"Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының N 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 сәуірде N 13-1-116 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы N 6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 960  қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Уақытша бос ақшаны екінші деңгейдегі банктердің депозиттерінен жоспарланбаған алып қою туралы шешімді Ұйымдарға қатысты тікелей мемлекеттік басқару органы не акциялардың (үлестердің) бақылау пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын орган болып табылатын мемлекеттік органдармен келісім бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне бір мезгілде хабарлай отырып, Ұйымдар қабылдайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов