Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 шілдеде № 15344 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамасын белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк түрде тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолымен куәландырылған осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электронды түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2017 жылғы 29 маусымдағы
№ 194 бұйрығына
қосымша

Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды (бұдан әрі - кадрлар) даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізу тәртібін айқындайды, сондай-ақ, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілікті арттыру – дене шынықтыру және спорт саласында бұрын алған кәсіби білімдерін, шеберліктерін және дағдыларын жаңартуға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;

      2) даярлау – дене шынықтыру және спорт саласында жұмыстардың белгілі түрін орындау үшін жаңа немесе өзгертілген кәсіби білімдерді, шеберліктерді және дағдыларды үйренуге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;

      3) қайта даярлау – дене шынықтыру және спорт саласында басқа мамандықты игеруге немесе қосымша білімдерді, шеберліктерді және дағдыларды үйреніп алуға мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;

      4) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

      5) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

      6) оқыту ұйымы – кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша қызметті меншіктік нысанына қарамастан жарғыға сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) өтініш беруші – кадрларға даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан өту мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту ұйымына өтініш беріп дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;

      8) тыңдаушы – білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

      9) тыңдаушылардың қорытынды аттестациясы (бұдан әрі – аттестация) – олардың оқу бағдарламасын игеру дәрежесін айқындау мақсатында өткізілетін шара.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.09.2018 № 268 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібі

      3. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды оқыту ұйымы өткізеді.

      4. Кадрлар даярлаудан, қайта даярлауды және біліктілікті арттырудан бес жылда бір рет жұмыстан қолдарын үзіп, өтеді.

      5. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру мына курс нысандарында өтеді:

      1) қысқамерзімді (кемінде 36 сағат);

      2) ұзақмерзімді (кемінде 108 сағат).

      Курстар сабақтар түрінде өткізіледі. Бір сабақ - бір академиялық сағат (45 минут).

      6. Оқыту ұйымы күнтізбелік оқу жылына курстардың кестесін, оқу жоспарын, оқу бағдарламасын жасайды және бекітеді, оны дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлесімді жүзеге асыратын орталық атқару органымен келіседі. Келіскеннен кейін оқыту ұйымы дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға курстар кестесінің көшірмесін жолдайды және өзінің ресми сайтына орналастырады.

      7. Практикалық сабақтарды өткізу үшін оқыту ұйымы республикалық немесе өңірлік спорт федерацияларына жаттықтырушы-оқытушылардың кандидатуралары сұратылатын, оған қоса оқу бағдарламаларын қоса бере отырып, жаттықтырушы-оқытушылардың кандидатураларын ұсыну туралы сұрату жібереді.

      Теориялық сабақтарды өткізу үшін жалпы пәндер бойынша оқытушыларды іріктеуді оқыту ұйымы өздігінен жүргізеді.

      Оқыту ұйымы оқытушылармен, жаттықтырушы-оқытушылармен қызметтерді ұсынуға азаматтық-құқықтық шарт жасасады.

      8. Кадрларды оқыту оқу жоспарына және бағдарламасына сәйкес бекітілген курстар кестесі бойынша жүзеге асырылады.

      9. "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға қабылдау үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) курстарды өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 14 (он төрт) күн бұрын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан- әрі – Стандарт) көрсетілген құжаттарды қоса, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінімді береді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес Стандартында баяндалған.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      9-2. Өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берген кезде оның көшірмесіне күні мен кеңсе қызметкерінің тегі көрсетілген қабылдау туралы белгі қойылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 1-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      9-3. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі және күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтінімнің көшірмесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

      Порталда – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Ескерту. 9-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      9-4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 9-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Оқыту аяқталғаннан кейін игерілген білімдерін бақылау мақсатында тест түрінде емтихан өткізіледі.

      Тестілеудің нәтижесі сұрақтардың жалпы санынан елу пайыздан аса дұрыс жауаптар жиналған болса – оң, ал тест сұрақтарының жалпы саны елу пайыздан кем болса – теріс деп бағаланады.

      11. Тестілеудің нәтижесі оң болған жағдайда тыңдаушыларға келесі құжаттардың бірі беріледі:

      1) біліктілікті арттыру кезінде – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік;

      2) даярлау, қайта даярлау кезінде – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік.

      12. Тестілеудің теріс нәтижесін алған жағдайда тыңдаушыға осы Қағидарларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.

      Оқыту ұйымы кадрлардың даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өтуінің қорытындылары бойынша есепті қалыптастырады және оны уәкілетті органға келесі есеп беру жылының 5 қаңтарына дейінгі мерзімге жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараумен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі қарайтын органға жібереді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(оқу өткізетін ұйымның атауы)
____________________________
____________________________
(өтініш беруші: жеке тұлға үшін
- аты, жөні, тегі (ол болған
жағдайда); заңды тұлға үшін -
толық атауы)

ӨТІНІМ

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы келесі кадрлар _________________________

      (даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру)

      өту үшін жіберіледі:

Р/с

Тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)

Лауазымының толық атауы

Тақырыбы, спорт түрі

Кезеңі (курстың басталу және аяқталу күні)

Байланыс (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы)

1






2






3






      _______________________________________________            ___________________________

      (жеке тұлға үшін – аты, жөні, тегі (ол болған жағдайда),            (жеке тұлға үшін – қолы;

      мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық мекенжайы;                  заңды тұлға үшін – қолы

                                                                        және мөрі)

      заңды тұлға үшін – толық атауы, заңды мекенжайы,

      телефон нөмірі, электрондық мекенжайы)

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау мен
олардың біліктілігін арттыру
қағидаларына
1-1-қосымша

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

"Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) сағат.
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды портал арқылы тапсырған сәттен бастап – автоматты түрде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтінімнің көшірмесі немесемемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Порталда – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке және заңды тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00 – ден 18.30 – ға дейін.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/entities/mcs "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) сәйкестендіру үшін жіберуші заңды тұлға басшысының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (заңды тұлғаның басшысы құжаттарды ұсынған кезде) немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат, нотариат куәландырған сенімхаты (заңды тұлғаның уәкілетті өкілі құжаттарды ұсынған кезде);
сәйкестендіру үшін жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (жеке тұлға құжаттарды ұсынған кезде);
жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат, немесе жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат, нотариалды куәландырылған сенімхаты (жеке тұлғаның өкілі құжаттарды ұсынған кезде);
2) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға толтырылған өтінім.
Порталға:
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға электрондық құжат нысанында сұрау салу.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықталған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы курстарды өткізу басталғанға дейін 14 (он төрт) күнтізбелік күн бұрын көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.
Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильдік қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау мен
олардың біліктілігін арттыру
қағидаларына
1-2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
Көрсетілетін қызметті
алушының
____________________________
тегi аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
____________________________
не ұйымның атауы
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 1-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйым:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (атауы және заңды мекен-жайы)

      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда, атап айтқанда Сіздің қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау"мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:

      1)___________________________________________________________;

      2)___________________________________________________________;

      3)___________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Орындаушы: ________________________________________ ________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                   (қолы)

      Телефоны ____________________

      Алдым: _____________________________________________ ________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,             (қолы)

      әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___"_________"


  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

      _______________________________________

      (оқу өткізетін ұйымның атауы)

КУӘЛІК №___

      Осы куәлік _________________________________________________________ берілді,

      (Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)

      ол дене шынықтыру және спорт саласындағы біліктілікті арттыру бойынша курстан 2017 ж.

      "___" ____________ бастап "___" ________________

      __________________________________________________________ ____________ сағат

      көлемінде өтті.

      ____________________________                                          __________

      (Тегі, аты-жөні, (болған жағдайда)                  Мөр орны            (қолы)

      оқу өткізетін ұйым басшысы

      лауазымының толық атауы) 

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________

      _______________

      (берілген орны)

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

      _______________________________________

      (оқу өткізетін ұйымның атауы)

КУӘЛІК №___

      Осы куәлік _________________________________________________________ берілді,

      (Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)

      ол дене шынықтыру және спорт саласындағы біліктілікті арттыру бойынша курстан 2017 ж.

      "___" ____________ бастап "___" ________________

      __________________________________________________________ ____________ сағат

      көлемінде өтті.

      ____________________________                                          __________

      (Тегі, аты-жөні, (болған жағдайда)                  Мөр орны            (қолы)

      оқу өткізетін ұйым басшысы

      лауазымының толық атауы) 

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________

      _______________

      (берілген орны)

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына 4-қосымша
  Нысан

      _______________________________________

      (оқу өткізетін ұйымның атауы)

АНЫҚТАМА

      _________________________________________________________________________ берілді,

      (Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)

      ол дене шынықтыру және спорт саласындағы (даярлау немесе қайта даярлау немесе

      біліктілікті арттыру) курстан 20___ жылғы "___"______ бастап "___" ________ тақырыбы:

      ________________________________________________________ ____________

      сағат көлемінде өтпеді.

      ____________________________                                          __________

      (Тегі, аты-жөні, (болған жағдайда)                  Мөр орны            (қолы)

      оқу өткізетін ұйым басшысы

      лауазымының толық атауы) 

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________

      _______________

      (берілген орны)