1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 339 "Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі № 2869 тіркелген, 2014 жылғы 11 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"1. Жалпы ережелер" деген бөлімінде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 160023, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Арғынбеков көшесі.".
"2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген бөлімінде:
15-тармақта:
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) облыстың салаларын дамыту үшін инвестициялар тартады;";
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.".
16-тармақта:
1), 31), 34), 35) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) облыстық кәсіпкерлер Палаталарының қатысуымен облыста кәсіпкерлікті қолдау карталарын әзірлеп облыс әкімдігіне бекітуге жолдайды;
31) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
34) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
35) берілген құзіреттің шегінде заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру лицензиар қызметін жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын:
"39) келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді береді;
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия береді;
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер береді;
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар береді";
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсетеді.";
30) тармақшасы - алып тасталсын.
17-тармақтың:
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) өз құзыреті шегінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 202, 204, 464-баптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырады;".
"3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру" деген бөлімінде:
21-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) өз құзіреті шегінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 202, 204, 464-баптарына сәйкес әкімшілік хаттамаларға қол қояды;".
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Б. Атамқұлов |
Д.Сатыбалды | |
Б.Жылқышиев | |
С.Қаныбеков | |
Е.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев | |
К.Мендебаев |