"Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 ақпанда № 31953 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларда:

      8-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "8. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасы жауапты болатын аудандарда ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның "Аэронавигациялық ақпарат қызметтері" 15-қосымшасының және Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулық (Dос 8126, ИКАО құжаты) талаптарына, сондай-ақ "Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Аэронавигациялық ақпаратты басқару" ИКАО PANS-AIM (Doc 10066) құжатына сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін қажет барлық шараларды қабылдайды.";

      10-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "10. Аэронавигациялық ақпаратты ұсынуды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АНҚ берушісінің аэронавигациялық ақпарат қызметі қамтамасыз етеді.

      ААҚ басқа мемлекеттер ұсынатын аэронавигациялық ақпарат өнімдерінің барлық элементтері жіберілетін орган болып табылады. Қажет болған кезде ААҚ басқа мемлекеттер ұсынатын аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты алуға сұрау салуды жүзеге асыра алады.";

      13-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "13. ААҚ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ егемендігі айқындалмаған әуе кеңістігі, онда Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын, аэронавигациялық ақпаратты мен деректерді алады немесе жасайды, тексереді, жинақтайды, редакциялайды, пішімге келтіреді, басып шығарады, сақтайды және таратады.";

      мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2, 13-3 және 13-4-тармақтарымен толықтырылсын:

      "13-1. Аэронавигациялық деректермен және аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ААҚ қызметтің жеделдігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ететін автоматтандыру құралдарын пайдаланады.

      13-2. ААҚ қызметі автоматтандыру құралдарын енгізу кезінде аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпараттың тұтастығына назар аударады және олар анықталған кезінде тәуекел факторларын жою бойынша шаралар қабылдайды.

      13-3. Аэронавигациялық деректердің сапасына қойылатын талаптарды сақтау үшін автоматтандыру құралдары:

      1) деректерді өңдеуге тартылған тараптар арасында аэронавигациялық деректермен алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

      2) аэронавигациялық ақпарат алмасу модельдерін және жаһандық функционалдық үйлесімділікке есептелген деректер алмасу модельдерін пайдаланады.

      13-4. Автоматтандыру құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда ААҚ аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпарат ағынының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.

      ААҚ персоналының күтпеген жағдайлар және автоматтандыру құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайдағы іс-әрекеттері сай-дың тиісті рәсімдерінде сипатталады.";

      14-1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "14-1. Аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпарат әртүрлі форматта ұсынылған жағдайларда деректер мен ақпараттың әртүрлі форматта келісілуін қамтамасыз ету процестері енгізіледі.

      ААҚ қызметі ұсынатын аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпараттың форматы "Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Аэронавигациялық ақпаратты басқару" ИКАО PANS-AIM (Doc 10066) құжатының ережелеріне сәйкес келеді және оларды болжамды пайдалану үшін қолайлы болып табылады.";

      18-1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "18-1. ААҚ ақпаратты басқару процестерін айқындайды, ал азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісі ӘҚҰ жүйесінің шеңберінде кепілдік берілген сападағы аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты уақтылы жинауды, өңдеуді, сақтауды, біріктіруді, алмасуды және жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ААҚ-ны ресурстармен (персонал, жабдық, бағдарламалық қамтамасыз ету, қаржыландыру) қамтамасыз етеді.";

      19-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "19. Әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін ұсынылатын аэронавигациялық ақпарат (аэронавигациялық деректер) өнімдеріне цифрлық деректер массивтері түрінде немесе стандартталған форматта баспа түрінде немесе электрондық жеткізгіштерде, немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің сайтында жарияланатын, мыналар жатады:

      1) AIP, оның ішінде оған енгізілген түзетулер мен толықтырулар;

      2) Әуеайлақ схемалар және аэронавигациялық карталар;

      3) AIC;

      4) PIB, оның ішінде ұшқаннан кейінгі ақпараты;

      5) NOTAM хабарламалары, оның ішінде бақылау тізбелері мен қолданыстағы NОТАМ тізбелері;

      6) сандық деректер массиві.";

      22-тармақ алып тасталсын;

      26, 27 және 28-тармақтары жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "26. Бастапқы аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді құрастырушылар ААҚ-мен тікелей және тұрақты байланысты ұстап тұру мақсатында ААҚ-ға мынадай деректерді жібереді:

      1) бастапқы аэронавигациялық ақпаратты құрастырушылардың атауы;

      2) аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушылардың заңды және нақты мекенжайы;

      3) байланысатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы, телефоны, факс, AFTN (болған кезде) нөмірі және электрондық поштасы.

      27. Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық деректерді құрастырушылар ААҚ-мен тікелей және тұрақты байланысты ұстап тұруға жауапты лауазымды адамдар туралы деректер өзгерген кезде, сондай-ақ мынадай жағдайларда:

      1) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігімен байланысты жаңа ұйым немесе қызмет құрылған;

      2) бұрын ААҚ-мен келісім жасасқан ұйым немесе қызмет таратқан;

      3) бұрын ААҚ-мен келісім жасасқан ұйым немесе қызмет туралы ақпарат өзгерген жағдайда ААҚ-ны хабардар етеді.

      28. Бастапқы аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді құрастырушылар ААҚ-мен келісім жасасады, онда аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді ұсыну мерзімдері, алу және алмасу әдістері, ААҚ-ға беру үшін жауапты тұлғалар, сондай-ақ аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректердің көлемі және сапасына қойылатын талаптар айқындалады.

      Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушылар мыналарды ұсынады:

      1) егер аэронавигациялық ақпарат AIP-те жариялауға арналған болса, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес AIP-ке өзгеріс енгізуге өтінімді;

      2) егер аэронавигациялық ақпарат NOTAM басып шығаруға арналған болса, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес NOTAM басып шығаруға өтінімді.

      Қателер немесе сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, ААҚ бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушы бола алады және аэронавигациялық ақпараттың біріктірілген топтамасына түзетулер енгізе алады.";

      29-1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "29-1. Сертификатталмаған әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), уақытша әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) және қону алаңдарының пайдаланушылары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің ресми интернет-ресурсында одан әрі жариялау үшін олар бойынша ААҚ-ға аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді ұсынады.

      Аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді ұсыну форматы осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді.";

      33-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "33. ААҚ жыл сайын төртінші тоқсанда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің ресми интернет-ресурсында AIP-қа түзетулердің күшіне ену күндерінің тізбесін жариялайды.";

      38-тармақ алып тасталсын;

      67-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "67. Осы Қағидалардың 66-тармағында санамаланған аэронавигациялық карталар Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Аэронавигациялық карталар" деген 4-қосымшаның талаптарына сәйкес келетін, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізуге жататын аэронавигациялық карталарды жасауға қойылатын талаптарға сәйкес дайындалады.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылатын аэронавигациялық карталардың осы Қағидаларға 4-қосымшаның белгіленген талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ тиісті өзгерістер енгізу жолымен жаңартудың дәлдігі мен уақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.":

      69-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "69. Мекендердің атаулары олардың айтылуына сәйкес латын әліпбиінің әріптерімен жазылады.";

      мынадай мазмұндағы 77-1-тармағымен толықтырылсын:

      "77-1. Қолданыстағы AIC-тегі аэронавигациялық ақпараттың немесе аэронавигациялық деректердің өзектілігін ААҚ қызметі жылына кемінде бір рет қайта қарайды.";

      108-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "108. NОТАМ-мен халықаралық алмасу, сондай-ақ халықаралық таратуға жататындардан өзгеше NOTAM серияларын тарату, тиісті халықаралық NОТАМ органдары арасында өзара келісім бойынша жүзеге асырылады.";

      7-параграфтың атауы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "7-параграф. Сандық деректер массиві";

      110-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "110. Мүдделі пайдаланушыларына, сондай-ақ басқа мемлекеттердің ААҚ, цифрлық деректер массиві түріндегі аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) ұсынған кезде ААҚ мен мүдделі пайдаланушылары немесе басқа мемлекеттердің ААҚ арасында жасалған келісімдер ұсынудың негізі болып табылады.

      ААҚ ұсынған тараптың келісімінсіз кез келген үшінші тарапқа басқа мемлекеттің ААҚ-нан алынған цифрлық деректер массивін ұсынбайды.

      Осындай цифрлық деректер мынадай цифрлық деректер массиві түрінде ұсынылуы мүмкін:

      1) AIP деректер массиві;

      2) жергілікті жер туралы деректер массиві;

      3) кедергілер туралы деректердің массиві;

      4) әуеайлақтың картографиялық деректерінің массиві;

      5) аспаптар бойынша ұшу схемалары туралы деректердің массиві.

      Мүдделі пайдаланушыға берілетін әрбір деректер жиынтығы метадеректер жиынтығымен бірге қамтамасыз етіледі, ол бақылауды қамтамасыз етеді және кем дегенде мыналарды қамтиды:

      1) деректерді жасау, беру немесе өңдеу жөніндегі кез келген іс-әрекетті орындайтын ұйымдардың немесе органдардың атауы;

      2) қабылданған әрекеттердің сипаттамасы;

      3) қабылданған іс-қимылдардың күні мен уақыты көрсетіледі.";

      111-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "111. Жергілікті жер туралы деректер массиві кедергілерді қоспағанда, тау, төбе, жота, алқап, судың жиналуы, мәңгілік мұз бен қар сияқты табиғи элементтері бар Жер бетінің кеңістіктік (орналасу жері және асып түсуі), мәндік және уақытша аспектілерді сипаттайды.";

      112-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "112. Аэронавиагациялық деректермен бірге тиісті жағдайларда қолданылатын жергілікті жер мен кедергілер туралы деректер массиві ұшуларды орындау мен ӘҚК қатысты мынадай қолданыс түрлерін қамтамасыз етеді:

      1) ұшу бағытындағы жер бедерін бағалау функциясы бар, жердің жақын екені туралы ескерту жүйесі және ең төменгі қауіпсіз абсолюттік биіктік туралы ескерту жүйесі (МSАW);

      2) екінші айналымға кететін немесе ұшып шығатын кезде авариялық жағдайда қолданылатын қосалқы схемаларды анықтау;

      3) әуе кемесінің пайдалану шектеулерін талдау;

      4) аспаптар бойынша ұшу схемаларының құрылымы (айналып ұшу схемасын қоса);

      5) бағыт бойынша ұшу кезінде төмендету рәсімдерін және авариялық жағдайда қону орнын анықтау;

      6) жерүсті қозғалысын басқару және оны бақылаудың жетілдірілген жүйесі (А-SМGСS);

      7) аэронавигациялық карталарды және борттық деректер базасын жасау;

      8) ұшу тренажеры;

      9) әуеайлақтағы (тікұшақ айлағындағы) кедергілерді шектеу және жою.":

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Қамтылатын тиісті аудандарға арналған жергілікті жер туралы деректер массиві осы Қағидаларға 6-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген жергілікті жер туралы деректерге қойылатын сандық талаптарға сәйкес келеді, ал кедергілер туралы деректер осы Қағидаларға 6-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген кедергілер туралы деректерге қойылатын сандық талаптарға сәйкес келеді.";

      125-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "125. ААҚ ұшу қауіпсіздігін, аэронавигацияның тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында шетел мемлекеттердің ААҚ сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ егемендігі айқындалмаған әуе кеңістігіне қатысты, Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты дереу береді.";

      128-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "128. Басқа ИКАО Уағдаласушы мемлекеттерінің ААҚ, авиакомпаниялар немесе аэронавигациялық карталарды дайындаумен, ұшуды орындаумен немесе қамтамасыз етумен байланысты басқа ұйымдар сұратқан төменде санамаланған аэронавигациялық ақпарат өнімдерінің әрқайсысының бір данасы (бар болса) өзара келісілген нысанда немесе форматта өтеусіз негізде ұсынылады:

      1) AIP, оның ішінде оған түзетулер мен толықтырулар;

      2) әуеайлақ схемалары және аэронавигациялық карталар;

      3) AIC;

      4) NOTAM хабарламалары, оның ішінде бақылау тізбелері және қолданыстағы NOTAM тізбелері.";

      132-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "132. AIRAC жүйесі арқылы таратылатын аэронавигациялық ақпаратты ААҚ, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің интернет-ресурсында күшіне енген күнге дейін кем дегенде күнтізбелік 42 күн бұрын орналастырады.";

      133-1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "133-1. AIP-тың бөлімдеріне (кіші бөлімдеріне, тармақтарына) сәйкес осы Қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген ұйымдар аэронавигациялық ақпарат өнімдерін жариялау үшін ААҚ талап ететін бастапқы аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректердің құрастырушылары болып табылады.";

      138-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "138. Аэронавигациялық деректердің тұтастығын сақтау оларды құрастыру сәтінен бастап келесі болжамды пайдаланушыға жібергенге дейінгі бүкіл ақпараттық процес бойы қамтамасыз етіледі.";

      140-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "140. Болжамды пайдаланушыға аэронавигациялық ақпарат және (немесе) аэронавигациялық деректерімен тарату немесе алмасу төмендегі тәсілмен жүзеге асырылады:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы;

      2) курьерлік қызмет (пошта қызметі) арқылы жеткізумен электрондық тасығыштарда тарату арқылы;

      3) ААҚ мен болжамды пайдаланушы арасындағы тікелей электрондық байланыс, мысалы электрондық пошта немесе AFTN байланыс арналары бойынша аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) автоматты таратуды қамтамасыз ететін тікелей электрондық тарату арқылы;

      4) электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымшада:

      2-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Карталардың атауы.

      Осы Қосымшаларда қамтылған талаптарға сәйкес құрастырылған және картаның мақсатына сәйкестендіруге арналған картаның атауы немесе карталардың сериясы тиісті параграфтың тақырыбына ұқсас болып табылады және осы параграфта қамтылған өзге талаптарды қолдануға байланысты өзгереді. Егер карта осы параграфта баяндалған барлық талаптарға, және нақты картаға қатысты кез келген талаптарға сәйкес келмесе, оның атауына "ИКАО" деген сөз енгізілмейді";

      14-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "14. Аэронавигациялық деректер.

      Аэронавигациялық деректер осы Қағидалардың 2-тарауының 11-параграфы 134-тармағының ережелеріне сәйкес беріледі.

      Картадағы географиялық координаттардың, асып кету мәндерінің және геоид толқынының рұқсат ету қабілетінің дәрежесі нақты карта үшін белгіленген талаптарға сәйкес келеді.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармағымен толықтырылсын:

      "14-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым карталардағы аэронавигациялық деректердің рұқсат ету дәрежесінің нақты карта үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.";

      8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2023 жылғы 21 ақпандағы
№ 107 Бұйрыққа
1-қосымша
Азаматтық аваицияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
1-қосымша

Аэронавигациялық деректердің сапасы

      1-кесте. Ені мен ұзындығы

Ені мен ұзындығы

Дәлдік/деректердің түрі, километр / метр (теңіз миль)

Жарияланатын деректердің дәлдігі, минутта / секундта

Картаның дәлдігі, секундта

Бүтіндігінің сыныптамасы

Ұшу ақпаратының ауданы шекараларының нүктелері

2 км (1 м. миль), жарияланған

1 мин

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Р, R, D аудандары шекараларының нүктелері (CTA/CTR шекараларынан тыс)

2 км (1 м. миль), жарияланған

1 мин

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Р, R, D аудандары шекараларының нүктелері (CTA/CTR шекаралары ішінде)

100 м, есептелген

1 с

Салынғанға сәйкес

маңызды

CTA/CTR шекараларының нүктелері

100 м, есептелген

1 с

Салынғанға сәйкес

маңызды

NAVAID бағыттары мен бақылау нүктелері, күту пункті, STAR/SID нүктелері

100 м, түсіру нәтижелері/ есептелген

1 с

1 с

маңызды

1-аудандағы кедергілері (мемлекеттің бүкіл аумағы)

50 м, түсірудің нәтижелері

1 с

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Әуеайлақтың/тікұшақ айлағының бақылау нүктесі

30 м, түсірудің нәтижелері

1 с

1 с

қалыпты

Әеуайлақта/тікұшақ айлағында орналасқан NAVAID

3 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

Салынғанға сәйкес

маңызды

2-аудандағы кедергілері

5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

маңызды

3-аудандағы кедергілері

0.5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

маңызды

Қонуға соңғы кірудің бақылау нүктелері/пункттері және аспаптар бойынша қону сұлбасын жасайтын басқа да манызды бақылау нүктелері/пункттері

З м, түсірудің нәтижелері/ есептелген

1/10 с

1 с

маңызды

ҰҚЖ-ның шегі

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1 с

критикалық

4-аудандағы кедергілері

0.5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

маңызды

ҰҚЖ-ның соңы

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

-

критикалық

ҰҚЖ-ның білік сызығының нүктелері

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

критикалық

РЖ білік сызығының нүктелері

0,5 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

маңызды

Жердегі РЖ білік сызығының нүктелері; әуеде рульдеу үшін және транзиттік бағыттардың РЖ нүктелері

0,5 м, түсірудің нәтижелері/ есептелген

1/100 с

1/100 с

маңызды

Әуе кемелері/тікұшақ тұрақтарының нүктелері/ INS тексеру пункттері

0,5 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

қалыпты

TLOF геометриялық орталығы немесе FATO шегі (тікұшақ айлақтары)

1м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1 с

критикалық

      2-кесте. Асып кету, абсолютті биіктік, салыстырмалы биіктік

Асып кету/абсолютті биіктік/салыстырмалы биіктік

Дәлдік/ деректердің түрі, метр / фут

Жарияланатын деректердің дәлдігі, метр / фут

Картаның дәлдігі, метр / фут

Бүтіндігінің сыныптамасы

Әуеайлақтан/тікұшақ айлағынан асу

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

Әуеайлақтан/тікұшақ айлағынан асу жеріндегі WGS-84 геоид толқыны

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

ҰҚЖ-ның шегі немесе FATO (қонуға нақты емес кіру)

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

ҰҚЖ-ның шегіндегі WGS-84 геоидтік толқыны немесе TLOF-тың геометриялық орталығындағы FATO (қонуға нақты емес кіру)

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

ҰҚЖ-ның шегі немесе FATO (қонуға нақты кіру)

0,25 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

0,1 м немесе 0,1 фут

0,5 м немесе 1 фут

критикалық

ҰҚЖ-ның шегіндегі WGS-84 геоидтік толқыны немесе TLOF-тың геометриялық орталығындағы FATO (қонуға нақты кіру)

0,25 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

критикалық

Кедергілерді ұшып өтудің абсолютті/салыстырмалы биіктігі (ОСА/Н)

PANS-OPS
(Doc 8168) құжатында көрсетілгендей

-

PANS-OPS
(Doc 8168) көрсетілгендей

маңызды

ҰҚЖ шегі қиылысуының салыстырмалы биіктігі (тірек нүктенің салыстырмалы биіктігі), қонуға дәл кіру

0,5 м немесе 1 фут, есептелген

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

критикалық

Қонуға кіру және ұшып көтерілу аймақтарындағы кедіргілер

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

Шеңбер бойынша және әуеайлақта/ тікұшақ айлағында ұшу аймақтарындағы кедергілер

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

Бағыттағы кедергілерден асып өтуі

З м (10 фут), түсірудің нәтижелері

3 м (10 фут)

3 м (10 фут)

қалыпты

Қашықтық өлшегіш жабдығы/ дәлдігі (DME/P)

3 м (10 фут), түсірудің нәтижелері

3 м (10 фут)


маңызды

Қашықтық өлшегіш жабдықтың артуы (DME)

3 м (100 фут), түсірудің нәтижелері

30 м (100 фут)

30 м (100 фут)

маңызды

Аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының абсолюттік биіктігі

PANS-OPS
(Doc 8168) құжатында көрсетілгендей


PANS-OPS
(Doc 8168) көрсетілгендей

маңызды

Ең төменгі абсолютті биіктіктер

50 м немесе 100 фут, есептелген

50 м немесе 100 фут

50 м немесе 100 фут

қалыпты

      3-кесте. Ауытқу және магниттік ауытқу

Төмен түсү/магниттік төмен түсу

Дәлдік/деректердің түрі, градус

Жарияланатын деректердің дәлдігі, градус

Картаның дәлдігі, градус

Бүтіндігінің сыныптамасы

Құралды техникалық күйге келтіру үшін қолданылатын NAVAID ӨЖЖ станциясының ауытқуы

1°, түсірудің нәтижелері

-

маңызды

NDB NAVAID құралының магниттік ауытқуы

1°, түсірудің нәтижелері

-

қалыпты

Әуеайлақтың/ тікұшақ айлағының магниттік ауытқуы

1°, түсірудің нәтижелері

маңызды

ILS курстік радиомаяк антеннасының магниттік ауытқуы

1°. түсірудің нәтижелері

-

маңызды

MLS-тің азимуталды антеннасының магниттік ауытқуы

1°, түсірудің нәтижелері

-

маңызды

      4-кесте. Пеленг

Пеленг

Дәлдік/деректердің түрі, градус

Жарияланатын деректердің дәлдігі, градус

Картаның дәлдігі, градус

Бүтіндігінің сыныптамасы

Әуе трассаларының учаскелері

1/10°, есептелген

қалыпты

Бағыттардағы және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын пеленг

1/10°, есептелген

1/10°

1/10°

қалыпты

Әуеайлақ ауданындағы келу/ұшып шығу бағыттарының учаскелері

1/10°, есептелген

қалыпты

Аспаптар бойынша қонуға кіру схемаларының бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын пеленг

1/100°, есептелген

1/100°

1/10°

маңызды

ILS-тың курстық радиомаяктың шығаруы

1/100°, түсірудің нәтижелері

1/100°, шын

маңызды

MLS-тың нөлдік азимутын шығаруы

1/100°, түсірудің нәтижелері

1/100°, шын

маңызды

ҰҚЖ және FATO пеленгі

1/100°, түсірудің нәтижелері

1/100°, шын

қалыпты

      5-кесте. Ұзындық, қашықтық, өлшем

Ұзындық/қашықтық/өлшем

Дәлдік/деректердің түрі, километр / метр / теңіз миль

Жарияланатын деректердің дәлдігі, километр / метр / теңіз миль

Картаның дәлдігі, километр / метр / теңіз миль

Бүтіндігінің сыныптамасы

Әуе трассалары учаскелерінің ұзындығы

1/10 км немесе 1/10 м. миль, есептелген

1/10 км немесе 1/10 м. миль

1 км немесе 1 м. миль

қалыпты

Бағытта және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын қашықтық

1/10 км немесе 1/10 м. миль, есептелген

1/10 км немесе 1/10 м. миль

2/10 км немесе 1/10 м. миль

қалыпты

Әуеайлақ ауданындағы келу/ұшып шығу бағыттары учаскелерінің ұзындығы

1/100 км немесе 1/100 м. миль, есептелген

1/100 км немесе 1/100 м. миль

1 км немесе 1 м. миль

маңызды

Аспаптар бойынша қонуға кіру схемаларының және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын қашықтық

1/100 км немесе 1/100 м. миль, есептелген

1/100 км немесе 1/100 м. миль

2/10 км немесе 1/10 м. миль

маңызды

FATO немесе ҰҚЖ ұзындығы, TLOF өлшемдері

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м (AD картасы) 0,5 м (АОС карта)

критикалық

Тежеудің шеткі жолағының ұзындығы

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

0,5 м (АОС картасы)

критикалық

Орналастыратын қону арақашықтығы

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м (AD картасы) 0,5 м (АОС картасы)

критикалық

ILS-тың курстық радиомаяк антеннасы мен ҰҚЖ-тың немесе FATO-ның соңы аралығындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

З м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

ILS глиссадалық радиомаягінің антеннасы мен ҰҚЖ табалдырықтың аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

ILS таңбалағыштары мен ҰҚЖ шегі арасындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

2/10 км (1/10 м. миль)

маңызды

DME ILS антеннасы мен ҰҚЖ шегі аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

маңызды

MLS-тың азимуттық антеннасы мен ҰҚЖ мен FATO-ның соңы аралығындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

MLS бұрыштық - өңірлік антеннасы мен ҰҚЖ табалдырығы арасындағы білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

DME/P MLS-тың антеннасы мен ҰҚЖ табалдырығының аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

  Бұйрыққа 2-қосымша
Азаматтық авиацияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
8-қосымша

AIP-тың бөлімдеріне сәйкес бастапқы аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық деректерді құрастырушылар

Қазақстан Республикасы Аэронавигациялық ақпараттар жинағының (бұдан әрі - АIP) бөлімдері мен тармақтары

Азаматтық авиация ұйымы немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшесі

1-бөлім (GEN) – Жалпы ережелер


GEN 0


GEN 0.1 Алғысөз

АҚК беруші

GEN 0.2 AIP-қа енгізілетін түзетулерді тіркеу

GEN 0.3 AIP-қа енгізілетін толықтыруларды тіркеу

GEN 0.4 AIP парақтарының бақылау тізбесі

GEN 0.5 AIP-қа қолмен енгізілген түзетулердің тізбесі

GEN 0.6 1-бөлімнің мазмұны.

GEN 1. — Ұлттық қағидалар мен талаптар


GEN 1.1 Тағайындалған өкілетті органдар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган

GEN 1.2 Әуе кемелерінің ұшып келуі, транзиті және ұшып кетуі

GEN 1.3 Жолаушылар мен экипаждың келуі, транзиті және кетуі

GEN 1.4 Жүкті алып келу, транзиті және алып кету

GEN 1.5 Әуе кемесіндегі жабдықтар, аспаптар және ұшу құжаттамасы

GEN 1.6 Ұлттық қағидалар мен халықаралық келісімдердің/конвенциялардың қысқаша мазмұны

GEN 1.7 Практика мен ИКАО қағидалары ұсынатын Стандарттардан айырмашылықтары

GEN 2. — Кестелер мен кодтар


GEN 2.1 Өлшеу жүйесі, әуе кемелерінің таңбаланған белгілері, мерекелер

АҚК беруші

GEN 2.2 AIP басылымдарында қолданылатын қысқартулар

GEN 2.3 Карталардағы шартты белгілер

GEN 2.4 Орналасқан жерінің индекстері

GEN 2.5 Радионавигациялық құралдардың тізбесі

GEN 2.6 Өлшем бірліктерін аудару

GEN 2.7 Күннің шығу/бату

GEN 3. — Қызмет көрсету


GEN 3.1 Аэронавигациялық ақпараттық қызмет көрсету

АҚК беруші

GEN 3.2 Аэронавигациялық карталар

GEN 3.3 Әуе қозғалысына қызмет көрсету

GEN 3.4 Байланыс қызметтері және навигациялық қызметтер

GEN 3.5 Метеорологиялық қызмет көрсету

GEN 3.6 Іздестіру және құтқару

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

GEN 4. — Әуеайлақтардан / тікұшақтардан алынатын алымдар және аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар


GEN 4.1 Әуеайлақ / тікұшақ алмыдары

Әуеайлақты пайдаланушы

GEN 4.2 Аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар

АҚК беруші

2-бөлім. (ENR) - Бағыт


ENR 0. 2-бөлімнің мазмұны

АҚК беруші

ENR 1. — Жалпы қағидалар мен рәсімдер


ENR 1.1 Жалпы қағидалар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

ENR 1.2 Көзбен шолып ұшу қағидалары

ENR 1.3 Аспаптар бойынша ұшу қағидалары

ENR 1.4 ӘҚҚ әуе кеңістігінің сыныптамасы және сипаттамасы

ENR 1.5 Күту, қонуға кіру және ұшып шығу аймағында ұшу сызбалары

ENR 1.6 ӘҚҰ-ға байқау негізінде қызмет көрсету және қағидалар

1, 2.1, 2.2, 2.3-кіші бөлім - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

2.4, 3-кіші бөлім - АҚК берушісі

ENR 1.7 Биіктік өлшеу құралын орнату тәртібі

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

ENR 1.8 Өңірдегі қосымша қағидалар

ENR 1.9 Әуе қозғалысы ағындарын басқару және әуе кеңістігін ұйымдастыру

ENR 1.10 Ұшуды жоспарлау

ENR 1.11 Ұшу жоспарлары туралы хабарламаларды жіберу

ENR 1.12 Азаматтық әуе кемелерін ұстап алу

ENR 1.13 Заңсыз араласу

ENR 1.14 Әуе қозғалысына байланысты қақтығыстар

ENR 2. — ӘҚҚ әуе кеңістігі


ENR 2.1 ҰАА, жоғарғы әуе кеңістігінің ұшу ақпараты ауданы, тораптық диспетчерлік аудан және диспетчерлік аудан

АҚК беруші

ENR 2.2 Бақыланатын әуе кеңістігінің өзге де түрлері

ENR 3. — ӘҚҚ бағыттары


ENR 3.1 Кәдімгі навигация бағыттары

АҚК беруші

ENR 3.2 Аймақтық навигация бағыттары

ENR 3.3 Өзге де бағыттар

ENR 3.4 Бағытта күту

ENR 4. — Радионавигациялық құралдар /жүйелер


ENR 4.1 Бағыттағы радионавигациялық құралдар

АҚК беруші

ENR 4.2 Арнайы навигациялық жүйелер

ENR 4.3 Жаһандық навигациялық спутниктік жүйе (GNSS)

ENR 4.4 Негізгі нүктелерге арналған кодтық атаулардың белгілері

ENR 4.5 Бағыттағы жер үсті аэронавигациялық оттары

ENR 5. — Аэронавигациялық ескертулер


ENR 5.1 Тыйым салынған аймақтар, ұшу шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар

1) тыйым салынған аймақтар бөлігінде - мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган;
2) ұшуды шектеу аймақтары және қауіпті аймақтар бөлігінде - мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы болып табылады.

ENR 5.2 Әскери жаттығулар және жаттығу аймақтары мен ӘШҚ тану аймағы (ADIZ)

Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы

ENR 5.3 Қауіп келтіруі мүмкін басқа да қызмет түрлері және ықтимал қауіптің басқа да түрлері

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

ENR 5.5 Авиациялық спорттық және ойын-сауық іс-шаралары

Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы

ENR 5.6 Құстардың басқа жаққа ұшып кетуі және жануарлар дүниесі ерекше аймақтар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

ENR 6. — Бағыт карталары

АҚК беруші

3-бөлім (AD) - Әуеайлақтар


AD 0.1 3-бөлімнің мазмұны

АҚК беруші

AD 1. — Әуеайлақтарға/тікұшақ айлақтарына кіріспе


AD 1.1 Әуеайлақтарды/тікұшақ айлақтарын беру және оларды пайдалану шарттары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

AD 1.2 Авариялық-құтқару және өртке қарсы қызмет және қар жауған кездегі жоспар

AD 1.3 Әуеайлақтардың/тікұшақ айлақтарының индексі

AD 1.4 Әуеайлақтарды/тікұшақ айлақтарын топтастыру

AD 1.5 Әуеайлақтардың сертификатталу жай-күйі

AD 2. — Әуеайлақтар (халықаралық және ұлттық)


AD 2.1 Әуеайлақтың орналасқан жерінің индексі және атауы

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.2 Әуеайлақ бойынша географиялық және әкімшілік деректер

AD 2.3 Жұмыс сағаттары

AD 2.4 Қызмет көрсету қызметтері мен құралдары

AD 2.5 Жолаушыларға қызмет көрсету құралдары

AD 2.6 Авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметтер

AD 2.7 Жабдықтарды маусымдық қолдану:

ылғалды кетіру

AD 2.8 Перрон, РЖ және тексеру орындары/пункттері жөнінде деректер

AD 2.9 Жер бетінде қозғалуды басқаруды және бақылау жүйесі, таңбаланған тиісті белгілер

AD 2.10 Әуеайлақтағы кедергілер

AD 2.11 Ұсынылатын метеорологиялық ақпарат

АҚК беруші

AD 2.12 ҰҚЖ-ның физикалық сипаттамасы

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.13 Жарияланған ара қашықтықтар

AD 2.14 Жақындау оттары мен ҰҚЖ-дағы оттар

AD 2.15 Өзге де оттар, резервтегі электрмен қоректендіру көздері

AD 2.16 Тікұшақтар қонатын аймақтар

AD 2.17 ӘҚҚ әуе кеңістігі

АҚК беруші

AD 2.18 ӘҚҚ байланыс құралдары

AD 2.19 Радионавигациялық құралдар мен қондыру құралдары

AD 2.20 Әуеайлақты пайдаланудың жергілікті қағидалары

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.21 Шуылды басудың пайдаланушылық тәсілдері

AD 2.22 Ұшу қағидалары

АҚК беруші

AD 2.23 Қосымша ақпарат

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.24 Әуеайлаққа қатысты карталар


1) әуеайлақ/тікұшақ айлағы картасы (ИКАО)

АҚК беруші

2) әуе кемелерін тұраққа қою/түйістіру картасы (ИКАО)

3) әуеайлақ ішінде қозғалу картасы (ИКАО)

4) әуеайлақтағы кедергілер картасы, А үлгісінде (ИКАО) (әр ҰҚЖ үшін)

5) қонуға дәл кіруге арналған жергілікті жер картасы (ИКАО) (II және III санаттар бойынша қонуға дәл кіруге арналған ҰҚЖ)

6) аудан картасы (ИКАО) (ұшып шығу бағыттары және транзиттік бағыттар)

7) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (ИКАО), ұшып шығу бағыттарының мәтіндік сипаттамасы

8) аудан картасы (ИКАО) (ұшып келу бағыттары және транзиттік бағыттар)

9) аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (ИКАО), ұшып келу бағыттарының мәтіндік сипаттамасы

10) ӘҚК ең төмен абсолюттік биіктігін шолу картасы (ИКАО)

11) аспаптар бойынша қонуға кіру картасы (ИКАО) (әр ҰҚЖ және әр схема үшін)

12) көзбен шолып қонуға кіру картасы (ИКАО)

13) масштабы 1:500 000 аэронавигациялық картасы (ИКАО)

14) бағыт картасы (ИКАО)

15) әуеайлақ маңайына жиналған құстар туралы деректер

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.25 Көзбен шолу учаскенің (VSS) бетінен шығатын кедергілері

АҚК беруші