Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда 14630 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2017 ж бастап қолданысқа енгізіледі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері бекітілсін.

      2. Мынадай бұйрықтар күші жойылды деп танылсын:

      1) "Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 750 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9086 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 мамырда жарияланған);

      2) "Бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 750 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 210 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9874 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қарашада жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1112 бұйрығына
қосымша

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.12.2018 № ҚР ДСМ-42 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері

Код

Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері

Хирургиялық бейін

1.

00.50

Жалпы жүйе дефибрилляторды ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P)

2.

00.51

Жалпы жүйе бивентрикулярлық дефибрилляторды импланттау (CRT-D)

3.

00.63

Каротидтік артерияда стенттерді тері арқылы орнату

4.

00.65

Стенттердің бассүйек ішіндегі артерияларға тері арқылы импланттау

5.

00.91

Транспланттау үшін тірі реципиентпен бір-біріне сәйкес келетін донордың ағзаларын және/немесе тіндерін алу

6.

00.93

Транспланттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тінді алу

7.

01.53

Эпилепсия кезіндегі мидың лобэктомиясы

8.

01.591

Интраоперациялық нейромониторингті қолданумен мидың зақымдалған тіндерін кесу

9.

02.391

Үшінші қарынша түбінің вентрикулостомиясы (эндоскопиялық)

10.

02.93

Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру

11.

03.4

Жұлын немесе жұлын қабығының зақымданған бөлігін кесу немесе бұзу

12.

03.799

Нейрохирургиялық навигациямен жасалған операциялар

13.

03.7991

Нейронавигацияны қолданумен омыртқаға және жұлынға операция

14.

03.7992

Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция

15.

03.7993

Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау

16.

03.93

Арқалық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру

17.

07.62

Трансфеноидальдық жету әдісі арқылы гипофизді жартылай кесу

18.

07.65

Трансфеноидалдық жету әдісі арқылы гипофизді толық кесу

19.

07.8411

Тимоманы видеоторакоскопиялық жолмен алып тастау

20.

11.62

Қабаттық кератопластиканың басқа түрлері

21.

11.64

Тесік кератопластиканың басқа түрлері

22.

12.5901

Цитостатик экспозициясы және дренажды импланттау арқылы жасалған трабекулэктомия

23.

13.7301

Интраокулярлық линзаның трансклералық фиксациясы және қаптамалық қаптың пластикасы арқылы сублюксацияланған көз жанарының факоэмульсификациясы

24.

14.41

Импланттаудың көмегімен аққабықты бекіту

25.

14.74

Артқы қол жеткізу арқылы механикалық витреоэктомияның басқа түрлері

26.

17.0722

Лапароскопиялық адреналэктомия

27.

19.11

Үзеңгісүйекті ауыстырумен стапедэктомия

28.

19.21

Үзеңгісүйекті ауыстырумен стапедэктомияны тексеру

29.

29.4

Жұтқыншаққа пластикалық операциялар

30.

30.0902

Жұтқыншақтың эндоскопиялық микроларингохирургиясы

31.

30.4

Радикалдық ларингэктомия

32.

31.7910

Кеңірдекті қалпына келтіру (реконструктивтік-пластикалық) операциялары

33.

32.41

Өкпенің торакоскопиялық лобэктомиясы

34.

33.34

Торакопластика

35.

33.4301

Миниторакотомалық жету жолы және экстраплевралық пневмолиз арқылы өкпенің булласын бейнеторакоскопиялық тігу

36.

33.4910

Бронхты қалпына келтіру (реконструктивтік-пластикалық) операциялары

37.

33.5

Өкпені транспланттау

38.

33.6

"Өкпе-жүрек" кешенін аралас транспланттау

39.

34.0010

Тоталды, алдыңғы, артқы жамбас экзентрациясы

40.

35.05

Аорталық қақпақшаны эндоваскулярлық алмастыру

41.

35.10

Ауыстырмай анықталмаған жүрек қақпақшасының ашық вальвулопластикасы

42.

35.11

Ауыстырмай аорталық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы

43.

35.12

Ауыстырмай митраль қақпақшаның ашық вальвулопластикасы

44.

35.121

Митралдық тесік тарылуының баллондық вальвулопластикасы

45.

35.13

Ауыстырмай өкпе діңі қақпақшасының ашық вальвулопластикасы

46.

35.14

Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы

47.

35.21

Аорталық қақпақшаны тін трансплантатпен ашық және басқаша алмастыру

48.

35.23

Митралдық қақпақшаны тін трансплантатпен ашық және басқаша алмастыру

49.

35.25

Өкпе діңінің қақпақшасын тіндік трансплантатпен ашық және басқаша алмастыру

50.

35.27

Үшжармалы қақпақшаны тіндік трансплантатпен ашық және басқаша алмастыру

51.

35.33

Аннулопластика

52.

35.34

Инфундибулэктомия

53.

35.41

Жүрек қалқасының бар ақауын ұлғайту

54.

35.52

Протездің көмегімен жүрек қалқасының ақауын жабық әдіспен жою

55.

35.53

Протездің көмегімен қарыншааралық қалқаның ақауын жою

56.

35.55

Протездің көмегімен қарыншааралық қалқаның ақауын жабық әдіспен жою

57.

35.61

Тіндік трансплантаттың көмегімен жүрекшеаралық далданың кемістігін жою

58.

35.62

Тін трансплантатының көмегімен қарыншааралық қалқаның ақауын жою

59.

35.63

Тіндік трансплантаттың көмегімен эндокард жамауларының ақауларын жою

60.

35.81

Фалло тетрадасын толық қалпына келтіру

61.

35.82

Өкпелік көктамырдың ауытқу жалғауын толық қалпына келтіру

62.

35.83

Артериялық діңді толық қалпына келтіру

63.

35.84

Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлар транспозициясын толық қалпына келтіру

64.

35.91

Веналық қанның ағуының жүрекшеаралық транспозициясы

65.

35.9900

Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу

66.

35.991

Митралды тесікті клиптеу

67.

36.1000

Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдаланумен аортокоронарлық шунттау

68.

36.1090

Аортокоронарлық шунттаудың және артерияларды стенттеудің үйлесуі

69.

36.12

Екі коронарлық артерияны аортокоронарлық шунттау

70.

36.13

Үш коронарлық артерияны аортокоронарлық шунттау

71.

36.14

Төрт және одан көп коронарлық артерияны аортокоронарлық шунттау

72.

36.15

Дара ішкі маммарлық-коронарлық шунттау

73.

36.16

Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау

74.

37.32

Жүрек аневризмасын кесу

75.

37.34

Эндоваскулярлық қол жеткізуді пайдалану арқылы жүректің басқа зақымданған жеріне немесе тінін кесу немесе деструкциялау

76.

37.35

Парциалдық вентрикулоэктомия

77.

37.36

Жүрекшенің сол жақ қарыншасын кесу, деструкциялау және алып тастау

78.

37.51

Жүректі транспланттау

79.

37.66

Имплантацияланатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу

80.

37.76

Трансфеноздық атриалдық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) енгізу немесе ауыстыру

81.

37.80

Тұрақты электрокардиостимуляторды енгізу, алғашқы немесе оны ауыстыру, құрылғының түрін нақтыламай

82.

37.85

Кез-келген түрдегі электрокардиостимуляторды бір камералы құрылғымен ауыстыру, жиырылудың нақтыланбаған жиілігі

83.

37.87

Кез-келген түрдегі электрокардиостимуляторды екі камералы құрылғымен ауыстыру

84.

37.94

Автоматты кардиовертер/дефибрилляторды импланттау

85.

37.941

Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру

86.

37.95

Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек электродын (электродтарын) имплантанттау

87.

37.96

Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек қана импульстар генераторын импланттау

88.

38.041

Қолқа коарктациясы кезіндегі истмопластика

89.

38.12

Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартериоэктомиясы

90.

38.121

Эндартериоэктомия (ұйқы артериясының және оның тармақтары, жарма венасы)

91.

38.34

Анастомозбен қолқаның резекциясы

92.

38.341

Қолқа доғасының үзілісін түзету

93.

38.621

Гломустық ісіктің, бастың, беттің, мойынның түкті бөлік гемангиомасының рентгенэндоваскулярлық эмболизациясы

94.

38.851

Ашық артериялы өзекті лигилдеу

95.

38.852

Ашық артериялы өзекті окклюдермен эндоваскулярлық жабу

96.

39.28

Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау

97.

39.511

Ми тамырларының аневризмасын клиптау

98.

39.521

Өкпе артериясының бандингі

99.

39.531

Мидың артериовеналық жыланкөзін жою

100.

39.56

Жамау түрінде тін трансплантатты пайдаланумен қан тамырын қалпына келтіру

101.

39.57

Синтетикалық жамау түріндегі трансплантаттың көмегімен қан тамырларын қалпына келтіру

102.

39.591

Аорто-өкпелік саңлаудың пластикасы

103.

39.71

Құрсақ аортасына басқа трансплантатты эндоваскулярлық импланттау

104.

39.711

Аорта коарктациясы кезіндегі транслюминалдық баллондық ангиопластика

105.

39.72

Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау

106.

39.73

Кеуде аортасына эндоваскулярлық имплантант

107.

39.731

Аорта коарктациясын стенттеу

108.

39.741

Бас және мойын тамырларын эндоваскулярлық стенттеу

109.

39.75

Жабық емес шиыршықтарды пайдаланып, бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық эмболиялау немесе окклюзиялау

110.

39.76

Биобелсенді шиыршықтарды пайдаланып, бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық эмболиялау немесе окклюзиялау

111.

39.7900

Рентгеноэндоваскулярлық эмболизация (+электрокоагуляция)

112.

39.791

Үлкен аорта-өкпелік коллатералдардың эндоваскулярлық окклюзиясы

113.

39.7916

Әртүрлі орындағы бастапқы және қайталанған метастатикалық ісіктердің эндоваскулярлық химиоэмболизациясы

114.

39.7942

Бронх қолқаларын эндоваскулярлық эмболиялау

115.

39.7944

Жамбас органдары, жатыр артерияларының тамырларын эндоваскулярлық эмболиялау

116.

41.00

Басқаша анықталмаған сүйек кемігін транспланттау

117.

41.01

Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын транспланттау

118.

41.06

Кіндік дің жасушаларын транспланттау

119.

41.08

Сүйек кемігінің гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау

120.

41.10

Феталдық дің жасушаларын транспланттау

121.

42.4110

Кеңейтілген екі аймақтық лимфодиссекциямен өңештің субтоталды резекциясы

122.

42.4210

Торакоскопиялық эзофагэктомия

123.

42.51

Кеудеішілік эзофаго- эзофагостомия

124.

42.55

Тоқішек интерпозициясы арқылы өңештің интраторакалдық анастомозы

125.

42.65

Тоқішек интерпозициясы арқылы өңештің антестерналдық анастомозы

126.

42.8901

Өңештің лапароскопиялық дивертикулэктомия

127.

43.0019

Өңеш және қарыншаның қатерлі ісіктері кезінде кеңейтілген біріктірілген гастрэктомия

128.

44.65

Эзофагогастропластика

129.

46.3900

Балалардың өт жолдарындағы бүйрек өзегінің анастомозы (Ру бойынша У-тәрізді анастомоз арқылы Касаи бойынша жасалған порто-энтеростомия)

130.

50.2219

Бауырда ісіктер пайда болғанда кеңейтілген біріктірілген гемигепатэктомия

131.

50.52

Кадаврдан бауырды транспланттау

132.

50.59

Бауырды басқа транспланттау

133.

51.62

Бауыр-ұйқы безі ампуласын кесу (жалпы өт жолын реимплантау арқылы)

134.

52.53

Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия

135.

52.6

Ұйқы безін толықтай алып тастау

136.

52.70

Радикалдық панкреатикодуоденэктомия

137.

52.80

Ұйқыбезін транспланттау, нақтыланбаған

138.

55.04

Тері арқылы (перкутанды) нефролитотрипсия, нефролитолапаксия

139.

55.5002

Толық нефрэктомия (эндовидеохирургиялық, ретроперитонеалдық)

140.

55.5016

Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия

141.

55.6

Бүйректі транспланттау

142.

55.62

Кадаврдан бүйректі транспланттау

143.

55.8602

Лапароскопиялық неоуретероцистоанастомоз

144.

55.87

Түбекше-несептамыр сегментінің лапароскопиялық пластикасы

145

56.7404

Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия

146.

57.7114

Энтеропластикамен (ортотопиялық қуық жасаумен) брикер бойынша илеумкондуитпен немесе колонкондуитпен түбегейлі цистэктомия

147.

57.8404

Көпіршікті қынап жыланкөзінің пластикасы

148.

58.4904

Уретраны қалпына келтіру (Буккалық қиындымен пластика)

149.

63.8301

Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия

150.

67.3910

Лапароскопиялық ассистирленген радикальді қынаптық трахелэктомия

151.

78.191

Кезеңдік түзетуді қажет ететін сырқаттар кезінде жамбас сүйектеріне сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану

152.

79.391

Блоктаушы экстрамедуллярлық имплантпен ішкі фиксациямен жамбас сүйек сынықтарының ашық репозициясы

153.

80.206

Артроскопиялық мозаикалық хондропластика

154.

80.215

Иық буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық пластикасы

155.

80.219

Иық буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық вапоризациясы

156.

80.263

Менискті артроскопиялық тігіп тастау

157.

80.265

Сирақ буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық пластикасы

158.

80.267

Гемофилия кезінде артроскопиялық операциялар

159.

80.269

Сирақ буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық вапоризациясы

160.

80.279

Сирақ-табан буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық вапоризациясы

161.

80.865

Гемофилия кезінде зақымданған буынды басқа жолмен жергілікті кесу немесе зақымдау

162.

81.041

Ішкі транспедикулярлық жүйе және кейдж фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

163.

81.042

Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

164.

81.043

Кеуде және бел омыртқасының спондилодезі, алдыңғы жету жолы, диск протезін жасау

165.

81.051

Ішкі транспедикулярлық жүйелердің және кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, артқы жету әдісі

166.

81.052

Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, артқы жету әдісі

167.

81.06

Бел және құйымшақ сегізкөз омыртқасының спондилодезі, алдыңғы жету жолы

168.

81.061

Ішкі транспедикулярлы жүйе және кейдж ішкі фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

169.

81.062

Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

170.

81.063

Бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі, диск протезін жасау

171.

81.071

Ішкі транспедикулярлық жүйе және кейдждердің ішкі фиксациясы арқылы бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, көлденең жету әдісі

172.

81.072

Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлдеңен жету әдісі

173.

81.073

Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, диск протезін жасау

174.

81.081

Ішкі транспедикулярлық жүйе және кейдждердің фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, артқы жету әдісі

175.

81.082

Эндокорректор фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, артқы жету әдісі

176.

81.51

Жамбас буынын толық ауыстыру

177.

81.515

Гемофилия кезінде жамбас сүйегін толығымен ауыстыру

178.

81.52

Жамбас буынын жартылай ауыстыру (биполярлы эндопротез)

179.

81.53

Ұршықбуынның ауыстырылуын тексеру, анықталмаған

180.

81.54

Тізе буынын толық ауыстыру

181.

81.545

Гемофилия кезінде тізені толығымен ауыстыру

182.

81.55

Тізе буынын ауыстыруды тексеру, анықталмаған

183.

81.6010

Омыртқа ісігі кезіндегі вертебропластика

184.

81.65

Тері асты вертебропластика

185.

81.71

Имплантат көмегімен аяқ саусақаралық және саусақ буындарының артропластикасын жасау

186.

81.73

Қол ұштарының бунақаралық және білезік-бунақ буындарын толық ауыстыру

187.

81.74

Имплантат арқылы білезік-бунақ буынының және білезік сүйегі буындарының артропластикасы

188.

81.80

Иық буынын толық ауыстыру

189.

81.84

Шынтақ буынын толық ауыстыру

190.

81.9610

Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру

191.

83.75

Сіңірдің орнын жылжыту немесе транспланттау

192.

83.755

Гемофилия кезінде сіңірлерді транспланттау және орнын ауыстыру

193.

84.21

Қолдың бас бармағын реимпланттау

194.

84.62

Мойын деңгейінде омыртқааралық диск протезін импланттау

195.

84.65

Бел-құйымшақ сегізкөз деңгейінде омыртқааралық диск протезін импланттау

196.

86.66

Теріні аллотранспланттау

197.

99.791

Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау

Акушериялық-гинекологиялық бейін

198.

68.61

Лапароскопиялық радикалдық абдоминалдық гистерэктомия

199.

69.221

Торлы протезбен жатырды лапароскопиялық промонтофиксациялау

200.

69.231

Пубо-цервикалдық және жамбас шандырының синтетикалық торлы протезбен толық экстраперитонеалдық репозициялау

201.

69.921

Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама

202.

69.922

Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама

203.

69.923

АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасалған экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама

204.

69.924

АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасалған экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама

Педиатриялық бейін

205.

14.24

Көз торын лазерлік фотокоагуляциялау жолымен хореоретиналдық зақымды деструкциялау

206.

20.95

Электромагнитті есту аппаратын импланттау

Терапиялық бейін

207.

39.65

Экстракорпоральдық мембраналық оксигенация

208.

92.201

Қуықасты безі обырының жоғары мөлшердегі брахитерапиясы

209.

92.202

Қуықасты безінің оқшауланған обырының интерстициалды сәулелік терапиясы (брахитерапия)

210.

92.231

Конформдық сәулелік терапия

211.

92.241

Әртүрлі орындағы ісіктер кезіндегі қарқынды –модульденген сәулелік терапиясы

212.

92.246

Бөлек орындағы ісіктер кезіндегі бейнелеумен басқарылатын сәулелік терапиясы

213.

92.291

Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы

214.

99.101

Церебралдық артериялар мен синустардың тамырішілік тромболизисі

215.

99.2902

Лангерганс жасушаларынан гистицитоздың жоғары мөлшердегі химиотерапиясы (LCH-III)

216.

99.2903

Қан өндіру жүйесі ауруларының жоғары мөлшердегі химиотерапиясы