Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 95 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:      
      1. Алға ауданы әкімдігінің 31.03.2015 жылғы № 129 "Алға ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4317 болып тіркелген, аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінің 2015 жылы 15 мамырдағы № 22 (6823) (8499) санында және 2015 жылы 12 мамырында "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Джалғаспаевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі М. Абдуллин