"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденовке) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________Т. Сүлейменов
2017 жылғы 11 сәуір
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 188 бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Арызды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.
Егер келісуші орган көрсетілген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет келісім алғаннан кейін 1 жұмыс күннің ішінде ұсынылады.
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін барынша рұқсат етілетін күту уақыты – 30 (отыз) минут;
3) барынша рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қолдаухатының бірінші данасына уәкілетті қызметкердің қолымен куәландырған және көрсетілетін қызмет берушінің мөрімен бекітілген келісу нөмірін қою арқылы Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келісу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн мемлекеттік баж алынады, ол "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексiнiң 538-бабына сәйкес Қазақстан Республикасынан шығу - мемлекеттiк баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен 50 пайызды құрайды.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және аударым арқылы төленеді.
Мемлекеттік баж төлеуден мыналарға:
Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
шетелдік инвесторларға;
этникалық қазақтарға;
өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруларды келісу туралы өтінішхат беруші қабылдаушы адамдар босатылады.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұма аралығында сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi асқа үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.
Еңбек қызметін, оның ішінде маусымдық шетелдік жұмысшылар үшін жүзеге асыру мақсатында шақыруды келісуге құжаттарды қабылдау шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат әрекет ететін өңірде, аумақта жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілі) жеке өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
1) барлық жағдайларда:
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес екі данада нысан бойынша толтырылған кесте;
мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжат;
2) шақыруды ресімдеуге ағымдағы жылы алғашқы рет өтініш білдірген көрсетілетін қызметті алушылар:
заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасының көшірмесін;
заңды тұлға жарғысының немесе патенттің көшірмесін (бар болған жағдайда);
заңды тұлғаның өз өкілін құжаттарды тапсыру үшін тағайындау туралы бұйрығы немесе сенімхатын;
директорлар кеңесінің мүшесін шақыру туралы қолдаухат жазған қабылдаушы тарап – директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы акционерлердің жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесін;
шетелдік туристерді шақыру туралы қолдаухатты жазған қабылдаушы тарап – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары берген туроператорлық қызмет лицензиясы немесе туристік агенттердің Мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмесін;
виза алушыны білім алу мақсатында шақыру туралы қолдаухат жазған тарап – Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы берген білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасын;
виза алушыны емделуге, медициналық тексеруге немесе консультациялар үшін шақыру туралы қолдаухат жазған қабылдаушы тарап – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары берген медициналық қызметке лицензиясын ұсынады;
3) инвесторларды шақыру үшін Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты қосымша ұсынылады;
4) іскерлік сапар мақсатында көп мәртелі визаны ресімдеу үшін (этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес визаларды ресімдеу кезінде шақыруды талап ету қажеттілігінен босатылатын экономикалық дамыған, саяси және көші-қоны тұрақты мемлекеттердің тізімінен (бұдан әрі – мемлекеттер тізімі) азаматтарынан басқа) шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі қосымша ұсынылады;
5) діни іс-шараларға қатысу немесе миссионерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында шақыру үшін діни қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдағы ведомствоның жазбаша келісімі қосымша ұсынылады;
6) Қазақстан Республикасының аумағында түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға бару мақсатында шақыру үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жазбаша келісімі қосымша ұсынылады;
7) Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу мақсатында шақыру үшін Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының жазбаша келісімі қосымша ұсынылады;
8) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында шақыру үшін, оның ішінде маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаты не Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық шарттарға сәйкес виза алушыға мұндай рұқсат талап етілмейтінін растайтын құжаттар қосымша ұсынылады;
9) бизнес-көшіп келушілерді шақыру үшін Қазақстан Республикасы астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қолдаухаты қосымша ұсынылады;
10) оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту мақсатында шақыру үшін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қолдаухаты не Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы СІМ-мен келісілген қолдаухаты қосымша ұсынылады;
11) гуманитарлық уәждер бойынша шақыру үшін халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігі қолдайтын Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткенін не Қазақстан Республикасында ратификацияланған гуманитарлық көмек көрсету туралы халықаралық шарты бар болған жағдайда осы елдің заңнамасына сәйкес оның болу еліндегі шетелдік үкіметтік емес ұйымда (қорда) ресми тіркелгенін растайтын құжаттар қосымша ұсынылады;
12) білім алу мақсатында шақыру үшін Қазақстан Республикасының оқу мекемесінің немесе Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты қосымша ұсынылады;
13) жақын туыстарын күтіп-бағу мақсатында шақыру үшін – Қазақстан Республикасының азаматтары не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер және медициналық мекемелерде емделіп жатқандар Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық ұйымы берген және тұрақты күтіп-бағу қажеттілігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ туыстық дәрежесін растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) шынайылығын анықтау;
2) егер шақырылушы шетелдік Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде оған салынған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылған жазаны өтемеген болса;
3) егер ол келу туралы қолдаухатпен жүгінген кезде өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;
4) егер өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданбағаны үшін жауаптылыққа тартылған болса;
5) егер шақырылушы шетелдік шығарып жіберу туралы шешім шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген болса;
6) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ тексерудің теріс қорытындысы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1, телефон: 8 (7172) 71-40-33, 71-40-03 мекенжайы бойынша беріледі:
Шағым почта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), почталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымның қабылданғанын растайтын шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметтің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығының телефоны арқылы алуға болады.
"Жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті алушының порталы арқылы шағым жолдаған кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны, қаралғаны туралы жауабы немесе қараудан бас тартқаны туралы белгілер) барысында жаңартылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушілердің телефондары бойынша не Министрліктің 8 (7172) 71-40-64, 71-40-73 телефондары бойынша алуға болады.
"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы адамдардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
|
Нысан |
Шығыс № |
|
№ | Тегі , аты (паспортқа сәйкес) | Жынысы | Туған жері және күні | Азаматтығы | Паспорт № | Паспорттың берілген күні және жарамдылық мерзімі | Жұмыс орны және шетелдегі лауазымы (ағыл) | Шетелдегі тұрғылықты мекенжайы (ағыл) | Сұрау салынған визаның жарамдылық мерзімі | Визаның мәртелігі | Визаны алу орны |
Сапар мақсаты (визаның санаты): дипломатиялық, қызметтік, жеке сапар, жұмысқа, туристік, оқуға, іскерлік, транзиттік, инвесторлық, емделуге, тұрғылықты тұруға (керегін сызу)
(Шақырушы тараптың атауы) шақырылатын адамдарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құқықтары мен міндеттерін уақтылы түсіндіру бойынша міндеттеме алады.
Көші-қон саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 518-бабына сәйкес иммигранттарды уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болуына, елдің аумағында жүріп-тұруына құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және болуының белгіленген мерзімі аяқталған соң Қазақстан Республикасынан шығуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Директор
______________________________ ___________________________
(заңды тұлғаның басшы лауазымы,) (қолы, мөрі) Т.А.Ә. (болған кезде) заңды
тұлғаның басшысы
Орындаушы: Тегі, аты
Тел:
"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы адамдардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
"А3", "В1", "В3", "В10" және "В12" санатындағы визаларын ресімдеу кезінде азаматтары шақыруды міндетті түрде көрсетуден босатылатын экономикасы дамыған, саяси және көші-қоны тұрақты мемлекеттер тізімі
1. Австралия
2. Австрия Республикасы
3. Америка Құрама Штаттары
4. Бельгия Корольдігі
5. Біріккен Араб Әмірліктері
6. Болгар Республикасы
7. Бразилия Федеративтік Республикасы
8. Германия Федеративтік Республикасы
9. Грек Республикасы
10. Дания Корольдігі
11. Жаңа Зеландия
12. Жапония
13. Израиль Мемлекеті
14. Иордан Хашимит Корольдігі
15. Ирландия Республикасы
16. Исландия Республикасы
17. Испания Корольдігі
18. Италия Республикасы
19. Канада
20. Катар Мемлекеті
21. Кипр Республикасы
22. Корея Республикасы
23. Латыш Республикасы
24. Литва Республикасы
25. Лихтенштейн Князьдігі
26. Люксембург Ұлы Герцогтігі
27. Мажарстан Республикасы
28. Малайзия Федерациясы
29. Мальта Республикасы
30. Монако Князьдігі
31. Нидерланд Корольдігі
32. Норвегия Корольдігі
33. Оман Сұлтандығы
34. Польша Республикасы
35. Португалия Республикасы
36. Румыния
37. Сауд Арабиясы Корольдігі
38. Сингапур Республикасы
39. Словак Республикасы
40. Словения Республикасы
41. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі
42. Финляндия Республикасы
43. Француз Республикасы
44. Хорватия Республикасы
45. Чех Республикасы
46. Швейцария Конфедерациясы
47. Швеция Корольдігі
48. Эстон Республикасы