Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 259 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 14525 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т қараңыз

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы, Тізбенің 7-тармағының 2017 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2016 жылғы 28 қазандағы № 259
  қаулысына қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Инвестициялық қоры активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау қағидаларын және акционерлік және пайлық инвестициялық қорлардың құрамына кіретін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7540 тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінде № 369-374 (27448) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидаларын және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақта:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидалары;";

      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қоры активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидалары";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау тәртібін белгілейді.";

      6- тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Басқарушы компания инвестициялық басқарудағы ашық және аралық инвестициялық пай қорларының және жылжымайтын мүлік қорларының активтерін Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесіне инвестициялайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Инвестициялық қордың активтері есебінен мәмілелер мынадай талаптарды орындау кезінде халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарығында жасалады:

      1) акцияларды (акциялар олардың базалық активі болып табылатын депозитарлық сенімхаттарды) сатып алу бойынша мәміле Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралы айналысында болған халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәміле жасау күнінде болған осы қаржы құралы бойынша бағасының барынша көп мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;

      2) акцияларды (акциялар олардың базалық активі болып табылатын депозитарлық сенімхаттарды) сату бойынша мәміле Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналысында болған халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәміле жасау күнінде болған осы қаржы құралы бойынша бағасының ең аз мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;

      3) борыштық бағалы қағаздар бойынша, principal protected notes қоспағанда, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінен сатып алуға және (немесе) сатуға баға белгілеулердің талдамасы бар не осындай баға белгілеулер болмаған жағдайда әртүрлі үш қарсы әріптестің кем дегенде үш баға белгілеуі болады. Қарсы әріптестің осы қаржы құралы бойынша баға ұсыныстары болмаған жағдайда қарсы әріптестің баға белгілеулерінің жоқтығы немесе қаржы құралына баға белгілеуден бас тартуы туралы хабарламасы мәміле жасау туралы есепке (құжатқа) енгізіледі.";

      2-қосымша осы Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 88 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7568 тіркелген, 2012 жылғы 1 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 442-449 (27523) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпарат ұсыну мерзімдерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпарат ұсыну мерзімдері бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрыш тоқтату қағидаларында, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпарат ұсыну мерзімдері";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпарат ұсыну мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және облигациялар ұстаушылар өкілінің (бұдан әрі – өкіл) өз функциялары мен міндеттерін орындау тәртібін, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайларын, сондай-ақ эмитент пен өкілдің арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Заңның 20-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ақпарат ұсыну мерзімдерін айқындайды.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өкіл эмитенттің облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауын бақылауды:

      1) қаржылық есептілік, оның ішінде жылдық қаржылық есептілік және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған аудиторлық есеп (бар болса) депозитариінің және эмитент шығарған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасының интернет-ресурстарында орналастырылатын;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын;

      3) эмитент пен өкіл арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шартта (бұдан әрі – шарт) белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылатын эмитенттің мерзімдік есептеріндегі;

      4) өкілдің сұратуларына сәйкес оған ұсынылатын облигациялар ұстаушылардың алдындағы міндеттемелерді эмитенттің орындауы туралы мәліметтердегі эмитент туралы ақпаратты талдау жолымен жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Өкіл уәкілетті органды және облигациялар ұстаушыларды Заңның 20-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларына сәйкес өз әрекеттері туралы және осындай әрекеттердің нәтижелері туралы:

      1) бағалы қағаздары шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналмайтын эмитенттерге қатысты – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей;

      2) бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыстағы эмитенттерге қатысты – эмитент осы Қағидалардың 10-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацында көзделген ақпаратты алған айдан кейінгі айдың соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      Уәкілетті органға және облигациялар ұстаушыларға бағалы қағаздары қор биржасында айналмайтын эмитентке қатысты өкілдің өз функциялары мен міндеттерін орындауы туралы ұсынылатын ақпаратта эмитенттің есепті тоқсандағы қаржылық есептілігі қамтылады.

      Еншілес ұйымы бар эмитент шоғырландырылған қаржылық есептілік болмаған жағдайда өкілге шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті ұсынады.

      Екінші деңгейдегі банк болып табылатын эмитент өкілге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11160 тіркелген "Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 74 қаулысына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалған екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есепті және екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті ұсынады.

      Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыстағы эмитент эмитенттің бағалы қағаздары тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде өкілге есепті тоқсандағы қаржылық есептілікті (осы эмитенттің еншілес ұйымы болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікті) ұсынады.";

      10-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаржылық есептілікті (тоқсан сайынғы) – егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес шартпен өкілдің осы есептілікті қаржылық есептілік депозитариінің интернет-ресурсынан алуы көзделмеген жағдайда тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдан кешіктірмей:

      тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдан кешіктірмей;

      бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыстағы эмитент үшін – эмитенттің бағалы қағаздары тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде;

      2) жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті (бар болса) - егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес шартпен өкілдің осы есептілікті қаржылық есептілік депозитариінің интернет-ресурсынан алуы көзделмеген жағдайда:

      акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналысында бекітілген күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыстағы эмитент үшін – эмитенттің бағалы қағаздары тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде;".

      3. "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 276 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7993 тіркелген, 2012 жылғы 27 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 852-856 (27927) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптар (бұдан әрі - Талаптар);

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптарда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптар";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – бірыңғай тіркеуші) сақтауы үшін міндетті тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына, бірыңғай тіркеушінің мониторинг, тәуекелдерді бақылау және басқару талаптары мен тәртiбiне қойылатын талаптарды белгілейді.";

      26-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жұмыс істеуіндегі іркіліс негізгі қызметтің тоқтауына және клиенттерге қызмет көрсету мүмкіндігінің болмауына алып келуі мүмкін барлық дерекқорлардың және ақпараттық жүйелердің өзекті көшірмелері болады;".

      4. "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - мынадай заңды тұлғалар үшін Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВВ"-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы халықаралық шәкіл бойынша ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтингі белгіленсін:

      банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар;

      банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар;

      Қазақстан Республикасында еншілес банктер құратын (бар) банктер;

      Қазақстан Республикасында еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - мынадай заңды тұлғалар үшін Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "В-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген немесе осы қаулының 3-тармағының екінші бөлігінің үшінші, бесінші, алтыншы, он бірінші, он төртінші және он бесінші абзацтарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін рейтингілік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтингі белгіленсін:

      ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие);

      бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдарына ие.

      Рейтингілік агенттігінің осы тармақтың екінші бөлігінде айқындалған талаптарға сәйкестігін рейтинг жүргізілетін объекті растайды.

      Банктер туралы заңның 8-1-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының мақсаттары үшін мынадай ұзақмерзімді ең төменгі тәуелсіз рейтингі белгіленсін:

      шет мемлекеттің шетел валютасында – Standard & Poors рейтингілік агенттігінің шетел валютасындағы халықаралық шәкіл бойынша ұзақмерзімді ең төменгі рейтингі "ВВВ"-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес.

       Банктер туралы заңның 8-1-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының мақсаттары үшін халықаралық шәкіл бойынша мынадай ең төменгі жеке кредиттік рейтингі белгіленсін:

       ұйымның шетел валютасында – Standard & Poors рейтингілік агенттігінің шетел валютасындағы халықаралық шәкіл бойынша ұзақмерзімді ең төменгі рейтингі "ВВВ"-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес.";

      1-1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1-1. Жеке тұлға-ірі қатысушысы жоқ екінші деңгейдегі банктің Банктер туралы заңның 30-бабы 13-тармағының талабын орындау үшін:

       1) Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды тұлғалар үшін - Standard & Poors рейтингтік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған осындай деңгейдегі рейтингтен төмен емес;

      2) Қазақстан Республикасының резиденттері емес - заңды тұлғалар үшін – осы қаулының 1 және 2-тармақтарында белгіленген шетел валютасындағы халықаралық шәкілі бойынша ең төменгі ұзақмерзімді кредиттік рейтингі бар бас банк не банк холдингі болады.

      2. Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің талаптары мыналарға қолданылмайды:

      1) төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері емес - заңды тұлғаларға:

      заңды тұлғаның халықаралық шәкіл бойынша Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтингі бар;

      Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ең төменгі рейтингіне ие шет мемлекеттің резиденті болып табылады;

      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және заңды тұлға резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған;

      2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тиісті мәртебе алған және көрсетілген күні төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері емес - банк холдингтеріне:

      банк холдингінің ұлттық шәкіл бойынша Japan Credit Rating Agency (JСR) рейтингілік агенттігінің не JСR үлестес тұлғасы болып табылатын рейтингілік агенттіктің "ААА"-дан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар;

      Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингіне ие шет мемлекеттің резиденті болып табылады;

      Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органы мен банк холдингі резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған.".

      5. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Брокер және (немесе) дилердің iшкi құжаттарында бағалы қағаздардың орталық депозитарийiнiң, қор биржаның, клиринг ұйымының және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын есеп айырысу ұйымының (бұдан әрі – есеп айырысу ұйымы) және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымы электрондық құжаттармен алмасу жүйесіне кіру үшін рұқсаты (пайдаланатын парольдері) бар брокер және (немесе) дилердің қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi белгiленедi.

      Қағидалардың мақсаттары үшін шетелдік есеп айырысу ұйымы ретінде мыналар ұғынылады:

      "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді кредиттік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банк;

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел ұйымы;

      Бағалы қағаздарға қызмет көрсету жөніндегі халықаралық қауымдастығының (International Securities Services Association) мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-ұйым.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Қағидалардың 29-тармағында көзделген хабарлар жазбаша түрде ресімделеді және клиентке брокер және (немесе) дилер почтамен және (немесе) қолма-қол және (немесе) электронды почтамен немесе мұндай хабарламаны жіберуге негіз туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күндері ішінде өзге де ықтимал байланыс түрлерiмен жіберіледі және (немесе) брокер және (немесе) дилердің интернет-ресурсында орналастырылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Клиенттік тапсырыста мынадай деректемелер болады:

      1) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасалуға тиісті қаржы құралдарымен мәмілелердің түрін көрсету;

      2) мүддесінде қаржы құралдарымен мәміле жасау болжанған клиент туралы мәліметтер:

      жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;

      заңды тұлға үшін:

      атауы;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күні мен нөмірі, мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы;

      3) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалатын эмитенттің атауы, қаржы құралының түрі, қаржы құралының коды немесе ұлттық сәйкестендіру нөмірі (шетелдік бағалы қағаздарға қатысты - халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN), айналыс мерзімі өткен және оларды өтеу бойынша міндеттемелерді эмитент орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына қатысты - талап ету құқықтарын сәйкестендіргіш);

      4) сатып алынуға немесе сатылуға тиісті қаржы құралдарының саны, қаржы құралдарын сатып алу немесе сату бағасы, сондай-ақ тиісінше мәміле жасау үшін қажетті мәліметтер;

      5) клиенттік тапсырыстың түріне нұсқау:

      лимиттік тапсырыс - алдын ала келісілген баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға);

      нарықтық тапсырыс - нарықтық баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға);

      буферлік тапсырыс - болашақта болатын баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға);

      брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген клиенттік тапсырыстар;

      6) егер клиент басқа мерзімді көрсетпесе, ағымдағы сауда сессиясының соңына дейінгі клиенттік тапсырыстың қолданылу мерзімі;

      7) клиенттік тапсырыстың қабылданған күні және нақты уақыты;

      8) осы клиенттік тапсырысты қабылдаған брокер және (немесе) дилер қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      9) брокердің және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасалуы тиіс мәмілені жасау туралы ұсынымдарының болуы туралы мәліметтер;

      10) брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген деректемелер.

      Егер клиент брокер және (немесе) дилерге клиенттік тапсырысты брокердің және (немесе) дилердің электронды қызмет көрсетуі шегінде қамтамасыз етсе, осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларында белгіленген деректемелер көрсетілмейді.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Банк болып табылмайтын бiрiншi санаттағы брокер және (немесе) дилер клиенттерге тиесiлi ақшаны есепке алу және сақтау үшін банк шоттарын онымен үлестес емес банктерде және (немесе) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде және (немесе) клирингтік ұйымдарда және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында ашады.";

      49-тармақ бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Банк болып табылмайтын бірінші санатты брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерінің өтелуін сипаттайтын көрсеткіштер мәндерінің № 214 қаулымен белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде брокерге және (немесе) дилерге есеп айырысу кезеңі 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі мәмілелер жасауға рұқсат етіледі, бұл кезде мәміленің бір тарабының қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындауы мәміле жасалған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күн ішінде мәміленің басқа тарабының ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөніндегі қарсы міндеттемелерін орындауымен мүмкін болады. Көрсетілген мәмілелер бойынша есеп айырысулар мәміле тарабының қаржы құралдарын жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындауы оның өзге қаржы құралдарын алу жөніндегі қарсы талаптарын орындаусыз немесе орталық қарсы агенттің қызметтерін қолданумен мүмкін болмайтын "төлемге қарсы жеткізу" принципі бойынша шетелдік есеп айырысу ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.";

      49-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-2. Тәуекелдердің өтелуін сипаттайтын көрсеткіштердің мәндері № 214 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін брокер және (немесе) дилер есеп айырысуы мәміле жасалғаннан кейін жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәмілелерді жасамайды.

      Осы тармақтың талаптары көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алу үшін пайдаланылатын ақша брокердің және (немесе) дилердің орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі банк шотына осы бағалы қағаздарды сатып алу үшін қажет толық көлемде енгізілген талаппен бастапқы нарықта және (немесе) жазылу әдісімен бағалы қағаздарды сатып алу мәмілелерін жасау жағдайларына қолданылмайды.";

      56-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы қаржы құралдарымен мәмiлелер жөнiндегi есептеулер "төлемге қарсы жеткiзiлiм" принципi бойынша шетелдік есеп айырысу ұйымдары арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар бір тараптың мiндеттемелерiн қаржы құралын немесе ақшаны жеткiзу жөнiндегi мәмiленi орындауы басқа тараптың ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөнiндегi қарама-қарсы міндеттемелер мәмiлесiн орындамай мүмкін емес.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Брокер және (немесе) дилер ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) қосылу үшін апта сайын есепті кезеңнен кейінгі аптаның бiрiншi жұмыс күнi Астана қаласының уақытымен 14-00-ден кешiктiрмей орталық депозитарийге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12957 тіркелген "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларының және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес ақпаратты ұсынады.";

      64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Бiрiншi санатты брокер және (немесе) дилерге тиесiлi қаржы құралдары мен ақша оның клиенттерiнiң қаржы құралдары мен ақшасынан бөлек есепке алынады. Осы мақсаттарда бiрiншi санатты брокер және (немесе) дилер оған және оның клиенттеріне тиесiлi қаржы құралдары мен ақшаны бөлек есеп жүргізуге және сақтауға арналған жеке шоттарды (қосалқы шоттарды) онымен үлестес емес банктерде және (немесе) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде және (немесе) кастодиандарда (тек шетел эмитенттерiнiң бағалы қағаздары бойынша) және (немесе) клирингтік ұйымдарда және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында ашады.

      65. Клиенттерден келіп түсетін қаржы құралдары мен ақшаны бiрiншi санатты брокер және (немесе) дилер онымен үлестес емес банктерде және (немесе) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде және (немесе) кастодиандарда (тек шетел эмитенттерiнiң бағалы қағаздары бойынша) және (немесе) клирингтік ұйымдарда және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында брокер және (немесе) дилердің клиенттеріне тиесiлi қаржы құралдары мен ақшаға есеп жүргізуге және сақтауға арналған шоттарға қаржы құралдары мен ақша келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аударуға тиіс.";

      66-тармақ алып тасталсын.

      6. "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      33-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ашық сауда-саттық әдісімен қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерді қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушы бір мезгілде өз клиентінің мүдделерін және оның клиенті болып табылмайтын үшінші тұлғаның мүдделерін білдіретін;";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Инвестициялық портфельді басқарушы туынды қаржы құралдарымен ұйымдастырылмаған нарықта брокердің қызметін пайдаланбастан дербес жасалған мәмілелерді жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын тізілімге (бұдан әрі – тізілім) енгізу үшін апта сайын, есепті кезеңнен кейінгі аптаның бірінші жұмыс күнінің Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14-00-ден кешіктірмей орталық депозитарийге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12957 тіркелген "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларының талаптарына және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес ақпарат ұсынады.

      Ақпарат ақпаратты беру күніндегі барлық қолданыстағы ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықта туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша, сондай-ақ есепті кезеңде жасалған және орындалған мәмілелер бойынша ұсынылады.";

      54-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің шоттары ашылған номиналды ұстаушыларға хабарлайды.".

      РҚАО-ның ескертпесі!
      7-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 249 (01.01.2019 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9803 тіркелген, 2014 жылғы 18 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      2-тармақта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шоты – инвестициялық пай қорының айналыстағы орналастырылған пайларының санын есепке алу жүзеге асырылатын тiзiлiмдер жүйесiндегi жеке шот;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған, сондай-ақ Нұсқаулықтың 46 және 47-тармақтарына сәйкес осы шотқа аударылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тiркеушiнiң тiзiлiмдер жүйесін қалыптастыру бойынша iс-әрекетi эмитент, бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізген тіркеуші және бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушы ұсынған мәлiметтердi қабылдаудан, тексеруден, өңдеуден, тiзiлiмдер жүйесіне енгізуден тұрады.";

      13-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық пай қорының пайларын есепке алу үшін тіркеуші инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы ұсынған мынадай құжаттар негізінде инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шотын ашады:";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алу үшін инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шотындағы пайлардың санын өзгерту кастодиан растаған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      Орналастыру кезінде пайлар ұстаушының жеке шотына аударылады, пайлардың дәл осындай саны инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алу үшін инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шотында көрсетіледі.

      Сатып алу немесе айырбастау кезінде пайлар ұстаушының жеке шотынан есептен шығарылады, инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алу үшін инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шотында орналастырылған пайлар санының азаюы көрсетіледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Эмитентті, оның басқаруындағы инвестициялық пай қорларының орналастырылған пайларын есепке алуға қатысты инвестициялық портфельді басқарушыны, орталық депозитарийді және ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкілін қоспағанда, тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде бір жеке шоты болады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Орналастырылған пайларды есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының жеке шотында инвестициялық пай қорының, оның активтерін басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компанияның атауы туралы ақпарат қамтылады және Нұсқаулықтың 24-тармағының 1)4)5)6) және 8) тармақшаларында көрсетілген ақпарат қамтылмайды.";

      30-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарындағы эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының сандық мәні (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың, сондай-ақ осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде оларды оқшаулау бойынша операциялар жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) осы талап ету құқығы туындаған эмиссиялық бағалы қағаздардың санына сәйкес айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:

      "41-1. Тіркеуші кепілге қойылған бағалы қағаздар бойынша меншік құқығының (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) басқа тұлғаға өтуін тіркеу операциясын жүргізген жағдайда, Нұсқаулықтың 41-тармағында көзделген құжаттардан басқа, пайдасына бағалы қағаздарға (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалық салынған кепіл ұстаушының оларды иеліктен алуға келісімі ұсынылады.

      Егер ұсынылған кепіл ұстаушының бағалы қағаздарды (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеліктен алуға келісімінде кепілді сақтап қалу талабы қамтылатын болса, осындай бағалы қағаздарды (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару, есепке жазу және ауыртпалық салу операциялары кепілге ауыртпалық салудың туындауын немесе басқа тұлғаға өтуін растайтын құжат қосымша ұсынылған жағдайда жүргізіледі.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Тіркеуші эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын эмитент ұсынған бір түрдегі орналастырылған акцияларды басқа түрдегі акцияларға айырбастау туралы эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі, айырбастау талаптары, мерзімі және тәртібі анықталған ақциялар шығару проспектісіне өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың және эмитенттің орналастырылған акцияларды айырбастау туралы жазбаларды енгізу бұйрығының көшірмесі негізінде мынадай жолмен жүргізеді:

      1) айырбасталуға тиіс акцияларды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан және эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шотынан есептен шығару және оларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке алу;

      2) орналастырылған акциялар айырбасталатын акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан және (немесе) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін жеке шоттан айырбасталуы жүзеге асырылуға сай пропорцияда акциялары айырбасталуға тиіс тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына есептен шығару, сондай-ақ эмитент сатып алған акциялар айырбасталатын акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан айырбасталуы жүзеге асырылуға сай пропорцияда акцияларды есептен шығару және оларды сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке алу.

      Орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастауға байланысты операцияларды жүргізгеннен кейін тiркеушi бір сағаттың iшiнде тiзiлiмдер жүйесiндегi орталық депозитарийдің жеке шотынан үзінді көшiрменi қоса бере отырып, орталық депозитарийге бұл туралы хабарламаны жібереді.".

      59-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Нұсқаулықтың 41-1, 60 және 69-тармақтарында көзделген операцияларды, сондай-ақ Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес олардың біріне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктерді қосу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке алу) операцияларын қоспағанда, бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушының міндеттемесіне байланысты бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бойынша құқықтарды шектеуді тіркеуші бағалы қағаздарына (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушының және пайдасына оларға ауыртпалық салу жүргізілетін тіркелген тұлғаның ауыртпалығы туралы қарсы бұйрықтары және бағалы қағаздарға ауыртпалық салу көзделетін шарттың түпнұсқасы немесе көшірмесі негізінде ауыртпалық салу операциясын жүргізу жолымен жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 59-1-тармақпен толықтырылсын:

      "59-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында және кепіл шартында көзделген жағдайларда көрсетілген бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын беру нәтижесінде кепілге берілген бағалы қағаздарға құқықтардың (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) басқа тұлғаға өтуін тіркеу бойынша операция мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

      бағалы қағаздардан ауыртпалықты алуға (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) кепіл ұстаушының бұйрығы;

      бағалы қағаздарға ауыртпалық салуға (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) жаңа кепіл ұстаушының бұйрығы;

      кепілге берілген бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарының (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) жаңа кепіл ұстаушыға берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      егер көрсетілген келісім заңнамалық актілерде немесе шартта көзделген жағдайда, кепілге берілген бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарының (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) өтуіне кепіл ұстаушының жазбаша келісімінің көшірмелері.";

      61-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оқшаулау және оқшаулауды алып тастау операциясын тіркеуші тізілімдер жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың, сондай-ақ осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Атқарушылық iс жүргiзу туралы заң) 65-бабы 6-1-тармағының талаптарын ескере отырып жүргізеді.";

      63-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сенімгерлік басқарушы туралы жазбаларды енгізу немесе алып тастау операциясын тіркеуші инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шоты бойынша жүргізбейді.";

      68-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Эмитент тіркеушіге осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сұратуды тіркеуші жіберген күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң тиісті хабарламаны ұсынбаған кезде не эмитент тіркеушіге осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша өзінің міндеттемелері бойынша дефолтқа жол бергені туралы хабарламаны ұсынған кезде тіркеуші орталық депозитарийге мыналар:

      эмитенттің жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шотындағы және эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шотындағы айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде және тұлғалардың оқшауланған бағалы қағаздарды ұстаушылардың қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздардың саны;

      тіркеушінің сұратуында көрсетілген эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіпте тиісті сәйкестендіргіш бергені туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрату жібереді.";

      69-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Орталық депозитарийден Нұсқаулықтың 68-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тіркеушінің сұратуына жауап ретінде мәліметтерді алғаннан кейін тіркеуші осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын оларды ұстаушылардың барлық жеке шоттарынан есептен шығаруды (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың, сондай-ақ осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде тізілімдер жүйесінде оқшаулау операциясы жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитенттің жеке шотына есепке алуды жүзеге асырады. Осымен қатар тіркеуші эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын айналыс мерзімі аяқталған және ол бойынша эмитент осы бағалы қағаздар бойынша туындаған міндеттемелерді (ауыртпалық, сенімгерлік басқару) сақтай отырып оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар есептен шығарылатын ұстаушылардың жеке шоттарына есепке алуды жүзеге асырады.";

      71-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Егер тіркеуші айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша бұдан бұрын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың, сондай-ақ осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде оларды оқшаулау операциясын жүргізген жағдайда, тіркеуші орталық депозитарийден эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына орталық депозитарийдің тиісті сәйкестендіргіш бергені туралы мәліметтерді алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде актісі негізінде бағалы қағаздарды оқшаулау операциялары жүргізілген тиісті мемлекеттік органға осы бағалы қағаздар бойынша айналыс мерзімінің аяқталғаны және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны және осы бағалы қағаздар эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығына ауыстырылуға жататыны туралы хабарлама жібереді.";

      89-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Нұсқаулықтың 41-1, 59-1, 60 және 69-тармақтарында көзделген операцияларды, сондай-ақ Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес олардың біріне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктерді қосу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операцияларын жүргізуді қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған.".

      8. "Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты жария ету қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Уәкілетті органның кастодиандық қызметті және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияға ие қаржы ұйымдары қайта ұйымдастырылған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотын ашу операцияларын номиналды ұстаушы орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен алынған тіркелген операциялар туралы есептің негізінде жүзеге асырады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Номиналды ұстаушы бұйрықтың орындалмау себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында бас тартуды мынадай:

      1) бұйрықтардағы қолтаңбалардың нотариатта куәландырылған үлгілерге сәйкес келмеген;

      2) операцияны жасауға бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қарсы бұйрықты ұсынбаған;

      3) бұйрықтар деректемелерінің Қағидаларда белгіленген деректемелерге немесе жеке шоттың (қосалқы шоттың) деректемелеріне сәйкес келмеген;

      4) бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелер бойынша талап ету құқығы) және (немесе) клиенттердің шоттарында (қосалқы шоттарында) ақшаның қажетті саны болмаған;

      5) мәміле мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген;

      6) клиент мәмілені тіркеу үшін белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда уәкілетті орган ірі қатысушы мәртебесін иеленуге берген келісімді растайтын құжатты ұсынбаған;

      7) тиісінше мемлекеттік органдардың не соттың бағалы қағаздардың айналысқа жіберілуін тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімі болған;

      8) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Атқарушылық iс жүргiзу туралы заң) 65-бабының 6-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) жеке шот (қосалқы шот) оқшауланған;

      9) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес банктердің біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктер біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) (қосалқы шоттарынан (қосалқы шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операцияларын жүргізуді қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығына) ауыртпалық салынған;

      10) бұйрық қабылданған сәтте және (немесе) осы бұйрықтың қолданылу кезеңінде клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өткен;

      11) номиналды ұстаушының ішкі құжатында көзделген жағдайларда рәсімдейді.";

      мынадай мазмұндағы 33-1 және 33-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "33-1. Номиналды ұстаушы (номиналды ұстаушылар) бөлу немесе қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда мұндай қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болған және қайта ұйымдастырылған номиналды ұстаушының (қайта ұйымдастырылған номиналды ұстаушылардың) лицензиясын "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 1 және 5-тармақтарында белгіленген тәртіпте қайта ресімдеген заңды тұлға уәкілетті органнан қайта ресімделген лицензияны алған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12957 тіркелген "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысының (бұдан әрі – № 254 қаулы) 39-1-тармағында көрсетілген операцияларды жасауға бұйрықты орталық депозитарийге беруді жүзеге асырады.

      33-2. Номиналды ұстаушылар біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда біріктіру жүргізілген номиналды ұстаушы Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлері тізіліміне біріктірілген номиналды ұстаушының қызметін тоқтату туралы мәліметтерді енгізген сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде № 254 қаулының 39-1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген операцияларды жасауға бұйрықты орталық депозитарийге беруді жүзеге асырады.".

      9. "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12957 тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 60 (28788) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      23-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тіркеушінің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде орталық депозитарийге ашылған жеке шот бойынша жүргізілген осы эмитент шығарған қаржы құралдарын конвертациялау немесе айырбастау кезінде қаржы құралдармен жасалған мәмілелерді тіркеу жөніндегі операциялар туралы хабарламасы (есебі);";

      мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:

      "39-1. Орталық депозитарий осы Қағидалардың 18-тармағының 1) және (немесе) 2) тармақшаларында тармақшаларында көрсетілген қызметтің бір лицензияланатын түріне (шағын түріне) уәкілетті орган берген лицензияларға ие қаржы ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған және оған қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымдарының лицензиясы қайта ресімделген қаржы ұйымының бұйрығы негізінде және оны алған күні мыналарды жүзеге асырады:

      1) қаржы ұйымдары қосылған кезде:

      қосылу нәтижесінде пайда болған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымдарының клиенттеріне қосалқы шоттар ашу;

      қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымдарының жеке шоттары шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару және қосылу нәтижесінде жаңадан пайда болған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған осы клиенттердің қосалқы шоттарына оларды одан әрі есепке енгізу;

      қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымдарының жеке шоттары шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарын жабу;

      2) бір қаржы ұйымын екіншіге біріктірген кезде:

      біріктіруі жүзеге асырылатын қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде біріктіру сәтінде қосалқы шоттар ашылған клиенттерді қоспағанда, біріктіруі жүзеге асырылатын қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде біріктірілетін қаржы ұйымының клиенттеріне қосалқы шоттар ашу;

      біріктірілетін қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару және біріктіруі жүзеге асырылатын қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған осы клиенттердің қосалқы шоттарына оларды одан әрі есепке жазу;

      біріктірілген қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарын жабу.

      Қағидалардың 18-тармағының 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көрсетілген уәкілетті органның лицензиясына ие қаржы ұйымы бөлу нысанда қайта ұйымдастырылған кезде орталық депозитарий қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған және оған қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымының лицензиясы қайта ресімделген қаржы ұйымының бұйрығы негізінде және оны алған күні мыналарды жүзеге асырады:

      уәкілетті органның лицензиясы қайта ресімделген, бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымының клиенттеріне қосалқы шоттар ашу;

      бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару және бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған, оған уәкілетті органның лицензиясы қайта ресімделген қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған осы клиенттердің қосалқы шоттарына оларды одан әрі есепке жазу;

      бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарын жабу.

      Қаржы ұйымы бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастырылған кезде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) бөліп шығарылуы жүргізілген қаржы ұйымы клиенттерінің қосалқы шоттарында есептелуі жалғастырылады.

      Қаржы ұйымдары қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде мұндай қаржы ұйымдарының клиенттерінде екі және одан көп қосалқы шот болған жағдайда орталық депозитарий қосылу нәтижесінде жаңадан пайда болған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде осы клиентке бір қосалқы шот ашуды жүзеге асырады. Қосалқы шот деректемелері ретінде қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымдарының клиенті орталық депозитарийге өзгерістерін ұсынған қосалқы шоттың деректері қабылданады.

      Қаржы ұйымдары біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде біріктірілетін ұйым клиентінде біріктіруі жүзеге асырылатын қаржы ұйымының қосалқы шоты болған жағдайда орталық депозитарий осы клиенттің бағалы қағаздарын (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) көрсетілген қосалқы шотқа есепке жазылады.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген қайта ұйымдастырылатын қаржы ұйымдары клиенттерінің қосалқы шоттарынан (қосалқы шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операцияларын орталық депозитарий егер мұндай операцияларды тіркеу бағалы қағаздардың меншік иелерін ауыстыруға әкеп соқпаған жағдайда ғана жүзеге асырады.

      Қайта ұйымдастырылатын қаржы ұйымының жеке шотында және (немесе) оның клиенттерінің қосалқы шоттарында мәмілелер жасауға шектеулер белгіленген бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтар) есепте болса, Қағидалардың осы тармағында көрсетілген іс-қимылдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осындай шектеулердің күші жойылғаннан (алып тасталғаннан) кейін жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген операциялар жүргізілгеннен кейін орталық депозитарий қайта ұйымдастырылатын қаржы ұйымдарына орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелген операциялар туралы есептерді операция жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.".


  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің Тізбесіне
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 60 қаулысына
2-қосымша

Акционерлік және инвестициялық пай қорларының активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдары тізбесі

 

      1.Басқарушы компания инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі, әрбір жеке ашылған не аралық инвестициялық пай қорларының инвестициялық басқарудағы активтері және оларға қойылатын талаптар:


 №

Қаржы құралдарының атауы

1.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар (оның ішінде шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес эмитеттеген), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздар

2.

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған облигациялар

3.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" Акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

4.

Мына талаптардың біріне сәйкес келгенде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне салымдар:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктер; банктер резидент емес бас банкі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі "А-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингілік бағасы бар резидент емес еншілес банктер болып табылады

5.

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-" төмен емес рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және (немесе) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына (бұдан әрі - №189 қаулы) көзделген "акция" секторының талаптарына сәйкес акциялар;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша рейтингісі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар немесе қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, 189 қаулымен көзделген "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" борыштық бағалы қағаздар;
қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымының инфрақұрылымды облигациялары;
басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорларының (басқарушы компаниясы активтері есебінен осы пайлар сатып алынатын инвестициялық пай қорларының басқарушы компаниясы болып табылатын инвестициялық пай қорларын қоспағанда), қор биржасының ресми тізіміне енгізілген пайлары; осы эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау шеңберінде шығарылған бағалы қағаздар

6.

Standard & Poor's principal stability fund ratings "BBm-" төмен емес не Standard & Poor's Fund credit quality ratings "BBf-" төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы бар инвестициялық қорлардың бағасы

7.

Базалық активі Тізбенің 1-тармағының кестесінің 5, 12, 13 жолдарында көрсетілген акциялар болып табылатын не базалық активі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша рейтингісі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы бар эмитенттердің бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлы қолхаттар

8.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар шетелдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

9.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтинг агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар елдердің шетел валютасы

10.

Лондон қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында Лондондық сапалы жеткiзiлiм (London good delivery) стандарты ретiнде белгiленген тазартылған қымбат металдар мен он екі айдан аспайтын мерзiмi бар металл депозиттері, оның iшiнде Standard & Рооr's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "А-"-дан төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингтiк бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерiндегi металл депозиттер

11.

Мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар:
Азия даму банкі;
Америкааралық даму банкі;
Африка даму банкі;
Еуропа Даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі;
Еуропа Қайта құру және даму банкі;
Ислам даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Халықаралық Қайта құру және даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы;

12.

Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы танитын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел ұйымдары шығарған акциялар және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы танитын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акциялар

13.

Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 22-1-бабының 3-тармағына сәйкес танитын шетел ұйымы шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы танитын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар

14.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар ұйымдар шығарған Principal protected notes, ол мына талаптардың біріне сәйкес келеді:
айналыс мерзімі бес жылдан аспайды;
principal protected notes шығарылым талаптарымен қандай да бір мемлекеттің, эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолт жағдайы көзделмеген

15.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар резидент емес банктердегі салымдары

16.

Базалық активі Ашық және аралық инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары, шетел валютасы, сондай-ақ мынадай есепті көрсеткіштер (индекстер) болып табылатын, хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары (фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар):
CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index)
DAX (Deutscher Aktienindex)
DJIA (Dow Jones Industrial Average)
ENXT 100 (Euronext 100)
FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index)
KASE (Kazakhstan Stock Exchange)
MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index)
MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International
World Index)
NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index)
RTSI (Russian Trade System Index)
S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index)
TOPIX (Tokyo Price Index)
HSI (Hang Seng Index)

17.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысу үлесі

18.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі тәуелсіз рейтингілік бағасы бар шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында саудаланатын Exchange Traded Fund пайлары

       2. Басқарушы компания инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі, жылжымайтын мүлік әрбір жеке қорының инвестициялық басқарудағы активтері және оларға қойылатын талаптар: 

Қаржы құралдарының атауы

1.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар (оның ішінде басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес эмитеттеген), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздар

2.

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған облигациялар

3

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" Акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

4.

Мына талаптардың біріне сәйкес келгенде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерге салымдар: Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктер; банктер резидент емес бас банкі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі "А-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы бар резидент емес еншілес банктер болып табылады

5.

Мәміле жасау күніне олардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде болған жағдайдағы акциялар

6.

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар

7.

Шетел ұйымдары шығарған Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар

8.

Шетел ұйымдары шығарған Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар акциялар

9.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ"-ден төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар мынадай халықаралық қаржы ұйымдары:
Азия даму банкі;
Америкааралық даму банкі;
Африка даму банкі;
Еуропа Даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі;
Еуропа Қайта құру және даму банкі;
Ислам даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Халықаралық Қайта құру және даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы

10.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ"-ден төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

11.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ"-ден төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шетелдік валюта

12.

Лондон қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында Лондондық сапалы жеткiзiлiм (London good delivery) стандарты ретiнде белгiленген тазартылған қымбат металдар мен он екі айдан аспайтын мерзiмi бар металл депозиттері, оның iшiнде Standard & Рооr's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "А-"-дан төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингтiк бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерiндегi металл депозиттер

13.

Хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары осы қосымшаға сәйкес базалық активі жылжымайтын мүлік қоры активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары болып табылады.

14.

Жылжымайтын мүлік қорына кіретін мүлікке қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға қатысу үлесі