Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру холдингтері мен с

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 98 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7550 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1: Мыналар белгіленсін:

      1) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) олар мынадай талаптарға сәйкес келген кезде сатып алатыны:

      Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының акциялары осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген халықаралық қор биржаларын тізіміне енгізілген акцияларын;

      Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаларының акциялары қор биржасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі – № 189 қаулы) көзделген ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) бағалы қағаздар нарығының брокерлік және дилерлік қызметті немесе инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар кәсіби қатысушыларының қызметін пайдалана отырып сатып алады;

      2) Сақтандыру холдингтері осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларын сатып алатыны;

      3) Сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген қаржы құралдарын (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) сатып алатыны.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бағалы қағаздарды (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) бағалы қағаздар нарығының брокерлік және дилерлік қызметті немесе инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар кәсіби қатысушыларының қызметін пайдалана отырып сатып алады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 98 қаулысына 1-қосымша

Халықаралық қор биржаларының тізімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       1. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG);

      2. Америка қор биржасы (American Stock Exchange);

      3. Бомбей қор биржасы (The Bombay Stock Exchange Limited, ВSE);

      4. Бразилия қор биржасы (Bovespa);

      5. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange);

      6. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing);

      7. Амстердамдағы "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam);

      8. Брюссельдегі "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels);

      9. Лиссабондағы "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon);

      10. Париждегі "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Paris);

      11. Үндістан қор биржасы (Delhi Stock Exchange);

      12. Ирландия қор биржасы (Irish Stock Exchange);

      13. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA);

      14. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange);

      15. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia);

      16. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV);

      17. Үндістан Ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited);

      18. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG);

      19. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange);

      20. Испания біріккен қор биржасы (ВМЕ Spanish Exchanges);

      21. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін Біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.);

      22. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange);

      23. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange);

      24. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange);

      25. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange);

      26. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange);

      27. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange);

      28. Афина қор биржасы (Athens Exchange);

      29. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Exchange);

      30. Йоханнесбург (Оңтүстік Африка) қор биржасы (JSE Securities Exchange South Africa);

      31. Копенгаген қор биржасы (Copenhagen Stock Exchange);

      32. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg);

      33. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange);

      34. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal);

      35. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange);

      36. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange);

      37. Осло қор биржасы (Oslo bourse);

      38. Ресей Федерациясының қор биржасы (ОАО ММВБ-РТС);

      39. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ);

      40. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange);

      41. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Exchange);

      42. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange);

      43. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange);

      44. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange);

      45. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange).

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 98 қаулысына
2-қосымша

Халықаралық қаржы ұйымдарының сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялары

      Сақтандыру холдингтері мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған облигацияларды сатып алады:

      Азия даму банкi;

      Африка даму банкi;

      Халықаралық есеп айырысу банкi;

      Еуразия даму банкi;

      Еуропа қайта құру және даму банкi;

      Еуропа инвестициялық банкi;

      Ислам даму банкi;

      Америкааралық даму банкi;

      Халықаралық қаржы корпорациясы;

      Халықаралық қайта құру және даму банкi.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 98 қаулысына
3-қосымша

Сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары
сатып алатын қаржы құралдарының (акцияларды және жарғылық
капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мынадай қаржы құралдарын (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) сатып алады:

      1) ақша;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған (басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылғандарды қоса алғанда) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдік беруімен шығарылған бағалы қағаздар;

      3) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар;

      4) мынадай талаптардың біріне сәйкес келген кезде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар:

      банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағалауы немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzB+"-дан төмен емес рейтингілік бағалауы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осындай деңгейдегі рейтингісі бар;

      банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резидент емес бас банкінің резидент еншілес банктері болып табылады;

      5) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар:

      Азия даму банкi;

      Африка даму банкi;

      Халықаралық есеп айырысу банкi;

      Еуразия даму банкi;

      Еуропа қайта құру және даму банкi;

      Еуропа инвестициялық банкi;

      Ислам даму банкi;

      Америкааралық даму банкi;

      Халықаралық қаржы корпорациясы;

      Халықаралық қайта құру және даму банкi;

      6) мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар бағалы қағаздар;

      7) шетелдік ұйымдар шығарған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес рейтингілік бағалауы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      8) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-дан төмен емес рейтингілік бағалауы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzB"-дан төмен емес рейтингісі бар борыштық бағалы қағаздар;

      қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;

      9) басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, инвестициялық пай қорларының "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" санатының № 189 қаулыда көзделген талаптарына сәйкес келетін интервалдық пайлары;

      10) Лондон қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондон сапалы жеткізу" (London good delivery) стандарты ретінде белгіленген тазартылған бағалы металдар және металл депозиттер, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріндегі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан төмен емес рейтингілік бағалауы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар, он екі айдан аспайтын мерзімдегі;

      11) тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында сатып алынған, базалық активтері осы қосымшаға сәйкес сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алуға рұқсат етілген туынды қаржы құралдары.