РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2017 ж бастап қолданысқа енгізіледі
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері бекітілсін.
2. Мынадай бұйрықтар күші жойылды деп танылсын:
1) «Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 750 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9086 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 мамырда жарияланған);
2) «Бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 750 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 210 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9874 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қарашада жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1112 бұйрығына
қосымша
Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері
№ |
Код |
Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері |
Хирургиялық бейін |
||
1. |
00.50 |
Жалпы жүйе дефибрилляторды ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P) |
2. |
00.51 |
Жалпы жүйе бивентрикулярлық дефибрилляторды импланттау (CRT-D) |
3. |
00.63 |
Каротидтік артерияда стенттерді тері арқылы орнату |
4. |
00.65 |
Стенттердің бассүйек ішіндегі артерияларға тері арқылы импланттау |
5. |
00.91 |
Транспланттау үшін тірі реципиентпен бір-біріне сәйкес келетін донордың ағзаларын және/немесе тіндерін алу |
6. |
00.93 |
Транспланттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тінді алу |
7. |
01.53 |
Эпилепсия кезіндегі мидың лобэктомиясы |
8. |
01.591 |
Интраоперациялық нейромониторингті қолданумен мидың зақымдалған тіндерін кесу |
9. |
02.391 |
Үшінші қарынша түбінің вентрикулостомиясы (эндоскопиялық) |
10. |
02.93 |
Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру |
11. |
03.4 |
Жұлын немесе жұлын қабығының зақымданған бөлігін кесу немесе бұзу |
12. |
03.799 |
Нейрохирургиялық навигациямен жасалған операциялар |
13. |
03.7991 |
Нейронавигацияны қолданумен омыртқаға және жұлынға операция |
14. |
03.7992 |
Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция |
15. |
03.7993 |
Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау |
16. |
03.93 |
Арқалық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру |
17. |
07.62 |
Трансфеноидальдық жету әдісі арқылы гипофизді жартылай кесу |
18. |
07.65 |
Трансфеноидалдық жету әдісі арқылы гипофизді толық кесу |
19. |
07.8411 |
Тимоманы видеоторакоскопиялық жолмен алып тастау |
20. |
11.62 |
Қабаттық кератопластиканың басқа түрлері |
21. |
11.64 |
Тесік кератопластиканың басқа түрлері |
22. |
12.5901 |
Цитостатик экспозициясы және дренажды импланттау арқылы жасалған трабекулэктомия |
23. |
13.7301 |
Интраокулярлық линзаның трансклералық фиксациясы және қаптамалық қаптың пластикасы арқылы сублюксацияланған көз жанарының факоэмульсификациясы |
24. |
14.41 |
Импланттаудың көмегімен аққабықты бекіту |
25. |
14.74 |
Артқы қол жеткізу арқылы механикалық витреоэктомияның басқа түрлері |
26. |
17.0722 |
Лапароскопиялық адреналэктомия |
27. |
19.11 |
Үзеңгісүйекті ауыстырумен стапедэктомия |
28. |
19.21 |
Үзеңгісүйекті ауыстырумен стапедэктомияны тексеру |
29. |
29.4 |
Жұтқыншаққа пластикалық операциялар |
30. |
30.0902 |
Жұтқыншақтың эндоскопиялық микроларингохирургиясы |
31. |
30.4 |
Радикалдық ларингэктомия |
32. |
31.7910 |
Кеңірдекті қалпына келтіру (реконструктивтік-пластикалық) операциялары |
33. |
32.41 |
Өкпенің торакоскопиялық лобэктомиясы |
34. |
33.34 |
Торакопластика |
35. |
33.4301 |
Миниторакотомалық жету жолы және экстраплевралық пневмолиз арқылы өкпенің булласын бейнеторакоскопиялық тігу |
36. |
33.4910 |
Бронхты қалпына келтіру (реконструктивтік-пластикалық) операциялары |
37. |
33.5 |
Өкпені транспланттау |
38. |
33.6 |
«Өкпе-жүрек» кешенін аралас транспланттау |
39. |
34.0010 |
Тоталды, алдыңғы, артқы жамбас экзентрациясы |
40. |
35.05 |
Аорталық қақпақшаны эндоваскулярлық алмастыру |
41. |
35.10 |
Ауыстырмай анықталмаған жүрек қақпақшасының ашық вальвулопластикасы |
42. |
35.11 |
Ауыстырмай аорталық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы |
43. |
35.12 |
Ауыстырмай митраль қақпақшаның ашық вальвулопластикасы |
44. |
35.121 |
Митралдық тесік тарылуының баллондық вальвулопластикасы |
45. |
35.13 |
Ауыстырмай өкпе діңі қақпақшасының ашық вальвулопластикасы |
46. |
35.14 |
Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы |
47. |
35.21 |
Аорталық қақпақшаны тін трансплантатпен ашық және басқаша алмастыру |
48. |
35.23 |
Митралдық қақпақшаны тін трансплантатпен ашық және басқаша алмастыру |
49. |
35.25 |
Өкпе діңінің қақпақшасын тіндік трансплантатпен ашық және басқаша алмастыру |
50. |
35.27 |
Үшжармалы қақпақшаны тіндік трансплантатпен ашық және басқаша алмастыру |
51. |
35.33 |
Аннулопластика |
52. |
35.34 |
Инфундибулэктомия |
53. |
35.41 |
Жүрек қалқасының бар ақауын ұлғайту |
54. |
35.52 |
Протездің көмегімен жүрек қалқасының ақауын жабық әдіспен жою |
55. |
35.53 |
Протездің көмегімен қарыншааралық қалқаның ақауын жою |
56. |
35.55 |
Протездің көмегімен қарыншааралық қалқаның ақауын жабық әдіспен жою |
57. |
35.61 |
Тіндік трансплантаттың көмегімен жүрекшеаралық далданың кемістігін жою |
58. |
35.62 |
Тін трансплантатының көмегімен қарыншааралық қалқаның ақауын жою |
59. |
35.63 |
Тіндік трансплантаттың көмегімен эндокард жамауларының ақауларын жою |
60. |
35.81 |
Фалло тетрадасын толық қалпына келтіру |
61. |
35.82 |
Өкпелік көктамырдың ауытқу жалғауын толық қалпына келтіру |
62. |
35.83 |
Артериялық діңді толық қалпына келтіру |
63. |
35.84 |
Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлар транспозициясын толық қалпына келтіру |
64. |
35.91 |
Веналық қанның ағуының жүрекшеаралық транспозициясы |
65. |
35.9900 |
Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу |
66. |
35.991 |
Митралды тесікті клиптеу |
67. |
36.1000 |
Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдаланумен аортокоронарлық шунттау |
68. |
36.1090 |
Аортокоронарлық шунттаудың және артерияларды стенттеудің үйлесуі |
69. |
36.12 |
Екі коронарлық артерияны аортокоронарлық шунттау |
70. |
36.13 |
Үш коронарлық артерияны аортокоронарлық шунттау |
71. |
36.14 |
Төрт және одан көп коронарлық артерияны аортокоронарлық шунттау |
72. |
36.15 |
Дара ішкі маммарлық-коронарлық шунттау |
73. |
36.16 |
Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау |
74. |
37.32 |
Жүрек аневризмасын кесу |
75. |
37.34 |
Эндоваскулярлық қол жеткізуді пайдалану арқылы жүректің басқа зақымданған жеріне немесе тінін кесу немесе деструкциялау |
76. |
37.35 |
Парциалдық вентрикулоэктомия |
77. |
37.36 |
Жүрекшенің сол жақ қарыншасын кесу, деструкциялау және алып тастау |
78. |
37.51 |
Жүректі транспланттау |
79. |
37.66 |
Имплантацияланатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу |
80. |
37.76 |
Трансфеноздық атриалдық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) енгізу немесе ауыстыру |
81. |
37.80 |
Тұрақты электрокардиостимуляторды енгізу, алғашқы немесе оны ауыстыру, құрылғының түрін нақтыламай |
82. |
37.85 |
Кез-келген түрдегі электрокардиостимуляторды бір камералы құрылғымен ауыстыру, жиырылудың нақтыланбаған жиілігі |
83. |
37.87 |
Кез-келген түрдегі электрокардиостимуляторды екі камералы құрылғымен ауыстыру |
84. |
37.94 |
Автоматты кардиовертер/дефибрилляторды импланттау |
85. |
37.941 |
Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру |
86. |
37.95 |
Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек электродын (электродтарын) имплантанттау |
87. |
37.96 |
Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек қана импульстар генераторын импланттау |
88. |
38.041 |
Қолқа коарктациясы кезіндегі истмопластика |
89. |
38.12 |
Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартериоэктомиясы |
90. |
38.121 |
Эндартериоэктомия (ұйқы артериясының және оның тармақтары, жарма венасы) |
91. |
38.34 |
Анастомозбен қолқаның резекциясы |
92. |
38.341 |
Қолқа доғасының үзілісін түзету |
93. |
38.621 |
Гломустық ісіктің, бастың, беттің, мойынның түкті бөлік гемангиомасының рентгенэндоваскулярлық эмболизациясы |
94. |
38.851 |
Ашық артериялы өзекті лигилдеу |
95. |
38.852 |
Ашық артериялы өзекті окклюдермен эндоваскулярлық жабу |
96. |
39.28 |
Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау |
97. |
39.511 |
Ми тамырларының аневризмасын клиптау |
98. |
39.521 |
Өкпе артериясының бандингі |
99. |
39.531 |
Мидың артериовеналық жыланкөзін жою |
100. |
39.56 |
Жамау түрінде тін трансплантатты пайдаланумен қан тамырын қалпына келтіру |
101. |
39.57 |
Синтетикалық жамау түріндегі трансплантаттың көмегімен қан тамырларын қалпына келтіру |
102. |
39.591 |
Аорто-өкпелік саңлаудың пластикасы |
103. |
39.71 |
Құрсақ аортасына басқа трансплантатты эндоваскулярлық импланттау |
104. |
39.711 |
Аорта коарктациясы кезіндегі транслюминалдық баллондық ангиопластика |
105. |
39.72 |
Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау |
106. |
39.73 |
Кеуде аортасына эндоваскулярлық имплантант |
107. |
39.731 |
Аорта коарктациясын стенттеу |
108. |
39.741 |
Бас және мойын тамырларын эндоваскулярлық стенттеу |
109. |
39.75 |
Жабық емес шиыршықтарды пайдаланып, бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық эмболиялау немесе окклюзиялау |
110. |
39.76 |
Биобелсенді шиыршықтарды пайдаланып, бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық эмболиялау немесе окклюзиялау |
111. |
39.7900 |
Рентгеноэндоваскулярлық эмболизация (+электрокоагуляция) |
112. |
39.791 |
Үлкен аорта-өкпелік коллатералдардың эндоваскулярлық окклюзиясы |
113. |
39.7916 |
Әртүрлі орындағы бастапқы және қайталанған метастатикалық ісіктердің эндоваскулярлық химиоэмболизациясы |
114. |
39.7942 |
Бронх қолқаларын эндоваскулярлық эмболиялау |
115. |
39.7944 |
Жамбас органдары, жатыр артерияларының тамырларын эндоваскулярлық эмболиялау |
116. |
41.00 |
Басқаша анықталмаған сүйек кемігін транспланттау |
117. |
41.01 |
Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын транспланттау |
118. |
41.06 |
Кіндік дің жасушаларын транспланттау |
119. |
41.08 |
Сүйек кемігінің гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау |
120. |
41.10 |
Феталдық дің жасушаларын транспланттау |
121. |
42.4110 |
Кеңейтілген екі аймақтық лимфодиссекциямен өңештің субтоталды резекциясы |
122. |
42.4210 |
Торакоскопиялық эзофагэктомия |
123. |
42.51 |
Кеудеішілік эзофаго- эзофагостомия |
124. |
42.55 |
Тоқішек интерпозициясы арқылы өңештің интраторакалдық анастомозы |
125. |
42.65 |
Тоқішек интерпозициясы арқылы өңештің антестерналдық анастомозы |
126. |
42.8901 |
Өңештің лапароскопиялық дивертикулэктомия |
127. |
43.0019 |
Өңеш және қарыншаның қатерлі ісіктері кезінде кеңейтілген біріктірілген гастрэктомия |
128. |
44.65 |
Эзофагогастропластика |
129. |
46.3900 |
Балалардың өт жолдарындағы бүйрек өзегінің анастомозы (Ру бойынша У-тәрізді анастомоз арқылы Касаи бойынша жасалған порто-энтеростомия) |
130. |
50.2219 |
Бауырда ісіктер пайда болғанда кеңейтілген біріктірілген гемигепатэктомия |
131. |
50.52 |
Кадаврдан бауырды транспланттау |
132. |
50.59 |
Бауырды басқа транспланттау |
133. |
51.62 |
Бауыр-ұйқы безі ампуласын кесу (жалпы өт жолын реимплантау арқылы) |
134. |
52.53 |
Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия |
135. |
52.6 |
Ұйқы безін толықтай алып тастау |
136. |
52.70 |
Радикалдық панкреатикодуоденэктомия |
137. |
52.80 |
Ұйқыбезін транспланттау, нақтыланбаған |
138. |
55.04 |
Тері арқылы (перкутанды) нефролитотрипсия, нефролитолапаксия |
139. |
55.5002 |
Толық нефрэктомия (эндовидеохирургиялық, ретроперитонеалдық) |
140. |
55.5016 |
Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия |
141. |
55.6 |
Бүйректі транспланттау |
142. |
55.62 |
Кадаврдан бүйректі транспланттау |
143. |
55.8602 |
Лапароскопиялық неоуретероцистоанастомоз |
144. |
55.87 |
Түбекше-несептамыр сегментінің лапароскопиялық пластикасы |
145 |
56.7404 |
Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия |
146. |
57.7114 |
Энтеропластикамен (ортотопиялық қуық жасаумен) брикер бойынша илеумкондуитпен немесе колонкондуитпен түбегейлі цистэктомия |
147. |
57.8404 |
Көпіршікті қынап жыланкөзінің пластикасы |
148. |
58.4904 |
Уретраны қалпына келтіру (Буккалық қиындымен пластика) |
149. |
63.8301 |
Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия |
150. |
67.3910 |
Лапароскопиялық ассистирленген радикальді қынаптық трахелэктомия |
151. |
78.191 |
Кезеңдік түзетуді қажет ететін сырқаттар кезінде жамбас сүйектеріне сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану |
152. |
79.391 |
Блоктаушы экстрамедуллярлық имплантпен ішкі фиксациямен жамбас сүйек сынықтарының ашық репозициясы |
153. |
80.206 |
Артроскопиялық мозаикалық хондропластика |
154. |
80.215 |
Иық буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық пластикасы |
155. |
80.219 |
Иық буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық вапоризациясы |
156. |
80.263 |
Менискті артроскопиялық тігіп тастау |
157. |
80.265 |
Сирақ буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық пластикасы |
158. |
80.267 |
Гемофилия кезінде артроскопиялық операциялар |
159. |
80.269 |
Сирақ буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық вапоризациясы |
160. |
80.279 |
Сирақ-табан буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық вапоризациясы |
161. |
80.865 |
Гемофилия кезінде зақымданған буынды басқа жолмен жергілікті кесу немесе зақымдау |
162. |
81.041 |
Ішкі транспедикулярлық жүйе және кейдж фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
163. |
81.042 |
Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
164. |
81.043 |
Кеуде және бел омыртқасының спондилодезі, алдыңғы жету жолы, диск протезін жасау |
165. |
81.051 |
Ішкі транспедикулярлық жүйелердің және кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, артқы жету әдісі |
166. |
81.052 |
Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, артқы жету әдісі |
167. |
81.06 |
Бел және құйымшақ сегізкөз омыртқасының спондилодезі, алдыңғы жету жолы |
168. |
81.061 |
Ішкі транспедикулярлы жүйе және кейдж ішкі фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
169. |
81.062 |
Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
170. |
81.063 |
Бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі, диск протезін жасау |
171. |
81.071 |
Ішкі транспедикулярлық жүйе және кейдждердің ішкі фиксациясы арқылы бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, көлденең жету әдісі |
172. |
81.072 |
Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлдеңен жету әдісі |
173. |
81.073 |
Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, диск протезін жасау |
174. |
81.081 |
Ішкі транспедикулярлық жүйе және кейдждердің фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, артқы жету әдісі |
175. |
81.082 |
Эндокорректор фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, артқы жету әдісі |
176. |
81.51 |
Жамбас буынын толық ауыстыру |
177. |
81.515 |
Гемофилия кезінде жамбас сүйегін толығымен ауыстыру |
178. |
81.52 |
Жамбас буынын жартылай ауыстыру (биполярлы эндопротез) |
179. |
81.53 |
Ұршықбуынның ауыстырылуын тексеру, анықталмаған |
180. |
81.54 |
Тізе буынын толық ауыстыру |
181. |
81.545 |
Гемофилия кезінде тізені толығымен ауыстыру |
182. |
81.55 |
Тізе буынын ауыстыруды тексеру, анықталмаған |
183. |
81.6010 |
Омыртқа ісігі кезіндегі вертебропластика |
184. |
81.65 |
Тері асты вертебропластика |
185. |
81.71 |
Имплантат көмегімен аяқ саусақаралық және саусақ буындарының артропластикасын жасау |
186. |
81.73 |
Қол ұштарының бунақаралық және білезік-бунақ буындарын толық ауыстыру |
187. |
81.74 |
Имплантат арқылы білезік-бунақ буынының және білезік сүйегі буындарының артропластикасы |
188. |
81.80 |
Иық буынын толық ауыстыру |
189. |
81.84 |
Шынтақ буынын толық ауыстыру |
190. |
81.9610 |
Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру |
191. |
83.75 |
Сіңірдің орнын жылжыту немесе транспланттау |
192. |
83.755 |
Гемофилия кезінде сіңірлерді транспланттау және орнын ауыстыру |
193. |
84.21 |
Қолдың бас бармағын реимпланттау |
194. |
84.62 |
Мойын деңгейінде омыртқааралық диск протезін импланттау |
195. |
84.65 |
Бел-құйымшақ сегізкөз деңгейінде омыртқааралық диск протезін импланттау |
196. |
86.66 |
Теріні аллотранспланттау |
197. |
99.791 |
Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау |
Акушериялық-гинекологиялық бейін |
||
198. |
68.61 |
Лапароскопиялық радикалдық абдоминалдық гистерэктомия |
199. |
69.221 |
Торлы протезбен жатырды лапароскопиялық промонтофиксациялау |
200. |
69.231 |
Пубо-цервикалдық және жамбас шандырының синтетикалық торлы протезбен толық экстраперитонеалдық репозициялау |
201. |
69.921 |
Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама |
202. |
69.922 |
Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама |
203. |
69.923 |
АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасалған экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама |
204. |
69.924 |
АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасалған экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама |
Педиатриялық бейін |
||
205. |
14.24 |
Көз торын лазерлік фотокоагуляциялау жолымен хореоретиналдық зақымды деструкциялау |
206. |
20.95 |
Электромагнитті есту аппаратын импланттау |
Терапиялық бейін |
||
207. |
39.65 |
Экстракорпоральдық мембраналық оксигенация |
208. |
92.201 |
Қуықасты безі обырының жоғары мөлшердегі брахитерапиясы |
209. |
92.202 |
Қуықасты безінің оқшауланған обырының интерстициалды сәулелік терапиясы (брахитерапия) |
210. |
92.231 |
Конформдық сәулелік терапия |
211. |
92.241 |
Әртүрлі орындағы ісіктер кезіндегі қарқынды –модульденген сәулелік терапиясы |
212. |
92.246 |
Бөлек орындағы ісіктер кезіндегі бейнелеумен басқарылатын сәулелік терапиясы |
213. |
92.291 |
Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы |
214. |
99.101 |
Церебралдық артериялар мен синустардың тамырішілік тромболизисі |
215. |
99.2902 |
Лангерганс жасушаларынан гистицитоздың жоғары мөлшердегі химиотерапиясы (LCH-III) |
216. |
99.2903 |
Қан өндіру жүйесі ауруларының жоғары мөлшердегі химиотерапиясы |