"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 253 және Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 241 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11000 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазандағы "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
"16-1) Толық аяқталған ұңғыма құрылыс – жобалау жұмыстарын, құрылыс, бұрғылау, сынақтан өткізу (сынама алу), зерттеу, ұңғымаларды жою және консервациялау, қалдықтарды залалсыздандыру және көрсетілген жұмыстарға (қызметтерге) ілеспелі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсетудің кезеңдерін көздейтін жұмыстар мен қызметтердің жиынтығы;";
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) шарттың елеулі талаптары – бұл шарттың нысанасы, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері мен орындары, төлеу тәртібі;";
17-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Толық аяқталған құрылыс, толық аяқталған ұңғыма құрылыс және кешенді жұмыстар бір лотпен сатып алынады";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Конкурстық комиссияның хатшысы ТЖҚ-ны сатып алу бойынша ашық конкурс рәсімдерінің өткізілуін ұйымдастырады. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды дайындайды, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссия отырысының өткізілуін ұйымдастырады, жүйемен қалыптастырылған конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасына, ашық конкурсқа қатысуға рұқсат хаттамасына, ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасына, конкурстық комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларына қол қояды, ТЖҚ-ны сатып алу бойынша ашық конкурстың құжаттары мен материалдарының сақталуын қамтамасыз етеді.";
бірінші бөлігінің 20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) жұмыстарды орындау шартын орындау кезінде (әлеуетті жеткізушінің мердігерлік шартты орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда) осы Қағидаларды сақтау туралы жер қойнауын пайдаланушының әлеуетті жеткізушіге (мердігеріге) қоятын міндетті талабы;";
төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Жылдық көлемі құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып түсетін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, сондай-ақ осындай қызмет түрлерімен айналысуға лицензияның болуын талап ететін қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін сатып алу кезінде тапсырыс берушіге әлеуетті жеткізушіде сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында және (немесе) белгілі бір салада жұмыс тәжірибесінің болуын көздейтін, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсетіп жүрген ұйымдардың атынан кепілдеме хаттардың немесе оң пікірлердің сканерден өткізілген көшірмелерімен расталған, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау-беруді растайтын тиісті актілердің сканерден өткізілген көшірмелерін қоса бере отырып, біліктілік талаптарын белгілеуге жол беріледі. Бұл ретте жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласында 5 (бес) жылдан асатын жұмыс тәжірибесінің болуы туралы талап белгілеуге жол берілмейді.
Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін ұсынылады.
Он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып түсетін шарт сомасына құжаттар жұмыс тәжірибесінің жылына ұсынылуға рұқсат етіледі.
Тапсырыс берушіге конкурстық құжаттамада тауарлардың өндірушісі берген әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттамада белгіленген көлемде және сапада тауарды жеткізу туралы ашық конкурс шарттарын орындау мүмкіндігі бар екенін растайтын хатты ұсыну туралы талапты белгілеуге жол беріледі.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Конкурстық құжаттамада жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тапсырыс берушіде бар жабдықты жете жинақтау, жаңғырту, жөндеу және жете жарақтандыру үшін ТЖҚ сатып алуды қоспағанда, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы үлгілерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығу орнының атауы мен өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын ТЖҚ-ның жеке әлеуетті жеткізушіге және (немесе) сатып алынатын тауар өндірушісіне тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтемелердің мазмұнын көрсетуге жол берілмейді.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен тапсырыс берушіге жүгінуге оны жүйеде орналастыру арқылы жол беріледі, бірақ ол конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмеуі тиіс. Тапсырыс беруші сұрау салу тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпестен, түсіндіруді жүйеде орналастырады.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Ашық конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші тапсырыс берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген мерзімде және нысан бойынша жүйеде электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ашық конкурс тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алуға қатысуға конкурстық өтінімді (бұдан әрі - Конкурстық өтінім) ұсынады. Конкурстық өтінім және конкурстық өтінімге құжаттама жүйеде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде орналастырылады.
Құжаттар конкурстық құжаттама тілінен басқа тілде ұсынылған жағдайларда, әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімге осындай құжаттардың нотариус куәландырған мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасының сканерден өткізілген көшірмесін қоса береді.
Әлеуетті жеткізушіге конкурстық өтінімді не конкурстық өтінімнің құрамдас бөлігі болып табылатын құжаттарды және (немесе) материалдарды конкурстық өтінімдер қабылданғанға дейін және (немесе) конкурстық құжаттамада көрсетілген ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынуға жол берілмейді.
Конкурстық баға ұсыныстарын ұсыну рәсімі басталғанға дейін сатып алынатын ТЖҚ бағасы мен тарифтері туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді тапсырыс берушінің талап етуіне, сондай-ақ әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімде көрсетуіне жол берілмейді.
Конкурстық өтінімге қоса берілетін құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелерімен бірге әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтініміне әлеуетті жеткізушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және жүйеде орналастырылады.
Құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелері құжаттамалардың түпнұсқаларымен түрлі-түсті форматта ұсынылады.
Құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелері әлеуетті жеткізушіде құжаттамалардың түпнұсқаларының қағаз нұсқасы болған жағдайда ұсынылады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйенің құралдары арқылы алынған электрондық құжаттың қағаз көшірмесінен сканерленіп алынған құжаттарды ұсынуды қоспағанда немесе әріптік, цифрлық және өзге де нышандармен сәйкестендіруге келмейтін ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсынуды қоспағанда, көшірмеден және (немесе) телнұсқадан сканерленіп алынған құжатты әлеуетті жеткізуші ұсынбаған болып есептелінеді және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін ретінде басталуы тиіс.
Техникалық ерекшелікте және осы Қағидалардың 40-тармағында көзделмеген қосымша құжаттарды әлеуетті жеткізушінің Қағидалардың 4-тармағын және аталған тармағын бұза отырып ұсынуы, конкурстық өтінімге бас тартуға негіз бола алмайды.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінде мыналар:
1) әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысы немесе өзге уәкілетті адамы қол қойған және әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (болған кезде) бектілген оның қолданылу мерзімі көрсетілген ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің сканерден өткізілген көшірмесі;
2) құрылтай құжаттардың (заңды тұлғалар үшін) және жеке басын куәландыру құжаттардың (жеке тұлғалар үшін) сканерден өткізілген көшірмелері қамтылады.
Жеке адам жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың сканерден өткізілген көшірмесін және (немесе) жеке немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, (егер әлеуетті жеткізуші дара кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда) дара кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың сканерден өткізілген көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезиденті жеке басты куәландыратын құжаттың сканерден өткізілген көшірмесін ұсынады.
Заңды тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
жарғының сканерден өткізілген көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің сканерден өткізілген көшірмені;
бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН) көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың сканерден өткізілген көшірмені;
жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан алынған үзіндінің сканерден өткізілген көшірмесі;
конкурстық өтінімдерді ашу күнінің алдында бір айдан бұрын емес берілген акцияларды ұстаушылар тізілімінен алынған үзіндінің сканерден өткізілген көшірмесі (акционерлік қоғамдар үшін);
егер осындай талаптар конкурстық құжаттамада көзделген болса жарғы құрылтайшылар немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметттерді не жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ашуға дейін әлеуетті жеткізушінің жарғылық капиталында қатысушы акционерлер туралы, әлеуетті жеткізушінің құрылтайшыларына қатысушылар және басқа адамдар туралы мәліметтерді;
3) құжаттардың (лицензия, патент, куәлік) сканерден өткізілген көшірмелері және (немесе) сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған әлеуетті жеткізушінің құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері немесе әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге құқығын растайтын құжаттардың болу қажеттілігінің жоқтығы туралы хаттың сканерден өткізілген көшірмесі;
4) егер ТЖҚ сатып алу нысанасы стандарттың немесе міндетті түрде сертификаттауға жататын болса, адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келуі сертификаттардың немесе сертификаттардың берілуі туралы кепілдеме хаттың сканерден өткізілген көшірмесі;
5) төлем қабілеттілігін растайтын мынадай құжаттар:
"Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 ақпанда № 6793 тіркелді) сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы әлеуетті жеткізушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі (болған кезде) қойылған анықтаманың сканерден өткізілген көшірмесі (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кейін берілуге тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы, мұндай әлеуетті жеткізушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін ретінде танылуы үшін негіздеме болып табылмайды;
үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кейін берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы тиісті салық органы анықтамасының сканерден өткізілген көшірмесі;
ҚҚС бойынша төлеушіні есепке қою туралы құжаттың сканерден өткізілген көшірмесі (егер әлеуетті жеткізуші ҚҚС төлеушісі болып табылса) немесе конкурстық өтінімді ұсыну күніне әлеуетті жеткізуші ҚҚС төлеушісі болмағанын растайтын кепіл хаттың сканерден өткізілген көшірмесі;
6) ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану және өзге де сипаттамалары қамтылған техникалық ерекшелік, сондай-ақ ТЖҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған жағдайда).
Тауарды сатып алған жағдайда, техникалық ерекшелікте тауардың шығарылған елі, өндіруші зауыт, модельдің атауы және техникалық сипаттамалары көрсетіледі.
Егер әлеуетті жеткізуші әртүрлі өндірушілер өндірген тауарды жеткізуге ұсынған жағдайда, техникалық ерекшелікте жеткізуге ұсынылып отырған тауардың шығарылған елі, өндіруші зауыт, модельдің атауы және техникалық сипаттамалары туралы ақпарат әрбір тауар бойынша бөлек көрсетіледі.
Әлеуетті жеткізуші сондай-ақ жеткізілетін тауардың өзге де сипаттамаларын көрсетуге құқылы;
7) ұсынылатын пайыздарда көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) жұмыстардағы (көрсетілген қызметтердегі);
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде сатып алуды жүзеге асыру кезінде (келісімшарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) пайыздарда көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) тауарлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;
8) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындауға арналған шартты орындау кезінде мердігердің осы Қағидаларды сақтау туралы міндеттемесі (мердігерлік жұмыстарды сатып алған жағдайда);
9) әлеуетті жеткізуші мердігерлерінің осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар немесе әлеуетті жеткізушінің мердігерлерді тарту ниетінің жоқ екендігін растайтын кепілхатының сканерден өткізілген көшірмесі (мердігерлік жұмыстарды сатып алған жағдайда);
10) әлеуетті жеткізушінің осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген өткізілетін ашық конкурсқа қатысуға тыйым салатын негіздемелердің жоқтығы туралы кепіл хаттар;
11) әлеуетті жеткізушіде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аккредиттелген ұйым сертификаттаған мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің (сертификатталған жүйелердің) болуын растайтын құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелері (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған жағдайда);
12) әлеуетті жеткізушіде сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында және (немесе) белгілі бір салада жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар: осындай қызмет түрлерімен айналысуға лицензиялардың болуын талап ететін қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін сатып алу кезінде, сондай-ақ орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау-беруді растайтын тиісті актілердің сканерден өткізілген көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті жеткізуші тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен кем емес шарт сомасына әлеуетті жеткізуші жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен ұйымдардан ұсыныс хаттардың немесе оң пікірлердің сканерден өткізілген көшірмелері (конкурстық құжаттамадағы тиісті талап болған жағдайда);
13) әлеуетті жеткізушінің шарт жобасының елеулі талаптарымен келіскендігін растайтын кепілхаты;
14) сатып алынатын тауарларды өндіруші тапсырыс берушіге берген, әлеуетті жеткізушінің тауарларды конкурстық құжаттамада белгіленген көлемде және сапада (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде) жеткізу бойынша ашық конкурс талаптарын орындау мүмкіндігі бар екендігін растайтын хаттың сканерленген көшірмесі;
15) конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттар (егер конкурстық құжаттамада конкурстық өтінімді қамтамасыз ету көзделсе).";
42-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) егер әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі болып табылған жағдайда, әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысы немесе өзге уәкілетті адамы қол қойған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің санын қамтитын және әлеуетті жеткізушінің мөрімен (болған кезде) бектілген сканерленген құжат көшірмесі.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуетті жеткізуші ашық конкурс тәсілімен сатып алудың бірнеше лотына қатысқан жағдайда, осы Қағидалардың 40-тармағының 1), 3), 4), 6), 7), 9), 12), 13), 14), 15) тармақшаларында көзделген құжаттар ашық конкурс тәсілімен сатып алудың әрбір лоты үшін жеке ұсынылады.";
56-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткен, жағдайлар туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады;";
56-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Тапсырыс берушінің ашық конкурс тәсілімен сатып алулардың нысаны болып табылатын ТЖҚ-ді сатып алудан бас тартуына байланысты ТЖҚ бойынша жекелеген лоттарды алып тастау;";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарайды және егер конкурстық құжаттамада өзгеше ұзақ мерзім көзделмесе, әлеуетті жеткізушілерді әрбір лот бойынша жеке конкурстық өтінімдерді ашқан күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.";
64-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) конкурстық өтінімдерді қарауды жеңілдету үшін конкурстық комиссияның жүйеде орналастыру арқылы ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінен олардың мазмұнын өзгертпестен, бірақ конкурстық өтінімдерді қараудың соңғы мерзімі өткенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, олардың конкурстық өтінімдеріне байланысты түсіндірмеге сұрау салуға жол беріледі. Әлеуетті жеткізуші сұрау салуды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күн ішінде оған жауап береді және түсіндірмені жүйеде орналастырады;";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Конкурстық комиссия мынадай негіздер бойынша конкурстық өтінімді қабылдамайды және әлеуетті жеткізушіні ашық конкурсқа қатысуға жібермейдіі:
1) осы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаса;
2) конкурстық өтінім осы Қағидалардың және конкурстық құжаттаманың талаптарын бұза отырып ресімделген (сканерден өткізілген) құжаттарды қамтыса;
3) конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімнен аз болса;
4) конкурстық өтінім және (немесе) қоса берілген құжаттама әріптік, цифрлық және өзге де нышандармен сәйкестендіруге келмейтін ақпаратты қамтыса, сондай-ақ файлды ашу қатесімен ұсынылса;
5) конкурстық өтінімде және (немесе) қоса беріллген құжаттамада конкурстық өтінім бағасын қалыптастыру үшін сатып алынатын ТЖҚ және (немесе) тарифтердің құны көрсетілсе;
6) конкурстық өтінім және (немесе) қоса берілген құжаттама конкурстық құжаттама тілінен өзгеше тілде ұсынылса;
7) конкурстық өтінімді және (немесе) нотариуспен куәландырылған конкурстық құжаттама тіліне аудармасыз конкурстық құжаттама тіліне ұқсамайтын оған қоса берілетін құжаттама тілінде ұсыну;
8) банк немесе банк филиалының қолы және мөрі бар анықтаманың сканерден өткізілген көшірмесінде әлеуетті жеткізушінің аталған анықтаманың берілген күнінің алдындағы үш айдан артық созылып келе жатқан міндеттеме түрлерінің біреуінен болса да мерзімі өткен қарыздардың болуы;
9) тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам бір теңге немесе одан көп мөлшерінде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы мәліметтердің болуы (Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамасына сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда);
10) әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы;
11) осы шарт негізінде аталған база иелерінің үшінші адамдарына қол жеткізуге рұқсат берілетін ақпараттық базаларда қамтылған мәліметтерге сәйкес әлеуетті жеткізуші, оның құрылтайшылары, акционерлер немесе құрылтайшының қатысушылары немесе әлеуетті жеткізушінің жарғылық капиталына жанама қатысатын өзге де адамдар сыбайлас жемқорлық немесе өзге де құқыққа қарсы қызметке араласса;
12) конкурстық құжаттамада көрсетілген әрбір лот бойынша пайыздармен (0-ден 100-ге дейін) тауарлардағы немесе жұмыстардағы немесе көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттеме кем болса.
Осы тармақта көзделмеген негіздемелер бойынша конкурстық өтінімдерден бас тартуға жол берілмейді.
Рұқсат беру хаттамасында конкурстық комиссиясы әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімін қабылдамауға негіз болған себептерді түсіндіре отырып, Қағидалардың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген конкурстық өтінімдерді қабылдамау негіздемесін көрсетеді.";
69-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тапсырыс беруші жүйеде қалыптастырады, оған тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және егер конкурстық құжаттамада өзгеше ұзақ мерзім көзделмесе, жүйеде тапсырыс берушінің ақпаратты қалыптастыру мен орналастыруға уәкілеттік берген адамы оны конкурстық өтінімдерді ашу күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүйеде және барлық пайдаланушыларға, оның ішінде тізілімде тіркелмеген пайдаланушыларға қолжетімді тізілімнің ашық бөлігінде орналастырады.";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) қызметінің негізгі мәні бойынша мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алынатын ТЖҚ-ді;";
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) өндірістік қуаттары қалдықтарды олардың түзілу көзінен барынша аз тасымалдауды қамтамасыз ететін, шаруашылық қызмет процесінде жеткізушіде түзілетін қалдықтарды қайта өңдеу, алып тастау, орналастыру, тасымалдау және кәдеге жарату жұмыстарын;";
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
"35) жылдық көлемі құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ТЖҚ-ны сатып алу кезінде қолданылады;";
мынадай мазмұндағы 36) тармақшамен толықтырылсын:
"36) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жасалған оффтейк-шарттар мен технологиялық келісімдер шеңберінде өндірілген тауарларды;";
105- тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тапсырыс берушіде бар жабдықты жете жинақтау, жаңғырту, жөндеу және жете жарақтандыру үшін ТЖҚ сатып алуды қоспағанда, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы үлгілерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығу орнының атауы мен өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жеке әлеуетті жеткізушісіне және (немесе) өндірушісіне тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамалардың мазмұнын көрсетуге жол берілмейді.";
121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"121. Баға ұсыныстарын ашу мен баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың қорытындыларын шығару хаттамасы қалыптастырылады, оған тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады, осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген мәліметтерді көрсете отырып, жүйеде және барлық пайдаланушыларға, оның ішінде тізілімде тіркелмеген пайдаланушыларға қолжетімді тізілімнің ашық бөлігінде баға ұсыныстарын ашу күнінен кешіктірілмей орналастырылады.
Жүйеде қалыптастырылған баға ұсыныстарын ашу мен баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың қорытындыларын шығару хаттамасының қағаздағы нұсқасына тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі қол қояды.
Әлеуетті жеткізушінің тиісті жазбаша сұрау салуы бойынша үш жұмыс күнінің ішінде баға ұсыныстарын ашу хаттамасының көшірмесі жіберіледі.";
157 және 158-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"157. Егер әлеуетті жеткізуші өзімен жасалған ТЖҚ сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаса, тапсырыс беруші ТЖҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
158. ТЖҚ жеткізуші ТЖҚ сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша міндеттемелерді тиісті түрде орындамаған жағдайда Тапсырыс беруші шартты орындауды қамтамасыз ету сомасынан шартта көзделген айыппұл санкцияларының сомасын ұстап қалуға құқылы.
Шартты орындауды қамтамасыз етудің қалған сомасы шартта көзделген ТЖҚ қабылдау-беру актісіне қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жеткізушіге қайтарылады.";
160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"160. Тапсырыс беруші сатып алудың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сатып алудың жеңімпазына өткізілген сатып алудың талаптарындағы сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді. Егер сатып алу бірнеше лот бойынша өткізілсе, сатып алу туралы шарттардың жобаларын тапсырыс беруші әрбір лотқа жеке жасайды.
Әлеуетті жеткізуші бірнеше лот бойынша жеңімпаз болып танылған жағдайда, жекелеген техникалық ерекшеліктер бойынша лоттарды міндетті түрде бөле отырып, бірыңғай шарт жасауға жол беріледі. Бұл ретте лоттар бойынша техникалық ерекшеліктер шартқа бір қосымшада жазылуы мүмкін.";
162-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кем емес (көмірсутегі шикізатына келісімшарттар бойынша) жеткізу мерзімі туралы талапты;
4-2) жеткізілген тауар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер), оның ішінде нақты жеткізілген тауарларға, орындалған жұмыстарға төлеу туралы шарт тауарларды қабылдау-беру, орындалған жұмыстар (объетілерді пайдалануға беру) (көмірсутегі шикізатына келісімшарттар бойынша) актісіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей төленгені туралы талапты;";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) табиғи монополия субъектілерімен не мемлекеттік монополия субъектілерімен оның қызметінің негізгі мәні бойынша жасалған шарттар бойынша;";
7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"7) қолданыстағы валюталық реттеу туралы заңнаманың талаптарына негізделген тауарды (тауарларды) мерзімінде жеткізбеу және (немесе) төлемеу, жұмысты (жұмыстарды) орындамау, қызметті (қызметтерді) көрсетпеу жағдайында, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын ТЖҚ жеткізушісімен жасасқан шарттың қолданылу мерзімін өзгерту бөлігінде;
8) сатып алынатын тауардың өндірісіне қажетті қазақстандық өндіруші шығарған тауарды жеткізу мерзімін арттыруға қатысты;";
мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) тауарларды сатып алу туралы шарт жасалынған күннен кейін ұлттық валюта (теңге) құнсызданған (қымбаттаған) жағдайда тараптардың келісімі бойынша тауарлардың сатып алу туралы шартының бағасын өзгерту бөлігінде;
10) лизингтік төлемдер мөлшерінің, сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне, шарт сомасын индекстеуге байланысты тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың сомасын өзгерту бөлігінде.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ________________ |
Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі _______________ |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 1 маусым
Ашық конкурс тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алуға қатысуға конкурстық өтінім
(ашық конкурстың атауы)
1. Әлеуетті жеткізушінің атауы;
2. Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес әлеуетті жеткізушінің орналасқан жері;
3. Әлеуетті жеткізушінің ашылған конкурстық өтінімінің мазмұны туралы ақпарат:
ЛОТ № | ӨСЖ коды | ТЖҚ-ның қысқаша сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
Конкурстық өтінімнің мазмұны туралы мәліметтер:
1) құрылтай құжаттардың (заңды тұлғалар үшін), жеке басын куәландыру құжаттардың (жеке тұлғалар үшін) сканерден өткізілген көшірмелері;
2) құжаттардың (лицензия, патент, куәлік) сканерден өткізілген көшірмелері және/немесе әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу мен өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсетуге құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері немесе әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу және өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету құқығын растайтын құжаттардың болу қажеттілігінің жоқтығы туралы хаттың сканерден өткізілген көшірмесі;
3) егер ТЖҚ сатып алу нысанасы стандарттың немесе міндетті түрде сертификаттауға жататын болса, адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келуі сертификаттардың немесе сертификаттардың берілуі туралы кепілдеме хаттың сканерден өткізілген көшірмесі;
4) төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар;
5) ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық, пайдаланушылық және өзге де сипаттамалары бар техникалық ерекшелік, сондай-ақ ТЖҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);
6) ұсынылатын тауарлардағы немесе жұмыстардағы немесе көрсетілетін қызметтердегі әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген жергілікті қамту бойынша міндеттемелер (0-ден 100-ге дейін);
7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындауға арналған шартты орындау кезінде мердігердің осы Қағидаларды сақтау туралы міндеттемелері (мердігерлік жұмыстарды сатып алған жағдайда);
8) әлеуетті жеткізуші мердігерлерінің осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар немесе әлеуетті жеткізушінің мердігерлерді тарту ниетінің жоқ екендігін растайтын кепілдемелік хатының сканерден өткізілген көшірмесі (мердігерлік жұмыстарды сатып алған жағдайда);
9) 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, өткізілетін ашық конкурсқа қатысуын шектейтін негіздемелердің жоқтығы туралы әлеуетті жеткізушінің кепілхаттары;
10) әлеуетті жеткізушіде қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген ұйыммен сертификатталған мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйенің (сертификатталған жүйенің) болуын растайтын құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелері (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);
11) әлеуетті жеткізушіде сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында және/немесе белгілі бір салада жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар: осындай қызмет түрлерімен айналысуға лицензияның болуын талап ететін қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін сатып алу кезінде, сондай-ақ орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау-беруді растайтын жүкқұжаттардың, тиісті актілердің сканерден өткізілген көшірмелерін қоса бере отырып, тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен кем емес шарт сомасына әлеуетті жеткізуші жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен ұйымдардан кепілхаттардың/оң пікірлердің сканерден өткізілген көшірмелері (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);
12) әлеуетті жеткізушінің шарт жобасының елеулі шарттарымен келісетіндігін растайтын кепілхат;
13) сатып алынатын тауарларды өндірушімен берілген, әлеуетті жеткізушінің тауарларды конкурстық құжаттамада белгіленген көлемде және санда (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде) жеткізу бойынша ашық конкурс талаптарын орындау мүмкіндігі бар екендігін растайтын хаттың сканерленген көшірмесі;
14) шартты бағаны есептеуге арналған құжаттар (болған кезде);
15) конкурстық өтінімді қамтамасыз ету (конкурстық құжаттамада тиісті талаптар болған кезде).
Конкурстық өтінімнің жарамдылық мерзімі __ күн;
4. Қолдары.
Қызметкерлердің болуы және саны туралы мәліметтер
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты | Лауазымы | Осы ашық конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласындағы еңбек өтілі | Дипломы, куәлігі және білімі туралы басқа да құжат бойынша біліктілігі немесе мамандығы | Жеке басын куәландыратын құжаттың № | Еңбек шартының № | Азаматтығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Қол қою және мөрі (болған кезде) ______________
Ұсыну күні мен уақыты
Сатып алу бойынша ашық конкурсқа қатысу үшін
(ашық конкурс атауы) әлеуетті жеткізушілер ұсынған
конкурстық өтінімдерді ашудың
№ _____ ХАТТАМАСЫ ____________________________
(Өткізу күні мен уақыты)
1. Тапсырыс берушінің атауы ________________________________________________
__________________________________________________________________________
2. Тапсырыс берушінің орналасқан орны _______________________________________
__________________________________________________________________________
3. Мына құрамдағы конкурстық комиссия:
Конкурстық комиссияның төрағасы:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
Конкурстық комиссияның мүшелері:
__________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
Конкурстық комиссияның хатшысы:
__________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
конкурстық өтінімдерін ашу рәсімін өткізді.
4. Ашық конкурстың мәні:
Лот № және атауы:
Сатып алу мәні | Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Сатып алынатын тауарлар саны немесе орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемі |
1 | 2 | 3 | 4 |
5. Олардың шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар нөмірлері: ________________________________________________.
Лот № және атауы:
____________№ ___________________ келісімшарт.
6. Конкурстық өтінімдерді мына әлеуетті жеткізушілер ұсынды:
Лот № және атауы:
Р\с № | Әлеуетті жеткізушінің атауы (жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты), орналасқан орнының мекенжайы | Конкурстық құжаттаманы алатын күні мен уақыты |
1 | 2 | 3 |
7. Конкурстық өтінімдерді мына әлеуетті жеткізушілер ұсынды
Лот № және атауы:
Р\с № | Әлеуетті жеткізушінің атауы (жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты) | Конкурстық өтінімді ұсыну күні мен уақыты |
1 | 2 | 3 |
8. Конкурстық өтінімдерді мына әлеуетті жеткізушілер қайтарып алды:
Лот № және атауы:
Р\с № | Әлеуетті жеткізушінің атауы (жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты) | Конкурстық өтінімді қайтарып алған күні мен уақыты |
1 | 2 | 3 |
9. Әлеуетті жеткізушілердің ашылған конкурстық өтінімдерінің мазмұны туралы ақпарат: ________________________________________________________________________
10. Қолдары.