Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 шілдеде № 15344 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамасын белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк түрде тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолымен куәландырылған осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электронды түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2017 жылғы 29 маусымдағы
№ 194 бұйрығына
қосымша

Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды (бұдан әрі - кадрлар) даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізу тәртібін айқындайды, сондай-ақ, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілікті арттыру – дене шынықтыру және спорт саласында бұрын алған кәсіби білімдерін, шеберліктерін және дағдыларын жаңартуға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;

      2) даярлау – дене шынықтыру және спорт саласында жұмыстардың белгілі түрін орындау үшін жаңа немесе өзгертілген кәсіби білімдерді, шеберліктерді және дағдыларды үйренуге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;

      3) қайта даярлау – дене шынықтыру және спорт саласында басқа мамандықты игеруге немесе қосымша білімдерді, шеберліктерді және дағдыларды үйреніп алуға мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;

      4) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

      5) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

      6) оқыту ұйымы – кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша қызметті меншіктік нысанына қарамастан жарғыға сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) өтініш беруші – кадрларға даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан өту мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту ұйымына өтініш беріп дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;

      8) тыңдаушы – білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

      9) тыңдаушылардың қорытынды аттестациясы (бұдан әрі – аттестация) – олардың оқу бағдарламасын игеру дәрежесін айқындау мақсатында өткізілетін шара.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.09.2018 № 268 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібі

      3. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды оқыту ұйымы өткізеді.

      4. Кадрлар даярлаудан, қайта даярлауды және біліктілікті арттырудан бес жылда бір рет жұмыстан қолдарын үзіп, өтеді.

      5. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру мына курс нысандарында өтеді:

      1) қысқамерзімді (кемінде 36 сағат);

      2) ұзақмерзімді (кемінде 108 сағат).

      Курстар сабақтар түрінде өткізіледі. Бір сабақ - бір академиялық сағат (45 минут).

      6. Оқыту ұйымы күнтізбелік оқу жылына курстардың кестесін, оқу жоспарын, оқу бағдарламасын жасайды және бекітеді, оны дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлесімді жүзеге асыратын орталық атқару органымен келіседі. Келіскеннен кейін оқыту ұйымы дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға курстар кестесінің көшірмесін жолдайды және өзінің ресми сайтына орналастырады.

      7. Практикалық сабақтарды өткізу үшін оқыту ұйымы республикалық немесе өңірлік спорт федерацияларына жаттықтырушы-оқытушылардың кандидатуралары сұратылатын, оған қоса оқу бағдарламаларын қоса бере отырып, жаттықтырушы-оқытушылардың кандидатураларын ұсыну туралы сұрату жібереді.

      Теориялық сабақтарды өткізу үшін жалпы пәндер бойынша оқытушыларды іріктеуді оқыту ұйымы өздігінен жүргізеді.

      Оқыту ұйымы оқытушылармен, жаттықтырушы-оқытушылармен қызметтерді ұсынуға азаматтық-құқықтық шарт жасасады.

      8. Кадрларды оқыту оқу жоспарына және бағдарламасына сәйкес бекітілген курстар кестесі бойынша жүзеге асырылады.

      9. "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) курстарды өткізу басталғанға дейін күнтізбелік он төрт күн бұрын осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініммен (бұдан әрі - өтінім) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесіне жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкіл) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) сәйкестендіру үшін жіберуші заңды тұлға басшысының жеке басын куәландыратын құжат (заңды тұлға басшысы құжаттарды ұсынған кезде);

      сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты (заңды тұлғаның уәкілетті өкілі құжаттарды ұсынған кезде);

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлға құжаттарды ұсынған кезде);

      сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат, жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты (жеке тұлғаның өкілі құжаттарды ұсынған кезде);

      2) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға толтырылған өтінім.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-2. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес жүгінген кезде өтінімді қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-3. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 9-1-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 1-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.

      Өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берген кезде оның көшірмесіне күні мен кеңсе қызметкерінің тегі көрсетілген қабылдау туралы белгі қойылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қабылдау туралы өтінім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуге қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Ескерту. 9-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 9-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Оқыту аяқталғаннан кейін игерілген білімдерін бақылау мақсатында тест түрінде емтихан өткізіледі.

      Тестілеудің нәтижесі сұрақтардың жалпы санынан елу пайыздан аса дұрыс жауаптар жиналған болса – оң, ал тест сұрақтарының жалпы саны елу пайыздан кем болса – теріс деп бағаланады.

      11. Тестілеудің нәтижесі оң болған жағдайда тыңдаушыларға келесі құжаттардың бірі беріледі:

      1) біліктілікті арттыру кезінде – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік;

      2) даярлау, қайта даярлау кезінде – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік.

      12. Тестілеудің теріс нәтижесін алған жағдайда тыңдаушыға осы Қағидарларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.

      Оқыту ұйымы кадрлардың даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өтуінің қорытындылары бойынша есепті қалыптастырады және оны уәкілетті органға келесі есеп беру жылының 5 қаңтарына дейінгі мерзімге жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараумен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      14. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

      15. Шағымды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      16. Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      17. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органдарға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(оқу өткізетін ұйымның атауы)
____________________________
____________________________
(өтініш беруші: жеке тұлға үшін
- аты, жөні, тегі (ол болған
жағдайда); заңды тұлға үшін -
толық атауы)

ӨТІНІМ

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы келесі кадрлар _________________________

      (даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру)

      өту үшін жіберіледі:

Р/с

Тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)

Лауазымының толық атауы

Тақырыбы, спорт түрі

Кезеңі (курстың басталу және аяқталу күні)

Байланыс (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы)

1






2






3






      _______________________________________________            ___________________________

      (жеке тұлға үшін – аты, жөні, тегі (ол болған жағдайда),            (жеке тұлға үшін – қолы;

      мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық мекенжайы;                  заңды тұлға үшін – қолы

                                                                        және мөрі)

      заңды тұлға үшін – толық атауы, заңды мекенжайы,

      телефон нөмірі, электрондық мекенжайы)

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау мен
олардың біліктілігін арттыру
қағидаларына
1-1-қосымша

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтінімнің көшірмесі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке және заңды тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі: құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) сәйкестендіру үшін жіберуші заңды тұлға басшысының жеке басын куәландыратын құжат (заңды тұлға басшысы құжаттарды ұсынған кезде);
сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты (заңды тұлғаның уәкілетті өкілі құжаттарды ұсынған кезде);
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлға құжаттарды ұсынған кезде);
сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат, жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты (жеке тұлғаның өкілі құжаттарды ұсынған кезде);
2) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға толтырылған өтінім.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы курстарды өткізу басталғанға дейін он төрт күнтізбелік күн бұрын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/memleket/entities/sport "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы немесе Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау мен
олардың біліктілігін арттыру
қағидаларына
1-2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
Көрсетілетін қызметті
алушының
____________________________
тегi аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
____________________________
не ұйымның атауы
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 1-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (атауы және заңды мекен-жайы)

      "Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15344 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 24 шілдеде жарияланған) бектілген Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларының 9-1-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Жоқ немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттардың атауы:

      1)________________________________________________________________________;

      2)________________________________________________________________________;

      3)________________________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Орындаушы:_________________________________                  _________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                  (қолы)

      Телефоны ____________________

      Алдым:___________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      20__ жылғы "___"_________


  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

      _______________________________________

      (оқу өткізетін ұйымның атауы)

КУӘЛІК №___

      Осы куәлік _________________________________________________________ берілді,

      (Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)

      ол дене шынықтыру және спорт саласындағы біліктілікті арттыру бойынша курстан 2017 ж.

      "___" ____________ бастап "___" ________________

      __________________________________________________________ ____________ сағат

      көлемінде өтті.

      ____________________________                                          __________

      (Тегі, аты-жөні, (болған жағдайда)                  Мөр орны            (қолы)

      оқу өткізетін ұйым басшысы

      лауазымының толық атауы) 

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________

      _______________

      (берілген орны)

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

      _______________________________________

      (оқу өткізетін ұйымның атауы)

КУӘЛІК №___

      Осы куәлік _________________________________________________________ берілді,

      (Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)

      ол дене шынықтыру және спорт саласындағы біліктілікті арттыру бойынша курстан 2017 ж.

      "___" ____________ бастап "___" ________________

      __________________________________________________________ ____________ сағат

      көлемінде өтті.

      ____________________________                                          __________

      (Тегі, аты-жөні, (болған жағдайда)                  Мөр орны            (қолы)

      оқу өткізетін ұйым басшысы

      лауазымының толық атауы) 

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________

      _______________

      (берілген орны)

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына 4-қосымша
  Нысан

      _______________________________________

      (оқу өткізетін ұйымның атауы)

АНЫҚТАМА

      _________________________________________________________________________ берілді,

      (Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)

      ол дене шынықтыру және спорт саласындағы (даярлау немесе қайта даярлау немесе

      біліктілікті арттыру) курстан 20___ жылғы "___"______ бастап "___" ________ тақырыбы:

      ________________________________________________________ ____________

      сағат көлемінде өтпеді.

      ____________________________                                          __________

      (Тегі, аты-жөні, (болған жағдайда)                  Мөр орны            (қолы)

      оқу өткізетін ұйым басшысы

      лауазымының толық атауы) 

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________

      _______________

      (берілген орны)