БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | А. Шпекбаев |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 282 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 2 қарашадағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14479 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2 және 9-3-тармақтармен толықтырылсын:
"9-1. Уәкілетті орган уәкілетті тұлғалардан ұсыныстар алынған күннен бастап оларды он жұмыс күні ішінде Ұлттық комиссияға жолдайды.
9-2. Ұлттық комиссия материалдарды қарайды және:
1) "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшісімен еңбек шартын ұзарту туралы;
2) "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшісімен еңбек шартын бұзу туралы;
3) "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшісімен еңбек шартын бұзу және оны екі жыл мерзімге "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы ұсынымдар шығарады.
9-3. Уәкілетті орган Ұлттық комиссияның шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті тұлғаларға шығарылған ұсынымдарды жолдайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ұлттық комиссия ұсынымының негізінде уәкілетті тұлға еңбек шартының мерзімін ұзарту немесе оны бұзу туралы шешім қабылдайды.
Растайтын құжаттардың көшірмелері шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жолданады.".
2. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14487 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру бойынша міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыстар және Шымкент қаласы бойынша департаменттерінде (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органы) басшының бұйрығымен топтар, ал Астана және Алматы қалалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органдарында штаттық айдауылмен алып жүру бөлімшелері құрылады.".
3."Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14488 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларында:
9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қызметтік куәліктері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарына кіру құқығы болатын лауазымды тұлғалар тізбесінде (бұдан әрі – Лауазымды тұлғалар тізбесі) көрсетілген жекелеген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері.".
4. Күші жойылды - ҚРМемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.03.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 14620 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттарында:
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Тізілімнің А блогының қызметшілері үшін тестілеу мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша: Қазақстан Республикасының Конституциясы (20 сұрақ) бойынша, Еңбек кодексі (20 сұрақ) бойынша, "Білім туралы" (20 сұрақ), "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Мемлекеттік мүлік туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары (10 сұрақ) бойынша өткізіледі.";
37-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.
6. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14819 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 2 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Келісілген тағылымдамадан өту кестесін жолдаушы мемлекеттік органның лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға, немесе оған уәкілетті басқа тұлға (бұдан әрі – лауазымды тұлға) жыл сайын жарты жылда бір рет 20 желтоқсанға және 20 маусымға дейін бекітеді.".
7. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 08.12.2020 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1- қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚРМемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.03.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2 – қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚРМемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.03.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3 – қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚРМемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.03.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4 – қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚРМемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.03.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесіне 5 – қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚРМемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.03.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.