1. Қоса берілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мәслихаттың кейбір шешімдері күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
Л. Жалмұқанова |
Қалалық мәслихат хатшысы | Л. Жалмұқанова |
Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 6 шешімімен бекітілген |
Тұрғын үй көмегін көрсету
ҚАҒИДАЛАРЫ
Осы Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысына, "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" (бұдан әрі - отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидалары) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 Бұйрығы (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізімінде № 7412 болып тіркелген) және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізімінде № 11015 болып тіркелген) бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Петропавл қаласының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындайды.1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Петропавл қаласында тұрақты тұратын және тұрғын үй иелері немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетіледі.2. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, канализация, жылумен (қатты отын), электр жарығымен, газбен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару, лифт қызметi) және қалалық телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына және осы мақсатта жұмсалған шектi рұқсат етiлген шығындар үлесi Петропавл қаласы бойынша отбасының (азаматтардың) жиынтық кiрiсiне 10 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
3. Қоса берілген құжаттары бар өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Стандартқа сәйкес жүзеге асырылады.
4. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша өкiлеттi орган болып "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi табылады (бұдан әрі – өкілетті орган).
5. Өкілетті орган тұрғын үй көмегін ағымдағы тоқсанға тағайындайды және есептелінген тиісті сомаларды өтініш берушілердің жеке есеп шоты арқылы коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге аударады.
6. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Ережесіне сәйкес, отбасының алдыңғы тоқсандағы табыстары есептелінеді.
7. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындар жеткізушілердің коммуналдық қызметтер төлемдеріне ұсынған шоттары бойынша сол тоқсанға алынады.
8. Отбасының (азаматтың) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтер көрсету ақысына кеткен шығындары, коммуналдық қызметтер көрсету тарифтері, отбасы мүшесінің құрамы мен кірістері өзгертілген жағдайда, белгіленген тұрғын үй көмегінің сомасы қайта есептеледі.
9. Тұрғын үй көмегі көрсетілген кезде отбасындағы уақытша жоқ тұлғалар есепке алынбайды, ол тиісті құжатпен расталуы тиіс.
10. Телефонның абоненттік ақысы тарифінің арту өтемақысы қызмет көрсетушінің есепшотына немесе қызмет алушылардың банкте ашылған екінші деңгейлі дербес шоттарына аударылады.
11. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлкінің күрделі жөндеуінің төлемақысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемелекеттік тіркеуден өткен кондоминиум объектісін басқару органының шотына тиесілі сомаларды аудару арқылы қызмет алушының өтініші негізінде жүргізіледі.
12. Жеке (оның ішінде, қатты отынмен жылытылатын) тұрғын үйлерде тұратын меншік иелеріне тұрғын үй көмегі қызмет алушылардың банкте ашылған екінші деңгейлі дербес шоттарына аударылатын ақшалай төлем түрінде белгіленеді.
13. Тұрғын үй көмегінің сомасын коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есепшотына аудару мүмкін болмаған жағдайда (қызмет көрсетушінің таратылуы, қайта құрылуы, банктік деректемелерінің өзгеруі), аталған қызмет алушы пайдаланатын қызметтерді ұсынатын өзге жеткізушілер арасында бөлінеді.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету өлшемдері
14. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі келесі өлшемдер есепке алынуымен көрсетіледі:1) жылу мен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау шығындарын төлеу бойынша, тұрғын үй аумағының нормасы Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру өлшемдерімен балама:
жеке басты азаматтар үшін 30 шаршы метр шегінде;
екі адамнан тұратын отбасы үшін 48 шаршы метр;
үш және оданда көп адамнан тұратын отбасы үшін әрбір адам басына 18 шаршы метр.
2) басқа коммуналдық қызметтерді көрсету түрлері бойынша – орталық және жергілікті атқарушы органдарының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес.
15. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтыну және мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға алу ақысының шығындарын өтеу нақты шығындар бойынша жүргізіледі.
16. Коммуналдық қызметтердің пайдаланылуын есептеу құрылғысы бар отбасылар (азаматтар) үшін есеп айырысуға қолданылатын шығындар, қызметтер есептеу құрылғысының көрсеткіштері негізінде жүгінген тоқсанның нақты шығыстары бойынша алынады.
17. Тұрғын үй көмегінің көлемі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникациялар жүйесіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлігінде, байланыс қызметін пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға алу ақысының шығындарына нақты есептелген төлем сомасынан аса алмайды.
Мәслихаттың 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 6 шешіміне қосымша |
Мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы"Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі № 6 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 17 тамызда № 1327 тіркелді, 2004 жылғы 03 қыркүйектегі № 36 "Добрый вечер" газетінде жарияланған);2. "Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шiлдедегi "Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтер төлемiне тұрғын үй көмегiн беру Ережелерi туралы" кезектен тыс 7 сессиясының №6-шы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 3 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы Әділет басқармасында 2005 жылғы 15 тамызда № 13-1-17 тіркелді, 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 40 "Қызылжар нұры" газетінде, 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 36 "Добрый вечер" газетінде жарияланған);
3. "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 11 қазанда № 7 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 6 қарашада № 13-1-85 тіркелді, 2007 жылғы 23 қарашадағы № 48 "Қызылжар нұры" газетінде, 2007 жылғы 23 қарашадағы № 47 "Проспект СК" газетінде жарияланған);
4. "Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегiн ұсынуережелерi туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2007 жылғы 15 желтоқсандағы № 5 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 24 қаңтарда № 13-1-111 тіркелді, 2008 жылғы 01ақпандағы № 5 "Қызылжар нұры" газетінде,2008 жылғы 01 ақпандағы № 5"Проспект СК" газетінде жарияланған);
5. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 сәуірде № 13-1-116 тіркелді, 2008 жылғы 01 мамырдағы № 18 "Қызылжар нұры" газетінде, 2008 жылғы 02 мамырдағы № 19 "Проспект СК" газетінде жарияланған);
6. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 19 маусымдағы № 5 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 22 шілдеде № 13-1-120 тіркелді, 2008 жылғы 01 тамыздағы № 31 "Қызылжар нұры" газетінде, 2008 жылғы 01 тамыздағы № 32 "Проспект СК" газетінде жарияланған);
7. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 желтоқсандағы № 6 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қаңтарда № 13-1-147 тіркелді, 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4 "Қызылжар нұры" газетінде, 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4 "Проспект СК" газетінде жарияланған);
8. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 5 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 мамырда № 13-1-181 тіркелді, 2010 жылғы 28 мамырдағы № 24 "Қызылжар нұры" газетінде, 2010 жылғы 28 мамырдағы № 23 "Проспект СК" газетінде жарияланған);
9. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2011 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 2 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 6 маусымда № 13-1-198 тіркелді, 2011 жылғы 10 маусымдағы № 25 "Қызылжар нұры" газетінде, 2011 жылғы 09 маусымдағы № 19 "Все будет хорошо" газетінде жарияланған);
10. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі № 6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 2 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 қарашадағы № 3472 тіркелді, 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 2 "Қызылжар нұры" газетінде, 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 3 "Проспект СК" газетінде жарияланған).