Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 310 "Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы" және 2019 жылғы 30 наурыздағы № 325 "Сот сараптамасы орга

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20761 болып тіркелді

      "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) және 13) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 310 "Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14972 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 7 сәуірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықпен бекітілген, Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көрсетілген:

      Сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамалары өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға құрал-жабдықтарды орналастыруға арналған аландардың есептік нормативтердегі:

      11-тармақ алынып тасталсын;

      Сот сараптамаларын жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтардың, аспаптар базасының, құрал-саймандар мен бағдарламалық жасақтамалардың тізбесіндегі:

      17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

Сот молекулярлық-генетикалық сараптамасы

Сот - сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу

1. ДНҚ-талдауыш (секвинатор)

2. Термоциклер (амплификатор)

3. ДНҚ сандық және сапалық талдауға арналған нақты уақыт режиміндегі ПЦР

4. Психрометр (үй-жайлардағы климаттық жағдайды өлшеуге арналған аспаптар жиынтығы)

5. Биороботтар (зерттеу кезеңдерін автоматтандыруға арналған)

6. Дозаторлардың механикалық тамшуырларының жиынтығы

7. Сорғыш шкафтар

8. Миксерлер (вортекс, алмастырылатын штативтері бар термомиксерлер, ротамикстер)

9. Термостаттар (қатты денелі, шкаф, сулы монша)

10. Центрифугалар (режимдік, алмастырылатын роторлары бар, плашкалы және т.б.)

11. Тоңазытқыш камералар (тоңазытқыш)

12. Мұздатқыш камералар ( – 200С және – 80 0С-ге арналған)

13. Үтірден кейін 4 таңбаға дейінгі аналитикалық электронды таразылар

14. Зертханалық диірмен (сүйек қаңқаларын және т.б. ұнтақтауға арналған)

15. Құрғақ қыздырғыш шкаф (+300 0С дейін)

16. Автоклавтар (булы, ультрадыбысты, ультракүлгінді)

17. Бактерицидті сәулелендіргіш (стационарлық тасымалданатын), ультракүлгінді ауа рецеркуляторы

18. Ультракүлгінді детекторлар (биоқабаттануды іздеуге арналған)

19. Сандық фотоаппарат

20. Биоқорғаныс жүйелері (зертханалық (стационарлық) және жеке)

21. Таңбалау мүмкіндігі бар сейфтер

22. Көлденең ламинарлы шкаф

23. Суды жұқалап тазалау жүйесі

24. Магниттік араластыру жиынтығы

25. Дистиллятор

26. Ерітінділерді және саймандарды залалсыздандыруға арналған камера

27. Биологиялық инертті болаттан жасалған саймандардың жеке жиынтығы (қайшылар, пинцеттер, қолдан жасалған бұрғылар, аралар, жонғыштар және т.б.)

28. Зертханалық құрал-жабдыққа арналған қорек көзі

29. Зертханалық құрал-жабдыққа арналған үздіксіз қорек көзі

30. Зертханалық құрал-жабдыққа арналған кернеу тұрақтандырғышы

31. Биологиялық инертті материалдан жасалған зертханалық жиһаз жиынтығы

32. Климат-бақылаудың автономды жүйесі

33. Wi-Fi технологиясы енгізілген дербес компьютер, жиынтығымен (+үздіксіз қоректендіру көзі, принтер, сканер)

34. Жүргізілген зерттеулер туралы ақпаратты жинауға және сақтауға арналған RAID 0,1 және т.б. деңгейлі үлкен дискілі кеңістігі бар, Wi-Fi технологиясы енгізілген сервер (ISO 17025 бойынша)

35. Биологиялық қалдықтарды жинауға және өңдеуге дайындауға арналған контейнер

36. Автоматтық кір жуу машинасы

37. Себезгі кабинасы

38. Сандық фотоаппараты бар биологиялық бинокулярлы микроскоп (соның ішінде флюоресценттік)

39. Пайдаланылған материалдарды өңдейтін аспап

40. Автономды тасымалданатын тоңазытқыштар (термостаттар)

41. Мамандандырылған құрылғылары және дәрі-дәрмектері бар дәріханашығы

42. Автономды өрт сөндіру жүйесі

43. Тоңазытқыш және мұздатқыш камералардың температурасын бақылауға арналған тестерлер



44. Пробиркаларға арналған Штатив



45. таймер



46. медициналық құралдар (тістері жоқ анатомиялық пинцет, тістері жоқ көз анатомиялық пинцет, хирургиялық скальпель, көздік қайшы, өткір ұшты хирургиялық қайшылар, препаровалды ине)

      Сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларын жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтардың, аспаптар базасының, құрал-саймандар мен бағдарламалық жасақтамалардың тізбесіндегі:

      3-бөлім "Филиалдың молекулярлық-генетикалық бөлімшесінің медициналық техникамен, медициналық бұйымдармен және лабораториялық мақсаттағы, реактивтермен және реагенттермен (есеп бойынша бір бөлімше құрамында төрт сот-медициналық сарапшының) жарақтандырудың ең аз нормативі" алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 325 "Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14971 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген сот-сараптама органдарында сот сараптамасын жүргізу құнын айқындау Ережелерінде:

      4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сот сараптамаларын жүргізу кезінде мынадай шығындар:

      материалдық (химиялық реактивтер, шығысматериалдары, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың стандарттық үлгілері);

      ілеспе (коммуналдық және өзге де шығыстар);

      еңбекақы және өндірістік персоналдың жалақысымен байланысты аударымдар;

      негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амотризациялық аударымдары;

      үстеме (объектілерге, сот сараптамасының негізгі құралдарына қызмет көрсету, әкімшілік-басқару, шаруашылық шығындары);

      сот сарапшыларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау көзделеді".

      3. Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаев