Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің табиғат қорғау ұйымдарының, орман шаруашылығы ұйымдарының және мамандандырылған ұйымдарының басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 сәуірде № 15021 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің табиғат қорғау ұйымдарының, орман шаруашылығы ұйымдарының және мамандандырылған ұйымдарының басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары −
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      ______________ Т. Дүйсенова

      2017 жылғы 14 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 14 наурыздағы
№ 120 бұйрығына
  1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің табиғат қорғау ұйымдарының, орман шаруашылығы ұйымдарының және мамандандырылған ұйымдарының басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің табиғат қорғау ұйымдарының, орман шаруашылығы ұйымдарының және мамандандырылған ұйымдарының басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) кадрлардың дұрыс іріктелуін, пайдаланылуын, орналастырылуын, олардың біліктілік сипаттамаларының айқындалуын қамтамасыз етуге, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің табиғат қорғау ұйымдары, орман шаруашылығы ұйымдары және мамандарылған ұйымдары басшылары мен мамандарының арасында еңбектің тиімді бөлінуін қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Мына мамандықтар: бухгалтер, экономист, заңгер, кадр мамандары, аудармашы лауазымдарының және қызметтің барлық саласына ортақ өзге де лауазымдардың біліктілік сипаттамалары ҚазақстанРеспубликасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14281 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындары мамандарының барлық қызмет салалары үшін ортақ жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамасында айқындалған.

2-бөлім. Табиғат қорғау ұйымдарының басшылары мен мамандары лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

1-тарау. Басшылар лауазымдары

1-параграф. Бас директор

      3. Лауазымдық міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;

      шешімдер қабылдайды, ұйым мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

      мекемені білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, қызметкерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттырып отыру, оңтайлы еңбек жағдайларын жасау, еңбек заңнамасының талаптары мен еңбек тәртібін сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;

      қызметкерлердің еңбекке құштарлығын, бастамашылығын және белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі;

      жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

      жоғары тұрған ұйым тағайындайтын қызметкерлерден басқа, қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, қызметкерлерге көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазалар қолданады;

      орынбасарлардың, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін бөледі;

      мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді, олардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды.

      4. Білуге тиіс:

      1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы (бұдан әрі – Конституция);

      2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі (бұдан әрі – Орман кодексі);

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);

      2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы кодексі (бұдан әрі – Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы кодексі);

      Қазақстан Республикасының Заңдары: 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" (бұдан әрі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы), 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" (бұдан әрі – тіл туралы Заңы), 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (бұдан әрі – жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңы), 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы);

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      5. Біліктілік талаптары:

      "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), "Юриспруденция" білім және орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдарында басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

2-параграф. Бас директордың орынбасары

      6. Лауазымдық міндеттері:

      міндеттердің бөлінуіне сәйкес директордың жалпы басшылығымен басшылықты жүзеге асырады және жұмысты ұйымдастырады;

      жетекшілік ететін бағыт бойынша мекеменің даму стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастырады;

      жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысады, оларды орындау жұмысына бақылау жасайды;

      өзінің құзыреті шегінде жарық, жылу беру, желдету, ауа баптау жүйелерінің және басқа да жабдықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін шаруашылық және техникалық қызметтердің жұмысына басшылық жасайды;

      өзінің құзыреті шегінде қаржы, экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызметтің мәселелерін шешеді;

      ұйым мүлкінің сақталуын, оның тиімді және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      ормандар мен жануарлар дүниесін, табиғи кешендерді және табиғи-қорық қорының басқа нысандарын қорғау, күзету, молықтыру жөнінде техникалық және өндірістік-шаруашылық іс-шараларын жүргізу жұмысын ұйымдастырады;

      табиғат қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша жергілікті халық арасында профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      қызметкерлердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарын әзірлейді;

      орман мекемесінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды қорғауды, күзетуді, молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, орман пайдалануды реттейді;

      ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау талаптарының орындалуын, мұрағат қорғау, өрт қауіпсіздігі режимінің, санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      7. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      Қазақстан Республикасының Заңдары: "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы";

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормалары;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      8. Біліктілік талаптары:

      "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), "Юриспруденция" білім және орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдарында басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

3-параграф. Филиал басшысы (директоры)

      9. Лауазымдық міндеттері:

      филиалдың жұмысын ұйымдастырады және филиал мүлкінің сақталуы, сметалық-қаржы, шарттық және еңбек тәртібінің сақталуы мен істің шаруашылық тұрғыда жүргізілуі үшін жауаптылықта болады, орман шаруашылығы, орман дақылдары, шаруашылық, орман қорғау және рекреациялық жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады;

      филиалдың өндірістік-шаруашылық, рекреациялық-туристік қызметінің жұмысын ұйымдастырады;

      өзінің құзыреті шегінде филиал бойынша бұйрықтар шығарады, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, филиал қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және сөгіс жариялайды;

      орман қорының мемлекеттік мониторингі, ормандардың мемлекеттік мониторингі, жануарлар дүниесінің мемлекеттік мониторингі жүргізілуін қамтамасыз етеді, мемлекеттік орман кадастры мен жануарлар дүниесінің кадастрын жүргізу жұмыстарына қатысады;

      кеспеағаштар бөлу материалдарын дайындау үшін жеке жауапкершілікте болады.

      10. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормалары;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      11. Біліктілік талаптары:

      "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология", "Биология" және бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдарда басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

4-параграф. Филиал басшысының (директорының) орынбасары

      12. Лауазымдық міндеттері:

      жетекшілік ететін қызметте басшылық жасайды және орман шаруашылығы, рекреациялық-туристік және шектеулі шаруашылық қызмет жұмыстарының барлық түрі бойынша өндірістік тапсырмалардың орындалуын бақылайды;

      ведомстволық бағыныстағы орманшылықтардың және жалпы филиал бойынша өндірістік-шаруашылық іс-шараларының жоспарларын әзірлейді және жүзеге асырады, сондай-ақ ормандардың санитариялық жай-күйін жақсарту бойынша басшылық жасайды және бақылауды жүзеге асырады;

      орман орналастыру, жобалау-іздестіру жұмыстарының орындалуына, орман қорының біржолғы мемлекеттік есебін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      филиалда орман тұқым шаруашылығын дамытудың, орман тұқымы ісін ұйымдастырудың және тұрақты орман тұқымы базасын, сондай-ақ тұқымбақ шаруашылығын құрудың негізгі бағыттарын айқындайды;

      филиалдың инспекторлық қызметі қызметкерлерінің техникалық білімін арттыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      өрт қаупі бар кезеңге дайындық жөнінде іс-шаралар әзірлейді.

      13. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормалары;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      14. Біліктілік талаптары:

      "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология", "Биология" мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдарда басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

5-параграф. Құрылымдық бөлімшенің (басқарманың, бөлімнің, сектордың және топтың) басшысы

      15. Лауазымдық міндеттері:

      Бөлімше туралы ережеге сәйкес құрылымдық бөлімшенің қызметін басқарады;

      ұйымның перспективалы жұмыс жоспарларын дайындауға қатысады;

      құрылымдық бөлімше мамандарының өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу және болдырмау, теориялық және практикалық білімін арттыру бойынша жұмысын ұйымдастырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарды, қағидаларды сақтауына және орындауына бақылау жасайды;

      қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет режимінің, экологиялық стандарттар мен нормативтердің сақталуын қамтамасыз етеді, орман және табиғат қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу және оны болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.

      16. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі,

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жұмысын ұйымдастыруға қатысты ұйымдастыру-басқару құжаттары мен әдістемелік материалдары; 

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормалары;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      17. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология", "Аңшылықтану және аң өсіру" мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымда жұмыс өтілі кемінде бес жыл

6-параграф. Орман өрт сөндіру стансасының басшысы

      18. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің құзыреті шегінде орман өрт сөндіру стансасының қызметіне басшылық жасайды;

      командалардың жеке құрамының, сондай-ақ орман өрт сөндіру стансасына бекітілген техниканың мінсіз және толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      өрт қаупі бар маусым басталар алдында және оның ішінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, сондай-ақ орман өрт сөндіру стансасының өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің орман өрттерін сөндіру бойынша жаттығуларын ұйымдастырады және өткізеді;

      өрт шығу мүмкіндігі барынша ықтимал жерлерде қарауылдау ұйымдастырады;

      өрт бақылау мұнарасынан (бекетінен), авиациямен қарауылдау тікұшағынан (ұшағынан), басқа да көздерден орман өрт сөндіру стансасы қызмет көрсететін аумақта өрт шыққаны туралы ақпарат алған кезде орман өрт сөндіру стансасының өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің орман өрті болып жатқан жерге өрт сөндіру техникасымен шығуын қамтамасыз етеді;

      команданың жеке құрамының әрбір қызметкерінің кезекшілікте, өрт сөндіру техникасы мен құралдарына қызмет көрсетуге, өрттерді сөндіруге жұмсаған уақытының есебін жүргізеді;

      орман өрт сөндіру стансасының өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады;

      қызметкерлердің еңбек тәртібін, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидаларын, өндірістік санитария және өрттен қорғану қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

      19. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормалары;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      20. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымда жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

7-параграф. Орманшылық басшысы (орман күтуші)

      21. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің құзыреті шегінде орманшылықтың өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

      орман шаруашылығы өндірісінде жоспарлы тапсырмаларды орындауды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды, озық техникалар мен технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді;

      ормандарды өрттен, заңсыз ағаш кесулер мен басқа да орман тәртібін бұзушылықтардан қорғау, ормандарды зиянды жәндіктер мен орман ауруларынан қорғау, сондай-ақ орман тұқымын дайындау ісі, ормандарды молықтыру, кеспеағаштар қорын бөлу мен сүректерді түбірімен босату жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;

      барлық қызметкерлердің ормандарда өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауын жүйелі түрде қамтамасыз етеді;

      дайындалған сүректерді кесу және босату орындарын куәландыруды жүргізеді;

      орманшылықтағы орманның жай-күйіне бақылау жасауды жүзеге асырады және орман ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

      ағаш дайындаушыларға көмек көрсетеді және ұзақ мерзімді орман пайдалануға бекітілген ормандарда орман пайдаланудың дұрыстығын қамтамасыз етеді;

      орманшылық аумағында далалық жұмыстарды орындауда орман орналастыру және басқа да жобалау-іздестіру партияларына жәрдемдеседі, осы жұмыстардың сапасын қамтамасыз етеді;

      орманшылықтың мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің орман шаруашылығын, орман дақылдарын өсіру, орман қорғау, өртке қарсы жұмыстар жүргізу бойынша оқуын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мен өндірістік санитария бойынша оқуын және нұсқаулық алуын

      ұйымдастырады;

      еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша іс-шаралардың орындалуын, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;

      орманшылықтың қызметі туралы есеп пен есептілікті ұйымдастырады, қағидаларға сәйкес қызметтік құжаттамаларды жүргізеді, сондай-ақ орман орналастыру материалдары мен орман қорын есепке алу кітабына ағымдағы өзгерістерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      22. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман Кодексі;

      Еңбек Кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      ормандарда өрттің алдын алу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, орман өрттерімен күрес құралдары мен тәсілдері;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      23. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымда жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

8-параграф. Орман тұқымбағының басшысы

      24. Лауазымдық міндеттері:

      көшет материалдарын өсіру жөніндегі орман тұқымбағының өндірістік- шаруашылық қызметіне басшылық жасайды;

      материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

      орман тұқымбағының белгіленген өндірістік жоспарын орындау мен белгіленген мерзімдегі жұмыстың сапасын, еңбектің ғылыми ұйымдар жөнінде іс-шаралар енгізуді қамтамасыз етеді;

      тұқымбақта жұмыс істеу үшін бригадалар жинақтауды (олардың сандық және кәсіби-біліктілік құрамы) жүзеге асырады;

      бекітілген жоспарға сәйкес орман дақылдарын іріктеу үлгілерін, көшет материалдарының сапасын бақылау,өсіру мен сату үшін оларды орман тұқымы станциясына жөнелтуді ұйымдастырады;

      көшеттер өсіруге арналған жоғары сапалы тұқымдарды пайдалануды және өндірістік алаңдарды, тыңайтқыштарды, жабдықтарды, көліктер мен механизмдерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

      тұқымбақ бойынша техникалық құжаттамалар мен белгіленген есептілікті жүргізуді, жұмысшылардың өндіру нормаларын орындауын, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      орындалған жұмыстарды есепке алу мен қабылдауды жүргізеді, оның сапасын бақылайды;

      еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      25. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман Кодексі;

      Еңбек Кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      тұқымбақтың өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты бұйрықтар, нұсқаулықтар, орман тұқымбағында көшет материалдарын өсірудің технологиясы және агротехникасы (егіншілік технологиясы), көшеттер мен екпе көшеттерінің аурулары және зиянкестірінің биологиясы, олармен күрес құралдары мен тәсілдері, тұқымбақта жұмыс істеуге арналған механикаландыру әдістері, орман өсіру мен орман тұқымбағын дайындау істерінің негіздері;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      26. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

9-параграф. Мұражай меңгерушісі

      27. Лауазымдық міндеттері:

      Мұражайға келушілердің экскурсияларын ұйымдастырады, мұражай экспонаттарының жай-күйіне тұрақты бақылау жасалуын қамтамасыз етеді, мұражайдың жекелеген экспонаттарын өзгерту, ауыстыру бойынша ұсыныстар енгізеді, мұражай жұмысы туралы, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің тыныс-тіршілігін насихаттайтын кітапшаларды, буклеттерді және басқа да ақпараттық материалдарды басып шығаруға дайындайды. Мұражай негізінде халықты экологиялық ағарту жұмысын, табиғат мұражайында және экологиялық соқпақтарда лекциялар, әңгімелер өткізеді, мұражайда экологиялық ағарту бойынша тақырыптық лекциялар әзірлеуге қатысады және оны тікелдей жүзеге асырады.

      Табиғат мұражайы бойынша экскурсиялық мәтіндер дайындайды. Экологиялық-ағарту жұмысы, экологиялық ағарту жоспарларын әзірлеуге және жасауға қатысады. Халықаралық экологиялық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағы бойынша экологиялық экскурсиялар өткізуге, тақырыптық көрмелер, радио, телевизия арқылы, баспасөзде, семинарларда, кеңестерде, конференцияларда сөз сөйлеуге қатысады. Бұқаралық табиғат қорғау акцияларын өткізуге, қорық режимін қорғауға және сақтауға қатысады.

      28. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман Кодексі;

      Еңбек Кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      қоршаған ортаны қорғау заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      29. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бейінге сәйкес келетін ұйым бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

2.-тарау. Мамандар лауазымдары

1-параграф. Орман күзету және қорғау инженері (табиғи кешендерді күзету және қорғау инженері)

      30. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің лауазымдық міндеттерін директордың, оның орынбасарларының және бөлім басшысының жалпы басшылығымен орындайды;

      филиалдардың табиғи кешендерін күзету және қорғау мамандарының жұмысын үйлестіреді және бақылайды, практикалық, консультативтік және әдістемелік көмек көрсетеді;

      орман өрттерінің алдын алу, оларды дер кезінде байқау және жою жөнінде іс-шаралар өткізу бойынша филиалдардағы жұмысты, сондай-ақ ормандарды ағаштың заңсыз кесілуінен, зақымданудан, талан-таражға салудан және Қазақстан Республикасы орман заңнамасының басқа да тәртіп бұзушылықтарынан қорғау жұмысын қамтамасыз етеді;

      мемлекеттік орман қорының аумағын өртке қарсы және санитариялық тұрғыда жайластыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      филиалдардың өртке қарсы қызметінің жұмысын, өртке қарсы техника мен құрал-жабдықтардың жай-күйі мен дұрыс пайдаланылуын, бақылау мұнараларын салуды, телефон және радио байланысын тартуды және жөндеуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      орман айналымдарын тексеруді жоспарлауды жүзеге асырады;

      жеке және заңды тұлғалардың ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын және санитариялық қағидаларды сақтауын, сондай-ақ филиалдарда мемлекеттік орман күзетінің жұмысын тексереді;

      ормандарды жерден және авиациялық қорғау қызметін үйлестіреді;

      мемлекеттік орман қоры аумағында орман патологиялық мониторингін, орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес жүргізуді ұйымдастырады;

      орман күзетін нысанды киіммен, көлік құралдарымен, таңбалармен, төсбелгілермен, қызметтік куәліктермен материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлайды; филиалдардағы мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің, уақытша өрт күзетшілерінің және өрт сөндіру командаларының жеке құрамының біліктілігін арттыру бойынша оқу ұйымдастырады;

      өртке қарсы профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз етеді;

      мемлекеттік органдармен өрт қауіпі бар маусымға жедел жоспарлар жасайды және келісімдейді;

      орманды күзету және қорғау бойынша жоғары тұрған ұйымдарға барлық есеп түрлері, ақпарат берілуін қамтамасыз етеді;

      31. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының негіздері, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      32. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі бірінші санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі екінші санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі санатсыз инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

2-параграф. Орман шикізаты ресурстары инженері (орман пайдалану инженері)

      33. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің лауазымдық міндеттерін директордың, оның орынбасарларының және бөлім басшысының жалпы басшылығымен орындайды;

      табиғат қорғау мекемесінің мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген барлық түрін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      кеспеағаштарды кесуге жоспарлауды, бөлуді және дайындауды жүзеге асырады, ағаш кесу және сүректі түбірімен босату қағидаларының сақталуын, ағаш кесу орындарын тазартуды, ормандардағы өрт қауіпсіздігін, сондай-ақ орман ресурстарын жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру кезінде олардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      кеспеағаштардың бөліну сапасының және филиалдарда орман пайдалану бойынша техникалық құжаттаманың жүргізілуін тексереді;

      орман шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру, ағаш кесумен айналысатын жұмысшылардың еңбегін жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлейді;

      орман пайдалану бойынша жоғары тұрған ұйымдарға барлық есеп түрлері, ақпарат берілуін қамтамасыз етеді;

      орманды пайдаланудың озық отандық және шетелдік тәжірибесін зерделейді және оларды енгізуді қамтамасыз етеді;

      34. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының негіздері, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      35. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санатты инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бірінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және екінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл:

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және санатсыз инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

3-параграф. Ормандарды қалпына келтіру инженері (ормандарды молықтыру және орман өсіру инженері)

      36. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің лауазымдық міндеттерін директордың, оның орынбасарларының және бөлім басшысының жалпы басшылығымен орындайды;

      филиалдарда ағаш кесілген жерлерде, өртеңдерде және мемлекеттік орман қоры жерлерінің басқа да санаттарында ормандарды уақытында қалпына келтіру, ормандардың тұқымдық құрамын жақсарту және олардың өнімділігін ұлғайту жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

      орман орналастыру және осы салада маманданған басқа да жобалау-іздестіру ұйымдары әзірлеген жобаларға сәйкес ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша мемлекеттік орман қорындағы жұмыс көлемін айқындайды;

      филиалдарда мекеменің мемлекеттік орман қоры учаскелерінде уақытша және тұрақты орман тұқымы учаскелерін, орман тұқымы плантацияларын құру жұмысын үйлестіреді;

      орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді және сақтауды, орман дақылдарын өсіру және орман тұқымбағы жұмыстары технологиясының уақтылы жүргізілуін және сақталуын, сондай-ақ осы жұмыстарды ұйымдастыру және орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша жоғары тұрған ұйымдарға барлық есеп түрлері, ақпарат берілуін қамтамасыз етеді;

      ормандарды қалпына келтіру жұмыстарының технологиясы мен механикаландыру құралдарын жетілдіру бойынша рационализаторлық ұсыныстарды қарайды.

      37. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормалары;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      38. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бірінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және екінші санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл:

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және санатсыз инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

4-параграф. Инженер-орман патологы

      39. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің лауазымдық міндеттерін директордың, оның орынбасарларының және бөлім басшысының жалпы басшылығымен орындайды;

      орманның санитариялық жағдайын жақсарту мен оның қорғаныштық және санитариялық-гигиеналық функцияларын сақтауға бағытталған санитариялық-сауықтыру және жою іс-шараларының жобаларын әзірлеу үшін орман патологиялық зерттеулер жүргізеді;

      орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының шекараларын, екпелердің санитариялық және орман патологиялық жай-күйін анықтайды және нақтылайды;

      алынған деректердің негізінде зиянкестер таралымдарының одан әрі дамуына болжам жасайды және жою іс-шараларын жүргізу қажеттігі немесе санитариялық мақсатта ағаш кесу көлемдері және басқа да орман қорғау іс-шаралары туралы ұсыныстар әзірлейді;

      екпелерді сауықтыруға, сондай-ақ олардың қорғаныштық және санитариялық-гигиеналық функцияларын сақтауға және арттыруға бағытталған орман қорғау, орман шаруашылығы және ұйымдастыру іс-шараларының кешенін әзірлейді;

      бақылау материалдарын өңдейді, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының жиынтық ведомостарын, жобаланып жатқан санитариялық- сауықтыру іс-шараларының ведомостарын жасайды және орман зиянкестерінің ошақтарын жерүсті және авиациялық өңдеу жобаларын жасау үшін қажетті есеп-қисаптар жүргізеді;

      орман қорғау жұмыстарын жүргізу кезіңде еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша нұсқаулық өткізеді.

      40. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының негіздері, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      41. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бірінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және екінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл:

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және санатсыз инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

5-параграф. Орман кадастры инженері

      42. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің лауазымдық міндеттерін директордың, оның орынбасарларының және бөлім басшысының жалпы басшылығымен орындайды;

      орман орналастыру жобаларына сәйкес орман кадастрын жүргізу бойынша филиалдардың жұмысын ұйымдастырады;

      орман қорының мемлекеттік есебін, ормандардың сандық және сапалық есебін жүргізу бойынша филиалдардағы жұмысты үйлестіреді, орман қоры шекарасының, ормандардың тұқымдық құрамының сандық және сапалық өзгеруін, олардың жас топтары және қорғаныштық санаттары бойынша бөлінуін тексереді;

      филиалдарда орман кадастрының жүргізілуіне тексеру жүргізеді;

      ормандарды молықтыру, орман кадастры кітабы бойынша есеп пен белгіленген есептілікті жүргізеді;

      орман кадастры ісін ұйымдастыру мен жүргізудің озық отандық және шетелдік тәжірибесін қарайды және зерделейді.

      43. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының негіздері, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      табиғи кешен мен объектілерді қорғау бойынша әдістемелік материалдар;

      орман тәртібін бұзушылықтардың, орман зиянкестері мен ауруларының пайда болуына талдау жасау және оның алдын алу әдістері, ормандарды есепке алу мен орман кадастрының құжаттамасын жүргізу тәртібі мен қағидалары;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормалары.

      44. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бірінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және екінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және санатсыз инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

6-параграф. Рекреация және туризм инженері

      45. Лауазымдық міндеттері:

      филиалдардың рекреация және туризм бойынша мамандарының жұмысына бағыт-бағдар береді және үйлестіреді, оларға консультативтік және әдістемелік көмек көрсетеді;

      табиғат қорғау ұйымының инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарын әзірлеу кезінде филиалдардың рекреация және туризм бойынша мамандарының жұмысын үйлестіреді, туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру бөлігінде оның орындалуына бақылау жасалуын қамтамасыз етеді;

      табиғат қорғау ұйымының туристік және рекреациялық қызметі бойынша есептіліктің барлық түрі мен ақпарат берілуін қамтамасыз етеді, іс-шаралардың орындалуына талдау жасайды, туристік және рекреациялық қызметті жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізеді;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақта экскурсиялар ұйымдастыруды, ұйымның жұмысы туралы, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің тыныс-тіршілігін насихаттайтын кітапшалар, буклеттер және басқа да ақпараттық материалдар шығаруға дайындықты үйлестіреді, ғылыми қызметкерлермен, туристік және білім беру мекемелерімен, жұртшылықпен тығыз байланыс жасап тұрады;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оған іргелес аумақтар бойынша туристік маршруттар әзірлеуді ұйымдастырады.

      46. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы, ұйымның туризм бойынша қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      47. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "Экология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі

      кемінде үш жыл және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "Экология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "Экология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "Экология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бірінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және екінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл:

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және санатсыз инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

7-параграф. Экологиялық ағарту инженері

      48. Лауазымдық міндеттері:

      филиалдардың экологиялық ағарту бойынша мамандарының жұмысын бағыттайды және үйлестіреді, оларға консультативтік және әдістемелік көмек көрсетеді;

      филиалдарда экологиялық ағартуды ұйымдастыру және дамыту жөніндегі жұмыстардың ағымдық және перспективалық жоспарлануын бақылайды;

      балаларды экологиялық ағарту жөніндегі әдістемелік жұмыстардың жоспарын жасауға қатысады және оны тікелей жүзеге асырады;

      жергілікті халық пен туристер арасында табиғат туралы лекциялар, әңгімелер өткізеді, слайдтар мен ғылыми-көпшілік бейнефильмдер көрсетеді;

      сапар-орталығын, табиғат мұражайын биологиялық әртүрлілікті сақтау идеясын насихаттау саласындағы жаңа мерзімді материалдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      экскурсиялық және туристік соқпақтар мен маршруттар, шолу алаңқайларын, ақпараттық бекеттер құру және олардың жұмыс істеуі бойынша ұсыныстар енгізеді;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақ мамандарының бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жазуын, сөйлеп тұруын әзірлеуге, буклеттер, фотоальбомдар әзірлеуге, шығаруға және өткізуге, слайд, кино және бейнефильмдер, анықтамалық материалдар мен өзге де ақпараттық-баспа өнімдерін, белгілер, кәдесыйлар, рәміздік бұйымдар жасауға қатысуын ұйымдастырады.

      49. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы, ұйымның туризм бойынша қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      50. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Туризм", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "Экология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Орман ресурстары және орман өсіру", бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) және немесе бірінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және екінші санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және санатсыз инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

8-параграф. Аңшылықтанушы

      51. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің лауазымдық міндеттерін бас директордың, оның орынбасарларының ортақ басшылығымен және бөлім басшысының басшылығымен орындайды;

      өзінің құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану бойынша іс шаралар әзірлейді;

      жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, кадастрын және мониторингін жүргізеді;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      жануарлар дүниесі қауымдастықтарының биологиялық әртүрлілігі мен тұтастығын сақтау бойынша іс-шаралардың табиғи еркіндік пен мекендеу ортасына сәйкес жүргізілуін үйлестіреді және қамтамасыз етеді;

      жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген түрлерінің қырылуына, санының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қолданады;

      жаппай ауыру, дүлей күш апаттары кезінде немесе және басқа да себептер салдарынан қырылу қаупі төнген жағдайларда жануарларға көмек ұйымдастырады және көрсетеді;

      аңшылық алқаптарды пайдалануды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді және жасайды.

      52. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      53. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология"" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл:

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі санатсыз лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

9-параграф. Биолог

      54. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің лауазымдық міндеттерін директордың, оның орынбасарларының жалпы басшылығымен және бөлім басшысының басшылығымен орындайды;

      өзінің құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану бойынша іс-шаралар әзірлейді;

      жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, кадастрын және мониторингін жүргізеді;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      жануарлар дүниесі қауымдастықтарының биологиялық әртүрлілігі мен тұтастығын сақтау бойынша іс-шаралардың табиғи еркіндік пен мекендеу ортасына сәйкес жүргізілуін ұйымдастырады;

      жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің қырылуына, санының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қолданады;

      жаппай ауыру, дүлей күш апаттары кезінде немесе және басқа да себептер салдарынан қырылу қаупі төнген жағдайларда жануарларға көмек ұйымдастырады және көрсетеді;

      аңшылық алқаптарды пайдалануды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді және жасайды.

      55. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      мекеменің өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, аңшылық шаруашылығын жүргізу мәселелері бойынша ережелер, нұсқаулықтар, бұйрықтар және басқа да материалдар, жабайы жануарлар биологиясы, оларды аулау тәсілдері мен техникасы;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      56. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология"" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл:

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі санатсыз лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

10-параграф. Ихтиолог

      57. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің лауазымдық міндеттерін директордың, оның орынбасарларының және бөлім басшысының жалпы басшылығымен орындайды;

      өзінің құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану бойынша іс-шаралар әзірлейді, балық шаруашылығы іс-шараларын жүргізу бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      аңшылар мен қорықшылардың су айдындарын қорғауды жүргізуі бойынша, балық шаруашылығы іс-шараларын жүргізуі бойынша, сондай-ақ мелиоративтік және әуескойлық мақсаттарда аулауды ұйымдастырудағы жұмыстарын үйлестіреді;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау режимін бақылайды, табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады;

      су айдындарының гидробиологиялық жай-күйіне бақылау жасайды;

      су айдындарының азықтық базасының жай-күйін бағалауды, су айдындарын балық шаруашылық паспорттауды, балықтарды жерсіндіру нәтижелері мен тиімділігін тексеруді, балық ауруларының пайда болуы мен олардың алдын алу және жою жөніндегі шараларды қабылдауды жүргізеді.

      58. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      59. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология"" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл:

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі санатсыз лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

11-параграф. Орнитолог

      60. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің лауазымдық міндеттерін директордың, оның орынбасарларының және бөлім басшысының жалпы басшылығымен орындайды;

      өзінің құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану бойынша іс-шаралар әзірлейді, іс-шараларын жүргізу бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      қоршаған ортадағы құстардың жай-күйін бақылауды жүзеге асырады, олардың ұшу бағыттарын байқап отырады, құстар өмірінің мониторингі мен есепке алу жұмыстарын жүргізеді;

      құстардың жаппай ауыруына, олардың дүлей күш апаттары кезінде немесе басқа да себептер салдарынан қырылуына жол бермеу бойынша мониторинг жүргізеді;

      сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген құстардың жабайы түрлерінің қырылуына, санының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қолданады;

      аңшылық алқаптарды орман құстары үшін пайдалануды жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындайды және әзірлейді;

      сирек кездесетін құстар түрлері мекендейтін табиғи ортаны сақтау бойынша іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады.

      61. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      62. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология"" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл:

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі санатсыз лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

12-параграф. Орманшылық басшысының көмекшісі (орман күтушінің көмекшісі)

      63. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің жұмысында тікелей орман күтушіге бағынады;

      орманшылықтың өндірістік қызметіне техникалық басшылық жасайды;

      ағаш кесу, орман тұқымын дайындау ісі, көшет материалдарын өсіру, ормандарды молықтыру және орман өсіру, ормандарды өрттен және заңсыз ағаш кесуден және басқа да орман тәртібін бұзушылықтардың түрлерінен қорғау, орманды зиянкестер мен аурулардан қорғау жұмыстарын ұйымдастырады;

      кеспеағаштарды бөлу және таксациялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      орман шеберлерінің, орманшы-қорықшылардың, уақытша өрт сөндіруші қарауылдар мен өрт сөндіруші командалардың ескертілген өртке қарсы іс-шараларды өткізуде өздеріне жүктелген міндеттерініңдер кезінде және нақты орындалуын қамтамасыз етеді;

      орманшылық аумағында жұмыс істейтін орман пайдаланушылардың сүректерді түбірімен босату, басты мақсатта пайдалану үшін кесу қағидаларын, санитарлық қағидалар мен жанама орман пайдалану қағидаларынсақтауын, өрт қауіпсіздігі және ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғауын қамтамасыз етеді;

      ұзақ мерзімді орман пайдалануға бекітілген ормандарды қорғаудың жай-күйін тексеру және айналымдар мен учаскелерге тексеріс жүргізеді;

      жобалау-іздестіру жұмыстарының орындалуын, сондай-ақ қолданыстағы нормативтердің, өнімділік және бағалау нормаларының қолданылуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады;

      мемлекеттік инспекторлардың, орман шеберлерінің, орманшы-қорықшылар мен жұмысшылардың техникалық білім алуы мен өндірістік нұсқаулығын жүргізеді;

      орманшылықта техникалық құжаттаманы жүргізеді, орман қорын есепке алады және таксациялық сипаттама мен картографиялық материалдарға ағымдағы өзгерістерді жүйелі түрде енгізеді.

      64. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман Кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      ормандарды өрттерден, орман тәртібін бұзушылықтардан қорғау қағидалары, орман өрттерімен күрес құралдары мен тәсілдері және орман зиянкестері мен ауруларының биологиясы және олармен күресу тәсілдері;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      65. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

       жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл:

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі санатсыз лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

13-параграф. Орман (учаске) шебері

      66. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің жұмысында тікелей орман күтушіге және орман күтушінің көмекшісіне бағынады;

      учаскенің орманшы-қорықшы мемлекеттік инспекторларына, уақытша өрт қарауылдарына нұсқаулық беру жұмысын және олардың өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауын қамтамасыз етеді;

      айналымдар мен орманшы-қорықшыларға сеніп тапсырылған мүлікке ревизия жүргізеді, сондай-ақ халық арасында орман байлықтарын сақтау мен көбейту мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын және орманшы-қорықшылар арасында тәрбие жұмысын және олардың біліктілігін арттыру жұмысын жүргізеді;

      орман пайдаланушылардың ормандардағы өрт қауіпсіздігі, сүректерді түбірімен босату қағидаларын сақтауын, басты мақсатта пайдалануға кесу мен ағаштарды күтіп-баптау үшін кесу, шөп шабу, мал жаю және жанама пайдаланудың басқа да түрлері қағидаларының сақталуын тексереді және тәртіп бұзушылықтарды тыю жөнінде шаралар қабылдайды;

      орман өрттерін жою бойынша ол туралы орман күтушіге бір мезгілде хабарлай отырып шаралар қабылдайды;

      орманның санитариялық жай-күйін бақылайды және орманшылардың орманда зиянды орман жәндіктері мен аурулардың пайда болуы және таралуы туралы хабарламаларын тексереді;

      орман күтушінің тапсырмасы бойынша кеспеағаштарды бөлу мен таксациялауды, ағаш кесу орындарын, дайындалған орман материалдарын, шырындарын алуға бөлінген орман екпелерін куәландыруды іске асырады;

      ұзақ мерзімді орман пайдалануға бекітілген ормандарды қорғаудың жай-күйін тексереді;

      қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын сақтауын бақылайды;

      орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасын есепке алуды жүргізеді.

      67. Білуге тиіс:

      Конституциясы;

      Орман Кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орманшылықтың жұмысына қатысты ережелерді, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды және өзге де құжаттарды, өз учаскесінің шекаралары, учаскенің құрамына кіретін айналымдар, жақын маңдағы өрт-химиялық станциялардың орындары, өрт-бақылау бекеттері, полиция бекеттері мен бөлімшелері, орман өрттерімен күрес құралдары мен тәсілдері, орманды күзету және қорғау бойынша жұмыстарды механикаландыру технологиясы мен құралдары, орман зиянкестері мен ауруларының биологиясы және олармен күресу тәсілдері;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      68. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары кәсіби (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санаттағы орман шебері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл немесе біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санаттағы орман шебері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз орман шебері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санатсыз: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, біліктілігі орта деңгейлі бірінші санаттағы орман шебері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл немесе біліктілігі орта деңгейлі бірінші санаттағы орман шебері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе біліктілігі орта деңгейлі санатсыз орман шебері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және орман шаруашылығындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

14-параграф. Аумақ қорғау инспекторы

      69. Лауазымдық міндеттері:

      өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғауды қамтитын өзіне бекітіліп берілген учаскедегі табиғи кешендерді қорғауды жүзеге асырады;

      жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды;

      орман дақылдары, орман шаруашылығы, биотехникалық және есепке алу жұмыстарын, сондай-ақ табиғи кешендерді қорғау мен қалпына келтіруге бағытталған басқа да іс-шараларды жүргізеді;

      өртке қарсы және өзге де іс-шараларды жүргізуге қатысады;

      аншлагтардың, шекаралық бағаналардың, белгілердің, көпірлердің, соқпақтардың, өрт-қадағалау бекеттері мен шептерінің, байланыс желілерінің сақталуын қадағалайды және олардың жарамды күйде болуын қамтамасыз етеді;

      тұрғындар арасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзушылықтардың алдын алу мен өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      жануарлар санын есепке алуды қоса алғанда, ғылыми және ғылыми-зерттемелік жұмыстарды жүргізуге ұйымдар мен жақтаушы ұйымдардың қызметкерлері жәрдемдеседі;

      есептіліктер және өндірістік іс-шараларды орындау жөніндегі басқа да құжаттама жасайды;

      жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін, басқа тұлғалардың еңбек қауіпсіздікгі және оны қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғану қағидалары мен нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

      70. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      71. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Агрономия", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология", "Биология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санаттағы инспектор лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Агрономия", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология", "Биология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санаттағы инспектор лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Агрономия", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология", "Биология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз инспектор лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Агрономия", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология", "Биология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)"бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім, біліктілігі орта деңгейлі бірінші санаттағы инспектор лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім, біліктілігі орта деңгейлі екінші санаттағы инспектор лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім, біліктілігі орта деңгейлі санатсыз инспектор лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде екі жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

15-параграф. Экскурсия жүргізуші

      72. Лауазымдық міндеттері:

      ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның қорғау аймағына келушілердің экскурсияларын ұйымдастырады;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мамандарының бұқаралық ақпарат құралдарына сөз сөйлеулерін дайындауға, буклеттер, фотоальбомдар әзірлеуге, шығаруға және таратуға, слайдтарды, кино және бейнефильмдерді, анықтамалық материалдар мен өзге де ақпараттық-баспа өнімдерін, белгілерді, кәдесыйларды, рәміздік бұйымдарды жасауға қатысады;

      экологиялық тақырыптар бойынша ұйымдарда лекциялар, әңгімелер, сөз сөйлеулер, сондай-ақ басқа да экологиялық-ағарту іс-шараларын дайындау мен өткізуге, экскурсиялық және туристік маршруттарды әзірлеуге қатысады, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізеді, тікелей экскурсиялық қызметтермен айналысады;

      экскурсиялық және туристік соқпақтар мен маршруттарды, шолу алаңқайларын, ақпараттық бекеттерді құру мен қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      73. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      тұрғындармен экологиялық-ағарту жұмыстарын жүргізу нысандары мен әдістері, табиғат мұражайының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      74. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Туризм", "Экология", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санаттағы экскурсия жүргізуші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Туризм", "Экология", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санаттағы экскурсия жүргізуші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Туризм", "Экология", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз экскурсия жүргізуші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Туризм", "Экология", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіби білім (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі бірінші санаттағы экскурсия жүргізуші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіби білім (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі екінші санаттағы экскурсия жүргізуші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіби білім (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі екінші санаттағы экскурсия жүргізуші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіби білім (орта арнаулы, орта кәсіби) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

3-бөлім. Орман шаруашылығы ұйымдарының басшылары мен мамандары лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

1-тарау. Басшылар лауазымдары

1-параграф. Директор

      75. Лауазымдық міндеттері:

      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мекеменің өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;

      шаруашылық қызметтің барлық саласы бойынша өндірістік жоспарларды бекітеді;

      ормандар мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік күзетінің жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, ормандар мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік күзетіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы үшін дербес жауапкершілікте болады;

      ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру, орман пайдалануды реттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын, ұжымда жайлы психологиялық ахуал орнату бойынша шаралар қабылдайды.

      76. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      77. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдарда басшы лауазымдарда (орман күтуші, директордың орынбасары) жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2-параграф. Директордың орынбасары

      78. Лауазымдық міндеттері:

      өз міндеттерін орман шаруашылығы мекемесі басшысының жалпы басшылығымен атқарады;

      құрылымдық бөлімшелердің перспективалық және ағымдағы жоспарларын жасауға қатысуын ұйымдастырады;

      техникалық құралдардың, әкімшілік ғимараттардың, шаруашылық құрылыстардың, кордондардың және басқа да үй-жайлардың ақаусыз күйінде болуын қамтамасыз етеді;

      айналымдардың жоспарлы, жоспардан тыс, бақылау ревизияларын өткізуге қамтамасыз етеді;

      жергілікті халық арасында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

      орман мен жануарлар дүниесін жайғастыру, есепке алу олардың кадастры мен мониторингі бойынша іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді;

      мекеме басшысының басшылығымен ормандар мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік күзетінің жұмысын ұйымдастырады және ормандар мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік күзетіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы үшін жауаптылықта болады;

      ормандарды қорғау, күзету, молықтыру және орман өсіру, орман пайдалануды реттеу жұмысын ұйымдастырады;

      ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту жөнінде шаралар қолданады;

      79. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі,

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      80. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдарда басшы басшы лауазымдарында (орман күтуші, бас маман, бөлім басшысы) жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде бес жыл.

3-параграф. Орманшылық басшысы (Орман күтуші)

      81. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің лауазымдық міндеттерін директор мен оның орынбасарларының жалпы басшылығымен атқарады;

      өзінің құзіреті шегінде орманшылықтың өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;

      ормандарды өрттен, өз бетімен ағаштың заңсыз кесілуінен және басқа да орман тәртібін бұзушылықтардан қорғау, ормандарды зиянды жәндіктер мен орман ауруларынан қорғау жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ орман тұқымын дайындау ісі, ормандарды молықтыру, кеспеағаш қорын бөлу және сүректі түбірімен босату жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;

      өзінің орманшылығы бойынша өртке қарсы іс-шаралардың жылдық жедел жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      барлық жұмыскерлердің орманда өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауын қамтамасыз етеді;

      орманшылық аумағында орман өрттерін сөндіруді қамтамасыз етеді;

      ағаш кесу орындарына және дайындалған сүрекке куәландыру жүргізеді;

      орманшылықта орманның жай-күйіне қадағалау жасауды жүзеге асырады және орман ресурстарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      ағаш дайындаушыларға көмек көрсетеді және ұзақ мерзімді орман пайдалануға бекітілген ормандарда орман пайдаланудың дұрыстығын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады;

      орманшылық аумағында дала жұмыстарын орындауда орман орналастыру және басқа да жобалау-іздестіру партияларына көмектеседі, осы жұмыстардың сапасын қамтамасыз етеді;

      орманшылықтың мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің орман шаруашылығы, орман дақылдарын өсіру, ормандарды қорғау, өртке қарсы жұмыстарды жүргізу жөнінде білім алуын, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария бойынша білім алуы мен нұсқаулар беруін ұйымдастырады;

      еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шаралардың орындалуын, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді.

      82. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      ормандарда өртке қарсы алдын алу әдістері, орман өрттерімен күрес құралдары мен тәсілдері;

      орман зиянкестері мен ауруларының биологиясы және олармен күрес тәсілдері,

      орман дақылдарының өсімін молайту және орман өсіру бойынша заңнамалық актілері мен нұсқаулықтар және орман шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      83. Біліктілік талаптары:

      1) "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      2) "Орман шаруашылығы, "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)", "Аңшылықтану және аң өсіру", бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдарда (орман күтушінің көмекшісі, (учаскелік) орман шебері) жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

4-параграф. 2-үлгідегі орман өрт сөндіру стансасының басшысы

      184. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің құзыреті шегінде 2-үлгідегі орман өрт сөндіру станциясы қызметіне басшылық етеді;

      командалар жеке құрамының, сондай-ақ орман өрт сөндіру стансасына бекітілген техниканың мінсіз және толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      өрт қаупі бар маусым басталар алдында және оның өн бойында еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша нұсқаулықтар, сондай-ақ орман өрт сөндіру стансасының өртке қарсы қызметі жұмыскерлерінің орман өрттерін сөндіру бойынша жаттығуларын ұйымдастырады және өткізеді;

      орман өрт сөндіру стансасының өртке қарсы қызметінің жұмыскерлеріне өрт сөндіру техникасы мен құралдарын, байланыс құралдарын бөліп береді;

      ауа райы жағдайлары бойынша ормандағы өрт қаупінің сыныбын анықтауды ұйымдастырады;

      өрттің шығуы барынша ықтимал жерлерде қарауылдау ұйымдастырады;

      өрт-қадағалау мұнарасынан (бекетінен), авиациялық қарауылдау тікұшағынан (ұшағынан), орман өрт сөндіру стансасы қызмет көрсететін аумақта өрт шыққаны туралы ақпараттың басқа да көздерінен хабар алған кезде орман өрт сөндіру стансасының өртке қарсы қызметі жұмыскерлерінің өрт сөндіру техникасымен орман өрті болып жатқан жерге баруын қамтамасыз етеді;

      команданың жеке құрамының әрбір қызметкерінің кезекшілікке, өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарына қызмет көрсетуге, өрттерді сөндіруге жұмсаған уақытын есепке алуды жүргізеді;

      орман өрт сөндіру стансасының өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын жөндеу жұмысын ұйымдастырады;

      орман өрт сөндіру стансасының өрт сөндірудің от өшіретін химиялық құралдарының, өрт сөндіру техникасы мен мүкәммалының сақталуын және тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі және орман заңнамасы салаларындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады;

      қызметкерлердің еңбек және өндірістік тәртіпті, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғану қағиадаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      85. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілері, орман өртін сөндіру стансасының қызметіне қатысты бұйрықтар, өкімдер және өзге де материалдар, жол құрылысы, өртке қарсы тосқауылдар мен су айдындарының орналасуы, оларға бару жолдары, орман өрттерімен күрес құралдары және тәсілдері, ормандардағы өртке қарсы алдын алу әдістері, орман шаруашылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық отандық және шетелдік тәжірибе, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы механикаландыру құралдары, оларды техникалық пайдалану қағидалары;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      86. Біліктілік талаптары.

      1) "Орман ресурстары және орман өсіру", "Өрт қауіпсіздігі" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымда жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      2) "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс", "Ағаш дайындау технологиясы", "Өрт қауіпсіздігі" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымда жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

5-параграф. Тұқымбақ басшысы

      87. Лауазымдық міндеттері:

      орман тұқымбағының көшеттік материал өсіру жөніндегі өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;

      орман тұқымбағының бекітілген өндірістік жоспарының белгіленген мерзімде орындалуын және жұмыс сапасын, еңбекті ғылыми ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың енгізілуін қамтамасыз етеді;

      көшеттік материал жөніндегі қажеттіліктің есеп-қисабын жасайды;

      тұқымбақта жұмыс істеу үшін бригада құруды жүзеге асырады (олардың сандық және кәсіби-біліктілік құрамы);

      бекітілген жоспарға сәйкес орман тұқымдарының үлгілерін сұрыптауды және оларды сапасын бақылау үшін орман тұқымы станциясына жіберуді, көшеттік материал өсіру мен өткізуді ұйымдастырады;

      көшеттік материал өсіру үшін жоғары сапалы тұқымдар пайдалануды және өндірістік алаңдарды, тыңайтқыштарды, жабдықтарды, машиналар мен механизмдерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

      тұқымбақ бойынша техникалық құжаттама мен белгіленген есептіліктің жүргізілуін, жұмысшылардың өнімділік нормаларын орындауын, жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      орындалған жұмыстарды есепке алу мен қабылдауды жүргізеді, олардың сапасын қамтамасыз етеді;

      тұқымбақта жұмысты ұйымдастырудың озық тәжірибесін зерделейді;

      еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидаларының сақталуын, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      88. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы бойынша заңнамалық актілер, тұқымбақтың өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулықтар, орман тұқымбағында көшеттік материал өсірудің агротехникасы мен технологиясы, қалемшелер мен көшеттердің зиянкестері мен ауруларының биологиясы, олармен күрес тәсілдері және құралдары, тұқымбақта жұмыс істеуге арналған механикаландыру құралдары, ағаш өсіру және орман тұқымбағы ісінің негіздері, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      89. Біліктілік талаптары:

      1) "Орман ресурстары және орман өсіру", "Агрономия" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымда жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      2) "Орман шаруашылығы, "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымда жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

2-тарау. Мамандар лауазымдары

1-параграф. Орман күзету және қорғау инженері

      90. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің лауазымдық міндеттерін директор мен оның орынбасарларының жалпы басшылығымен атқарады;

      орман өрттерінің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу, оларды дер кезінде анықтау және жою жұмыстарын ұйымдастырады;

      ормандарды ағаштың заңсыз кесілуінен және Қазақстан Республикасы орман заңнамасының өзге де бұзушылықтарынан қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

      мемлекеттік орман қорының аумағын өртке қарсы және санитариялық жайластыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      өртке қарсы қызметтің жұмысын ұйымдастырады, өртке қарсы техника мен мүкәммалдың жай-күйі мен дұрыс пайдаланылуын, қадағалау мұнараларын салуды және жөндеуді, телефон және радио байланысын қамтамасыз етеді;

      аумақтар айналымдарын жоспарлайды және жүзеге асырады;

      жеке және заңды тұлғалардың ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидалары мен санитариялық қағидаларды сақтауын, сондай-ақ орманшылықтарда мемлекеттік орман күзетінің жұмысын тексереді;

      ормандарды жерден және авиациямен қорғау қызметін үйлестіреді;

      мемлекеттік орман қоры аумағында орман патологиялық мониторингін жүргізуді, орман зиянкестерімен және ауруларымен күресу жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ орман өрттерімен және зиянкестерімен күресу кезінде қолданылатын химикаттарға, машиналар мен жабдықтарға өтінімдер ұйымдастырады;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады;

      хаттамалардың дұрыс және уақытында толтырылуын қадағалайды және айыппұлдар мен талап-арыздарды өндіріп алу хаттамалардың құқық қорғау органдары мен соттарға берілуін қамтамасыз етеді;

      орман күзетін нысанды киіммен, көлік құралдарымен, таңбалармен, кеуде белгілерімен, қызметтік куәліктермен және қарумен материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлайды;

      мемлекеттік орман күзеті жұмыскерлерінің, уақытша өрт сөндіру күзетшілерінің және өрт сөндіру командаларының жеке құрамының біліктілігін арттыру бойынша оқыту жұмысын жүргізеді;

      басқа ұйымдардың күштері мен құралдарын ірі өрттерді жоюға тарту бойынша олармен шарттар дайындауды қамтамасыз етеді;

      орман күзету және қорғау бойынша есеп пен есептілік жүргізеді.

      91. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      ормандарда өрттің алдын алуға қатысты әдістемелік және басқа да материалдар, орман өрттерімен күрес құралдары және тәсілдері, орман күзету және қорғау жөніндегі жұмыстарды механикаландыру технологиясы және құралдары, орман зиянкестері мен ауруларының биологиясы, олармен күрес тәсілдері, зиянкестермен және аурулармен күресудің қолдануға рұқсат етілген химиялық және биологиялық құралдары, ормандарды күзету және қорғау жөніндегі жұмыстар технологиясы және оны механикаландыру саласындағы ғылым жетістіктері және озық, отандық және шетелдік ұйымдардың тәжірибесі;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      92. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі бірінші санатты жоғары деңгейлі орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде төрт жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде алты жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі екінші санатты жоғары деңгейлі орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі бірінші санатты орта деңгейлі орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде бес жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде жеті жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

2-параграф. Ормандарды қалпына келтіру инженері (ормандарды молықтыру және орман өсiру инженері)

      93. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің лауазымдық міндеттерін директор мен оның орынбасарларының жалпы басшылығымен атқарады;

      ағашы кесілген жерлерде, өртеңдерде және мемлекеттік орман қоры жерлерінің өзге де санаттарында ормандарды уақытында қалпына келтіру, ормандардың тұқымдық құрамын жақсарту және олардың өнімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін тұқымдар мен көшеттік материал жөніндегі қажеттіліктің ғылыми және техникалық негізделген нормаларына сәйкес мекеменің мемлекеттік орман қоры учаскелерінде уақытша және тұрақты орман тұқымы учаскелерін, орман тұқымы плантацияларын құру бойынша жұмыстар жүргізеді;

      орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді және сақтауды, орман дақылдары және орман тұқымбағы жұмыстары технологиясының дер кезінде жүргізілуін және сақталуын, сондай-ақ осы жұмыстарды ұйымдастыру және орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидаларының сақталуын ұйымдастырады;

      орман дақылдарын, орман тұқымбақтарын, орман тұқымдарын есепке алу кітаптарын, сондай-ақ орман дақылдары бойынша есеп пен белгіленген есептілікті жүргізеді;

      орман шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру, орман дақылдарын өндіруде жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және оларды енгізуді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар әзірлейді;

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады;

      ормандарды қалпына келтіру жұмыстарының технологиясын және механикаландыру құралдарын жетілдіру бойынша рационализаторлық ұсыныстарды қарайды.

      94. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдар, ормандарды қалпына келтіру жұмыстарының технологиясы мен оларды механикаландыру саласындағы ғылым жетістіктері, орман тұқымбақтарындағы орман тұқымдарын дайындау және өңдеу жөніндегі жұмыстар;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      95. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

       жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі бірінші санатты орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде төрт жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде алты жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі екінші санатты орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бірінші санатты орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде бес жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде жеті жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және екінші санатты орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санаты жоқ: ""Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

3-параграф. Орман шикізаты ресурстары инженері (орман пайдалану инженері)

      96. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің лауазымдық міндеттерін директор мен оның орынбасарларының жалпы басшылығымен атқарады;

      мекеменің мемлекеттік орман қоры аумағында Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленген орман пайдаланудың барлық түрін ұйымдастырады;

      кеспеағаштарды кесуге жоспарлауды, бөлуді және оларды кесуге дайындауды жүзеге асырады, ағаш кесу және сүректі түбірімен босату қағидаларының сақталуын, ағаш кесілген жерлердің тазартылуын, ормандарда өрт қауіпсіздігінің сақталуын, сондай-ақ орман ресурстарын жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру кезінде олардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      кеспеағаштарды бөліп беру сапасын және орманшылықтарда орман пайдалану бойынша техникалық құжаттаманың жүргізілуін тексереді;

      кеспеағаш қорын бөліп беру бойынша, жанама орман пайдалануға арналған жиынтық құжаттаманы, орман шығысын, жаппай ағаш кесу, орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу жүргізілген алқаптарды есепке алу, орман қоры мен орман кадастрын есепке алу кітаптарын жүргізеді;

      орман пайдалану бойынша өндірістік-қаржы жоспары мен жұмыстардың жедел-күнтізбелік жоспарларын жасауға, сондай-ақ ормандарда өртке қарсы алдын алу іс-шараларын әзірлеуге және енгізуге қатысады;

      орман шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру, ағаш кесуде жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлейді;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады;

      орман пайдалануды ұйымдастырудың озық отандық және шетелдік тәжірибесін зерделейді және оның енгізілуін қамтамасыз етеді.

      97. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман қорғау жөніндегі ережелер, нұсқаулықтар, бұйрықтар және басқа да материалдар, техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидалары, ағаш-бұта тұқымдыларының биологиясы, орман энтомологиясы, орман фитопатологиясы, орман зиянкестері мен ауруларының биологиясы және олармен күрес тәсілдері, зиянкестермен және аурулармен күресудің химиялық және биологиялық құралдары;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      98. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі бірінші санатты орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде төрт жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде алты жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі екінші санатты орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бірінші санатты орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде бес жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде жеті жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және екінші санатты орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санаты жоқ: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

4-параграф. Орман патологы-инженері

      99. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің лауазымдық міндеттерін директор мен оның орынбасарларының жалпы басшылығымен атқарады;

      орманның санитариялық жай-күйін жақсартуға және оның қорғаныштық және санитариялық-гигиеналық функцияларын сақтауға бағытталған санитариялық-сауықтыру және құтқару-жою іс-шараларының жобаларын әзірлеу үшін орман патологиялық тексерулер жүргізеді;

      орман зиянкестері мен ауруларының шекараларын, екпе ағаштардың санитариялық және орман патологиялық жай-күйін анықтайды және нақтылайды;

      орман зиянкестері мен ауруларының түрлік құрамын, санын және таралуын анықтайды;

      зиянкестер популяциясының жай-күйіне талдау жүргізеді;

      алынған деректер негіздерінде зиянкестер популяциясының бұдан әрі дамуына болжам жасайды және құтқару-жою іс-шараларын жүргізудің орындылығы немесе санитариялық ағаш кесу көлемдері мен басқа да орман қорғау іс-шаралары туралы ұсыныстарын дайындайды;

      екпе ағаштарды сауықтыруға, сондай-ақ олардың қорғаныштық және санитариялық-гигиеналық функцияларын сақтауға бағытталған орман қорғау, орман шаруашылығы және ұйымдастыру іс-шараларының кешенін әзірлейді;

      қадағалау материалдарын өңдейдi, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының жиынтық ведомостерін, жобаланатын санитариялық-сауықтыру iс-шараларының ведомостарын жасайды және орман зиянкестерiнiң ошақтарын жерүстінен және авиациямен өңдеудi жүргiзу жобаларын жасау үшiн қажеттi есептер жүргiзедi;

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексіе сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады;

      орман қорғау жұмыстарын жүргізу кезіндегі жұмысшылармен еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша нұсқаулық жүргізеді.

      100. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      мекеменің өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, орман қорғау бойынша ережелер, нұсқаулықтар, бұйрықтар және басқа да материалдар, техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидалары, ағаш-бұта тұқымдыларының биологиясы, орман энтомологиясы, орман фитопатологиясы, орман зиянкестері мен ауруларының биологиясы және олармен күрес тәсілдері, зиянкестермен және аурулармен күресудің химиялық және биологиялық құралдары;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      101. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "фитопатология және энтомология мамандығы" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі бірінші санатты орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде төрт жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде алты жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "фитопатология және энтомология мамандығы" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі екінші санатты орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "фитопатология және энтомология мамандығы" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология", "фитопатология және энтомология мамандығы" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі бірінші санатты орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде бес жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде жеті жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі екінші санатты орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және орман шаруашылығы саласындағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санаты жоқ: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

5-параграф. Аңшылықтанушы

      102. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің лауазымдық міндеттерін бас директордың және оның орынбасарларының жалпы басшылығымен орындайды;

      өзінің құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану бойынша іс шаралар әзірлейді;

      жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, кадастрын және мониторингін жүргізеді;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады;

      жануарлар дүниесі қауымдастықтарының биологиялық әртүрлілігі мен тұтастығын сақтау бойынша іс-шаралардың табиғи еркіндік пен мекендеу ортасына сәйкес жүргізілуін ұйымдастырады;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады;

      жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген түрлерінің өлім-жітіміне, санының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қолданады;

      жаппай ауыру, дүлей күш апаттары кезінде немесе және басқа да себептер салдарынан қырылу қаупі төнген жағдайларда жануарларға көмек ұйымдастырады және көрсетеді;

      биотехникалық, аңшылық шаруашылығы іс-шараларын өткізу бойынша жоспарлар мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      аңшылық алқаптарды пайдалануды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді және жасайды;

      аңшылық шаруашылығы үшін зиянды жабайы жануарлардың санын реттеу бойынша қорықшылар құрамының және қажет болған жағдайда жергілікті аңшылардың жұмысын ұйымдастырады;

      жануарлардың ветеринариялық жай-күйін қадағалайды;

      қорықшылар құрамының біліктілігін арттыру бойынша сабақтар мен нұсқаулықтар өткізеді.

      103. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, аңшылық шаруашылығын жүргізу мәселелері бойынша ережелер, нұсқаулықтар, бұйрықтар және басқа да материалдар, жабайы жануарлар биологиясы, оларды аулау тәсілдері мен техникасы;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      104. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі бірінші санатты аңшылықтанушы лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі екінші санатты аңшылықтанушы лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі санатсыз аңшылықтанушы лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі бірінші санатты аңшылықтанушы лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі екінші санатты аңшылықтанушы лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі санатсыз аңшылықтанушы лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

6-параграф. Орманшылық басшысының көмекшісі (бас орман күтушінің көмекшісі)

      105. Лауазымдық міндеттері:

      өзiнiң жұмысында тiкелей орман күтушіге бағынады;

      орманшылықтың өндірістік қызметіне техникалық басшылық жасауды жүзеге асырады;

      ағаш кесу, орман тұқымы ісі, екпе материалын өсіру, ормандардың өсімін молайту және орман өсіру, ормандарды өрттер мен заңсыз ағаш кесулерден және орман бұзушылықтың басқа да түрлерінен қорғау, ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      кеспеағаштарды бөліп беру және таксациялау жөніндегі жұмысты орындайды;

      орман шеберлерінің, орман күтуші қорықшылардың, уақытша өрт сөндіру күзетшілері мен өрт сөндіру командаларының өртке қарсы алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін оларға жүктелген міндеттерді уақытында және дәлме-дәл орындауын қамтамасыз етеді;

      орманшылық аумағында жұмыс істейтін орман пайдаланушылардың сүректі түбірімен босату, басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу ережелерін, санитариялық ережелерді және жанама орман пайдалану, өрт қауіпсіздігі және ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      айналымдар мен учаскелер тексерісін және ұзақ мерзімді орман пайдалануға бекітілген ормандарды күзетудің жай-күйін тексеруді жүргізеді;

      жобалау-іздестіру жұмыстарының орындалуын, сондай-ақ қолданыстағы нормативтердің, өнімділік және бағалау нормаларының қолданылуын бақылауды жүзеге асырады;

      орман шеберлеріне, орман күтуші қорықшылар мен жұмысшыларға техникалық оқу жүргізеді және өндірістік нұсқама береді;

      орман дақылдары мен қорғаныстық екпе ағаштары өндірісінің жобаларын әзірлейді;

      орманшылықта техникалық құжаттаманы, орман қорының есебін жүргізеді және таксациялық сипаттамалар мен картографиялық материалдарға ағымдағы өзгерістерді жүйелі түрде енгізіп отырады.

      106. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орманшылықтың өндірістік-шаруашылық қызметі жөніндегі ережелер, нұсқаулықтар, бұйрықтар және басқа да материалдар, ормандарды өрттерден, орман тәртібін бұзушылықтардан қорғау қағидалары, орман өрттерімен күресу құралдары және тәсілдері, өндіріс технологиясы, механикаландыру құралдары мен пайдалану қағидалары, орман зиянкестері мен ауруларының биологиясы және олармен күрес тәсілдері, орман күзету және қорғау жөніндегі жұмыстардың технологиясы мен оларды механикаландыру саласындағы ғылым жетістіктері мен озық отандық және шетелдік кәсіпорындар тәжірибесі;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      107. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санатты бас орман күтушінің көмекшісі лауазымында жұмыс өтілі кемінде төрт жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде алты жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санатты бас орман күтушінің көмекшісі лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бірінші санатты бас орман күтушінің көмекшісі лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бірінші санатты бас орман күтушінің көмекшісі лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бірінші санатты бас орман күтушінің көмекшісі лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санаты жоқ: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім; жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

7-параграф. (Учаскелік) орман шебері

      108. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің жұмысында тікелей орманшылық басшысына (орман күтуші) және бас орман күтушінің көмекшісіне бағынады;

      өз учаскесінің орманшыларын, қорықшыларын, уақытша өрт қарауылдарын жұмыспен қамтамасыз етеді және оларға нұсқаулық береді, олардың лауазымдық міндеттерінің орындауын қамтамасыз етеді;

      айналымдарға және орманшыларға, қорықшыларға сеніп тапсырылған мүлікке ревизия өткізеді, сондай-ақ халық арасында орман байлығын сақтау мен көбейту мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын және орманшылар, қорықшылар арасында тәрбие жұмысын және олардың біліктілігін арттыру жұмысын жүргізеді;

      орман пайдаланушылардың ормандардағы өрт қауіпсіздігі, сүректі түбірімен босату қағидаларын сақтауын, басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және орманға күтім жасау үшін ағаш кесу, шөп шабу, мал жаю және жанама пайдаланудың басқа да түрлері қағидаларының сақтауын тексереді, тәртіп бұзушылықтарды тыю жөнінде шаралар қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады;

      орман өрттерін жою бойынша шаралар қабылдап, бұл жайында орман күтушіге бір мезгілде хабарлайды;

      орманның санитариялық жай-күйін бақылайды және зиянды орман жәндіктері мен орман ауруларының пайда болуы және таралуы туралы орманшылардың хабарламаларын тексереді;

      орман күтушінің тапсыруы бойынша кеспеағаштарды бөлу мен таксациялауды, ағаш кесу орындарын, дайындалған ағаш материалдарын, шырындар алуға бөлінген орман екпелерін куәландыруды іске асырады;

      ұзақ мерзімді орман пайдалануға бекітілген ормандарды қорғаудың жай-күйін тексереді;

      орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасын есепке алуды жүргізеді;

      қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

      109. Білуге тиіс:

      Конституциясы;

      Орман Кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орманшылықтың жұмысына қатысты ережелер, нұсқаулықтар, бұйрықтар және өзге де құжаттар, өз учаскесінің шекарасы, учаскенің құрамына кіретін айналымдар, жақын маңдағы өрт-химиялық станциялар, өрт-бақылау бекеттері, полиция бекеттері мен бөлімшелері орналасқан жерлері, орман өрттерімен күрес құралдары мен тәсілдері, орманды күзету және қорғау бойынша жұмыстардың технологиясы және оларды механикаландыру құралдары, орман зиянкестері мен ауруларының биологиясы және олармен күресу тәсілдері;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      110. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты орман шебері лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты орман шебері лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз орман шебері лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі бірінші санаттағы орман шебері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және біліктілігі орта деңгейлі бірінші санаттағы орман шебері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе біліктілігі орта деңгейлі санатсыз орман шебері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және орман шаруашылығындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

8-параграф. Орманшы (инспектор)

      111. Лауазымдық міндеттері:

      ағаштың заңсыз кесілуін, мал жаюды және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудың басқа да түрлерiн болдырмау бойынша шаралар қабылдайды;

      орман өртi шыққан жағдайда мемлекеттiк орман күзетiнiң жоғары тұрған қызметкерлеріне өрт туралы бiр мезгілде хабарлап, оны жою жөнінде шаралар қолданады;

      айналым аумағында барлық жұмыс iстейтін мен орналасқан ұйымдардың, сондай-ақ орманда жүрген жеке тұлғалардың Ормандардағы өрт қауiпсiздiгi қағидаларын, ормандардағы санитариялық қағидаларды сақтауы бойынша жұмыс жүргiзедi, барлық тәртіп бұзушылықтар туралы орман шеберіне дереу хабарлайды, ал қажет болған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады;

      өзiнiң айналымында көпiрлердiң, өрт мұнараларының, телефон желiсiнiң, межелік, орман орналастыру және орман шаруашылығы белгілерiнiң сақталуын қадағалайды;

      айналым кезінде анықталған зиянды жәндiктердiң ошақтары, орман аурулары, сүрекдіңдердің қурауы және орман шаруашылығына нұқсан келтiруi мүмкiн басқа да құбылыстар туралы орман мастеріне немесе орманшылыққа хабарлайды;

      сүрек дайындауға, мал жаюға, шөп шабуға және орман пайдаланудың басқа түрлерiне құқық беретін құжаттарды зерделейді;

      орман өрттерiнiң шығуына кiнәлi тұлғаларды ұстайды;

      бекітілген айналымдағы орманды, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті күзетуді жүзеге асырады;

      орман заңнамасы мен өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларының анықталған тәртіп бұзушылықтары, орман өрттері, орман қоры жерлерінде аң аулау қағидалары туралы өкімдер, нұсқаулар береді, хаттамалар толтырады және оларды орманшылыққа немесе орман шеберіне тапсырады;

      орман тәртібін бұзуға және аң аулау қағидаларын бұзуға кінәлі тұлғаларды белгіленген тәртіппен ұстайды;

      белгіленген тәртіппен заттарды қарап-тексереді, сондай-ақ құқық бұзушылардан орман және аңшылық өнімін, тәртіп бұзу құралдарын және олардың құжаттарын алып қояды;

      халық арасында ормандар мен жануарлар дүниесін күзету және қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді;

      жоғары тұрған лауазымды тұлға келгенге дейін орман өрттерін сөндіру жұмыстарын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      бекітілген айналым шегінде орман шеберіне орман шаруашылығы және орман дақылдары жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуде, кеспеағаштар, сондай-ақ шөп шабу, жайылым мен басқа да пайдалану түрлері үшін орман алқаптарын бөліп беруге бақылау жасауда, орман орналастыруды жүргізу кезінде шекараларды, межелік белгілерді, орамдық орман жолдарын, бағандарды және басқаларды тұрған күйінде көрсетіп беруде көмек көрсетеді.

      112. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      айналымның топографиялық, ландшафттық және орман өсу жағдайлары мен ерекшеліктері, ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидалары мен санитариялық қағидалар, сүректі түбірімен босату қағидалары, аң аулау қағидалары мен мерзімдері, шөп шабу, мал жаю және басқа да жанама орман пайдалану қағидалары, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы қағидалары;

      орман заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік нормалары;

      орманшы жұмысына қатысты ережелер, нұсқаулықтар, бұйрықтар, өкімдер және басқа да материалдар;

      тұқым себу мен ағаш отырғызу және орманның табиғи жаңаруына, оған және орман дақылдарына күтім жасауға, жанама орман пайдалануға, орман тұқымдарын дайындауға көмектесу жұмыстарын ұйымдастыру және олардың технологиясы;

      орман өрттерін сөндіру тәсілдері мен құралдары, зиянды орман жәндіктері мен орман ауруларының пайда болу және таралу нышандары;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      113. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      санатсыз: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Экология және табиғат пайдалану", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Биология бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      санатсыз: жалпы орта білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

9-параграф. Диспетчер

      114. Лауазымдық міндеттері:

      жол жүру парақтарын және тауар-көлік ілеспе құжаттарын толтырады, береді және қабылдайды;

      олардың дұрыс ресімделуін, тауар-көлік ілеспе құжаттарында деректемелері мен мөртабандарының болуын тексереді;

      маршруттардағы көлік құралдарының жолға шығу және қозғалыс кестелерін сақтауын, таксомоторларға арналған тапсырыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      жол құжаттамасының тіркеу журналдарында тіркелуін жүзеге асырады немесе деректер банкін құрады;

      спидометр көрсеткіштерінің, жанар-жағармай материалдарын алу және олардың қалдығы жазбаларының дұрыс болуын қамтамасыз етеді;

      мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жұмысын орындайды (негізгі құрал-жабдықтарды, тауар-материалдық құндылықтарды, өнім өндіру, өткізу шығындарын, шаруашылық-қаржы нәтижелерін есепке алу, өнім жеткізіп берушілермен және тапсырыс берушілермен, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу және тағы да басқалар);

      есептілік жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректер дайындайды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;

      бухгалтерлік ақпарат деректерінің базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстар жүргізеді, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізеді;

      есептеу техникасының көмегімен шешілетін міндеттердің не олардың жекелеген кезеңдерінің экономикалық тұрғыда қойылуын қалыптастыруға қатысады, экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық тұрғыда негізделген жүйесін жасауға мүмкіндік беретін дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламалар топтамасын пайдалану мүмкіндігін анықтайды.

      115. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      осы саланың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      116. Біліктілік талаптары:

      1) жоғары санатты маман:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық және есеп пен бақылау бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

4-бөлім. Мамандандырылған ұйымдарының басшылары мен мамандары лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

1-бөлімше Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі ұйымдар

1-тарау. Басшылар лауазымдары

1-параграф. Басшы (бастық)

      117. Лауазымдық міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес мекеменің өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;

      шаруашылық қызметтің барлық саласы бойынша өндірістік жоспарларды бекітеді;

      ормандарды, жануарлар дүниесін, табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен басқа да объектілерін күзетуді қамтамасыз етуді, олардың аман сақталуы, қорғалуы және молықтырылуы үшін профилакикалық іс-әрекеттерді, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ресурстарын мемлекеттік реттеуді және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, өмір сүру мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық ахуал орнату бойынша шаралар қолданады;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау режимін, экологиялық стандарттар мен нормативтерді сақтауды қамтамасыз етеді, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында заңнаманы бұзудың алдын алу және болдырмау жөнінде шаралар қолданады;

      еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

      118. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі,

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      119. Біліктілік талаптары.

      "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Балық шаруашылығы", "Электроэнергетика", "Юриспруденция", бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұйымда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде бес жыл немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

2-параграф. Басшының өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары

      120. Лауазымдық міндеттері:

      өз міндеттерін бөлімше туралы ережеге сәйкес бөлімше басшысының жалпы басшылығымен орындайды;

      құрылымдық бөлімшенің перспективалық және ағымдағы жоспарлар жасауға қатысуын ұйымдастырады;

      бөлімшенің құзыретіне кіретін жұмыс мәселелері бойынша озық отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді және жинақтайды;

      ұйым мен бөлімшенің перспективалық жұмыс жоспарларын дайындауға қатысады;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін қорғау саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу және болдырмау, теориялық және практикалық білімді арттыру бойынша құрылымдық бөлімше мамандарының жұмысын ұйымдастырады;

      еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларының және санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді, бағынысты қызметкерлердің еңбек тәртібінің жай-күйін қамтамасыз етеді;

      өндірісті ұйымдастыру және басқаруды, жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыруды жетілдіру, ғылыми зерттеулер мен эксперименттер, жаңа техника мен технологияларды сынау жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау режимінің, экологиялық стандарттар мен нормативтердің сақталуын қамтамасыз етеді;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу және болдырмау жөнінде шараларды қолданады, есептілік нысандарын жүргізеді;

      жануарлар дүниесін қорғау, есепке алу және мониторингі бойынша іс-шаралар жүргізеді;

      құрылымдық бөлімшенің инспекторлық қызметі қызметкерлерінің техникалық білімін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырады;

      өрт қаупі бар кезеңге дайындалу бойынша іс-шаралар әзірлейді.

      121. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен

      жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      122. Біліктілік талаптары.

      "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология және табиғат пайдалану", "Биология" бойынша: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мына мамандықтар "Орман шаруашылығы", "Аңтану және аң өсіру" және бейінге сәйкес келетін ұйымда жұмыс өтілі кемінде екі жыл.

3-параграф. Басшының материалдық-техникалық қамтамасыз ету және автокөлік пайдалану жөніндегі орынбасары

      123. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің құзыреті шегінде басшылық жасауды жүзеге асырады және ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      бар үй-жайлардың, құрылыстардың және жабдықтардың жай-күйіне техникалық қадағалау жасалуын және жөнделуін қамтамасыз етеді;

      материалдық ресурстардың дұрыс жұмсалуын қамтамасыз етеді;

      пайдалану және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидаларының, экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      жаңа жабдықтар қабылдау мен орнатуға, тиімділігі төмен жабдықтарды жаңартуға және оларды өнімділігі жоғары жабдықтармен ауыстыруға, қолмен істелетін ауыр және көп еңбекті қажет ететін жұмыстарды механикаландыру құралдарын енгізуге қатысады;

      жабдықтардың барлық түрін, оның ішінде амортизациялық мерзімін өтеген және моральдық тұрғыда ескірген жабдықтарды есепке алуды, оларды есептен шығаруға құжаттар дайындауды ұйымдастырады;

      мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтау мақсатында жабдықтардың, жекелеген бөлшектер мен тораптардың жұмыс істеу жағдайларын зерделейді;

      механизмдердің тораптары мен бөлшектерін жөндеу және қалпына келтірудің прогрессивті әдістерін, сондай-ақ жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзарту, оның бос тұрып қалуын қысқарту және ауысымдылығын арттыру, авариялар мен өндірістік жарақаттың алдын алу, жөндеудің көп еңбекті қажет етуі мен өзіндік құнын азайту, оның сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді және енгізеді;

      цех жабдықтарының техникалық дәлдігін тексеруге, жабдықтарды тиімді пайдалануға көмектесетін олардың оңтайлы жұмыс режимдерін орнатуға, жабдықтарды техникалық пайдалану, майлау оларға күтім жасау бойынша, жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулықтар әзірлеуге қатысады.

      124. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      125. Біліктілік талаптары:

      1) "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұйымдардағы басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақ немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      2) "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде бес жыл немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақ немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

4-параграф. Филиал директоры

      129. Лауазымдық міндеттері:

      филиал қызметін қамтамасыз етеді;

      филиалдың жұмысын ұйымдастырады және филиал мүлкінің аман сақталуын, сметалық-қаржы, шарт және еңбек тәртібінің сақталуын, істің шаруашылық тұрғыда жүргізілуін, жануарлар дүниесін, оның мекендеу ортасын, жануарлардың көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен жиналу орындарын және олардың биологиялық әртүрлілігін сақтауды, таралымдарды қалпына келтіруді және жануарлар дүниесі объектілерінің өсімін молайтуды қамтамасыз етеді;

      бұқаралық ақпарат құралдарында жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауға, молықтыруға және пайдалануға байланысты проблемалар мен оқиғаларды көрсетеді;

      филиал қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады;

      жануарлар дүниесінің интродукциясы мен реинтродукциясы бойынша жұмыстар ұйымдастырады;

      филиал қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын, шарт және қаржы тәртібін нығайтуды, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді қамтамасыз етеді.

      130. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      131. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология және табиғатты пайдалану", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде бес жыл немесе жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақ немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

5-параграф. Филиал директорының орынбасары

      132. Лауазымдық міндеттері:

      басшылықты жүзеге асырады және өндірістік-шаруашылық іс-шаралар жоспарларының, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі және филиал қызметіне байланысты жұмыстың барлық түрі бойынша іс-шаралардың орындалуына берілген өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      филиал бойынша өндірістік-шаруашылық іс-шараларының жоспарларын, оның ішінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша жоспарлар әзірлейді және олардың орындалуын жүзеге асырады;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алу және болдырмау, теориялық және практикалық білімді арттыру бойынша филиал жұмысын ұйымдастырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарды, қағидаларды және басқа да директивалық нұсқауларды сақтауын және орындауын қамтамасыз етеді;

      жануарлар дүниесін есепке алу және оның мониторингі, оны қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шараларды өткізеді;

      бұқаралық ақпарат құралдарында жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғауға, молықтыруға және пайдалануға байланысты проблемалар мен оқиғаларды көрсетеді.

      133. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі,

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық мен заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      134. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология және табиғат пайдалану", "Биология" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде үш жыл және жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақ немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

6-параграф. Құрылымдық бөлімшенің (басқарманың, бөлімнің, қызметтің) басшысы

      135. Лауазымдық міндеттері:

      Бөлімше туралы ережеге сәйкес құрылымдық бөлімшенің қызметін қамтамасыз етеді;

      ұйым мен бөлімшенің перспективалық жұмыс жоспарларын дайындауға қатысады;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу және болдырмау, теориялық және практикалық білімді арттыру бойынша құрылымдық бөлімше мамандарының жұмысын ұйымдастырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарды, қағидаларды және басқа да директивалық нұсқауларды сақтауы мен орындауына бақылау жасайды;

      қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды;

      еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларының және санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      бағынысты қызметкерлердің еңбек тәртібінің жай-күйін қамтамасыз етеді;

      жануарлар дүниесі объектілерінің интродукциясы мен реинтродукциясы, жануарлар дүниесінің есебі мен мониторингі бойынша жұмыстар ұйымдастырады;

      бұқаралық ақпарат құралдарында жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғауға, молықтыруға және пайдалануға байланысты проблемалар мен оқиғаларды көрсетеді.

      136. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      137. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде бес.

7-параграф. Құрылымдық бөлімше (басқарма, бөлім, қызмет) басшысының орынбасары

      135. Лауазымдық міндеттері:

      өз міндеттерін Бөлімше туралы ережеге сәйкес бөлімше басшысының жалпы басшылығымен орындайды;

      өзінің қызметін жүзеге асыру кезінде бөлімше қызметкерлеріне жануарлар дүниесін, табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен басқа да объектілерін күзету, қорғау, молықтыру бойынша өндірістік-шаруашылық іс-шараларын атқару жөнінде нұсқаулар береді;

      перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын жасауға құрылымдық бөлімшенің қатысуын ұйымдастырады, өндірістік қызметтің ұзақ мерзімді стратегиясын айқындайды;

      техникалық құралдардың, әкімшілік үйлердің, шаруашылық үй-жайлардың, кордондардың және басқа да құрылыстардың ақаусыз күйде болуын қамтамасыз етеді, бюджеттік бағдарламаның жоспарына сәйкес жөндеу және құрылыс жоспарларын ұйымдастырады;

      ұйым мен бөлімшенің перспективалық жұмыс жоспарларын дайындауға қатысады;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін қорғау саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу және болдырмау, теориялық және практикалық білімді арттыру бойынша құрылымдық бөлімшенің жұмысын ұйымдастырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарды, қағидаларды және басқа да директивалық нұсқауларды сақтауы мен орындауына бақылау жасайды;

      қызметкерлердің біліктілігін арттыруға жағдай жасайды;

      еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді, бағынысты қызметкерлер еңбек тәртібінің жай-күйін қамтамасыз етеді;

      жануарлар дүниесін қорғау, есепке алу және оның мониторингі бойынша іс-шаралар өткізеді;

      құрылымдық бөлімшенің инспекторлық қызметтері қызметкерлерінің техникалық білімін арттыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастырады.

      136. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және

      жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      137. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология және табиғатты пайдалану", бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде екі жыл.

2-тарау. Мамандар лауазымдары

1-параграф. Табиғат пайдалану жөнніндегі инженер

      138. Лауазымдық міндеттері:

      өз міндеттерін Бөлімше туралы ережеге сәйкес бөлімше басшысының жалпы басшылығымен орындайды;

      жануарлар дүниесі объектілерін есепке алу, мониторингі және пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастырады;

      бөлімшенің іс-шаралар жоспарларын жасауға қатысады;

      табиғи аумақтар аумағында қорғау және мониторингтік іс-шаралардың орындалуын талдайды және тексереді;

      кәсіпорынның жылдық есептіліктерін дайындауға қатысады;

      жергілікті халық арасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағында жануарлар және өсімдіктер дүниесінің биологиялық әртүрлілігін қорғау және сақтау мәселелері бойынша үгіт-насихат және түсіндіру іс-шараларын өткізеді;

      жануарлар дүниесі объектілерін есепке алу және мониторингі мәселелері жөніндегі ұйым бөлімшесінің қызметін әдістемелік басшылыққа алуды жүзеге асырады;

      бөлімшенің іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады; табиғи аумақтарда қорғау және мониторинг жүргізу іс-шараларын орындау бойынша талдау жасауды және бақылауды жүзеге асырады;

      мекеменің жылдық есебін дайындауға қатысады;

      жергілікті тұрғындар арасында жануарлар және өсімдіктер дүниесінің биоәртүрлілігін сақтау және қорғау мәселелері жөніндегі түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;

      бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ғылыми басылымдарда жануарлар дүниесінің биоәртүрлілігі мен оның мекендеу ортасын сақтау проблемаларын көрсетеді;

      139. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      140. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санат: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология және табиғат пайдалану", "Биология, "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санат: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология және табиғат пайдалану", "Биология, "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санат: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология және табиғат пайдалану", "Биология, "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология және табиғатты пайдалану", "Биология, "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейдегі маман:

      жоғары санат: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санат: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санат: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

2-параграф. Инженер (рекреация және туризм бойынша)

      141. Лауазымдық міндеттері:

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша экскурсиялар ұйымдастырады;

      ұйым жұмысы, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің тыныс-тіршілігін насихаттайтын брошюралар, буклеттер және өзге де ақпараттық материалдарды басып шығаруға дайындайды;

      ғылыми қызметкерлерімен, туристік және білім беру мекемелерімен, жұртшылықпен тығыз байланыс жасайды;

      халықты экологиялық ағарту бойынша жұмыс жүргізеді;

      экскурсия жүргізу қызметімен тікелей айналысады;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және оған іргелес аумақтар бойынша туристік маршруттар әзірлеуге қатысады;

      жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жергілікті табиғатпен және ерекше қорғалатын табиғи аумақпен байланысты проблемалар мен оқиғаларды көрсетеді, жергілікті журналистер үшін жүйелі түрде баспасөз баяндарын дайындайды.

      142. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      туризм саласындағы нормативтік құжаттар;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек

      қауіпсіздігі және оны қорғау іс-шаралары;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      143. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санат: "Экология және табиғат пайдалану", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология, "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санат: "Экология және табиғат пайдалану", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология, "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санат: "Экология және табиғат пайдалану", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология, "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Экология және табиғат пайдалану", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Биология, "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейдегі маман:

      жоғары санат: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санат: "Экология және табиғат пайдалану", "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санат: "Экология және табиғат пайдалану", "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Экология және табиғат пайдалану", "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

3-параграф. Аңшылықтанушы

      144. Лауазымдық міндеттері:

      жануарлар дүниесін, аңшылық шаруашылығындағы аңшылық жануарлар ресурстарын қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайды;

      биотехникалық және аңшылық шаруашылығы іс-шараларын, браконьерлікпен күрес жүргізуді қамтамасыз етеді;

      жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторлардың жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғау және есепке алу жұмысын үйлестіреді;

      еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мен өндірістік санитария қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді;

      өзіне бекітілген жануарлар дүниесін қорғауды қамтитын учаскеде табиғи кешендерді тікелей қорғауды жүзеге асырады;

      халықты экологиялық ағарту бойынша жұмыс жүргізеді;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды болдырмау мақсатында аумақтарды қарауылдауды, оның ішінде жердегі және әуе көлігін қолдана отырып қарауылдауды ұйымдастырады;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алады және болдырмайды, сондай-ақ уәкілетті, құқық қорғау және сот органдарына жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері бойынша ақпарат, талап-арыздар және басқа да материалдар жолдайды;

      ұйымдар мен бөгде ұйымдардың қызметкерлеріне жануарлар санын есепке алу және мониторинг жүргізуді қоса алғанда, ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетеді;

      нұсқаулықтарға сәйкес фенологиялық байқаулар жүргізеді;

      өндірістік іс-шараларды орындау бойынша есептіліктер мен басқа да құжаттама жасайды;

      жануарлар дүниесі объектілерін аулау мен қоныс аударуды ұйымдастырады;

      биотехникалық және өсімін молайту іс-шараларын жүргізуді жүзеге асырады;

      кәсіпші-аңшылар, әуесқой аңшылар және жергілікті халық арасында табиғи байлыққа жанашырлықпен қарау, оларды дұрыс және ұтымды пайдалану мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

      145. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау іс-шаралары;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      146. Біліктілік талаптары.

      1) біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санатты инспектор лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санат: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санатты инспектор лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санат: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз инспектор лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейдегі маман:

      жоғары санат: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)"бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, бірінші санатты инспектор лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санат: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, екінші санатты инспектор лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      екінші санат: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, санатсыз инспектор лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде екі жыл;

      санатсыз: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

4-параграф. Инспектор

      147. Лауазымдық міндеттері:

      өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, оның ішінде бекітілген және резервтік аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы учаскелеріндегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауды қамтитын ұйымның жұмыс жоспарларына сәйкес басшылықтың бұйрығымен өзіне бекітіп берілген бүкіл облыс аумағындағы табиғи кешендерді қорғауды жүзеге асырады;

      рейділік іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен орман шаруашылығы саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алу және оны болдырмау бойынша шаралар қабылдайды;

      уәкiлеттi құқық қорғау органдарына жiберу үшiн өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы тәртіп бұзушылық фактiлерi бойынша жауапты тұлғаларға материалдар жолдайды;

      орман өрттерінің алдын алу, мүшкіл күйге ұшыраған жабайы жануарларды құтқару, қасқырлар мен қаңғыбас иттерді ату бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысады;

      өрт қаупі бар маусымға жоспарлы дайындық жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға, орман өрттерін сөндіруге, орман патологиялық бақылауға қатысады;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақ режимін және өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiне ұқыпты қарау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелерi бойынша халық арасында түсiндіру жұмысын жүргiзедi;

      өндірістік іс-шараларды орындау бойынша есептіліктер мен басқа да құжаттама жасайды;

      жоспарланып отырған талдамаларды, сондай-ақ жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы есептіліктерді басшылықтың қарауына және бекітуіне ұсынады;

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы салаларындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады.

      жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін, басқа тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс қағидалары мен нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

      148. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер;

      ұйымға қатысты ұйымдық-өкімдік құжаттар мен әдістемелік материалдар;

      ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілері;

      табиғи кешендер мен объектілерді қорғау жөніндегі әдістемелік материалдар;

      өрттерді сөндірудің, орман тәртібін бұзудың алдын алу мен басқа да орман қорғау іс-шараларының жедел жоспарларын жасау тәртібі;

      орман өрттерінің шығуына, орман тәртібін бұзуға, орман зиянкестері және ауруларына талдау жасау және олардың алдын алу әдістері;

      орманды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөніндегі жұмыстардың технологиясы мен оларды механикаландыру құралдары;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау іс-шаралары;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      149. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санатты инспектор лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санатты инспектор лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз инспектор лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санатсыз: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман ресурстары және орман өсіру", "Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бірінші санатты инспектор лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және екінші санатты инспектор лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      екінші санатты: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және санатсыз инспектор лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде екі жыл;

      санатсыз: "Аңшылықтану және аң өсіру", "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

2- бөлімше Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету ұйымдары

1-тарау. Басшылар лауазымдары

1-параграф. Бас директор

      150. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін қамтамасыз етеді;

      ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны орындау тетігін іске асырады;

      ормандарды қорғаудың және орман шаруашылығына қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қазіргі нысандары мен әдістерін жетілдіруді қамтамасыз етеді;

      ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайлар жасау, ұжымда жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;

      ұйым қызметіне талдау жасау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту жөнінде қажетті шаралар қолданады;

      ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;

      өзінің құзыреті шегінде мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады;

      мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады;

      ішкі еңбек тәртібінің, техника мен жабдықтарды техникалық пайдалану талаптарының орындалуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді;

      ұйымның дер кезінде есеп беріп отыруын қамтамасыз етеді;

      орман қорының мемлекеттік есебін, ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізуге, мемлекеттік орман қорының бекітілген аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және олардың орындалуын іске асыруға ұйымның қатысуын қамтамасыз етеді;

      ормандарды күзету және қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау жөнінде шаралар қолданады;

      барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және олардың өзара тиімді жұмыс істеуін ұйымдастырады, олардың жұмысын ормандарды күзету және қорғау жөніндегі қызметті дамытуға және жетілдіруге бағыттайды;

      ұйымның мемлекеттік органдардың, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорларының, банктер алдындағы міндеттемелерінің орындалуын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының, бизнес-жоспар көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

      151. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін техникалық құжаттар, ұйым бейіні, оның құрылымының мамандануы және ерекшеліктері;

      өндірістік қуаттар мен кадр ресурстары;

      шаруашылық жүргізудің және ұйымды басқарудың заманауи әдістері, стратегиялық жоспарлау;

      орман шаруашылығы саласындағы ғылым мен техника жетістіктері;

      мемлекеттік орман қорының қызмет көрсетілетін аумағының ерекшеліктері;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      152. Біліктілік талаптары:

      жоғары білім: "Орман ресурстары және орман өсіру", ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы; бейінге сәйкес келетін ұйымдарда басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

2-параграф. Бас директордың орынбасары

      153. Лауазымдық міндеттері:

      өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметіне басшылық жасауды қамтамасыз етеді, олардың жұмысы мен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      орман қорының бекітілген аумағында ормандарды өрттерден авиациямен қорғау және орман шаруашылығы ұйымдарына қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      ұйымның барлық бөлімшелерін дер кезінде және сапалы дайындауды және белгіленген жұмыс технологияларының сақталуын жүзеге асырады;

      ормандарды қорғау мен орман шаруашылығына қызмет көрсету тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға бағытталған қызметшілер жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қазіргі нысандары мен әдістерін жетілдіруді қамтамасыз етеді;

      өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасайды, ұжымда жайлы психологиялық ахуал қалыптастырады;

      өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады;

      еңбек тәртібінің сақталуын, қызметкерлердің еңбекке құштарлығын, бастамашылығы мен белсенділігін дамытуға, ішкі еңбек тәртібінің, техника мен жабдықтарды техникалық пайдалану талаптарының орындалуына, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен ережелердің сақталуына жәрдемдеседі;

      статистикалық есепке алудың жүргізілуі мен ұйым қызметі туралы есептемелердің берілуін ұйымдастырады;

      ұшқыштар құрамының және авиациямен өрт сөндіру командасы қызметкерлерінің медициналық айғақталуын және ұшу алдында тексеруден өтуін, біліктілігінің арттырылуын, картографиялық материалдармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады:

      дайындық және авиациямен орман қорғау жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастырады:

      авиациямен қарауылдау кезінде ұшқыш-бақылаушылардың, диспетчерлік қызметтің жұмысын, белгіленген жұмыс технологиясының, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметтің сақталуын қамтамасыз етеді;

      мүдделі ұйымдармен келісім бойынша қажет болған жағдайларда өрт сөндіру күштері мен құралдарын тиімді пайдаланады, қосымша әуе кемелерін, өрт сөндіруші-десантшылар командаларын тартады:

      республикалық диспетчерлік қызметтің жұмысын ұйымдастырады, ұйымның авиациялық бөлімшелерінің ұшу және өндірістік құжаттаманы жүргізуін қамтамасыз етеді;

      жеке ұшу сағаттарын есепке алуды, ұшу кітапшаларын жүргізуді ұйымдастырады;

      рационализация және өнертапқыштық жұмысын ұйымдастырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысады, озық жұмыс тәжірибесін енгізуді қамтамасыз етеді.

      154. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін техникалық құжаттары;

      ұйым құрылымының бейіні, мамандануы және ерекшеліктері;

      өндірістік қуаттар мен кадр ресурстары;

      шаруашылық жүргізу мен ұйымды басқарудың заманауи әдістері;

      стратегиялық жоспарлау;      

      орман шаруашылығы саласындағы ғылым мен техника жетістіктері;

      мемлекеттік орман қорының қызмет көрсетілетін аумағының ерекшеліктері;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      155. Біліктілік талаптары:

      жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Орман ресурстары және орман өсіру", ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы; бейінге сәйкес келетін ұйымдарда басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

3-параграф. Авиациялық звено командирі

      156. Лауазымдық міндеттері:

      бекітіліп берілген мемлекеттік орман қорының аумағындағы ормандарды өрттерден авиациямен қорғау жөніндегі тапсырмалардың орындалуын және орман шаруашылығы кәсіпорындарына қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді:

      орман өрттерін байқау және сөндіру бойынша тікұшақтар мен ұшақтардың ұшу сапарларының орындалуын қамтамасыз етеді;

      авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жоспарлайды және ұйымдастырады;

      авиациялық техника бойынша жұмыстар орындауды қамтамасыз етеді;

      өрттің алдын алу іс-шараларын жүргізуді, авиациямен қарауылдауды және орман өрттерін сөндіруді ұйымдастырады;

      жалпы орман патологиялық қадағалауды жүзеге асырады;

      авиациялық техниканың: әуе кемелерінің, өрт сөндіретін техникалық құралдардың, көліктің, байланыс құралдарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      өндірістік қызметке байланысты төтенше оқиғалар жайында ұйым басшылығына дер кезінде баяндайды;

      ұйым бөлімшелерінің материалдық құндылықтарының бар-жоғын тексереді;

      бөлінген қаражат пен материалдық құндылықтардың ұтымды және мақсатты пайдаланылуы, ұйымның авиациялық звеносы ақша қаражатының жұмсалуы үшін жауаптылықта болады;

      авиациялық техникада жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді;

      157. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      ормандарды күзету мен қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;

      авиациялық техниканы пайдалану қағидалары, оның құрылысының конструкциялық ерекшеліктері, мақсаты;

      ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері;

      ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері;

      мемлекеттік орман қоры аумағына қызмет көрсету ерекшеліктері;

      ұйымның өндірістік және қаржылық құжаттарын рәсімдеу талаптары;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      158. Біліктілік талаптары:

      жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Орман ресурстары және орман өсіру", ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы; бейінге сәйкес келетін ұйымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

4-параграф. Өндірістік-ұшу қызметінің басшысы

      159. Лауазымдық міндеттері:

      ұшу-өндірістік қызметіне басшылық жасайды;

      бекітіліп берілген орман қорының аумағында ормандарды өрттерден авиациямен қорғау және орман шаруашылығы ұйымдарына қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      орман өрттерін байқау және сөндіру жөнінде тікұшақтармен және ұшақтармен ұшу сапарларының орындалуын қамтамасыз етеді;

      өртке қарсы алдын алу іс-шараларын жүргізуді, авиациямен қарауылдауды және орман өрттерін сөндіруді, жалпы орман патологиялық қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;

      әуе кемелерінің, өрт сөндіретін техникалық құралдардың, көліктің, байланыс құралдарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      авиациямен қарауылдау кезінде ұшқыш-байқаушылардың жұмысын тексереді;

      ұйымның авиациялық бөлімшелерінің ұшу және өндірістік құжаттаманы жүргізуін қамтамасыз етеді;

      кадрлар іріктеуді жүзеге асырады, оларды жұмысқа қабылдау және босату жөнінде басшылыққа ұсыныстар енгізеді;

      ұйым қызметкерлерімен оқу сабақтарын және түсіндірме жұмысын ұйымдастырады және тікелей өткізеді.

      160. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      ормандарды күзету мен қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;

      авиациялық техниканы пайдалану қағидалары, оның құрылысының конструкциялық ерекшеліктері, мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері;

      ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      161. Біліктілік талаптары:

      жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Орман ресурстары және

      орман өсіру", ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы; бейінге сәйкес келетін ұйымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

5-параграф. Инспекторлық қызметтің басшысы

      162. Лауазымдық міндеттері:

      өндірістік жоспарларға, тапсырмаларға және нормативтік құжаттарға сәйкес ұйымның Бөлімшелерінде орман өрттерін байқау және сөндіру бойынша әуе кемелерінің ұшу сапарларын орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;

      Бөлімшелердің қаржы қаражатын, әуе кемелерін, техникалық байланыс, өрт сөндіру және көлік құралдарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

      ұшқыш-бақылаушылармен бақылау-тексеру ұшу сапарларын жүргізеді;

      сабақтар, оқу-жаттығу ұшу сапарларын өткізуді және емтихан қабылдауды жүзеге асырады;

      ұшқыш-бақылаушылар курстарының курсанттарымен, тыңдаушыларымен жұмыс жүргізеді;

      инспекторлық тексерулер өткізеді және ұйым бөлімшелерінің ұшу құжаттарын тексереді;

      орман өрттерін байқау мен сөндірудің перспективалы технологияларын және өрт сөндіру құралдарын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;

      әуе кемесінің экипажы құрамында ормандарды авиациямен қарауылдау, өрт сөндіруші десантшыларды және өрт сөндіру құралдарын орман өрттері болып жатқан жерлерге жеткізу жөнінде ұшу сапарларын орындайды;

      орман өрттерін әуеден және жерде сөндіруді ұйымдастырады, жалпы және егжей-тегжейлі орман патологиялық қадағалуын жасайды;

      өндірістік қызметпен байланысты төтенше оқиғалар жайында ұйым басшылығына дер кезінде баяндайды;

      "Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын", басқа да басшылық құжаттарды өрескел бұзу анықталып, бұл ұшу немесе өзге төтенше оқиғаларға душар еткен немесе душар етуі мүмкін жағдайда кәсіпорын басшылығы шешім қабылдағанға дейін қызметкерлерді жұмыстарды орындаудан шеттетеді;

      қорғалатын аумақта орман авиациялық жұмыстарын орындау кезінде

      әуе кемелерінің мақсатты пайдаланылуы үшін және ресімделген өндірістік-ұшу құжаттарының (ұшуға өтініш, бақылаушы-ұшқыштың борт журналы, ұшу өтінішінің орындалуы туралы акт, авиациялық қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстар туралы акт, жанар-жағар май материалдарын сақтау, жұмсау және есептен шығару туралы құжаттар) дұрыстығы үшін Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес дербес жауап береді.

      163. Білуге тиіс:

      Конституция; Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      ормандарды күзету мен қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері; ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін техникалық құжаттар;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      164. Біліктілік талаптары:

      жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Орман ресурстары және орман өсіру", ұшқыш-бақылаушының қолданыстағы куәлігінің болуы, бейінге сәйкес келетін ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

6-параграф. Авиациялық бөлімшенің басшысы

      165. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның авиациялық бөлімшесіне басшылық жасайды;

      қабылданатын шешімдер, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы үшін жауаптылықта болады;

      бекітіп берілген орман қорының аумағында ормандарды өрттерден авиациямен қорғауды және орман шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастырады және орындайды;

      өндірістік жоспарларға, тапсырмаларға және "Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларына" сәйкес орман өрттерін байқау және сөндіру бойынша тікұшақ пен ұшақтың ұшу сапарларының орындалуын қамтамасыз етеді;

      әуе кемесінің экипажы құрамында ормандарды авиациямен қарауылдау, өрт сөндіруші - десантшылар мен өрт сөндіру құралдарын орман өрті болып жатқан жерлерге жеткізу бойынша ұшу сапарларын орындайды;

      орман өрттерін әуеден және жерден сөндіруді ұйымдастырады, жалпы және егжей-тегжейлі орман патологиялық қадағалауды жүзеге асырады;

      қолда бар күшпен өртке қарсы профилактикалық іс-шараларының жүргізілуін, авиациямен қарауылдауды және орман өрттерін сөндіруді, жалпы орман патологиялық қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады, ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      әуе кемелерінің, өрт сөндіретін техникалық құралдардың, көліктің, байланыс құралдарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      ұшқыш-байқаушылардың және авиаөртсөндіру командалары мен авиаөртсөндіру тобы нұсқаушыларының жұмыстарын басқарады және үйлестіреді;

      өрт қаупі бар маусымға жоспарлы дайындық жұмыстарын жүргізеді;

      мемлекеттік орман иеленушілермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      авиациялық бөлімшенің (топтың) өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметі туралы есептер жасайды.

      166. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;

      орман авиациялық жұмыстарда қолданылатын авиациялық техниканы пайдалану қағидаларының негізгі ережелері, оның құрылысының конструкциялық ерекшеліктері, мақсаты;

      ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері;

      орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың негізгі ұшу-техникалық және пайдалану деректері;

      бөлімшеге бекітіп берілген мемлекеттік орман қоры аумағына қызмет көрсету ерекшеліктері;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      167. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру" мамандығы бойынша жоғары білім, ұшқыш-бақылаушының қолданыстағы куәлігінің болуы, бейінге сәйкес келетін ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

7-параграф. Авиациялық өрт сөндіру қызметінің басшысы

      168. Лауазымдық міндеттері.

      ұйымның өрт сөндіру-десанттық қызметінің жұмысын ұйымдастырады;

      өрт сөндіруші-десантшылар мен нұсқаушылар құрамының бастапқы білім алуы мен дайындығын өткізеді;

      өндірістік жоспарға сәйкес өрт сөндіру десанттық қызметінің дайындығы үшін жауап береді;

      авиациялық бөлімшелердің өртке қарсы мүлікпен, десанттық жабдықпен, арнаулы киіммен және жеке қорғану құралдарымен жарақтандырылуын қамтамасыз етеді;

      тікұшақтан түсіру құрылғыларымен жерге түсу жөнінде жерүсті және әуеде жаттығулар ұйымдастырады және өткізеді, авиациялық бөлімшелердің жеке құрамы мен орман өрттерін сөндіру бойынша жаттығулар ұйымдастырады және өткізеді;

      орман өртін сөндіруде өрт сөндіру-десанттық қызметінің жұмысын ұйымдастыруға қатысады;

      қызметтік жолаушы ретінде тікұшақтардағы орманды қарауылдап ұшу сапарларын және ұшақтардағы көліктік ұшу сапарларын орындайды;

      тікұшақтан жерге түсу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      орман өртін сөндіруге ұшу және бару кезінде авиаөрттсөндіру командасының тез арада дайын болуын қамтамасыз етеді;

      ормандарды авиациямен қорғауда парашюттік-десанттық жұмыстар бойынша нұсқаулықтар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      өрт сөндірудің озық технологиялары мен құралдарының практикаға енгізілуін қамтамасыз етеді;

      ұйымның өрт сөндіру-десанттық қызметі жұмысының өндірістік және статистикалық есептілігін жүргізеді.

      169. Білуге тиіс:

      Конституция,

      Орман кодексі,

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      170. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнына кейінгі) білім және авиа-өрт сөндіру командасының нұсқаушысы ретінде жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

8-параграф. Республикалық диспетчерлік қызметтің басшысы

      171. Лауазымдық міндеттері:

      авиабөлімшелердің жұмысын жоспарлайды және өрт қауіптілігінің сыныбына, ауа райына және ормандардың нақты өртенуінің орын алуына байланысты жұмыс істеуіне баға береді;

      авиабөлімшелерден, орман бойынша мемлекеттік мекемелерден, ұлттық парктер мен өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан, топтық диспетчерлік бекеттерден әуе кемелерінің жұмысы, орман өрттері, заңсыз ағаш кесу туралы ақпараттарды жинау мен өңдеуді жүзеге асырады, дер кезінде оны бөлімше басшылығына және басқа да мүдделі ұйымдарға жеткізеді;

      авиабөлімшелердің жұмысын қамтамасыз етеді;

      авиациялық бөлімнің бұйрықтары мен тікелей басқару жұмыстарына қатысты бөлімшелердің өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      өрт қаупі көрсеткішінің ақпараттық картасын, күнделікті ауа-райы туралы бюллетенін, ауа-райын, Қазақстан Республикасы аумағындағы гидрометеорологиялық шарт пен термиялық белсенді нүктелер туралы спутниктік ақпараттарды алады және өңдейді;

      авиаорманқорғау қызметтерінің жер үстіндегі орман қорғау қызметтерімен бірлескен іс-қимылдарын үйлестіруді жүзеге асырады;

      172. Білуге тиіс.

      Конституция,

      Орман кодексі,

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық мен заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      173. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және орман шаруашылығы кәсіпорындарындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

2-тарау. Мамандықтар лауазымдары

1-параграф. Орман қорғау инспекторы

      174. Лауазымдық міндеттері:

      ормандарды өрттерден авиациямен қорғау және орман шаруашылығы ұйымдарына қызмет көрсету жөніндегі тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      әуе кемесінің экипажы құрамында ормандарды авиациямен қарауылдау, өрт сөндіруші десантшылар мен өрт сөндіру құралдарын орман өрті болып жатқан жерлерге әуеден және жерден жеткізу жөніндегі ұшу сапарларын ұйымдастырады және орындайды;

      жалпы орман патологиялық қадағалуды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз етеді;

      ұшқыш-байқаушылармен бақылау-тексеру ұшу сапарларын жүргізеді;

      сабақтар, оқу-жаттығу ұшу сапарларын өткізуді және емтихан қабылдауды жүзеге асырады;

      ұшқыш-байқаушылар курстарының курсанттарымен, тыңдаушыларымен жұмыс жүргізеді;

      инспекторлық тексерулер өткізеді және ұйым бөлімшелерінің ұшу құжаттарын тексереді;

      ұйымның ұшу-өндірістік қызметіне байланысты ағымдағы өндірістік мәселелерді шешеді;

      өндірістік жоспарларға, тапсырмаларға және нормативтік құжаттарға сәйкес өртке қарсы профилактикалық іс-шаралардың, авиақарауылдау және орман өрттерін сөндірудің жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      әуе кемелерінің, техникалық байланыс құралдарының және өрт сөндіретін көліктің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді және қамтамасыз етеді;

      өндірістік қызметпен байланысты төтенше оқиғалар туралы ұйым басшылығына дер кезінде баяндайды;

      ұйым бөлімшелерінің материалдық құндылықтарының болуын тексереді.

      175. Білуге тиіс:

      Конституция,

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық мен заңға қосымша нормативтік-құқықтық актілері;

      орманавиациялық жұмыстарда қолданылатын авиациялық техникаларға арналған қондырғының құрылымдық ерекшеліктері, пайдалану тәртібінің негізгі ережесі;

      ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері;

      ормандарды күзеті мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың негізгі ұшу-техникалық және пайдалану деректері;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      176. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы, бірінші санатты инспектор лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы, бірінші санатты инспектор лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы, санатсыз инспектор лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман ресурстары және орман өсіру" мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      Жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, бірінші санатты инженер лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, бірінші санатты инженер лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, санатсыз орта деңгейлі инженер лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

2-параграф. Инженер (ұшу аппараттарын пайдалану бойынша)

      177. Лауазымдық міндеттері:

      авиациялық техниканы: конструкция элементтерін, агрегаттар мен жүйелерді жөндеуді ұйымдастырады;

      техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындайды:

      авиациялық техниканың ақауларын іздеу және жою;

      қосалқы бөлшектерге, жерүсті қызмет көрсететін материалдық құралдарға аспаптық бақылау жасайды;

      техникалық-пайдалану және жөндеу құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады;

      еңбек және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді;

      әуе кемелерінің тораптары мен агрегаттарын пайдалану жөніндегі жұмыстардың есебін жүргізеді;

      әуе кемесінің техникалық әзірлігінің кемшіліктерін жою жөнінде жедел шаралар қолданады;

      авиатехникаға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындайды;

      әуе кемелерінің инспекторлық байқауларына қатысады.

      178. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық мен заңға қосымша нормативтік-құқықтық актілері;

      авиациялық техникаларға арналған қондырғының құрылымдық ерекшеліктері, пайдалану тәртібінің негізгі ережесі,       ұшақ басқару, метео-рология, аэродинамика негіздері;

      ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері;

      әуе кемелерін пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсетуді регламенттейтін құжаттар;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормалары.

      179. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Ұшу-техникалық" мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, бірінші санатты инженер қызметінде жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Ұшу-техникалық" мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, бірінші санатты инженер қызметінде жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кеміндетөртжыл;

      екінші санатты: "Ұшу-техникалық" мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, инженер қызметінде санаты жоқ жұмыс істеу өтілі кемінде бір жыл немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Ұшу-техникалық" мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Ұшу-техникалық" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, бірінші санатты инженер лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Ұшу-техникалық" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, бірінші санатты инженер лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Ұшу-техникалық" мамандығы" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, санатсыз инженер лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      санаты жоқ: Ұшу-техникалық" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

3-параграф. Ұшқыш-бақылаушы

      180. Лауазымдық міндеттері:

      ормандарды авиациямен қорғауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыстарды орындайды;

      әуе кемесі экипажының құрамында ормандарды авиациямен қарауылдау, өрт сөндіруші десантшылар мен өрт сөндіру құралдарын орман өрттері болып жатқан жерлерге жеткізу жөнінде ұшу сапарларын орындайды;

      орман өрттерін әуеден және жерде сөндіруді ұйымдастырады, жалпы және егжей-тегжейлі орман патологиялық қадағалауды жүзеге асырады;

      орманда өрт қаупі бар маусымға жоспарлы әзірлік жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

      мемлекеттік орман иеленушілермен бірлесіп жұмыс істейді.

      181. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;

      ормандағы авиациялық жұмыстарда қолданылатын авиациялық техникаға арналған қондырғының құрылымдық ерекшеліктері, пайдалану тәртібінің негізгі ережесі;

      ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері;

      орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмысты жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың негізгі ұшу-техникалық және пайдаланылу деректері;

      бөлімшеге бекітіп берілген мемлекеттік орман қоры аумағындағы қызмет көрсету ерекшеліктері;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормалары.

      182. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы, бірінші санатты ұшқыш-бақылаушы қызметінде жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы, бірінші санатты ұшқыш-бақылаушы қызметінде жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы, санаты жоқ: ұшқыш-бақылаушы қызметінде жұмыс істеу өтілі кемінде бір жыл немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы, бірінші санатты ұшқыш-бақылаушы қызметінде жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы, бірінші санатағы ұшқыш-бақылаушы қызметінде жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, біліктілігі орта деңгейдедегі ұшқыш-бақылаушы қызметінде жұмыс істеу өтілі кемінде бір жыл немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

4-параграф. Авиациялық өрт сөндіру командасының нұсқаушысы

      183. Лауазымдық міндеттері:

      авиациялық өрт сөндіру командасының жұмысын ұйымдастырады;

      орман өртін сөндіру жөніндегі өндірістік тапсырманың орындалуы үшін жауаптылықта болады;

      орман өртін сөндіру кезінде еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша іс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ шаруашылық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      өрт сөндірудің техникалық құралдары бойынша оқуды жүзеге асырады, өзінің біліктілігін арттырады;

      тікұшақтан және жаттығу мұнарасынан түсу құрылғысымен жерге түсу жаттығуларын орындайды;

      қызметтік жолаушы ретінде тікұшақтарда орман қарауылдау жөніндегі ұшу сапарларын және ұшақтарда көліктік ұшу сапарларын орындайды;

      авиациялық бөлімшеде профилактикалық жұмыстар, өртке қарсы іс-шаралар, шаруашылық-құрылыс жұмыстары мен өндірістік тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады;

      өрт сөндіруші-десантшылардың ұшу алдында дем алуы және олардың тәртібі сақталуын қамтамасыз етеді;

      тікұшақтан жерге түсу кезінде еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді, жерге түсу құрылғысын, өрт сөндіру құралдарын және далалық жабдықтарды жұмысқа дайындайды, олардың сақталуы мен ақаусыз болуын қадағалайды;

      орман өртін сөндіруге ұшу шығу және келу кезінде авиациямен өрт сөндіру командасының жедел дайындығын қамтамасыз етеді.

      184. Білуге тиіс:

      Конституция,

      Орман кодексі,

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      жерге түсу және су төгетін құрылғыларының пайдалану қағидалары, олардың конструкциялық ерекшеліктері, орман өрттерімен күресу әдістері мен тәсілдері;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормалары.

      185. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, бірінші санатты нұсқаушы лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, бірінші санатты нұсқаушы лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, санатсыз нұсқаушы лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде бір жыл немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, өрт сөндіруші-десантшы ретінде жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      Жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, бірінші санатты нұсқаушы қызметінде жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, бірінші санатты нұсқаушы қызметінде жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, санаты жоқ нұсқаушы қызметінде жұмыс істеу өтілі кемінде бір жыл немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, өрт сөндіруші-десантшы ретінде жұмыс өтілі кемінде бір жыл.

5-параграф. Авиациялық өрт сөндіру тобының нұсқаушысы

      186. Лауазымдық міндеттері:

      авиациялық бөлімнің өрт сөндіруші-десантшылар тобының жұмысын ұйымдастырады;

      орман өртін сөндіруді ұйымдастыруға тікелей қатысады;

      орман өртін сөндіру жөніндегі өндірістік тапсырманың орындалуы үшін жауаптылықта болады;

      профилактикалық жұмыстарды, өртке қарсы іс-шараларды өткізуге, шаруашылық-құрылыс жұмыстарын және басқа да өндірістік тапсырмаларды орындауға қатысады;

      тікұшақтан және жаттығу мұнарасынан түсу құрылғысымен жерге түсу жаттығуларын орындайды;

      қызметтік жолаушы ретінде тікұшақтарда орман қарауылдау жөніндегі ұшу сапарларын және ұшақтарда көліктік ұшу сапарларын орындайды;

      өрт сөндіруші-десантшылардың ұшу алдында демалу және тәртіп сақтау шараларының орындалуын қамтамасыз етеді;

      тікұшақтан жерге түсу және басқа да жұмыстар орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді, жерге түсу құрылғысын, өрт сөндіру құралдарын және далалық жабдықтарды жұмысқа дайындайды, олардың сақталуы мен ақаусыз болуын қадағалайды;

      орман өртін сөндіруге ұшу және шығу кезінде авиациямен өрт сөндіру командасының жедел дайындығын қамтамасыз етеді;

      ормандарды авиациямен қорғауда десанттық жұмыстар бойынша нұсқаулықтар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

      187. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      жерге түсу және су төгетін құрылғыларының конструкциялық ерекшеліктері; орман өрттерімен күресудің әдістері мен тәсілдері;

      мемлекеттік орман қорының қызмет көрсетілетін аумағының ерекшеліктері және қорғалатын алқапта орман өрттерін сөндіру ерекшелігі;

      еңбек заңнамасының негіздері, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      188. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз нұсқаушы лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, өрт сөндіруші-десантшы ретінде жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, бірінші санатты нұсқаушы лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, екінші санатты нұсқаушы лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, санаты жоқ нұсқаушы лауазымында жұмыс істеу өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, өрт-сөндіруші лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл.

6-параграф. Республикалық диспетчерлік қызметтің диспетчері

      189. Лауазымдық міндеттері:

      басшылықтың өндірістік қызметке байланысты барлық бұйрығын орындайды;

      өрт қауіптілігі көрсеткіштерінің ақпараттық картасын, күнделікті ауа райы бюллетенін, ауа райы болжамын, ғарыш аппараттары тіркеген Қазақстан Республикасы аумағындағы гидрометеорологиялық жағдайлар мен термиялық белсенді нүктелер туралы спутниктік ақпарат алады және өңдейді;

      әуе кемелерінің жұмысы туралы, орман өрттері, ағаштың заңсыз кесілуі туралы келіп түскен ақпаратты өңдеп, оны дер кезінде бөлімше, уәкілетті орган және басқа да мүдделі ұйымдар басшылығына жеткізеді.

      190. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      ормандарды өрттерден қорғау мәселелері бойынша қағидалар, нұсқаулар, нұсқаулықтар, басшылықтар және басқа да құжаттар;

      диспетчердің лауазымдық нұсқаулығы;

      еңбек заңнамасының,қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      191. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология", "Биология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнына кейінгі) білім және бірінші санатты диспетчер лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология", "Биология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнына кейінгі) білім және екінші санатты диспетчер лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология", "Биология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнына кейінгі) білім және екінші санатты диспетчер лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман ресурстары және орман өсіру", "Аңшылықтану және аң өсіру", "Экология", "Биология", "География" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнына кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап койылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бірінші санатты диспетчер лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және екінші санатты диспетчер лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және санатсыз диспетчер лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

7-параграф. Инженер-инспектор

      192. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің құзыреті шегінде мекеме басшылығының тапсырысы мен тапсырмаларын орындайды;

      орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның тапсырыстары мен тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ орман шаруашылығы саласында жедел, онкүндік статистикалық есептер, өзге де ақпарат жинауды жүзеге асыруы мүмкін;

      шығыс құжаттаманың дер кезінде және сапалы ресімделуін қамтамасыз етеді, орман иеленушілерден, авиабөлімшелерден кіріс құжаттамасының статистикалық есептілігін қалыптастыруға қатысады;

      компьютер және кеңсе техникасының бағдарламалық қамтамасыз етілуі мен жұмыс қабілеттілігін жедел қалпына келтіруге қатысады;

      алынған ақпаратты тексереді және есептерді талдау негізінде орман шаруашылығының жай-күйін және осы салада мемлекеттік бақылау жүргізуді жақсартуға бағытталған мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      орман шаруашылығын жүргізу, кезекті өрт қаупі бар маусымға дайындалу мәселелері бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін басқару органдары мен жергілікті басқару органдарының кеңестеріне, отырыстарына, алқаларына және жиналыстарына қатысады.

      193. Білуге тиіс:

      Конституция,

      Орман кодексі,

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      194. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнына кейінгі) білім, бірінші санатты инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнына кейінгі) білім, бірінші санатты инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;      

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнына кейінгі) білім, санатсыз инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнына кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап койылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, бірінші санатты инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, екінші санатты инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, санатсыз инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

8-параграф. Механик

      195. Лауазымдық міндеттері:

      жабдықтардың барлық түрінің авариясыз және сенімді жұмыс істеуін, олардың дұрыс пайдаланылуын, дер кезінде сапалы жөнделуін және техникалық қызмет көрсетілуін, оны жаңғырту жөнінде жұмыстар жүргізілуін және жабдықтарға жөндеу қызметін көрсетудің үнемділігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      механикалық жабдықтардағы қорғаныш құрылғыларының, үй-жайлар мен цех құрылыстарының жай-күйіне және оларды жөндеуге техникалық қадағалау жасайды.

      196. Білуге тиіс:

      жабдықтарды, үй-жайларды, құрылыстарды жөндеуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік және басқа да материалдар, ұйымда жөндеу қызметін ұйымдастыру, жоспарлы-алдын ала жөндеу және технологиялық жабдықтарды ұтымды пайдалану жүйесі, ұйымның техникалық даму перспективалары, конструкциялық ерекшеліктер;

      жұмыс режимі және ұйым жабдықтарын пайдалану қағидалары, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және олардың технологиясы, монтаждау әдістері;

      еңбек заңнамасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      197. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санатты механик лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санатты механик лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз механик лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бірінші санатты механик лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және екінші санатты механик лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және санатсыз механик лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

9-параграф. Радиооператорлық диспетчерлік бекеттің диспетчері

      198. Лауазымдық міндеттері:

      басшылықтың өндірістік қызметпен байланысты барлық бұйрықтары және өкімдерін орындайды;

      өртке қарсы қызметтердің іс-қимыл үйлестіру үшін мемлекеттік және жеке орман иеленушілерінен барлық ақпаратты алады және өңдейді әрі оны дер кезінде бөлімше басшылығы мен өзге де мүдделі ұйымдарға жеткізеді.

      күні бойы әуе кемесінің ұшып шығуы, бағыты, қонуы, барлық авиатоптардан олардың жұмыс жоспарын туралы ақпарат жинайды;

      күн сайын кешке қарай орман өрттерінің барлық оқиғалары, өрттерді сөндірумен айналысып жатқан қызметкерлердің саны, тартылған техникалық құралдардың саны жайында хабардар етеді;

      республикалық диспетчерлік қызметке келесі күні әрбір авиатоп бойынша бастапқы деректерді (өрт қаупінің сыныбы, әуе кемесінің ұшуға дайындығы, ұшу уақыты) хабарлайды;

      диспетчерлік басқару бекетінде күн сайын филиалдың әрбір авианүктесі бойынша келесі күннің іс-әрекеті үшін бастапқы деректер қызметін атқаратын метеорологиялық ақпарат жиналады және өңделеді.

      199. Білуге тиіс:

      орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары, филиал диспетчерінің лауазымдық нұсқаулығы;

      ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      кәсіпорын қызметіне қатысты бұйрықтар, өкімдер өзге де нормативтік актілер;

      еңбек заңнамасының,қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      200. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

3- бөлімше Орман орналастыру ұйымдары

1-тарау. Басшылар лауазымдары:

1-параграф. Директор

      201. Лауазымдық міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін қамтамасыз етеді;

      ұйымның жұмыс тиімділігін арттыруды, өнімдер мен қызметтер сатуды өсіру мен пайданы көбейтуді, өндірілетін өнімнің (қызметтің) сапасы мен бәсекелестігін арттыруды, олардың мемлекеттік стандарттарға, отандық және шетелдік нарықтарды игеруі үшін жоғары дәрежеде дамыған елдер мен таңдаулы компаниялардың стандарттарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

      ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, банктерді қоса алғанда, өнім жеткізіп берушілер мен тапсырыс берушілер және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарын (келісімшарттарын) орындауын қамтамасыз етеді;

      ең техника мен технологияларды, еңбекті басқару мен ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын, материалдық, қаржылық және еңбек шығындарының қолданыстағы ғылыми негізделген нормативтері негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады;

      ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірбиесін ұтымды пайдалану мен дамыту, өмір мен денсаулыққа қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама талаптарын сақтау, ұжымда жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;

      ұйымның қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын, нарық жағдайларында қаржылық басқару мен жұмыс істеу, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, бизнесті (кәсіпкерлік қызметті) қолдау және оның көлемін кеңейту мақсатында ұйымның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін құқықтық құралдарды пайдалануды қамтамасыз етеді;

      сотта, төрелік сотта, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұйымның мүліктік және басқа да мүдделерін қорғайды және білдіреді.

      202. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілер;

      ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      203. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдардағы басшы лауазымдарында жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

2-параграф. Директордың орынбасары

      204. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің міндеттерін ұйым басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелердің басшыларымен өзара байланыс жасай отырып орындайды;

      орман орналастыру бойынша техникалық және өндірістік-шаруашылық іс-шараларын жүргізу және орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы мемлекеттік орман кадастрын және жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрын жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады;

      өндірістің техникалық дайындығын қажетті деңгейін және оның тұрақты өсуін, өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыруды, өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

      кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін жедел және ағымдағы есепке алу мен талдауды ұйымдастырады, өндірістік процестің барысын реттеу жөнінде шешімдер шығарады;

      еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі қағидалар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      ұйым басшысының тапсыруы бойынша сотта, төрелік сотта, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда заңда белгіленген тәртіппен ұйымның мүліктік және басқа да мүдделерін қорғайды және білдіреді;

      еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

      205. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      орман және аңшылық шаруашылығында, ерекше қорғалатын табиғи аумақта жұмысты ұйымдастыруға қатысты ұйымдық-өкімдік құжаттар мен әдістемелік материалдар;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      206. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдардағы басшы лауазымдарында жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

3-параграф. Бас инженер

      207. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің міндеттерін ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара байланыс жасай отырып орындайды;

      тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) өндірістік қызметіне басшылық жасайды және оның тиімділігін қамтамасыз етеді;

      әкімшілік мәселелерді шешеді, олардың жұмыс нәтижелерін, еңбек және өндірістік тәртіптің жай-күйін тексереді;

      өндірістің техникалық дайындығының тиісті деңгейін және оның тұрақты өсуін, еңбектің тиімділігі мен өнімділігін арттыруды, шығындарды (материалдық, қаржылық, еңбек) азайтуды қамтамасыз етеді;

      жаңа техника мен технологиялар енгізу, ұйымдық-техникалық іс-шаралар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу жоспарларын әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастырады;

      жобалық шешімдердің тиімділігін, өндірісті уақтылы және сапалы дайындауды, жабдықтарды техникалық пайдалануды, жөндеуді және жаңартуды, өнімді (тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді) әзірлеу және өндіру процесінде оның жоғары сапасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

      жобалау, конструкторлық және технологиялық тәртіптің, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      табиғат қорғау, санитариялық органдар, сондай-ақ техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      енгізілген ғылыми-техникалық шешімдердің басымдылығын қорғау, оларды патенттеуге материалдар дайындау, зияткерлік меншікке лицензиялар мен құқықтар алу бойынша жұмыстар жүргізеді;

      жұмысшылар мен мамандардың білім алуы мен біліктілігін арттыруын ұйымдастырады және персонал даярлауды ұдайы жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді.

      208. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесі салаларындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      209. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдардағы басшы лауазымдарында жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

4-параграф. Орман орналастыру өндірісінің басшысы

      210. Лауазымдық міндеттері:

      кәсіпорын директорына, директорының орынбасарына және бас инженеріне бағынады;

      орман орналастыру өндірісінің жұмысын басқарады;

      материалдарды электрондық өңдеу, жаңа технологиялар енгізу және орман карталарын жасау бөлімдерінің қызметін басқарады және қамтамасыз етеді;

      кәсіпорынның техникалық және перспективалық дамуы бойынша жоспарлар әзірлеуді және өндірісті жетілдірудің, қайта жаңартудың және техникамен қайта жарақтандырудың барлық бағыты бойынша кешенді бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

      өндірістің сапалық деңгейін, оның тиімділігін ұдайы арттырып отыруды және өндірісте материалдық, қаржылық және еңбек шығындарын қысқартуды, ресурстардың барлық түрін ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

      орман шаруашылығының қажеттіліктерін ескере отырып, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктері, озық тәжірибе негізінде жобалық талдамалар әзірлеу процесінде олардың жоғары сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді;

      жобалау жұмыстарын жетілдіру мен жаңарту, жаңа технологиялар енгізу, жұмыстардың қиындық нормативтері мен еңбек шығындарының нормаларын әзірлеу, үнем жасау режимін дәйекті түрде жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

      жобалық және технологиялық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, орман орналастыруды жобалау жөніндегі техникалық құжаттаманың уақтылы дайындалуын қамтамасыз етеді, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру, жұмыстарды механикаландыру мен автоматтандыру, ғылыми зерттеулер мен эксперименттер, жаңа техника мен технологиялар сынақтарын өткізу бойынша шаралар әзірлеуге қатысады;

      кадрлар даярлаулы жетілдіру мен олардың біліктілігін арттыру жөнінде іс-шаралар әзірлейді және осы мәселелерді шешуге қатысады.

      211. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      Орман орналастыруды жүргізу қағидалары, уәкілетті органның кәсіпорын қызметіне қатысты нормативтік өкімдік құжаттары;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      212. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және орман орналастырудағы жұмыс өтілі кемінде он жыл, далалық орман орналастыру жұмыстарына басшылық тәжірибесі (партия басшысы) кемінде бес жыл немесе орман орналастыру өндірісі бөлімінің басшысы кемінде бес жыл.

5-параграф. Дайындық және далалық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі орман орналастыру өндірісі басшының орынбасары

      213. Лауазымдық міндеттері:

      орман орналастыру өндірісін басқаруға қатысады;

      дайындық және далалық орман орналастыру жұмыстарының, кәсіпорынның өндірістік жоспарларының ырғақты жүргізілуін ұйымдастырады;

      далалық және дайындық орман орналастыру жұмыстарын жүргізудің күнтізбелік технологиялық кестелерін әзірлейді, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      далалық және дайындық орман орналастыру жұмыстарын жүргізуді үйлестіру мақсатында олардың орындалу барысына талдау жасайды;

      орман орналастыру партияларының өндірістік тапсырмаларды, өндірістік-техникалық мәселелер бойынша бұйрықтар мен өкімдерді уақытында орындауына жедел тексеру жүргізеді, техникалық кеңестер өткізілуін ұйымдастырады, олардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      далалық және дайындық орман орналастыру жұмыстарының сапасын жедел тексеруді қамтамасыз етеді;

      негізгі орман орналастыру (аңшылық ісін ұйымдастыру) өндірісіне жаңа технологиялар мен жаңа техника енгізілуіне жәрдемдеседі;

      негізгі өндіріске еңбек шығындарын қысқартуды, жұмыс сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін прогрессивті, экономикалық тұрғыда негізделген технологиялық процестерді енгізуді қамтамасыз етеді;

      дайындық және далалық жұмыстардың сапасын қамтамасыз етеді;

      жұмыстарды ай сайын қабылдап алуды қамтамасыз етеді және орман орналастыру партиялары мамандарының әрбір объект бойынша жұмыстарды орындауы жөнінде есеп жасайды;

      жұмыстар жүргізу кезінде еңбек шығындарын қысқарту, олардың сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды.

      214. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      Орман орналастыруды жүргізу қағидалары, Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулықтары, орман шаруашылығын, орман орналастыруды және аңшылық ісін ұйымдастыруды жүргізу мәселелеріне қатысты уәкілетті органның шешімдері, бұйрықтары, өкімдері, нұсқаулықтары, қағидалары және басқа да өкімдік құжаттары;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      215. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және орман орналастырудағы жұмыс өтілі кемінде он жыл немесе "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және орман орналастырудағы жұмыс өтілі кемінде он бес жыл, далалық орман орналастыру жұмыстарына басшылық (партия басшысы) тәжірибесі кемінде бес жыл немесе орман орналастыру өндірісі бөлімінің басшысы кемінде бес жыл.

6-параграф. Камералдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі орман орналастыру өндірісі басшының орынбасары

      216. Лауазымдық міндеттері:

      орман орналастыру өндірісінің басшысына бағынады;

      орман орналастыру өндірісін басқаруға қатысады, камералдық орман орналастыру жұмыстарының, кәсіпорынның өндірістік жоспарларының ырғақты жүргізілуін ұйымдастырады, негізгі орман орналастыру өндірісі бөлімшелерінің өндірістік тапсырмаларды, өндірістік-техникалық мәселелер бойынша бұйрықтары мен өкімдердің уақтылы орындалуына жедел тексеру өткізеді;

      камералдық жұмыстардың сапасын жедел тексереді, камералдық орман орналастыру жұмыстарын жүргізуді үйлестіру мақсатында олардың орындалу барысына талдау жасайды;

      материалдардың (аспаптар, бланкілер) болуын жедел тексеруді қамтамасыз етеді;

      камералдық орман орналастыру жұмыстарын жүргізуге күнтізбелік технологиялық кестелер әзірлейді, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      негізгі орман орналастыру (аңшылық ісін ұйымдастыру) өндірісіне жаңа технологиялар мен жаңа техника енгізілуіне жәрдемдеседі;

      негізгі өндіріске еңбек шығындарын қысқартуды, жұмыс пен шығарылатын өнім сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін прогрессивті, экономикалық тұрғыда негізделген технологиялық процестерді енгізуді қамтамасыз етеді;

      жұмыстарды ай сайын қабылдап алуды қамтамасыз етеді және орман орналастыру партиялары мамандарының әрбір объект бойынша жұмыстарды орындауы жөнінде есеп жасайды;

      жұмыстар жүргізу кезінде еңбек шығындарын қысқарту, олардың сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;

      кәсіпорынның өндірістік және техникалық кеңестерін өткізуді ұйымдастырады, олардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

      217. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      Орман орналастыруды жүргізу қағидалары, орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығы, орман шаруашылығын, орман орналастыруды және аңшылық ісін ұйымдастыруды жүргізу мәселелеріне қатысты уәкілетті органның қағидалары, нұсқаулықтары, бұйрықтары, өкімдері және басқа да өкімдік құжаттары;

      далалық және камералдық жұмыстардың технологиясы, орман орналастыруда қолданылатын приборлар мен аспаптар;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      218. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және орман орналастырудағы жұмыс өтілі кемінде он жыл немесе "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" (орта арнаулы, орта кәсіптік).

7-параграф. (Орман орналастыру партиясының) басшысы

      219. Лауазымдық міндеттері:

      ормандарды орналастыру (түгендеу) бойынша партиядағы жұмыстарға басшылық жасайды және оларды уақтылы орындалуына жауап береді;

      ай сайын партия бойынша техникалық және қаржылық есеп береді, орындаушылардан жұмыстар қабылдайды және тапсырыс берушіге атқарылған жұмыстарға акт тапсырады;

      жоспарлы-картографиялық материалдар, приборлар, аспаптар, таборлық мүлік алуды, беруді және қабылдауды ұйымдастырады;

      далалық кезеңде орындаушыларды қаржы, еңбек ресурстарымен, азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      жұмыс сапасына, техникалық талаптар мен жұмыс технологиясының сақталуына жүйелі түрде тексеру өткізіп тұрады;

      дайындық жұмыстарымен қамтамасыз етеді, таксациялық және геотүсірілім жұмыстарының қажетті көлемі туралы, орман ағаштарының табиғи түлеуін тексеру, өлшеу-есептеу таксациясы және басқа да жұмыстар бойынша ұсыныстар дайындайды;

      ұжымдық жаттығу үшін сынақ алаңдарын салуды қамтамасыз етеді;

      жобаланатын іс-шараларды негіздеу үшін құрылатын объектінің орман өсіру және орман-экономикалық жағдайларын зерделейді;

      жаңа техниканың, технологиялардың, еңбекті ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарының енгізілуін қамтамасыз етеді;

      еңбек тәртібі, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі заңнаманың, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мен өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары талаптарының сақталуын      қамтамасыз етеді.

      220. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы бойынша қаулылар, бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, материалдар;

      ағаш кесу қағидалары, орман таксациясы, базалық және толассыз орман орналастыру технологиясы мен әдістері, рекреациялық ормандардың құрылымы;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      221. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және орман шаруашылығында инженерлік-техникалық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

8-параграф. Құрылымдық бөлімше (басқарма, бөлім, сектор, топ) басшысы

      222. Лауазымдық міндеттері:

      бөлімше туралы ережеге сәйкес құрылымдық бөлімшенің қызметін қамтамасыз етеді;

      ұйымның перспективалы жұмыс жоспарларын дайындауға қатысады;

      өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу және оны болдырмау, теориялық және практикалық білімдерін арттыру бойынша құрылымдық бөлімше мамандарының жұмысын ұйымдастырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарды, қағидаларды және басқа да директивалық нұсқауларды сақтауына және орындауына тексеру жүргізеді;

      қызметкерлердің біліктілігін арттыруға жағдай жасайды;

      еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтау жұмысын ұйымдастырады және бағынысты қызметкерлердің еңбек тәртібінің жай-күйін қамтамасыз етеді;

      құрылымдық бөлімшенің жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру туралы, кадрларды іріктеу, орналастыру және олардың орнын ауыстыру, штатты мамандармен жасақтау бойынша, оның жекелеген қызметкерлерін ынталандыру немесе оларға жаза қолдану туралы ұйым басшылығына ұсыныстар енгізеді;

      өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру, жұмыстарды механикаландыру мен автоматтандару, ғылыми зерттеулер және эксперименттер өткізу, жаңа техника мен технологияларды сынақтан өткізу бойынша шаралар әзірлеуге қатысады.

      223. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақта жұмыс ұйымдастыруға қатысты ұйымдық-өкімдік құжаттар мен әдістемелік материалдар;

      ұйымның мамандануы мен оның құрылымының ерекшеліктері;

      орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы механикалану құралдары және оларды техникалық пайдалану қағидалары;

      ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      224. Біліктілік талаптары:

      "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейінге сәйкес келетін ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

2-тарау. Мамандар лауазымдары

1-параграф. Орман шаруашылығы инженері

      225. Лауазымдық міндеттері:

      өндірісті, еңбек пен басқаруды жобалау, ұйымдастыру бойынша ғылыми-техникалық қызмет саласындағы жұмысты есептеу техникасы, байланыс құралдарын пайдалана отырып орындайды;

      әзірленген жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша әдістемелік және басқа да құжаттар, техникалық құжаттама, сондай-ақ ұсыныстар мен іс-шаралар әзірлейді;

      техникалық-экономикалық талдау жүргізеді, қабылданатын және іске асырылатын шешімдерді кешенді түрде негіздейді, жұмыстар (қызметтер) орындау циклын қысқарту мүмкіндіктерін іздестіреді, оларды орындау процесін дайындауға, ұйым бөлімшелерін қажетті техникалық деректермен, құжаттармен, материалдармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

      техникалық құжаттама дайындайды, сондай-ақ бекітілген нысандар бойынша және белгілі бір мерзімде белгіленген есептілік әзірлейді;

      жобалар мен бағдарламаларды іске асыру кезінде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

      техникалық құжаттаманың сараптамасын, жабдықтардың жай-күйі мен пайдаланылуына қадағалау мен бақылау жасайды;

      белгіленген талаптардың, қолданыстағы нормалардың, қағидалардың және стандарттардың сақталуын қадағалайды.

      226. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      Еңбек кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орындалатын жұмыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және басқа да материалдар, техникалық даму перспективалары және ұйымның қызметінің ерекшеліктері;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      227. Біліктілік талаптары:

      1) біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санатты инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санатты инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      2) біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бірінші санатты инженерлік-техникалық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, екінші санатты инженерлік-техникалық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және инженерлік-техникалық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

2-параграф. Инженер-таксатор

      228. Лауазымдық міндеттері:

      орман ресурстарын ұтымды пайдалану мен орманның көп жақты пайдалы функцияларын ескере отырып, орман шаруашылығы кәсіпорындарын ұйымдастыру мен дамыту жобаларын әзірлеу мақсатында орман алқаптарын есепке алуды, сипаттауды және зерделеуді жүргізеді;

      орманды көзбен шолып, есептеп және өлшеп таксациялауды (бағалауды), кеспеағаштарды таксациялауды, аэрофотосуреттерді пішіндік және таксациялық тарқатуды, орман ағаштарын және орманның табиғи түлеуін тексеру жұмыстарын орындайды;

      сынақ алаңдары мен шеңберлі алаңқайлар құрады, үлгілік ағаштарды кесуді ұйымдастырады;

      орман шаруашылығын ұйымдастыру мен дамыту жобаларының өндіріске енгізілуіне авторлық қадағалау жасайды;

      орман шаруашылығы кәсіпорындарының өткен ревизия кезеңінде

      құрылып жатқан учаскедегі өндірістік-шаруашылық қызметін зерделейді және талдайды;

      жүргізілген зерттеулер негізінде алдағы ревизия кезеңіне орман шаруашылығы, орман дақылдары мен басқа іс-шараларды әзірлейді;

      таксациялық материалдарды компьютерлерде өңдеу үшін оларды дайындайды, жоспарлы-картографиялық материал дайындауға және орман шаруашылығын ұйымдастыру мен дамыту жобасын әзірлеуге қатысады;

      техник-таксатордың жұмысына техникалық басшылықты жүзеге асырады;

      техникалық және ақша есептіліктерін жасайды, жұмыстарды есепке алуды далалық күнделігін жүргізеді;

      учаскені орман таксациясын жүргізуге дайындаудың, қолданылатын өнімділік пен бағалау нормаларының дұрыстығын, техник-таксатор орындайтын жұмыстардың сапасын көлемін қамтамасыз етеді;

      өндірістік жабдықтардың, аспаптардың, құралдар мен саймандардың ақаусыз болуын және дұрыс пайдаланылуын ұдайы тексеріп тұрады;

      жүк тиеу-түсіру жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуін, материалдарды, аспаптарды тасымалдауды, дұрыс жинап қоюды және дұрыс сақтауды ұйымдастырады;

      өндірістік процестің қауіпсіздігін, технологиялық регламенттердің, еңбек, өндірістік және технологиялық тәртіптің, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі заңнама талаптарының, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      229. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілері;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі іс-шаралары;

      Біліктілік талаптары:

      жоғары санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санатты инженер-таксатор лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      бірінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санатты инженер-таксатор лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл;      

      екінші санатты: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз инженер-таксатор лауазымында жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      санаты жоқ: "Орман ресурстары және орман өсіру" бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

4-параграф. Техник-таксатор

      230. Лауазымдық міндеттері:

      алдағы орман орналастыруға арналған тапсырманың жобасын жасауға қатысады;

      орам соқпақтарын кесу және тазарту, округтік шекараның, таксациялық бағандардың көлемін нақтылайды;

      құрылатын орман учаскесінің, планшеттік торлардың шекараларын, ішкі ахуалды, шептер өлшемін суретке түсіреді және қалпына келтіреді;

      түсірілім журналы мен далалық күнделік жүргізеді;

      шекаралық шептерді, орамдар мен бағандар желісін қазуды, тазартуды және өлшеуді, діңгектер мен тосқауылдар қоюды ұйымдастырады;

      геодезиялық деректер жинайды, құрылатын орман учаскесін, орман ағаштарын, ағашы кесілген жерлерді, орам соқпақтарын және басқа да бағдарларды тұрған күйінде және аэрофототүсірілімдерде танып-біледі.

      орман ұйымдарының орман шаруашылығы кітаптарынан материалдар іріктейді;

      құрылатын объектіге абрис жасайды;

      геодезиялық деректерді планшеттерге салады және оларды сызады;

      орман алқаағаштарының жоспарларын, сызбалар және басқа да картографиялық материалдар жасайды және сызады;

      бағандар және орам желісін планшеттерге түсіреді, телімдердің, орамдардың және жалпы объектінің алқабын есептеп шығарады;

      орман алқаағаштарының және ормандардың карта-сызбаларының жоспарларын бояу жұмыстарын орындайды;

      тапсырма құжатын жасайды және жұмысшылардың далалық орман орналастыру жұмыстарын орындау сапасын қамтамасыз етеді;

      жұмысшылармен еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша нұсқаулық өткізеді.

      231. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңдары;

      орман орналастыруды жобалау бойынша қаулылар, бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар және басқа да материалдар;

      орман орналастыру өндірісінің технологиясы және оны ұйымдастыру, геодезиялық-түсірілім жұмыстарының, жоспарлы-картографиялық материалдар жасаудың тәсілдері мен әдістері, аэрофототүсірілімдерді нобайлап жіктеу;

      приборлар, аспаптар және оларды техникалық пайдалану қағидалары;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      232. Біліктілік талаптары:

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      жоғары санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бірінші санатты техник-таксатор лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл;

      бірінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім екінші санатты техник-таксатор лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл;

      екінші санатты: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс" бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және санатсыз техник-таксатор лауазымында жұмыс өтілі кемінде екі жыл;

      санаты жоқ: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрілері бойынша)", "Экология және табиғат қорғау қызметі (түрілері бойынша)" (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім немесе қайта даярлаудан өту, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

5-параграф. Картограф

      233. Лауазымдық міндеттері:

      редакциялық-техникалық материалдарға сәйкес картографиялық өнімді шығаруға дайындайды;

      картографиялық басылымдарды дайындау мен шығаруды регламенттейтін қолданыстағы нормативтік құжаттарды ескере отырып әртүрлі тақырыптық мазмұндағы карталарды дайындайды;

      сандық және электронды карталар дайындау үшін компьютерлік техниканы қолданады;

      шартты белгілер дайындауға қатысады, компьютерде теру үшін һаріптер іріктейді;

      қажетті деректер базасын құрады және дайындайды, һаріптер мен шартты белгілер кітапханасын қалыптастырады;

      карталар корректурасын жасайды;

      орындалған жұмыстарды ескеріп отырады;

      заманауи картографияның отандық және дүниежүзілік ғылыми-практикалық жетістіктері мен оның даму бағыттарын зерделейді;

      кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырады;

      ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

      234. Білуге тиіс:

      Конституция;

      Орман кодексі;

      картографиялық өнім дайындау мен шығаруды регламенттейтін қаулылар, бұйрықтар, өкімдер, әдістемелік, нормативтік және басқа да басшылыққа алу материалдары;

      картографиялық басылымдар шығарудың технологиялық процестері;

      карталарды түзетудің әдістерін;

      терминология, анықтамалар, өлшем бірліктері, корректура, қысқарту қағидалары, корректуралық белгілер;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары.

      235. Біліктілік талаптары:

      Біліктілігі жоғары деңгейлі маман;

      жоғары санатты: тиісті бағыт бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (магистр) және жоғары санатты картограф мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл, магистр үшін жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      бірінші санатты: тиісті бағыт бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (магистр) және бірінші санатты картограф мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде екі жыл, магистр үшін жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      екінші санатты: тиісті бағыт бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (магистр) және картограф мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бір жыл, магистр үшін жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      санаты жоқ: тиісті бағыт бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 14 наурыздағы
№ 120 бұйрығына
  2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күшін жойды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету қызметкерлері лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 27 қазандағы № 680 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6685 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 18 қаңтардағы № № 94-97 (26499) сандарында жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы табиғат қорғау ұйымдарының қызметкерлері лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 25-02-01/451 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7196 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 138-142 (27215) сандарында жарияланған);

      3) "Қазақстан Республикасы табиғат қорғау ұйымдарының қызметкерлері лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 25-02-01/451 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 18-06/193 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10697 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланған).