Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 15386 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6587 болып тіркелген; "Егемен Қазақстан" газетінің 2010 жылы 9 қараша № 461-468 (26311) жарияланған);

      2) "Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 25 қазандағы № 634 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7294 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2011 жылы 9 желтоқсанда № 182 (1998) жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 382 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi анықтамалар мен терминдер:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) бас агент - шетелдік тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдарды сатуға уәкілеттік берген, шетелдік тасымалдаушымен шарт және оның атынан сенімхат негізінде шетелдік тасымалдаушы көрсететін қызметтер үшін жолаушылар алдында жауапты Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға;

      3) шетелдiк әуемен тасымалдаушы – Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік, филиал немесе бас агенттік арқылы жұмыс iстейтiн, тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын шетелдiк авиакомпания (бұдан әрі – шетелдік тасымалдаушы);

      4) шетелдiк тасымалдаушыны аккредиттеу туралы куәлік - азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган шетелдік тасымалдаушыға беретін құжат (бұдан әрi – Куәлiк);

      5) тік эшелондаудың қысқартылған минимумы (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы – RVSM (бұдан әрі - RVSM)) – RVSM қолдана отырып, ұшуға рұқсаты бар әуе кемелерін эшелондау үшін қолданылатын тік эшелондау аралығы.

      3. Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын барлық шетелдік тасымалдаушылар аккредиттеуге жатады.

2-тарау. Шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      4. Шетелдік тасымалдаушы аккредиттеу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшi;

      2) шетелдік тасымалдаушы жарғысының куәландырылған көшірмесі;

      3) өкілдікті, филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе бас агентті мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманың куәландырылған көшірмесі;

      4) Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі, филиалы туралы ереженің немесе бас агент жарғысының куәландырылған көшірмесі;

      5) Қазақстан Республикасында шетелдiк тасымалдаушының тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың куәландырылған көшiрмелерi;

      6) шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, филиалының басшысына немесе бас агентке сенімхаттың куәландырылған көшірмесі;

      7) азаматтық әуе кемесін пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;

      8) уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасына(-нан) ұшуларды орындайтын жолаушылардың ресімделген және (немесе) брондалған билеттер туралы мәліметтерді ұсыну бойынша кепілхат;

      9) пайдаланушы куәлігінің және оған байланысты пайдалану ерекшеліктерінің куәландырылған көшірмесі;

      10) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық әуе кемелерінің тіркеу туралы куәліктерінің куәландырылған көшірмесі. Әуе кемесін экипажбен жалға алу кезінде әуе кемесінің ұшуларына басшылықты жүзеге асыратын пайдаланушыны көрсете отырып пайдаланушы мемлекеттің азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның келісуі;

      11) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық ұшақтарының ұшу жарамдылық сертификатының куәландырылған көшірмесі;

      12) шетел тасымалдаушының жолаушылар және үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесі;

      13) Қазақстан Республикасына тұрақты рейстерді орындауға шетелдік тасымалдаушыны тағайындалғанын растайтын хаттың көшірмесі.

      5. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды олар келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттарда толық емес фактілер анықталған жағдайда құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      6. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шетелдік тасымалдаушысына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Куәлік береді немесе дәлелді бас тартады.

      7. Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тарту үшін:

      1) Қағидалардың 4-тармағына сәйкес тізбе бойынша құжаттарды ұсынбау не толық ұсынбау;

      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтердің не қолданылу мерзімі өтіп кеткен мәліметтердің (құжаттардың) болуы негіз болып табылады.

      8. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шетелдік тасымалдаушыны аккредиттеуден бас тарту туралы шешімі сотта шағымдауға жатады.

      9. Шетелдік тасымалдаушы бұрын берілген Куәліктің мерзімінің аяқталуына 30 (отыз) жұмыс күнінен бұрын осы Қағидалармен белгіленген тәртіпке сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға Куәлікті алу үшін жүгінеді.

  Қазақстан Республикасында
шетелдік әуемен
тасымалдаушыларды
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Өтініш

      Сізді шетелдік әуемен тасымалдаушысының аккредиттелуін өткізуді сұраймын

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (ресми және коммерциялық атауы, ерекше болса)

      Авиакомпания туралы мәліметтер:

      1. Меншік нысаны __________________________________________

      2. Құрылған жылы_______________________________________________

      3. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (нөмірі, кім және қашан берілген)

      4. Банк деректемелері _______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

            (№ есеп/шоты, қор/шоты, микрофинансты мекеме (МФО), банктің атауы

                                    және орналасқан жері)

      5. Заңды мекен жайы және басқа да деректемелер

      ________________________________________________________________________________

                  (почталық мекен жайы, телефон, телефакс, телекс, телетайп,

                                    телеграфтық ж/е

      ________________________________________________________________________________

            телефондық шартты шақырулары, ИКАО, ИАТА, СИТА, АФТН кодтары)

      6. ________________________________________________________________________

      (кәсіпорынның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә)

                                    (болған жағдайда)

      7. Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған әуе

      кемелерінің тізбесі:

Әуе кеменің типі
(үлгісі, сериялық номірі)

Тіркеу нөмірі

RVSM бекітуі
(пайдаланушының мемлекетімен бекітуі)

EDTO
(пайдаланушының мемлекетімен бекітуі)

1







2







3







4







5







      8. Қоса берілген құжаттар ___________________________________________________

      Авиакомпания басшысы:

      ________________________                              _____________________

      (Т.А.Ә.) (болған жағдайда)                                          (қолы, күні)

      Өтініш қарау үшін 20 __ жылғы ____________ қабылданды.

      Ескерту:

      1) ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

      2) ИАТА – Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы;

      3) СИТА – Халықаралық авиациялық электр байланыс қоғамы;

      4) АФТН - авиациялық тіркелген телекоммуникациялық желісі;

      5) EDTO – арттырылған уақытпен қосымша әуеайлаққа кетумен ұшуларды жүргізу.

  Қазақстан Республикасында
шетелдік әуемен
тасымалдаушыларды
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Азаматтық авиация комитеті



Комитет гражданской авиации
Министерства по инвестициям и развитию
Республики Казахстан

Шетелдік әуемен тасымалдаушыны аккредиттеу туралы КУӘЛІК/ СВИДЕТЕЛЬСТВО об аккредитации иностранного воздушного перевозчика

                                    № __________

      1.________________________________________________________________________

      авиакомпанияның атауы/наименование авиакомпании

      _______________________________________________________________________________

      2. _______________________________________________________________________

      заңды мекен жайы/юридический адрес

      3._______________________________________________________________________

      шетелдік тасымалдаушының орналасқан елі/страна местонахождения иностранного

      перевозчика

      4. Куәлік 20 __ жылғы "___" __________ берілді

      Свидетельство выдано "___" _____________ 20__

      5. Куәліктің қолданылу мерзімі 2 жылға дейін

      Срок действия свидетельства 2 года

      __________________________________________________

      МО азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның жауапты тұлғасы, қолы,

      Т.А.Ә (болған жағдайда)/МП ответственное лицо уполномоченного органа в сфере

      гражданской авиации, подпись, Ф.И.О. (при наличии)