Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6587 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 9 қарашада № 461-468 (26311) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Тәртiпте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi;
2) бас агент - шетелдік тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдарды сатуға уәкілеттік берген, шетелдік тасымалдаушымен шарт және оның атынан сенімхат негізінде шетелдік тасымалдаушы көрсететін қызметтер үшін жолаушылар алдында жауапты Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға;
3) шетелдiк тасымалдаушы – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн, тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын шетелдiк авиакомпания;
4) шетелдiк тасымалдаушыны тiркеу – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның шетелдiк авиакомпаниялардың құқықтылықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми тануы;
5) шетелдiк тасымалдаушыны тiркеу туралы куәлiк - азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган шетельдік тасымалдаушыға беретiн құжат (бұдан әрi – Куәлiк)";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық авиация саласында өзінің қызметін өкілдіктер, филиалдар немесе бас агенттік арқылы жүзеге асыратын барлық шетелдік тасымалдаушылар тіркеуге жатады";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Өтiнiш берушi Куәлiктi алу үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) өтiнiш берушiнiң осы Тәртiпке 1-қосымша нысанына сәйкес Куәлiктi алуға жазбаша өтiнiшi;
2) заңды тұлға жарғысының, өкілдікті, филиалды есептік тіркеу туралы куәліктің немесе бас агентті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі, филиалы туралы ереженің немесе бас агент жарғысының көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасында шетелдiк тасымалдаушының тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың көшiрмелерi;
5) шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, филиалының басшысына немесе бас агентке сенімхаттың көшірмесі";
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"уәкілетті органның осы Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес Шетелдік тасымалдаушыны тіркеу туралы куәлікті немесе шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру.";
Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібіне 1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.Ж. Смағұлов) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | А.Бектұров |
Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 634 бұйрығына қосымша |
|
Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібіне 1-қосымша |
Нысан
Өтініш
Сізден_____________________________________________________________________________________________________________________________ туралы
(авиакомпанияның атауы)
куәлік беруіңізді сұраймыз.
Авиакомпания туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Құрылған жылы
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
(нөмірі, кім және қашан берілген)
4. Банк реквизиттері_________________________________________________
_____________________________________________________________________
(№ есеп/шоты, қор/шоты, банктің атауы және орналасқан жері)
5. Заңды мекен-жайы және басқа реквизиттері__________________________
_____________________________________________________________________
(почталық мекен-жайы, телефон, телефакс, телекс, телетайп,
телеграфтық ж/е
_____________________________________________________________________
телефондық шартты шақырулары, ИКАО, ИАТА, СИТА, АФТН кодтары)
6.___________________________________________________________________
(кәсіпорынның бірінші басшысының Т.А.Ә)
7. Қоса берілген құжаттар____________________________________________
_____________________________________________________________________
Авиакомпания басшысы:
_________________________ _____________________
(Т.А.Ә) (қолы, күні)
Өтініш қарау үшін қабылданды 20 __ жылғы ____________