"Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 22 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 8 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 ақпанда № 5348 болып тіркелді

Қолданыстағы
      “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 22 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4903 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда “Әділет” құқықтық-ақпарат жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
      “1. Жалпы ережелер” бөліміндегі 9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      “9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі № 3.”.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев