"Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 22-тармағы 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Ұлттық бюро) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Ұлттық бюроның интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрықтың Ұлттық бюроның құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық бюроның басшысы Т.М. Татубаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы |
Қ. Қожамжаров |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 3 қарашада № 42 бұйрығымен бекітілген |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасының талаптарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) (бұдан әрі – Агенттік) әкімшілік ғимараттарында және оның аумақтық органдарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 08.02.2020 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі - БӨП), арнайы үй-жай, сондай-ақ адамдарды және көлік құралдарының рұқсат етілген түрін өткізуді қамтамасыз етуге арналған шлагбауммен жабдықталған жер учаскесі;
2) бекет – әкімшілік ғимаратқа кіретін жерде орналасқан, тәуліктік наряд қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттемелерін орындайтын орын;
3) қауіпсіздік – объектінің қорғалу жай-күйі, бұл кезде қандай да бір қатердің болуынан не оның салдарының әсерінен оған зиян келтіруге байланысты жол берілмейтін қатер болмайды;
4) кезекші бөлім – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Штабының (Департамент) (бұдан әрі - Штаб) құрылымдық бөлімшесі;
5) кезекші бөлімнің тәуліктік наряды – кезекші бөлімнің тәуліктік кезекшілікке түсетін қызметкерлері;
6) келуші – Агенттіктің қызметкері, қызметшісі немесе жұмыскері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ адам;
7) өткізу режимі – әкімшілік ғимарат және әкімшілік ғимаратқа іргелес аумақ шегінде белгіленген, күзетілетін объектіге және күзетілетін объектіден адамдардың бақылаусыз кіру (шығу), көлік құралдарының бақылаусыз кіру (шығу), мүліктің бақылаусыз енгізілу (шығарылу), әкеліну (әкетілу) мүмкіндігін болдырмайтын тәртіп;
8) объектішілік режим – әкімшілік ғимарат шегінде белгіленген, құпиялылық режимін және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етуге, әкімшілік ғимараттардағы өрт және техникалық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар жиынтығымен қамтамасыз етілетін тәртіп;
9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттары (бұдан әрі – әкімшілік ғимараттар) – міндетті түрде күзетілуге және қорғалуға тиіс мемлекеттік объектілер;
10) тексеріп қарау жүйелері мен құралдары – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимаратына және әкімшілік ғимараттың іргелес аумағына әкелуге тыйым салынған заттар мен бұйымдар тізбесінде (бұдан әрі – Тыйым салынған заттар тізбесі) көрсетілген заттар мен бұйымдарды ғимаратқа санкциясыз кіргізуді (шығару) немесе әкелуді (әкету) алдын ала байқауға арналған техникалық құралдар жиынтығы;
11) электрондық тұрақты карточка – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестатталғанін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне және еңбек шарты бойынша жұмыскерлерге (бұдан әрі – қызметкерлер, қызметшілер мен жұмыскерлер) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмет өткерудің, еңбек шартының барлық кезеңіне Кадр жұмысын ұйымдастыру басқармасы (бұдан әрі – кадр қызметі) беретін кіруді бақылау және басқару жүйесінде (бұдан әрі - КББЖ) тіркелетін, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде) және фотосуреті көрсетілетін белгіленген үлгідегі электрондық кіру карточкасы;
12) электрондық қысқа мерзімді карточка – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қаржы-шаруашылық бөлімшесінің (бұдан әрі - ҚШБ) немесе басқа да бөлімшелерінің басшысы қол қойған тізімдер негізінде өз қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында ұзақ мерзімді негізде жүзеге асыратын бөгде ұйымдардың жұмыскерлеріне бір айға дейінгі мерзімге, қызметтерге іссапарға жіберілген аумақтық органдар қызметкерлеріне, қызметшілері мен жұмыскерлеріне іссапар мерзіміне берілетін иесінің тегі, аты және әкесінің аты және фотосуреттері көрсетілген, кезекші бөлімде берілетін электрондық кіру карточкасы;
13) электрондық біржолғы карточка – келушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіліп, әкімшілік қа бір рет кіруге кезекші бөлімде берілетін электрондық рұқсат кіру карточкасы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 08.02.2020 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Қағидалар:
1) қауіпсіздіқ қамтамасыз ету;
2) құпия және қызметтік құжаттардың, арнайы техниканың, қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің сақталуын қамтамасыз ету;
3) ғимараттардың, көлік құралдарының және басқа да материалдық құндылықтардың бүтіндігін қамтамасыз ету;
4) әкімшілік ғимараттың іргелес аумағына және әкімшілік ғимараттарға бөтен адамдардың кіруін болдырмау;
5) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
6) көлік құралдарының кіру (шығу) тәртібін ретке келтіру мақсатында әзірленген.
4. Әкімшілік ғимараттарда өткізу және объектішілік режимдерін ұйымдастыру кезекші бөлімдерге жүктеледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құрылымдық бөлімшелерімен өздерінің құзыреті шегінде, алдарына қойылған мақсаттары мен міндеттері шеңберінде өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
2-тарау. Өткізу режимін қамтамасыз ету тәртібі
5. Өткізу режимі әкімшілік ғимарат қызметкерлерінің, қызметшілерінің, жұмыскерлерінің және келушілердің өміріне, денсаулығына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмыс істеуіне төнетін қауіптің алдын алуға бағытталған.
6. Әкімшілік ғимаратқа іргелес аумағына кіру (шығу) уақыты БӨП арқылы белгіленеді:
1) қызметтік көлік құралдары үшін:
жұмыс күндері сағат 06.30-дан 21.00-ге дейін;
демалыс және мереке күндері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органының басшысы (оны алмастыратын тұлға) бекіткен графиктерге сәйкес;
2) қызметкерлердің, қызметшілердің, жұмыскерлердің жеке көлік құралдары үшін БӨП арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органының басшысы (оны алмастыратын тұлға) бекіткен тізімге сәйкес:
жұмыс күндері сағат 06.30-дан 21.00-ге дейін;
демалыс және мереке күндері – кіруге рұқсат етілмейді;
3) мемлекеттік органдар мен бөгде ұйымдардың, шетелдік өкілдіктердің, пошта және өзге де хат-хабарларды, тауар-материалдық құндылықтарды жеткізетін, қоқыс шығаратын ұйымдардың өкілдерінің көлік құралдары үшін:
жұмыс күндері сағат 08.00-ден 18-30-ға дейін, алдын ала берілген өтінімдерге сәйкес;
демалыс және мереке күндері – кіруге рұқсат етілмейді;
4) айдауылдың арнайы көлік құралдары үшін:
жұмыс күндері – тәулік бойы;
демалыс және мереке күндері – қызметтік қажеттілік кезінде;
7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілмеген көлік құралдарының әкімшілік ғимараттың іргелес аумағына кіруіне, сондай-ақ сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері қызметкерлердің (жұмыскерлердің) жеке автокөліктерін тұрақта қалдыруға жол берілмейді.
8. Әкімшлік ғимараттарға өткізу уақыты былай белгіленеді:
1) қызметкерлер, қызметшілер мен жұмыскерлер үшін:
жұмыс күндері - сағат 06.30-дан 21.00-ге дейін;
демалыс және мереке күндері - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органы басшысының (оны алмастыратын тұлға) жазбаша рұқсаты бойынша не бекітілген кезекшілік графиктеріне сәйкес;
2) келушілер үшін:
жұмыс күндері - сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.30-ға дейін:
жұмыс емес күндері (сағат 18.30-дан кейін), демалыс және мереке күндері кіруге рұқсат етілмейді;
3) әкімшілік ғимараттағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою үшін шақыру бойынша келетін авариялық қызметтер, медициналық көмек көрсету үшін шақыру бойынша келетін медициналық жедел жәрдем дәрігерлері үшін – тәуліктің кез келген уақытында КББЖ-да міндетті түрде тіркеумен және тәуліктік наряд қызметкерінің ілесіп жүруімен;
4) күзетілетін тұлғалардың келуінің алдында ғимараттарға тексеру жүргізетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғау қызметінің (бұдан әрі - МҚҚ) қызметкерлері, жарылғыш құрылғыға ұқсайтын жарылғыш құрылғылар мен заттарды табу, алып қою және шығаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) арнайы бөлімшелерінің саперлары үшін тәуліктің кез келген уақытында тәуліктік наряд қызметкерінің ілесіп жүруімен.
9. Әкімшілік ғимараттарға кіргізу мынадай құжаттар бойынша:
1) қызметкерлер, қызметшілер мен жұмыскерлер – тұрақты электрондық карточка бойынша;
2) іссапарға жіберілген немесе іссапарға келген қызметкерлер қызметшілер, мен жұмыскерлер – қызметтік куәлігін көрсеткен кезде қысқа мерзімді электрондық карточка бойынша;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үкіметтік байланыс қызметінің (бұдан әрі – ҚР ҰҚК ҮБҚ), құпия және қызметтік хат-хабарларды әкелетін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің (бұдан әрі – ҚР ПМК) мемлекеттік фельдъегерлік қызметкерлері - қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде бойынша кезекші бөлімге алдын ала ұсынылған қызметкерлер тізімдері бойынша;
4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қызметтік куәліктері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарына кіру құқығы болатын лауазымды тұлғалар тізбесінде (бұдан әрі – Лауазымды тұлғалар тізбесі) көрсетілген жекелеген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;
5) келушілер – Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың және қызметкердің, қызметшінің немесе жұмыскердің ауызша өтінімі негізінде кезекші бөлімде берілетін біржолғы электронды карточка бойынша;
6) шет мемлекеттердің азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар - жеке басын куәландыратын құжаттың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органы басшысының (оны алмастыратын тұлға) және Мемлекеттік құпиялармен жұмысты ұйымдастыру басқармасының (МҚҚБ) жазбаша рұқсаты негізінде кезекші бөлімде берілетін біржолғы электрондық карточкалар бойынша;
7) ресми сапарлармен келетін шетелдік азаматтар - (МҚҚБ) қол қойған мүдделі бөлімшелердің баянаттары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органы басшысының (оны алмастыратын тұлға) рұқсатымен;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органдарынан және басқа да мемлекеттік органдардан ауысқан, сондай-ақ қызметке (жұмысқа) жаңадан қабылданған және қызметтік куәлік алмаған қызметкерлер, қызметшілер мен жұмыскерлер - бөлімше басшысының баянаты негізінде кезекші бөлімде берілетін электрондық біржолғы карточка бойынша;
9) әкімшілік ғимараттарда өз қызметін ұзақ мерзімді негізде жүзеге асыратын мемлекеттік емес ұйымдар жұмыскерлері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ҚШБ немесе өзге де бөлімшелерінің басшысы қол қойған тізімдерге сәйкес кезекші бөлімде берілетін қысқа мерзімді электронды карточка бойынша.
10) құрылыс–жөндеу жұмыстарын орындау үшін шарт жасасқан бөгде ұйымдар қызметшілері мен жұмысшылары не конкурстарға қатысушы ұйымдар мен фирмалардың өкілдері - болатын уақыты көрсетілген олардың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органының басшысымен (оны алмастыратын тұлға) келісілген құрылымдық бөлімше басшысының баянаты негізінде біржолғы электронды карточкалар бойынша;
11) әкімшілік ғимаратта өткізілетін тексеру және өзге де іс-шараларға қатысу үшін келген адамдар - мүдделі құрылымдық бөлімшелердің кезекші бөлімге алдын ала тапсырған жеке басты куәландыратын құжаттарын көрсеткен кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органы басшысының (оны алмастыратын тұлға) қолын қойған тізімдер қоса берілген баянаттар бойынша;
12) әкімшілік ғимараттарға жеткізілген сотқа дейінгі тергеулер бойынша ұсталғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар – тергеушілердің айдауылмен алып жүру туралы өтінімдері негізінде кезекші бөлімде берілетін біржолғы электронды карточка бойынша;
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 20.12.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Әкімшілік ғимараттарда өткізу режимін қамтамасыз ету, әкімшілік ғимараттың іргелес аумағына көлік құралдарының кіруін (шығуын) бақылауды жүзеге асыру кезекші бөлімдерге жүктеледі.
11. Әкімшілік ғимаратқа іргелес аумақта және әкімшілік ғимараттарда бөтен адамдардың бақылаусыз жүруінің, аумағына бөтен автокөліктің рұқсатсыз кіруі мен тұраққа қойылуының әрбір фактісі бойынша ішкі қауіпсіздік бөлімшелері(бұдан әрі - ІҚБ) қызметтік тергеулер жүргізіеді.
12. Қызметкерлерге, қызметшілер мен жұмыскерлерге және келушілерге әкімшілік ғимараттың іргелес аумағына және әкімшілік ғимараттарға Тыйым салынған заттар тізбесінде көрсетілген заттар мен бұйымдарды алып кіруге рұқсат етілмейді.
Қызметкерлерге, қызметшілер мен жұмыскерлерге "қоңырау/жауап/sms" функциялары бар мобильді телефондарын әкімшілік ғимараттарға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етіледі, оларды есепке алуды және тіркеуді кезекші бөлім қамтамасыз етеді.
13. Тыйым салынған заттар тізбесінің 8) – 11) тармақшаларында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) тиісті жазбаша рұқсатынсыз әкелуге тыйым салынған заттар әкімшілік ғимаратқа кіретін жерде орнатылған шкаф ұяшықтарына уақытша салынады. Бұл ретте ұяшықтың кілті немесе нөмірлік жетоны әкімшілік ғимараттан шығатын сәтке дейін келушіде, қызметкерде, қызметшіде немесе жұмыскерде болуға тиіс.
Шақырылған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өздерінің қызметіне байланысты бейне, кино және фотоаппаратурамен әкімшілік ғимараттың іргелес аумағына және әкімшілік ғимаратқа кіруіне (шығуына) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат етіледі.
14. Қызметкерлердің, қызметшілердің, жұмыскерлердің әкімшілік ғимараттарға кіруі (шығуы) тәуліктік наряд бекеттері арқылы жүзеге асырылады, онда кіретін адамдарға, олардың жеке заттары мен қолжүктеріне қарап тексеру жүйелері мен құралдары арқылы бақылау жүзеге асырылады.
Келушілердің ғимаратқа кіруі (тиісті құжатты көрсету кезінде өмірін қамтамасыз етудің электрондық жүйелері бар адамдардан басқа) стационарлық жақтаулы металл ақауіздегіш (қажет болған жағдайда, қолға ұсталатын металл ақауіздегіш) арқылы жүзеге асырылады.
Қажет болған кезде әкімшілік ғимаратқа Тыйым салынған заттар тізбесінде көрсетілген заттардың кіргізілмеуін болдырмау мақсатында, тәуліктік наряд қызметкерлері қолға ұсталатын металл ақауіздегішті пайдалана отырып, қосымша қарап тексеру жүргізеді.
Техникалық бақылаудан және қосымша қарап тексеруден өтпеуі әкімшілік ғимаратқа кіргізуден бас тарту негізі болып табылады.
15. Тәуліктік наряд қызметкері электрондық рұқсатнама бойынша кіріп келе жатқан қызметкердің, қызметшінің немесе жұмыскердің сыртқы түрін жүйе мониторындағы бейнесімен, пайдаланылатын электрондық рұқсатнаманың көрсетушіге тиістілігін салыстырып қарайды.
Сәйкес келмеген жағдайда, тәуліктік наряд қызметкері өткізу режимін бұзушыны ұстау, хабарлау және ІҚБ уәкілетті қызметкерлеріне мән-жайды анықтау үшін тапсыру бойынша шаралар қабылдайды.
16. Осы Қағидалардың 9-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген адамдарды кіргізу тексеріссіз жүзеге асырылады. ҚР ҰҚК ҮБҚ қызметкерлері әкімшілік ғимаратқа МҚҚБ қызметкерлеріне ілесе отырып кіреді және жүрiп-тұрады.
17. Біржолғы электрондық кіру карточкасы кезекші бөлімде келушінің жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкердің, қызметшінің немесе жұмыскердің жазбаша шақыруы (шақыру қағазы) ауызша өтініші негізінде ресімделеді.
Тәуліктік наряд қызметкері біржолғы электронды карточканы ресімдеу кезінде:
1) жеке басын куәландыратын құжаттағы фотосуретті келушінің сыртқы бейнесімен салыстырып қарайды;
2) келушінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқалығына көз жеткізеді.
Ұсынылған жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқалылығы күмән туғызған жағдайда, тәуліктік наряд қызметкері келушілерден мұқият көзбен тексеріп қарау үшін жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге, қажет болған кезде ІҚБ қызметкерлерін шақырып, оларға осы құжатты тиісті шешім қабылдау үшін беруге құқылы.
Тәуліктік наряд қызметкері оқиға туралы Штабтың және кезекші бөлім басшыларына бір мезгілде баяндайды.
18. Электрондық біржолғы карточканы ресімдеген кезде тәуліктік наряд қызметкері КББЖ базасына мынадай деректерді:
1) келушінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күнін;
2) келуші баратын қызметкердің, қызметшінің немесе жұмыскердің тегін және кабинетінің нөмірін;
3) электрондық біржолғы карточканың берілу уақыты мен күнін енгізеді.
19. Электрондық біржолғы карточкалар бір жұмыс күні ішінде тек бір рет кіруге жарамды.
20. Келушілердің әкімшілік ғимараттарда жүріп–тұруы оларды шақырған қызметкердің, қызметшінің немесе жұмыскердің қатар ілесіп жүруімен қатаң түрде жүзеге асырылады.
Келуші қабылдаған қызметкердің, қызметшінің немесе жұмыскердің ілесуінсіз шыққан жағдайда, тәуліктік наряд қызметкері кезекші наряд қызметкері болған оқиға туралы Штабтың кезекші бөлімінің басшысына хабарлайды.
3-тарау. Әкімшілік ғимараттарға табельді қарумен өткізуді қамтамасыз ету тәртібі
21. Әкімшілік ғимараттарға жеке және табельді қарумен:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің атыс қаруын алып жүруге және сақтауға рұқсат етілген қызметкерлеріне;
2) тек қызмет өткеру кезінде тәуліктік наряд қызметкерлеріне;
3) өздері қорғайтын адамдарымен ілесіп жүру кезінде ПКҚ қызметкерлеріне;
4) әкімшілік ғимараттарға ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды жеткізетін айдауыл қызметінің қызметкерлеріне кіруге рұқсат етіледі;
5) ҚР ПМК мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің, арнайы байланыс және ҚР ҰҚК ҮБҚО қызметінің қызметкерлеріне мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау бойынша қызметтік міндеттемелерін орындау кезінде рұқсат етіледі.
22. Аумақтық органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтерінің іссапарға жіберілген қызметкерлері, қарумен немесе арнайы құралмен және оларға рұқсаты болатын келушілер оларды кезекші бөлімнің қару сақтайтын бөлмесіне уақытша сақтауға тапсырады.
4-тарау. Әкімшілік ғимараттарға материалдық құндылықтарды әкелуді (әкетуді) қамтамасыз ету тәртібі
23. Әкімшілік ғимараттың іргелес аумағына және әкімшілік ғимаратқа жабық орамдарды (орамаларды, пакеттерді, портфельдерді, қаптарды, қораптарды, чемодандарды және басқа да) тек мөрленген түрде алып кіруге ҚР ПМК мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне, арнайы байланысқа ғана рұқсат етіледі.
24. Әкімшілік ғимаратқа және оларды әкімшілік ғимараттан материалдық құндылықтарды әкелу (әкету) ҚБ басшылығы жазып беретін материалдық құндылықтарды ғимаратқа әкелу (әкету) рұқсат қағазы (бұдан әрі – рұқсат қағазы) және материалдық құндылықтарды ғимаратқа әкелу (әкету) жүкқұжатын (бұдан әрі - жүкқұжаты) көрсеткен кезде осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Әрбір рұқсат қағазының және жүкқұжатының келесі бетіне кезекші бөлімінің тәуліктік наряд қызметкері материалдық құндылықтарды әкелу (әкету), алып келу (алып кету) күнін, уақытын және қолын қояды.
Рұқсат ету қағаздары және жүкқұжаты ҚШЖБ-да үш данада тіркеледі, біреуі ҚШЖБ-да, екіншісі кезекші бөлімінде қалады және ісіне тігіледі, үшіншісі орындаушыда болады.
25. Арнайы белгісі бар рұқсат қағазында және жүкқұжатында көрсетілген материалдық құндылықтардың саны әкелетіндердің (әкететіндердің), алып келетіндердің (алып кететіндердің) мүліктердің санына сәйкес келмеген жағдайда, кезекші бөлімнің тәуліктік наряды материалдық құндылықтарды әкелуін (әкетуін), алып келуін (алып кетуін) тоқтатады және мән-жайды анықтау үшін әкелуге (әкетуге) рұқсат берген ҚШЖБ лауазымды тұлғасын шақырып, аталған факті туралы кезекші бөлімнің басшысына баяндайды.
26. Ауызша өкім бойынша материалдық құндылықтарды әкелуге (әкетуге), алып келуге (алып кетуге) жол берілмейді.
5-тарау. Объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібі
27. Штаттан тыс жағдайларға уақтылы әрекет ету үшін кезекші бөлімге мөр басылған конвертте қызметтік үй-жайдың нөмірі, тиісті кабинетте отыратын қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетілген барлық кабинеттердің, қабылдау бөлмелерінің, залдардың, қосымша бөлмелердің және техникалық үй-жайлардың (бұдан әрі – қызметтік үй-жайлар) кілттерінің телнұсқалары тапсырылады.
28. Қызметтік үй-жайларды ашып кіру қажет болған жағдайда, аталған бөлімшенің және кезекші бөлімінің басшысына хабарлайды және еркін нысандағы акті құрастырады.
29. Жұмыс аяқталған соң барлық қызметтік кабинеттерде, үй-жайларда терезелер жабылады, жарық өшіріледі, есіктер кілтпен жабылады және бедерлі мөр басылады (терезелер, терезе желдеткіштері және торлары мықтап жабылуға тиіс).
30. Жұмыс күнінің соңында режимдік үй-жайлардың кіретін есіктері кілтпен жабылады және мөрленеді. Кілттер мөр бедері басылған құтыға салынады. Мөрленген құты кезекші бөлімге тапсырылады, режимдік қызметтік үй-жайлар күзет дабылнамасына тапсырылады, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша режимдік қызметтік үй-жайларды және олардың кілттерін күзетуге қабылдау (тапсыру) журналына (бұдан әрі -журнал) тиісті жазбалар енгізіледі.
Режимдік үй-жайларға жауапты қызметкерлер жұмыс күнінің басында кезекші бөлімнен мөрленген құтыны кілттерімен алады, құтыдағы және кіретін есіктердегі мөр бедерлерінің бүтіндігін қарайды, журналға тиісті жазбаны енгізеді.
31. МҚҚБ құпия жұмыстар жүргізілетін режимдік үй-жайларға кіруге (ашуға) құқығы бар адамдардың тізбесін айқындайды. Аталған адамдар тізбесі олардың қойған қолдарының үлгілерімен бірге кезекші бөлімге тапсырылады.
32. Тәуліктік наряд түнгі уақытта сағат 22.30-дан 23.30-ға дейін және 03.00-ден 04.30-ға дейін екі рет ғимаратты, қызметтік үй-жайларды аралап тексеріп шығады, кезекші жарықтарды, өртке қарсы қауіпсіздік жағдайын тексереді, сағат 22.00-ден 22.30-ға дейін іргелес аумақты аралап тексеріп шығады.
Аралап шығу нәтижелері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік ғимарат пен іргелес аумақты аралау журналына анықталған объектішілік режимдер мен құпиялылық режимінің байқалған бұзылуын көрсете отырып енгізіледі.
33. Анықталған бұзушылықтар туралы тәуліктік наряд қызметкері оларды жою үшін тез арада кезекші офицерге және объектішілік режим бұзылған үй-жайдағы құрылымдық бөлімше басшысына хабарлайды.
Аталған кемшіліктерді уақтылы жоймаған жағдайда, бұл туралы кезекші офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысына (оны алмастыратын тұлғаға) баянатпен мәлімдейді.
34. Әкімшілік ғимараттан құпия және қызметтік құжаттарды, кез келген ақпараттық электрондық тасығыштарды бөлімше басшысының тиісті рұқсатынсыз және ілеспе құжаттарсыз алып шығуға жол берілмейді.
35. ІҚБ мен МҚҚБ қызметкерлері тәуліктік наряд қызметкерін тарта және техникалық құралдарды пайдалана отырып, кезең-кезеңімен қызметкерлердің, қызметшілер мен жұмыскерлердің пайдалануы мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерге рұсқатсыз қол жеткізуге және оларды жария етуге әкеліп соқтыруы мүмкін электрондық ақпарат тасығыштарды алып кіруін (алып шығуын) тексеруді жүзеге асырады.
Құжаттар мен заттарды рұқсатсыз алып кіру (алып шығу) анықталған жағдайда, ІҚБ мен МҚҚБ қызметтік тергеулер жүргізеді.
36. Тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кезекшілікті қабылдау-тапсыру кітабына енгізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларына 1-қосымша |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарының іргелес аумағына және әкімшілік ғимараттарына әкелуге тыйым салынатын заттар мен бұйымдар тізбесі
1) атыс қаруы және суық қару, арнайы құралдар;
2) жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар;
3) улайтын заттар;
4) күшті әрекет ететін улайтын заттар;
5) бактериологиялық, биологиялық және химиялық заттар;
6) радиоактивті заттар;
7) есірткі, психотроптық заттар;
8) бейне, кино және фотоаппаратура;
9) жазып алатын құрылғылар, ақпарат тасығыштар, көзбен бақылау құралдары, есептеу техникасы;
10) қосарлы мақсаттағы радиотехникалық және басқа да аппаратура;
11) мобильдік дербес байланыс құралдары және интернет модульдермен және фото-бейнекамералармен жабдықталған мобильдік құрылғылар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларына |
|
2-қосымша |
Электронды тұрақты кіру карточкасының үлгісі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларына 3-қосымша |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарының іргелес аумағына және әкімшілік ғимараттарына қызметтік куәліктер бойынша кіру құқығы бар лауазымды тұлғалар тізбесі
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 20.12.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметкерлері;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің аппарат басшылары;
4) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы және мүшелері;
6) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Алқаларының төрағалары;
7) Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оның орынбасарлары;
8) Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы және оның орынбасарлары;
9) Министрлер және олардың орынбасарлары, жауапты хатшылар;
10) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және оның орынбасарлары;
11) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы және оның орынбасарлары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимаратына келу кезінде күзетілетін тұлғаларды алып жүруді жүзеге асыратын Мемлекеттік Күзет қызметінің қызметкерлері;
12) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан |
Ғимаратқа тауарлық-материалдық құндылықтарды әкелуге (әкетуге) рұқсат беру
"Келісілді" _________________________ 20 ____жылғы " " |
р/с № | Тауардың атауы | Өлшем бірлігі | саны |
Жіберді: ____________________ ______________
(қолы ) (тегі, аты-жөні)
Алды: ____________________ ______________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Материалдық-жауапты тұлға _______________ ______________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларына 5-қосымша |
|
нысан |
Ғимаратқа тауарлық-материалдық құндылықтарды әкелуге (әкетуге) берілетін жүкқұжаты
Кімге: _____________________________________________________
_____________________________________________________ арқылы
Негіздеме: ________________________________________________
р/с № | Тауардың атауы | Өлшем бірлігі | саны | бағасы | сомасы |
1 |
Тапсырды: ____________________ ______________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Қабылдады: ____________________ ______________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларына 6-қосымша |
|
нысан |
Режимдік үй-жайларды және олардың кілттерін күзетуге қабылдау (тапсыру) журналы
Реттік нөмірі | Жауапты адамдардың тектері көрсетіле отырылып, күзетуге тапсырылатын режимдік үй-жайлардың , арнайы қоймалардың атаулары | Үй-жайларға, қоймаларға қойылған мөрлердің атауы мен нөмірлері , кілттер салынған пеналдар | Күзетке тапсырылған күні мен уақыты | Күзетке тапсырған адамның тегі және қолы | Сигнализацияны қосу туралы белгі | Күзетке қабылдаған адамның тегі және қолы | Үй-жайды, қойманы ашқан, кілттерді алған күні мен уақыты | Үй-жайды, қойманы ашқан, кілттерді алған адамның тегі мен қолы | Ескертпе |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларына 7-қосымша |
|
нысан |
әкімшілік ғимараттың іргелес аумағын және әкімшілік ғимаратты аралап шығу журналы
________________________________________
(органның атауы)
Басталды: 20___жылғы " " _____________
Аяқталды: 20____жылғы " " ______________
20____ жылғы " " ______________
Кезекші наряд мынадай құрамда: ________________________
_________________________
_________________________
Аралап шығу уақыты | Әкімшілік ғимараттың іргелес аумағын және әкімшілік ғимаратты аралап шығу нәтижелері (анықталған бұзушылықтар) | Кезекші офицердің қолы |
Тексерушілердің қолы: ____________________________________
____________________________________
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларына 8-қосымша |
|
Титулдық беті | |
Нысан |
Кезекшілікті қабылдау-тапсыру кітабы
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 08.02.2020 № 33№ 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________
(органның атауы)
Басталды: 20___ жылғы " " ___________
Аяқталды: 20 ___ жылғы " " __________
Қазақстан Республикасы | |
Сыбайлас жемқорлыққа | |
қарсы іс-қимыл агенттігінің | |
(Сыбайлас жемқорлыққа | |
қарсы қызметтің) басшысына | |
(Департамент басшысына) | |
__________________________ |
Баянат
Кезекшілік уақытында 20 ___ жылғы "___"_____ сағат 09-00-ден 20 ___ жылғы "___"_____ сағат 09-00-ге дейін
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
________________________________болғандығы туралы баяндаймын.
Кезекшілікті тапсырды: _______ Кезекшілікті қабылдады: __________
_____________________________ _______________________________
_____________________________ _______________________________
_____________________________ _______________________________
(қолы) (қолы)
Келесі беті
Нұсқама жүргізді:_____________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________
(қолы)
Нұсқамадан өтті: Кезекші офицер: ______________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________
Кезекші офицердің көмекшілері:
1. __________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексерушілердің ескертпелері мен ұсыныстары:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы)
_________________________ 20 ____жылғы " " ___________
________ сағат _______ минут.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы)
20 ____ жылғы " " ___________
________ сағат _______ минут.