"Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20530 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібн 6 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14765 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 92, 94 және 95-баптарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) 5.1.3-кіші бөлімінің 2.2-тармағын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.";

      12-тармақ алып тасталсын;

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету және субсидия беру тәртібі";

      17, 18, 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызметті осы Қағидаларға сәйкес қаржы агенті көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) нысанында жазылған.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағымен айқындалған.

      Қарыз алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген құжаттарды қаржы агентінің кеңсесіне жолдайды.

      18. Қаржы агентінің құрылымдық бөлімшесі (жұмыскері):

      1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Қарыз алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      2) 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушының ұсынылған құжаттарын осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді және шешім қабылдайды.

      19. Қарыз алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, қаржы агентінің құрылымдық бөлімшесі (жұмыскері) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.";

      20-тармақ алынып тасталсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қаржы агенті қабылданған оң шешім туралы хаттамадан үзінді көшірмені не Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тартуды ресімдейді және шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушыға жібереді.

      Қаржы агенті ЕДБ хаттамасынан үзінді көшірмені жіберуді қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 21-1, 21-2 және 21-3 тармақтармен толықтырылсын:

      "21-1. Қаржы агенті Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      21-2. Шағымдар қаржы агентінің басшысына немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына уәкілетті орган басшысының блогына ("уәкілетті орган басшысының блогы" парағы) беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қаржы агентінің кеңсесі арқылы немесе уәкілетті органға жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қаржы агентінің кеңсесінде, уәкілетті органда қабылданғанын растау, оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады).

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Қарыз алушының қаржы агентіне, уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қарыз алушыға почта арқылы жіберіледі немесе қаржы агентінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қарыз алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қарыз алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      21-3. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      22-тармақ алынып тасталсын;

      Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

      3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 244 бұйрығына
1-қосымша
  "Тұрғын үй құрылысы
мақсаттары үшін жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне
екінші деңгейдегі банктер
беретін кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемерін
субсидиялау" қағидаларына
1-қосымша

"Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қаржы агенті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 8 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Субсидиялау бойынша қабылданған оң шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші отырысының хаттамасынан үзінді не Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз құжаттардың түсуіне қарай көрсетіледі.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтініш-сауалнама;
2) іске асырылатын жобаның сипаттамасы (жобаның құрылысына рұқсат беру құжаттамасы, бизнес-жоспар қоса берілген еркін нысанда қалыптастырылады);
3) жобаны іске асыру үшін кредит беру (қайта қаржыландыру) мүмкіндігі туралы оң шешімі бар ЕДБ-ның хаты;
4) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы;
5) объект туралы ақпарат (таныстырулар, жарнамалық материалдар, пәтерлердің жоспары, пәтерлердің алаңы және саны), оның ішінде электрондық түрде.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) анық емес деректер (мәліметтер) ұсыну;
2) Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеу;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурстарда орналастырылған:
- көрсетілетін қызметті беруші: info@fund.kz
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган: www.kds.miid.gov.kz.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 244 бұйрығына
2 -қосымша
  Тұрғын үй құрылысы
мақсаттары үшін жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне
екінші деңгейдегі банктер
беретін кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемерін
субсидиялау қағидаларына
1-1-қосымша
  Нысаны
  Қайда: Қаржы агентіне
_____________________
_____________________
Кімнен: _____________
_____________________

Субсидия алуға арналған № ____ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА

      Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Сізден жобаны іске асыру бойынша кредитті субсидиялау туралы мәселені _____________________ қарауына төменде көрсетілгендерге сәйкес шығаруға бастамашылық етуіңізді сұраймын:

      1. Қатысушы туралы мәлімет

ЖКС атауы


Құрылтайшы (-лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркеу/ қайта тіркеу күні, нөмірі


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе бас компания


Жұмыс тәжірибесі


      2. Басшылық

      Бірінші басшысы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Лауазымы


Жұмыс/үй телефоны


Туған жері және туған жылы


жеке басын куәландыратын құжаттың №


Тұрғылықты жері (нақты)


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Бас бухгалтер (бар болған жағдайда)

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Жұмыс/үй телефоны


Туған жері және туған жылы


жеке басын куәландыратын құжаттың №


Тұрғылықты жері (нақты)


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Байланыс жасаушы тұлға

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы


Жұмыс/үй телефоны


      3. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін – акциялардың 1 % және одан көп пайызына иелік ететін ортақ құрылтайшылар)

Атауы/ тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

%

Деректемелер




      4. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiге сәйкес)


Кіші сала (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiге сәйкес)


Өнімдер мен қызметтердің түрлері


Жылдық айналым


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны


Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)


Жобаны іске асыру орны (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


      5. Банк шоттары туралы ақпарат

      Банк деректемелері (барлық қызмет көрсететін банктердегі барлық ағымдағы және жинақ шоттарын көрсету):________________________________

      6. Тарихы

      ЖКС-ның жұмыс процесінде пайдаланылған барлық қарыздар, өтелген, сол сияқты қазіргі уақытта өтелмеген қарыздар да көрсетіледі.

Кредитор

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

БҚШ бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу күні

1







2







      7. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы: _______________/_______________

Р/с

Кредитордың атауы

БҚШ деректемелері ( № , күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Кредит валютасы

Кредит сомасы

Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы

Кредит мерзімінің аяқталу күні

Кредит мақсаты (қысқаша сипаттамасы)



















      8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және ЖКС-ге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

Р/с №

МК /МҚШ атауы

МДИ атауы

Қосымша ақпарат





      9. Кепілдіктер мен келісімдер

      ЖКС қаржы агентіне мыналарды мәлімдейді және мынадай кепілдіктер береді:

      1. Осы өтінішпен бірге не қаржы агентінің сұрау салуы бойынша қаржы агентіне тапсырылған (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама анық болып табылады және төменде көрсетілген күндегі шындыққа толығымен сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгертілген жағдайда, қаржы агентін дереу хабардар етіледі.

      2. Осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат қаржы агентінің алғашқы талап етуі бойынша беріледі және ашылады.

      3. ЖКС-дан Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жалған, толық емес және (немесе) жалған мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      4. ЖКС-ның жарғылық құзыреті берілген өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретіндігін ЖКС растайды.

      5. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, аталған деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде осы өтініш кері қайтарылуы мүмкін екеніне келісемін.

      ЖКС қаржы агентіне төмендегілер бойынша өз келісімін береді:

      1. Қаржы агенті осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мемлекеттік органдарға (қаржы агентіне) ұсынады.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенті талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылады.

      3. Қаржы агенті ЖКС хабарлаған өзі туралы кез келген ақпаратты тексеру мүмкіндігін өзіне қалдырады, ал ЖКС ұсынған құжаттар мен өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмесе де, қаржы агентінде сақталатын болады.

      4. Қаржы агентінің осы өтінішті қарау үшін қабылдауы, сондай-ақ ЖКС-ның ықтимал шығыстары (субсидиялауды алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу шығыстары және басқа да шығыстар) қаржы агентінің субсидиялауды беру немесе ЖКС көтерген шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейін қаржы агентіне наразылық білдірмеймін.

      10. Қосымшалар

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _________________________

      (қолы)

      Күні

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЖКС

Жеке кәсіпкерлік субъектісі

МДИ

Мемлекеттік даму институттары

МБ

Мемлекеттік бағдарлама

МҚШ

Мемлекеттік қолдау шаралары

БҚШ

банктік қарыз шарты

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 244 бұйрығына
3-қосымша

Күші жойылған бұйрықтардың тізбесі

      1. "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 859 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16265 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 859 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 550 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19166 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 752 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19463 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).