Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 14779 болып тіркелді.

Күшін жойған

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 1 және 2 тармақтарына, 5-1 бабының 9 тармағына, 31 бабының 4 тармағына, сонымен қатар "Ұлт жоспары – 100 нақты қадам" 2015 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президенті Бағдарламасының 14 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      ________________ Қ. Қожамжаров

      2016 жылғы 30 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 5 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" 2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9933 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 10 желтоқсанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеулер қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидалары мен шарттарында:

      9-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына мемлекеттік кірістер органы басшысының келісімі бойынша байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

      Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қаржы мәселесі бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.";

      17-1 тармағы келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "17-1. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей мемлекеттік кірістер органының кадр қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар мемлекеттік кірістер органының кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.";

      21-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттік кірістер органының кадр қызметіне мынадай құжаттарын тапсырады:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішті;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

      3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін;

      4) бiлiмi туралы құжаттардың (диплом мен қосымшаның) көшiрмесiн;

      5) әскери қызмет өткерген немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылғаны туралы құжаттарының көшiрмесiн;

      6) өлшемі 3х4 фотосуретін (4 дана);

      7) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған және А4 форматында басылып шығарылған өмірбаянын;

      8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн;

      9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының соттылығы, бір жылдың ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтама;

      10) үміткердің және оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғанын растайтын құжаттар;

      11) құжаттар тапсыру сәтінде жарамды мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органнан заңнамаларға біліктілігін тестілеуден шекті деңгейден төмен емес нәтижеде өткендігі туралы сертификат;

      12) құжаттар тапсыру сәтінде жарамды мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органнан жеке құзыреттерін бағалаудан өткендігі туралы қорытынды.

      Бұл ретте кадр қызметі құжаттардың көшірмесін түпнұсқасымен салыстырады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Конкурстық комиссияның материалдары, оның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген адамдардың өтініші және өзге де құжаттары мемлекеттік кірістер органдарының кадр қызметінде сақталады.

      Конкурстық iрiктеуден өтпеген конкурсқа қатысушылар жазбаша өтініш білдірген жағдайда, құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.";

      7-тарау алып тасталсын;

      45-1 тармақ келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "45-1. Конкурстық комиссия әрбір жарияланған бос лауазым үшін бір лауазымға үміткер кандидаттардың санымен тең көлемде сұрақтар тізбесін дайындайды".;

      47-тармақ алып тасталсын;

      48-1-тармақ келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "48-1. Әңгімелесу барысында техникалық құралдар көмегімен жазылған материалдар мемлекеттік кірістер органдарының кадр қызметінде конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде үш ай сақталады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Конкурстық комиссияның шешімі үміткер қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

      Комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жарияланған бос лауазымға тағайындауға ұсынады;

      2) жарияланған бос лауазымға тағайындаудан бас тарту.";

      53-тармақ алып тасталсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу қызметі бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық саясатты іске асырудың кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 725 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығында (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12776 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 ақпанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кәсіби құзыреттерді, түйінді көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілікті есепке алудың әдістерін анықтау қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтау әдістері жеке, сондай-ақ бірнеше әдістерін ұштастыра отырып пайдаланылуы мүмкiн.";

      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:

      "15. Бәсекеге қабілеттіліктің түйінді көрсеткіштеріне қорытынды бағалауды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр қызметі толтырады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшалар осы Тізбеге 1, 2 және 3-қосымшаларға-қосымшаларға сәйкес келесі редакцияда жазылсын;

      осы Тізбенің 4-қосымшасына сәйкес келесі редакцияда 4-қосымшамен толықтырылсын.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Мемлекеттік кірістер
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінде (экономикалық
тергеу қызметі) кәсіби
құзыреттерді, түйінді
көрсеткіштерді және бәсекеге
қабілеттілікті есепке алудың
әдістерін анықтау қағидаларына
1-қосымша

Кәсіби құзыреттілігін бағалау

1. Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің білуін бағалау
(жалпы баға 1-ден 10 баллға дейін)


р/с

Ерекшеліктер атауы

Ерекшелік сипаттамасы

Ең жоғары балл

1

Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын және нормативтік-құқықтық актілерін білу

Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін білу.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Құқық қорғау қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Жедел-іздестіру қызметі туралы", Қазақстан Республикасының Заңдарын, "Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 892, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 62, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 416 бірлескен бұйрықты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10027 тіркелген) білу

10

БАРЛЫҒЫ:

10

Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуін тестілеу бойынша дұрыс жауаптардың саны және балл арақатынасы


р/н

Ерекшелік атауы

Тестілеу тапсырмасының жалпы санының дұрыс жауап пайызы (%)

Балл

Баға (баллдары)

1

Құқық қорғау органдары қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын білу

0 ден 20-ға дейін
21-ден 50-ге дейін
51–ден 70-ке дейін
71-ден 90-ға дейін
91-ден 100-ге дейін

0
2
5
8
10


ЖАЛПЫ БАҒАСЫ

10


2. Жеке қасиеттерін бағалау
(жалпы бағасы 1-ден 10 баллға дейін)


р/с

Жеке қасиеттері

Жеке қасиеттерінің сипаттамасы

Басшылық лауазымдары

Орындаушылық лауазымдары үшін ең жоғарғы балл

Бағасы (балл)

1

Аналитикасы

жаңа ақпараттарды алу қабілеттілігі, нәтижені болжауы, сындарлы көру және перспективтарды пайдалану

1,5

1


2

Бастамашылдық

конструктивтік идеясын ұсыну қабілеттілігі, өз қызметінің нәтижесін арттыру үшін инновациялары, өзінің креативтілігін іске асыру

1

1


3

Ұйымдастырушылық

мемлекеттік қызмет функциялары мен міндеттерін орындау үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету қабілеттілігі (қызметті тиімді ұйымдастыру қабілеттілігі)

1

1,5


4

Коммуникативтілігі

тұлғааралық өзара іс-қимыл жағдайының белгілі бір аясында тиімді өзара іс-қимылды құру үшін қажетті ішкі жеке ресурстар жүйесін пайдалану мүмкіндігі

1

2


5

Көшбасшылық

топ (ұйым) іс-әрекеттерін бақылай білу, ұжымды уәждемелеу қабілеттілігі, танылған беделге және ықпалға ие болу

1,5

0,5


6

Стратегиялық ойлау

нәтижелерді, әрекеттердің салдарларын (өзінің және өзгенің) болжау қабілеті, бұл ретте қолда бар ресурстарды ақылмен пайдалану

1,5

0,5


7

Әдептілігі

моральдық-этикалық мінез-құлықты сақтау

0,5

0,5


8

Сапасына назар аудару

кәсіби қызметін жүзеге асырудың озық стандарттарына бағдарлану, мемлекеттік қызмет және ұйым стратегиясының мақсатына бағдарлану қабілеті

0,5

1


9

Азаматқа бағдарлану

қызметшінің азаматтардың қолданыстағы және туындайтын нәтижелеріне бағыттылығы

1

2


10

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

сыбайлас жемқорлық көріністерге жол бермеуде көрсетілген белсенді азаматтық ұстанымын көрсету

0,5

0,5



БАРЛЫҒЫ:

10

10


Жеке қасиеттердің бағалауын тестілеу бойынша баға баллдары мен жинаған ұпай санының арақатынасы


р/с

Жеке қасиеттері

Жеке қасиеттердің бағалауын тестілеу бойынша жинаған ұпай саны

Басшылық лауазымдар бойынша баллдар

Орындаушылық лауазымдар бойынша баллдар

1

Аналитикасы

0-ден 1-ге дейін
1-ден 2-ге дейін
2-ден 3-ке дейін
3-тен 4-ке дейін

0
0,5
1
1,5

0
0
0,5
1

2

Бастамашылдығы

0-ден 1-ге дейін
1-ден 2-ге дейін
2-ден 3-ке дейін
3-тен 4-ке дейін

0
0
0,5
1

0
0
0,5
1

3

Ұйымдастырушылық

0-ден 1-ге дейін
1-ден 2-ге дейін
2-ден 3-ке дейін
3-тен 4-ке дейін

0
0
0,5
1

0
0
0,5
1

4

Коммуникативтігі

0-ден 1-ге дейін
1-ден 2-ге дейін
2-ден 3-ке дейін
3-тен 4-ке дейін

0
0
0,5
1

0
0,5
1
2

5

Көшбасшылық

0-ден 1-ге дейін
1-ден 2-ге дейін
2-ден 3-ке дейін
3-тен 4-ке дейін

0
0,5
1
1,5

0
0
0,5
0,5

6

Стратегиялық ойлауы

0-ден 1-ге дейін
1-ден 2-ге дейін
2-ден 3-ке дейін
3-тен 4-ке дейін

0
0,5
1
1,5

0
0
0,5
0,5

7

Әдептілігі

0-ден 1-ге дейін
1-ден 2-ге дейін
2-ден 3-ке дейін
3-тен 4-ке дейін

0
0
0,5
0,5

0
0
0,5
0,5

8

Сапаға бағдарлануы

0-ден 1-ге дейін
1-ден 2-ге дейін
2-ден 3-ке дейін
3-тен 4-ке дейін

0
0
0,5
1

0
0
0,5
1

9

Азаматқа бағдарлануы

0-ден 1-ге дейін
1-ден 2-ге дейін
2-ден 3-ке дейін
3-тен 4-ке дейін

0
0
0,5
0,5

0
0,5
1
2

10

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

0-ден 1-ге дейін
1-ден 2-ге дейін
2-ден 3-ке дейін
3-тен 4-ке дейін

0
0
0,5
0,5

0
0
0,5
0,5

ЖАЛПЫ БАҒАСЫ

10

10

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Мемлекеттік кірістер
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінде (экономикалық
тергеу қызметі) кәсіби
құзыреттерді, түйінді
көрсеткіштерді және бәсекеге
қабілеттілікті есепке алудың
әдістерін анықтау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Экономикалық тергеу қызметі лауазымдары үшін түйінді көрсеткіштері

      (жалпы бағасы 1-ден 40 баллға дейін)

1. Жұмыс тәжірибесі

      (жалпы бағасы 1-ден 15 баллға дейін)

      Құқық қорғау, арнайы және (немесе) мемлекеттік органдардағы немесе өзге қызметте атқарып отырған лауазымына байланысты әр жылғы жұмысы үшін кестеге сәйкес балл беріледі.

      Кесте

Жұмыс тәжірибесі


Еңбек өтілі

Құқық қорғау және арнайы органдардағы жұмыс тәжірибесі

Мемлекеттік органдардағы жұмыс тәжірибесі

Тағы басқа

Орындаушылық

Басшылық

Орындаушылық

Басшылық

10 және одан жоғары

10

15

8

10

5

5 жылдан 10 жылға дейін

8

13

6

8

4

1 жылдан 5 жылға дейін

6

11

4

6

3

тәжірибесі жоқ

0

0

0

0

0

      "ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ" КӨРСЕТКІШІНІҢ ЖАЛПЫ БАҒАСЫ: __________.

2. Функционалдық міндеттерді шешудің тиімділігі

      (жалпы бағасы 1-ден 15 баллға дейін)

      Функционалдық міндеттерді тиімді шешу ЭТҚ тиісті бөлімшелері әзірлейтін тестілеу арқылы немесе ахуалдық міндеттерді шешу және (немесе) эссе жазу жолымен айқындалады.

      Ахуалдық міндеттерді шешу болжанатын лауазыммен қарастырылған міндеттер шегінде жазбаша орындалады.

      Қызметкер эссе жазған кезде атқаратын лауазымда іс жүргізу тиімділігі үшін қажетті сауатты жазбаша тіл машығына көңіл бөлінеді.

      "ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРДІ ТИІМДІ ШЕШУ" КӨРСЕТКІШІНІҢ ЖАЛПЫ БАҒАСЫ:______________________.

0 балл

үміткер сұраққа жауап бермеді

1-5 балл

үміткерде қойылған сұрақтың тақырыбы туралы жалпы түсінігінің болуы

6-10 балл

үміткер қойылған сұрақтың тақырыбын жақсы біледі

11-15 балл

үміткер қойылған сұрақтың тақырыбын толық меңгерген

3. Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтері

      (1-ден 10 балл жалпы балл)

      Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырардың алдында нормативтерді қабылдау үшін жауапты тұлға үміткерлерге қол қойдыра отырып нұсқама өткізеді.

      Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерге енгізілген спорт жаттығуларының әрбір түрі жеке тапсырылады.

      Нормативтерді тапсыру нәтижелерін бағалау ерлер мен әйелдер үшін жеке жүзеге асырылады.

      Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелерін нормативтерді қабылдау үшін жауапты тұлға ведомостке тіркейді және нормативтерді тапсырғаннан кейін қол қойдыра отырып үміткерлердің назарына жеткізеді. Спорт жаттығуларын орындау нәтижелерін тіркегеннен кейін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      Ерлер үшін

Жаттығудың атауы

Баға

Жас топтары

21-27

28-34

35-39

40-44

45-49

50 жас және одан жоғары

Баллдар

100 м (с) жүгіру

өте жақсы

13

14

15

16

17

18

3

жақсы

14

15

16

17

18

19

2

қанағаттанарлық

15

16

17

18

19

21

1

60 м (с) жүгіру

өте жақсы

7,8

8,4

9

9,6

10,2

10,8

3

жақсы

8,4

9

9,6

10,2

10,8

11,4

2

қанағаттанарлық

9

9,6

10,2

10,8

11,4

12,6

1

Жатқан қалпында қолды созу және бүгу

өте жақсы

35

33

30

27

25

20

3

жақсы

33

30

27

25

22

18

2

қанағаттанарлық

30

27

25

22

20

15

1

Тартылу (саны)

өте жақсы

15

13

11

9

7

5

4

жақсы

13

11

9

7

5

4

2

қанағаттанарлық

11

9

7

5

4

3

1

Әйелдер үшін

Жаттығудың атауы

Баға

Жас топтары

21-26

27-30

31-35

36-45

45 жас және одан жоғары

Баллдар

100 м (с) жүгіру

өте жақсы

20

23,5

26,5

30

36,5

5

жақсы

21,5

25

28,3

31,5

40

3

қанағаттанарлық

23,5

26,5

30

33,5

43,5

2

60 м (с) жүгіру

өте жақсы

12

14

16

18

22

5

жақсы

13

15

17

19

24

3

қанағаттанарлық

14

16

18

20

26

2

Арқасында жатып денені көтеру (саны)

өте жақсы

30

28

25

22

20

5

жақсы

28

25

22

20

18

3

қанағаттанарлық

25

22

20

18

16

2

      * Байқау қыс мезгілінде 100 метрге жүгіру нормативін қабылдауға жабдықталған жабық спорт және басқа да объектілер болмаған жағдайда, 60 метрге жүгіру бойынша нормативін қабылдауға жол беріледі.

      ** Кандидаттар/қызметкерлер дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған жағдайда 0 баллы қойылады.

      "ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ" КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ БАҒАСЫ _________.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Мемлекеттік кірістер
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінде (экономикалық
тергеу қызметі) кәсіби
құзыреттерді, түйінді
көрсеткіштерді және бәсекеге
қабілеттілікті есепке алудың
әдістерін анықтау қағидаларына
3-қосымша

Экономикалық тергеу қызметіне кандидаттарын және қызметкерлерінің кәсіби жетістіктерін бағалау

      (жалпы бағасы 1-ден 30 балл)

ЭТҚ кандидаттары үшін

Кәсіби жетістіктердің атауы

Растайтын құжаттардың (егер бар болса) атауы және саны

Бағасы (баллдары)

1

Награда, көтермелеулер


3

2

Тәртіптік жазалардың болмауы


4

3

Халықаралық шараларға қатысуы, органның мүдделерін білдіру


2

4

Кезектен тыс сыныптық шеннің белгіленуі


3

5

Органның қызметін жақсарту мақсатында бастамашылдығы


5

6

Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу


5

7

Шет тілдерін білу


3

8

Кадр резервіне қоюға арналған ұсыным


2

9

Басқа да ұйымдардың, тұлғалардың оң пікірлерінің болуы


3

ЖАЛПЫ БАҒА

30

ЭТҚ қызметкерлері үшін

Кәсіби жетістіктердің атауы

Растайтын құжаттардың (егер бар болса) атауы және саны

Бағасы (баллдары)

1

Соңғы 3 жылдың ішіндегі наградалар, көтермелеулер


3

2

Тәртіптік жазалардың болмауы


4

3

Соңғы 3 жылдың ішінде біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы дипломдарының, сертификаттардың болуы, халықаралық іс-шараларға қатысуы, органның мүддесін білдіруі


2

4

Кезектен тыс сыныптық шеннің белгіленуі


3

5

Органның қызметін жақсарту мақсатында бастамашылдығы


5

6

Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу


7

7

Шет тілдерін білу


1

8

Жоғары тұрған лауазымға жылжуына арналған ұсынынымдар


2

9

Кадр резервіне қоюға арналған ұсынымдар


2

10

Басқа да ұйымдардың, тұлғалардың оң пікірлерінің болуы


3

ЖАЛПЫ БАҒА

30

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Мемлекеттік кірістер
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінде (экономикалық
тергеу қызметі) кәсіби
құзыреттерді, түйінді
көрсеткіштерді және бәсекеге
қабілеттілікті есепке алудың
әдістерін анықтау қағидаларына
4-қосымша

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
_____________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)

қызметкердің Т.А.Ә.(бар болған жағдайда), лауазымы: __________________________________

қызметкердің жасы _______________



Жұмыс тиімділігінің түйінді көрсеткіштері

Балл

Ең жоғары балл

*бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші

1

Кәсіби құзыреті:


Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін ҚР Заңнамаларын, нормативтік құқықтық актілерін білуіне тестілеу нәтижелері

10

1-ден 10-ға дейін


Қызметкердегі жеке қасиетінің жалпы бағасы

4

1-ден 10-ға дейін

2

ЭТҚ лауазымдары үшін түйінді көрсеткіштер:


Жұмыс тәжірибесі

11

1-ден 15-ке дейін


Функционалдық міндеттерін (ахуалдық міндеттерін) шеше білуі тиімділігі

12

1-ден 15-ке дейін


Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері

10

1-ден 10-ға дейін


Кәсіби жетістіктер

5

1-ден 30-ға дейін



* Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің қорытынды деңгейі


-ден -ға дейін

*Басымды бағыттар және ұсынымдар:



Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтау 4 (төрт) баллдық жүйесі деңгейінде анықталады. Экономикалық тергеу қызмет қызметкерінің және кандидаттардың кәсіби деңгейінің дәрежесі төмендегіше анықталады:



4-ші деңгей (70-тен 100 баллға дейін) - қызметкер өз лауазымына қойылатын біліктілік талаптарынан асыратын (асатын) деңгейде функциясын орындауға қабілетті болып табылады. Ол өз ісінің маманы болып табылады, одан кеңестер мен консультация алуға жиі жүгінеді. Жаңа тәсілдер мен шешімдерді жетілдіру және дамыту жолдарын ұсынуға қабілетті;



3-ші деңгей (50-ден 70 баллға дейін) - қызметкердің жеткілікті білімі бар және лауазымына сәйкес қажетті дағдыларды көрсетеді. Жүктелген жұмысын өз бетінше және қатесіз орындауға қабілетті;



2-деңгей (30-дан 50 баллға дейін) – негізінен жұмыс орташа немесе жеткілікті дәрежеде орындалады. Қызметкер белгілі бір міндеттерді орындау кезінде білімі жеткіліксіз және кейбір тапсырмаларды орындауда бақылауды қажет етеді;



1-деңгей (1-ден 30 баллға дейін) - қызметкер тапсырмаларын орындау үшін білім деңгейі жеткіліксіз, өздігінен тапсырма орындауға қабілетсіз, басшылық тарапынан үнемі бақылауды талап етеді.

      ** Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтау әдісі жеке, сондай-ақ бірнеше әдістерін ұштастыра отырып пайдаланылуы мүмкiн.

      Қызметкердің бәсекеге қабілеттілігіне

      бағалауды өткізуге/толтыруға жауапты

      Адами ресурстар басқармасы

      қызметкерінің Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)

      _________________________________

      толтыру күні

      _________________________________

      Адами ресурстар басқармасы

      басшысының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      _________________________________