Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 325 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 сәуірде № 14971 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған осы бұйрықтың қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 325 бұйрығымен
бекітілген

Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізу құнын айқындау
ҚАҒИДАЛАРЫ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізу құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізу құнын айқындаудың тәртібін айқындайды.

2-тарау. Сот сараптамасын жүргізу құнының құрылысы

      2. Сот сараптамасының құны зерттеу объектілерінің түрлері және саны, сондай-ақ сараптаманың шешіміне қойылған мәселелердің саны ескеріле отырып, оның күрделілік дәрежесі негізінде айқындалады.

      3. Сот сараптамасы күрделілігінің дәрежесі Заңға сәйкес айқындалады және төрт санатқа бөлінеді:

      жай – стандартты;

      күрделілік дәрежесі орташа;

      күрделі;

      аса күрделі.

      4. Сот сараптамаларын жүргізу кезінде мынадай шығындар:

      материалдық (химиялық реактивтер, шығысматериалдары, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың стандарттық үлгілері);

      ілеспе (коммуналдық және өзге де шығыстар);

      еңбекақы және өндірістік персоналдың жалақысымен байланысты аударымдар;

      негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амотризациялық аударымдары;

      үстеме (объектілерге, сот сараптамасының негізгі құралдарына қызмет көрсету, әкімшілік-басқару, шаруашылық шығындары);

      сот сарапшыларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау көзделеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.05.2020 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Сот сараптамасын жүргізу құнын айқындау тәртібі

      5. Сот сараптамасын жүргізу құнын айқындау үшін соңғы бес жылдағы статистикалық деректерді талдау негізінде сараптамалар саны өсуінің немесе азаюының орташа жылдық пайызын есептеу тәсілімен сараптамалардың болжалды саны есептеледі.

      6. Жылдық сот сараптамасының жалпы болжалды саны түрлері бойынша орындалған сараптамалардың әрбір түрі бойынша соңғы бес жылда орындалған сараптамалардың жалпы санына (статистикалық деректерге сәйкес) пайыздық қатынасын айқындау тәсілімен бөлінеді.

      Сот сараптамаларының болжалды санын түрлері бойынша есептеген кезде сараптамалар саны өсуінің немесе азаюының қарқыны ескеріледі.

      7. Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелеріне сәйкес жұмсалатын материалдық және еңбек қорларына байланысты сот сараптамаларының түрлері бес топқа бөлінеді.

      бірінші топ – химиялық реактивтер мен шығыс материалдарын қолданбай жүзеге асырылатын сот сараптамалары;

      екінші топ – сот сараптама зерттеулерінің жекелеген әдістемелерін айқындау бойынша жүргізу химиялық реактивтер мен шығыс материалдарын пайдалануды талап ететін сот сараптамалары;

      үшінші топ – жүргізу кезінде химиялық реактивтер мен шығыс материалдары пайдаланылатын сот сараптамалары;

      төртінші топ – жүргізу кезінде химиялық реактивтер, шығыс материалдары және есірткі құралдарының стандарттық үлгілері пайдаланылатын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамалары;

      бесінші топ – химиялық реактивтер мен бір реттік шығыс материалдарының арнайы жиынтықтарын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын сот–сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеулер.

      8. Сот сараптамасының базалық бағасы (ББ) бес топтың әрқайсысы үшін болжалды қаржылық шығындар мен топтағы сараптамалардың болжалды саны ескеріле отырып, мына формула бойынша айқындалады:

            ББ =

қаржылық шығындар / топтағы сараптамалар саны, мұнда

- сомасы

      9. Сот сараптамаларын жүргізу құны (СҚ) бес топтың әрқайсысы үшін сараптама түріне байланысты ББ мен күрделілік коэффициенті (КК) ескеріле отырып, мына формула бойынша есептеледі:

                        СҚ = БС*КК*топтағы сараптамалар саны

      10. Сот сараптамалары, ақылы қызметтерден басқа, республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      11. Сот сарапшысының қорытындысына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген сот–сараптамалық зерттеудің құны қоса тіркеледі.

  Сот сараптамасы органдарында
сот сараптамасын жүргізу құнын
анықтау қағидаларына
Қосымша
  Нұсқа

Сот – сараптамалық зерттеу жүргізу құны

      Тапсырыс беруші :_______________________________________________________________

                        (сараптама тағайындаушы ұйым аты, оның заңды мекенжайы)

      _______________________________________________________________________________

      Орындаушы:____________________________________________________________________

                        (сараптама жүргізушы ұйым аты, оның заңды мекенжайы)

      _______________________________________________________________________________

Сараптама түрі

Сараптама нөмірі

Сараптаманың аяқталу күні

Жүргізілген сараптаманың бағасы, теңге





      Сомасы: __________________________________________________________________ теңге.

                                          (жазбаша)

      Сарапшы толтырды: _________________ ___________________________________________

                              (қолтаңба)             (Ф.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      "Келісілді"

      Директор:

      _______________ ____________________________

      (қолтаңба) (Ф.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      "___"___________20___ ж.