2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 94-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 3 ақпан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтарда № 35 бұйрығымен бекітілген |
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 92, 94 және 95-баптарына сәйкес әзірленді және тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мынадай бағыттарын іске асыру шеңберіңде жүзеге асырылады:
1) жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру;
2) жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
3. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) екінші деңгейдегі банктер – банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар және Бағдарламаға қатысатын Қазақстан Республикасының банктері (бұдан әрі – ЕДБ);
2) төлемдер кестесі – негізгі борышты, сыйақы сомасын, оның ішінде банктік қарыз шартының ажырамас бөлігі болып табылатын субсидияланатын сыйақы сомасын өтеу бойынша төлемдер кестесі;
3) субсидиялау шарты – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (бүдан әрі – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ) бекіткен нысан бойынша қаржы агенті, ЕДБ және қарыз алушы арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенті қарыз алушының кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін өтеу үшін субсидияны кезең-кезеңмен төлеуді жүзеге асырады;
4) банктік қарыз шарты – ЕДБ мен қарыз алушының арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қарыз алушыға кредит беріледі;
5) қарыз алушы – субсидияланатын кредит қаражаты есебінен жобаны іске асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (жеке құрылыс салушы);
6) жеке тұрғын үй – жер учаскесі және жүргізілген инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы бар жеке тұрғын үй;
7) кредит – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдаланылуы шарттарында жобаны іске асыру үшін қарыз алушыға банктік қарыз шартының негізінде ЕДБ беретін ақшалай қаражаттың сомасы;
8) жергілікті үйлестіруші – облыс әкімі айқындайтын қаланың (ауданның) құрылымдық бөлімшесі;
9) өңірлік үйлестіруші – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын облыстық (астаналық, республикалық маңызы бар қалалық) деңгейдегі ЖАО-ның құрылымдық бөлімшесі;
10) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган, оның құрамына әкімдіктердің құрылыс саласына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелері және жалпы санының кемінде 50% бизнес-қоғамдастық өкілдері, оның ішінде ҚТҚЖБ кіреді;
11) субсидиялар – қарыз алушыға ЕДБ беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржы агенті арқылы жіберілетін республикалық бюджеттен бөлінген қаражат;
12) субсидиялау – Бағдарламаның шарттарында жобаны іске асыру үшін кредит бойынша сыйақы ретінде ЕДБ қарыз алушыға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын, қарыз алушыны мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
13) жоба – объектінің жалпы алаңының 30 %-нан аспайтын, коммерциялық алаңдардың үлесі бар тұрғын үй құрылысының объектісі, пайдалануға берілмеген, Бағдарламада және осы Қағидаларда айқындалған шарттарда субсидияланатын кредит есебінен қарыз алушыға өткізілетін жеке тұрғын үй;
14) уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық мемлекеттік орган;
15) қаржы агенті – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
16) экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) – қолданыстағы тұрғын құрылыстарды реконструкциялауды немесе қалпына келтіруді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 67 бұйрығымен бекітілген "41.20.1 Тұрғын ғимараттар құрылысы" коды бойынша экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес тұрғын үй құрылысы саласындағы экономика секторы.
2-тарау. Субсидиялау шарттары
4. Тиісті Бағдарламаның және осы Қағидалардың шарттарына сай ЕДБ-ден алынған кредиттер есебінен жобаларды іске асыруды жүзеге асыратын қарыз алушылар субсидия алушылар болып табылады.
5. Құрылтайшылары тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар болып табылатын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған жеке кәсіпкерлік субъектілері (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда), жеке кәсіпкер, коммерциялық емес ұйымдар, оның ішінде тұрғын үй-құрылыс кооперативтері ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін берілген кредиттер субсидиялауға жатпайды.
6. Субсидиялау осы Қағидаларға сәйкес ЭҚЖЖ-ге сай өз қызметін жүзеге асыратын қарыз алушылардың кредиттері бойынша беріледі.
7. ЕДБ субсидиялау туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5 %-дан артық емес сыйақының мөлшерлемесі бойынша қарыздар береді.
8. Қарыз алушының кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7 % субсидиясын ЕДБ-ге мемлекет қаржы агенті арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтейді.
9. Қаржы агентінің қызметтері республикалық бюджеттің қаражаты есебінен төленеді.
10. Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін қарыз алушы төлейді.
11. Қарыз алушының қатысуы үшін міндетті шарттар:
кредит беру мерзімі – 36 айға дейін;
нысаналы мақсаты – жоба құрылысы;
кредиттік валютасы – теңге.
12. Субсидиялаудың ең ұзақ мерзімі 36 айға дейін, мерзімі ұзартылмайды.
Жаңа кредиттерге ӨҮК-ке жобаны енгізгенге дейінгі 18 айдың ішінде бұрын ЕДБ берген кредиттер де жатады Субсидиялау мерзімі Бағдарламада белгіленген кредиттеу мерзімінен аспауы тиіс.
Бұл ретте, егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенті алғашқы субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
13. Қарыз алушы таза әрленген 1 шаршы метрді өткізудің мынадай бекітілген бағалары бойынша "Қазақстаннның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚТҚЖБ) салымшыларына салынған тұрғын үйдің кемінде 50 %-ын ұсынады:
Астана, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында – 260 мың теңгеге дейін;
басқа өңірлерде – 220 мың теңгеге дейін.
ҚТҚЖБ салымшыларына тұрғын үйді өткізу шарттары ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен, сондай-ақ ҚТҚЖБ, ЕДБ және қарыз алушының арасындағы ынтымақтастық туралы келісіммен айқындалады.
ҚТҚЖБ салымшыларына тұрғын үй өткізілмеген жағдайда қарыз алушы ӨҮК-мен келісім бойынша тұрғын үйді өзге әлеуетті сатып алушыларға өткізеді.
ҚТҚЖБ өзінің интернет-ресурсында іске асырылатын жобалар туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
14. Бағдарламаның "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" деген бағытының шеңберіндегі жобалар облыс орталықтарында, облыс орталықтарының қала маңындағы аумақтарында, даму әлеуеті жоғары шағын және моноқалаларда іске асырылады. Шағын және моноқалалардың тізбесі өлшемшарттары көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында айқындалады.
Жобаларды іске асыру үшін бірыңғай құрылыс салушы және (немесе) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар тартылады. Бұл ретте бірыңғай құрылыс салушы жеке тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (бұдан әрі – ИКИ) салуды жүзеге асырады.
Жобаларды салу және ИКИ жүргізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үй құрылысы комбинаттарының технологияларын қолдану жолымен жүзеге асырылады. Үлгілік жобаларды өзге және (немесе) жергілікті материалдарды қолдана отырып пайдалануға рұқсат етіледі.
Жеке тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу құны (ИКИ құнын есептемегенде) 120 мың теңгеден аспауы тиіс. Салынған жеке тұрғын үйді өткізу кезінде жалпы құнға сумен және электрмен жабдықтау бойынша ИКИ жүргізуге арналған шығындар қосылады.
ҚТҚЖБ мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) жобаларды іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылы ынтымақтастық туралы келісіммен айқындалады.
15. Мыналарды:
қарыз алушы бастама жасаған банктік қарыз шартының, субсидиялау шартының, кредиттеу талаптарының өзгеруіне байланысты жағдайларды;
қарыз алушының қарыз, субсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін бұзуына байланысты алынатын комиссиялар, алымдар және (немесе) өзге де төлемдерді;
кепіл затына (қамтамасыз ету) тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл затын (қамтамасыз ету) сақтандыруға, кепілдік шартын тіркеуге және ауыртпалықты алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, ЕДБ қарыз алуға немесе оған қызмет көрсетуге, субсидиялау шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге төлемдерді алмайды.
16. Субсидиялауға бұрын қарыз алушы алған, мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған тұрғын үй құрылысына арналған кредиттер жатпайды.
3-тарау. Субсидия беру тәртібі
1-параграф. Қарыз алушыға субсидия беруді қарау тәртібі
17. Қарыз алушы ЕДБ-ге Бағдарламаға сәйкес келетін шарттармен кредит алуға өтінішпен (ЕДБ ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) жүгінеді.
18. ЕДБ ішкі құжаттарымен белгіленген рәсімге сәйкес жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау сараптама жүргізеді және кредит беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда қарыз алушыға 3 (үш) жұмыс күні ішінде жобаға кредит беру дайындығы және субсидия алу үшін қарыз алушы ӨҮК-ның мақұлдауын ұсыну қажеттігі туралы жазбаша жауап жібереді.
19. ЕДБ-ның оң шешімін алған қарыз алушы жергілікті үйлестірушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтініш-сауалнамамен (бұдан әрі - өтініш-сауалнама) жүгінеді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (мөрмен және қол қоюмен расталған көшірме);
2) іске асырылатын жобаның (жобаның құрылысына рұқсат беру құжаттамасы, бизнес-жоспар қоса берілген еркін нысанда қалыптастырылады) сипаттамасы;
3) өтініш берілген күнге дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын берілген бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы туралы салық органынан мәліметтер;
4) Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда жобаны іске асыру үшін кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар ЕДБ хаты.
20. Жергілікті үйлестіруші қарыз алушылардың өтініш-сауалнамаларын және құжаттарын алғаннан кейін мыналарды:
1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда жергілікті үйлестіруші бір күндік мерзімде ұсынылған құжаттарды қарыз алушыға қараусыз қайтарады;
2) ұсынылған құжаттарды құжаттардың толық топтамасы алынған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өңірлік үйлестірушінің қарауына жіберуді жүзеге асырады.
21. Өңірлік үйлестіруші құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
1) қарыз алушы жобасын Бағдарламаның шарттарына және осы Қағидалардың 2-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
2) ӨҮК үшін жоба бойынша ұсынымдар әзірлейді;
3) құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы жобаларының тізімін ӨҮК-тің қарауына енгізеді;
4) ӨҮК отырысының күн тәртібі мәселесін қалыптастырады, оны өткізу күнін, уақытын және өткізілетін орнын белгілейді, ол туралы ӨҮК-тің барлық мүшелеріне хабарлама береді.
22. Ұсынылған құжаттар топтамасына ескертулер болған кезде өңірлік үйлестіруші үш күндік мерзімде қарыз алушыға (жергілікті үйлестірушіге) пысықтау үшін кемшіліктерді көрсете отырып қайтарады.
23. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптасуына қарай өткізіледі, бірақ айына 2 (екі) реттен жиі емес. ӨҮК мүшелерінің саны жиырма адамнан артық болмайды.
ӨҮК қарыз алушының өтінішін кезектілік тәртібімен қарайды.
ӨҮК-нің құрамына мүшелердің тақ саны кіреді. ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі қатысқан (кворум болған) жағдайда жүргізіледі. Шешімді отырысқа қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қабылдайды.
24. Өткізілетін отырыс шеңберінде ӨҮК мынадай:
1) қарыз алушының және ол іске асыратын жобаның Бағдарламаның және осы Қағидалардың өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру;
2) қарыз алушының жобасын және қоса берілген құжаттарды, оның ішінде қарыз алшының өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты қарау және ӨҮК мүшелерінің арасында талқылау;
3) қарыз алушының жобасын қарау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда, жобаны барынша толық талдау және шешім қабылдау үшін қарыз алушыдан қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Мұндай жағдайда қарыз алушының құжаттары өңірлік үйлестірушіге қайтарылады және ӨҮК-тің кезекті отырысында қайта қарауға жатады;
4) талқылаудың нәтижелері бойынша қарыз алушының кредиті бойынша субсидиялау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды, ол осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӨҮК отырысын өткізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді, бұл ретте кредитті субсидиялаудың мүмкін еместігі туралы шешім қабылданған жағдайда хаттамада міндетті түрде бас тарту себебі көрсетіледі.
25. Хаттамаға ӨҮК-тің барлық мүшелері қол қойған сәтке дейін ӨҮК хатшысының және төрағасының қолымен ӨҮК хаттамасынан үзінді-көшірмелер беруге рұқсат етіледі.
26. Өңірлік үйлестіруші ӨҮК мүшелері хаттамаға (хаттамадан үзінді-көшірмелерге) қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін (хаттамадан үзінді-көшірмелерді) мәлімет үшін қарыз алушыға, ЕДБ-ге және қаржы агентіне, сондай-ақ жергілікті үйлестірушіге жібереді.
27. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылданған күннен бастап 6 (алты) айдан аспауға тиіс.
28. ӨҮК-тің шешімі міндетті түрде:
1) жоба құрылысының түпкілікті мерзімін;
2) салынған жобаның жоспарланған алаңын қамтиды.
29. ӨҮК хаттамасының негізінде ЕДБ, қарыз алушы мен қаржы агентінің арасында субсидиялау шарты жасалады.
30. Қарызды субсидиялауды қаржы агентінің қарауы кезінде ЕДБ мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Қазақстан Республикасының заңнамасында талап етілген қолданыстағы лицензиялардың, оның ішінде қарыздар беруге байланысты банктік және өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензияның болуы;
ЕДБ-дегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысуы.
Субсидиялау шартына қосымша келісімдер де осы тармақта белгіленген мерзімдерде жасалады.
31. Субсидиялау шартына:
1) өңірлік үйлестірушіден хаттама (хаттамадан үзінді-көшірмелер) алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ЕБД мен қарыз алушы;
2) ЕДБ-ден субсидиялау шартын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенті қол қояды.
Субсидиялау шартына қосымша келісімдер, сондай-ақ қаржы агенті пысықтауға жіберген субсидиялау шарттары осы тармақта көзделген мерзімдерде жасалады.
32. Субсидиялау шарты оған қарыз алушы, ЕДБ және қаржы агенті қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Бұл ретте субсидиялау шартында қаржы агенті субсидиялау шартына қол қойған күнге дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын, бірақ ӨҮК шешімі шыққан күнге дейін субсидиялау басталған мерзім көрсетіледі.
33. Қағидалардың 30-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде субсидиялау шарты уақтылы жасалмаған жағдайда, ЕДБ 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне және өңірлік үйлестірушіге ресми хатпен кешіктіру себептерін түсіндіре отырып хабарлама жібереді.
34. Қаржы агенті:
1) субсидиялау шарты бекітілген үлгілік нысанға;
2) ӨҮК хаттамасы мен банктік қарыз шарты мазмұнының Бағдарламаның шарттары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайында субсидиялау шартына қол қоюдан бас тартады.
Аталған сәйкессіздіктердің бар екені туралы қаржы агенті ескертулерді жою үшін осы Қағидалардың 30-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімнен кешіктірмей жазбаша нысанда өңірлік үйлестірушіге және ЕДБ-ге хабарлама жібереді.
Өңірлік үйлестіруші, ЕДБ қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, өңірлік үйлестіруші түпкілікті шешім қабылдау үшін ӨҮК-ге осы мәселені қайта шығарады.
35. Кредит бойынша сыйақыны төлеу күнін ЕДБ қарыз алушымен келісім бойынша айқындайды. Егер кредит бойынша сыйақы аудару қарыз алушы, ЕДБ субсидиялау шартына қол қойған күннен кейінгі күннен басталатын болса, субсидиялау кезеңіне қарыз алушымен, ЕДБ-мен субсидиялау шартына қол қойылған күн қосылмайды.
36. Қаржы агенті субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін төлемдер кестесі бойынша субсидияны төлейді. Бұл ретте, субсидия уәкілетті органнан қаражат түскен кезде төленеді.
2-параграф. Субсидияны аудару тәртібі
37. Қарыз алушыларға ЕБД беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
38. Қаржы агентіне қаражатты аударуды уәкілетті орган қаржыландырудың жеке жоспарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агентінің арнайы шотындағы шартқа сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші төлем тиісті қаржы жылына көзделген қаражат сомасынан 50 % мөлшерінде қаржы агентіне аударылады. Кейінгі төлемдер қажеттілігі бойынша қаржы агентінің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.
39. Судсидиялау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы шотынан түскен қаражат бір траншпен ЕДБ-ның бірінде ашылған қаржы агентінің операторлық арнайы шотына аударылады.
40. Қаржы агенті субсидияны ЕДБ-де ашылған қаржы агентінің операторлық ағымдағы шотынан тиісті ағымдағы шоттарына аударады. Бұл ретте ЕДБ-ге осы ағымдағы шотты жүргізу (субсидия сомасын есептен шығару, аудару, қайтару, өтеу) үшін комиссия алуға рұқсат етілмейді.
41. Қаржы агенті қарыз алушылардың төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен ЕДБ ағымдағы шотына субсидияны аударады, қарыз алушы, өңір атауын, субсидия сомасын және төлем жүзеге асырылған кезеңді көрсетіп, электрондық пошта арқылы қаражаттың аударылғаны туралы өкімнің (бұдан әрі – өкім) көшірмесін жібере отырып, ЕДБ хабардар етеді.
42. Қаржы агенті ағымдағы шоттан операторлық шотқа субсидиялау тоқтаған және тоқтата тұрған кредиттер бойынша, сондай-ақ субсидияларды қолданыстағы және судсидиялау үшін жаңа мақұлданған жобаларға жіберу үшін олар бойынша кредит толық және мерзімінен бұрын ішінара жүгізілген субсидия қаражатын қайтаруды қамтамасыз етеді.
43. Қаржы агентінің операторлық ағымдағы шотындағы субсидия қаражатының ағымдағы қаржы жылында пайдаланылмаған қалдығы есепті қаржы жылы үшін қарыз алушыдан қабылданған өтініш бойынша, сондай-ақ қарыз алушының қарауда жатқан өтініштері бойынша келесі қаржы жылында пайдаланылуы мүмкін.
44. Қаржы агентінің операторлық ағымдағы шотына орналастырылған қаражат бойынша ЕДБ сыйақы аударған жағдайда алынған сыйақыны қаржы агентінің кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бойынша өз бағдарламасын іске асыру үшін пайдалануына рұқсат етіледі.
3-параграф. ЕДБ-нің қаржы агентінің ағымдағы шотынан субсидияны есептен шығару шарттары
45. ЕДБ қаржы агентінен алынған өкімге сәйкес қарыз алушы негізгі борыштың сомасын және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін толық өтеген жағдайда қаржы агентінің ағымдағы шотынан әрбір қарыз алушы бойынша субсидияны есептен шығарады.
46. Қарыз алушының негізгі борышы ішінара не толық мерзімінен бұрын өтелген жағдайда, ЕДБ қаржы агентін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлемдерді өтеу кестесін өзгертіп, кейін субсидиялау шартына қосымша келісімді және банктік қарыз шартына жасалған қосымша келісімнің көшірмесін қоса бере отырып хабардар етеді.
47. ЕДБ қарыз алушы негізгі борыштың сомасын және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігі бойынша берешекті толық өтегенге дейін қаржы агентінің ағымдағы шотынан:
1) қарыз алушы 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде төлемдер кестесіне сәйкес міндеттемелерді орындамаған;
2) қарыз алушы 3 (үш) ай қатарынан төлемдер кестесіне сәйкес міндеттемелерді орындамаған;
3) қарыз алушының міндеттемелерін қайта құрылымдау бойынша рәсімдер жүргізілген жағдайларда субсидияны есептен шығармайды.
ЕДБ қаржы агентімен ақпарат алмасудың электрондық арнасы болмаған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне көрсетілген жағдайлар бойынша жазбаша нысанда хабарлама жібереді.
48. Осы Қағидалардың 46-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда қаржы агенті ЕДБ-тен тиісті хабарлама алғанға дейін кейінгі субсидияны уақытша аудармайды.
49. ЕДБ қаржы агентіне осы Қағидалардың 45 және 46-тармақтарында көзделген мерзімдерде уақтылы хабарламаған жағдайда, 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл санкцияларын төлейді.
4-параграф. Банктік қарыз шартына өзгерістер енгізген кезде қарыз алушыны субсидиялау тәртібі
50. Егер қарыз алушының қолданыстағы банктік қарыз шартының шарттары (сыйақы мөлшерлемесі, жеңілдік кезең, төлемдер төлеу бойынша жеңілдік кезең, мерзімін ұзарту, өтеу күні, қарыз алушының атауын өзгерту, борышты аудару, міндеттемелерді қайта құрылымдау) өзгерген жағдайда, ЕДБ өңірлік үйлестірушіге тиісті құжаттарды қоса бере отырып тиісті хабарлама жібереді, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде мәселені ӨҮК-нің күн тәртібіне шығарады. Қараудың қорытындысы бойынша қарыз алушының қолданыстағы банктік қарыз шартына өзгерістер енгізу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылданады және шешімнің көшірмесі ЕДБ-ге, қаржы агентіне, жергілікті үйлестірушіге жіберіледі.
51. Қарыз алушының қолданыстағы банктік қарыз шарты шарттарының өзге де өзгерістері бойынша ЕДБ өңірлік үйлестірушіге хабарлама жібереді, ол 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарыз алушының қолданыстағы банктік қарыз шартына енгізілетін өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады және ЕДБ-ге, қаржы агентіне жазбаша нысанда хабарлама жібереді.
52. Қарыз алушының банктік қарыз шартының (оған қосымша келісімнің) шарттарына сәйкес қаржы агенті ол бойынша ЕДБ сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін төлеуге және (немесе) негізгі борышты өтеуге жеңілдік кезең берілген (мерзімі ұзартылған) субсидияны аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте жеңілдік кезеңнің мерзімі (ұзартылған мерзім) ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
5-параграф. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау тәртібі
53. Мынадай:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредит мақсатсыз пайдаланылған;
2) жоба және (немесе) қарыз алушы Бағдарламаның шарттарына және (немесе) ӨҮК шешіміне сәйкес келмеген;
3) қарыз алушы төлемдер кестесіне сәйкес ӨҮК алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамаған;
4) қарыз алушының шоттарына тыйым салынған жағдайларда қаржы агенті қарыз алушыны субсидиялауды тоқтата тұрады.
54. Осы Қағидалардың 52-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды анықтау мақсатында ЕДБ жоба іске асырылатын жерге барып, ЕДБ ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен есеп жасай отырып, қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізеді.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің қарыз алушы бекіткен жоспарынан 3 (үш) айдан астам артта қалу болған жағдайда ЕДБ субсидиялауды тоқтата тұру үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне хабарлама жібереді.
55. Қаржы агенті субсидия төлеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЕДБ-ні, қарыз алушыны және өңірлік үйлестірушіні субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді.
56. Өңірлік үйлестіруші қаржы агентінен қарыз алушыны субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және орынды айқындайды, бұл туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.
57. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде қарыз алушының кредиті бойынша субсидиялауды тоқтату не қайта бастау туралы мәселені қарайды және шешім қабылдайды.
ӨҮК хаттамасында қаржы агентінің субсидиялауды тоқтата тұрған (қайта бастаған) күні және субсидиялауды тоқтатудың (қайта бастаудың) негіздемесі көрсетіледі.
58. Қарыз алушы субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді ӨҮК отырысына дейін жойған жағдайда, ӨҮК субсидиялауды қайта бастау туралы оң шешім қабылдайды.
59. ӨҮК қабылданған шешім туралы хаттамасы (хаттамадан үзінді-көшірме) ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Өңірлік үйлестіруші ӨҮК хаттамасы (хаттамадан үзінді-көшірме) ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың (хаттамадан үзінді-көшірменің) көшірмесін, қаржы агентіне, ЕДБ-ге және қарыз алушыға жібереді.
60. Қарыз алушының кредиті бойынша субсидиялауды қайта бастауға осы Қағидалардың 52-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайлар бойынша субсидиялауды тоқтата тұрудың себептері жойылған кезде жол беріледі.
61. Қаржы агенті ӨҮК қабылдаған субсидиялауды қайта бастау туралы шешім бойынша тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді.
Осы Қағидалардың 52-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша субсидиялауды тоқтата тұрған жағдайда субсидия төлеуді қайта бастау кредит бойынша мерзімін өткізіп алу күнінен бастап жүзеге асырылады.
Қарыз алушыны субсидиялауды тоқтату туралы ӨҮК шешімі бар кредиттер қайта бастауға жатпайды.
62. ӨҮК қарыз алушыны субсидиялауды толық тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде қаржы агенті біржақты тәртіппен қарыз алушыны субсидиялау шартын бұзу туралы хабардар етіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және шарттың талаптарына сәйкес субсидиялау шартын бұзады.
63. Субсидиялауды тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:
1) қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы кредитті толық өтеуі. Бұл ретте, қарыз өтелген күн субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;
2) ӨҮК субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдануы;
3) субсидиялау шартының қарыз алушының бастамасы бойынша бұзылуы.
4-тарау. Қаржы агентінің судсидиялауды және мониторингті жүзеге асыру тәртібі
64. Қаржы агенті:
1) ЕДБ ұсынатын деректер негізінде қарыз алушының төлем тәртібін ай сайын мониторингтеуді;
2) алынған және төлем жасалған субсидиялар бойынша жүйелі түрде есеп жүргізуді;
3) қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануын мониторингтеуді;
4) қарыз алушының Бағдарлама шарттарына және (немесе) ӨҮК шешіміне сәйкестігін мониторингтеуді;
5) осы тармақтың 1 – 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мониторинг тәртібін, мерзімін, есептілік нысанын белгілеуді жүзеге асырады.
65. Қаржы агенті ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін қаржы агентіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді. Қаржы агенті сыйақының есептелуін және ЕДБ төлеген қаражатты тексеруді жүзеге асырады.
66. Қаржы агенті уәкілетті органға ай сайын:
1) есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесі) күніне дейін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есепті;
2) есепті айдан кейінгі айдың 15-і (он бесі) күніне дейін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірлер бөлінісінде іске асырылатын жобалар туралы жиынтық мәліметтерді жібереді.
67. Қаржы агенті ай сайын уәкілетті органға және өңірлік үйлестірушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау үшін қабылданған міндеттемелер және қаражаттың болжамды қалдығы бойынша есеп жібереді. Бұл ретте өңірлік үйлестіруші осы ақпаратты ӨҮК-тің назарына жеткізеді.
68. Қаржы агенті ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-і (он бесі) күніне ӨҮК деректерінің негізінде уәкілетті органға және ҚТҚЖБ-ға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушылар бөлінісінде іске асырылатын жобалар туралы мәліметтер ұсынады. ҚТҚЖБ қаржы агенті ұсынған ақпараттың негізінде ҚТҚЖБ салымшыларына кейін тұрғын үйді өткізу мақсатында, құрылыс салушылармен ынтымақтастық туралы тиісті келісім жасауды жүзеге асырады.
69. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда, қарыз алушының кредиті бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтелген, қарыз алушының міндеттемелерін қайта құрылымдау рәсімдері жүргізілген жағдайда, ЕДБ 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісін береді.
Бұл ретте ЕДБ салыстырып тексеру актісінде іс жүзінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенті субсидиялардың аударылған сомасы мен күнін көрсетеді.
Өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісіне қол қойылғаннан кейін қаржы агенті мен ЕДБ оны орындау бойынша іс-әрекет жасайды.
70. Қаржы агенті ЕДБ-ден (қажет болған кезде қарыз алушыдан) қажетті құжаттарды және мониторингтің мәніне жататын, оның ішінде банктік және салықтық құпияны құрайтын ақпаратты сұратады, бұл ретте ЕДБ қаржы агенті сұратқан ақпаратты ұсынуға міндетті.
71. Қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануына мониторинг ЕДБ мен қарыз алушы ұсынатын деректердің негізінде және жоба іске асырылатын жерге барып жүзеге асырылады, жергілікті жерге барудың нәтижелері бойынша мониторинг туралы есеп қалыптастырылады, оған ЕДБ, қарыз алушы мен қаржы агенті бұрыштама қояды, бұл ретте мониторингтің тәртібін, мерзімділігі мен мерзімін, сондай-ақ есептіліктің нысандарын қаржы агенті белгілейді. Жоба іске асырылатын жерге баруды ұйымдастыру қарыз алушы есебінен іске асырылады.
72. Мониторинг жүргізілген күні өтелген не ӨҮК шешімінің негізінде олар бойынша субсидиялау тоқтаған кредиттер мониторингтеуге жатпайды.
73. Қарыз алушылардың құрылыс, құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу, жобаны іске қосу және өзге де объективті себептері сатысында тұрған жобалары бойынша қаржы агенті қарыз алушы жобасының ерекшеліктерін негізге ала отырып, ескертулерді жою үшін қосымша мерзім береді. Жоба бойынша едәуір ауытқу болған жағдайда қаржы агенті осындай жобаларды одан әрі субсидиялаудың орындылығы тұрғысынан шешім қабылдау үшін ӨҮК қарауына жібереді.
74. Қаржы агенті қарыз алушының Бағдарлама шарттарын бұзғаны және (немесе) кредитті мақсатты пайдаланбағаны анықталған жағдайлар бойынша қарыз алушының жобасы бойынша субсидиялауды тоқтата тұрады, мұндай жобалар бойынша материалдар ӨҮК қарауына жіберіледі, ол осы Қағидалардың 3-тарауының 5-параграфына сәйкес субсидиялауды тоқтатады.
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Қайда: __________ әкімдігіне
кімнен _________ (бұдан әрі – ЖКС) ________
Субсидия алуға арналған № ____
ӨТІНІШ-САУАЛНАМА
Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес Сізден кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы мәселені ______________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төменде аталғандарға сәйкес шығаруға бастамашылық етуіңізді сұраймын:
1. Қатысушы туралы мәліметтер
ЖКС атауы | |
Құрылтайшы (лар) туралы деректер | |
Заңды мекенжайы | |
Нақты мекенжайы | |
Пошталық мекенжайы | |
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу күні, нөмірі | |
Қызмет түрі | |
Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе бас компания | |
Жұмыс тәжірибесі |
2. Басшылық
Бірінші басшы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
Лауазымы | |
Жұмыс/үй телефоны | |
Туған жылы және жері | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың № | |
Тұрғылықты (нақты) жері | |
Тіркелген жері | |
Жұмыс тәжірибесі |
Бас бухгалтер (бар болса)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
Жұмыс/үй телефоны | |
Туған жылы және жері | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың № | |
Тұрғылықты (нақты) жері | |
Тіркелген жері | |
Жұмыс тәжірибесі |
Байланыс жасаушы тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы | |
Жұмыс/үй телефоны |
3. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін - акциялардың 1 % және одан көп пайызына иелік ететін ортақ құрылтайшылар)
Атауы/ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | % | Деректемелері |
4. Ағымдағы қызметі туралы ақпарат
Сала (ЭҚЖЖ сәйкес) | |
Кіші сала (ЭҚЖЖ сәйкес) | |
Өнімдер мен көрсетілетін қызметтер түрлері | |
Жылдық айналым | |
Соңғы есептік күнгі пайда немесе шығын | |
Жұмыскерлердің нақты саны | |
Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы) | |
Жобаны іске асыру орны (облыс, қала) | |
Жұмыс орындарының саны |
5. Банктік есепшоттар туралы ақпарат
Банктік деректемелері (барлық қызмет көрсетілетін банктердегі барлық ағымдағы және жинақ шоттарын көрсету):
________________________________________________________________________________
6. Тарихы
ЖКС-ның жұмыс процесінде пайдаланылған барлық қарыздар, өтелген, сол сияқты қазіргі уақытта өтелмеген қарыздар да көрсетіледі.
Кредитор | Сомасы | Берілген күні | Сыйақыны өтеу шарттары | Негізгі қарызды өтеу шарттары | Банктік қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі | Нақты өтеу күні |
1 | ||||||
2 |
7. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат
Күні және валюта бағамы: ___/___
Р/с | Кредитор атауы |
Банктік қарыз шартының деректемелері | Сыйақы мөлшерлемесі, % | Кредит валютасы | Кредит сомасы | Негізгі борыш бойынша берешектің қалдығы, көрсетілген күнгі | Кредит мерзімінің аяқталу күні | Кредит мақсаты (қысқаша сипаттама) |
8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және ЖКС-ге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат
Р/с | МБ /МҚШ атауы | МДИ атауы | Қосымша ақпарат |
9. Кепілдіктер және келісімдер
ЖКС жергілікті (өңірлік) үйлестірушіге мыналарды мәлімдейді және мынадай кепілдіктер береді:
1. Осы өтінішпен бірге не жергілікті (өңірлік) үйлестірушінің сұрау салуы бойынша жергілікті (өңірлік) үйлестірушіге тапсырылған (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күндегі шындыққа толығымен сәйкес келеді, аталған деректер өзгертілген жағдайда жергілікті (өңірлік) үйлестірушіні дереу хабардар етуге міндеттенемін.
2. Осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпаратты және құжаттарды жергілікті (өңірлік) үйлестірушінің алғашқы талап етуі бойынша беруге және ашуға міндеттенемін.
3. Жергілікті (өңірлік) үйлестіруші аталған куәландырулар мен кепілдемелердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес.
4. ЖКС, жалған, толық емес және (немесе) дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілген.
5. ЖКС жарғылық құзыреттілігі осы өтінішті берілген өтінішке қол қоятын тұлғаға беруге мүмкіндік беретіндігін ЖКС растайды.
6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда осы өтініштің көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталатын кез келген кезеңде қабылданбайтындығымен келісемін.
ЖКС жергілікті (өңірлік) үйлестірушіге төмендегілер бойынша өз келісімін береді:
1. Жергілікті (өңірлік) үйлестіруші осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мемлекеттік органдарға (қаржы агентіне) ұсынады.
2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ жергілікті (өңірлік) үйлестіруші талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылған.
3. Жергілікті (өңірлік) үйлестіруші ЖКС хабарлаған өзі туралы кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал ЖКС ұсынған құжаттар мен өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмеген болса да, жергілікті (өңірлік) үйлестірушіде сақталатын болады.
4. Жергілікті (өңірлік) үйлестірушінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ ЖКС ықтимал шығыстары (субсидиялауды алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу шығыстары және басқа да шығыстар) жергілікті (өңірлік) үйлестірушінің субсидиялауды беру немесе ЖКС көтерген шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейін жергілікті (өңірлік) үйлестірушіге наразылық білдірмеймін.
10. Қосымшалар
Тегі, аты, әкесінің аты. (бар болса)_______________________________
(қолы) Күні
Аббревиатуралардың толық жазылуы: | |
ЖКС | Жеке кәсіпкерлік субъектісі |
ЭҚЖЖ | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономика секторы |
МДИ | Мемлекеттік даму институттары |
МБ | Мемлекеттік бағдарлама |
МҚШ | Мемлекеттік қолдау шаралары |
БҚШ | Банктік қарыз шарты |
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
(өңірлік үйлестіруші толтырады)
ЖОБАЛАР ТІЗІМІ
ЖКС қарауы үшін
__________________________________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі
Р/с | ЖКС атауы |
Жоба атауы | Заңды мекежайы | Жоба іске асыралатын орын | мың шаршы метр | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||
Жиыны: | ||||||||
Жобаны іске асыру кезеңі | ЭҚЖЖ коды | ЭҚЖЖ секторының атауы | Кредит сомасы, теңге | Субсидия сомасы, теңге | ||||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | ||||
Жұмыс орындарының саны | Басқа МБ-ға қатысу | МҚШ | ||||||
факт | жоспар | МДИ атауы | МБ атауы | |||||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | ||||
Өтініш берілген күн | ЕДБ атауы | ӨҮ атауы | ЖҮ атауы | |||||
17 | 18 | 19 | 20 | |||||
Қосымшалар: (ЖКС ЖҮ/ӨҮ-ге берген өтініш және құжаттар топтамасы)
1)._____________________________________________________________
2)._____________________________________________________________
….
Аббревиатуралардың толық жазылуы: | |
ЖКС | Жеке кәсіпкерлік субъектісі |
ЭҚЖЖ | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономика секторы |
МДИ | Мемлекеттік даму институты |
МБ | Мемлекеттік бағдарлама |
МҚШ | Мемлекеттік қолдау шаралары |
ӨҮ | Өңірлік үйлестіруші |
ЖҮ | Жергілікті үйлестіруші |
Лауазымды тұлға ______________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
М.О.
Жауапты жұмыскер ______________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 3-қосымша |
Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
_________________________жөніндегі
№ ____ ХАТТАМАСЫ
Өткізілетін орны | |
Өткізілетін күні | |
Кеңес төрағасы | |
Қатысқан кеңес мүшелері | |
Қатыспаған кеңес мүшелері | |
Шақырылғандар | |
Кеңес хатшысы |
тәртібі
Р/с | Мәселелер атауы |
Кеңес қарады:
Р/с | 1-мәселенің атауы |
Кеңес ШЕШТІ:
1. Мыналарға:
1) "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келмеуіне;
2) ЖКС жобаларының төменде аталған тізіміне сәйкес мемлекеттік даму институттары арқылы қолдаудың басқа шараларын қолданбауына байланысты субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:
Р/с | Атауы | |||
ЖКС | жоба | сала | ЕДБ | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
БҚШ | Кредит сомасы | Кредит валютасы | Кредит мерзімі | Нысаналы мақсаты | |
№ | күні | ||||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Жоба атауы (сипаттамасы) | Сыйақы мөлшерлемесі (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі+5%) | Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігі | Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігі |
12 | 13 | 14 | 15 |
Субсидиялау мерзімі, ай | Жоба бойынша мәлімет | |||
Жобаның жалпы алаңы | оның ішінде | ҚТҚЖБ салымшылары үшін тұрғын үйдің көлемі (жобадағы пәтердің 50%-нан кем емес), мың шаршы метр | ||
коммерциялық алаң (жобадағы алаңның 30%-нан артық емес) | пәтердің жалпы алаңы | |||
16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
ҚТҚЖБ ұсынған өткізу бағасы | Пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі | Ескертпе |
21 | 22 | 23 |
2. Субсидиялау шарттарын жасасу үшін мақұлданған жобалар тізімі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ға және көрсетілген ЕДБ-ге жіберілсін.
3. Мыналарға:
1) "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келмеуіне;
2) мемлекеттік даму институттары арқылы басқа мемлекеттік қолдау шараларының қолданылуына байланысты субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдануды мақұлдаудан бас тартылсын:
Р/с № | Атауы | Бас тарту себебі | |||
ЖКС | жоба | сала | ЕДБ | ||
Кеңес мүшелерінің қолдары
Р/с № | Кеңес мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мәртебесі | "ҚОЛДАЙМЫН" | "ҚАРСЫМЫН" * | ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР |
Кеңес төрағасы | ||||
Кеңес төрағасының орынбасары | ||||
Кеңес мүшесі | ||||
Кеңес мүшесі | ||||
Кеңес мүшесі |
Кеңес хатшысы ____________________________________________
(Тегі,аты, әкесінің аты (бар болса)
Ескертпе:
*Егер кеңес мүшесі "қарсы" дауыс берген болса, "түсініктемелер" бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
___________________________
(ЕДБ толық атауы)
_____________ - ________________ аралығындағы кезең үшін
субсидиялау туралы есеп
ЕДБ атауы | ЖКС өтініш жасаған жер | ЖКС атауы | IBAN коды* | БСН |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
БҚШ (транш) нөмірі | БҚШ (транш) күні | Кредит (транш) сомасы | Кредит (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі | Субсидилау шартының нөмірі |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Субсидиялау шартының күні | Кезеңде қаржы агенті аударған субсидиялар сомасы | Кезеңде есептен шығарылған субсидиялар сомасы | Кредит бойынша мерзімі өткізілген күндер саны | Кредиттің (транштың) мақсатты пайдаланылуын нақтылау |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Лауазымды тұлға ______________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
М.О.
Жауапты жұмыскер ________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ескертпе: * - ЕДБ-нің банктік жүйесінен туындайтын субсидиялау шартын сәйкестендірудің бірегей коды.
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
______________ - ________________ аралығындағы кезең үшін
уәкілетті органға субсидиялау туралы есеп
ЕДБ атауы | Өңір атауы | ЖКС атауы | БҚШ (транш) нөмірі | БҚШ (транш) күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Кредит (транш) сомасы | Кредит (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі | Субсидиялау шартының нөмірі | Субсидиялау шартының күні | Кезеңде қаржы агенті аударған субсидиялар сомасы |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
________жылғы "_____"__________ өңірлер бөлінісінде іске асырылатын жобалар
туралы жиынтық мәліметтер
Облыс атауы | Жобалар саны, бірлік | Жобалар сомасы, теңге | Барлығы жалпы алаң, мың шаршы метр | оның ішінде | |
коммерциялық алаң | пәтерлердің жалпы алаңы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
ҚТҚЖБ салымшылары үшін тұрғын үйдің көлемі (жобадағы пәтерлердің 50%-нан кем емес), мың шаршы метр | Пайдалануға бердің жоспарланған мерзімі |
8 | 9 |
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
________жылғы "_____"__________ субсидиялау үшін қабылданған міндеттемелер және
қаражаттың болжамды қалдығы бойынша есеп
теңге
Р/с | Кезеңнің басындағы қалдық | Ағымдағы жылы түскен қаражат | Тоқтата тұрылған/тоқтатылған субсидиялар бойынша ЕДБ-дан қайтарылған сома | Аударылды | Кезеңнің соңындағы қалдық |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Субсидиялаудың барлық кезеңі үшін қабылданған міндеттемелердің төленбеген субсидияларсыз қалдығы | Субсидиялау үшін қаражаттың болжамды қалдығы (6-7-бағандар) |
7 | 8 |
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
_____ жылғы "_____"__________ қарыз алушылар бөлінісінде іске асырылатын жобалар туралы мәліметтер
ЖКС атауы |
Облыс | Жобалар саны, бірлік | Жобалар сомасы, теңге | Барлығы жалпы алаң, мың шаршы метр | оның ішінде | |
коммерциялық алаң | пәтерлердің жалпы алаңы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
ҚТҚЖБ салымшылары үшін тұрғын үйдің көлемі (жобадағы пәтерлердің 50%-нан кем емес), мың шаршы метр | Пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі |
8 | 9 |