"Қазақстан Респуликасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 мамырда № 15129 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 961 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2018 № 961 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденовке) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 11 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 14 наурыздағы
№ 188 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың
шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.01.2018 № 12 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күн.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталардан бір жұмыс күн бұрын ұсынады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қаупсіздік комитеті 3 жұмыс күні ішінде қолдаухатты келісуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы ҰҚК органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілген 5 жұмыс күн мерзімі күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді ұзартудың себебтері мен мерзімін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабарлама жолдайды, ал көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы хабарлама 3 жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға әрі қарай көрсетілетін қызметті алушыны ақпараттандыру үшін жолданады.

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут.

      Қазақстан Республикасына келуге шақыруды келісуге арналған қолдаухатты көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасына болжамды келу күнінен күнтізбелік тоқсан күннен ерте емес және екі аптадан кешіктірілмей береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қолдаухатының бірінші данасына уәкілетті қызметкердің қолымен куәландырған және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен бекітілген келісу нөмірін қою арқылы Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келісу, осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымшаға сәйкес немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және занды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн мемлекеттiк баж алынады, ол 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 613-бабы 3-тармақшасына сәйкес мемлекеттiк баж төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінің әрбір шақырылушы үшін 0,5 пайызын құрайды.

      Мемлекеттік баж төлеуден мыналарға:

      Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және оларға еріп жүретін адамдарға;

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;

      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;

      шетелдік инвесторларға;

      этникалық қазақтарға;

      өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруларды келісу туралы өтінішхат беруші қабылдаушы адамдар босатылады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбiден жұманы қоса алғанда сағат 9-00-ден 17-30-ға дейiн.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу орны бойынша сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші қабылдауды кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз жүзеге асырады.

      Еңбек қызметін, оның ішінде маусымдық шетелдік жұмысшылар үшін жүзеге асыру мақсатында шақыруды келісуге құжаттарды қабылдау аумағында шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат қолданылатын өңірде жүзеге асырылады.

      2) Мемлекеттік корпорация – белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін;

      Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша "электронды кезек" тәртібінде жүзеге асырылады, портал арқылы электронды кезекті брондауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушы (қызметті алушының уәкілетті өкілі) жеке өзі жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтi алу үшiн қажетті құжаттар тізбесі:

      1) барлық жағдайларда:

      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;

      мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжат;

      2) шақыруды ресімдеуге ағымдағы жылы алғашқы рет өтініш білдірген көрсетілетін қызметті алушылар:

      заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасының көшірмесін;

      заңды тұлға жарғысының немесе патенттің көшірмесін (болған жағдайда);

      заңды тұлғаның өз өкілін құжаттарды тапсыру үшін тағайындау туралы бұйрығын немесе сенімхатын;

      директорлар кеңесінің мүшесін шақыру туралы қолдаухат жазған қабылдаушы тарап – директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы акционерлердің жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесін;

      шетелдік туристерді шақыру туралы қолдаухатты жазған қабылдаушы тарап – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары берген туроператорлық қызмет лицензиясы немесе Туристік агенттердің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмесін;

      виза алушыны білім алу мақсатында шақыру туралы қолдаухат жазған тарап – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары берген білім беру қызметімен айналысуға лицензиясын және (немесе) лицензияның қосымшасын;

      виза алушыны емделуге, медициналық тексеруге немесе консультациялар алу үшін шақыру туралы қолдаухат жазған қабылдаушы тарап – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары берген медициналық қызметке лицензиясын ұсынады;

      3) инвесторларды шақыру үшін Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты қосымша ұсынылады;

      4) іскерлік сапар мақсатында көп мәртелі визаны ресімдеу үшін (этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес визаларды ресімдеу кезінде шақыруды талап ету қажеттілігінен босатылатын экономикалық дамыған, саяси және көші-қоны тұрақты мемлекеттердің тізімінен (бұдан әрі – мемлекеттер тізімі) азаматтарды қоспағанда) шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі қосымша ұсынылады;

      5) діни іс-шараларға қатысу немесе миссионерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында шақыру үшін діни қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының жазбаша келісімі қосымша ұсынылады;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға бару мақсатында шақыру үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жазбаша келісімі қосымша ұсынылады;

      7) Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу мақсатында шақыру үшін Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының жазбаша келісімі қосымша ұсынылады;

      8) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында, оның ішінде маусымдық шетелдік жұмыскерлерді шақыру үшін жұмыс берушге шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаты не Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық шарттарға сәйкес виза алушыға мұндай рұқсат талап етілмейтінін растайтын құжаттар қосымша ұсынылады;

      9) бизнес-көшіп келушілерді шақыру үшін астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қолдаухаты қосымша ұсынылады;

      10) оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту мақсатында шақыру үшін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қолдаухаты не Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы СІМ-мен келісілген қолдаухаты қосымша ұсынылады;

      11) гуманитарлық уәждер бойынша шақыру үшін қолдаушы халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткенін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған гуманитарлық көмек көрсету туралы халықаралық шарты болған кезде осы елдің заңнамасына сәйкес оның болу еліндегі шетелдік үкіметтік емес ұйымда (қорда) ресми тіркелгенін растайтын құжаттар қосымша ұсынылады;

      12) білім алу мақсатында шақыру үшін Қазақстан Республикасының оқу мекемесінің немесе Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты қосымша ұсынылады;

      13) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жақын туыстарын не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және медициналық мекемелерде емделіп жатқандар шетелдіктерді күтіп-бағу мақсатында шақыру үшін Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық ұйымы берген және тұрақты күтіп-бағу қажеттілігін, сондай-ақ туыстық дәрежесін растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы, хабарлама бергені үшін бюджетке мемлекеттік баж сомасын төлегенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Құжатты қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу үшін онда көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шақыру қағазын оның әрекет ету мерзімі ішінде сақтайды, содан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен жояды.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен сақталатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өтіп кеткеннен кейін өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      10. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер мыналар болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы;

      2) егер шақырылушы шетелдік Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде оған салынған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылған жазаны өтемеген болса;

      3) егер ол келу туралы қолдаухатпен жүгінген кезде өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;

      4) егер өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдамағаны үшін жауаптылыққа тартылған болса;

      5) егер шақырылушы шетелдік арыз бергенге дейін бес жыл ішінде Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген болса;

      6) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ тексерудің теріс қорытындысы.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның
және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның не Министрліктің лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі, телефон: 8 (7172) 71-40-33, 71-40-03.

      Шағым жазбаша түрде пошта не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта бойынша көрсетілетін қызметті алушыға жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма қол беріледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жолданады.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма қол және пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш білдіргені туралы ақпарат қолжетімді, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше қозғалу, бағдар алу қабілетін немесе мүмкіндігін толық не ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгінуі арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып жүргізеді.

      14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында "Министрлік туралы" бөлімінде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімінде;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурсында;

      3) www.еgov.kz порталында орналасқан.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Қазақстан Республикасының
визаларын беру бойынша
қабылдаушы тұлғалардың
шақыруларын қабылдау және
келісу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан
  "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясына
___________________________
(аумақтық бөлімшесінің
___________________________
атауы)

"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың
шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы
ХАБАРЛАМА

      Көрсетілетін қызметті алушыға хабарлау үшін

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      _____________________________________________________ азаматқа (-шаға)

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Шақыруларды ресімдеудің негіздерін зерделеу қажет болғандықтан, келісілетін

      құзыретті мемлекеттік органнан келіп түскен сұрау салуға байланысты көрсетілетін

      мемлекеттік қызметтің мерзімі 20___ жылғы "___"____ бастап 20___ жылғы "___"

      ____ дейін ұзартылады. Келісу нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады.

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші-лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда) және қолы)

      М.О.

      Орындаушы:_________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Телефон__________________

      20__ жылғы "___" __________

      Алдым: _____________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)

      20__ жылғы "___" ___________

  "Қазақстан Республикасының
визаларын беру бойынша
қабылдаушы тұлғалардың
шақыруларын қабылдау және
келісу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

Шығыс №



Шақырушы тараптың атауы:

БСН/ЖСН:

Шақырушы тарапты тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың/куәліктің № мен күні:
Мекенжайы, байланыс телефондары, факс, электрондық пошта:

      Шақырушы тарап шақыруды растайды:

р/р№

Тегі, аты (паспортқа сәйкес)

Жынысы

Туған жері және күні

Азаматтығы

Паспорттың №

Паспорттың берілген күні және жарамдылық мерзімі

Жұмыс орны және шетелдегі лауазымы (ағылшын)

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Қазақстан Республикасындағы мекен­жайы

Қазақстан Республикасында болу кезінде қозғалыс бағыты

Шетелдегі тұрғылықты мекен­жайы (ағылшын)

Сұрау салынған визаның жарамдылық мерзімі

Визаның мәртелігі

Жұмысқа рұқсат алу № және күні

Визаны алу орны

Түбіртек №, берген күні, сомасы

9

10

11

12

13

14

15

16









      Сапар мақсаты (визаның санаты): дипломатиялық, қызметтік, жеке сапар, жұмысқа, туристік, оқуға, іскерлік, транзиттік, инвесторлық, емделуге, тұрғылықты тұруға (керегін сызу)

      (Шақырушы тараптың атауы) шақырылатын адамдарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құқықтары мен міндеттерін уақтылы түсіндіру бойынша міндетті.

      Көші-қон саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 518-бабына сәйкес иммигранттарды уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болуына, елдің аумағында жүріп-тұруына құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және болуының белгіленген мерзімі аяқталған соң Қазақстан Республикасынан шығуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

Директор
_______________________________

(қолы, мөрі)

___________________________

(заңды тұлға басшысының лауазымы,)

Т.А.Ә. (болған кезде) заңды тұлғаның басшысы

Орындаушы:

Тегі, аты


Тел:

  "Қазақстан Республикасының
визаларын беру бойынша
қабылдаушы тұлғалардың
шақыруларын қабылдау және
келісу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

"А3", "В1", "В3", "В10" және "В12" санатындағы визаларды ресімдеу кезінде
азаматтары шақыруды міндетті түрде көрсетуден босатылатын экономикасы дамыған,
саяси және көші-қоны тұрақты мемлекеттер тізімі

      1. Австралия

      2. Австрия Республикасы

      3. Америка Құрама Штаттары

      4. Бельгия Корольдігі

      5. Біріккен Араб Әмірліктері

      6. Болгар Республикасы

      7. Бразилия Федеративтік Республикасы

      8. Германия Федеративтік Республикасы

      9. Грек Республикасы

      10. Дания Корольдігі

      11. Жаңа Зеландия

      12. Жапония

      13. Израиль Мемлекеті

      14. Иордан Хашимит Корольдігі

      15. Ирландия Республикасы

      16. Исландия Республикасы

      17. Испания Корольдігі

      18. Италия Республикасы

      19. Канада

      20. Катар Мемлекеті

      21. Кипр Республикасы

      22. Корея Республикасы

      23. Латыш Республикасы

      24. Литва Республикасы

      25. Лихтенштейн Князьдігі

      26. Люксембург Ұлы Герцогтігі

      27. Мажарстан Республикасы

      28. Малайзия Федерациясы

      29. Мальта Республикасы

      30. Монако Князьдігі

      31. Нидерланд Корольдігі

      32. Норвегия Корольдігі

      33. Оман Сұлтандығы

      34. Польша Республикасы

      35. Португалия Республикасы

      36. Румыния

      37. Сауд Арабиясы Корольдігі

      38. Сингапур Республикасы

      39. Словак Республикасы

      40. Словения Республикасы

      41. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі

      42. Финляндия Республикасы

      43. Француз Республикасы

      44. Хорватия Республикасы

      45. Чех Республикасы

      46. Швейцария Конфедерациясы

      47. Швеция Корольдігі

      48. Эстон Республикасы

  "Қазақстан Республикасының
визаларын беру бойынша
қабылдаушы тұлғалардың
шақыруларын қабылдау және
келісу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау туралы қолхат

      Осы қолхат ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсету) берілді және ___________ облысы (қала) ауданы ішкі істер басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің одан "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қабылдағанын растайды, оның ішінде:

      1. қолдаухат – __ парақта;

      2. мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбiртек – сомасы _____ теңге.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ___________ облысының _______ қаласы

      _______ ауданы Ішкі істер басқармасының (бөлім) көші-қон қызметі бөлімі бөлімшесі,

      тобы) 20____ жылғы "____" _______ сағат 9-00-ден 17-30-ге дейін ұсынатын болады.

      Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.

      __________________________________________________________________________

      (қолхатты берген лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда) және қолы)

      Телефон ______________________

      Алдым: ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) /көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 ___ жылғы "_____"__________

  "Қазақстан Республикасының
визаларын беру бойынша
қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және
келісу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы адамдардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атаулары:

      1) _______________________________________________________________________;

      2)________________________________________________________________________;

      3) .....

      Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.

      Орындаушы:_____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) / (Мемлекеттік корпорация

                              қызметкерінің қолы)

      Телефон__________________

      Алдым: ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) / көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" __________________