"Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу тура

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қарашадағы № 818 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда № 14580 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10605 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларында:

      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "125. ААБ қызметі анық деректерді алу және деректерді жариялауға дайындау кезеңдерінде немесе оларды пайдалану кезінде анықталған қателерді түзету (жою) мақсатында, осы Қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген AIP-тың бөлімдеріне сәйкес аэронавигациялық деректер көздерін анықтауды қамтамасыз ету үшін рәсімдер белгілейді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағына енгізу үшін аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметіне қажет бастапқы деректерді дайындау бойынша міндеттерді азаматтық авиация ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және комуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 509 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7183 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қазанда № 148 (2138) "Заң газеті" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Рау

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 818 бұйрығына
қосымша
  Әуе кемелерін
пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
8-қосымша

AIP-тың бөлімдеріне сәйкес аэронавигациялық деректердің көздері

Қазақстан Республикасы Аэронавигациялық ақпараттар жинағының (бұдан әрі - АIP) бөлімдері мен тармақтары

Азаматтық авиация ұйымы немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі

1-бөлім (GEN) – Жалпы ережелер


GEN 0


GEN 0.1 Алғысөз
GEN 0.2 AIP-қа енгізілетін түзетулерді тіркеу
GEN 0.3 AIP-қа енгізілетін толықтыруларды тіркеу
GEN 0.4 AIP парақтарының бақылау тізбесі
GEN 0.5 AIP-қа қолмен енгізілген түзетулердің тізбесі
GEN 0.6 AIP мазмұны.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 1. - Ұлттық қағидалар мен талаптар


GEN 1.1 Тағайындалған өкілетті органдар

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

GEN 1.2 Әуе кемелерінің ұшып келуі, транзиті және ұшып кетуі

GEN 1.3 Жолаушылар мен экипаждың келуі, транзиті және кетуі

GEN 1.4 Жүкті алып келу, транзиті және алып кету

GEN 1.5 Әуе кемесіндегі жабдықтар, аспаптар және ұшу құжаттамасы

GEN 1.6 Ұлттық қағидалар мен халықаралық келісімдердің/конвенциялардың қысқаша мазмұны

GEN 1.7 Практика мен ИКАО қағидалары ұсынатын Стандарттардан айырмашылықтары

GEN 2. - Кестелер мен кодтар


GEN 2.1 Өлшеу жүйесі, әуе кемелерінің таңбаланған белгілері, мерекелер

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 2.2 AIP басылымдарында қолданылатын қысқартулар

GEN 2.3 Карталардағы шартты белгілер

GEN 2.4 Орналасқан жер индекстері

GEN 2.5 Радионавигациялық құралдардың тізбесі

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 2.6 Аудару кестелері

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 2.7 Күннің шығу/бату кестесі

GEN 3. - Қызмет көрсету


GEN 3.1 Аэронавигациялық ақпараттық қызмет көрсету

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 3.2 Аэронавигациялық карталар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 3.3 Әуе қозғалысына қызмет көрсету

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 3.4 Байланыс қызметтері

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 3.5 Метеорологиялық қызмет көрсету

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 3.6 Іздестіру және құтқару

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

GEN 4. - Әуеайлақтардан алынатын алымдар және аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар


GEN 4.1 Әуеайлақтардан алынатын алымдар

Әуеайлақты пайдаланушы

GEN 4.2 Аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

2-бөлім. (ENR) - Бағыт


ENR 1. - Жалпы қағидалар мен рәсімдер


ENR 1.1 Жалпы қағидалар

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

ENR 1.2 Көзбен шолып ұшу қағидалары

ENR 1.3 Аспаптар бойынша ұшу қағидалары

ENR 1.4 ӘҚҚ әуе кеңістігінің сыныптамасы

ENR 1.5 Күту, қонуға кіру және ұшып шығу аймағында ұшу сызбалары

ENR 1.6 ӘҚҰ-ға байқау негізінде қызмет көрсету және қағидалар

ENR 1.7 Биіктік өлшеу құралын орнату тәртібі

ENR 1.8 Өңірдегі қосымша қағидалар

ENR 1.9 Әуе қозғалысы ағындарын басқару

ENR 1.10 Ұшуды жоспарлау

ENR 1.11 Ұшу жоспарлары туралы хабарламаларды жіберу

ENR 1.12 Азаматтық әуе кемелерін ұстап алу

ENR 1.13 Заңсыз араласу

ENR 1.14 Әуе қозғалысына байланысты қақтығыстар

ENR 2. - ӘҚҚ әуе кеңістігі


ENR 2.1 ҰАА, жоғарғы әуе кеңістігінің ұшу ақпараты ауданы, тораптық диспетчерлік аудан

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

ENR 2.2 Бақыланатын әуе кеңістігінің өзге де түрлері

ENR 3 - ӘҚҚ бағыттары


ENR 3.1 Төменгі әуе кеңістігіндегі ӘҚҚ бағыттары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

ENR 3.2 Жоғарғы әуе кеңістігіндегі ӘҚҚ бағыттары

ENR 3.3 Аймақтық навигация бағыттары

ENR 3.4 Тікұшақтардың ұшу бағыттары

ENR 3.5 Өзге де бағыттар

ENR 3.6 Бағытта күту

ENR 4 - Радионавигациялық құралдар /жүйелер


ENR 4.1 Бағыттағы радионавигациялық құралдар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

ENR 4.2 Арнайы навигациялық жүйелер

ENR 4.3 Жаһандық навигациялық спутниктік жүйе (GNSS)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

ENR 4.4 Негізгі нүктелерге арналған кодтық атаулардың белгілері

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

ENR 4.5 Бағыттағы жер үсті аэронавигациялық оттары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

ENR 5. - Аэронавигациялық ескертулер


ENR 5.1 Тыйым салынған аймақтар, ұшу шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

ENR 5.2 Әскери жаттығулар және жаттығу аймақтары мен ӘШҚ тану аймағы (ADIZ)

ENR 5.3 Қауіп келтіруі мүмкін басқа да қызмет түрлері және ықтимал қауіптің басқа да түрлері

ENR 5.4 Бағыттағы аэронавигациялық кедергілер

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

ENR 5.5 Авиациялық спорттық және ойын-сауық іс-шаралары

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

ENR 5.6 Құстардың басқа жаққа ұшып кетуі және жануарлар дүниесі ерекше аймақтар

ENR 6. - Бағыт карталары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

3-бөлім (AD) - Әуеайлақтар


AD 1.- Әуеайлақтарға/тікұшақ айлақтарына кіріспе


AD 1.1 Әуеайлақтарды/тікұшақ айлақтарын беру

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

AD 1.2 Авариялық-құтқару және өртке қарсы қызмет және қар жауған кездегі жоспар

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

AD 1.3 Әуеайлақтардың/тікұшақ айлақтарының индексі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

AD 1.4 Әуеайлақтарды/тікұшақ айлақтарын топтастыру

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

AD 1.5 Әуеайлақтардың сертификатталу жай-күйі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

AD 2. - Әуеайлақтар (халықаралық және ұлттық)


AD 2.1 Әуеайлақтың орналасқан жерінің индексі және атауы

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.2 Әуеайлақ бойынша географиялық және әкімшілік деректер

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.3 Жұмыс сағаттары

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.4 Қызмет көрсету қызметтері мен құралдары

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.5 Жолаушыларға қызмет көрсету құралдары

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.6 Авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметтер

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.7 Жабдықтарды маусымдық қолдану: ылғалды кетіру

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.8 Перрон, РЖ және тексеру орындары/пункттері жөнінде деректер

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.9 Жер бетінде қозғалуды басқаруды және бақылау жүйесі, таңбаланған тиісті белгілер

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.10 Әуеайлақтағы кедергілер

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

AD 2.11 Ұсынылатын метеорологиялық ақпарат

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

AD 2.12 ҰҚЖ-ның физикалық сипаттамасы

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.13 Жарияланған ара қашықтықтар

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.14 Жақындау оттары мен ҰҚЖ-дағы оттар

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.15 Өзге де оттар, резервтегі электрмен қоректендіру көздері

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.16 Тікұшақтар қонатын аймақтар

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.17 ӘҚҚ әуе кеңістігі

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

AD 2.18 ӘҚҚ байланыс құралдары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

AD 2.19 Радионавигациялық құралдар мен қондыру құралдары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

AD 2.20 Жергілікті қозғалыс қағидалары

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.21 Шуылды басудың пайдаланушылық тәсілдері

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.22 Ұшу қағидалары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

AD 2.23 Қосымша ақпарат

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.24 Әуеайлаққа қатысты карталар


1) әуеайлақ/тікұшақ айлағы картасы (ИКАО)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

2) әуе кемелерін тұраққа қою/түйістіру картасы (ИКАО)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

3) әуеайлақ ішінде қозғалу картасы (ИКАО)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

4) әуеайлақтағы кедергілер картасы, А үлгісінде (ИКАО) (әр ҰҚЖ үшін)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

5) қонуға дәл кіруге арналған жергілікті жер картасы (ИКАО) (II және III санаттар бойынша қонуға дәл кіруге арналған ҰҚЖ)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

6) аудан картасы (ИКАО) (ұшып шығу бағыттары және транзиттік бағыттар)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

7) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (ИКАО), ұшып шығу бағыттарының мәтіндік сипаттамасы

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

8) аудан картасы (ИКАО) (ұшып келу бағыттары және транзиттік бағыттар)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

9) аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (ИКАО), ұшып келу бағыттарының мәтіндік сипаттамасы

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

10) ең төменгі радиолокациялық абсолюттік биіктіктер картасы (ИКАО)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

11) аспаптар бойынша қонуға кіру картасы (ИКАО) (әр ҰҚЖ және әр сызба үшін)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

12) көзбен шолып қонуға кіру картасы (ИКАО)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

13) масштабы 1:500 000 аэронавигациялық картасы (ИКАО)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

14) әуеайлақ маңайына жиналған құстар туралы деректер

Әуеайлақты пайдаланушы


3-бөлікке (AD) ескертпе - Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағында (AIP) жариялануы тиіс әуеайлақтардың тізбесі:

1.

Ақтау

(Халықаралық)

2.

Ақтөбе

(Халықаралық)

3.

Алматы

(Халықаралық)

4.

Астана

(Халықаралық)

5.

Атырау

(Халықаралық)

6.

Балқаш

(Ұлттық)

7.

Боралдай

(Ұлттық)

8.

Жезқазған

(Халықаралық)

9.

Зайсан

(Ұлттық)

10.

Көкшетау

(Халықаралық)

11.

Қарағанды

(Халықаралық)

12.

Қостанай

(Халықаралық)

13.

Қызылорда

(Халықаралық)

14.

Орал

(Халықаралық)

15.

Өскемен

(Халықаралық)

16.

Павлодар

(Халықаралық)

17.

Петропавл

(Халықаралық)

18.

Семей

(Халықаралық)

19.

Талдықорған

(Ұлттық)

20.

Тараз

(Халықаралық)

21.

Үржар

(Ұлттық)

22.

Шымкент

(Халықаралық)


      Ескерту:

      1. ӘҚҚ – әуе қозғалысына қызмет көрсету;

      2. ӘШҚ – әуе шабуылынан қорғаныс;

      3. ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

      4. РЖ – рульдеу жолы;

      5. ҰҚЖ – ұшу-қону жолағы;

      6. AD – әуеайлақтар;

      7. ADIZ – әуе шабуылынан қорғанысты тану аймағы;

      8. AIP – аэронавигациялық ақпараттар жинағы;

      9. ENR – бағыттар;

      10. GEN – жалпы ережелер;

      11. GNSS – жаһандық навигациялық спутниктік жүйе.