"Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-2/66 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 наурызда № 14926 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33 - бабы 3 - тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 28.12.2023 № 11-1-4/735 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _________________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 1 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2017 жылғы 28 ақпандағы
№ 11-1-2/66 бұйрығымен
бекітілді

"Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 28.12.2023 № 11-1-4/735 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33–бабы 3–тармағының 2) – тармақшасына сәйкес әзірленген және "Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламасы – өкілдік шығындарды талап ететін іс-шараларды қаржыландыруға қаражат бөлуге арналған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі–Министрлік) әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарлама;

      2) өкілдік шығындар – республикалық бюджетте көзделген кезекті қаржы жылына арналған және Министрліктің республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне:

      шетелдік делегацияларды қабылдауды ұйымдастыруға, шетелдік делегациялардың қатысуымен отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, келіссөздер, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелге сапарлары кезіндегі өкілдік мақсаттарға;

      халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан байқаушы ретінде жіберілетін республикалық бюджет есебіндегі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының шетелге іссапарлары барысында өкілдік мақсаттарға бөлінетін қаражат.

      3. Шетелдік делегацияларды қабылдауды ұйымдастыруға, отырыстарды, конференцияларды, кеңестерді, семинарларды, келіссөздерді, шетелдік делегациялардың қатысуымен салтанатты және ресми іс-шараларды өткізуге арналған өкілдік шығындарға мыналар:

      1) шақырылған адамдардың Қазақстан Республикасының межелі пунктіне дейінгі шығыстарына және олардың Қазақстан Республикасының аумағында тұруына ақы төлеу;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Протоколында (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Протоколы) көзделген қабылдаулар (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас, кофе-брейк);

      3) кофе-брейктерді ұйымдастыру;

      4) қабылдауларды музыкалық сүйемелдеу;

      5) естелік сыйлықтар сатып алу;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында көліктік қамтамасыз ету;

      7) аудармашылардың қызметтері;

      8) залды жалға алу;

      9) Министрліктің басшылығы рұқсат берген басқа шығыстар.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелге сапарлары кезінде өкілдік мақсаттарға арналған өкілдік шығындарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өкілдік шығындар нормаларының 6-тармағында көрсетілген шығындар жатады.

      5. Халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға және (немесе) референдумдарға Қазақстан Республикасынан байқаушы ретінде жіберілетін республикалық бюджет есебіндегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының өкілдік шығындарына мыналар:

      1) көлікпен қамтамасыз ету, жанар-жағармай материалдары;

      2) аудармашылардың қызметтері;

      3) жүргізушінің және (немесе) аудармашының, егер олар Қазақстан Республикасының атынан байқаушымен жіберілген байқау өтетін жерде тұрақты тұрмаса, олардың тұруына және тамақтануына ақы төлеу (тұру лимиті – қонақүйдегі стандартты бір орындық нөмірдің құны шегінде);

      4) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросындағы сайлауды және (немесе) референдумды байқау миссиялары жұмысының қорытындылары бойынша Министрлікке ұсынатын шот-фактуралары бойынша шығындар:

      әуежайдан қонақүйге және (немесе) қонақүйден әуежайға трансфер;

      сайлауды немесе референдумды бақылау жүзеге асырылатын қала ішіндегі жол жүрулер (өту орнына байқаушыларды кездесу өтетін жерге алып келу және (немесе) алып кету);

      ел бойынша сапарлар (байқаушы орналасқан жеріне және (немесе) орналасқан жерінен);

      ұялы байланысқа және (немесе) мобильді интернетке арналған шығындар (SIM карталар, ұялы телефондарды пайдалану);

      брифингтер үшін шығындар (брифингтер, дебрифингтер өткізу, брифингке материалдар дайындау, кофе-брейктер).

2-тарау. "Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша қаражат бөлу тәртібі

      6. Министрлік республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде және кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өкілдік шығындар үшін көрсетілген қаражат көлеміне сүйене отырып, өкілдік шығындарды талап ететін іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) жасайды.

      Министрлік Жоспарға сәйкес және тиісті қаржы жылына бекітілген шектеу шегінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өкілдік шараларға арналған қаражатты бөледі.

      Жыл ішінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде Министрлік жоспарланбаған іс-шараларды өткізудің саяси маңыздылығын және бөлінген қаражат көлемін ескере отырып, Жоспарды түзетеді.

      7. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі іс-шара өткізілгенге дейін кемінде 15 (он бес) жұмыс күні бұрын Министрлікке төмендегі ақпарат қоса тіркелген өкілдік шығындарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу туралы өтініш жібереді:

      1) іс-шараны өткізу қажеттілігінің негіздемесі;

      2) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекіткен делегацияның деңгейі мен форматы бойынша келу бағдарламалары;

      3) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекіткен іс-шараларды дайындау мен өткізудің жұмыс жоспары;

      4) іс-шараларға қатысушылардың нақты санын растайтын құжаттар;

      5) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өкілдік шығыстар нормаларын ескере отырып, шығындардың әрбір бабын негіздемесімен қоса шығыстар сметасы;

      6) осы Қағидалардың 3 – тармағының 4), 5), 8) және 9) тармақшаларында көзделген өкілдік шығындар бойынша – тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны, көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұсынатын кемінде 3 (үш) ұйымның деректемелерін көрсете отырып, баға ұсыныстары.

      8. Министрлік осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес Жоспардың және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініштері негізінде өкілдік шығындар нормаларына сәйкес, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне өкілдік шығындарға қаражат бөлуді жүзеге асырады.

      9. Өкілдік шығындарға арналған қаражатты бөлу Министрліктің Аппарат басшысының (бұдан әрі – Аппарат басшысы) немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

      Шақырылатын адамдардың Қазақстан Республикасындағы межелі пунктке дейінгі көлік шығындарын және олардың Қазақстан Республикасының аумағында тұруына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шет елге сапарлары кезінде өкілдік мақсаттарға арналған, сондай-ақ халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға және (немесе) Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберілетін республикалық бюджет есебіндегі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарды үшін автокөліктік қызмет көрсетуге және аудармашылардың қызметтерін төлеуге арналған қаражат бөлінген жағдайда, Аппарат басшысының бұйрығы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің немесе оның міндетін атқаратын адамның қарары негізінде қабылданады.

      Аппарат басшысының бұйрығында делегация деңгейі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына сәйкес іс-шаралар деңгейі көрсетіледі.

      Аппарат басшысының өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы бұйрығы жоспарланған іс-шара басталғанға дейін қабылданады.

      10. Егер делегацияның Қазақстан Республикасында болу бағдарламасында өзгеше көзделмесе, шақырылған адамдардың Қазақстан Республикасындағы межелі пунктінде тұруына ақы төлеуге қаражат бөлінген кезде, іс-шара өткізілгенге дейін 1 (бір) күн бұрын және 1 (бір) күн кейін есепке алынады.

      Шақырылатын адамдардың көліктік шығыстарына қаражат бөлінген кезде Қазақстан Республикасының аумағының шегінде іс-шараны өткізудің соңғы пунктіне дейінгі бағыт ескеріледі.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына сәйкес шетелдік делегациялар үшін жоспарланатын қабылдауларды өткізуге қаражат бөлінген кезде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің немесе оның міндетін атқарушы адамның, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің экспорттық-импорттық қызмет және инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі орынбасарының қатысуымен "жоғары деңгейде" өткізілетін іс-шараларды қоспағанда, жоспарланатын қабылдауда Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялар тарапынан қатысушылардың санынан аспауға тиіс.

      11. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Министрлікке жоспарланған іс-шараға дейін және объективті себептерге байланысты осы Қағидалардың 9-тармағы бойынша Аппарат басшысының бұйрығын қабылдау жоспарланған іс-шара басталғанға дейін мүмкін болмаған кезде іс-шара өткізілген күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірмей Аппарат басшысы өкілдік шығыстарды өтеу туралы бұйрықты қабылдайды.

      Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі іс-шара өткізілгеннен кейін өкілдік шығыстардың өтемақысын төлеуге өтініш білдірген кезде, осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттардан басқа, Министрлікке нақты шығыстарды растайтын құжаттар (түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, шарттар (олар болған кезде) қосымша ұсынылады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Министрлікке іс-шара өткізілген күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірмей жүгінеді. Бұл ретте өкілдік шығыстарды өтеу туралы Аппарат басшысының бұйрығы республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүгінген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.

      12. Министрлік республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне өкілдік шығындарға қаражат бөлуден және осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) талаптарға сәйкес келмейтін өкілдік шығындардың өтемақысынан республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бас тартқаны туралы хабарламамен бас тартады.

      13. Өкілдік шығындарға бөлінген ақша қаржы жылының ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Министрлікке түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізе отырып, өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы Аппарат басшысының бұйрығына өзгерістерді енгізу үшін өкілдік шығындарға бөлінген ақшаның пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған сомалары туралы мәліметті жолдайды.

      14. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Аппарат басшысының бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.

      15. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарларына, сондай-ақ халықаралық байқау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға және (немесе) референдумдарға Қазақстан Республикасынан байқаушы ретінде жіберілетін республикалық бюджет есебіндегі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын іссапарға жіберу кезіндегі өкілдік шығындарға қолма-қол шетел валютасын бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) бөлінген қаражатты айырбастау үшін Министрлік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда шетел валютасында шот ашады;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚР ҰБ) Орталық филиалы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтініші бойынша шетел валютасын айырбастайды және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шотына шетел валютасыдағы шотына аударады;

      3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ Орталық филиалының үзіндісі негізінде шетел валютасын Министрліктің шетел валютасындағы шотына есептеуді жүргізеді;

      4) Аппарат басшысының өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы қабылданған бұйрығының негізінде Министрлік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде (бұдан әрі – Қазынашылық департаменті) ҚР ҰБ қолма-қол шетел валютасын алу мақсатында Министрліктің лауазымды адамына сенімхат береді;

      5) Қазынашылық департаменті ҚР ҰБ-да қолма-қол шетел валютасын алу үшін Министрліктің лауазымды адамына сенімхат береді;

      6) ҚР ҰБ Министрліктің лауазымды адамына көрсетілген сомаға сәйкес қолма-қол шетел валютасын береді;

      7) Министрліктің лауазымды адамы алынған қолма-қол шетел валютасын Министрліктің кассасына сол күні кіріске алынады;

      8) өкілдік шығындарға қаражат Министрліктің кассасынан өкілдік шығындарға қаражат алуға уәкілетті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің лауазымды адамдарына беріледі.

      16. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабының 9) және 14) тармақшаларына сәйкес шетелдік делегацияларды қабылдауға, отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге өкілдік шығындарға қаражат алған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Министрлікке жартыжылдық және жылдық келесі есепті айдың он бесінші күнінен кешіктірмей көрсетілген қаражатты пайдаланғаны туралы есеп береді.

      Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет есебінен ұсталатын, Қазақстан Республикасынан бақылаушылар халықаралық байқау миссиялары құрамында шет мемлекеттердегі сайлауға және (немесе) референдумға жіберелетін, өкілдік шығындарға қаражат алған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары не осы өкілдік шығындарға қаражат алуға уәкілетті адамдар іс-шараны өткізгеннен кейін күнтізбелік (10) он күн ішінде Министрлікке Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекіткен және елтаңбалы мөрімен расталған өкілдік мақсаттарға арналған шығындар бойынша актіні, сондай-ақ тиісті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жүзеге асырған ұйымның мөрімен расталған сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің құны мен көлемін көрсете отырып, растайтын құжаттарды (түбіртектерді, шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды, келісімшарттарды) беруі тиіс.

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезінде жұмсалатын өкілдік шығындар үшін қаражат алуға уәкілетті лауазымды адамдар іс-шара өткізілгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Министрлікке республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің елтаңбалы мөрімен расталған және Қазақстан Республиксы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің шетелдік сапарлары кезінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шетелдік сапарлары кезінде, Аппарат басшысының – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезінде расталған өкілдік мақсаттарға арналған шығындар бойынша актіні беріледі.

  "Өкілдік шығындар" бөлінетін
бюджеттік бағдарламаны бөлу
қағидаларына қосымша

Өкілдік шығындардың нормалары

р/с №

Шығыстардың атауы

Айлық есептік көрсеткіштердегі құны (бұдан әрі – АЕК), АҚШ долларымен

1

Шетелдік делегациялар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Протоколында көзделген қабылдаулар өткізу (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) шығындары күніне бір адамға арналған есеп бойынша жүргізіледі

3 АЕК-ке дейін

"жоғары деңгейде" 5 АЕК-ке дейін

2

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Протоколында көзделген қабылдаулар өткізу (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) шығындары күніне бір адамға арналған есеп бойынша жүргізіледі

10 АЕК-ке дейін

3

Келіссөздер, мәдени бағдарлама іс-шаралары кезінде бір күнде бір адамға кофе-брейк

1 АЕК-ке дейін

"аса жоғары деңгейде" және "жоғары деңгейде" – 2 АЕК-ке дейін

4

Ілеспе аударма қызметінің ақысын төлеу сағаттық төлем есебінен

Мемлекеттік тілден орыс тілге және кері бағытта

5 АЕК-ке дейін

"аса жоғары деңгейде"
және "жоғары деңгейде" –
6 АЕК-ке дейін

Ағылшын, француз, неміс, испан, итальян тілдерінен мемлекеттік тілге және (немесе) орыс тіліне

6 АЕК-ке дейін

"аса жоғары деңгейде"
және "жоғары деңгейде" -
8 АЕК-ке дейін

Түркі, араб, парсы, қытай, корей, жапон тілдерінен мемлекеттік тілге және (немесе) орыс тіліне

8 АЕК-ке дейін

"аса жоғары деңгейде" және "жоғары деңгейде" - 10 АЕК-ке дейін

Басқа сирек тілдерінен (жоғарыдағылардан өзгеше) мемлекеттік тілге және (немесе) орыс тіліне

8 АЕК-ке дейін

"аса жоғары деңгейде" және "жоғары деңгейде" -
10 АЕК-КЕ дейін

5

Шетел делегацияларына Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен қамтамасыз етуге арналған сағаттық төлем есебімен қаржыландыру жоспарында көзделеді

жеңіл көліктер –
1,6 АЕК-ке дейін

"аса жоғары деңгейде" және "жоғары деңгейде" өкілідік және (немесе) бизнес-класты көліктер –
2 АЕК-ке дейін

Жоғары қауіпсіздік автокөліктер – 6 АЕК-ке дейін

шағын автобустар – 1,8 АЕК-ке дейін автобустар – 2,1 АЕК-ке дейін іс-шараның деңгейіне қарамастан

6

Шетелдік сапарлар кезіндегі өкілдік шығындар

Қазақстан Республикасының Президенті – 5000 АҚШ доллары; Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі – 3000 АҚШ доллары; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – 2500 АҚШ доллары; Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі – 2000 АҚШ доллары.

7

Залды жалға алу

ұсынылған баға ұсыныстарының ең төмен құны бойынша

8

Ресми қабылдауларды музыкалық сүйемелдеу

ұсынылған баға ұсыныстарының ең төмен құны бойынша

9

Естелік сыйлықтар

ұсынылған баға ұсыныстарының ең төмен құны бойынша

10

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі басшылары рұқсат берген басқа шығыстар

ұсынылған баға ұсыныстарының ең төмен құны бойынша