“Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 22 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4903 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда “Әділет” құқықтық-ақпарат жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
“1. Жалпы ережелер” бөліміндегі 9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
“9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі № 3.”.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Т. Дүйсебаев |