Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 09.08.2021 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11021 болып тіркелген, 2015 жылы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 98 (28576) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидалар Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), оның аумақтық бөлімшелері мен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізетін жергілікті атқарушы органдарының қызметін және өзара іс-әрекетін ұйымдастыру тәртібін айқындайды, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына талаптарды белгілейді.
Қағидалар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін жобалардың экологиялық сараптамасына қолданылмайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қағидаларда келесі негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) сараптамалық органдар - уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылық бөлімшелері;
2) сыртқы сарапшылар - қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары экологиялық сараптама жүргізу үшін тартқан жеке және заңды тұлғалар.
Осы Қағидаларда қолданылатын басқа терминдер мен анықтамалар Кодекске сәйкес қолданылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдар:
1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөнінде өтінім Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
2) әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы болған жағдайда, келесі құрамда:
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
өтінімді бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі БАҚ) жарияланғанын растайтын материалдар;
жобаның электрондық нұсқасы;
3) эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары болған жағдайда, жобаның электрондық нұсқасымен қоса;
4) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары болған жағдайда, келесі құрамда:
өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдар;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту бойынша, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздемелердің жобалары болған жағдайда, келесі құрамда:
өтінімнің БАҚ-та жарияланғанын растайтын материалдар;
6) әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ ілеспе материалдарымен бірге ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды босалқы жерге ауыстыруға арнайы экономикалық аймақтар аумақтарының шекараларын және (немесе) аудандарын өзгертуге, техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары болған жағдайда, келесі құрамда:
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
өтінімнің БАҚ-та жарияланғанын растайтын материалдар;
жобаның электрондық нұсқасы;
7) өсімдіктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер болған жағдайда, келесі құрамда:
өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдар;
8) әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдары болған жағдайда, келесі құрамда:
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдар;
денсаулық сақтау, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет және білім беру салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындылары;
жобаның электрондық нұсқасы;
9) жерді одан әрі шаруашылық айналымына беру үшін әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ ілеспе материалдарымен бірге ядролық қаруды сынау (жүргізілген сынақтардың салдарын бағалау) нәтижелерін жүргiзiлген жер учаскелерiн кешендi экологиялық зерттеу материалдары болған жағдайда, келесі құрамда:
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
өтінімнің БАҚ-та жарияланғанын растайтын материалдар;
санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы;
жобаның электрондық нұсқасы;
10) әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде "Байқоңыр" кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары болған жағдайда, келесі құрамда:
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдар;
жобаның электрондық нұсқасын қамтиды.";
19-тармақ алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек __________________
2017 жылғы 28 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов ___________
2017 жылғы 2 мамыр