу.

      Картаға түсірілген ауданның орташа магниттік ауытқуы ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      96. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар.

      Картада ені биік аудандарда тиісті өкілетті орган магниттік солтүстік бойынша бағдарлау мүмкін емес, басқа қолайлы бағдарды яғни ақиқат солтүстікті және координат торы бойынша солтүстік бағытты пайдаланған дұрыс деп белгіленген жағдайларды қоспағанда магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар белгіленеді.

      Егер пеленгтер, жол сызықтары немесе радиалдар ақиқат және шартты меридианның солтүстік бағытына бағдарланып келтірілсе бұл картада анық көрсетіледі. Шартты меридианның солтүстік бағытын пайдаланға жағдайда тірек шартты меридиан келтіріледі.

      97. Аэронавигациялық деректер.

      Әуеайлақтар. Аталған әуеайлақ ауданындағы бағыттар жүйесіне әсер ететін барлық әуейлақтар көрсетіледі. Қажеттілігі бойынша ҰҚЖ орналасу индексі пайдаланылады.

      Негізгі әуеайлақта ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен асу көрсетіледі.

      Тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектеу қойылған аймақтар және қауіпті аймақтар. Тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектеу қойылған аймақтар және қауіпті аймақтар олардың белгілері көрсетіліп салынады.

      Әуе қозғалысына қызмет көрсету жүйесі. Картада мыналарды қоса:

      1) олардың белгілері көрсетілген радионавигациялық құралдар;

      2) тиісті белгіленген әуе кеңістігінің бүйірлік шекаралары;

      3) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу және ұшып келу схемаларындағы жол нүктелері;

      4) егер ондай белгіленген болса ауысудың абсолюттік биіктігі;

      5) векторлауға байланысты ақпараттар, оның ішінде:

      үлкен мәнге дейін дөңгелектей отырып ең жақын 50 м немесе 100 футқа дейінгі дәлдікпен векторлаудың нақты белгіленген ең төмен абсолюттік биіктігі;

      радионавигациялық құралдарға немесе ең жақын градусқа дейінгі

      дәлдікпен пеленгтермен және радиалдармен немесе егер қолданылмайтын болса градуста, минутта және секундта көрсетілетін және белгіленген секторларды нақты бөлу үшін қалың сызықтармен белгіленетін географиялық координаттармен анықталатын векторлаудың ең төмен абсолюттік биіктігі белгіленген секторлардың бүйірлік шекарасы;

      20 км немесе 10 т. миль аралықтармен немесе ол қолданылатын болса 10 км немесе 5 т. миль аралықтармен, жұқа үзік сызықтармен, радиуспен белгіленген, белгіленген әуеайлақтық негізгі VOR радионавигациялық құралы орналасқан жердің айналасында және ортасында немесе егер ондай болмаған жағдайда әуеайлақтың немесе тікұшақ айлағының бақылау нүктесінде көрсетілген бірдей қашықтық айналымдары;

      түзетуге қатысты ескертпе, тиісті жағдайларда төмен температураның әсеріне;

      тиісті ӘҚБ органының (органдарының) шақыру арнасымен (арналарымен) қоса радиобайланыс қағидаларын қоса алғанда, әуе қозғалысына қызмет көрсетудің белгіленген жүйесінің компоненттері көрсетіледі.

      Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

13-параграф. Бағыттық картаны жасау

      98. Мақсаты.

      Осы картада ӘҚҚ қағидаларына сәйкес ӘҚҚ бағыттары бойынша ұшу экипаждарына ұшақ жүргізуге көмектесетін ақпарат бар.

      99. Бар болуы.

      Бағыт картасы ұшу ақпарат аудандары орнатылған барлық аудандар үшін беріледі.

      Әуе кеңістігінің әртүрлі қабаттарында әртүрлі ӘҚҚ бағыттары орналасқан жағдайда, әуе кемесі орналасқан жерінемесе ұшу ақпарат аудандары мен диспетчерлік аудандардың бүйірлік шекарасы туралы хабарламаға талаптарды бір картада едәуір анық көрсетуге мүмкіндік болмаса жеке карталар көзделеді.

      100. Картографияланған аудан мен масштаб.

      Жеке аудандарда деректердің қанықтық дәрежесіне байланысты осы түрдегі карталар үшін бір масштаб белгілеуге мүмкін емес.

      Құрылымдық бағдарлардың жалғасы көрсетілген көрші аудандар карталарының масштабында көп айырмашылықтарға жол берілмейді.

      Навигацияның үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті карта жабуы көзделген.

      101. Проекция.

      Параллельдермен меридиандар тиісті интервалдармен түсіріледі.

      Сатыланған штрихтер тұрақты интервалдармен бөлек параллельдермен меридиандардың бойында түсіріледі

      102. Белгілеу.

      Әр парақта картаның сериясы мен нөмірі көрсетіледі.

      103. Техногендік орта мен топография.

      Картаға барлық ашық су кеңістігінің, ірі көлдер мен өзендердің, егер олар басқа ақпаратқа картаның мақсатына сәйкестеу түсінігіне қиыншылық туғызбаса, жалпы контуры түсіріледі.

      Параллельдермен меридиандармен пайда болған әр төртбұрышта ЕАБ мәні көрсетіледі.

      Карталар ңақты солтүстікке бағдарланбаған кезде, бұл анық белгіленеді, сондай-ақ таңталған бағдарлау көрсетіледі.

      104. Пеленгтер, жол сызықтары мен радиалдар.

      Картада магниттік пеленгтер, жол сызықтары мен радиалдар көрсетіледі. Егер RNAV учаскесі үшін қосымша пеленгтер мен жол сызықтары шынайы мәні келтірілген жағдайда, олар 0,1°-ке дейін дәлдігімен жақшада көрсетіледі, мысалы 290° (294,9°Т).

      Пеленгтер, жол сызықтары мен радиалдар шынайы немесе шартты меридианның солтүстік бағытына бағдарлануымен келтірілсе, оны картада нақты көрсетеді. Шартты меридианның солтүстік бағыттағысы қолданған жағдайда, тіректі шартты меридиан келтіріледі.

      105. Аэронавигациялық деректер.

      Әуеайлақтар. Аспаптар бойынша қонуға кіруді жүзеге асыруға рұқсат етілген халықаралық азаматтық авиацияда қолданылатын барлық әуеайлақтар көрсетіледі.

      Тыйым салынған аймақтар, ұшулар шектелген аумақтар және қауіпті аймақтар. Берілген әуе кеңістігі аймағына жататын тыйым салынған аймақтар, ұшулар шектелген аумақтар және қауіпті аймақтар да, олардың тік шекаралары көрсетіліп, түсіріледі және белгіленеді.

      ӘҚҚ жүйесі. Қажеттілігіне қарай картаға ӘҚҚ жүйесінің орнатылған құрауыштары түсіріледі.

      Сондай құрауыштар мыналарды қамтиды:

      1) ӘҚҚ жүйесімен байланысты олардың атауы, белгілері, жиіліктері мен географиялық координаттары градуста, минутта және секундта көрсетілген радионавигациялық құралдарды;

      2) DМЕ-ге қатысты – дәлдігі 30 метрге (100 футке) дейін DМЕ таратқыш антеннаның қосымша арттыру;

      3) барлық белгіленген әуе кеңістігін көрсету, оның ішінде бүйірлік және тік шекаралары мен әуе кеңістігінің тиісті класы;

      4) бағыттардың индекстері, жақындағы градусқа дейін бағыттың әр учаскесінің бойында екі бағыттағы жолға қатысты бұрышты қосқанда және енгізілген жерге навигациялық сипаттаманың (лардың) белгілеуі, кез келген шектеулерді, және әуе қозғалысы ағымының бағытын қоса алғанда, бағытпен ұшу үшін ӘҚҚ-ның барлық бағыттары;

      5) ӘҚҚ бағыттарын анықтайтын және радионавигациялық құралдардың орналасқан жері белгіленбеген, олардың кодтық атаулары мен географиялық координаттарын градуста, минутта және секундта көрсетілген барлық негізгі нүктелер;

      6) аймақтық VОR/DМЕ навигацияның бағытын анықтайтын бағыт нүктелеріне қатысты қосымша:

      тіректі VОR/DМЕ орналасқан жері мен радиожиіліктерін белгілеу;

      дәлдігі 0,1º дейін пеленг және егер бағыт нүктесі оның орналасқан жерімен сәйкес келмесе, тіректі VОR/DМЕ-ден арасы дәлдігі 0,2 километрге (0,1 теңіз миліне) дейін.

      7) хабарламалар мен "сұрау салу бойынша" міндетті түрде жеткізу үшін барлық бақылау пункттерін және ӘҚҚ/МЕТ бақылау пункттерін белгілеу;

      8) бұрылушы немесе бақылау пункттерін білдіретін негізгі нүктелері арасындағы дәлдігі жақындағы километрге немесе теңіз миліне дейінгі қашықтық;

      9) навигациялық құралға дейін дәлдігі жақындағы километрге немесе теңіз миліне дейінгі қашықтықтарды белгілеуімен бар бағытты ӨЖЖ радиомаяктермен анықталатын бағыттың учаскелерінде ауыстыру нүктелері;

      10) үлкен мәніне дейін дөңгелектеумен жақындағы 50 метрге немесе 100 футқа дейін дәлдігімен бағыт бойынша ұшудың ең аз абсолюттік биіктері мен ӘҚҚ бағыттарында кедергілердің ұшуының ең аз абсолюттік биіктері;

      11) арналары мен, қажет болса, қосу мекенжайы көрсетілген байланыс құралдары;

      12) ӘШҚ тану белгілері (ADIZ) тиісті түрде белгіленеді.

      Қосымша ақпарат. Ұшу мен келу бағыттарының элементтері және әуеайлақ аудандарында, егер олар аудан карталарында, аспаптар бойынша стандарттық ұшу (SID) карталарында немесе аспаптар бойынша келудің стандарттық (SТАR) карталарында белгіленбесе, күтудің тиісті схемаларының элементтері көрсетіледі.

      Бұл көзделген жерде картада биіктік өлшегіш шкаласын орнату аудандары көрсетіледі және белгіленеді.

      Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

14-параграф. Масштабы 1:500 000 аэронавигациялық картаны жасау

      106. Мақсаты.

      Осы картада болмашы жылдамдықта, аз және орта биіктікте қысқа немесе орта қашықтықта ұшу барысында көзбен шолу ұшуы аэронавигацияның талаптарын сақтау үшін қажетті ақпарат бар.

      107. Масштабтар.

      Жиектемеде сызықтық масштабтары километрде және теңіз милінде мына тәртіпте көрсетіледі:

      1) километр;

      2) теңіз милі.

      Бұған қоса нөлдік мәндері бір тік сызықта орналасқан.

      108. Жиектемеде өлшеу бірлігін ауыстыру (метр/фут) кестесі көрсетіледі.

      109. Формат.

      Картаның атауы мен жиектемеден тыс түсініктемелер ИКАО-ның жұмыс тілдерінің бірінде беріледі.

      Шектес парақтар мен жоғарлатуларды белгілеу үшін қолданылатын өлшеу бірліктерінің номенклатурасы туралы деректер картаның бүктелген парағында жақсы көрінетіндей болып орналастырылады.

      110. Проекция.

      Карта үшін конформды (тең бұрыштық) проекция қолданылады.

      Параллельдер 30′ интервалымен түсіріледі.

      Меридиандар, әдеттегідей, 30′ интервалымен түсіріледі.

      1′ интервалымен сатыланған шрихтер бүтін градус мәні бар әр меридиан мен параллельдің бойында түсіріледі және гринвич меридианы мен экваторға қарама-қарсы жаққа бағытталады. 10′ интервалымен шрихтер картографиялық тор сызықтың екі жағы бойынша түсіріледі.

      Барлық меридиандар мен параллельдер картаның жиектемесінің ішінде цифрланады.

      Жиектемеде проекцияның атауы мен негізгі параметрлері көрсетіледі.

      111. Белгілер.

      Картаның әр парағында негізгі елді мекеннің атауына немесе сол парақта суреттелген өзіндік географиялық элементіне сәйкес атауы бар.

      112. Техногендік орта мен топография.

      Құрылыс ауданы. Картада белгілеу үшін қалаларды, кенттер мен ауылдарды таңдау көзбен шолу ұшуы аэронавигация үшін салыстырмалы маңыздылығына байланысты.

      Теміржолдар. Картада өзіндік жер үстіндегі бағдар ретінде білдіретін барлық теміржолдар көрсетіледі.

      Картада туннельдер егер өзін өзіндік жер үстіндегі бағдар ретінде білдірсе көрсетіледі.

      Тас және басқа жолдар. Картада жол торабы әуеден көрінетіндей оның маңызды ерекшеліктері жеткілікті жете көрсетіледі.

      Жер үстіндегі бағдарлар. Картада табиғи және жасанды жер үстіндегі бағдарлар, мысалы, көзбен шолу ұшуы аэронавигация үшін маңызды бағдар болатын көпірлерді, ірі электр жеткізу желілерді, стационарлық фуникулерлерді, желтурбиналарын, тау-кен құрылыстарды, форттарды, қираған орындарды, дамбаларды, құбыр желілерді, құздарды, жартастарды, құмды дөңдерді, бөлек тұрған маяктар мен қалқымалы маяктарды көрсету қажет.

      Мемлекеттік шекара. Картада мемлекеттік шекара көрсетіледі. Демаркацияланбаған және белгісіз шекаралар түсіндірме жазбалармен сүйемелденеді.

      Гидрография. Картаға оның масштабына сәйкес гидрографияның барлық элементтері, сонымен қатар жағалық сызықтар, көлдер, өзендер мен бұлақтар (соның ішінде құрғап қалатындарда), тұзды көлдер, мұздықтар мен мұздық жамылғылар түсіріледі.

      Гидрография.

      Горизонталь. Картаға горизонтальдар түсіріледі. Бедер қимасының биіктігін таңдау аэронавигацияның қажеттіліктерін ескере отырып, бедер элементтерінің анық суретін қамтамасыз ететін талаптарға сай белгіленеді.

      Картаға бедер қимасының қабылданған биіктігінің мөлшері көрсетіледі.

      Үндік гипсометрия. Үндік гипсометрияны пайдалану барысында картаға үндік гипсометриялық биіктік шкаласы келтіріледі.

      Жиектемеде картада қолданылатын үндік гипсометриялық биіктік шкаласы көрсетіледі.

      Биіктік белгілер. Жеке сыни нүктелер биіктік белгілермен көрсетіледі. Таңдалған жоғарылатулар қоршаған жердегі әрқашан да ең үлкені және әдеттегідей шынның басы, жотаның басы және т.б. жатады. Картада сондай-ақ алқаптардағы жоғарылатулармен аэронавигация үшін маңызды көлдердің бетіндегі кемер белгілері көрсетіледі. Әр жеке жоғарылатудың орналасқан жері нүктемен белгіленеді.

      Жиектемеде жоғарылатудың картадағы ең жоғары нүктесі (метрде немесе футта) және дәлдігі 5 минутке дейін географиялық координаттары көрсетіледі.

      Бедер туралы толық емес немесе дұрыс емес ақпарат. Бедер түсірілмеген аудандарды "бедер туралы деректер толық емес" деген жазумен белгіленеді.

      Биіктік белгілер толық белгіленбеген карталар картаның шетінде анық ерекшелінген және аэронавигациялық ақпаратты түсіру үшін қолданылатын түстегі ескерту хатымен сүйемелденеді, мысалы: "Назар аударыңыз. Осы картадағы бедер туралы ақпарат жеткілікті толдық емес, жоғарылату туралы деректерді абайлап пайдалану қажет"

      Орман алқаптары. Белгілеген кезде орманның болжалды солтүстік немесе оңтүстік шекаралары қара штрихті сызықтармен бейнеленеді және тиісті түсініктеме қоса беріледі.

      Топографиялық ақпараттың күні. Жиекшеде топографиялық негізге кіргізілген ақпараттың соңғы датасы көрсетіледі.

      113. Магниттік ауытқу.

      Картаға изогондар көрсетіледі. Жиектемеде изогон туралы ақпараттың күні көрсетіледі.

      114. Аэронавигациялық деректер.

      Картаға аэронавигациялық ақпарат картаның міндетіне сәйкес және жаңартудың мерзімділігін ескере отырып түсіріледі.

      Әуеайлақтар. Атаулары бар әуеайлақтар, гидроәуеайлақтар мен тікұшақ айлақтары карталарды артық жүктемейтіндей көлемде көрсетіледі, бұған қоса белгілеген кезде басымдылық аэронавигацияға аса маңыздыларға беріледі.

      Картада осы картаны мына деректер аса жүктемейді деген шартпен әуеайлақтың әр қайсысы үшін қысқартылған түрде әуеайлақтың жоғарылатуы, оның жарықсигналды жүйелері, ҰҚЖ төсемінің түрі және ең ұзын ҰҚЖ немесе гидроәуеайлақтардың ұшу жолағының ұзындығы түсіріледі.

      Картада әуеде бұрынғыдай әуежай ретінде көріну мүмкін әуежайларда бейнеленеді және "қараусыз қалған" деген жазумен көрсетіледі.

      Кедергілер. Картада кедергілер көрсетіледі.

      Көзбен шолу ұшуы үшін маңызды болып саналатын жағдайда кедергі болып табылатын ірі электр жеткізу желілері мен стационарлық аспалы арқанжол мен жел турбиналары көрсетіледі.

      Тыйым салынатын аймақтар, ұшуларды шектеу аймақтар мен қауіпті аймақтар. Картада тыйым салынатын аймақтар, ұшуларды шектеу аймақтар мен қауіпті аймақтар көрсетіледі.

      ӘҚҚ жүйесі. Картада ӘҚҚ жүйесінің маңызды элементтері көрсетіледі соның ішінде ол мүмкін болған жерлерде диспетчерлік аймақтар, әуеайлақтық қозғалыс аймақтары, диспетчерлік аудандар, ұшу ақпарат аудандары және КҰҚ бойынша ұшу жасалатын басқа әуе кеңістігінің түрлері, және сонымен қоса әуе кеңістігінің тиісті класы көрсетіледі.

      ӘШҚ танытқыш аймақ түсіріледі және қажетті жерлерде тиісті түрде белгіленеді.

      Радионавигациялық құралдар. Картада тиісті шартты белгілеулермен белгіленген олардың атаулары берілген радионавигациялық құралдар көрсетіледі, алайда егер картаға түсірілетін ақпараттың барлығы немесе оның бөлігі картаның жаңа басылымын шығару арқылы жаңартылмаса, олардың жиіліктері, кодталған индекстері, жұмыс уақыты мен басқа да сипаттамалары көрсетілмей беріледі.

      Қосымша ақпарат. Картада жер үстіндегі аэронавигациялық жарықтар олардың сипаттамаларымен, немесе белгілеулерімен, немесе онымен де басқамен де бірге көрсетіледі.

      Картада жағалық сызықтың шығыңқы учаскелеріндегі немесе көріну қашықтығы 25 километрден (15 теңіз милінен) кем емес жеке объектілердегі теңіз жарықтары егер:

      1) олар осы аудандағы аса қуатты теңіз жарықтардан көрі айырмашылығы аз емес болса;

      2) жаға құрылысы аудандырының маңындағы өзге түрдегі басқа теңіз жарықтарынан оларды айыру жеңіл болса;

      3) олар маңызды жалғыз жарық болса көрсетіледі.

  Азаматтық авиацияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
5-қосымша

NOTAM нысаны

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      *Тиісті жағдайларда алып тасталсын.

NОТАМ толтыру

      1. Жалпы ережелер.

      Анықтауыштар жолы (Q-тармағы) және форматта көрсетілген барлық тармақтар (А-дан) G-ге дейін) қоса алғанда) ақпаратты қамтымайтындардан басқа, жабылатын жақшамен беріледі.

      2. NOTAM нөмірленуі.

      Әрбір NOTAM-қа төрт саннан тұратын әріппен және нөмірмен белгіленетін серия беріледі, одан кейін бөлшек белгісі және жылды білдіретін екі саннан тұратын нөмір беріледі (мысалы, А0023/03). Әр серия 1 қаңтарда 0001 нөмірінен басталады.

      3. Анықтауыштар (Q-тармағы).

      Q-тармағында сегіз өріс бар, олардың әрқайсысы бөлшек белгісімен бөлінген. Ақпарат әр өріске енгізіледі. Өрістерді толтыру мысалдары Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулықта (Doc 8126) келтірілген. Әр өрістің анықтамасы төменде келтірілген:

      1) ҰАА

      Егер хабарламаның географиялық мәні бір ҰАА шегінде орналасқан болса, онда тиісті ҰАА үшін ИКАО орналасқан жерінің индексі (көрсеткіші) көрсетіледі. Әуеайлақ басқа мемлекеттің жабатын ҰАА шегінде орналасқан жағдайда, бірінші жолда осы жабатын ҰАА коды (мысалы, Q) LFRR/...А) EGJJ көрсетіледі);

      немесе

      егер хабарламаның географиялық мәні бірнеше ҰАА шегінде орналасса, ҰАА жолында ИКАО-да қабылданған NOTAM шығаратын мемлекеттің ұлттық тиесілілігінің әріптері, одан кейін ХХ топ көрсетіледі. (Жабылатын жоғары ҰАА орналасқан жерінің индексі (көрсеткіші) пайдаланылмайды). А)-тармағында тиісті ҰАА үшін ИКАО орналасқан жерінің индекстері (көрсеткіштері) немесе бірнеше мемлекеттерде навигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауап беретін мемлекеттің немесе үкіметтік емес агенттіктің индексі (көрсеткіші) көрсетіледі.

      2) NОТАМ коды

      Екінші және үшінші әріптер хабарлама тақырыбын анықтайды, ал төртінші және бесінші әріптер хабарлама тақырыбының мәртебесі мен шарттарын көрсетеді. Хабарламалар мен шарттардың заттарын белгілеуге арналған екі әріптік кодтар PANS-АВС-та (Doc 8400) келтіріледі. Екінші және үшінші, төртінші және бесінші әріптердің тіркесімдері үшін Doc 8126 құжатында келтірілген NOTAM элементтерін таңдау критерийлерін қараңыз немесе қажет болған жағдайда келесі комбинациялардың бірін қосыңыз:

      2-1) егер мәселе NОТАМ (PANS-АВС, Doc 8400) кодында немесе NОТАМ (Doc 8126) элементтерін іріктеу критерийлерінде болмаса, екінші және үшінші әріптер ретінде ХХ топты қосу; егер "XX" пәні болса, шартты белгілеу үшін "XX" қолданыңыз (мысалы, QXXXX).

      2-2) егер сұрақ шарттары NОТАМ кодында (Doc 8400) немесе NОТАМ элементтерін іріктеу критерийлерінде (Doc 8126) болмаса, төртінші және бесінші әріптер ретінде ХХ топты (мысалы, QFAXX) қосыңыз);

      2-3) "Аэронавигациялық ақпарат қызметтері" ИКАО-ның 15-қосымшасының 6.2.1-тармағының ережелеріне сәйкес пайдалану тұрғысынан маңызды ақпаратты қамтитын NОТАМ шығарылған және ол AIRAC ережелеріне сәйкес жасалатын АІР-ға түзетулердің немесе толықтырулардың болуын көрсету үшін пайдаланылған жағдайларда, NOTAM кодының төртінші және бесінші әріптері ретінде ТТ тобы қосылады;

      2-4) қолданыстағы NОТАМ-ның бақылау тізбесі бар NОТАМ шығарылған жағдайларда екінші, үшінші, төртінші және бесінші әріптер ретінде КККК тобы енгізіледі;

      2-5) NOTAM жою кезінде NOTAM кодының келесі төртінші және бесінші әріптері қолданылады:

      АК – ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ;

      АL – БҰРЫН ЖАРИЯЛАНҒАН ШЕКТЕУЛЕРДІ/ ШАРТТАРДЫ САҚТАЙ ОТЫРЫП, ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЫНДА (НЕМЕСЕ ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСТЫ ҚАЙТА БАСТАУ);

      АО – ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЫНДА;

      СС – АЯҚТАЛДЫ;

      CN – ЖОЙЫЛУЫ;

      HV – ЖҰМЫСТАР АЯҚТАЛДЫ;

      ХХ – АШЫҚ МӘТІН.

      Жабдықтың немесе қызмет көрсету түрінің жұмыс істемегені туралы қолданыстағы NOTAM - ты жою туралы NOTAM - ты шығару кезінде Q - - АО = "ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЫНДА" коды пайдаланылады, ал NOTAM-ты жаңа жабдық немесе қызмет көрсету түрі туралы ақпаратпен шығару кезінде Q - - CS = "ОРНАТЫЛҒАН" кодының келесі төртінші және бесінші әріптері пайдаланылады.

      Q - - CN = "ЖОЙЫЛДЫ" коды жоспарланған іс - әрекеттің күшін жою үшін қолданылады, мысалы, навигациялық ескертулерде, ал Q - - HV = "ЖҰМЫСТАР АЯҚТАЛДЫ" орындалған жұмыс туралы хабарламаларды болдырмау үшін қолданылады.

      3) ҚОЗҒАЛЫСЫ

      I – АҰҚ;

      V – КҰҚ;

      К – NОТАМ бақылау тізімін білдіреді.

      4) МАҚСАТ

      N – ұшу экипажының мүшелеріне дереу хабарлау үшін іріктелген NОТАМ;

      В – Пайдалану мәні бар және РІВ-қа қосу үшін іріктелген NОТАМ;

      О – ұшуды жүргізуге қатысты NOTAM;

      М – басқа NОТАМ; ұшу алдындағы нұсқаулық үшін міндетті емес, бірақ сұраныс бойынша беріледі;

      К – NОТАМ бақылау тізімін білдіреді.

      5) ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ

      А – әуеайлақ;

      Е – бағыт;

      W – навигациялық ескерту;

      К – NОТАМ бақылау тізімін білдіреді.

      Егер хабарлама нысанасы АЕ ретінде айқындалса, А)-тармағында әуеайлақтың орналасқан жерінің индексі көрсетіледі.

      6) и 7) ТӨМЕНГІ/ЖОҒАРҒЫ ШЕКАРА

      Төменгі және жоғарғы шекаралардың жиектері ұшу эшелондары (ЭП) түрінде ғана ұсынылады және қосымша буферлік аймақтарсыз іс-қимыл аймағының нақты тік шектерін белгілейді. Әуе кеңістігінің навигациялық ескертулері мен шектеулері жағдайында енгізілетін мәндер F) және G)-тармақшаларында көрсетілгендерге сәйкес келеді.

      Егер сұрақта салыстырмалы биіктік туралы нақты ақпарат болмаса, төменгі шекара үшін "000" тобы және жоғарғы шекара үшін "999" тобы әдепкі мәндер ретінде қосылады.

      8) КООРДИНАТТАР, РАДИУСЫ

      Ендік және бойлық бір минутқа дейінгі дәлдікпен, сондай-ақ теңіз миліндегі әсер ету радиусын айқындайтын қашықтықтың үш мәнді шамасы (мысалы, 4700N01140Е043). Координаттар шеңбердің шамамен ортасын анықтайды, оның радиусы бүкіл диапазонды сипаттайды, ал егер бұл NOTAM бір ҰАА немесе жоғары ҰАА немесе бірнеше ҰАА немесе жоғары ҰАА-да толығымен қамтыса, радиустың әдепкі мәні "999" енгізіледі.

      4. А)-тармағы

      Құрал, әуе кеңістігі орналасқан немесе қатынас мәні болып табылатын жағдайлары бар әуеайлақ немесе ҰАА үшін ИКАО Doc 7910-да көрсетілген орналасу орнының индексін енгізу. Қажет болған жағдайда біреуден артық ҰАА немесе жоғары ҰАА көрсетуге болады. Егер ИКАО орналасқан жерінің индексі болмаса, ИКАО Dос 7910, плюс ХХ құжаттың 2-бөлігінен ИКАО-да қабылданған ұлттық тиесілілік әріптерін пайдалану, содан кейін Е)-тармағында ашық мәтінмен атауы көрсетіледі.

      Егер ақпарат GNSS-ке қатысты болса, GNSS элементіне қатысты ИКАО орналасқан жердің тиісті индексін (көрсеткішін) немесе барлық GNSS элементтеріне (GBAS қоспағанда) қатысты орналасқан жердің жалпы индексін (көрсеткішін) енгізіңіз.

      5. В)-тармағы

      "Күн/уақыт" тобы үшін UТС бойынша жылды, айды, күнді, сағатты және минутты білдіретін он саннан тұратын топты пайдалану қажет. Бұл ақпарат NОТАМN күшіне ену уақыты мен күнін білдіреді. NOTAMR және NOTAMС жағдайында "күн – уақыт" тобы NOTAM жасаудың нақты күні мен уақытын білдіреді. Күннің басталуы "0000" деп белгіленеді.

      6. С)-тармағы

      NОТАМС қоспағанда, ақпарат тұрақты сипатта болатын жағдайларды қоспағанда, ақпараттың қолданылу ұзақтығын көрсететін "күн-уақыт" тобы (UTC бойынша жылды, айды, күнді, сағатты және минутты білдіретін он саннан тұратын) пайдаланылады, содан кейін PERM қысқартуы қосылады. Күннің соңы "2359" деп белгіленеді (яғни "2400" қолданылмайды). Егер мерзімдер туралы ақпарат белгісіз болып табылса, "күн – уақыт" тобының көмегімен шамамен ұзақтығы көрсетіледі, одан кейін ЕЅТ қысқартылады. ЕЅТ белгісі бар кез келген NОТАМ С)-тармағында көрсетілген күн мен уақытқа дейін жойылады немесе ауыстырылады.

      7. D)-тармағы

      Егер құралдардың қауіптілігі, пайдалану жай-күйі немесе жұмыс режимі туралы ақпарат В) және С)-тармақшаларында көрсетілген уақыт сәттері арасындағы ерекше кестеге сәйкес әрекет ететін болса, мұндай ақпаратты D)-тармағына енгізу қажет. Егер D)-тармағының ақпараты 200 белгіден асатын болса, мұндай деректерді кейіннен жеке NОТAM беру туралы мәселені қарау қажет.

      8. Е)-тармағы

      Қажет болған жағдайда ИКАО қысқартулары, индекстер, анықтауыштар, көрсеткіштер, шақыру белгілері, жиіліктер, сандар және ашық мәтін есебінен толықтырылған NОТАМ декодталған кодын пайдалану. Егер NOTAM халықаралық тарату үшін таңдалса, ашық мәтінмен баяндалған бөлікте ағылшын тіліндегі мәтін енгізіледі. Мұнда көрсетілген ақпарат РІВ-қа енгізілуі үшін қысқа және түсінікті болып табылады. NОТАМС-қа ықтималдылықты дәл тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін пәндік сілтеме және жай-күй туралы хабарлама кіреді.

      9. F) и G)-тармақтары

      Бұл тармақтар әдетте навигациялық ескертулер немесе әуе кеңістігін шектеу үшін қолданылады және әдетте РІВ бөлігі болып табылады. Тек бір сілтеме нүктесі мен өлшем бірлігін нақты көрсете отырып, белсенділікке немесе шектеулерге байланысты салыстырмалы биіктіктердің төменгі және жоғарғы шекараларын қосыңыз. F)-тармағында GND және SFC қысқартулары жер немесе жер бетінің деңгейін белгілеу үшін қолданылады. G)-тармағында шектеулер жоқ екенін көрсету үшін UNL аббревиатурасы қолданылады.

  Азаматтық авиацияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
5-1-қосымша

SNOWTAM нысаны

      Ескерту. Қағида 5-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





SNОWТАМ толтыру

      1. Жалпы ережелер

      1) біреуден артық ҰҚЖ-ға қатысты мәліметтерді беру кезінде В-дан Н-ға дейінгі тармақтарда көрсетілген ақпарат (ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамаларын есептеуге қатысты бөлім) қайталанады);

      2) тармақтарды белгілейтін әріптер тек анықтама үшін пайдаланылады және хабарламаларға енгізілмеуі тиіс. M (міндетті) С (шартты) және O (міндетті емес) әріптері ақпаратты білдіреді және төменде сипатталғандай қосылады;

      3) метрикалық бірліктер пайдаланылады; өлшем бірліктері хабарланбайды;

      4) SNОWТАМ-тың ең ұзақ әрекет ету мерзімі 8 сағатты құрайды, егер ҰҚЖ-ның жай-күйі туралы жаңа хабарлама алынса, онда жаңа SNОWТАМ-қа шығарылады;

      5) SNOWTAM алдыңғы SNOWTAM күшін жояды;

      6) компьютерлік деректер банкінде SNОWТАМ хабарламаларын Автоматты өңдеуді жеңілдету үшін "ТТААiiii СССС ММYYGGgg (ВВВ)" қысқартылған тақырыбы қосылады. Көрсетілген шартты белгілер мыналарды білдіреді:

      ТТ – SNОWТАМ деректерінің шартты белгісі – SW;

      АА – мемлекеттердің географиялық шартты белгілеуі (мысалы, LF – ФРАНЦИЯ, ЕG – БІРІККЕН КОРОЛЬДІК) ("Орналасу орнының көрсеткіштері (индекстері)" құжатының "Ұлттық тиесіліктің әріптік белгілеулері" 2-бөлімін қараңыз (Dос 7910));

      iiii – сериялық нөмірі SNОWТАМ төрт саннан тұратын топпен белгіленеді;

      СССС – SNОWТАМ жататын әуеайлақтың орналасу орнының төрт әріптік көрсеткіші ("Орналасу орнының көрсеткіштері (индекстері)" (Dос 7910) бөлімін қараңыз));

      ММYYGGgg – бақылау/өлшеу күні/уақыты, мұндағы:

      ММ – ай, мысалы, қаңтар – 01, желтоқсан – 12;

      YY – ай күні;

      GGgg – UТС бойынша сағатпен (GG) және минутпен (gg) уақыт;

      (ВВВ) – міндетті топ емес:

      қате болған жағдайда SNОWТАМ хабарламасын түзету үшін, бұрын бірдей сериялық нөмірмен таратылған – СОR.

      Белгілеуде (ВВВ) осы топтың міндетті емес екенін көрсету үшін жақшалар пайдаланылады.

      Егер біреуден артық ҰҚЖ-ға қатысты деректер ұсынылса, ал жеке бақылаулардың/бағалаудың күні/уақыты қайталанатын B-тармағында көрсетілсе, ең соңғы бақылау/бағалау күні/уақыты қысқартылған тақырыпта (MMYYGGgg) көрсетіледі.

      7) "SNOWTAM" мәтіні SNOWTAM форматына сәйкес және төрт таңбадан тұратын SNOWTAM сериялық нөмірі бос орынмен бөлінеді, мысалы: SNOWTAM 0124;

      8) SNOWTAM хабарламасын оқуды жеңілдету үшін SNOWTAM сериялық нөмірінен кейін, А-тармағынан кейін және ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамаларын есептеу туралы бөлімнен кейін бір жолды созу керек;

      9) біреуден артық ҰҚЖ туралы хабарлама беру кезінде ахуалдық хабардарлық бөліміндегі ақпарат алдында әрбір ҰҚЖ үшін Бағалау күні мен уақытын ескере отырып, ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамаларын есептеуге қатысты бөлімнен ақпаратты қайталау;

      10) Міндетті ақпарат:

      1) ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШІ;

      2) БАҒАЛАУ КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ;

      3) ҰҚЖ БЕЛГІЛЕУДІҢ ЕҢ АЗ НӨМІРІ;

      4) ҰҚЖ-НЫҢ ӘРБІР ҮШТЕН БІРІ ҮШІН ҰҚЖ ЖАЙ-КҮЙІНІҢ КОДЫ;

      5) ҰҚЖ-НЫҢ ӘРБІР ҮШТЕН БІР БӨЛІГІ ҮШІН ЖАЙ-КҮЙДІ СИПАТТАУ (хабарланған ҰҚЖ жай-күйінің коды (RWYCC) 1-5 болғанда).

      2. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамаларын есептеу бөлімі

      А-тармағы - әуеайлақтың орналасқан жерінің көрсеткіші (орналасқан жерінің төрт әріптік көрсеткіші).

      B-тармағы - бағалау күні мен уақыты (UTC бойынша айды, күнді, сағат пен минутты көрсете отырып, бақылау күнін/уақытын білдіретін сегіз цифрдан тұратын топ).

      C-тармағы - ҰҚЖ белгілеуінің ең кіші нөмірі (nn[L] немесе nn[C], немесе nn[R]).

      Әрбір ҰҚЖ үшін ҰҚЖ белгілеудің бір ғана нөмірі көрсетіледі және ол әрқашан кіші нөмір болып табылады.

      D-тармағы - ҰҚЖ-ның әрбір үштен бірі үшін ҰҚЖ жай-күйінің коды. ҰҚЖ-ның әрбір үштен бір бөлігі үшін бір ғана сан қосылады(0, 1, 2, 3, 4, 5 немесе 6) көлбеу сызықпен бөлінген (n/n/n).

      E-тармағы - ҰҚЖ-ның әрбір үштен бірі үшін %-пен ластанған аймақтар. Ақпарат хабарланған жағдайда ҰҚЖ-ның әрбір үштен бір бөлігі үшін көлбеу сызықпен ([n]nn/[n]nn/[n]nn) бөлінген 25, 50, 75 немесе 100-ді қосу қажет.

      Бұл ақпарат ҰҚЖ-ның әрбір үштен бір бөлігі үшін бетінің жай-күйі (D-тармағы) 6-дан өзгеше көрсетілген және ҰҚЖ-ның әрбір үштен бір бөлігі үшін бетінің жай-күйі құрғақ (DRY) - дан өзгеше сипатталған жағдайларда ғана ұсынылады.

      Бетінің жай-күйі туралы ақпарат болмаған кезде ҰҚЖ-ның тиісті үштен (үштен) үшін NR(хабарланбайды) көрсетіледі.

      F-тармағы - ҰҚЖ-ның әрбір үштен бірі үшін борпылдақ ластану тереңдігі. Ақпарат ұсынылған жағдайда ҰҚЖ-ның әрбір үштен бір бөлігі үшін көлбеу сызықпен (nn/nn/nn немесе nnn/nnn/nnn) бөлінген мм-дегі мәндерді қосу.

      F-тармақта жарияланатын ақпарат ластанудың мынадай түрлері үшін ғана ұсынылады:

      - Тұрақты су, 04-ке хабарлануы керек шамалар, содан кейін есептелген шама. 3-тен 15 мм-ге дейін айтарлықтай өзгерістер.

      – 03, содан кейін есептелген мән туралы хабарлануы керек шамалар. 3-тен 15 мм-ге дейін айтарлықтай өзгерістер.

      - Дымқыл қар, 03-ке хабарлануы керек шамалар, содан кейін есептелген шама. Елеулі өзгерістер 5 мм.

      - Құрғақ қар, 03, содан кейін бағаланатын шамалар туралы хабарлау керек. Елеулі өзгерістер 20 мм.

      Бетінің жай-күйі туралы ақпарат болмаған кезде ҰҚЖ-ның тиісті үштен үшін NR (ХАБАРЛАНБАЙДЫ) көрсетіледі.

      G-тармағы - ҰҚЖ-ның әрбір үштен бірінің жай-күйін сипаттау. Көлбеу сызықпен бөлінген ҰҚЖ-ның әрбір үштен бірінің жай-күйінің мынадай сипаттамаларын қосу:

      ТЫҒЫЗДАЛҒАН ҚАР

      ҚҰРҒАҚ ҚАР

      ТЫҒЫЗДАЛҒАН ҚАР БЕТІНДЕГІ ҚҰРҒАҚ ҚАР

      МҰЗ БЕТІНДЕГІ ҚҰРҒАҚ ҚАР

      ҚЫРАУ

      МҰЗ

      ЛАЙ БАТПАҚ

      ТҰРАҚТЫ СУ

      ТЫҒЫЗДАЛҒАН ҚАР БЕТІНДЕГІ СУ

      ЫЛҒАЛ

      СУЛЫ МҰЗ

      СУЛЫ ҚАР

      ТЫҒЫЗДАЛҒАН ҚАРДЫҢ БЕТІНДЕГІ ЫЛҒАЛДЫ ҚАР

      МҰЗ БЕТІНДЕГІ ЫЛҒАЛДЫ ҚАР

      ҰҚЖ ҚҰРҒАҚ (егер онда ластану болмаса ғана хабарланады).

      Бетінің жай-күйі туралы ақпарат болмаған кезде ҰҚЖ-ның тиісті үштен үшін NR (ХАБАРЛАНБАЙДЫ) көрсетіледі.

      H-тармағы - ҰҚЖ беті күйінің тиісті кодтары қолданылатын ҰҚЖ ені. Егер ҰҚЖ жарияланған енінен аз болса, енін метрмен көрсету.

      3. Ахуалдық хабардарлық бөлімі

      Ахуалдық хабардарлық бөліміндегі элементтер нүктемен аяқталады.

      Оларға қатысты ақпарат жоқ немесе жариялау үшін белгілі бір шарттар орындалмаған ахуалдық хабардарлық бөліміндегі элементтер толығымен толтырылмай қалады.

      I-тармағы - ҰҚЖ-ның қысқартылған ұзындығы. (RWY (ҰҚЖ) nn[L] немесе nn[C], немесе nn [R] REDUCED TO (дейін азайтылған) [n]nnn) (осы ақпарат жарияланған қашықтықтардың жаңа жиынтығымен тиісті NOTAM шығарған кезде жарияланады).

      J-тармағы - ҰҚЖ-да түсіру. Ақпарат хабарланған жағдайда "DRIFTING SNOW" (түсіру) қойыңыз.

      K-тармағы - ҰҚЖ-дағы борпылдақ құм. Егер ҰҚЖ-да бос құмның болуы туралы хабарланса, онда ҰҚЖ белгілеуінің кіші нөмірін және "LOOSE SAND" (сусымалы құм) (RWY (ҰҚЖ)nn немесе RWY (ҰҚЖ) nn[L], немесе nn[C], немесе nn[R] LOOSESAND (сусымалы құм)) бос орны арқылы көрсету қажет.

      L-тармағы - ҰҚЖ-ны химикаттармен өңдеу. Егер химикаттармен өңдеу туралы хабарланса, онда ҰҚЖ белгілеуінің кіші нөмірін және "CHEMICALLY TREATED" (химикаттармен өңделген (RWY (ҰҚЖ)nn немесе RWY (ҰҚЖ) nn[L], немесе nn[C], немесе nn[R] CHEMICALLY TREATED (химикаттармен өңделген)) бос орны арқылы көрсету қажет.

      M-тармағы - ҰҚЖ-дағы қар құрсаулары. Егер ҰҚЖ - да қар құрсауының болуы туралы хабарланса, онда ҰҚЖ белгілеуінің кіші нөмірін және "қар құрсауында" (қар құрсауында) бос орын арқылы және сол жақтағы "L" немесе оң жақтағы "R" бос орын арқылы немесе "LR" екі жағы бойынша көрсету, одан кейін осьтік сызықтан метрмен арақашықтық көрсетіледі және бос орыннан кейін FM CL (RWY (ҰҚЖ)nn немесе RWY (ҰҚЖ) nn[L], немесе nn[C], немесе nn[R] қар құрсауында (қар құрсауында) Lnn, немесе Rnn, немесе LRnn FM CL).

      N-тармағы - РЖ-дағы қар құрсаулары. Егер РЖ-да қар құрсаулары болса, онда РЖ белгілеуінің нөмірін және "SNOWBANK" (ҚАР ҚҰРСАУЛАРЫ) (TWY(РЖ) [nn]n SNOWBANK (ҚАР ҚҰРСАУЛАРЫ) бос орны арқылы көрсету қажет.

      O-тармағы - ҰҚЖ жанындағы қар құрсауы. Егер қар жауған жағдайда әуеайлақ жоспарында көрсетілген биіктік бейінін бұзатын қар құрсаулары туралы хабарланса, онда ҰҚЖ белгілеуінің кіші нөмірін және "ADJSNOWBANKS" (ҰҚЖ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАР ҚҰРСАУЛАРЫ) (RWY (ҰҚЖ) nn немесе RWY(ҰҚЖ) nn[L] немесе nn[C], немесе nn[R] ADJSNOWBANKS (ҰҚЖ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАР ҚҰРСАУЛАРЫ)) көрсету қажет.

      P-тармағы - РЖ жағдайы. Егер РЖ бетінің жағдайы нашар деп хабарланса, онда РЖ белгілеуінің нөмірін, ал бос орыннан кейін "POOR" (нашар) белгісін көрсету керек. (TWY (RD) [n немесе nn] POOR (нашар) немесе ALLTWYPOOR (барлық РЖ жағдайы нашар)).

      R-тармағы - Перрон күйі. Егер перрон бетінің жағдайы нашар деп хабарланса, онда перрон белгісінің нөмірін көрсетіңіз, ал бос орыннан кейін "POOR" (жаман) (APRON (ПЕРРОН) [nnnn] POOR (жаман) немесе ALL APRONS POOR (БАРЛЫҚ ПЕРРОНДАРДЫҢ БЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫ НАШАР)).

      S-тармағы - Өлшенген ілінісу коэффициенті. Ақпарат хабарланған жағдайда өлшенген ілінісу коэффициентін және іліністі өлшеуге арналған құрылғыны көрсету қажет.

      T-тармағы - Ескертулер ашық мәтінмен.

  Азаматтық авиацияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-кесте. Жергілікті жер туралы деректерге қойылатын сандық талаптар


1-аудан

2-аудан

3-аудан

4-аудан

Бекеттер арасындағы интервал, секундта

3 с доға
(шамамен
90 м)

1 с доға
(шамамен
30 м)

0,6 с доға (шамамен 20 м)

0,3 с доға (шамамен 9 м)

Тік жазықтықтағы дәлдігі, метр

30 м

3 м

0,5 м

1 м

Тік жазықтықтағы шешу қабілеттігі, метр

1 м

0,1 м

0,01 м

0,1 м

Көлденең жазықтықтағы дәлдігі, метр

50 м

5 м

0,5 м

2,5 м

Сенімділік деңгейі, пайыз

90 %

90 %

90 %

90 %

Деректердің санаты

қалыптылар

маңыздылар

маңыздылар

маңыздылар

Жаңартудың мерзімі

Қажеттігіне қарай

Қажеттігіне қарай

Қажеттігіне қарай

Қажеттігіне қарай

      2-кесте. Кедергілер туралы деректерге қойылатын сандық талаптар


1-аудан

2-аудан

3-аудан

4-аудан

Тік жазықтықтағы дәлдігі, метр

30 м

3 м

0,5 м

1 м

Тік жазықтықтағы шешу қабілеттігі, метр

1 м

1 м

0,01 м

0,1 м

Көлденең жазықтықтағы дәлдігі, метр

50 м

5 м

0,5 м

2,5 м

Сенімділік деңгейі, пайыз

90 %

90 %

90 %

90 %

Деректердің санаты

қалыптылар

маңыздылар

маңыздылар

маңыздылар

Жаңарту мерзімі

Қажеттігіне қарай

Қажеттігіне қарай

Қажеттігіне қарай

Қажеттігіне қарай

      3-кесте. Жергілікті жер атрибуттары

Жергілікті жер атрибуттары

Міндетті /міндетті емес

Қамту ауданы

Міндетті

Деректер құрастырушы көрсеткіші

Міндетті

Дерек негізінің көрсеткіші

Міндетті

Алу әдісі

Міндетті

Бекеттердің арасындағы интервал

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы есептеу жүйесі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы шешу жүйесінің қабілетті

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы дәлдігі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы сенімділік дәлдігі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы тұрған орны

Міндетті

Асып кетуі

Міндетті

Асып кетуді есептеу

Міндетті

Тік жазықтықтағы есептеу жүйесі

Міндетті

Тік жазықтықтағы шешу қабілеттілігі

Міндетті

Тік жазықтықтағы дәлдігі

Міндетті

Тік жазықтықтағы сенімдік дәлдігі

Міндетті

Беттің түрі

Міндетті емес

Тіркелген бет

Міндетті

Беттің үстінде төбенің деңгейі

Міндетті емес

Белгілі ауытқулар

Міндетті емес

Бүтіндік

Міндетті

Күн және уақыт белгісі

Міндетті

Қолданылатын өлшем бірліктері

Міндетті

      4-кесте. Кедергілер атрибуттары

Кедергілер атрибуттары

Міндетті /міндетті емес

Қамту ауданы

Міндетті

Деректер құрастырушы көрсеткіші

Міндетті

Дерек негізінің көрсеткіші

Міндетті

Кедергілердің көрсеткіші

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы дәлдігі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы сенімділік дәлдігі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы тұрған орны

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы дәлдігі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы өлшемдер

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы шешу жүйесінің қабілетті

Міндетті

Асып кетуі

Міндетті

Салыстырмалы биіктік

Міндетті емес

Тік жазықтықтағы дәлдігі

Міндетті

Тік жазықтықтағы сенімділік дәлдігі

Міндетті

Тік жазықтықтағы шешу қабілеттілігі

Міндетті

Тік жазықтықтағы есептеу жүйесі

Міндетті

Кедергінің түрі

Міндетті

Кескіннің түрі

Міндетті

Бүтіндік

Міндетті

Күн және уақыт белгісі

Міндетті

Қолданылатын өлшем бірліктері

Міндетті

Іс-қимылдар

Міндетті емес

Тиімділік

Міндетті емес

Жарықтандыру

Міндетті

  Азаматтық авиацияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
7-қосымша

АІRАС көмегі арқылы беруге жататын ақпарат

      1. Белгілеу, күшін жою және жоспарланған маңызды өзгерістер (пайдалану тексерістерді қосқанда):

      1) мыналарға пайдалатын шекаралар (көлденең және тік), ұйғарымдар мен қағидалар:

      ұшу ақпарат аудандарына;

      диспетчерлік аудандарға;

      диспетчерлік аймақтарға;

      консультативтік аймақтарға;

      ӘҚҚ бағыттарға;

      тұрақты қауіпті, тыйым салынған аймақтарға және ұшулар шектелген аймақтарға (қызметтің түрі мен кезеңін қосқанда, ол белгілі болғанда) және әуе шабуылына қарсы қорғаныстың таным белгілеріне (ADIZ);

      тосқауыл жасауға мүмкіндік бар тұрақты аймақтарға немесе бағыттарға немесе олардың учаскелеріне;

      2) орналасқан жерді, жиілікті, шақыру идентификаторларды, белгілі ауытқуларды, радионавигациялық құралдарына техникалық қызмет көрсету кезендерді, бақылау байланыс құралдарын;

      3) күту аймақтағы ұшу, қонуға кірудің, ұшып келу және ұшып кетудің, шуды төмендеудің схемалары және басқа ӘҚҚ бар қағидаларын;

      4) өтпе эшелондарын, өтпе абсолюттік (салыстырмалы) биіктіктерін және сектордағы абсолюттік (салыстырмалы) ең төмен биіктіктерін;

      5) метеорологиялық құралдары мен қағидаларын (соған қоса радиомен хабар беретін бағдарлама);

      6) ҰҚЖ мен ТСЖ;

      7) РЖ мен перрондарды;

      8) әуеайлақтағы жер үстіндегі пайдалану рәсімдерін (сонымен қоса әлсіз көрініс болған жағдайлардағы рәсімдерді қоса алғанда);

      9) жақындау аймақтың жарықсигналды аспаптары мен ҰҚЖ;

      10) әуеайлақтың пайдалану минимумдарын, егер оларды мемлекет жарияласа;

      11) биіктіктердің орналасқан жері және навигация үшін кедергілердің жарықтылығын;

      12) әуеайлақтардың, құралдар мен қызметтердің жұмыс уақытын;

      13) кедендік, көші-қон және санитарлық қызметтерін;

      14) уақытша қауіпті, тыйым салынған аймақтармен ұшуларға тыйым салынған аймақтарын, сондай-ақ навигация үшін қауіпті жағдайларын, әскери оқулар мен әуе кемелерінің жаппай ұшуларын;

      15) уақытша аймақтарын немесе бағдарларын немесе олардың тосқауыл жасалуы мүмкін учаскелерін;

      16) ҰОҚ бойынша халықаралық ұшуларды орындауға арналған жаңа әуеайлақтарын;

      17) халықаралық әуеайлақтарда ҰОҚ бойынша ұшуларды орындауға арналған жаңа ҰҚЖ;

      18) ӘҚҚ бағыттары желілерінің схемалары мен құрылымын.

  Азаматтық авиацияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
8-қосымша

AIP-тың бөлімдеріне сәйкес бастапқы аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық деректерді құрастырушылар

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Аэронавигациялық ақпараттар жинағының (бұдан әрі - АIP) бөлімдері мен тармақтары

Азаматтық авиация ұйымы немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшесі

1-бөлім (GEN) – Жалпы ережелер


GEN 0


GEN 0.1 Алғысөз

АҚК беруші

GEN 0.2 AIP-қа енгізілетін түзетулерді тіркеу

GEN 0.3 AIP-қа енгізілетін толықтыруларды тіркеу

GEN 0.4 AIP парақтарының бақылау тізбесі

GEN 0.5 AIP-қа қолмен енгізілген түзетулердің тізбесі

GEN 0.6 1-бөлімнің мазмұны.

GEN 1. — Ұлттық қағидалар мен талаптар


GEN 1.1 Тағайындалған өкілетті органдар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган

GEN 1.2 Әуе кемелерінің ұшып келуі, транзиті және ұшып кетуі

GEN 1.3 Жолаушылар мен экипаждың келуі, транзиті және кетуі

GEN 1.4 Жүкті алып келу, транзиті және алып кету

GEN 1.5 Әуе кемесіндегі жабдықтар, аспаптар және ұшу құжаттамасы

GEN 1.6 Ұлттық қағидалар мен халықаралық келісімдердің/конвенциялардың қысқаша мазмұны

GEN 1.7 Практика мен ИКАО қағидалары ұсынатын Стандарттардан айырмашылықтары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

GEN 2. — Кестелер мен кодтар


GEN 2.1 Өлшеу жүйесі, әуе кемелерінің таңбаланған белгілері, мерекелер

АҚК беруші

GEN 2.2 AIP басылымдарында қолданылатын қысқартулар

GEN 2.3 Карталардағы шартты белгілер

GEN 2.4 Орналасқан жерінің индекстері

GEN 2.5 Радионавигациялық құралдардың тізбесі

GEN 2.6 Өлшем бірліктерін аудару

GEN 2.7 Күннің шығу/бату

GEN 3. — Қызмет көрсету


GEN 3.1 Аэронавигациялық ақпараттық қызмет көрсету

АҚК беруші

GEN 3.2 Аэронавигациялық карталар

GEN 3.3 Әуе қозғалысына қызмет көрсету

GEN 3.4 Байланыс қызметтері және навигациялық қызметтер

GEN 3.5 Метеорологиялық қызмет көрсету

GEN 3.6 Іздестіру және құтқару

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

GEN 4. — Әуеайлақтардан / тікұшақтардан алынатын алымдар және аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар


GEN 4.1 Әуеайлақ / тікұшақ алмыдары

Әуеайлақты пайдаланушы

GEN 4.2 Аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар

АҚК беруші

2-бөлім. (ENR) - Бағыт


ENR 0. 2-бөлімнің мазмұны

АҚК беруші

ENR 1. — Жалпы қағидалар мен рәсімдер


ENR 1.1 Жалпы қағидалар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

ENR 1.2 Көзбен шолып ұшу қағидалары

ENR 1.3 Аспаптар бойынша ұшу қағидалары

ENR 1.4 ӘҚҚ әуе кеңістігінің сыныптамасы және сипаттамасы

ENR 1.5 Күту, қонуға кіру және ұшып шығу аймағында ұшу сызбалары

ENR 1.6 ӘҚҰ-ға байқау негізінде қызмет көрсету және қағидалар

1, 2.1, 2.2, 2.3-кіші бөлім - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

2.4, 3-кіші бөлім - АҚК берушісі

ENR 1.7 Биіктік өлшеу құралын орнату тәртібі

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

ENR 1.8 Өңірдегі қосымша қағидалар

ENR 1.9 Әуе қозғалысы ағындарын басқару және әуе кеңістігін ұйымдастыру

ENR 1.10 Ұшуды жоспарлау

ENR 1.11 Ұшу жоспарлары туралы хабарламаларды жіберу

ENR 1.12 Азаматтық әуе кемелерін ұстап алу

ENR 1.13 Заңсыз араласу

ENR 1.14 Әуе қозғалысына байланысты қақтығыстар

ENR 2. — ӘҚҚ әуе кеңістігі


ENR 2.1 ҰАА, жоғарғы әуе кеңістігінің ұшу ақпараты ауданы, тораптық диспетчерлік аудан және диспетчерлік аудан

АҚК беруші

ENR 2.2 Бақыланатын әуе кеңістігінің өзге де түрлері

ENR 3. — ӘҚҚ бағыттары


ENR 3.1 Кәдімгі навигация бағыттары

АҚК беруші

ENR 3.2 Аймақтық навигация бағыттары

ENR 3.3 Өзге де бағыттар

ENR 3.4 Бағытта күту

ENR 4. — Радионавигациялық құралдар /жүйелер


ENR 4.1 Бағыттағы радионавигациялық құралдар

АҚК беруші

ENR 4.2 Арнайы навигациялық жүйелер

ENR 4.3 Жаһандық навигациялық спутниктік жүйе (GNSS)

ENR 4.4 Негізгі нүктелерге арналған кодтық атаулардың белгілері

ENR 4.5 Бағыттағы жер үсті аэронавигациялық оттары

ENR 5. — Аэронавигациялық ескертулер


ENR 5.1 Тыйым салынған аймақтар, ұшу шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар

1) тыйым салынған аймақтар бөлігінде – мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган;
2) ұшуды шектеу аймақтары және қауіпті аймақтар бөлігінде – мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы болып табылады.

ENR 5.2 Әскери жаттығулар және жаттығу аймақтары мен ӘШҚ тану аймағы (ADIZ)

Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы

ENR 5.3 Қауіп келтіруі мүмкін басқа да қызмет түрлері және ықтимал қауіптің басқа да түрлері

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

ENR 5.5 Авиациялық спорттық және ойын-сауық іс-шаралары

Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы

ENR 5.6 Құстардың басқа жаққа ұшып кетуі және жануарлар дүниесі ерекше аймақтар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

ENR 6. — Бағыт карталары

АҚК беруші

3-бөлім (AD) - Әуеайлақтар


AD 0.1 3-бөлімнің мазмұны

АҚК беруші

AD 1. — Әуеайлақтарға/тікұшақ айлақтарына кіріспе


AD 1.1 Әуеайлақтарды/тікұшақ айлақтарын беру және оларды пайдалану шарттары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

AD 1.2 Авариялық-құтқару және өртке қарсы қызмет және қар жауған кездегі жоспар

AD 1.3 Әуеайлақтардың/тікұшақ айлақтарының индексі

AD 1.4 Әуеайлақтарды/тікұшақ айлақтарын топтастыру

AD 1.5 Әуеайлақтардың сертификатталу жай-күйі

AD 2. — Әуеайлақтар (халықаралық және ұлттық)


AD 2.1 Әуеайлақтың орналасқан жерінің индексі және атауы

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.2 Әуеайлақ бойынша географиялық және әкімшілік деректер

AD 2.3 Жұмыс сағаттары

AD 2.4 Қызмет көрсету қызметтері мен құралдары

AD 2.5 Жолаушыларға қызмет көрсету құралдары

AD 2.6 Авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметтер

AD 2.7 Жабдықтарды маусымдық қолдану:

ылғалды кетіру

AD 2.8 Перрон, РЖ және тексеру орындары/пункттері жөнінде деректер

AD 2.9 Жер бетінде қозғалуды басқаруды және бақылау жүйесі, таңбаланған тиісті белгілер

AD 2.10 Әуеайлақтағы кедергілер

AD 2.11 Ұсынылатын метеорологиялық ақпарат

АҚК беруші

AD 2.12 ҰҚЖ-ның физикалық сипаттамасы

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.13 Жарияланған ара қашықтықтар

AD 2.14 Жақындау оттары мен ҰҚЖ-дағы оттар

AD 2.15 Өзге де оттар, резервтегі электрмен қоректендіру көздері

AD 2.16 Тікұшақтар қонатын аймақтар

AD 2.17 ӘҚҚ әуе кеңістігі

АҚК беруші

AD 2.18 ӘҚҚ байланыс құралдары

AD 2.19 Радионавигациялық құралдар мен қондыру құралдары

AD 2.20 Әуеайлақты пайдаланудың жергілікті қағидалары

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.21 Шуылды басудың пайдаланушылық тәсілдері

AD 2.22 Ұшу қағидалары

АҚК беруші

AD 2.23 Қосымша ақпарат

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.24 Әуеайлаққа қатысты карталар


1) әуеайлақ/тікұшақ айлағы картасы (ИКАО)

АҚК беруші

2) әуе кемелерін тұраққа қою/түйістіру картасы (ИКАО)

3) әуеайлақ ішінде қозғалу картасы (ИКАО)

4) әуеайлақтағы кедергілер картасы, А үлгісінде (ИКАО) (әр ҰҚЖ үшін)

5) қонуға дәл кіруге арналған жергілікті жер картасы (ИКАО) (II және III санаттар бойынша қонуға дәл кіруге арналған ҰҚЖ)

6) аудан картасы (ИКАО) (ұшып шығу бағыттары және транзиттік бағыттар)

7) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (ИКАО), ұшып шығу бағыттарының мәтіндік сипаттамасы

8) аудан картасы (ИКАО) (ұшып келу бағыттары және транзиттік бағыттар)

9) аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (ИКАО), ұшып келу бағыттарының мәтіндік сипаттамасы

10) ӘҚК ең төмен абсолюттік биіктігін шолу картасы (ИКАО)

11) аспаптар бойынша қонуға кіру картасы (ИКАО) (әр ҰҚЖ және әр схема үшін)

12) көзбен шолып қонуға кіру картасы (ИКАО)

13) масштабы 1:500 000 аэронавигациялық картасы (ИКАО)

14) бағыт картасы (ИКАО)

15) әуеайлақ маңайына жиналған құстар туралы деректер

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.25 Көзбен шолу учаскенің (VSS) бетінен шығатын кедергілері

АҚК беруші