Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 15386 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 11.06.2026 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6587 болып тіркелген; "Егемен Қазақстан" газетінің 2010 жылы 9 қараша № 461-468 (26311) жарияланған);

      2) "Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 25 қазандағы № 634 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7294 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2011 жылы 9 желтоқсанда № 182 (1998) жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 382 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу және Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 11.06.2026 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      2) авиажолаушылар туралы деректерді жинауға және өңдеуге арналған цифрлық жүйе - Қазақстан Республикасының аумағына келетін (оның аумағынан кететін) немесе Қазақстан Республикасының аумағында ауысып отырып транзитпен жүретін авиажолаушылар туралы ақпаратты қамтитын Қазақстан Республикасының бірыңғай цифрлық жүйесі;

      3) бас агент - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдарды сатуға шетелдік тасымалдаушы уәкілеттік берген, шетелдік тасымалдаушымен жасалған шарт және оның атынан сенімхат негізінде шетелдік тасымалдаушы көрсететін қызметтер үшін жолаушылар алдында жауапты заңды тұлға;

      4) тік эшелондаудың қысқартылған минимумы (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура RVSM (бұдан әрі-RVSM)) - RVSM қолдана отырып ұшуға рұқсаты бар әуе кемелерін эшелондау үшін қолданылатын тік эшелондау аралығы;

      5) шетелдік әуемен тасымалдаушы - Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік, филиал немесе бас агент арқылы істейтін, тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын шетелдік авиакомпания (бұдан әрі – шетелдік тасымалдаушы);

      6) "Е-Freight" цифрлық жүйесі – багажды, почта жөнелтілімдерін және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған жүк авиатасымалдары саласындағы қағазсыз құжат айналымының бірыңғай цифрлық жүйесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 28.07.2026 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-1. Авиажолаушылар туралы деректерді жинауға және өңдеуге арналған цифрлық жүйесін, сондай-ақ "Е-Freight" цифрлық жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану кезінде "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптар ескеріледі.

      Ескерту. Қағидалар 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Көлік министрінің 13.07.2026 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын барлық шетелдік тасымалдаушылар аккредиттеуге жатады.

      4. "Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 04.12.2024 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қазақстан Республикасында шетелдiк әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      5. Заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) "электронды үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтінім және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) 9-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 04.12.2024 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Құжаттарды қарастыру мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну мерзімі олар келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнді құрайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 28.07.2026 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттардың қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тоқтатыла тұрған кезеңге сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы портал арқылы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші, 28 (жиырма сегіз) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің дұрыстығын Заң талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының және ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің сенімділігін айқындау кезінде көрсетілетін қызметті беруші:

      шетелдік әуе тасымалдаушысын тіркеу мемлекеті тарапынан коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға арналған рұқсаттар;

      тиісті шет мемлекеттен тағайындалған әуе тасымалдаушысы мәртебесінің болуын қарастырады.

      Шетелдік әуемен тасымалдаушыға қатысты тасымалдауға құқық беру шарттары Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын әуе қатынасы туралы халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      Шетелдік әуе тасымалдаушысын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасында, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасында белгіленген ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкестігін растау үшін көрсетілетін қызметті беруші бір мезгілде портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың, материалдардың, деректер мен мәліметтердің ұсынылған толық пакетін уәкілетті ұйымға жібереді.

      Уәкілетті ұйым көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы қолданыстағы заңнамасында белгіленген ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкестігін тексереді.

      Уәкілетті ұйым ұсынылған мәліметтер жеткіліксіз болған кезде немесе егер оларды растау талап етілсе, өтінім берушіге пайдаланушы сертификатын берген шет мемлекеттің авиациялық билігіне және(немесе) пайдаланушыға тексеру жүргізген тәуелсіз авиациялық аудиторлық ұйымдарға электрондық пошта арқылы сұрау салуды жібереді. Жауап беру мерзімі мұндай сұрау салуды жібергеннен кейін 30 күнтізбелік күннен аспайды.

      Келіп түскен құжаттарды, материалдарды, деректер мен мәліметтерді қарау қорытындылары бойынша уәкілетті ұйым шетелдік әуе тасымалдаушысының Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасында белгіленген ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкестігіне тексеру қорытындысын ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы ЭЦҚ көмегімен қол қойылған 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

       Көрсетілетін қызметті алушы және ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер Заң талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік рәсімделеді немесе көрсетілетін қызметті алушы мен ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер сәйкес келмеген кезде Тізбеде көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі порталға көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электронды құжат нысанында жолданады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 28.07.2026 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік көрсетілетін қызметті алушыға оның әрекет ету күнінен бастап екі жылға, немесе егер мұндай сертификаттың қолданылу мерзімі екі жылдан аз болса, пайдаланушы сертификатының қолданылу мерзіміне беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 28.07.2026 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Берілген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік басқа заңды немесе жеке тұлғаға берілмейді.

      11. Көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпаратты мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 13.07.2026 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11-1. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексеру Заңның 16-5-бабында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Үшінші санаттағы бұзушылық анықталған кезде уәкілетті ұйымның:

      1) пайдаланушыға анықталған сәйкессіздік туралы жазбаша хабарлауға және түзету іс-қимылдары қабылдануының дәлелдемелерін талап етуге;

      2) пайдаланушы мемлекетінің және қажет болған кезде әуе кемесін тіркеген және ұшу экипажы куәліктерін берген мемлекетінің құзыретті биліктеріне хабарлауға, сондай-ақ пайдаланушы қабылданған түзету іс-қимылдарын келісу туралы тиісті құзыретті биліктерден растау сұратуға;

      3) әуе кемесін пайдалануға шектеу қоюды белгілеуге не анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шұғыл түзету іс-қимылдарын қабылдауды талап етуге не Қазақстан Республикасының аумағында әуе кемесін пайдалануға дереу тыйым салуды енгізуге не Заңның 16-5-бабы 7-тармағының шарттарына сәйкес әуе кемесін жерде кідіртуге құқығы бар.

      Ескерту. Қағидалар 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Көлік министрінің м.а. 28.07.2026 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11-2. Шетелдік тасымалдаушы осы Қағидалардың 11-1-тармағына сәйкес түзету іс-әрекеттерін келісілген мерзімде қабылдамаған жағдайда уәкілетті ұйым бұл туралы көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті беруші өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын куәлігі уақытша тоқтатылған тұлғаға хабарлама тапсырылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады және бұзушылық жойылған жағдайда оның қолданылуын қайта бастайды.

      Ескерту. Қағидалар 11-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Көлік министрінің м.а. 28.07.2026 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11-3. Уәкілетті ұйым қажет болған жағдайда тиісті шет мемлекеттің авиациялық билігіне шетелдік тасымалдаушы сақтайтын ұшу қауіпсіздігі талаптарына қатысты консультациялар туралы сұрау салады. Мұндай консультациялар осындай сұрау салумен жүгінгеннен кейін 30 күн ішінде жүргізіледі. Егер осындай консультациялардың нәтижесінде уәкілетті ұйым тиісті авиациялық биліктер Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес осы уақытта қолданылып жүрген ИКАО стандарттарына сәйкес келетін ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың сақталуын тиімді сақтауды және тиімді бақылауды және қадағалауды қамтамасыз етпейтінін тапса, шет мемлекеттің авиациялық билік орындарына осындай тұжырымдар туралы уәкілетті ұйым хабардар етеді. Осыдан кейін шет мемлекеттің авиациялық билігі келісілген уақыт аралығында тиісті түзету шараларын қолданады. Тиісті түзету әрекеттері қабылданбаған жағдайда уәкілетті ұйым бұл туралы көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді.

      Ескерту. Қағидалар 11-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Көлік министрінің м.а. 28.07.2026 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11-4. Көрсетілетін қызметті беруші Шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлікті қайтарып алады:

      1) егер Шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік ұсынылған құжаттарды немесе олардағы жазбаларды бұрмалау арқылы алынған болса;

      2) сот шешімі бойынша;

      3) егер шетелдік тасымалдаушы осы Қағидалардың 11-2-тармағына сәйкес куәлікті тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін түзету әрекеттерін қабылдамаған болса;

      4) егер шетелдік тасымалдаушыға пайдаланушы сертификатын берген шет мемлекеттің тиісті авиациялық өкіметі келісілген мерзімде осы Қағидалардың 11-3-тармағына сәйкес түзету іс-әрекеттерін қабылдамаған болса.

      Ескерту. Қағидалар 11-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Көлік министрінің м.а. 28.07.2026 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11-5. Көрсетілетін қызметті беруші шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Шетелдік тасымалдаушыны аккредиттеу туралы куәлікті қайтарып алу туралы жазбаша нысанда хабардар етеді. Кері қайтарып алғаннан кейін шетелдік тасымалдаушы аккредиттеу жүргізуге қайта өтініш бере алады.

      Ескерту. Қағидалар 11-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Көлік министрінің м.а. 28.07.2026 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Егер Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасында
  шетелдік әуемен
  тасымалдаушыларды
  аккредиттеу қағидаларына
  1-қосымша

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 28.07.2026 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Сізден ____________________________________________________________________________________(авиакомпания)

      шетелдік әуе тасымалдаушысын Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауға аккредиттеуді сұраймын

Барлық өтініш берушілер толтырады

1. Ресми атауы және коммерциялық атауы, егер басқаша болса. Компанияның заңды мекен-жайы, пошталық мекен-жайы, телефон, телекс, телетайп, телеграф және телефон шартты шақыру қағаздары факс және электрондық пошта мекен-жайы.

2. Телефонды, факсты және электрондық пошта мекенжайын қоса алғанда, негізгі қызмет орнының мекенжайы.

3. Авиакомпанияның меншік нысаны, құрылған жылы, заңды тұлғаны тіркеу туралы мәліметтер (нөмірі, кіммен және қашан берілді)

4. Банктік деректемелер (есеп айырысу шоты №, корреспонденттік шот, банктің атауы және орналасқан жері)

5. Ұсынылатын ұшу басталу күні: (күні, айы, жылы кк/аа/жж форматында):

6. Әуе кемесін пайдаланушының ИКАО үш әріптік коды, ИАТА, СИТА, АФТН кодтары

7. Пайдалану қызметінің басшылығы

Тегі:

Лауазымы:

Телефон, факс және электрондық поштасы:

8. Заңды тұлғаның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

9. Пайдаланушы мемлекеттің азаматтық авиация билігі лауазымды адамының аты, тегі және байланыс ақпараты.

Сұралған аккредиттеу түрі. Барлық өтініш берушілер толтырады, тиісті бағанға белгі қояды

10. a) ☐ Пайдаланушы Қазақстан Республикасының әуеайлақтарына және әуеайлақтарынан коммерциялық ұшуларды орындауға ниетті
b) ☐ Пайдаланушы Қазақстан Республикасында
техникалық аялдамалары бар ұшуларды ғана орындауға ниетті

 
11. Пайдаланушының болжамды ұшу түрлері: (тиісті бағанға белгі қою)
☐ Жолаушылар
☐ Жүк
☐ Тұрақты тасымалдау
☐ Чар чартерлік тасымалдау
☐ Қауіпті жүктерді тасымалдау

12. Болжалды рейстердің географиялық аймақтары және ұсынылған маршрут құрылымы:

Пайдаланушы толтырады

13. Бортта орналасқан жерін көрсету немесе пайдаланушы сертификатына сәйкес пайдаланылатын әуе кемелері паркінің жекелеген әуе кемелерінің ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген қосымша құжаттаманы ұсыну:

14.Келесі ақпаратты ұсыну:

ӘК түрі (Өндіруші, модель және серия немесе негізгі серия)

Қауіпті жүктер

Әлсіз көріну жағдайында ұшу өндірісі

RVSM бекіту* (пайдаланушы мемлекетінің бекітуі)

EDTO*

Шу бойынша сертификаттау* * (тіркеу мемлекетінің бекітуі) (ИКАО-ның 16-қосымшасының тарауын көрсету

PBN негізіндегі ұшу өндірісі

Басқа ақпарат* * * (бұл бөлімге басқа рұқсаттар туралы ақпаратты немесе бір жолды пайдаланып деректерді енгізуге болады

Ескертулер

Қону және қону Ұшу

Пайдалану рұқсаты(тары

RVSM бекіту* (пайдаланушы мемлекетінің бекітуі)

[ӘК түрі1]
[ӘК түрі 2]
[ӘК түрі 3]
[ӘК түрі 4]

☐
☐
☐
☐

☐
☐
☐
☐

☐
☐
☐
☐

☐
☐
☐
☐

☐
☐
☐
☐

☐
☐
☐
☐


☐
☐
☐
☐

☐
☐
☐
☐


15. Басқа қосымша ақпарат

Қолы:

Күні (күні, айы, жылы кк/аа/жж форматында):

Тегі және лауазымы:

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ескерту:

      * Пайдаланушының мемлекетінің бекітуі.

      ** Мемлекеттің тіркеуді бекітуі.

      *** Бұл бөлімге бір рұқсатқа бір жолды (немесе бір көп жолды блокты) қолдана отырып, басқа рұқсаттар туралы ақпаратты немесе деректерді енгізуге болады (мысалы, арнайы қонуға рұқсат, MNPS, бекітілген навигациялық сипаттама)

      Кестедегі қысқартулар:

      1) ИКАО - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

      2) ӘК-әуе кемесі;

      3) RVSM-тік эшелондаудың қысқартылған минимумы;

      4) EDT-ауытқу уақыты ұзартылған ұшулар;

      5) PBN-сипаттамаларға негізделген навигация;

      6) ИАТА - Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы;

      7) СИТА - Халықаралық авиациялық телекоммуникациялар қоғамы;

      8) АФТН - аэронавигациялық телекоммуникацияның стационарлық желісі.

  Қазақстан Республикасында
  шетелдік әуемен
  тасымалдаушыларды
  аккредиттеу қағидаларына
  2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметті көрсету үшін негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 28.07.2026 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса): жоқ

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

2.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады

3.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

30 (отыз) жұмыс күн

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электронды (ішінара цифрландырылған)

5.

Мемлекеттік қызметтер және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызметті көрсету нысаны: электронды

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) портал - құжаттарды қабылдау жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау мен оның нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 12:00-ден 13:30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:00-ден 17:30-ге дейін.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылады:
1) өтініш:
2) шетелдік тасымалдаушы жарғысының электронды көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі немесе филиалы туралы ереженің немесе бас агент жарғысының электронды көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасында тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың электронды көшiрмелерi;
5) шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, немесе филиалының басшысына немесе бас агентке сенімхаттың электронды көшірмесі;
6) азаматтық әуе кемесін пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электронды көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 527 бұйрығымен бекітілген Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12993 болып тіркелген) сәйкес, авиажолаушылар туралы берілгендерді өңдеу үшін ақпараттық жүйеге ақпаратты беруге дайындығын растайтын, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 1118 бұйрығымен бекітілген Әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12545 болып тіркелген) сәйкес, "E-Freight" цифрлық жүйесіне әуе кемелер туралы ақпаратты беру туралы, қызметті алушының кепіл хатының электронды көшірмесі;
8) пайдаланушы сертификатының және онымен байланысты пайдалану ерекшеліктерінің электрондық көшірмесі;
9) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық әуе кемелерінің тіркеу туралы куәліктерінің электронды көшірмесі. Әуе кемесін экипажбен жалға алу кезінде әуе кемесінің ұшуларына басшылықты жүзеге асыратын пайдаланушыны көрсете отырып, пайдаланушы мемлекеттің азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның келісуі;
10) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық ұшақтарының ұшу жарамдылық сертификатының электронды көшірмесі;
11) шетел тасымалдаушының жолаушылар және үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауаптылығының сақтандыру полисінің электронды көшірмесі;
12) Қазақстан Республикасына тұрақты рейстерді орындауға шетелдік тасымалдаушыны тағайындалғанын растайтын хаттың электронды көшірмесі.
13) пайдаланушы ұшуларын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі және осы сәйкестікті тұрақты түрде еркін нысанда ұстап тұру жөніндегі жазбаша міндеттеме;
14) әуе кемесін экипажбен жалға алу кезінде әуе кемесінің (кемелерінің) ұшуларына басшылықты (жедел бақылауды) жүзеге асыратын пайдаланушыны көрсете отырып, пайдаланушы мемлекетінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органының келісуі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін), филиалдың (өкілдіктің) есептік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

9.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
6) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтер бөлімшесінде").
Көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болуы шартында электронды нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсеткен кезде нашар көретіндерге нашар көретіндерге версия қолжетімді
Көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі бойынша ақпаратты алыс жердегі қолжетімділік режимінде порталда "жеке кабинет" арқылы көрсетілетін қызмет берушінің анықтамасы арқылы, және Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасында
  Шетелдік әуе тасымалдаушыларын
  аккредиттеу қағидаларына
  2-1-қосымша

Шетелдік әуе тасымалдаушысының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкестігін тексеру қорытындысы _______________________________________ _______ уәкілетті ұйым

      Ескерту. Қағидалар 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Көлік министрінің м.а. 28.07.2026 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________

      (шетелдік әуе тасымалдаушысының атауы)

      (бұдан әрі – өтініш беруші) __________ 20___ жылғы № _________ өтінішін, сондай-ақ _________________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

      мемлекеттік қызметті көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті беруші ұсынған құжаттар, материалдар, деректер және мәліметтерді қарап, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы қолданыстағы заңнамасында және/немесе халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасында белгіленген ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкестігін/сәйкес еместігін растайды.

      Қосымша рұқсаттар, шарттар мен шектеулер (егер бар болса):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________ (өтініш беруші сәйкес келген кезде көрсетіледі)

      Өтініш берушінің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес келмеу негіздері: ___________________________________________(өтініш беруші сәйкес келмеген жағдайда көрсетіледі)

      Басқа пікірлер:______________________________________________

      ____________________________________________

      Уәкілетті ұйымның бірінші басшысы, оны алмастыратын адам немесе олар уәкілеттік берген тұлға

  Қазақстан Республикасында
  шетелдік әуемен
  тасымалдаушыларды
  аккредиттеу қағидаларына
  3-қосымша

Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
Азаматтық авиация комитеті




Комитет гражданской авиации
Министерства транспорта
Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы КУӘЛІК / СВИДЕТЕЛЬСТВО об аккредитации иностранных перевозчиков, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан № __________

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 28.07.2026 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы КУӘЛІК / СВИДЕТЕЛЬСТВО об аккредитации иностранных перевозчиков, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан № __________

      1. _______________________________________________________________

      авиакомпанияның атауы/наименование авиакомпании

      _________________________________________________________________

      2. _______________________________________________________________

      заңды мекен-жайы/юридический адрес

      3. _______________________________________________________________

      шетелдік тасымалдаушының орналасқан елі/страна местонахождения

      иностранного перевозчика

      4. ________________________________________________________________ ________________________ *қосымша рұқсаттар, шарттар мен шектеулер (егер бар болса)/дополнительные разрешения, условия и ограничения (если применимо)

      5. Куәлік 20 __ жылғы "___" __________ берілді

      Свидетельство выдано "___" _____________ 20__

      6. Куәлік _______________ дейін жарамды

      Срок действия свидетельства:______________

      _________________________________________________________________ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның жауапты тұлғасы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/ ответственное лицо уполномоченного органа в сфере гражданской авиации, фамилия, имя, отчество (при наличии)

      *Ескерту/Примечание:

      Қосымша рұқсаттар, шарттар мен шектеулер пайдаланушының сертификатында және онымен байланысты пайдалану спецификацияларында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасында осындай ұшуларды орындау үшін қажетті болып саналатын элементтер бойынша белгіленеді. Қосымша рұқсаттар пайдаланушы сертификатының пайдалану спецификацияларында пайдаланушының мемлекеті рұқсат етпеген ұшуларға санкция бермеуі немесе оларға қайшы келмеуі және осы пайдалану спецификацияларындағы рұқсаттарды қайталамауы тиіс, бірақ айрықша жағдайларда берілуі тиіс/ Дополнительные разрешения, условия и ограничения устанавливаются по тем элементам, которые не указаны в сертификате эксплуатанта и связанных с ним эксплуатационных спецификациях, но считаются необходимыми для выполнения аналогичных полетов в Республике Казахстан. Дополнительные разрешения не должны санкционировать полеты, не разрешенные государством эксплуатанта в эксплуатационных спецификациях сертификата эксплуатанта, и не должны дублировать разрешения в этих эксплуатационных спецификациях или противоречить им, но должны выдаваться в исключительных случаях.