Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы N 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 ақпанда N 3620 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса берілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мәслихаттың кейбір шешімдері күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
Л. Жалмұқанова
      Қалалық мәслихат хатшысы Л. Жалмұқанова

  Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 6 шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсету
ҚАҒИДАЛАРЫ

      Ескерту. Қағидаларға өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 19.03.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Осы Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысына, сәйкес әзірленді және Петропавл қаласының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындайды.

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Петропавл қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 19.03.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, канализация, жылумен (қатты отын), электр жарығымен, газбен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару, лифт қызметi) және қалалық телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына және осы мақсатта жұмсалған шектi рұқсат етiлген шығындар үлесi Петропавл қаласы бойынша отбасының (азаматтардың) жиынтық кiрiсiне 10 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

      3. "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 19.03.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тоқсанына бір рет мынадай құжаттарды ұсына отырып, өтініш береді:

      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

      тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) табысын растайтын құжаттарды (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда), жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда) ретінде тіркелгені туралы анықтама;

      балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент алатыны туралы мәліметтер;

      банктік шот;

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      жергілікті атқарушы органның жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы органмен берілген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Уәкілетті орган және/немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттарды, өтініш берушінің тұрғылықты жерін тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы, зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 19.03.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4-1. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 19.03.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4-2. Порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Қағидалар 4-2-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 19.03.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4-3. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Қағидалардың 4-4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.

      Ескерту. Қағидалар 4-3-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 19.03.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4-4. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Қағидалар 4-4-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 19.03.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4-5. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Ескерту. Қағидалар 4-5-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 19.03.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Өкілетті орган тұрғын үй көмегін ағымдағы тоқсанға тағайындайды және есептелінген тиісті сомаларды өтініш берушілердің жеке есеп шоты арқылы коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге аударады.

      6. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Ережесіне сәйкес, отбасының алдыңғы тоқсандағы табыстары есептелінеді.

      7. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға өтініш берген тоқсанда тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткізушілер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналар туралы ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 19.03.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Отбасының (азаматтың) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтер көрсету ақысына кеткен шығындары, коммуналдық қызметтер көрсету тарифтері, отбасы мүшесінің құрамы мен кірістері өзгертілген жағдайда, белгіленген тұрғын үй көмегінің сомасы қайта есептеледі.

      9. Тұрғын үй көмегі көрсетілген кезде отбасындағы уақытша жоқ тұлғалар есепке алынбайды, ол тиісті құжатпен расталуы тиіс.

      10. Телефонның абоненттік ақысы тарифінің арту өтемақысы қызмет көрсетушінің есепшотына немесе қызмет алушылардың банкте ашылған екінші деңгейлі дербес шоттарына аударылады.

      11. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлкінің күрделі жөндеуінің төлемақысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемелекеттік тіркеуден өткен кондоминиум объектісін басқару органының шотына тиесілі сомаларды аудару арқылы қызмет алушының өтініші негізінде жүргізіледі.

      12. Жеке (оның ішінде, қатты отынмен жылытылатын) тұрғын үйлерде тұратын меншік иелеріне тұрғын үй көмегі қызмет алушылардың банкте ашылған екінші деңгейлі дербес шоттарына аударылатын ақшалай төлем түрінде белгіленеді.

      13. Тұрғын үй көмегінің сомасын коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есепшотына аудару мүмкін болмаған жағдайда (қызмет көрсетушінің таратылуы, қайта құрылуы, банктік деректемелерінің өзгеруі), аталған қызмет алушы пайдаланатын қызметтерді ұсынатын өзге жеткізушілер арасында бөлінеді.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету өлшемдері

      14. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі келесі өлшемдер есепке алынуымен көрсетіледі:

      1) жылу мен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау шығындарын төлеу бойынша, тұрғын үй аумағының нормасы Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру өлшемдерімен балама:

      жеке басты азаматтар үшін 30 шаршы метр шегінде;

      екі адамнан тұратын отбасы үшін 48 шаршы метр;

      үш және оданда көп адамнан тұратын отбасы үшін әрбір адам басына 18 шаршы метр.

      2) басқа коммуналдық қызметтерді көрсету түрлері бойынша – орталық және жергілікті атқарушы органдарының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес.

      15. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтыну және мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға алу ақысының шығындарын өтеу нақты шығындар бойынша жүргізіледі.

      16. Коммуналдық қызметтердің пайдаланылуын есептеу құрылғысы бар отбасылар (азаматтар) үшін есеп айырысуға қолданылатын шығындар, қызметтер есептеу құрылғысының көрсеткіштері негізінде жүгінген тоқсанның нақты шығыстары бойынша алынады.

      17. Тұрғын үй көмегінің көлемі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникациялар жүйесіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлігінде, байланыс қызметін пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға алу ақысының шығындарына нақты есептелген төлем сомасынан аса алмайды.

  Мәслихаттың 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 6 шешіміне қосымша

Мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы"Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі № 6 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 17 тамызда № 1327 тіркелді, 2004 жылғы 03 қыркүйектегі № 36 "Добрый вечер" газетінде жарияланған);

      2. "Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шiлдедегi "Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтер төлемiне тұрғын үй көмегiн беру Ережелерi туралы" кезектен тыс 7 сессиясының №6-шы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 3 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы Әділет басқармасында 2005 жылғы 15 тамызда № 13-1-17 тіркелді, 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 40 "Қызылжар нұры" газетінде, 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 36 "Добрый вечер" газетінде жарияланған);

      3. "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 11 қазанда № 7 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 6 қарашада № 13-1-85 тіркелді, 2007 жылғы 23 қарашадағы № 48 "Қызылжар нұры" газетінде, 2007 жылғы 23 қарашадағы № 47 "Проспект СК" газетінде жарияланған);

      4. "Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегiн ұсынуережелерi туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2007 жылғы 15 желтоқсандағы № 5 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 24 қаңтарда № 13-1-111 тіркелді, 2008 жылғы 01ақпандағы № 5 "Қызылжар нұры" газетінде,2008 жылғы 01 ақпандағы № 5"Проспект СК" газетінде жарияланған);

      5. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 сәуірде № 13-1-116 тіркелді, 2008 жылғы 01 мамырдағы № 18 "Қызылжар нұры" газетінде, 2008 жылғы 02 мамырдағы № 19 "Проспект СК" газетінде жарияланған);

      6. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 19 маусымдағы № 5 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 22 шілдеде № 13-1-120 тіркелді, 2008 жылғы 01 тамыздағы № 31 "Қызылжар нұры" газетінде, 2008 жылғы 01 тамыздағы № 32 "Проспект СК" газетінде жарияланған);

      7. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 желтоқсандағы № 6 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қаңтарда № 13-1-147 тіркелді, 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4 "Қызылжар нұры" газетінде, 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4 "Проспект СК" газетінде жарияланған);

      8. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 5 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 мамырда № 13-1-181 тіркелді, 2010 жылғы 28 мамырдағы № 24 "Қызылжар нұры" газетінде, 2010 жылғы 28 мамырдағы № 23 "Проспект СК" газетінде жарияланған);

      9. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2011 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 2 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 6 маусымда № 13-1-198 тіркелді, 2011 жылғы 10 маусымдағы № 25 "Қызылжар нұры" газетінде, 2011 жылғы 09 маусымдағы № 19 "Все будет хорошо" газетінде жарияланған);

      10. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі № 6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 2 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 қарашадағы № 3472 тіркелді, 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 2 "Қызылжар нұры" газетінде, 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 3 "Проспект СК" газетінде жарияланған).