Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 ақпанда № 14794 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері (бұдан әрі - Нормативтер);

      2) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптар;

      5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесі;

      6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингі және рейтингтік агенттіктердің тізбесі;

      7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесі белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің кейбір құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы Нормативтердің 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-тармағының 3) тармақшасын және 23-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің

      Төрағасы

      ______________ Н. Айдапкелов

      2017 жылғы 11 қаңтар

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016
жылғы 26 желтоқсандағы № 304
қаулысына 1-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері

      Ескерту. Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері (бұдан әрі - Нормативтер) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін белгiлейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қаржылық есептілік негізінде есептелетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшін нормативтік мәндері Заңның 46-бабына сәйкес белгіленеді.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер:

      жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін;

      төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін;

      өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін;

      активтерді әртараптандыру нормативтерін;

      сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (бірлесіп қайта сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерін қамтиды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін қосымша пруденциялық нормативтер:

      күтілмеген тәуекелдер резервін;

      тұрақтандыру резервін қамтиды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін, өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін, активтерді әртараптандыру нормативтерін күн сайын сақтауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Сақтандыру топтары үшін пруденциялық норматив сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі болып табылады.

2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшері

      5. Жаңадан құрылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру қызметін) жүзеге асыру құқығына лицензия алған кезде жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Нормативтерге 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшеріне сәйкес белгіленеді.

      6. Жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін есептеу мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру күніндегі, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады.

3-тарау. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі

1-параграф. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін есептеу

      7. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі нақты төлем қабілеттілігі маржасының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшеріне қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

      НТҚ

      Нтм = ----------------- > 1, мұнда:

      ТМЕ

      Нтм - төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі;

      НТҚ - нақты төлем қабілеттілігінің маржасы;

      ТМЕ - төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі 1 (бірден) кем болмауы тиіс.

      8. Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтердің осы тарауының 2 және 3-параграфтарына сәйкес есептелінеді. Егер төлем қабілеттілігі маржасының есептелген ең төмен мөлшерінің шамасы кепілдік беру қорының Нормативтердің осы тарауының 4-параграфында белгіленген ең төмен мөлшерінен төмен болса, онда төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері кепілдік беру қорының ең төмен мөлшеріне тең шаманы құрайды.

      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мөлшерін ұлғайту кестесі бойынша есептелген төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің ұлғаю сомасына сәйкес қайта сақтандырушының рейтингтік бағасына немесе өткен есепті күнгі Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәніне байланысты, қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға берілетін (берілген) міндеттемелер сомасына ұлғаяды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен құрылған (қалыптастырылған) активтердің ағымдағы құнының 1 (бір) пайызына тең мәнге ұлғайтылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Standard & Poor's агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Moody's Investors Service, Fitch, A.M. Best және Morningstar агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын да мойндайды.

      A.M. Best агенттігінің рейтингтік бағалары қайта сақтандырушының рейтингтік бағасын мойындау мақсатында ғана пайдаланылады.

      Morningstar рейтингтік агенттігінің рейтингтік бағалары Exchange Traded Funds (ETF), Exchange traded commodities (ETC), Exchange Traded Notes (ETN) пайларын бағалау мақсатында ғана пайдаланылады.

      Нормативтердің мақсаттары үшін Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес ұзақ мерзімді рейтингтердің салыстырмалы кестесіне сәйкес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығының рейтингтері немесе оларға сәйкес келетін рейтингтер пайдаланылады.

2-параграф. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымы және қайта сақтандыруды қызметінің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу

      11. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және қайта сақтандыруды қызметінің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтердің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген әдістерді пайдалана отырып есептелген шамалардың бірінің ең жоғары мәніне тең шаманы білдіреді.

      12. Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін "сыйлықақылар әдісін" пайдалана отырып есептеу тәртібі:

      1) есептеу өткен қаржы жылында сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының немесе өткен қаржы жылындағы жиынтық еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақыларының сомасын негізге алып жүзеге асырылады, есептеу үшін ең жоғары шама алынады;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының "көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру" сыныбы бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (жиынтық еңбек сіңірілген сыйлықақыларының) сомасы 50 (елу) пайызға ұлғаюға тиіс;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру" сыныбы бойынша қабылдаған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (жиынтық еңбек сіңірілген сыйлықақыларының) сомасы 50 (елу) пайызға ұлғаюға тиіс;

      4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес есептелген жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (жиынтық еңбек сіңірілген сыйлықақыларының) сомасы сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлемінің шығыстар сомасына, сондай-ақ корпоративтік табыс салығының сомасына азаяды;

      5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес есептелген:

      2018 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайтын мөлшердегі сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 18 (он сегіз) пайызға көбейтіледі, қалған артылған сома 16 (он алты) пайызға көбейтіледі;

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      3 500 000 000 (үш миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайтын мөлшердегі сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 18 (он сегіз) пайызға көбейтіледі, қалған артылған сома 16 (он алты) пайызға көбейтіледі.

      Алынған нәтижелер осы тармақтың 6) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне жинақталады және түзетіледі;

      6) түзету коэффициенті өткен 3 (үш) қаржы жылында есептелген жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасының (сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергенде) өткен 3 (үш) қаржы жылында есептелген жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,5 (нөл бүтін оннан бестен) кем болса, онда есептеу үшін 0,5 (нөл бүтін оннан бес) алынады.

      Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өткен 3 (үш) қаржы жылында сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаса, төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу кезінде түзету коэффициенті қолданылмайды.

      13. Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін "төлемдер әдісін" пайдалана отырып есептеу тәртібі:

      1) есептеу үшін өткен 3 (үш) қаржы жылында есептелген жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасы пайдаланылады.

      Заңның 6-бабы 3-тармағының 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген, сақтандыру тәуекелдерімен ғана айналысатын сақтандыру ұйымы есептеу үшін өткен 7 (жеті) қаржы жылында жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасын пайдаланады;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру" сыныбы бойынша жүзеге асырған жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасы 50 (елу) пайызға ұлғаюға тиіс;

      3) жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасы өткен қаржы жылының соңында мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің сомасына ұлғаяды және мыналарға азаяды:

      есепті қаржы жылының алдындағы 3 (үш) жыл үшін қаржы жылының соңында мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің сомасына;

      осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген сақтандыру ұйымдары үшін - есепті қаржы жылының алдындағы 7 (жеті) жыл үшін қаржы жылының соңында мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің сомасына;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу үшін мыналар пайдаланылады:

      осы тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацына сәйкес алынған соманың үштен бір бөлігі;

      осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген сақтандыру ұйымдары үшін - осы тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес алынған соманың жетіден бір бөлігі;

      5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес есептелген:

      2018 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      1 000 000 000 (бір миллиард) теңгеден аспайтын мөлшердегі сақтандыру төлемдерінің сомасы 26 (жиырма алты) пайызға көбейтіледі, қалған артылған сома 23 (жиырма үш) пайызға көбейтіледі;

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      2 500 000 000 (екі миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайтын мөлшердегі сақтандыру төлемдерінің сомасы 26 (жиырма алты) пайызға көбейтіледі, қалған артылған сома 23 (жиырма үш) пайызға көбейтіледі.

      Алынған нәтижелер Нормативтердің 12-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне жинақталады және түзетіледі.

      Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаса, төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу "төлемдер әдісін" пайдаланбай жүзеге асырылады.

      14. Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері мынадай сомаларға:

      Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15-1) және 16) тармақшаларында көрсетілген сақтандырудың ерікті нысанындағы сыныптар бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша – есепті кезең соңында сақтандырудың осы сыныптары бойынша қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларынан 10 (он) пайызға;

      сақтандыру объектісі сақтанушы, сақтандырылған немесе үшінші тұлға арасында жасалған шарт бойынша сақтанушы (сақтандырылған) өз міндеттемелерін орындамау (тиісінше орындамау) нәтижесінде шығындарды өтеумен байланысты сақтанушының немесе пайда алушының мүліктік мүдделері болып табылатын Заңның 6-бабы 3-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген сақтандырудың ерікті нысанындағы сыныбы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша – есепті кезең соңында сақтандырудың осы сыныбы бойынша қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларынан 10 (он) пайызға;

      Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14) 15-1) және 16) тармақшаларында көрсетілген сақтандырудың ерікті нысанындағы сыныптар шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың қаржы шығындарын өтеуді көздейтін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша – есепті кезеңнің соңында қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларынан 10 (он) пайызға қосымша ұлғаяды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері өткен қаржы жылынан кем болса, есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері осы Нормативтердің 16-тармағына сәйкес есептелетін резерв коэффициентіне түзетілген өткен қаржы жылының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшеріне тең болады.

      Егер өткен қаржы жылындағы төлем қабілеттілігі маржасының резерв коэффициентіне түзетілген ең төмен мөлшері есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінен кем болса, есептеу үшін есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері пайдаланылады.

      16. Резерв коэффициенті өткен қаржы жылының соңындағы мәлімденген, бірақ реттелмеген шығындар (қайта сақтандырушының үлесін шегергенде) резерві сомасының өткен қаржы жылының басындағы мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар (қайта сақтандырушының үлесін шегергенде) резервінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Егер резерв коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 1 (бірден) көп болса, онда есептеу үшін 1 (бір) алынады.

      16-1. "Ауырған жағдайдан сақтандыру" және "туристі міндетті сақтандыру" сыныптары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының үлесі есепті күні қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінде 80 (сексен) пайыздан астам құрайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтердің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген әдістерінің бірін пайдалана отырып есептелген шама болып табылса, төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері 30 (отыз) пайызға азаяды.

      Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.10.2020 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-параграф. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу

      17. "Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу мынадай сақтандыру сыныптары және түрлері бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады:

      1) "өмірді сақтандыру" және "аннуитеттік сақтандыру" сыныптары бойынша;

      2) "жазатайым оқиғалардан сақтандыру", "ауырған жағдайдан сақтандыру" және "қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру" сыныптары бойынша.

      Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу үшін Нормативтердің 18 және 23-тармақтарына сәйкес есептелген сомалар алынады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Нормативтердің 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу Нормативтердің 19 және 21-тармақтарына сәйкес есептелген мәндердің сомасына тең шаманы білдіреді.

      19. Тәуекелді капитал теріс мәнге ие болмайтын, қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері мынадай шамалардағы сомаға:

      1) қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша (мерзімі 3 (үш) жылға дейін) - Нормативтердің 20-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтілген тәуекелді капитал сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызға;

      2) қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша (мерзімі 3 (үш) жылдан 5 (бес) жылға дейін) - Нормативтердің 20-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтілген тәуекелді капитал сомасынан 0,15 (нөл бүтін жүзден он бес) пайызға;

      3) қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандырудың басқа шарттары бойынша - Нормативтердің 20-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтілген тәуекелді капитал сомасының 0,3 (нөл бүтін оннан үш) пайызға тең болады.

      20. Тәуекелді капитал өткен қаржы жылының соңындағы ол бойынша құрылған сақтандыру резервтері сомасына азайтылған қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандырудың қолданыстағы шарттары бойынша жиынтық сақтандыру сомасын білдіреді.

      Түзету коэффициенті қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша тәуекелді капиталдың (қайта сақтандырушының үлесін шегергенде) тәуекелді капиталға қатынасы ретінде есептеледі. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,5 (нөл бүтін оннан бестен) кем болса, онда есептеу үшін 0,5 (нөл бүтін оннан бес) алынады.

      21. Нормативтердің 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша сақтандырудың басқа шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері мынадай мәндерге тең:

      2018 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      қалыптастырылған сақтандыру резервтері және осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген түзету коэффициенті қосындысының 4 (төрт) пайызына көбейтіндісіне тең;

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      зейнетақы аннуитетінің шарттарын қоспағанда, есептелген қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің және осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес түзету коэффициенті сомасынан 4 (төрт) пайыз көбейтіндісіне;

      зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша – қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің және осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген түзету коэффициенті сомасынан Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және Заңның 47-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған олардың құрылымына қойылатын талаптарға (бұдан әрі - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптар) сәйкес белгіленген жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеменің ең жоғары мөлшерінің көбейтіндісіне тең.

      Түзету коэффициенті өткен қаржы жылының соңындағы сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергенде, қалыптастырылған сақтандыру резервтері сомасының өткен қаржы жылының соңындағы қалыптастырылған сақтандыру резервтері жалпы сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,85 (нөл бүтін жүзден сексен бестен) кем болса, онда есептеу үшін 0,85 (нөл бүтін жүзден сексен бес) алынады.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. "Жазатайым оқиғалардан сақтандыру", "ауырған жағдайдан сақтандыру" және "қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру" сыныптары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтердің 11, 12, 13-тармақтарына сәйкес есептеледі.

      Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру" сыныбы бойынша "сыйлықақылар әдісін" пайдалана отырып, төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу кезінде, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын құру арқылы қабылдаған сақтандырудың осы сыныбының сақтандыру шарты (шарттары) бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (еңбек сіңірілген сыйлықақыларын) қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандырудың осы сыныбы бойынша қабылдаған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (жиынтық еңбек сіңірілген сыйлықақыларының) сомасы 100 (жүз) пайызға ұлғаюға тиіс.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-параграф. Кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері

      24. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері мына шамалардан кем болмайды (айлық есептiк көрсеткiшпен):

      2018 жылғы 1 қантарға дейін:

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 400 000 (төрт жүз мың);

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 450 000 (төрт жүз елу мың);

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 400 000 (төрт жүз мың);

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 450 000 (төрт жүз елу мың);

      2018 жылғы 1 қантардан бастап:

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 450 000 (төрт жүз елу мың);

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 500 000 (бес жүз мың);

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 450 000 (төрт жүз елу мың);

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 500 000 (бес жүз мың);

      2019 жылғы 1 қантардан бастап:

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін – 500 000 (бес жүз мың);

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 500 000 (бес жүз мың);

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 600 000 (алты жүз мың);

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 600 000 (алты жүз мың);

      2020 жылғы 1 қантардан бастап:

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін – 500 000 (бес жүз мың);

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 500 000 (бес жүз мың);

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 700 000 (жеті жүз мың);

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 700 000 (жеті жүз мың).

      25. Егер "ауырған жағдайда сақтандыру" және "туристі міндетті сақтандыру" сыныптары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының үлесі есепті күні қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінде 80 (сексен) пайыздан астам болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері 30 (отыз) пайызға азаяды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. "Жалпы сақтандыру" саласында "ипотеканы сақтандыру" сыныбы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері 700 000 (жеті жүз мың) айлық есептiк көрсеткiш болады.

      Қайта сақтандыруды қызметінің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы үшін кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) айлық есептiк көрсеткiшті құрайды.

      26-1. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және сақтанушы инвестицияларға қатысқан жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандырудың әзірленген түрлері бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері:

      сақтанушы инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді дербес басқарған кезде 200 000 (екі жүз мың) айлық есептік көрсеткішке;

      сақтанушы инвестицияларға, сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға қатысу талабы көздейтін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді берген кезде 100 000 (бір жүз мың) айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылады.

      Ескерту. 26-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Кепілдік беру қорының ең төмен мөлшерін есептеу мақсатында тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, есепті кезеңнің соңындағы айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады.

5-параграф. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасын есептеу

      28. Нақты төлем қабілеттілігінің маржасы Нормативтердің 29 және 33-тармақтарына сәйкес есептелген екі шаманың ең азы болып табылады.

      29. Капиталдың баптарын есепке ала отырып есептелген нақты төлем қабілеттілігінің маржасы мынадай формула бойынша анықталады:

      НТҚ = ЖК + БК – МЕА – Шөж – Шек – И – РЗ, мұнда:

      НТҚ – капиталдың баптарын есепке ала отырып есептелген нақты төлем қабілеттілігінің маржасы;

      ЖК – артықшылықты акциялар шегерілген төленген жарғылық капитал;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      29-тармақтың бесінші абзацының қолданылуы 01.10.2020 бастап қоса алғанда 30.06.2021 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.10.2020 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      БК – төленуге жататын дивидендтерді шегергендегі өткен жылдар мен ағымдағы жылдың бөлінбеген кірісі (оның ішінде қорлар, көзделмеген тәуекелдер резерві, тұрақтандыру резерві, өткен жылдар мен ағымдағы жылдың таза кірісі есебінен қалыптастырылған резервтер);

      МЕА - Нормативтердің 34-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтер;

      Шөж – өткен жылдардың орны толтырылмаған шығындарын;

      Шек – есепті кезеңнің орны толтырылмаған шығындарын;

      И – басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар;

      РЗ – Заңның 32-бабына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары болып табылатын тұлғаларға не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар тұлғаларға берілген реттелген қарыз.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.10.2020 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Нақты төлем қабілеттілігі маржасы нақты төлем қабілеттілігі маржасының 50 (елу) пайызынан немесе төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінен (қандай көрсеткіш төмен болуына байланысты) аспайтын сомадағы артықшылықты акциялардың және реттелген борыштың сомасына ұлғаюы мүмкін. Артықшылықты акциялар және белгіленген өтеу мерзімі бар реттелген борыш сомасында артықшылықты акциялар мен реттелген борыштың жалпы сомасынан 50 (елу) пайыздан аспайды.

      31. Реттелген борыш мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы нақты алған ақшаның толық төленген сомасы ғана ескеріледі;

      2) белгіленген өтеу мерзімі бар реттелген борышты өтеу мерзімі 5 (бес) жылдан кем болмайды. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы реттелген борышты өтеу күніне дейін 1 (бір) жыл бұрын уәкілетті органға өтеу сәтіндегі нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын береді. Егер реттелген борыш нақты төлем қабілеттілігі маржасын есептеуге мынадай тәртіппен енгізілген жағдайда мұндай талап қолданылмайды:

      борышты өтеу мерзімі басталғанға дейінгі 5 (бес) жылдан астам мерзім ішінде - борыштың толық сомасын;

      борышты өтеу мерзімі басталғанға дейінгі 5 (бес) жыл ішінде:

      1-ші жыл - реттелген борыш сомасының 100 (жүз) пайызын;

      2-ші жыл - реттелген борыш сомасының 80 (сексен) пайызын;

      3-ші жыл - реттелген борыш сомасының 60 (алпыс) пайызын;

      4-ші жыл - реттелген борыш сомасының 40 (қырық) пайызын;

      5-ші жыл - реттелген борыш сомасының 20 (жиырма) пайызын;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгіленген өтеу мерзімі жоқ реттелген борышты өтеу кезінде болжанып отырған өтеу мерзіміне дейінгі кемінде 5 (бес) жыл бұрын уәкілетті органға нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын береді. Осы талап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы реттелген борышты белгіленген нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебіне енгізбеген, сондай-ақ оны мерзімінен бұрын өтеген жағдайда қолданылмайды. Мұндай жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осындай өтеуге дейін және кейін нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын алдын-ала бере отырып, болжанып отырған өтеу күніне дейінгі 6 (алты) ай бұрын уәкілетті органның реттелген борышты мерзімінен бұрын өтеуге қорытындысын алады;

      4) реттелген борыш сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды қоспағанда, уәкілетті органмен келісілгеннен күні өтелуге тиіс;

      5) реттелген борыш талаптарын өзгерту уәкілетті органның келісімі болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      32. Облигациялар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17884 болып тіркелген "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысымен бекітілген облигациялар шығарылымын орналастыру қорытындысы туралы есептің негізінде ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының реттелген борышы болып танылады және нақты төлем қабілеттілігі маржасын есептеуге енгізіледі.

      Нормативтердің 30 және 31-тармақтарында көрсетілген талаптардан басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының реттелген борышы болып табылатын облигациялар сондай-ақ мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      облигациялардың меншік иесінің бастамасы бойынша немесе уәкілетті органның алдын-ала келісімінсіз өтеуге жатпайды;

      эмиссия проспектісінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының борыш бойынша сыйақы төлемді кейінге қалдыру құқығы көзделген;

      бағалы қағаздар эмиссиясы проспектісінде шығын болған жағдайда негізгі борышты және төленбеген сыйақыны түзету және мұндай жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қызметін жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі көзделген.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33. Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып есептелген нақты төлем қабілеттілігі маржасы, мынадай формула бойынша анықталады:

      НТҚ = СӨА – СР – М , мұнда:

      СӨА – Нормативтердің 34-тармағына сәйкес оларды сапа және өтімділігі бойынша жіктелуін ескергендегі активтер;

      СР – Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген соңғы есепті айдың аяғындағы қайта сақтандырушының үлесін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінің сомасы. Сақтандыру резервтерінің сомасы ай сайынғы қаржылық және өзге де есептілікті уәкілетті органға ұсынған күнге дейін пайдаланылады (есепті айдан кейінгі айдың бесіне дейін өткен есепті айдағы сақтандыру резервтерінің сомасы пайдаланылады);

      М – сақтандыру резервтерін қоспағанда, міндеттемелер.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      34-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.10.2020 № 106 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      34-тармақтың қолданылуы 01.10.2020 бастап қоса алғанда 30.06.2021 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.10.2020 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сапасы мен өтімділігі бойынша сыныпталуын ескере отырып, активтері құнының есебіне мыналар кіреді:

      1) ақша:

      қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сомасынан 1 (бір) пайыздан аспайтын сомада кассадағы ақша - баланстық құнның 100 (жүз) пайызы көлемінде;

      Нормативтердің 38-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жолдағы ақша - баланстық құнның 100 (жүз) пайызы көлемінде;

      Нормативтердің 38-тармағы 5) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша - Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесіне сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін есептеуде көрсетілген көлемде;

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және орталық депозитарийде орналастырылған бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның шоттарындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы - баланстық құнның 100 (жүз) пайызы көлемінде;

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және орталық депозитарийде орналастырылған инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың шоттарындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы - баланстық құнның 100 (жүз) пайызы көлемінде;

      2) Нормативтердің 38-тармағы 5) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған салымдар - Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесінде көрсетілген көлемде;

      3) Нормативтердің 38-тармағы 6) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін халықаралық қаржы ұйымдарында орналастырылған салымдар - Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесінде көрсетілген көлемде;

      4) Нормативтердің 38-тармағы 7) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін бейрезидент банктерде орналастырылған салымдар - Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесінде көрсетілген көлемде;

      5) Нормативтердің 38-тармағының 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26) және 27) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдары - Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесінде көрсетілген көлемде;

      6) "өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтанушыларына беретін қарыздар - негізгі борыш сомасының 100 (жүз) пайызы көлемінде;

      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтері сомасының 5 (бес) пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал - жабдықтар-баланстық және нарықтық құндардың ең аз мөлшерінің 100 (жүз) пайызы көлемінде.

      Пруденциалдық нормативтерді есептеу кезінде ескерілетін негізгі құралдардың нарықтық құнын айқындау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы олардың құнын бағалаушыда жылына кемінде бір рет бағалау жүргізеді;

      8) 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      материалдық емес активтер: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызметінің мақсаттары үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету - жинақталған амортизацияны ескере отырып өзіндік құн мөлшерінде және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде;

      9) осы тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардан алынатын сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жоғары өтімді активтері сомасынан 10 (он) пайыздан аспайтын сомадағы сақтандыру сыйлықақылары;

      10) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде көзделген айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты туындаған бағалы қағаздардың номиналды құнын төлеу бойынша бағалы қағаздардың эмитенттеріне қойылатын талаптар (бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінің талаптары бойынша мерзімі өтпеген) - баланстық құнның 100 (жүз) пайызы көлемінде;

      11) сақтанушы:

      дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 (елу) пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлға, не

      Standard & Poor's рейтинг агенттігінің немесе басқа рейтинг агенттіктерінің "ВВ+" төмен емес рейтингі бар заңды тұлға, не;

      мынадай өлшемшарттарға сәйкес:

      өнімді сатудан (қызмет көрсетуден) түскен пайда соңғы 2 (екі) жыл үшін жыл сайын кемінде 50 (елу) миллиардты құрайтын;

      салықтық аударымдар соңғы 2 (екі) жыл үшін кемінде 3 (үш) миллиард теңгені құрайтын ірі жүйе құрушы кәсіпорын болып табылғанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өтімділігі жоғары активтері сомасының 15 (он бес) пайызынан аспайтын сомада алуға арналған сақтандыру сыйлықақылары.

      Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары сақтанушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының кемінде он екіден бір бөлігін төлеген жағдайда олардың сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып, сақтандыру шартына қосымша келісімін (келісімдерін), немесе жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша алғашқы сақтандыру жарнасын ескере отырып, есепті айдан кейінгі бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнын есептеуіне енгізіледі.

      Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтанушы қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының кемінде он екіден бір бөлігін төлеген жағдайда олардың сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып, есепті айдан кейінгі бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнын есептеуіне енгізіледі.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнын, сапасы мен өтімділігі бойынша олардың жіктелуін ескере отырып, есептеуіне (осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген ақша) қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау кезінде бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның шоттарындағы ақшаны орналастырумен байланысты туындаған дебиторлық берешекті қоспағанда):

      шарт талаптары бойынша 3 (үш) жұмыс күнінен астам мерзімге мерзімі өткен дебиторлық берешек;

      шарт талаптары бойынша күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам мерзімге мерзімі өткен дебиторлық берешек "ауырған жағдайда сақтандыру" сыныбы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесі есепті күні қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінде 80 (сексен) пайыздан астамын құрайды;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) қорғаудың қолданылу мерзімі басталмаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша пайда болған дебиторлық берешек;

      ірі қатысушылардың, еншілес ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысы болып табылатын немесе қомақты қатысуы бар ұйымдардың, сондай-ақ өзге үлестес ұйымдардың дебиторлық берешегі енгізілмейді.

      Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтандыру сыйлықақысын мерзімді сақтандыру жарналары түрінде мерзімін ұзартып төлеу көзделген болса, сақтанушы (қайта сақтанушы) кезекті сақтандыру жарнасын есепті күні төлемеген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнын, сапасы мен өтімділігі бойынша олардың жіктелуін ескере отырып дебиторлық берешек сомасының (кейінгі кезеңді сақтандыру жарналары) қалдығы мерзімі өткен болып саналады.

4-тарау. Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативі

      35. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі сақтандыру резервтерінің сомасына өтімділігі жоғары активтер құнының қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептелетін өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативін сақтайды:

      ЖА

      Нжа = ------------- > 1, мұнда:

      СР

      Нжа – өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативі;

      ЖА – Нормативтердің 38-тармағында көрсетілген өтімділігі жоғары активтердің құны (РЕПО операциялары бойынша міндеттемелерді шегергенде);

      СР – сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген, соңғы есепті айдың соңындағы қайта сақтандырушының үлесін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінің сомасы. Сақтандыру резервтерінің сомасы уәкілетті органға ай сайынғы қаржылық және өзге де есептілікті ұсынған күнге дейін пайдаланылады (есепті айдан кейінгі айдың бесіне дейін, өткен есепті айдағы сақтандыру резервтерінің сомасы пайдаланылады).

      Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативі 1 (бірден) кем болмауы тиіс.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      36. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      37. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мынадай активтері өтімділігі жоғары активтер ретінде танылады:

      1) қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасынан 1 (бір) пайыздан аспайтын сомада болатын кассадағы ақшасы;

      2) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі және орталық депозитарийдегі бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның шоттарындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы;

      3) Нормативтердің осы тармағының 5) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;

      4) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі инвестициялық портфельді инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымның шоттарындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы;

      5) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған, мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін салымдары:

      акциялары қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитенттер болып табылады;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzBB" төмен емес рейтингтiк бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегi рейтингі бар;

      Қазақстан Республикасының резиденттері-бас банктерi, Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-еншiлес банктері болып табылады;

      6) халықаралық қаржы ұйымдарында орналастырылған, Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар салымдар, Еуразия Даму Банкінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен орналастырылған салымдар;

      7) бейрезиденттер-банктерде орналастырылған, Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар салымдар;

      8) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмиссияланған);

      9) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;

      10) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының бір жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      11) "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      12) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      13) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы жария сауда-саттыққа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      14) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzBB" төмен емес рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегi рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15) тармақшаның қолданылуы 01.10.2020 бастап қоса алғанда 30.06.2021 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.10.2020 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған, Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "А+" төмен емес кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ "Қазақстанның Даму Банкі" шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына номинирленген борыштық бағалы қағаздар;

      16) шет мемлекеттердің Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес тәуелсіз рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар борыштық бағалы қағаздары;

      17) шетелдік эмитенттердің Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингтiк бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң рейтингi бар (эмитентінде бар) мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      18) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін акциялары және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      19) заңды тұлғалардың қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акциялары және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      20) Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды тұлғалардың "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы жария сауда-саттыққа жіберілген акциялары;

      21) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингтiк бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ұқсас деңгейдегі рейтингi бар акциялары және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      22) инвестициялық қорлардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздары;

      23) активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе олардың пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланыстырылған Exchange Traded Funds (ETF) пайлары;

      24) Morningstar рейтингтiк агенттiгінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтiк бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF), Exchange Traded Commodities (ETC), Exchange Traded Notes (ETN) пайлары;

      25) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингтiк бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ұқсас деңгейдегі рейтингi және Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzBB" төмен емес рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегi рейтингі бар исламдық қаржыландыру құралдары;

      26) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтiк бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ұқсас деңгейдегі рейтингi бар исламдық қаржыландыру құралдары;

      27) тазартылған бағалы металдар және металл депозиттер;

      28) бағалы қағаздардың эмитенттеріне бағалы қағаздардың номиналдық құны бойынша қойылатын, бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде көзделген олардың айналыс мерзімінің (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің талаптары бойынша мерзімі өтпеген) аяқталуына байланысты туындаған талаптар.

      Нормативтердің мақсаты үшін негізгі қор индекстері ретінде мынадай есептік көрсеткіштер (индекстер) түсініледі:

      САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index);

      DAX (Deutscher Aktienindex);

      DJIA (Dow Jones Industrial Average);

      EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Price Index);

      FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index);

      HSI (Hang Seng Index);

      KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index);

      MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index);

      MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index);

      NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average

      S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index);

      TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index);

      NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index).

      Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдары Нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің кестесінде көрсетілген көлемде өтімділігі жоғары активтердің есебіне енгізіледі.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2020 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      39. Нормативтердің мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары ретінде мына ұйымдар түсініледі:

      Азиялық даму банкі (Asian Development Bank);

      Америкааралық даму банкі (Inter-American Development Bank);

      Африкалық даму банкі (African Development Bank);

      Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкі (European Bank for Reconstruction and Development);

      Еуропа инвестициялық банкі (European Investment Bank);

      Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);

      Жеке секторды дамыту жөніндегі исламдық корпоарция (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);

      Ислам даму банкі (Islamic Development Bank);

      Жан-жақты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі (the Multilateral Investment Guarantee Agency);

      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);

      Халықаралық валюта қоры (the International Monetary Fund);

      Халықаралық даму қауымдастығы (the International Development Association);

      Халықаралық есеп айырысу банкі (the Bank for International Settlements);

      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (the International Centre for Settlement of Investment Disputes);

      Халықаралық қайта құру және даму банкі (International Bank for Reconstruction and Development);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (International Finance Corporation).

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сапасы мен өтімділігі бойынша активтерінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің сомасын есептеу үшін мыналар есепке алынбайды:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншік құқығы шектелген активтер (РЕПО операцияларын қоспағанда).

      Керi репо операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнының есебіне Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесінде көрсетілген көлемде енгізіледі.

      Керi репо операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің есебіне Нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің кестесінде көрсетілген көлемде енгізіледі;

      2) екінші деңгейдегі банктерде Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингтiк бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ұқсас деңгейдегі рейтингi және Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzA+" төмен емес рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегi рейтингі болатын жағдайларды қоспағанда, Заңға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары немесе сақтандыру холдингтері болып табылатын немесе оларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі болып табылатын екінші деңгейдегі банктердегі салымдар және ағымдағы шоттар;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      41. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Активтерді әртараптандыру нормативтері

      42. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерді әртараптандырудың мынадай нормативтерін сақтайды:

      1) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар немесе Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-" төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденті-еншілес банкі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-бас банкі болып табылатын екінші деңгейдегі бір банкте және осы банктің үлестес тұлғаларында бағалы қағаздарға, салымдар мен ақшаға (күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде) инвестициялардың жиынтық баланстық құны (кері РЕПО операцияларын ескере отырып):

      2022 жылғы 1 қаңтарға дейін - Нормативтердің 34-тармағына сәйкес есептелген активтер сомасының 20 (жиырма) пайызынан көп емес;

      2022 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 50 (елу) пайызынан көп емес;

      2023 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 30 (отыз) пайызынан көп емес;

      2024 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан көп емес;

      2) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "В"-дан "В+"-ке дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар екінші деңгейдегі бір банкте және осы банктің үлестес тұлғаларында бағалы қағаздарға, салымдар мен ақшаға (күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде) инвестициялардың жиынтық баланстық құны (кері РЕПО операцияларын ескере отырып):

      2022 жылғы 1 қаңтарға дейін - Нормативтердің 34-тармағына сәйкес есептелген активтер сомасының 15 (он бес) пайызынан көп емес;

      2022 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 30 (отыз) пайызынан көп емес;

      2023 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан көп емес;

      2024 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 15 (он бес) пайызынан көп емес;

      3) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "В-" ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар екінші деңгейдегі бір банкте және осы банктің үлестес тұлғаларында бағалы қағаздарға, салымдар мен ақшаға (күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде) инвестициялардың жиынтық баланстық құны (кері РЕПО операцияларын ескере отырып):

      2022 жылғы 1 қаңтарға дейін - Нормативтердің 34-тармағына сәйкес есептелген активтер сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      2022 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 30 (отыз) пайызынан көп емес;

      2023 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан көп емес;

      2024 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      4) екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын бір заңды тұлғада және осы заңды тұлғаның үлестес тұлғаларында бағалы қағаздарға (күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде), ақшаға инвестициялардың жиынтық баланстық құны (кері РЕПО операцияларын ескере отырып):

      2022 жылғы 1 қаңтарға дейін - Нормативтердің 34-тармағына сәйкес есептелген активтер сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      2022 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 30 (отыз) пайызынан көр емес;

      2023 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан көп емес;

      2024 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      5) тазартылған бағалы металдар мен металды депозиттерге 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімге жиынтық орналастыру:

      2022 жылғы 1 қаңтарға дейін - Нормативтердің 34-тармағына сәйкес есептелген активтер сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      2022 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      6) "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларға берілген қарыздардың жиынтық мөлшері:

      2022 жылғы 1 қаңтарға дейін - Нормативтердің 34-тармағына сәйкес есептелген активтер сомасынан 10 (он) пайызынан көп емес;

      2022 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      7) күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, шет мемлекеттің орталық үкіметі шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға ("кері РЕПО" операцияларын ескере отырып) инвестициялардың жиынтық баланстық құны:

      2022 жылғы 1 қаңтарға дейін - Нормативтердің 34-тармағына сәйкес есептелген активтер сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      2022 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      8) күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, Нормативтердің 39-тармағында тізбесі белгіленген халықаралық қаржы ұйымының бағалы қағаздарына ("кері РЕПО" операцияларын ескере отырып) инвестициялардың жиынтық баланстық құны:

      2022 жылғы 1 қаңтарға дейін - Нормативтердің 34-тармағына сәйкес есептелген активтер сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      2022 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 30 (отыз) пайызынан көп емес;

      2023 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан көп емес;

      2024 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      9) құнсыздануға арналған резервті шегергенде, Нормативтердің 38-тармағы 23) және 24) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін пайларға инвестициялардың жиынтық баланстық құны:

      2022 жылғы 1 қаңтарға дейін - Нормативтердің 34-тармағына сәйкес есептелген активтер сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      2022 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      10) құнсыздануға арналған резервті шегергенде, ашық және интервалды инвестициялық пай қорларының пайларына инвестициялардың жиынтық баланстық құны:

      2022 жылғы 1 қаңтарға дейін - Нормативтердің 34-тармағына сәйкес есептелген активтер сомасының 5 (бес) пайызынан көп емес;

      2022 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 5 (бес) пайызынан көп емес;

      11) құнсыздануға арналған резервті шегергенде, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздарға инвестициялардың жиынтық баланстық құны:

      2022 жылғы 1 қаңтарға дейін - Нормативтердің 34-тармағына сәйкес есептелген активтер сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      2022 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      12) құнсыздануға арналған резервті шегергенде, Нормативтердің 38-тармағы 25) және 26) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін исламдық қаржыландыру құралдарына инвестициялардың жиынтық баланстық құны:

      2022 жылғы 1 қаңтарға дейін - Нормативтердің 34-тармағына сәйкес есептелген активтер сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      2022 жылғы 1 қаңтардан кейін - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан көп емес.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының борыштық бағалы қағаздарына инвестициялар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің бір эмиссиясындағы облигациялардың жалпы көлемінен 25 (жиырма бес) пайыздан аспайды.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген активтердің әртараптандыру нормативтерін есептеу кезінде екінші деңгейдегі банктің және оның үлестес тұлғаларының активтеріне жиынтық орналастыру үлестес тұлғалардың осы тобына активтерді орналастырудың барынша рұқсат етілген лимитіне байланысты нормативтердің біреуінде көрінеді.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.10.2020 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43. Нормативтердің 42-тармағында көрсетілген әртараптандыру нормативтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғаға, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне және ұлттық басқарушы холдингтерге тиесілі бағалы қағаздарына қолданылмайды.

      Активтердің әртараптандыру нормативтерін есептеу мақсаттары үшін ұлттық басқарушы холдинг арқылы ғана үлестес болып табылатын тұлғалар ұйымның үлестес тұлғалары болып танылмайды.

      Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      44. Есепті күндегі қайта сақтандыру активтерін шегергенде, сақтандыру сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің ұлттық валюта бағамының өзгеруіне байланысты алдыңғы есепті күндегі қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің құнынан 20 (жиырма) және одан көп пайызға өзгерген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы активтердің әртараптандыру нормативтерінің артуы күнінен бастап 3 (үш) ай ішінде активтердің әртараптандыру нормативтерін Нормативтердің 42-тармағының талаптарына сәйкес келтіреді.

      Екінші деңгейдегі банктің рейтингі әртараптандырудың тиісті нормативі үшін Нормативтердің 42-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген деңгейден төмен деңгейге төмендеген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы активтердің әртараптандыру нормативтерінің артуы күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде активтердің әртараптандыру нормативтерін Нормативтердің 42-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сәйкес келтіреді.

      Екінші деңгейдегі банктердің және (немесе) екінші деңгейдегі банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың арасында үлектілік туындаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы активтердің әртараптандыру нормативтерінің артуы күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде активтердің әртараптандыру нормативтерін Нормативтердің 42-тармағы 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келтіреді.

      Қайта сақтандырушыдан екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотқа Нормативтердің 34-тармағына сәйкес есептелген активтер сомасынан 10 (он) пайыз асатын өтемақы түске кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы активтердің әртараптандыру нормативтерінің артуы күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде активтердің әртараптандыру нормативтерін Нормативтердің 42-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сәйкес келтіреді.

      Осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде белгіленген мерзім ішінде активтердің әртараптандыру нормативтерінің артуы активтердің әртараптандыру нормативтерінің бұзушылығы болып саналмайды.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін өзге сақталуға мiндеттi нормалары мен лимиттері

1-параграф. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін өзге сақталуға мiндеттi нормалары

      45. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақталуға міндетті мынадай өзге нормаларды сақтайды:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олар төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін сақтаған жағдайда ғана қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерін береді;

      2) РЕПО мәмілелері автоматты тәсілмен "кері РЕПО" операциялары түрінде орындалады және күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге (қор биржасының сауда жүйесінде) жасалады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.10.2020 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      45-1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалармен байланысты тәуекелдерді сақтандыру жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. Әдістеме 45-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшері

      Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      46. Сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерін актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі бекіткен қайта сақтандыру саясатына сәйкес есептейді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасау және оған (міндеттемелер көлемі бөлігінде) өзгерістер енгізу күні жеке сақтандыру шарты бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының ең жоғары мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыруға кіретін) шарттары бойынша:

      төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәні осы қаулыда белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің ең төмен мәнінен 0,2 тармаққа артқан деңгейден төмен емес болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшеріне қатысты 100 (жүз) пайыздан аспайды, бірақ 25 000 000 000 (жиырма бес миллиард) теңгеден көп емес;

      төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәні осы қаулыда белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің ең төмен мәнінен 0,2 тармаққа артқан деңгейден төмен болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшеріне қатысты 80 (сексен) пайыздан аспайды, бірақ 25 000 000 000 (жиырма бес миллиард) теңгеден көп емес.

      Топтық сақтандыру кезінде, сондай-ақ қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, туристі міндетті сақтандыру шарттары бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген есептеу әрбір сақтандырылушы бойынша жеке жүргізіледі.

      Ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) кезінде осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген есептеу әрбір сақтандырушының (қайта сақтандырушының) сақтандыру сомасы үлесіне қарай жүзеге асырылады.

      Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

7-тарау. Қосымша пруденциялық нормативтер

1-параграф. Күтілмеген тәуекелдер резерві

      47. Күтілмеген тәуекелдер резерві (бұдан әрі - КТР) - сақтандыру төлемдерінің және сақтандыру шығындарын реттеу бойынша шығыстардың орнын толтыру үшін Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелетін еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві (бұдан әрі - ЕСР) жеткіліксіз болған кезде ықтимал болашақ тәуекелдер бойынша қалыптастырылатын резерв.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      48. КТР есептеу сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша жеке жүргізіледі. КТР жалпы шамасы сақтандырудың барлық сыныбы бойынша есептелген КТР қосу арқылы анықталады.

      49. КТР бір мезгілде мынадай талаптар сақталған жағдайда ай сайын есептеледі:

      таза сақтандыру төлемдерінің, сақтандыру шығындарын реттеу бойынша шығыстардың және қайта шығындар резервінің (қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген) өзгеруі сомасының таза сақтандыру сыйлықақыларының және ЕСР (қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген) өзгеруінің айырмасына қатынасы сақтандыру сыныбы бойынша 105 (бір жүз бес) пайыздан артық болса;

      сақтандыру сыныбы бойынша қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша таза сақтандыру сыйлықақыларының көлемі есепті кезеңдегі қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша таза сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінен 5 (бес) пайыздан асатын болса.

      КТР төмендегідей есептеледі:



      КТР - күтілмеген тәуекелдер резерві;

      Т- таза сақтандыру төлемдері;

      Ш - сақтандыру шығындарын реттеу бойынша шығыстар;

      ∆ШР- шығындар резервінің (қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген) өзгеруі;

      ТҚ – қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде, алуға есептелген сақтандыру сыйлықақылары;

      ∆ЕСР - қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген ЕСР өзгеруі;

      ЕСР - есептеу күніне қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген ЕСР.

      Т, Ш, ∆ШР, ТҚ, ∆ЕСР өлшемдері есепті күннің алдындағы соңғы 12 (он екі) айға есептеледі.

2-параграф. Тұрақтандыру резерві

      50. Тұрақтандыру резерві сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының болашақ сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға байланысты міндеттемелерін бағалау болып табылады.

      Тұрақтандыру резерві есептеу аяқталған қаржы жылының нәтижесі бойынша сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша жеке жүргізіледі.

      51.Тұрақтандыру резерві есептілік кезеңі үшін қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициенттің орташа квадраттық ауытқуы (Sk) есептілік кезеңі үшін қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффиценттің орташа мәнінен () 10 (он) пайыздан артық болған жағдайда сақтандыру сыныбы бойынша есептеледі:




, мұнда:

      Sk - есептілік кезеңі үшін қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициенттің орташа квадраттық ауытқуы;


- М қаржы жылдары саны үшін есептілік кезеңі үшін қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициенттің орташа мәні;

      M - қаржы жылдарының саны;

      K(i) - i-ші қаржы жылына есептілік кезеңі үшін қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициенттің шамасы.

      52. Қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру ұйымының шығындылық коэффициенті Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13056 тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты (шығындылық коэффициенті, шығындар коэффициенті, аралас коэффициент) сипаттайтын коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 қаулысына сәйкес айқындалады.

      Егер қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициентінің (

) орташа мәні М қаржы жылдары үшін 70 (жетпіс) пайыздан кем болғанда тұрақтандыру резерві есептелмейді.

      Сақтандыру сыныбы бойынша қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициентінің орташа мәні және қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициентінің орташа квадраттық ауытқуы мынадай деректердің негізінде:

      алдыңғы 3 (үш) қаржы жылындағы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін;

      2014 жылдан бастап алдыңғы қаржы жылындағы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап анықталады.

      53. Сақтандыру сыныбы бойынша тұрақтандыру резерві есепті кезең үшін еңбек сіңірілген таза сақтандыру сыйлықақысының сомасы шегерілгенде есепті күн үшін қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициентінің (

) орташа мәніне кемітілген, есепті күндегі қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициентіне көбейтілген есепті кезеңнің басындағы тұрақтандыру резервінің мөлшерінде анықталады:

      Есепті күндегі тұрақтандыру резерві = ТР1 – ТЕСС х (K -

), мұнда:

      ТР1 - алдыңғы есепті күнгі тұрақтандыру резерві;

      ТЕСС - есепті кезеңдегі таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйақыларының сомасы. Таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйақыларының сомасы - есепті кезең басында қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген еңбек сіңірілмеген сыйлықақыларының резерві шамасына көбейтілген және есепті кезеңнің соңында қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген еңбек сіңірілмеген сыйлықақыларының резерві шамасына кемітілген есепті кезеңде есептелген қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру сыйлықақыларының сомасы;

      K – есепті күндегі қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициенті;


- М қаржы жылдары үшін қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген есепті кезең үшін шығындылық коэффициентінің орташа мәні.

      Тұрақтандыру резервін есептеу үшін есепті кезең бір қаржы жылына тең.

      54. Сақтандыру сыныбы бойынша тұрақтандыру резерві есепті күндегі сақтандыру бойынша қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру резервінің сомасынан 10 (он) пайыздан аспайды:

      Есепті күндегі тұрақтандыру резерві <10% x ТЕЕС, мұнда:

      ТЕСС - есепті күндегі сақтандыру сыныбы бойынша қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру резервінің сомасы.

      55. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы 2 (екі) жыл ішінде сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру шартын жасамаса, мұндай сақтандыру сыныбы бойынша тұрақтандыру резервінің шамасы 0 (нөлге) тең болып алынады.

      56. "Жазатайым оқиғалардан сақтандыру", "ауырған жағдайда сақтандыру", "туристі міндетті сақтандыру", "өмірді сақтандыру", "аннуитеттік сақтандыру" сыныптары бойынша тұрақтандыру резерві 0 (нөлге) тең болады.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      57. Тұрақтандыру резервінің жалпы шамасы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша тұрақтандыру резервін қосу арқылы анықталады.

      58. Ағымдағы қаржы жылының басында қалыптастырылған тұрақтандыру резерві ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейін өзгермейді.

8-тарау. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі

      59. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін есептеу мақсаттары үшін сақтандыру тобының қатысушылары деп Заңның 3-бабының 23-2) тармақшасына сәйкес сақтандыру тобына жататын заңды тұлғалар танылады.

      60. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының нормативін есептеу мақсаттары үшін сақтандыру тобының қатысушысы тұрған елінің уәкілетті органы пруденциялық реттеу мақсатында пайдаланатын қаржылық және (немесе) реттеушілік есептілігінің стандарттарына сәйкес жасалған сақтандыру тобы қатысушыларының шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі пайдаланылады.

      61. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі мынадай формула бойынша есептеледі:

      НТҚ

      Нтм = ----------------- > 1, мұнда:

      ТМЕ

      Нтм - сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі;

      НТҚ - сақтандыру тобының нақты төлем қабілеттілігі маржасы;

      ТМЕ - сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері.

      Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі 1 (бірден) кем болмауы тиіс.

      62. Сақтандыру тобының нақты төлем қабілеттілігі маржасы сақтандыру тобы бас ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) және сақтандыру тобының басқа қатысушыларының нақты төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) сомасын білдіреді.

      Сақтандыру тобының нақты төлем қабілеттілігінің маржасын есептеу мақсаттары үшін сақтандыру тобы қатысушысының нақты төлем қабілеттілігі маржасынан (меншікті капиталынан) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына инвестициялар, заңды тұлғалардың реттелген борышы, сондай-ақ заңды тұлғалардың меншікті капиталына өзге салымдар алып тасталады.

      63. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері сақтандыру тобы бас ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшерінің және сақтандыру тобының басқа қатысушыларының төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшерлерінің сомасын білдіреді.

      64. Қаржы ұйымы болып табылатын, бірақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылмайтын сақтандыру тобы қатысушысының нақты төлем қабілеттілігі маржасын және төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшерлерін есептеу сақтандыру тобының мұндай қатысушысының пруденциялық нормативтерін есептеуіге сәйкес анықталады.

      Егер қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру тобы қатысушысы үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде салымдардың кредиттік тәуекелдің дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерді және (немесе) шартты және ықтимал міндеттемелерді есептеу тәртібі белгіленбесе, төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) жеткіліктілігі нормативін (коэффициентін) орындау үшін қажетті төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшерінің мәніне тең болады.

      Қаржы ұйымы болып табылмайтын сақтандыру тобы қатысушыларының төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшері сақтандыру тобының қатысушысына қатысты пруденциялық нормативтерді есептеуге сәйкес белгіленген меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентіне көбейтілген салымдардың кредиттік тәуекелдің дәрежесі бойынша мөлшерленген сақтандыру тобы қатысушысының активтері және (немесе) шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасына тең болады.

      Егер сақтандыру тобының қатысушысына қатысты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) жеткіліктілігі нормативін (коэффициентін) есептеу тәртібі белгіленбесе, онда осы қатысушы бойынша:

      нақты төлем қабілеттілігі маржасы (меншікті капитал) қаржылық есептілік негізінде активтер мен міндеттемелердің айырмасы ретінде анықталады;

      төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      МК = Ах0,14, мұнда:

      МК - сақтандыру тобы қатысушысының төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшері;

      А - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелеріне, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшеріне және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттеріне сәйкес салымдардың кредиттік тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген сақтандыру тобы қатысушысының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасы.

      Салымдардың кредиттік тәуекелінің дәрежесі бойынша активтер, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсаттары үшін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер олар бойынша құрылған резервтер (провизиялар) сомасына азаяды.

      Салымдардың кредиттік тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленетін сақтандыру тобы қатысушыларының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері сомасын есептеуге сақтандыру тобы қатысушыларының бір-біріне қоятын талаптары енгізілмейді.

      Ескерту. 64-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      65. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру тобы қатысушысының нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшерлері және төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшері ол орналасқан елде оның қызметін реттейтін тиісті мемлекеттің уәкілетті органының нормативтік құқықтық актісінде анықталады.

      Егер Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру тобының қатысушысына қатысты нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшерлерін және төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшерлерін есептеу тәртібі ол орналасқан елде белгіленбесе, онда нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшерлері және төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшерлері Нормативтердің 64-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес анықталады.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және сақтандыру
тобының пруденциялық
нормативтерінің және сақталуға
міндетті өзге де нормалар мен
лимиттердің нормативтік
мәндері және оларды есептеу
әдістемесіне 1-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшері

Сақтандыру (қайта сақтандыру) салалары бойынша лицензиялар түрі

Жарғылық капиталының ең төмен мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)

1

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша

1 500 000

2

"өмірді сақтандыру" саласы бойынша

1 500 000

3

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша

2 100 000

4

"өмірді сақтандыру" саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша

2 100 000

5

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша және "ипотеканы сақтандыру" сыныбы бойынша

2 100 000

6

қайта сақтандыруды қызметінің ерекше түрі ретінде жүзеге асырумен қайта сақтандыру бойынша

10 500 000

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және сақтандыру
тобының пруденциялық
нормативтерінің және сақталуға
міндетті өзге де нормалар мен
лимиттердің нормативтік
мәндері және оларды есептеу
әдістемесіне 2-қосымша

Ұзақ мерзімді рейтингтердің салыстырмалы кестесі

Standard & Poor's

Moody's Investors
Service

Fitch

A.M. Best

1

ААА

Ааа

ААА

ааа

2

АА+

Aa1

АА+

аа+

3

АА

Аа2

АА

аа

4

АА-

Аа3

АА-

аа-

5

А+

A1

А+

а+

6

А

А2

А

а

7

А-

A3

А-

а-

8

ВВВ+

Baa1

ВВВ+

ввв+

9

ВВВ

Ваа2

ВВВ

ввв

10

ВВВ-

Ваа3

ВВВ-

ввв-

11

ВВ+

Ba1

ВВ+

вв+

12

ВВ

Ва2

BB

вв

13

ВВ-

Ва3

ВВ-

вв-

14

B+

B1

B+

в+

15

B

B2

B

в

16

B-

В3

B-

в-

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және сақтандыру
тобының пруденциялық
нормативтерінің және
сақталуға міндетті өзге де
нормалар мен
лимиттердің нормативтік
мәндеріне және оларды
есептеу әдістемелеріне
3-қосымша

Төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мөлшерінің ұлғаю кестесі

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қайта сақтандыру ұйымының атауы

Халықаралық немесе ұлттық шкала бойынша қайта сақтандырушының рейтингтік бағасы (төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі)

Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген (берілетін) міндеттемелер көлемі, барлығы (мың теңгемен)

Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген (берілетін) міндеттемелер көлемінің пайызы

Төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мөлшерінің ұлғаю сомасы (мың теңгемен) (3-баған х 4-баған)

1

2

3

4

5

"Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратифицикацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі - ЕАЭО туралы шарт) қатысушы елдердің қайта сақтандырушыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент қайта сақтандырушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары

1-топ

"АА-" немесе жоғары


0%







2-топ

"А+" - "А-" аралығы


0%







3-топ

"ВВВ+" - "ВВВ-" аралығы


0,2%







4-топ

"ВВ+" - "ВВ-" аралығы


0,75%







5-топ

"В+" - "В-" аралығы


3,8%







6-топ

"В-"-дан төмен немесе жоқ


22%


Қазақстан Республикасының резиденттері - қайта сақтандырушылармен жасалған қайта сақтандыру шарттары

7-топ

"В"-дан төмен емес немесе "kzBB"


0%







8-топ

"В-", "kzBB-", "kzB+"


0,2%







9-топ

> 1,75


0,05%







10-топ

> 1,5


0,1%







11-топ

> 1,25


0,2%







12-топ

> 1,1


0,5%







13-топ

>= 1,0


3,8%







14-топ

< 1,0


5%







ЕАЭО туралы шартқа қатысушы елдердің қайта сақтандырушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары

15-топ

"ВВВ+" - "ВВВ-" аралығы


0%







16-топ

"ВВ+" - "ВВ-" аралығы


0,2%







17-топ

"В+" - "В-" аралығы


0,5%







18-топ

"В-"-дан төмен немесе жоқ


22%







Жиынтығы:





  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және сақтандыру
тобының пруденциялық
нормативтерінің және сақталуға
міндетті өзге де нормалар мен
лимиттердің нормативтік
мәндеріне және оларды есептеу
әдістемесіне
4-қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.10.2020 № 106 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-қосымшаның қолданылуы 01.10.2020 бастап қоса алғанда 30.06.2021 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.10.2020 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің кестесі

Көрсеткіштің атауы

Ескерілетін көлем

1

2

3

1

Ақша - барлығы, оның ішінде:


1.1

қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сомасынан 1 (бір) пайыздан аспайтын сомада кассадағы ақша

100%

1.2

жолдағы, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ақша

100%

1.3

осы қосымшаның 2.1 және 2.2-жолдарында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша

100%

1.4

осы қосымшаның 2.3-жолында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша

90%

1.5

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі және орталық депозитарийдегі бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның шоттарындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы

100%

1.6

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымның шоттарындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы

100%

2

Салымдар - барлығы, оның ішінде:


2.1

бұл банктер акциялары қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатына енгізілген немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұрған эмитенттер болып табылады деген талаппен Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

100%

2.2

мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар:Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
Қазақстан Республикасының бейрезидент бас банктері Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктері болып табылады

100%

2.3

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-дан "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

90%

2.4

Standard & Poor's агенттігінің "АА-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық Даму Банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар

100%

2.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктердегі салымдар

100%

3

Борыштық бағалы қағаздар - барлығы, оның ішінде:


3.1

басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

100%

3.2

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар

100%

3.3

акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

3.4

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

3.5

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары немесе қор биржасының "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарын қанағаттандыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

90%

3.6

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе қор биржасының "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарын қанағаттандыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

60%

3.7

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентінің) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВB+" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB" төмен емес рейтингі, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

100%

3.8

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентінің) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B"-дан "B-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB-"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

85%

3.9

Standard & Poor's агенттігінің "А+" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинирленген борыштық бағалы қағаздар

100%

3.10

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

100%

3.11

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан "ВB+"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

90%

3.12

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

80%

3.13

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша (эмитентінің) "ВВ+" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

100%

3.14

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша (эмитентінің) "ВВ"-дан "В+"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

85%

3.15

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша (эмитентінің) "В"-дан "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

70%

4

Акциялар және депозитарлық қолхаттар - барлығы, оның ішінде:


4.1

негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.2

қор биржасының ресми тізіміне "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.3

қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "стандарт" санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары немесе осы қосымшаның 4.4-жолында көрсетілген акциялар және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

80%

4.4

қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "акциялар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының "Аймақтық акциялар нарығының сегменті" ресми тізімінің кіші бөліміне енгізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары жария сауда-саттыққа жіберілген және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

60%

4.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.6

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының және Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан "В+"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

80%

4.7

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

60%

5

Өзге бағалы қағаздар - барлығы, оның ішінде:


5.1

қор биржасының ресми тізіміне енгізілген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары

70%

5.2

активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds (ETF) пайлары немесе негізгі қор индексіне байланысты пайлар бойынша баға белгілеу

90%

5.3

Mornіngstar рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF), Exchange Traded Commodіtіes (ETC), Exchange Traded Notes (ETN) пайлары

80%

5.4

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентінің) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA"-дан төмен емес рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

100%

5.5

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентінің) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BB+"-тен "ВВ-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAA+"-тен "kzA-"-ке дейін рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

90%

5.6

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентінің) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzВВВ+"-тен "kzВВ-"-ке дейін рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

80%

5.7

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, бас ұйымдарының Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

90%

6

Өзге активтер - барлығы, оның ішінде:


6.1

тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері

100%

6.2

"өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларына негізгі борыш сомасынан 100% (жүз) пайыз көлемінде қарыздар

100%

6.3

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтер сомасынан 5 (бес) пайыз аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары

100%

6.4

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету (жинақталған амортизацияны ескере отырып өзіндік құны мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтері сомасынан 10 (он) пайыз аспайтын мөлшерінде)

100%

6.5

қайта сақтанушылардан алуға жататын сома, Нормативтердің 34-тармағының 11) тармақшсында көрсетілген заңды тұлғалардан алынатын сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтері сомасынан 10 (он) пайыз аспайтын сомадағы сақтандыру сыйлықақылары

100%

6.6

бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде көзделген айналыс мерзімі аяқталуына байланысты туындайтын бағалы қағаздардың нақтылы құнын төлеуге қойылатын талаптар (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің талаптары бойынша мерзімі өтпеген)

100%

6.7

сақтанушы:
дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 (елу) пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлға, не
Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтинг агенттіктерінің "ВВ+" төмен емес рейтингі бар заңды тұлға, не;
мынадай өлшемшарттарға сәйкес:
өнімді сатудан (қызмет көрсетуден) түскен пайда соңғы 2 (екі) жылда жыл сайын кемінде 50 (елу) миллиардты құрайтын;
салықтық аударымдар соңғы 2 (екі) жылда кемінде 3 (үш) миллиард теңгені құрайтын ірі жүйе құрушы кәсіпорын болып табылғанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өтімділігі жоғары активтері сомасының 15 (он бес) пайызынан аспайтын сомада алуынатын сақтандыру сыйлықақылары

100%

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және сақтандыру
тобының пруденциялық
нормативтерінің және сақталуға
міндетті өзге де нормалар мен
лимиттердің нормативтік
мәндеріне және оларды есептеу
әдістемесіне
5-қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2020 № 113 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-қосымшаның қолданылуы 01.10.2020 бастап қоса алғанда 30.06.2021 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.10.2020 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің кестесі

Наименование показателя

Учитываемый объем

1

2

3

1

Ақша - барлығы, оның ішінде:


1.1

қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сомасынан 1 (бір) пайыздан аспайтын сомада кассадағы ақша

100%

1.2

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі және орталық депозитарийдегі бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның шоттарындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы

100%

1.3

осы қосымшаның 2.1 және 2.2-жолдарында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша

100%

1.4

осы қосымшаның 2.3-жолында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша

90%

1.5

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымның шоттарындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы

100%

2

Салымдар - барлығы, оның ішінде:


2.1

бұл банктер акциялары қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатына енгізілген не қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұрған эмитенттер болып табылады деген талаппен Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

100%

2.2

мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар: Standard & Poor's агенттігінің "В"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;Қазақстан Республикасының бейрезидент бас банктері Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктері болып табылады

100%

2.3

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-дан "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

90%

2.4

Standard & Poor's агенттігінің "АА-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық Даму Банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар

100%

2.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктердегі салымдар

100%

3

Борыштық бағалы қағаздар - барлығы, оның ішінде:


3.1

басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

100%

3.2

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар

100%

3.3

акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

3.4

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

3.5

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары немесе қор биржасының "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарын қанағаттандыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

90%

3.6

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе қор биржасының "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарын қанағаттандыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

60%

3.7

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентінің) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzВВВ"-дан төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

100%

3.8

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентінің) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B"-дан "B-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB-"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

85%

3.9

Standard & Poor's агенттігінің "А+" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинирленген борыштық бағалы қағаздар

100%

3.10

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

100%

3.11

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан "В+"-қа дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

90%

3.12

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

80%

3.13

(Эмитентінің) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

100%

3.14

(Эмитентінің) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан "В+"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

85%

3.15

(Эмитентінің) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-тен "В+"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

70%

4

Акциялар және депозитарлық қолхаттар-барлығы, оның ішінде:


4.1

негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.2

қор биржасының ресми тізіміне "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.3

қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "стандарт" санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары немесе осы Қосымшаның 4.4-жолында көрсетілген акциялар және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарды санамағанда, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, ашық сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

80%

4.4

қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "акциялар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының "Аймақтық акциялар нарығының сегменті" ресми тізімінің кіші бөліміне енгізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары жария активтерге жіберілген және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

60%

4.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ+" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.6

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ"-тен "В+"-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

80%

4.7

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В"-дан "В-"-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

60%

5

Өзге бағалы қағаздар, оның ішінде:


5.1

қор биржасының ресми тізіміне енгізілген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары

70%

5.2

активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе олардың пайлар бойынша баға белгілеулері негізгі қор индексіне байланысты болатын Exchange Traded Funds (ETF) пайлары

90%

5.3

Mornіngstar рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF), Exchange Traded Commodіtіes (ETC), Exchange Traded Notes (ETN) пайлары

80%

5.4

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA"-дан төмен емес рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

100%

5.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BB+"-тен "ВВ-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAA+"-тан "kzA-"-ке дейін рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

90%

5.6

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B+"-тен "В-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzВВ-"-ке дейін рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

80%

5.7

бас ұйымдарының Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

90%

6

Өзге активтер - барлығы, оның ішінде:


6.1

тазартылған бағалы металдар және металл депозиттер

100%

6.2

бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде қарастырылған бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты туындайтын бағалы қағаздардың номиналды құнын төлеуге қойылатын талаптар (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің шарттары бойынша мерзімі өтпеген)

100%

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016
жылғы 26 желтоқсандағы № 304
қаулысына 2-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі, нысандары, табыс ету мерзімдері

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016
жылғы 26 желтоқсандағы № 304
қаулысына 3-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігін табыс ету қағидалары

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016
жылғы 26 желтоқсандағы № 304
қаулысына 4-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптар

      1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың сатып алатын акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) мынадай талаптарға сәйкес келген кезде заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) сатып алады:

      1) әділ құнын бағалау үшін қажет белсенді нарықтың баға белгілеуі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері заңды тұлғалардың акциялары және осы акциялар базалық активтерi болып табылатын депозитарлық қолхаттары;

      2) Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акциялары және осы акциялар базалық активi болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      3) Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      4) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің негізі қор индекстерінің құрамына енгізілген акциялары және осы акциялар базалық активi болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      5) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының акциялары.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2020 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016
жылғы 26 желтоқсандағы № 304
қаулысына 5-қосымша

Сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесі

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сақтандыру холдингтеріне мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған облигацияларды сатып алуға рұқсат етіледі:

      Азия даму банкi (Asian Development Bank);

      Америкааралық даму банкi (Inter-American Development Bank);

      Африка даму банкi (African Development Bank);

      Еуразия даму банкi (Eurasian Development Bank);

      Еуропа инвестициялық банкi (European Investment Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкi (European Bank for Reconstruction and Development);

      Ислам даму банкi (Islamic Development Bank);

      Халықаралық есеп айырысу банкi (Bank for International Settlements);

      Халықаралық қайта құру және даму банкi (International Bank for Reconstruction and Development);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (International Finance Corporation).

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016
жылғы 26 желтоқсандағы № 304
қаулысына 6-қосымша

Сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингі және рейтингтік агенттіктердің тізбесі

      1. Сақтандыру холдингтері талап етілетін мынадай ең төменгі рейтингі бар облигация облигацияларды сатып алады:

      1) мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған облигациялар бойынша Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch рейтингтік агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының халықаралық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы;

      2) шетелдік ұйымдар шығарған облигациялар бойынша Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch рейтингтік агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының халықаралық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы;

      3) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес немесе ұлттық шкаласы бойынша "kzBВ-" рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch рейтингтік агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы.

      Сақтандыру холдингтері тәекелдерді хеджирлеу мақсатында осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талап етілетін ең төменгі рейтингі бар облигациялар базалық активі болып табылатын туынды қаржы құралдарын да сатып алады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Сақтандыру холдингтері сатып алатын облигацияларда талап етілетін ең төменгі рейтингі бар мынадай рейтингтік агенттігтердің тізбесі белгіленсін:

      1) Standard & Poor’s;

      2) Moody's Investors Service;

      3) Fitch;

      4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің еншілес рейтингтік ұйымдары.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016
жылғы 26 желтоқсандағы № 304
қаулысына 7-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесі

      1. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына мынадай қаржы құралдарын (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) сатып алуға рұқсат етіледі:

      1) мынадай талаптардың бiрiне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктеріндегі салымдар:

      банктер акциялары қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялары" секторының "премиум" санатына енгізілген немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұрған эмитенттер болып табылады;

      банктердің Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzBВ-" төмен емес рейтингтiк бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;

      банктер Қазақстан Республикасының бейрезиденті-бас банкінде Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттері-еншiлес банктер болып табылады;

      2) халықаралық қаржы ұйымдарында орналастырылған, Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар салымдар, Еуразия Даму Банкінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен орналастырылған салымдар;

      3) бейрезиденттер-банктерде орналастырылған, Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар салымдар;

      4) басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      5) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;

      6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының бір жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      7) "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар борыштық бағалы қағаздар;

      9) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      10) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы жария сауда-саттыққа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      11) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар:

      Азиялық даму банкі (Asian Development Bank);

      Америкааралық даму банкі (Inter-American Development Bank);

      Африкалық даму банкі (African Development Bank);

      Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкі (European Bank for Reconstruction and Development);

      Еуропа инвестициялық банкі (European Investment Bank);

      Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);

      Жеке секторды дамыту жөніндегі исламдық корпоарция (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);

      Ислам даму банкі (Islamic Development Bank);

      Жан-жақты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі (the Multilateral Investment Guarantee Agency);

      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);

      Халықаралық валюта қоры (the International Monetary Fund);

      Халықаралық даму қауымдастығы (the International Development Association);

      Халықаралық есеп айырысу банкі (the Bank for International Settlements);

      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (the International Centre for Settlement of Investment Disputes);

      Халықаралық қайта құру және даму банкі (International Bank for Reconstruction and Development);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (International Finance Corporation);

      12) мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар;

      13) шет мемлекеттердің эмитенттері шығарған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      14) тазартылған бағалы металдар және металл депозиттер;

      15) инвестициялық қорлардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздары;

      16) активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе олардың пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланыстырылған Exchange Traded Funds (ETF) пайлары;

      17) Morningstar рейтингтiк агенттiгінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтiк бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF), Exchange Traded Commodities (ETC), Exchange Traded Notes (ETN) пайлары;

      18) бағалы қағаздардың және (немесе) эмитенттің Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингтiк бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ұқсас деңгейдегі рейтингi бар исламдық қаржыландыру құралдары;

      19) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтiк бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ұқсас деңгейдегі рейтингi бар исламдық қаржыландыру құралдары.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2020 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тәекелдерді хеджирлеу мақсатында осы қаулымен белгіленеген осы Тізбеге және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары базалық активі болып табылатын туынды қаржы құралдарын да сатып алады.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары уәкілетті орган немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды тіркеген елдің уәкілетті органы берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті немесе инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиялары бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметтерін пайдалана отырып, осы Тізбеде және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарда көрсетілген заңды тұлғалардың қаржы құралдарын (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдарды қоспағанда) сатып алады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016
жылғы 26 желтоқсандағы № 304
қаулысына 8-қосымша

Күші жойылады деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 11 жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 250 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5536 тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 198 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5812 тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 238 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5990 тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзара сақтандыру қоғамдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 22 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6158 тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 146 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6560 тіркелген).

      7. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 174 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6717 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 6-тармағы.

      8. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебiнiң нормативтiк мәнi мен әдiстемесi, сақтандыру тобының төлем қабiлеттiлiгi маржасының жеткiлiктiлiгi нормативi, пруденциалдық нормативтердiң орындалғандығы жөнiндегi есептi беру нысандары мен мерзiмi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 19 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7462 тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 231-235 (27309) жарияланған).

      9. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру холдингтері мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының және қаржы құралдарының (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 98 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7550 тіркелген, 2012 жылғы 4 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 464-470 (27543) жарияланған).

      10. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 374 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8271 тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 121 (28060) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 2-тармағы.

      11. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 77 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9607 тіркелген, 2014 жылғы 6 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      12. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10339 тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3 және 11-тармақтары.

      13. "Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 12 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13308 тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 7-тармағы.